ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ЗЕЙІННІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЗЕЙІН ҮДЕРІСТЕРІНІҢ ТҰЛҒА БОЙЫНДА ДАМУЫ

1. 1 «Зейін» термині мен ұғымы жайындағы отандық шетелдік ғалымдардың ой-пікірлері

1. 2 Зейінді арттырудың тиімді жолдары К. Д. Ушинскийдің және Отандық педагогтар тәжірибесінде

2 ОҚУШЫЛАРДЫ ІС-ӘРЕКЕТ БАРЫСЫНДА ЗЕЙІН ТӘРБИЕСІНЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Ойынның, қарым-қатынастың зейінді қалыптастырудағы рөлі . . .

2. 2 Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы

3. ЗЕЙІНДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР

3. 1. Зейін тақырыбында Отандық ғалымдардың ой-пікірлерін салыстыру және зейіндік жаттығулар

3. 2 12 жылдық білім берудің оқушы зейініне әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Зейін - психологиядағы негізгі категориялардың бірі болып табылады және жеке тұлғаның зейінін дұрыс дамыту - зейінді жас ұрпақ бойында қалыптастырушы, тәрбиелеуші алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Зейін, зейінділікке деген қарым-қатынас, талап деңгейі заман өткен сайын өзгеріп отырады. Мысалы, ХХ ғасырды оқушысы ХХІ ғасырдың оқушысынан зейіндік үдерістері тұрғысында біршама өзгеше екендігі анық.

Сол себепті де зейін тақырыбын, зейін категориясын практикалық тұрғыда зерттеу, дипломдық жұмыстың нысанына айналдырып қарастырып отыру - әрдайым өзекті болып табылады. Осы мақсатта біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылардың зейінін қалыптастыру жолдары» деп алып отырмыз.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зейін категроиясы және оның көрініс табуын, оқушы дамуына әсерін зерттеу жұмыстың басты мақсаты болып табылады және осы мақсатты жүзеге асыру тұрғысында мынадай міндеттерді шешу қажет деп білеміз:

- зейіннің түрлері, қасиеттеріне талдау жасау;

- оқушылардың іс-әрекет барысындағы зейін тәрбиесінің рөлін анықтау;

- оқушының қарым-қатынастағы зейін тәрбиесінің рөлін ашу;

- оқушылардың зейінін қалыптастыруда ғалымдар мен мұғалімдердің қосқан үлестеріне талдау жасау;

- өзіміз жүргізген жұмыстарға қорытынды жасау және т. б.

Зерттеудің нысаны ретінде писхолгиялық категория болып табылатын зейін алынды.

Зерттеудің пәні оқушылар бойында зейінді қалыптастыру жолдарын іздестіру, зейін категориясының көрініс табу үдерісі зерттеудің пәні ретінде алынып жұмыс жасалынды.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Аталған тақырып бойынша белгіленген мақсат пен міндеттерді іске асыру арқылы зейін катгориясының оқушы тұлғасын дамытудағы рөлі туралы ғылыми пікірлер мен ой-тұжырымдар біршама жинақталу негізінде біршама толыққанды ғылыми жұмыс жасалатын болады.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Дипломдық зерттеу жұмысында писхология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздеріне сүйенілді. Мұнда жинақтау, салыстыру, сұрыптау, жалпылау т. б. әдістер тиісінше қолданылды. Диплом жұмысы бойынша ғылыми жұмыстарды оқып-білу, алдыңғы қатардағы, отандық тәсілдерді қорытындылау және талдау, мектептегі зейінді қалыптастыру жұмыстарын жаңғырту, жағдайларды жаңғыртудан табылған жолдарды тәжірибелік-эксперименттік тексеру, тестілеу және есептеу әдістері де қамтылды.

Ғылыми болжамы мен практикалық құндылығы. Жұмыс өзіндік жаңашылдыққа және құндылыққа ие. Зейін туралы біршама мәліметтерді жинақтап, осы материалдар негізінде өзіндік ой қорытуымыз - жұмыстың ғылыми жаңашылдығы болып табылады. Практикалық құндылығы тұрғысында -еліміз өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қальштастырып дамытатын негізгі орын мектеп болса, балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан оқушылар зейінін қалыптастырудың жолдарын іздестіру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті болмақ.

Практикалық негізі. Жұмыстың практикалық негізі ретінде зейін категориясын дамыту үдерісін зерттеуге таңдалған мектеп оқушыларының психологиялық процестері алынып отыр.

Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұрады және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың соңында тақырып бойынша алынған пробема қорытындыланған. Диплом жұмысы тақырыбын ашуға қажетті әдебиеттер тиісінше қамтылған деп есептейміз

1 . Адам өміріндегі зейіннің маңызы және зейін үдерістерінің тұлға бойында дамуы

1. 1 «Зейін» термині мен ұғымы жайындағы отандық шетелдік ғалымдардың ой-пікірлері

Біздің жас мемлекетіміз - Қазақстанның болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені анық мәселе. Оларды зейінді де ақылды, бәсекеге мейілінше қабілетті қылып өсіру - ересектердің міндеті болуға тиіс. Аталған мәселе жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деп атап көрсеткенболатын: «Бала тәрбиелеу - болашаққаең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.

Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау - ата-ананың борышы.

«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет»[1] .

Сондықтан да біз елдің ертеңгі иелерін зейінді де, ақылды етіп тәрбиелеуіміз керек болады. «Зейін», «зейінділік», «зейінді», «зейінсіз» деген ұғымдар күнделікті кездесіп жатады. Ендеше зейін деген не? Зейіннің болашақ толыққанды тұлғаны қалыптастырудағы маңызы қандай? Біз дипломдық жұмыс барысында аталған сұрақты жан-жақты қарастыратын боламыз.

Зейін - адамныңпсихикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, танымпроцесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясыбойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштері ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

Зейін жайында мынадай анықтама берілген: «Адамның зейініырықты зейін, ырықсыз зейінжәнеүйреншікті зейінболып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі , оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады»[2] .

3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді писхолог ғалым А. Р. Лурия «аттенционалды әрекеттердеп те атайды» [3] .

Зейін - субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады.

С. Л. Рубинштейннің пікірінше: «зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы - бағдарлық-зерттеудің бастамасы»[4] .

В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді[5] .

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

1) интенсивтілігі;

2) жаңалығы;

3) аффективтілігі.

П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: «3ейін - бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады»[6] . АлЛ. C. Выготскийбойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты [7] .

Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т. б. ) ретінде;

2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

«Зейінің функциялары:

1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

3) белсенділіктіңбір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді [8] .

Зейін адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда зейін дегеніміз - айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшияды, үңіледі, демін ішіне тартады т. б. ) . Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді.

Сабағын оқып болғаннан кейін түрлі әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа обьектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психиканың белгілібір обьектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады. Егер зейін болмаса заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді.

Психикалық әрекеттердің бет алуы және түйдектелуі олардың өзгеріп, дамып отыратындығын, заттардың, құбылыстардың сәулесін, санамызға түсіретіндігін көрсетеді. Адамның күнделікті тұрмысында да, оқу процесінде де, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді. Егер оқушылар өздерінің оқитын пәндеріне, мұғалімнің әңгімесіне зейін қойып құлақ салмаса, оларды жақсы үғып, есінде қалдыра алмайды. Оқушылардың үйреншікті зейіні жақсы болғанда ғана, олар материалды жақсы түсініп, көп ұғып алады.

Орыстың әйгілі педагогі К. Д. Ушинский: «Зейін - сыртқы дүниедегі материялардың барлығын санамызға жіберіп отыратын есік» [9], - дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, оқушы мұғалімнің айтқанын ұғып, біліп алады, егер бұл есік жабық болса, онда мұғалімнің айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды .

«Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатыстыболып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді. Зейін кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады[10] .

Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы жене нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алыңызға келтіріңіз. Сурет затын. оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-апаларының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан өз керегімен шұғылданды дейміз.

Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.

Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің тандамалылық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз.

Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін: анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

«Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой-санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шомумағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді»[11] .

Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой-сананы қажетсіз объектердің бәрінен ауыстыраалумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады[12] .

Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді.

Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс-әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс-әрекетті бақылаужәне реттеу қызметін де атқарады.

Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой-сана дене қозгалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдықзейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдык процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.

Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді.

Зейін табиғатын түсіндіруде Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады: «Зейін - қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі[13] .

И. Герберт пен У. Гамильтон: «Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады[14] .

Дж Миль «Зейін - көңіл-күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. «ұнамды немесе жағымсыз сезімге, не идеяға бөлену мен сол факторларға зейінді қатынас екеуі де бір нәрсе» [15] . - деп тұжырымдайды.

Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі, яғни адам білген, таныған затына ғана ден қояды.

Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы тусіндіруте келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.

Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшейуінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.

Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиологиялық жүйке процесінде қаланған елестер соңғы басқа елестер мен қозғалыстардың физиологиялық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды.

Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары Т. Тәжібаев еңбектерінде келтірілген[16] . Олар келесідей ұғымдарда сипатталады:

«Зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет:

Өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам әрекеті бағыттау, орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тобектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады;

Белгілі өнім шығаруға бағьпталған әрекеттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;

Психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды»[16] .

Аталған теориялар нақты деректерге негізделгені сөзсіз, бірақ әрқайсысы өздері ұстанған зейін белгілерін асыра көтеріп, қалғандарын елемеуге тырысады. Ал шындыққа жүгінсек, зсйіннің мән-мағынасын оған байланысты барша қасиеттер мен сапаларды өзара біріктіре талдау негізінде түсіну мүмкін. Осы тұрғыдан қазіргі уақытта зейіннің келесідей анықтамасы қабылданған.

Зейін - бұл кісінің сезімдік, ақыл-ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы және шоғырлануы.

Зейіннің физиологиялық негізіне де көңіл бөлген жөн.

Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.

Адамның сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз тоқ қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да білуге болады. Әдетте, сергектік 5 күйде көрініс беретіні Дәлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді сергектік, шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы. мүлгіген жағдайда адам бір не екі әсерге ғана жауап беріп, қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді елеместен. терең ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестесінің сәл ғана дауысынан оянып кетері сөзсіз.

Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлекстің рөлі өте күшті. Бұл құбылыстың негізі - адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы, сол ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түреді. Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік ашылудан, жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И. П. Павлов «немене?» рефлексі деп атаған[17] .

Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық.

Перифериялық мехаиизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттер құлақ жарғағын кереді. Ал күшті дыбыста жарғақ кернеуі босаңсып, миға өтетін жағымсыз әсерді басады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқыту
Негізгі мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz