Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері


оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 29 қаңтар, 2010 жыл
- ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2005ж.
- Қазақстан Республикасының Білім беру заңы 27 шілде, 2007жыл.
- Қазақстан Республикасыныңбілім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 14желтоқсан, 2010ж. 5б.
- Қазақстан 2030 стратегиясы// Егемен Қазақстан 2012ж. 12қазан, 3бет
Бақылау - оның негізгі қызметі зерттелетін процесс туралы материалды талдау, оған баға беру.
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.
Грамматика - сөздердің құрылуын, жасалуын зерттейтің тіл білімінің бөлімі.
Дағды - іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті көп күш жұмсамай орындауға мүмкіндік береді.
Даму - ескінің жоғалып, жаңаның пайда болуы.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді.
Жаһандану -әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы.
Инновация - жаңалық, жаңару-техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың іс жүзіндегі қолданысы.
Интеллект - латын сөзі. Мағынасы мәселені түсіну мен шешудегі жалпы қабілет дегенді білдіреді.
Кәсіби құзырлылық дегеніміз өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен, тұлғаның жеке ерекшеліктерімен, оның білім алуға ұмтылыстарымен, шығармашылыққа қабілеттілігімен, іске жауапкершілігімен анықталатын жүйе.
Лексика - грек тіліндегі мағынасы-сөз туралы ілім дегенді білдіреді.
Лингвистикалық типология - салыстырудың барлық түрлерін қамтитын ғылыми пән.
Мәдениет дегеніміз - белгілі бір іс-әрекетті немесе білімдер кәсібін меңгеруде қол жеткізген жетілудің деңгейі.
Монолог - бір адамның бір немесе бірнеше адамдарға арналған сөзі.
Оқыту принципі - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер жиынтығы.
Пәнаралық байланыс - оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық эксперимент - оқыту мен тәрбиенің қандай да бір әдісін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу.
Принцип - латын сөзі, қазақша негіз дегенді білдіреді.
Танымдық белсенділік - білім алушының білімге деген қызығушылығы.
Үлгі - зерттеу нәтижесінде құрылған обьектінің сапалылығын, тұрақтылығын көрсететін қосалқы бөліктері.
Фонетика - сөздің дыбысталуын зерттейтін тіл білімінің бөлімі.
Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешуде қолданылатын жоғары формадағы ойлау.
Іскерлік - іс-әрекетті табысты орындауға қажетті жұмыс тәсілдері.
Қр - Қазақстан республикасы
АКТ- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
ББД- Білім, білік, дағды
МОТ- Модульдік оқыту технологиясы
ОӘ- Оқыту әдістемесі
ЗӘ- Зерттеу әдістері
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі : ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелерін зерттеу маңыздылығы Т. Г. Враже [1], А. Я. Данилюк [2], И. Д. Зверев [3], В. П. Зинченко [4], Ю. К. Бабанский [5] және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде пәнаралық байланыс мәселелерін зерттеу барысында кейбір ғалымдар пәнаралық байланыстың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, пәнаралық байланысты қолдануды әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Пәнаралық байланыстың мазмұнын жетілдіру, оны сабақта қолдану мәселелерін Ю. К. Бабанский[6], М. А. Данилов[7], А. Н. Леонтьев[8], Н. В. Истомина[9], О. В. Афанасьева[10], Т. С. Самохина[11] және т. б. қарастырған.
Пәнаралық байланысты қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту мәселелері А. П. Бабушкин[12], В. П. Беспалько[13], Б. Т. Лихачев[14], Т. Ж. Мықтыбаева[15], зерттеулерінде; пәнаралық байланысты қолдануда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру Б. Р. Айтмамбетова[16], Ж. А. Қараев[17], Н. Х. Демесинова[18], С. Е. Исабеков[19], Г. Н. Амандықова[20], С. М. Исаев[21], Г. Н. Ауталипова[22], еңбектерінде зерттелген.
Тақырып бойынша зерттелген ғылыми еңбектерде жоғары оқу орындарының оқу- тәрбие үдерісінде пәнаралық байланысты қолдану және оны табысты жүзеге асыру жолдарының теориялық қырлары жан-жақты қарастырылып, ортаарнулы оқу орындары жүйесіндегі маңызды орны, әсіресе пәнаралық байланысты «әртүрлі ғылым саласы бойынша оқыту барысында қолдану қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде. Осы қарама-қайшылық біздің диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын «Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқыту мәселелері»деп белгілеуімізге негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре -теориялық негіздеу және оныіс жүзінде қолдану.
Зерттеудің міндеттері:
- оқыту үдерісінде пәндерді кіріктіре оқыту мәселелерінің теориялық негіздемесін анықтау;
- оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың заманауи жолдарын табу;
- пәндерді кіріктіре оқыту мәселелерінің әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептегіқазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: оқыту жүйесінде қазақ тілі мен ағылшын тіліпәндері негізінде кіріктіре оқытудыпайдалану мәселелері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер педагогикалық колледждердің оқыту үдерісінде қазақ тілі мен ағылшын тіліпәндерін кіріктіре оқытуды қолданудың әдістемелік жүйесі әзірленсе және ол жүйе болашақ педагог мамандарды даярлауда оқу үдерісіне енгізілсе, онда белгілі, бірізді жүйеге қарама-қайшы, жеке шығармашыл, ізденімпаздықпен жұмыс істей алатын білім алушының тұлғасын қалыптастыруға болады.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, тақырып бойынша бұған дейін жазылған ғылыми еңбектерге талдау жасалып, зерттеу әдісі қолданылды; колледжде оқытылатын қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мазмұнына талдау жасалды; тақырыптың эксперименттік бөлімінде бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу әдістері
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1) кіріктіре оқытуды тиімді қолданудың теориялық негіздері айқындалды;
2) кіріктіре оқытуды тиімді қолданудың әдістемесі жасалды;
3) ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
Зерттеу материалдарын педагогикалық колледждер мен мектептердің оқу үдерісінде және мұғалімдер қосымша көмекші құрал ретінде қолдануларына болады.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөліміндетақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.
«Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқыту мәселелерінің теориялық негіздері»атты бірінші тарауда оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытуды толыққанды пайдалану мүмкіндіктері, пәндерді кіріктіре оқытудың ғылыми - теориялық мәселелері, пәндерді кіріктіре оқытудың жіктелуі жан-жақты қарастырылды.
«Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудыңәдістемелік мәселелері»атты екінші тараудақазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінкіріктіре оқытудың педагогикалық жүйесі жасалып, оның тиімділігін айқындау мақсатында әдістемелік ұсыныстар беріледі.
«Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқыту мәселелері тақырыбы бойынша өткізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері» деп аталатын үшінші бөлімде зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген эксперимент жұмысының нәтижелері шығарылып, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қорытындыдаболжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілдіжәне қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
1 ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Сабақ үдерісінде пәндерді кіріктіре оқытудың педагогикалық алғышарттары
Бүгінгі таңда педагогикалық оқу орындары болашақ мамандарды даярлауда кәсіби даярлыққа ерекше көңіл бөледі. Оның бір бөлігі ретінде пәнаралық байланыс арқылы пәндерді меңгертуде қоғамның әртүрлі салаларында студенттердің қарым-қатынастық құзырлылығын қалыптастыру мәселесі жатады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір студентте сапалы білім мен жоғары іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуге, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Пәнді оқыту үдерісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістерді мақсатты, жүйелі түрде қолдана отырып, білім алушының интеллектісін, шығармашылық ойлуын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін жетілдіру, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Қоғамның даму бастауыш сыныптардан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім беруде жұмыс тәсілін жаңаша ұйымдастыруды басты міндет етіп қойып отыр. Ол үшін оқытудың әдістемелік жүйесін, оның білім беру, ақпараттық т. б. қызметтерінің ішінде дамытушылық саласына басымдық бере отырып, ақпараттарды пайдалана білу біліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек.
Материалдық дүниені тұтас күйінде және өзара байланыста қарастыратын ғылыми дүниетанымның барлық компоненттері -табиғатты, қоғамдық өмірді материалистік-диалектикалық тұрғыдан түсіну негіздері өзара байланысты. Сондықтан олардың барлығын толығымен мегеру үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру аса маңызды. Пәнаралық байланысты пайдалану әр пән әртүрлі қырынан сипаттайтын құбылысты жан-жақты және бір-бірімен тығыз байланыста оқып-білуге септігін тигізеді.
Педагогикалық сөздікте «пәнаралық байланыс» ұғымына: «оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі» - деген анықтама берілген. Бүгінгі күні білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру тұтастай алғанда студенттердің танымдық әрекеттерін белсенді ету міндеті негізгі мәселелердің бірі болып отыр[23, 14] . Пәнаралық байланыстың осы тұрғыдан алғандағы қызметін ескере отырып, «пәнаралық байланыс дегеніміз - оқу бағдарламаларының үйлесімділігі нәтижесінде оқушылар мен студенттердің танымдық қызығушылықтарын белсенді етуде қолданылатын әдістемелік жүйе» деп түсіндіруге болар еді.
Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру жекелеген пәндер арасындағыортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстыру, студенттердің танымдық ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді. Пәнаралық байланыстардың пайдалы жағы - ол бүкіл оқыту ісін барлық оқытушыларға бірыңғай талаптар қоюға және әртүрлі пәндерде ортақ мәселені шешуге жұмылдырады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдарына мыналарды жатқызуға болады:
-жеке пәндерді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
-пәндерді оқып-үйренуде өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;
-студенттердің ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, дағдыларды қалыптастыруын әдістермен сабақтастыру;
-жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асару;
-әртүрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақ ерекшеліктерін көрсете білу;
-сабақтарда оқытылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру[24] .
Пәнаралық байланыс оқылатын теорияны терең меңгеруді және ғылыми түсініктерді нәтижелі қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Ол ғылымдарды интеграциялауға білім салалары арасындағы байланысты дамытуға, ғылымдар жүйесінде пәннің орнын анықтауға оң әсерін тигізеді. Пәнаралық байланыстың дамуына және маңызды категорияға айналуына бірнеше нақтылы негіз бар.
Бірінші негіз - оқытудың жан-жақты болуына талап қою. Пәнді жан-жақты білу үшін, оның басқа ғылымдармен байланысының барлық қырын білу және тамту қажет. Нақты дүниедегі бір ғана құбылыс әр ғылымда әртүрлі қырынан сипатталуы мүмкін. Осыған байланысты студенттің санасына зерттелетін нысанның санқилы жақтарын тұтасымен қарастыруға бағыттайтын пәнаралық байланысты қолдану керек.
Екінші негіз -ғылымды интеграциялау үдерісі. Мамандарды даярлау сапасы белгілі бір дәрежде білім салаларының ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысын және ғылымдар жүйесіндегі пәннің алатын орнын дұрыс түсіндіруге тікелей байланысты[25, 94] .
Пәнаралық байланыстар туралы көптеген пікірлер қалыптасқан. Ғалымдардың бір тобы он оқу үдерісін жаңартудағы дидактикалық шарт ретінде қарастырады, ал екінші бір тобы оқу мақсаттарының ортақтығы дептүсіндіреді. Пәнаралық байланыс дұрыс ұйымдастырылғанда оқу жоспары мен әртүрлі оқу пәндерінің әрқайсысы өздерінің әдістемелік бағдарын ұстана отырып, жан-жақты оқытумен қатар тәрбиелік үдеріс арасындағы байланысты да қамтиды. Оқытылып жатқан пәндер арасындағы байланыс әр пәннің ішкі логикасын бұзбайды. Пәнаралық байланыстардың негізі - келісілген мақсатты, мазмұнды, әр пән бойынша оқытылатын материлдың игерілу темпін қадағалайтын оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын құру болып табылады[26, 274] .
Пәнаралық байланыстарды әлеуметтік-педагогикалық, әдістемелік-дидактикалық және психологиялық аспектілер тұрғысынан қарастыруға болады. Педагогтар пәнаралық байланыстарды қарастырғанда байланыстың мынадай үш типін бөліп алады:мазмұнды-ақпараттық, операциялық-қызметтік және ұйымдастыру-әдістемелік. Мазмұнды-ақпараттық байланыс білім мазмұны негізінде орнатылады және деректік, ұғымдық және теориялық болып бөлінеді. Операциялық-қызметтік байланыс оқу үдерісінде қалыптасқан іскерлік негізінде құрылады және танымдық, коммуникативті, бағыттаушы болып бөлінеді. Ұйымдастыру- әдістемелік байланыс студенттердің жалпы қалыптасқан байланыстар мен іскерліктерді меңгеруін қамтамасыз етеді және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру формасы мен деңгейіне байланысты генетикалық, құрылымдық және хронологиялық болып бөлінеді[27] .
Кез-келген пәнді оқытудың жеке процесін жаңадан қарастыру үшін, бүгінгі құрылған негізіне сүйенбестен жаңа байланыс құру мүмкін емес. Ағылшын тілін оқыту процесінің үлгіленуі үнемі алдын ала шешілген мәселелер мен міндеттер арқылы құрылады. Ізденушінің алдын-ала қойылған міндеттерді түсінуге, нақты жағдайдағы жаңа тәсілдер анықталады. Ағылшын тілін оқытуда жинақталған тәжірибелердің жиынтығы, нақты мәліметтері, оның сараптамалары, тек ғылыми тұжырымдалған түсініктердің дәлелі ғана емес, шетел тілін оқыту процесінің стратегиясын дұрыс дамытуды құрудың көзі болып табылады. Және бұл шетел тілінде сөйлеуге үйрету әдістемесінің негізгі бір бағыттарының сараптамасы ретінде қарастырылып, қарапайым логикалық байланысып, бейнеленеді.
Теориялық тұжырымдарды ескере отырып, методологиялық жағдайда жаңа білім берудің талаптарына сай ағылшын тілі сабағында пәнаралық байланыстарды қолдана отырып, монологты сөз іскерлігін қалыптастыру өңделеді. Жеке тұлғаны дамыта оқытудың теориялары мен заңдылықтарына сәйкес ұйымдастырылуы, үлгіленуі студенттің жеке танымдық белсенділігі шығармашылық кезеңінде қалыптасады. Танымдық қабілеттері дамиды, студенттер мәселені бақылау, сараптау барысында нысананы белгілейді. Мәселені шешуде ұсынылған шешімін таңдайды. Оның шешілу жолдары алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, өз пікірін сараптап құрай алу, ақпаратты өңдеу алғашқы кезеңінде жүзеге асырылады. Жеке тұлға алдында пәнаралық байланысты қолдануда білім, өздік шығармашылық мақсаттарды дамыту қойылады[28, 370] .
Ю. Н. Колюткин психологиялық жұмыстарды қорытындылай келе, сөйлеу мәдениетіне байланысты мынадай талаптарға сүйенеді:
1) студент ойды еркін ойлауға, өз шешімін, нысананы ұсынуға, қатесін түзетуге, әріптесінің пікірін тыңдап, сыйлауға, басқаның ойын тыңдауға, оны түсінугі және пәнаралық байланысты дұрыс қабылдап ұғымның мағынасын нақты түсінуі тиіс;
2) Пәнаралық байланыстың мағынасын түсініп, ұғымның анықтамасын дұрыс түсіну, басқа пәндер бойынша берілген анықтамаларды еркін де дұрыс қабылдау, сапалы шешім қабылдауға көмектеседі. Бұл психологтың айтқан талаптарын ескере отырып, кәсіптік оқу орнының алғашқы сатысындағы студенттерді шетел тілінде монолгты сөз түріне сөйлеуге үйретуде колледж студенттерінің өздік қабілеттері мен іскерліктерін дамыту үшін кітаппен жұмыс жасаудың үлгісімен таныстырамыз.
Студенттерді сөйлеуге үйрету нәтижесі қатысымдық қабілеттің жалпы, арнайы, жеке іскерліктерін дамыту бағытында құрылады. Ал, монолог бір адамға бағытталғандықтан, студенттің жеке іскерлігін дамытуды мақсат етеміз.
Жалпы қабілеттерге: студенттің жалпы оқытуда кілт сөздермен, түрлі ақпарат құрылымдарымен жұмыс істей алуы, әңгіме құруда себеп- салдарын құрастыра білуі, ойлаған ойын қысқаша жазба сөздермен түсіндіруі, сараптай және қорытындылай білуі жатады.
Арнайы қабілеттерге: студенттің түрлі анықтама сөздікпен жұмыс жасауы, әртүрлі сөз әрекеттерін құрастыруда жаза алуы, оқи алуы, айта алуы, сөйлеу лексикасын, өз әңгімесін құруға қолдана алуы жатады.
Жеке қабілеттерге: студенттің өз қызығушылығын арттыруы, өз мақсаты мен міндетін белгілей алуы, болжап, жоспарлай алуы және өзін-өзі болжап түзетуі, оны іс жүзінде көрсете алуы, түсінігін көрініспен елестетуі, ойын қабылдап қорытуы, түйінін дәлелдеуі кіреді[29] .
Студенттің сөйлеу іскерлігі мен қабілеті негізінен жалпы, жеке және арнайы әрекеттерін қалыптастыруға бағытталады. Бұл қабілеттердің ішінде біз студенттің қабілеті мен іскерлігін дамытуда ауызша коммуникативті жаттығу түрі монолог болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформаның қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болып отырғаны белгілі. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы 12 жылдық білім беруге көшумен және оқыту процесін технологияландыру қажеттігінен туындап отыр. Осы қажеттілікті өтеу үшін педагогика ғылымының соны жетістіктерін тәжірибеге енгізуде әлемдік және отандық әдіскер ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдаулар, олардың құнды ой-тұжырымдары басшылыққа алынып, реформаны іске асыруға негіз болды.
Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәні туралы Ж. Аймауытов: “Ана тілі-халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”, -деген[30, 221] .
Ана тіліне деген сүйіспеншілік, өз халқының тарихына қызығушылық ана тілін оқытудың басты міндетінің бірі болғандықтан білім беру жүйесінде келесі өзгерістер аясында бұл мәселеге баса мән беріліп отыр. Ана тілі оқу пәні ретінде оқушылардың көркемдік-эстетикалық талғамын, қоршаған ортадағы әсемдік пен үйлесімділікті, жалпыадамзаттық және рухани құндылықтарды, туған жер байлықтарын танып біліп, оны дұрыс бағалауға, құндауға баулиды.
Ана тілі пәні барлық пәндердің ішіндегі жетекші пән болып табылады. Көркем өнердің бір саласы ретінде оның басты құралы сөз өнері. Белгілі ғалым Т. Ақшолақовтың пікірінше: көркем шығарманың кішкентай клеткасы сөз. Шығарманың шаңырағы сол арқылы көтеріледі деген тұжырым жасаған. Қазақ халқының ұлы ағартушы педагогтары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтар жеке тұлғаның қалыптасуындағы ана тілінің зор тәрбиелік -білімдік маңызына үлкен мән берді[31, 47] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz