Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 21 1Оқу - мектептегi дене тәрбиесiнiң материалдық базасы . . . 21

1. 1 Спорттық ойын түрлеріне арналған спорттық құрылыстар . . . 5 1. 2 Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесінің жалпы негіздері . . . 6

1. 3 Дене тәрбиесінің құралдары . . . 13

2 Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу үйымдастыру . . . ……. … . . . 19

2. 1 Дене тәрбиесі процесінде өз қозғалыстарын басқару . . . 19

2. 2 Дене касиеттерін тәрбиелеу негіздері . . . 21 2. 3 Дене тәрбиесінде сабақты құру формасы . . . 28

3 Зерттеу сараптамасы . . . 31

3. 1 Мектеп жасындағы балалардын дене тәрбиесінің негіздері . . . 31

3. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардын дене шынықтыру

Жаттығулары . . . 32

3. 3 Дене шынықтыру мұғалмдердің тәрбилік жұмыс . . . 37

Қортынды ……… . . . . . . 46

Практикалық ұсыныс . . . 50

Қолданған әдебиеттер . . . 51

Кіріспе

Спорттық құрылыстар дене шынықтырудың материалдық техникалық базасының негізін құрайды және дене шынықтырудың барлық түрлерімнен байланысу үшін арнайы салынған ғимараттар мен құрылыстар ретінде қабылданады.

Жаттығу орындары спорттық құрылыстардың басты, негізгі бөлігін құрайды.

«Спорттық құрылыстар» пәні спорттық -педагогикалық пәндер оралымы элементтерінің бірі болып танылады. Өз кезегінде қондырғы ережелер мен нормативті талаптарды және спорттық құрылыстарды қолдана білу маманның таңдаған мамандығына әрі қарай жетілуінің негізі болып табылады.

Спорт ғимараттарын жобалау мектеп, ауыл, қалаға арналған ғимараттарын пайдалану. Әдістемелік, практикалық тәжірибе жинақтау. Оқытушылық, жаттықтырушының жұмысын пайдалана білу.

Бірінші міндет дене шынықтыру орындарында жабдықтау құралдарын ашу, түсіндіру мен оларды қолданудың оңтайлы әдістері мен олардың қызмет етуінің нысандарын табуға негізделген.

Екінші міндет спорт ғимараттарының дамуы туралы толық түсінік алу

Үшінші міндет студенттер алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын практикалық түрде іске асыра алуы

Келесі міндет ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға септігін тигізеді, студенттердің санасын фактілермен байыта түсіп, мінез құлқын тәрбиелеу практикалық сабақтармен байланыстырылып, студенттер практикалық икемдік дағдыға ие болады және өздік жұмыстар, оқытушы мен студенттердің бірлесіп жұмыс жасауы нәтижесінде алған білім мен дағдылар тиянақталатын болады.

Студенттердің білімдік дағдыларына бақылау жасау -студенттердің өзіндік жұмыстарын тексеру, рефераттар жаздыру, арнайы жеке тапсырмалар беру, тексеру, рейтингілік жүйе бойынша балл көрсеткішін анықтау жолдарымен іске асырылады. Спорттық құрылыс - бұл арнайы салынған және жабдықталған ашық және жабық түрдегі құрылыс, оқу-жаттығу барысы және әр түрлі спорт түрлерінен спорттық жарыстарды өткізуге арналған.

Оқу спорттық құрылыстарға спорттық базалар, оқу мекемелері, мектептер, спортшыларды дайындауға арналған оқу-жаттығу орталықтары жатады. Көрермендерге арналған арнайы орындары бар спорттық құрылыстар демонстрациялық құрылыстарға жатады. Оларға стадиондар, сарайлар, әмбебаб алаңдар, велотректар, шаңғы және тау шаңғы стадиондары және басқа да трибуналары, орындықтары, көлік орындары бар спорттық құрылыстары жатады.

Халықтық белсенді демалысына арналған спорттық құрылыстарға, саябақтарда, орман ішінд еөзін, көл жағасында және басқа да халық пен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына арналған демалыс базалары жатады.

Одан басқа балаларға спортпен шұғылдануға және емдеу-сауықтыру мақсатындағы арнайы спорттық құрылыстар бар.

Көлемдіге-барлық жабық спорттық құрылыстар, спорттық залдар, манеждер, спорт сарайлары, жабық бассейндер жатады.

Плостнойға-спорт алаңдары, жеңіл атлетикалық және коньки жолдары, шаңғы трассалары және т. б. жатады.

Спорттық құрылыстарды классификациялауға біркелкі терминология қабылданған.

Төменде спорттық құрылыстардың белгіленген терминология бойынша қысқа ережелер мінездемесін келтіреміз.

Ашық бөлек спорттық құрылыс баскетбол алаңы-арнайы жобаланған тікбұрышты жер бөлігі, арнайы белгініп жабдықталған.

Ашық комплексті спорттық ғимараты, оның құрамында спорт аренасы, алаңдар, арнайы спорт түрлерінен алаңдар, жеке жабық спорттық құрылоыстар, барлығы бір жерде орналасқан.

Арнайы салынған және бейімделген бөлмелер (ғимарат), оқу-жаттығу және жеке бір спорт түрінен жарыс өткізу үшін жабдықталған.

Жабық кешенді спорттық құрылыс кешенді бассейн-арнай салынған немесе бейімделген, шағын ванналары бар ғимарат. өзінің инженерлі-техникалық көрсеткіштері мен жабдықтауына байланысты, оқу-жаттығу жұмыстары мен су полосы жарыстары, суға секіру мен жүзуге, сонымен бірге балаларды жүзуге үйретуге арналған.

Үлкен спорттық арена- ең ірі құрылыс. Жобада дөңгелек тәрізді онда футбол алаңы, жүгүру жолы, секіру және снарядтарды лақтыру секторы бар.

Негізгі жарыс ережелеріне сай халықаралық және бүкілодақтық ойындарға арналған футбол алаңының ұзындығы 100 - 110 м дейін, ені - 64 - 75 м дейін.

ССРО-дағы спорттық ядроның үлгідегі жобасында 69х104 м көлеміндегі алаң қарастырылған. Осындай алаңдар біздің елімізде көп таралған.

Зерттеу мақсаты:

Әдебиеттер көздерін талдау негізінде және озат оқытушылардың тәжірибелері негізінде, дене шынықтыру мұғалімі жұмысындағы табыстар мен сәтсіздіктердің себептерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

Зерттеу тақырыбы бойынша теориялық талдауды өткізу.

Дене шынықтыру мұғалімінің жұмысындағы жетістіктердің типтік себебін анықтау.

Дене шынықтыру мұғалімінің жұмысындағы сәтсіздіктердің типтік себебін анықтау.

Зерттеу объектісі: дене шынықтыру мұғалімі.

Ғылыми жаңалығы: ғылыми прогресс өркен жайған қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында мектеп үшін оқу тәрбие жұмыстарын шығармашылықпен жүргізе алатын мұғалім - тәрбиешілер дайындаудың теориялық деңгейін көтерудің маңызы ерекше. Үнемі көбейетін ақпараттар тасқыны жағдайында жастарды жан-жақты дамыту мұғалімнің өзінің ғылыми теориялық білімін күнделікті көтеруді талап етеді.

Теориялық маңыздылығы: теориялық сабақтар үшін мақсатты түрде аптасына бір рет уақыт берілуі керек. Менің көзқарасым бойынша мұғалім өзінің жеке жұмысының дайындығы және оқушыларын тәрбиелеуі жөнінде айтып өткен дұрыс (тек мұғалімнің тәжірибесі мол болуы қажет) .

Зерттеу құралы: дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметі.

Зерттеу гипотезасы: б із, жас мұғалімдерге болашақ кәсіби қызметінде өте қажетті, дене шынықтыру мұғалімінің жұмысындағы табыстар мен сәтсіздіктердің себептерін талдау нәтижелерін ұсынып отырмыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Оқу - мектептегi дене тәрбиесiнiң материалдық базасы

1. 1 Спорттық ойын түрлеріне арналған спорттық құрылыстар.

Баскетбол, бадминтон және басқа доп ойнайтын ойындар алаңы арнайы жабдықталған, арнайы белгіленген, ойынға арналған алаң жабдығы 6, 1х0, 75 көлемді және 2х2 тікбұрышты ұяшықтардан тұрады. сетка екі қада арасына көлденең тартылуы және үстіңгі сетка қыры 1, 55 биіктікте болады.

Баскетбол щит 1, 80х1, 20 кольцо диаметрі 45 см қадаға орналасқан. Щит ағаштан және басқа материалдан жасалынады, ақ түске боянады, волейбол алаңының жабдығы-бұл қадаға тартылған сетка, олар алып-салмалы болуы мүмкін. Қадалар сызықтан 0, 5 мжерде орналасқан, қол добының жабдығы 2 қақпадан және 4 бұрыштағы жалаудан тұрады. қақпа биіктігі 2 м, ені 3 м. Қақпаның қадалары мен перекладинасы ағаштан, төртбұрышты 8х8 см сечениемен жасалынады, теннис ойнайтын алаңда көлденең сетка болу керек (алаңды 2-ге бөледі) металл қазықтар троспен тартылады, қазық биіктігі 1, 06 м. Қырдағы сызықтан 91 см қашықтықта қазықтарды орналастырады.

Қада қасындағы сетка биіктігі 1, 066 м, орташа сызықтың үстінде - 0, 914, қада қасында - 1, 066м, ойынға үстел және сетка керек. Сетка үстелдің ортасында тартылады. Үстешл беті бір (274х152, 5) және екі щиттан (137х152, 5) жасалынады. Щит беті тегіс және жыйыры жоқ бояумен боялған болу керек. Қалашық үшін жасалған алаң арнайы жабдықталған тікбұрышты жер бөлігінен тұрады, құрамында «қала», «қала маңы», «кон», «полукон» алаңдарынан тұрады. Регби үшін алаңның ереже бойынша келесі көлемі бекітілген: ұзындығы 107 м-132 м дейін, ені 66-68 дейін. Қырындағы сызықшалар ені ойын алаңының көлемі ішіне енбейді.

Қақпа сызығы сынақ алаңына жатады, қырындағы сызық және сынақ алаңының бұрыштағы жалаулары сынақ алаңының көлеміне кірмейді. Қақпалар сызықтың беті жағында орналасады.

Регби алаңының құрылысы футбол алаңының құрылысымен бірдей, олар газонды және газонсыз болуы мүмкін. Регби ойынын футбол алаңында ойнауға болады. Қақпалар футбол алаңының беткі сызығында орналасуы керек. Бокс, күрес, ауыр аитлетика, фехтованиеге арналған алаң арнайы құрылысы мен жабдығы бар жаттығу өткізу үшін арналған.

Алаңдар аумағы, күрес кілемінің көлемі 18х22 м. Алаңда кілемнен басқа арнайы жаттығуларға арналған керекті құрал-жабдықтар болуы мүмкін (күресшілер тренажеры, штанга, гиря, аспалы кольцо снаряды, канат т. б.

Бокс алаң аумағы 20х23 м. Ринг (5х6) және қосалқы құрылыс кешеңінен: пневматикалық груша платформа үшін, аспалы снарядтардан тұрады.

Ауыр атлетика: 14х18 м алаңында негізгі (4х4) және 1-2 қосымша помосттар (3х3 см) болуы керек, осыдан басқа, тағы да аспалы снарядтар рамасы, секіру ор мен гиряларды көтеру орны. Ойын алаңына ойын алаңы мен бос алаң енеді. Олар тікбұрышты және симметриялық болуы керек. Ойын алаңының аумағы 18х9 м тікбұрышты болады.

Алаңның барлық жағынан бос алаңның кішкене көлемі 3 м құрастырады. Бос ойын аумағы - бұл ойын алаңы үстіндегі аумақ, кедергіден бос аумақ ойын алаңының үстіндегі бос ойын аумағының кішкене биіктігі 7 м құрастырады. Футбол ойнайтын алаңдар өздеріне көп көңіл бөлуді қажет етеді, Бұның әрқайсысына жеке күтім керек, егер алаң дұрыс күтілмесе ол бүлінеді, және оған жұмсалған қаражат бекер жұмсалған болады. Мысалы, шөпті алаңды алсақ. Мындай газонға жақсы күтім керек. Газон жасау үшін көп уақыт пен материалдар қажет.

Доп баскетбол ойыны үшін сфера үлгісінде және белгіленген түсте болуы тиісті. Доптың салмағы 567г. Кем емес, 650г. Жоғары емес. Бес адамнан екі команда ойнайды. Ойын 10 мин. 4 бөліктен тұрады. Үзілістің ұзақтығы әр ойынның бөлігінде 2 мин. Ойының жартысындағы үзіліс ұзақтығы 15 мин.

Ойын барысында команда ойыншыларын өз қалауынша ауыстыру мүмкін.

Ойын екі команданың екі ойыншыларының арасында допты лақтырумен ортадағы теңбір ішінде басталады. Бұл кезде теңбір ішіне басқа ойыншыларға кіруге болмайды. Кольцоға доп түскенде команда 2 ұпай алады, айып лақтыруға 1 ұпай алады. Ең көп ұпай алған команда жеңіске жетеді.

1. 2 Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесінің жалпы негіздері

Дене тәрбиесі білімі - адамның козғалыс епшілдігін, дағдыларың ұйлестіру процесі және арнаулы дене шынықтыру білімін беру.

Дене тәрбиесі - әр қозғалыстарды үйретеді, дене сапасы мен кабілеттерін тәрбиелейді, арнаулы дене шынықтыру білімін менгеруге, және дене шынықтыру сабақтарының қажеттілігін тұтнушылық ретінде үйлестіреді Дене тәрбиесі ерекшеленген оқыту -тәрбие мақсаттарың шешу процессі. Дене дайындығы. Бұл түсінік (термин) еңбек және басқа іс-әрекеттеріне дене тәрбиесін бағыттайды . Жалпы және арнаулы дене шынықтыру дайындығы болады. Жалпы дене шынықтыру дайындығы - әр түрлі іс-әрекеттерде табыска жету үшін дене шынықтыру даму денгейін көтеруге, қозғалыс дайындығының асса түсінуіне бағытталған.

Арнаулы дене шынықтыру дайындығы -адамның козғалыс кабілеттеріне арнаулы талап қойып, нақты іс-әрекеттердің жетіктеріне бағытталған арнаулы процесс. Дене шынықтыру дайындығының нәтижесі, ол дененің - шынығу дайындылығы. Дененің дамуы. Құрылу, үйлестіру процессі, ағзаның морфофукционалдық өзгерістері мен соған негізделген дене сапасы мен кабілеттілігі . Дене дамуы үш топ өзгеріс көрсеткіштерімен мінезделеді.

Бұл тұлғаның көрсеткіштері бой, салмағы, мүсін, дененің әр бөліктерінің формалары мен көлемі, адамның физиологиясын және биологиялық формаларын мінездейді. Деңсаулық көрсеткіштері :физиологиялық жүйедегі адам ағзасының морфологиялық және функционалдық өзгерістерін көрсетеді . Адамның деңсаулығына маңызды шешімді тыныс алу және ортанғы жүйке жүйесі, ас қорту және шығару органдары, терморегуляция механизімдерінің функционалдығына әсерін тигізеді.

Дене сапасының даму көрсеткіштері: ( күш, жылдамдық кабілеттілігі, шыдамдылық т. б . Дененің дағдылануы :өмірдің талабына сәйкес адамның дене дамуы және, дене дайындығының тарихи идеалы. Дене дағдыландыруының көрсеткіштері:

1) мықты денсаулық, өмірдің әр түрлі қиындылығына тез арада үйрену және дене шынықтыру қабілетілігінің жан-жақты дамуы.

2) жалпы дене жұмыс кабілеттілігінің жоғары болуы.

3) тұлғаның бір қалыпта дамуы, дұрыс мүсіннің калыптасуы,

4) дене сапасының жан-жақты және гармональдық дамуы

5) Өмірге қажетті негізгі қозғалыстардың техникасын меңгеру.

6) Дене шынықтыру білімі, арнаулы білімін меңгеріп, өзінің дене шынықтыру қабілетін өмірде, еңбекте, спорта пайдалана білуі.

Спорт-жарыс түрінде өткізілетін, бұған арнаулы дайындық керектігін, және адамдардың қарым-қатынасы мен нормалары қажет.

Бұның спецификалық формасы-жарыс, жарысқа дайындығы спорт жаттықтыру арқылы өткізіледі. Дене шынықтыру жаттығулармен міндетті түрде айналысу.

Жүйе бұл түсініктемесі әр косалқының бір-бірінің байланыста болуымен заңдылық орналасқан бірлігін білдіреді, және де әр түрлі мақсаттарды шешуге және нақты функцияларды орындалуға тағайындалған.

Дене тәрбиесінің жүйесі-д. т-ң әлеуметтік практикасының тарихи белгіленген типі, бұған енгізілген, теориалық- әдістемелік, бағдарлама-нормативттік және ұйымдастыру негіздері, адамдардың дене жетілуін, және салауатты өмір сүруінің үйлестіруын қамтамасыз етеді.

Теориялық- әдістемелік негіз. Дене тәрбиесінің жүйесі көп ғылымдардың жетілдіктеріне тіренеді. Оның теориалық әдістемелік негізі ғылыми қағидалар негіздердің(антаномия, физиология, биохимия және т. б. ), қоғамдық(философия, социология), педагогикалық (психология, педагогика т. б. ) ғылымдар әдістемелік пән негізінде дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын қарастырып және негіздейді.

Бағдарлама- нормативттік негіз. Д. тер-сі міндетті мемлекеттік бағдарлама негізінде (мектепке дейінгі мекемелердегі бағдарлама) жалпы білім беру мектептерде, ортаңғы және жоғарғы оқу орындарында, әскерде т. б. ), іске асырылады. Бұл бағдарламалар дене тәр-ң ғылыми мақсаттары мен құралдарын, меңгеруге жататын комплексттік епшілдіктермен дағдыларын, нақты нормаларымен талаптардың тізбелігін құрайды.

Дене жүйесіндегі бағдарлама нормативтік негізгі контигент ерекшелігіне (жасына, жынысына, дайындық деңгейіне, денсаулық жағдайына), және дене шынықтыру қозғалысының қатысушыларының негізгі іс - әрекеттерінің талабы(оқу, кәсіп орындағы жұмыс, әскердегі қызмет) бойынша екі негізгі бағытта анықталады: жалпы және арнаулы дене дайындықтарына. Жалпы дайындық жалпы міндетті түрде білім алу жүиесіндегі дене тәрбиесінің бағыты ; базалық жан-жақты дене дайындығын ; өмірге қажетті негізгі қозғалысты иемденуді (болуын), дағдыландыруын; әр адамға дене қабілеттілігін жақтағы деңгейінің дамуын жеткілігін қамтамасыз ету.

Арнаулы бағыт (спорттық машыктану, кәсіпкерлік-колданбалы, әскери-колданбалы дене дайындығы) жалпы дайындық базасының жоғарғы деңгейге жетуге байланысты

қозғалыс іс- әрекетінің тандау түріндегі терен дағдыландыруын карастырады (ол жеке қабілеттілігіне байланысты) .

Адамның спортқа жетілуің, дене тәрбиесінің моральдық және жігерлік сапасың осы екі негізгі бағыт өмірдегі ең ненізгі қозғалыстармен шұғылдануға қамтамасыз етеді. Бағдарлама-нормативттік негіздерінде, нақты дене тәрбиесінің принцптері белгіленген. (жеке тұлғаның жалпы жан-жақты даму принципі, сауықтыру бағыты. Ұйымдастыру негізі. Д. т-ң жүйесіндегі ұйымдастыру структурасын, мемлекеттік, қоғамдық) - ұжым формалары, қолбасшылық, басқару құрайды.

Мемлекеттік тарауынан, . Емдеу-профилактикалық ұжымдарда, әскерде, орта-арнаулы, және жоғарғы оқу орындарында, жалпы білім беру мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру жаттығуларын міндетті, жүйелі түрде шығылдануды қарастырады. Сабақтар мемлекеттік бағдарлама бойынша өткізіледі, бұған арнаулы, сағат, кесте және арнаулы мамандардың басшылығымен, арнаулы берілген уақытта өткізіледі. Мемлекеттік тарауынан ұжымдардың істеліп жатқан жұмыстарымен және нәтижесін бақылайтын д. шынықтыру, спорт және туризм комитеті, дене тәрбиесі және спорт қалалық комитеті және де Қ. Р. білім беру бөлімшілері қамтамасыз етеді.

Қоғамдық дене шынықтыру жаттығу сабақтары жеке тұлғаның көз-қарасы, қатысушының қабілеті, және дене тәрбиесіне тұтынушылығына байланысты ұйымдастырылады. Қоғамдық принцпальдық ұйымдастыру формасы- дене шынықтыру сабағының жалпы еркінділігі.

Д. т-ұйымдастыру бас кезенінде, еркіндік спорт қоғамдары арқылы, жаппай д/ш сабактарына тарту

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеті

Мақсат-ол қоғамның және адамның көздейтін іс-әрекетің соңғы нәтижесіне жетуіне түсініктеме береді.

Дене тәрбиесінің мақсаты-ол адамның физикалық даму оптимизациясы, яғни әр адамның жан-жақты дамыту физикалық сапасының дағдырландыруы, нравствалық тән тәрбиесімен біріккен қабілеттілігінің байланысы және қоғамділік жеке белсенділікті мінездейді.

Еңбек етуіне және әр іс-әрекеттерінің түріне, қоғамның әр мүшесін дайындық негізіне қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі, мақсатына жете алатындай болу үшін нақты міндет комплекісі шешіледі:Арнайы жәнежалпы педагогикалық, белгіленген нәтижесіне жету талабы; ол тәрбиеленушілердің жас ерекшелігінін даму лектері (этаптары), дайындық денгейіне қарай көрсетілді.

Дене тәрбиесінің арнайы міндеттіне екі тобы жатады. Адамның физикалық дамуының оптимизациясы бойынша, және білім беру міндеті.

Адамның физикалық дамуының оптимизациясы бойынша міндетті шешу үшін мыналар камтамасыз етілуге тиіс:

- Адамға қажетті физикалық сапасын оптималды дамыту.

- Денсаулықты нығайту және сақтау, ағзаны шынықтыру.

- Дене бітімін жетілдіру және физиологиялық функциясының гармональды дамуы.

Дене сапасының жан-жақты дамуы - адам үшін маңызды. Оларды басқа қозғалыс іс-әрекетіне ауыстыру жағдайы, ол көп адамзатын іс-әрекетерін, яғни әр түрлі жұмыс процесінде және қолайсыз орта жағдайда баска козғалыс іс-әрекетіне ауыстыра алатын жағыдайы .

Мемлекетте, халықтың денсаулығы, ең үлкен баға болып, іс-әрекетердің жағдайы және халықтың бақыты өмір сүруі үшін қарастырылады. Денсаулықтың мықтылығына байланысты ағзаның физиологиалық жүйесінің жақсы дамуына байланысты сапаның жоғары даму деңгейіне жетуге болады: күш, жылдамдылық, төзімділік, икемділік, иілгіштік. Дене бітімінің жетілуі және адамның физиологиалық функциясының гармоналды дамуына, дене сапасының және дұрыс мүсіннің тәрбиеленуіне, тұлғаның әр бұлшық ет массасының пропорциональды дамуына, дене шынықтыру жаттығулары арқылы оптималды салмақты сақтауға, дене әдемілігін камтамасыз ететін іс-әрекет жасайды.

Адамның жұмыс қабілетін өте отырып, дене тәрбиесі ұзақ өмір сүруге, физикалық қабілетерін жоғары деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді.

Арнаулы білім беру міндетінде:

- Өмірге қажетті әр түрлі қозғалыс қабілеттер мен дағдыны үйлестіру.

- Спорттық қозғалыс қабілеттер мен дағдыны үйлестіру.

- Ғылыми -практикалық мінездемесі ретінде базалық білім алу.

Қозғалыс әрекетеріне үйренген болса адамның физикалық сапасы толық және рационалдық пайдаланады.

Қозғалысқа үйрету нәтижесі кезінде қозғалыс епшілдігі және дағдысы үйлестіріледі.

Өмірге қажетті епшілдік пен дағды козғалыс әрекеті, еңбекте, корғаныс, спорт іс-әрекеттерінде іске асырылады. Жүзуде, шаңғы мен қозғалуды, жүгіруді, секіруді меңгеру мен дағдысы, өмірдегі колданбалы маңызы өте зор. Епшілдік және дағдының үйлестірінуі адамның әр қозғалыс қабілеттілігін дамытады, соның ішінде еңбек қозғалысында. Адамның қозғалыс біліктілігі дағды бағасы үлкен болса, сонша жаңа қозғалыс формаларына үйрену оңайға түседі.

Оқытушының арнаулы дене шынықтыру білімін беру, оларды тереңдетіп және жүйелі түрде толтыра білу, бұлда дене тәрбиесінің негізгі міндеті болып есептеледі. Бұл бөлімге жататындар: дене шынықтырудың маңызы, жеке тұлғаға және қоғамға деген; дене шынықтыру - гигиеналық мінездемесі; қозғалыс дағдысы мен қабілеті үйлестіру заңдылықтары, дене шынықтыру жаттығуларының техникасы, және оның маңызы, қолдану негізі; мықты денсаулқты бекіту және сақтау. Адамдардың дене шынықтыру білімінің жоғарлату, ол дене тәрбиесі мен спорті, өндіріс саласында да пайдалануына мүмкіндігін береді. Жалпы педагогикалық міндет: жеке тұлғаны үйлестіру. Дене тәрбиесі нравствалық сапаның, психомоторлық функциясының дамуына іс-әрекет жасауы керек. Оқу процесі кезіндегі дене шынықтыру жаттығулары арқылы қалыптасқан спортшының жоғарғы нравствалық тәртібі еңбек сүйгіш, батылдық, және басқа сапалары өмірге, өндіріске, әскер жағдайына ауыстырылады: Дене тәрбиесінің процесінде әдеп және эстетикалық сапаларың

үйлестіру міндеттері шешіледі. Дене тәрбиесі жалпы педагогикалық міндеті таңдалған д. т спецификалық бағытына, шұғылданудың, жас ерекшелігіне және жыныстықтықтарына қалыптасқаны анықталады. Д. т. санды-нормативтк міндеті қойлу кезінде, дене шынықтыру дайындығының нормативін қарастырады. Олар 2 аспекттіге бөлінеді: дене сапасының дамуын көрсету нормативттік( күш, шапшандық, жылдамдылық, икемділік, ) және қозғалыс епшілдігің мен дағдыны меңгергенін мінездейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Шет тілі сабақтарының ұйымдастырылу ерекшеліктері
ОБСӨЖ сабақтары
«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Кіріктірілген сабақ түсінігі
Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz