Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
2: 2
КІРІСПЕ:
2:
КІРІСПЕ: 1
2: Оқыту процесінде оқушылардың теориялық-әдіснамалық негіздерін сабақтарда қолдану .
3
КІРІСПЕ: 1. 1
2: Оқушылардың этнопедагогикалық іс-әрекетін қалыптастыруға арқау болатын білімдер мен икемділіктер жүйесінің тарихи көздері .
11
КІРІСПЕ: 1. 2
2: Әлеуметтік жаңаруға сәйкес мұғалім кәсібінің сипаты, пәнаралық байланыстағы педагогиканың мәні.
15
КІРІСПЕ: 2
2: Оқушылардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктерін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік дәлелдемесі
20
КІРІСПЕ: 2. 1.
2: Этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктін қалыптастыру ісінің негізі
25
КІРІСПЕ:
2:
КІРІСПЕ: 2. 2
2: Эксперименттік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің дидактикалық шарттары
40
КІРІСПЕ:
2: Тұжырым
КІРІСПЕ:
2:
КІРІСПЕ:
2: ҚОРЫТЫНДЫ
51
КІРІСПЕ:
2:
КІРІСПЕ:
2:
КІРІСПЕ:
2:
КІРІСПЕ: ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2: 52

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Еліміздің тәуелсіздік алып әлеуметтік өмірді салауаттандыру мақсатындағы жұмыстары, ұлтымыздың ғасырлар бойы кәдесіне жарап келген тәлім-тәрбие мазмұнын, қазіргі жастарды оқыту мен тәрбиелеуге пайдалана білу қажеттілігін айқындады.

Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын «Қалай оқыту, не үшін оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздеу күрделі мәселе болған. Себебі оқыту, тәрбиелеу процесінде тұлға рухани жағынан дамиды және кәсіби еңбекке даярланады. Бұл жоғары оқу орындарына оқытылатын оқу курстарының негізгі мақсаты болса да, олардың ішінде этнопедагогиканың алар үлесі мол, өйткені этнопедагогика - тұлғаны ережелік мәні бар әдет, ғұрып, салт, дәстүрге бейімдеуге, әр түрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының құндылық жақтарын үйретуге, ұлттық тәлім-тәрбие ісіндегі бай тәжірибені нақты жағдайда пайдалануға үйрететін теориялық және практикалық сипаттағы педагогика ғылымдарының бір саласы болып есептеледі. Сондықтан оны оқу орындарының білім беру мазмұнына енгізу қажет-ақ. Ол жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабының 1-тармағында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу қажетті жағдайлар жасау» - делінсе, осы баптың 5-тармағында: «Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді . . . меңгеру», -деп орынды көрсетілген. [1. ]

Шығыс классиктерінің (Әл-Фараби, А. Фердауси, А. Рудаки, М. Саади, А. Науай, Г. Низами, Махтым Құлы т. б. ) ой-пікірлері, түркі ойшылардың (Қорқыт Ата, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Жүнеки, Қ. А. Иассауи, М. Х. Дулати т. б. ) өсиеттері, қазақ ғұламаларының (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ш. Құдайбердиев, Н. Құлжанов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев, М. Қозыбаев т. б. ) еңбектері, суырып салма ақын-жыраулардың (Асан қайғы, Бұхар, Жанақ, Сүйінбай, Балқы Базар, Махамбет т. б. ) алмастай өткір өлеңдері, би-шешендердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т. б. ) даналық сөздері, жерін, халқын жауынан қорғаған қас батырлардың (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жанқожа, Бұхарбай т. б. ) ерлік өнегесі тәлім-тәрбие мазмұнын құраған.

Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасы жоғары, орта білім беретін оқу орындарының оқу-тәрбие процесі.

Диплом жұмысының пәні . Оқу орындарында жастардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.

Диплом жұмысының мақсаты . Оқушылардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастыруға арқау болатын теориялық-әдіснамалық негіздерін жасап дәлелдеу, оны жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • оқу орындары тәжірибесінде этнопедогогикалық білім беру, икемділіктерге үйрету ісінің жай-күйіне талдау жасау;
  • зерттеу жұмысына теориялық-әдіснамалық алғышарт болатын ғылыми-теорияларды анықтау;
  • оқушылардың этнопедогогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесінің құрылымдық-логикалық моделін құру;
  • оқу тәрбие процесін этнопедогогикалық тұрғыда ұйымдастыруға негіз болатын оқу-нормативтік құжаттарды жетілдіру;
  • этнопедогогикалық білімдер мен икемділіктер көздерін, одан туындайтын мазмұнды таңдау;
  • тәжірибелік-эксперементтік жұмысты ұйымдастыру және нәтижені өлшеу әдістемесін жасау;
  • оқушылардың кәсібі - этнопедогогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесінің қалыптасу динамикасын көрсету.

Диплом жұмысының болжамы. Егер:

  • этнопедогогикалық білімдер мен икемділіктер жүйесін қалыптастыруға қажетті дидактикалық құралдары және әдіс-тәсілдері жасалса, онда оқушылардың этнопедогогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесі, тиісті деңгейде қалыптасуы мүмкін.

Диплом жұмысының жетекші идеясы. Болашақ пән мұғалімдерінің, экономикалық білім алатын кәсіпкерлер этнопедогогикалық даярлық сапасын көтерудің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін жетілдіру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.

Құбылыстардың қозғалыста, өзгерісте болу заңдылықтары, тәжірибені тарихи, құрылымдық-жүйелілік тұрғыдан талдау қағидасы, ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру, іс-әрекет және графтар теориясы, жеке тұлға мен оның құрылымы жайлы ілімдер; мұғалім іс-әрекетінің психологиялық, педагогикалық құрылымы, акмеология негіздері, ассоциация ілімдері мен мұғалім - тұтас педагогикалық процестің нысанасы, білім беретін оқу орындарында, жоғары мектеп жастарына этнопедогогикалық білім беру тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері. Қарастырылып отырған проблемаға байланысты қазақстандық, шетелдік, ТМД елдері философтарының, психологтарының, педагогтарының, этнопедагогтарының еңбектері, Қазақстан тарихы мен этнологиясы; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері, Қазақстан Республикасының Ата заңы, «Білім туралы» заңы, Білім және ғылым министрлігінің этнопедагогикаға - халықтық педагогикаға байланысты шешімдері, педагогикалық оқу орындарына арналған оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтары; оқу орындарының жылдық есептері.

Диплом жұмысының проблемасына байланысты философиялық, тарихи-этнологиялық, фольклорлық, өнертану, әдебиеттану, психологиялық педагогикалық, этнопедогогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу орындарының студенттерімен, оқытушы-профессорларымен пікірлесу, сауал-сұрақ ұйымдастыру, оқу орындар құжаттарымен, тәжірибесімен танысу, оқыту процесін ұйымдастыруды модельдеу, тәжірибелік-эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижесін өлшеу әдістері қолданылды.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппараты (зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық-әдіснамалық негізі, әдістері) айқындалып, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылып, қорғауға ұсынылатын қағидалар көрсетіледі.

"Оқушылардың оқыту процесін теориялық-әдіснамалық негіздерін сабақтарда қолдану” атты бірінші бөлімде студенттердің этнопедагогикалық білімдер мен икемділіктер жүйесін қалыптастыру ісінде жетекші орны бар ғылыми теориялардың қисынды ықпалы, олардың жеке тұлғаның ұлттық тұрпат қасиеттерін дамытумен сабақтастығы және оқу орындарын этнопедагогикаландыру ісінің жай-күйі баяндалады.

Зерттеудің «Оқушылардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктерін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік дәлелдемесі» деген екінші бөлімінде болатын білімдер мен икемділіктер жүйесінің ғылыми-тарихи көздері, олардан туындайтын оқу мазмұнын таңдаудың ғылыми жақтары және студенттерді этнопедагогикалық қалыптастыру процесінің құрылымдық моделі беріледі. Әлеуметтік жаңаруға сәйкес мұғалім кәсібінің сипаты, пәнаралық байланыстағы этнопедагогиканың мәні, сынып жетекшілер мен кураторлар жұмысын этнопедагогикалық негізде жүргізу әдістемесі және оқушыларды этнопедагогикалық қалыптастыру ісіне негіз болатын оқу-нормативтік материалдарды жетілдіру мәселелері айтылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің дидактикалық шарттары, талаптары және нәтижені өлшеу, этнопедагогикалық білім беру процесінде оқу кабинетері мен мұражайлардың маңызы, оқытудың дидактикалық жүйесінде оқушылардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, сондай-ақ оқушылардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесінің қалыптасу динамикасы көрсетіледі.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар, зерттеудің артықшылық жақтары және ғылыми-ұсыныстар беріледі.

I. Оқушылардың оқыту процесін теориялық-әдіснамалық негіздерін сабақтарда қолдану.

1. 1. Оқушылардың этнопедагогикалық іс-әрекетін қалыптастыруға арқау болатын білімдер мен икемділіктер жүйесінің тарихи көздері.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысындағы сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну - бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен міндеттер жатыр. Бұл міндеттерді жүзеге асыруды біз экономикамызды өркендетумен қатар жүргізіп келеміз. Ұлттық мәдениетті көтеру дегеніміз - ұлттың тарихын көтеру арқылы ұлтшылдыққа бет беру.

Қоғамды ізгілендіру бағытындағы ғылыми ізденістер, оқу орындар жұмысын ықпал етті. Ол - этнопедагогикадан туындап, адамның бүкіл іс-әрекетіне, әсіресе, тәрбиелеу, оқыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын салауаттандыру бағытындағы прогрессивті ой-пікірлерді қамтиды. Жоғары оқу орындары жұмысын ұлт ерекшеліктеріне байланысты жүргізу арқылы жастарды тұлғалыққа тәрбиелеу оларды кәсіпке, әсіресе, мұғалімдік мамандыққа даярлау маңызды проблема болып саналады.

Мұның философиясы /П. В. Константинов, А. А. Манковский, Н. Д. Дардыкин, Ж. М. Әбділдин, Қ. Бейсенбиев, Қ. Әбишев, А. Қасымжанов, М. Орынбеков, А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Қ. Мұхаметалиев, Т. Ғабитов, Ғ. Есімов, Ж. Молдабеков, А. Айталы, т. б. /, теориясы мен практикасы /С. И. Архангельский, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, А. В. Петровский, А. И. Пискунов, В. К. Розов, Л. Ф. Спирин, В. А. Сластенин, М. Ә. Құдайқұлов, Н. Д. Хмель, А. И. Шербаков т. б. / даму тарихы /Т. Тәжибаев, І. Сембаев, М. Ғабдуллин, Қ. Бержанов, Ә. Сыдықов, И. Б. Мадин, С. Мусин, Т. С. Садықов, К. Қ. Құнантаева, Г. А. Уманов, Г. М. Храпченков, А. Н. Ілиясова, Қ. Б. Сейталиев т. б. / дидиктикалық негіздері /Р. Лемберг, Б. Ы. Мұқанова, А. А. Бейсенбаева, Қ. Қ. Жанпеисова, Б. Баймаханов, Т. С. Сабыров, Л. Керімов, Г. К. Нұрғалиева, Ж. Қараев, В. В. Трифонов, А. Б. Нұрлыбекова, Н. А. Әбишев, т. б. /, шеберлігі мен қызығушылығы /А. Е. Әбілқасымова, З. А. Исаева, В. К. Омарова, К. С. Успанов, Н. Н. Хан, Н. Д. Иванова т. б. /, психологиясы /Л. С. Выготский, С. Л. Рубенштейн, П. Я. Гальперин, А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов, Ю. А. Самарин, Қ. Б. Жарықбаев, М. Мұханов, Ж. И. Намазбаева, В. К. Шабельников т. б. А. П. Сейтешов, Г. Т. Хайруллин, Ы. Нәбиев, Б. К. Момынбаев, Л. К. Мажитова т. б. жан-жақты қарастырылған.

Тарихта кез келген халықтың ұлт ретінде танылуы /күнделікті тұрмыс тіршілігінен бастап рухани болмасына дейін / төлтумалық білім мен ұлттық қасиеттердің болуына, ол жастарда тәлім-тәрбие беру арқылы дамитыны Ш. Уәлиханов, Л. Н. Гумилев, Ю. В. Бромлей, Ә. Кекілбаев, М. Жолдасбеков, А. Сейдімбеков т. б. еңбектерінде айтылған. Ұлттық білім мен икемділіктер жүйесі бүгінгі күн туындысы емес. Ол ұлттың тарихи дамуында сұрыптала келіп пайда болған. Одан жастарды аулақтату-ұлттың болашағына шек қою. Сондықтан сан түрлі мәдениетке толы полиэтникалық әлемде әрбір халықтың басқа халықтардан екшеулеп алатын құндылықтары бар және оның өзі әлемдік мәдени байлыққа өз үлесін қосатын көрсеткіш болғандықтан, қалайда жастарға білім беруге ұлт ерекшеліктері елеулі орын алуы керек. Мұны дәл түсінген ұлы жазушы М. О. Әуезов “Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе”, -деп орынды айтқан. \3\

Этнопедагогиканың ғылымдық мәні зерттеу нысанасы әдіснамалық мәселелері Г. Н. Волков, В. Ф. Афанасьев, Е. Л. Христова, Г. Н. Филонов, Ю. А. Рудь зерттеулерінен орын алса /Ресей/, халықтық педагогика негізінде әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып тәлім-тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік жақтары А. Ф. Хинтибидзе /Грузия/, Я. И. Ханбиков /Татарстан/, А. Ш. Гашимов /Әзірбайжан/, К. Пирлиев /Түркіменістан/, Ш. А. Мирзоев, Н. Сафаров /Өзбекстан/, А. Э. Измайлов /Қырғызстан/ т. б. еңбектерінде қарастырылады. Ал отаңдық ғалымдар этнопедагогиканың келелі мәселелерін әр түрлі аспектіде зерттеген. Айталық, Қ. Б. Жарықбаев Қазақстанда кеңестік төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірлердің дамып қалыптасу тарихы, С. Қалиев қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері, С. А. Ұзақбаева қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, Ж. Ж. Наурызбай оқушыларға этномәдени білім берудің ғылыми-педагогикалық мәселелері, К. Ж. Кожахметова қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздері, К. Оразбекова жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық қырлары, А. Көбесов әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы, Х. М. Балтабаев қазақтың дәстүрлі көркем мәдениет құралдарымен оқушы-жастарға музыкалық, эстетикалық тәрбие беру ісі, Қ. Бөлеев болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлаудың теориясы мен практикасы, Р. К. Төлеубекова қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негіздері, Т. М. Әлсатов қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы, Р. К. Дүйсенбинова қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру, Ш. Б. Құлманова қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің теориясы мен практикасы бойынша іргелі зерттеулер жасаған. Сондай-ақ, А. Х. Мұханбаева, Қ. Сейсенбаев, Ұ. Асанова, т. б. қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен ауыз әдебиетінің, Қ. О. Жеделова, С. А. Жолдасбекова, Е. С. Асылханов, О. С. Сатқанов, Б. А. Әлмұхамбетов т. б. оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге үйретудің; А. Қ. Қисымова, Ж. Сәдірмекова, Ғ. А. Мұратбаева қазақ халық педагогикасы арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбиесін берудің; А. С. Мағауова, А. А. Аманжолова, Б. Ж. Мұханова, Ж. С. Хасанова, Т. Ш. Қуанышев т. б. халықтық педагогика негізінде мұғалім, тәрбиеші даярлаудың, Г. Бахтиярова, Ұ. М. Әбдіғапарова, Қ. А. Сарыбасова, Б. С. Өтемұратова т. б. оқу тәрбие ісінде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың қолданбалы жақтарын қарастырған. Осылай бола тұрып студенттерге этнопедагогикалық білім беру, икемділіктерге үйрету ісінің мазмұны, әдіс-тәсілдері, оған негіз болатын ғылыми теориялар мен әдіснамалық алғы шарттар бүгінге дейін айқын емес. \4\

Оқытудың психологиялық мәселесімен шұғылданатын Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, М. Я. Басов, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин сияқты көрнекті психологтар тұлғаның қалыптасуы оқыту процесіне тәуелді екенін көрсете келіп, дұрыс ұйымдастырылған оқыту дамудың алдына түсіп, жеке тұлғаны ақыл ой жағынан жетелдіруге негіз болатынын дәлелдеп, адамның психикалық дамуы табиғи пісіп жетілуге, ал оқыту дайын дамуға негізделеді деген пікірді теріске шығарады. Сонда адам оқыту процесінде, әсіресе этнопедагогикалық негізде құралған білімдер мен икемділіктер жүйесінен нәр алып, ұлтқа тән іс-әрекет түрлерін меңгереді және ұлттық тұрпаттық қадір-қасиеттерді танытып, өзінің дамығандығын білдіреді. Осыған орай мектептерге «Әдеп» цикліндегі пәндер, арнаулы орта, жоғары оқу орындарында (этнопедагогика) курсы енгізіліп, әлеуметтік өмірде тәлім-тәрбие жұмыстары этнопедагогикалық негізде өткізіле бастады. Бұл жағдай студенттерге этнопедагогикалық білім беру, икемділіктерге үйрету, оның педагогика ғылымдарында теориялық тұрғыда жеткіліксіз зерттелуі арасында; оқу орындарында «этнопедагогика» оқу курсының енгізіліп, оған лайықты этнопедагогикалық білімдер мен икемділіктер мазмұны таңдау арасында; этнопедагогиканы оқытудың формасы мен әдіс-тәсілдері және құралдары арасында; оқушылардың этнопедагогикаға байланысты тұлғалық қасиеттері мен оны дамыту арасында; студенттердің этнопедагогикалық білімдері, икемділіктері жайлы ұғымдармен, оны қалыптастыру арасында қарама-қайшылықтар туғызып, зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Оқушылардың этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздерін сабағында қолдану» - деп алуға себепші болды.

Адам баласы өзін қоршаған дүниенің құбылыстары мен өзгерістерін білуге қашанда құштар болған. Осындай білсем, танысам, көрсем деген ой-пікірі ізденіске, академик И. П. Павлов сөзімен айтқанда «бұл не рефлексін» туғызып, қоршаған дүниесін тануға ұмтылған. Оның қөріну формасы болып табылатын іс-әрекет түрлері әрдайым жаңа білімдер мен икемділіктер жүйесін қажет етіп отырған. Мұны ұлтымыздың ғасырлар бойы мағынасын жоймай келе жатқан «Білікті бірді жығар, білімді мынды жығар», «Білімдінің сөзі-оң, білімсіздің сөзі-тоң», «Білім үйретеді, еңбек ширатады», «Ерінбеген емер, икемді істі жеңер» т. б. деген мақал-мәтелдері дәлелдейді\5\.

1. 2. Әлеуметтік жаңаруға сәйкес мұғалім кәсібінің сипаты, пәнаралық байланыстағы педагогиканың мәні.

Өмірде адамның іс әрекетіне, рухани дүниесіне ықпал ететін білімдер сан алуан. Солардың ішінде ең парасатты, өміршеңі халықтың өз тәжірибесінде жинақтаған білімдер жүйесі. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский . . . халық қанша жыл өмір сүрсе, тәрбие де сонша өмір сүреді, онымен бірге өседі, өзінде халықтың бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы - жаман қасиеттерін бейнелеуде, олар бірін-бірі ауыстыра отырып, . . . жаңа ұрпақтың өсуіне . . . жағдай жасайды- деп жазды. Ол негіздеген тәрбиенің халықтық принципі көпшіліктің қолдауына ие болғанымен тек ХХ ғасырдың ортасынан бастап жаңаша зерттеу жұмыстарына байланасты өмірге этнопедагогика келді. Ғалымдардың ой-пікірлерін талдауға қарағанда этнопедагогика:

  • білім беру ісінде халықтық принципін шешетінін, педагогикасы этнологиямен, фольклористикамен, тарихпен, мәдениетпен, өнермен, оқыту әдістемесімен байланыстыратын сала екендігін,
  • білім беру жүйесін этникалык негізде бағдарлауға мүмкіндік беретінін ;
  • оқу-тәрбие процесінде ұлттық ерекшеліктерді қарастыратын оқу курсы бола алатынын;
  • педагогиканың құрамдас бөлігі бола тұрып, өзіндік компоненттерден тұратынын;
  • этностың мәдени ерекшеліктерін тануға, сол арқылы білім, тәрбие беру мүмкінділігінің болатынын;
  • түлғаны қалыптастыруға көмектесетінін;
  • түлғаның кәсіби-әрекетін жетілдіретінін.

этнопедагогика, оның ішінде айрықша, қазақ этнопедагогикасы жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты. Өзiндiк зерттеу нысанасы соған сай, мақсаты, міндеттерi болатынын бiлдiредi. Мұның барлығын этнопедагогикаға берiлетiн анықтамада қамту киын. Сондықтан анықтама - таным нәтижелерiн ұғымдық формада жинақтаудың негiзгi логикалық: тәсiлi деген түсiнiкке сүйенiп, бiз этнопедагогuканың -этностың мәдени, әдеби, тарихи, этнологияльқ және тәлiм-тәрбие iciндeri тәжiрибелерiнiң кipiгyi нәтижесiнде тұлғаньң тұрпаттық қасиеттерi мен болашақ мұғалiмнiң кәсiби-педагогикалық ic-әрекетiн жетілдiруге ықпал етiп, даму процесiндегi үйлесiмдiліктi айқындауға көмектесетiн педагогика ғылымдарының айрықша саласы деп түсiндiк.

Оқу-тәрбие процесiнде "халықтық педагогика", "этнопедагогика" терминдерi қатар қолданылады. Бiрақ этпопедагогикаға берiлген анықтамаға, зерттеу барысында жинақталған тәжiрибелерге сүйенсек, этнопедагогиканы практикада пайдаланудың халықтық педагогикаға қарағанда төмендегiдей артықшылықтары бар:

1. Оқыту, тәрбиелеу процесiнде тек педагогика материалдарын ғана емес, тарих, этнология, әдебиет, мәдениет т. б, материалдарды да пайдалануға мүмкiндiк бередi.

2. Халықтың, ұлттың, ұлттық педагогиканың мәдениетiн толық, әpi дәл жеткiзуге көмектеседi.

3. Нақты деректерге, дәлелдемелерге сүйенгендiктен теориялық ой саласы болып саналады.

4. Тәлiм-тәрбиенi ұлт ерешелiктерiмен байланыста қарастыру, оның таптық сипатта болуынан, ғұрыптық, салттық, дәстүрлiк ережелерге тәуелдi болатынын дәлелдей түсeдi.

5. Жеке тұлғаньң психологиялық құрылымындағы ұлттық тұрпатты айқындай түсуге ықпал eтеді.

6 . Мұғалiмнiң кәсiби қызметiне қажеттi этнопедагогикалық бiлiмдер мен икемдiлiктер жүйесiн айқындауға әсер етедi.

3ерттеу жұмысының логикасы, практикалық шешiмi ғылыми термин - "этпопедагогика" деп атауды талап етедi. /6/.

Оқу-тәрбие процесiнде этнопедагогика өз алдыша оқытылса да, оның мазмұнын құрайтын бiлiм жүйесiн халықтық, болмаса ұлттық бiлiмдер деп атап, "этнопедагогикалық бiлiмдер " деген терминдi ескермей жүрміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Мектепте математиканы оқыту үрдісінде этнопедагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы
Мұғалім мәдениетінің мәні
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Қазіргі білім беру технологияларының пәні және міндеттері
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz