Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 1-2 бет

І тарау «Өлкетану библиографиясының мәні мен міндеттері»…… . . . 3-6 бет

ІІ тарау «Облыстық кітапханалардың өлкетану анықтамалық библиографиялық құралдары» . . . 7 - 11 бет

ІІІ тарау «Аудандық кітапханалардағы өлкетану жұмыстары»… . . . 12 - 19 бет

ІҮ тарау «Өлкетанудың бас библиографы» . 20 - 30 бет

Ү тарау «М. Дулатов қазақтың тұңғыш библиографы» . . . 31 -33 бет

ҮІ тарау «Библиографиялық көрсеткіштер» . . ……… . . . 34 - 42 бет

7. 1. Әлімжанов Баянғали . . . 34 бет

7. 2. Бижанов Мәтен . . . 34 - 35 бет

  1. Ерғалиев Жабал . . . 36 -37 бет
  2. Есекеев Жұмабай . 37 - 38 бет
  3. Жетпісқалиев Серік . . . 38 - 40 бет
  4. Жүнісов Сәкен . . . 40 - 42 бет

Қорытынды . . . 43 бет

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44 бет

ҮІІІ тарау

Қосымша «Әдеби Көкше әлемі» . . . 45 - 67бет

КІРІСПЕ

Еліміз саяси, экономикалық және қоғамдық өмірді терең қайта құруды бастан кешіруде. Бүкіл жоғары білім беру жүйесі; студенттердің оқытудың мазмұнымен тәрбиелеудің әдістері қайта құралып жатыр. Қайта құру мәдениет мекемелері - кітапханалардың алдына да жаңа міндеттер қойып тыр. Халықтың, ең алдымен жеткіншек ұрпақтың дүниетанымын тәрбиелеу, жеке адамның жан - жақты дамуына жәрдемдесу процесіне кітапханалардың қатысуын жандандыра түсуде. Қазіргі кезде еліміздің кітапхана жүйесін дамытуда көптеген проблемелар қарастырылуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мәдениет министірлігі Ғылым академиясы еліміз кітапханалары өз функцияларын орындау үшін олардың ұйымдық және экономикалық жағдайларын жетілдіру жөніндегі шаралар көзделіп отыр.

Қайта құру процессінде библиографиялық қызмет көрсетудің принципі жаңа әдістер мен құралдарын жасау, адамгершілік тәрбие беру. Әлеуметтік экономикалық және ғылыми - техникалық прогресс принциптерін библиографиялық жағынан қамтамасыз етудің белсенді формаларын енгізуді талап етуде.

Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету ісін жетілдірудің аса маңызды шарты оларды техникамен қайта жандандыру. Ең жаңа ақпараттық техниканы, библиографиялық өлкетану процестерді автоматтандыру құралдарын практика кең көлемде енгізбейінше библиографиялық ресурстарды жұртшылықтың пайдалануын интенсивтендіру, ол үшін негіз әзірлеудің сапасы мен тиімділігін арттыру көзделуде.

Қазақстан библиографиясының тарихын зерттеу, оны жетілдіру және библиографиялық білім берудіңқазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері тек кітапхана мамандарын ғана емес, тарихшы, социолог, мәдениеттанушы ғалымдарды да толғандыруда. Өйткені, библиография мемлекет мәдениетінің жетілу деңгейіне өлшем болғандай мағынасы терең сан қырлы ғылым.

Қазақстан библиографиясының дамуы турасында кітап палатасының мамандары Е. Нығметов, З. Қасымова, Н. Асубекова, оның теориясымен айналысқан педагогика ғылымының кандидаты М. А. Ақшолақованың еңбектері жарияланды.

Қазіргі кезде ғылыми, іскерлік библиографиялық, анықтамалық ақпараттың маңызы жоғары бағаланатыны әркімге белгілі.

Дипломдық жұмыстың міндеті - белгілі бір өлкенің тарихы және мәдениет ескерткіштері жайлы әдебиеттерді, қолжазбаларды, архивтерді жинау, реттеу оқырмандарға насихаттау болып табылады.

Кітапхана ұстанымдары:

  1. Жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдармен -таныстырушы.
  2. Педагогика мен психология салалық әдебиеттер облысында жаңа білімдермен -байытушы.
  3. Ақпараттық - библиографиялық қызмет етумен қамтамасыз ету.
  4. Оқырмандардың қызығушылығы мен қажеттілігі, қорды қанағаттандыру дәрежесі. Біздің барлық жұмысымыз «Қоршаған әлемді тануда оқу - әрекет тәсілдерін қалыптастыру» деген бағытта болады.

Өлкетану библиографиясы жалпы - өлке өмірінің барлық жағын қамтитын, баспадан шыққан әдебиеттер кіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары еліміздегі библиография ісінің даму тарихын зерттеуді жалғастырып келеді. Мұнда «Қазақстан библиографиясының қайраткерлері» зерттеуін шығарып отыр.

І тарау

ӨЛКЕ ТАНУ БИБЛИОГРАФИЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

Қазіргі библиография ғылымының негізгі бір тармағы - өлке тану библиографиясының басты міндеті - халық шаруашылығына, еңбекшілерге тәрбие беру ісіне тікелей атсалысу. Оның методикалық және теориялық бағыты программаларына негізделеді. Өлке тану жұмысының әр аудан, қала, облыс, республикаларда өндіргіш күштерді тиімді орналастыру, жаңа экономикалық региондарды игеру істерін насихаттауға тигізер септігі мол.

Бұған ғылыми негізде жасалған анықтамалық, библиографиялық құралдың көмегі көп тиеді.

Шын мәніндегі мол мағлұматты, жан-жақты жасалған библиографнялық көрсеткіштер тек совет заманында ғана пайда болды. Ондай көрсеткіштер кезінде «Үлкен Алтай», «Үлкен Ембі», «Үлкен Жезқазған» жинақтарына еніп, осы өлкелердің байлығын зерттеуге, халық қазынасына айналдыруға көп пайдасын тигізді.

Революцияға дейін өлке тану библиографиясымен жеке әуесқой адамдар ғана айналысқан еді. Патша үкіметінін шығыс аймақты зерттеуге арнайы жіберген экспедицияларының негізгі мақсаты отарлау саясатын ғана көздеді. Ал өлке туралы кітап шығаруға арнайы бөлінген қаржы мүлдем болмады, кітап бастыру ісі дамымады.

Совет өкіметі жылдарында өлке тану жұмысының жандана түсуіне Н. К. Крупскаяның қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол партияның Орталық Комитетінің тапсыруы бойынша елімізде кітапхана ісі мен библиографиялық жұмыстарды жолға қоюға тынымсыз ат салысып, «Өлке тану және кітапхана» (1926), «Ұлттық мәдениет туралы мәселе жайлы» (1930) және т. б. осы тақырыпқа тікелей қатысы бар мақалалар жазды.

Одақтағы ірі-ірі кітапханалардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, Н. І. Крупская көптеген библиографиялық методикалық құралдар ұсынды, тыңғылықты кеңестер беріп отырды. Ғылыми және көпшілік кітапханалардың байланысын нығайтты.

Кейінірек өлке тану библиографиясын ғылыми негізде жолға қою проблемаларымен. Ғылым академиясы, оның жергілікті филиалдары, ғылыми-зерттеу институттары жүйелі түрде айналыса бастады.

Сонымен қатар өлкенің тарихы мен табиғатын, экономикасы мен мәденнетін зерттеу ісіне одақтас республикалардың Ғылым академиялары, олардың ғылыми-зерттеу институттары, жергілікті университеттер, жоғары оқу орындары, өлке тану музейлері мен архив қызметкерлері, тәжірибе станциялары араласты.

Туған Отанды, өлкені жан-жақты таныту ісіне лайықты үлес қосып отырған өлке зерттеуші ғалымдар қоғамының да ролі зор.

Өлке зерттеушілер - еңбекшілердің ерікті өкілдері. Бұл қозғалысқа қатысушылар саны, әсіресе 1920-1930 жылдары арта түсті. Жергілікті жерлерде өлке тану қоғамының бюролары, үйірмелері құрылды, оның мүшелері негізінен өлке тану энтузиастары болды. Өлке тану жұмысы бірнеше жолдар мен бағыттар бойынша жүргізілді. Олардың негізгілері:

а) қоғамдық өлке тану. Бұған оқушылар мен мұғалімдер мен журналистер ерікті түрде, әуесқойлық негізде қатыса алады. Соңғы кезде өлке зерттеу ісімен шұғылданатын әуесқойлар жергілікті ескерткіштерді, табиғи маңызды объектілерді күтіп сақтау ісімен де айналысып жүр.

б) мемлекеттік өлке тану. Бұл, әрине, мемлекет тарапынан арнайы жүргізілетін жұмыстар. Олар жергілікті шаруашылық органдарына, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жоғары оқу орындарына жүктеледі. Жоспарда не оқу программаларында көрсетілгендей, олар табиғат, тану, елке тану тақырыптарын зерттейді, арнаулы ғылыми еңбек шығарады.

в) музейлік өлке тану. Өлке тану, ісінің өзекті мәселелерінің бірсыпырасы осы музейлердің жүргізетін үгіт-көпшілік жұмысына байланысты. Мысалы, Орал қаласындағы тарихи өлке тану музейін, Пугачев музейін аралап көрген адамдар Қазақстанның батысы - Орал өңірі, Жайық бойы туралы қыруар мағлұмат алатыны сөзсіз. Бұл музейлерді араламай, ондағы өте құнды және сирек кездесетін экспонаттарды мұқият көріп, таныспай кете алмайсыз. Мұндай өлке тану музейлері республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс істейді.

Музейлік өлке танудың негізгі бір түрі - халықтық музейлер. Халықтың даңқты жеңістері мен өнегелі істерін, жаңа Конституциясы тұжырымдаған музейлік экспонаттарды көріп, зор қанағаттанғандық сөзім, мол әсер, тарихи мағлұматтар алады.

г) мектептік өлке тану. Өлке танудың бұл түрі мектеп қабырғасынан басталады. Бұл сыныптан тыс істелетін жұмыстардың ішіндегі ең маңыздысы болып саналады. Көптеген мектептерде жаратылыс, тарих, қоғам тану пәнінің мүғалімдері басқаруымен әлке тану үйірмелері, мүйістері жұмыс істейді.

Орал облысының Шыңғырлау ауданындағы Отрадное селосында құрылған өлке тану музейін ұйымдастырған жергілікті мектептің директоры, география пәнінің оқытушысы, Географиялық қоғамының толық мүшесі К. Жұбанышалиев болды. Ол өлке тарихына байланысты құнды материалдар жинады.

Мектептік өлке танудың жас өспірімдерді Отанды сүюге, өз өлкесін мадақтай, бағалай білуде, патриоттық рухта тәрбиелеуде мәні зор, Өлке тану ісінде өлкенің даңқты адамдарын іздестіріп, олар жайлы деректер жинауға көп еңбек сіңіріп жүрген «Қызыл ізшілер» қозғалысын айрықша айтуға болады. Қазір сол «Қызыл ізшілер» жорығының нәтижесінде аты-жөні бұрын белгісіз өнер қайраткерлері, жауынгерлер есімі, маңызды оқиғалар анықталып, бағалы документтер табылуда.

д) кітап сататын дүкендер және басқа мәдениет орындары да (баспалар, халық творчество үйлері, клубтар) өлке тану жұмысын насихаттауға ат салысады.

е) кітапханалық өлке тану. Бұл ғылыми жұмыстар жүргізілетін библиографиялық орталық болып табылады.

Өлке тану жұмысының түрлі салаларын үйлестіре жүргізетін бірден-бір орын да осы кітапхана. Оның қызметкерлері өлке тану тақырыбын меңгере отырып, әр өлкенің, облыстың, республиканың экономикасына қосатын үлесін, оның тарихын, жаратылысын, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелерін еңбекшілер арасында кеңінен насихаттап отыруға тиіс.

. Кітапханалардағы өлке тану жөніндегі барлық жұмыстар халыққа жалпы білім беру, бұқараның мәдени дәрежесін арттыру, қазіргі заманның алға қойып отырған келелі ғылыми өндірістік мәселелері, қарарларында көрсетілген нақты проблемалық тақырыптарды камти отырып жүргізіледі.

Өлке тану библиографиясына анықтама, беруден бұрын, өлке тану әдебиеттері дегенді түсіндіре кетейік. Өлке тану әдебиеті кең салалы әдебиет. Бұған белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеуге бағытталған немесе оның физикалық және экономикалық географиясына, геологиясына, тарихына, этнографиясына, топырақ тануға не жаратылысына арналып жазылған кітаптар мен мақалалар жатады.

Сонымен қатар белгілі бір қала, аудан, селолар туралы мәліметтер басылған арнаулы ғылыми монографиялар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, осы өлкеге қатысы бар тағы басқа да шығармалар өлке тану әдебиеттерінің негізгі қоры болып есептеледі.

ІІ тарау

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ

ӨЛКЕ ТАНУ АНЫҚТАМАЛЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ

ҚҰРАЛДАРЫ

Анықтамалық-библиографиялық құралдарды жасау, оны ойдағыдай жүргізіп отыру кітапханалардың өлке тану жұмысының негізі болып табылады. Оқырмандарға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, керекті әдебиеттерді дер кезінде оңай әрі тез тауып беру, оқырман қауымын өлке тану әдебиеттерімен үнемі таныстырып отыру, оны насихаттау, библиографиялық құралдарды мезгілімен шығару жұмыстары, міне, мұның бәрі осы анықтамалық-библиографиялық құралдың ғылыми-методикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты.

Облыстық, өлкелік, республикалық кітапханалардың анықтамалық-библиографиялық құралы негізінен мыналардан тұрады:

1. Өлке тану әдебиетінің құрама каталогы;

2. Өлке тану әдебиетінің ұсыныстық картотекасы;

3. Жергілікті баспадан шыққан кітаптар мен баспасөз картотекасы;

4. Өлке тану сипаты бар анықтамалық әдебиеттер мен библиографиялық құралдар қоры;

5. Өлке тану тақырыбына, жазылған анықтамалықтар қоры (архив) ;

6. Өлке танулық материалдар басылған газет қиындыларының папкасы (альбомы) ;

Енді осы бөлімдердің әрқайсысына: облыстық кітапхана жүйелерін негізге ала отырып, жеке тоқталайық.

1. Өлке тану әдебиетінің құрама каталогы - бұл кітапханалардың күнбе-күнгі өте кен, түрде пайдаланатын, негізгі құралы болып саналады.

Мұндай каталогсыз кітапханада жұмыс істеу қиын болған болар еді.

Кітапхана қорындағы өлке тану әдебиетіне жататын барлық басылымдар өзінің мазмұны мен түріне қарамастан құрама каталогқа толық енуге тиісті. Құрама каталогқа өлке тану жөніндегі айтылған мәліметі бар кітаптар, пікір, ой, немесе жеке тарау, бөлек бір цитат, не баспасөз беттерінен алынған мақала, рецензия, көркем өнер және картографиялық материалдар, нота басылымдары да қойылады.

Каталогқа алынатын әдебиеттерді (материалдарды) іздеп табу, біріншіден, баспалардан күнделікті түсіп жатқан кітап, кітапшаларды дер кезінде қарап, қадағалап отыру арқылы жүргізілетін болса, екіншіден, қорда бар әдебиетті ретроспективтік тексеру жолымен іздестіріледі. Бұл да өте көлемді және аса ұқыптылықты керек ететін жұмыс. Алайда, мұны кітапхана штатындағы бірлі-жарым библиограф-өлке зерттеуші қызметкер (онда да штатта бар болса) толық қамти алмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмысты үзбей жүргізіп отыру кітапхана қызметкерлерінің бәріне бірдей жүктеледі. Кейде арнаулы қызметкердің немесе библиографтың арнаулы басшылығымен оқырмандар арасынан өлке зерттеуші әуесқойлардың көмегін де пайдаланған жөн.

Құрама каталогқа жататын әдебиеттерді ең алдымен сол облыстық кітапхананың өз қорынан іздеу керек. Оны өлке тану әдебиетінің каталогын жасауға қабілеті бар кадрлар іске асырады. Облыстық кітапханалардың оқырмандары да білімді, сан алуан мамандық иелері. Ал оларға өлке тану әдебиеттерін тез тауып беру үшін құрама каталогтың жүйесі дұрыс жолға қойылуы шарт.

Құрама каталогтардың одақтық республикалармен ұлттық аймақтарда жасалу тәртібінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, Қазақстандағы кітапханалардың орталықтанған жүйесін басқаратын орталық кітапханада орыс тілінде басылып шыққан түрлі жүйедегі өлке тану әдебиеттері неғұрлым толық шоғырландырылады. Ал қазақ тіліндегі өлке тану әдебиеттері де жалпы әдебиеттер сияқты жүйелі каталогқа жинақталады. Орталық кітапханада бүкіл жүйедегі әдебиеттерді қамтитын орталық құрама каталог болады, ал филиалдарда мұндай каталог өздеріндегі бар қорға ғана жасалады.

Өлке тану каталогы орыс тілінде «Қазақстанның мерзімді басылымы Казахстаника) » деп аталатын жеке каталогқа енетіндіктен ондағы материалдарды жалпы жүйелі каталогқа тағы да қайталап енгізудің қажеттігі жоқ. Тек қана жалпы жүйелі каталогтың алдына бөлек карточка және негізгі бөлгіш карточкалардың бәріне

Құрама өлке тану каталогын толық етіп жасауға тырысып, әйтеуір осы өлке туралы жазылған басылымдардың бәрін каталогқа енгізе беру де дұрыс емес. Сондықтан да кітапханашылардың бұл іске үлкен жауапкершілікпен, талғампаздық, зейінділікпен қарағаны жөн. Әйтпесе каталог кездейсоқ, болмашы материалдармен толығып, әдебиеттер көлемі шамадан тыс үлкейіп, пайдалануға қиындап кетуі ықтимал.

Сондықтан кітапхана каталогыпа мынадай материалдарды мүлде енгізуге болмайды:

- уақытша мәні бар, белгілі бір, кезеңге ғана байланысты қабылданған жергілікті орындардың қаулы-қарарлары;

- көпшілікке белгілі мәліметтері бар ағымдағы материалдар;

- сол өлкеде тұрғанмен, өлкемен тығыз байланысы жоқ адамдар туралы хабарлар, мәліметтер, т. б.

Құрама каталогтарды ғылыми-методикалық негізде жүргізуде басшылыққа алатын облыстық, республикалық кітапханалар жасаған арнаулы ережелер бар. Көпшілік кітапханалары бұл ережені күнбе-күнгі жұмысында үнемі басшылыққа алып отырады. Қазақстан кітапханаларында құрама каталог жасау жұмысы А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы ұсынған «Кітапханалық жіктеу таблицасы», «Қазақстанның облыстық кітапханаларында өлке тану әдебиеттерін жіктеу таблицасы» сияқты нұсқауларға сүйене отырып жүргізіледі.

Ал жеке бөлімдерді жіктеу, жеке рубрикаға жататын материалдарды құрастыру жұмыстары көпшілік кітапханаларға арналған «Кітапханалық библиографиялық жіктеу таблицасы»1 нұсқауы бойынша жүргізілуі тиіс.

Оқырмандар мен кітапханашылар өлке тану әдебиеттерінің құрама каталогынан өздеріне қажетті әр түрлі кітаптарды іздейді. Олардың біреуіне өлкенің тарихы, экономикасы, мәдениеті туралы әдебиеттер қажет болса, екіншілеріне жеке аудан, қала, село, ауыл не өндіріс орны туралы ғана әдебиеттер керек болуы мүмкін, ал үшіншілеріне өлкенің ғылым және әдебиет, еңбек немесе соғыс майдандарында даңқы шыққан ардагерлері, батырлары жайлы жазылған еңбектер керек.

Оқушылардың материалды іздеп табу талаптарын жеңілдету үшін құрама каталог жалпы жүйелік, топографиялық және биобиблиографиялық болып үш бөлімге бөлінеді.

Құрама каталогтың бірінші, негізгі бөлімі, қазір барлық облыстық кітапханаларда пайдаланылады. Каталогтың бұл бөлімі арнаулы бекітілген жіктеудің типтік схемасы бойынша жүргізіледі. Бұған дейін каталогтың бұл бөлімін жасау әр түрлі әдіспен жүргізіліп келеді. Кітапханалардың бірсыпырасы каталогқа негіз етіп, Бүкіл одақтық кітап палатасының схемасын алса, басқалары кітапханалық жіктеу схемасын өзінше бейімдеп пайдаланады, ал үшіншілер бөлек схема жасап, соны басшылыққа алып отырады. Жұмыс істеуде мұндай әр түрлі әдістер кітапханалардың өлке тану жұмысын ұйымдастыру ісіне пайдасын тигізбеді. Сондықтан да жалпы кітапханалар үшін жіктеудің «Типтік схемасын» жасау қажет болды.

Құрама каталогтың биобиблиографиялық бөлімінің оқырмандарға қажеттілігі өмірде дәлелденді, қазір оны пайдаланушылар көбейе түсуде.

Оқырмандарға арналған өлке тану каталогы үнемі тексеріліп, мазмұны мен маңызы жағынан ескірген әдебиеттерден тазартылып отырылуы қажет.

2. Әлке тану әдебиетінің ұсыныстық картотекасы - бұл көпшілік және ғылыми кітапханалардың жұмыс дәрежесін сипаттайтын анықтамалық-библиографиялық құралдың негізгі бір түрі.

Республиканың облыстық кітапханалары негізінен әмбебаптық бағытта дамып келеді. С. Пушкин атындағы ұлттық кітапханасымен қатар әмбебап ғылыми кітапханалар жүйесі республиканың барлық 19 облыс орталығында құрылған. Әмбебап профильдегі кітап қорын пайдаланушы жергілікті оқырмандар саны жыл сайын көбейе түсті.

Ал ғылыми әдебиеттерден басқа да өлке туралы әдебиетке құштар оқырман талабына сай қызмет көрсету үшін өлке танулық анықтамалық-библиографиялық қолданбаның ұсыныстық картотекасы болуға тиіс.

Ондай картотекалар «Туған өлкең жайлы не оқығың келеді?», «Өз еліңді сүйе біл, оқып үйрене біл», «Біздің облыс», «Біздің өлке» тағы басқа да түрлі атпен берілді.

Өлке тану жөніндегі мұндай картотекалардың түрлерін жасағанда үнемі жаңа шыққан кітаптармен, мақалалармен толықтырылып, ал ескірген материалдар картотекадан алынып тасталып отырылуы қажет.

Біздің республиканың көпшілік кітапханаларында картотека орыс және қазақ тілдерінде жасалынады. Картотеканың бұл түрі өлке тану жөніндегі мәліметтердің ең толық дерегін беретін болғандықтан, неғұрлым толық болуы, материалдары дұрыс іріктелінуі, картотекалардың ғылыми жүйемен рет-ретімен орналасуы қажет.

Баспа материалдары картотекаға мынадай тәртіппен орналасуы тиіс;

- аудан, қала мен село тақырыптарына арналған кітаптар мен кітапшалар;

- жалғасты басылымдарда, журналдарда, жинақтарда жарияланған өлке танулық мақалалар;

- газет беттерінен алынған мақалалар; - өлке тану әдебиеттерінде басылған рецензиялар;

- картотекалар, атластар, альбомдар, ноталар, баспа графикасы мен грампластинкалар.

Пайдалануға оңай болу үшін, картотека негізінен үш бөлімге бөлінеді.

Бірінші бөлімде республика туралы әдебиеттер, екіншісінде - облыс туралы, ал үшіншісінде аудан туралы берілген мәліметтер мүмкін болғанынша толық және жан-жақты, сол объекті өмірінің барлық салаларын қамтитындай болуы керек.

Ал, ауыл және басқа да ірі шаруашылықтар мен ұйымдардың әлеуметтік-мәдени өміріне байланысты жергілікті жерде болып жатқан маңызды оқиғалар жайлы мәліметтер картотекасы сол жердегі кітапханаларда жасалынады да, бірақ барлық кітапхана картотекасына қосымша ретінде сақталады.

Өлке тану картотекаларын жасау жұмысын жолға қою мақсатын көздей отырып, республика астанасындағы А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана 1977 жылы «Қазақстанның облыстық кітапханаларында өлке тану картотекасына енген әдебиеттерді жіктеуге арналған типтік схеманы» жасап шығарды.

Орталық кітапханалар мен олардың филиалдары бұл схеманы басшылыққа ала отырып, картотека жасау жұмыстарын онан әрі жетілдіруде.

3. Жергілікті баспадан шыққан кітаптар мен баспасөз картотекасы. Белгілі бір өлкеде басылып шыққан кітаптар сол жердің өмірі туралы жазылған болмаса да, соның баспаханасының полиграфиялық қуатын анықтайтын әдебиеттерге жатады. Сондықтан да жергілікті баспаханадан шыққан барлық материал - кітап, газет, журналдар жинақталған картотека болуы шарт.

Кейде оқырмандарға осы республикада шыққан барлық кітаптар мен баспасөз материалдары тізімі емес, белгілі бір кезеңде басылып шыққан әдебиеттер ғана керек болуы мүмкін. Осыған байланысты картотекаға (каталогқа) кірген әдебиеттер бір-жылдық, бесжылдық, онжылдық болып топталады.

Өлке тану анықтамалық-библиографиялық құралдың құрамында жергілікті баспадан шыққан кітаптар мен мерзімді баспасөздің (газет, журнал, листовка, плакат және басқа да материалдар) хронологиялык картотекасы болуға тиіс.

4. Өлке танулық сипаты бар анықтамалықтар мен библиографиялық құралдар қоры. Жоғарыда айтылған материалдардан біз каталогтар мен картотекалар жүйесі облыстық кітапханалардың өлке тану анықтамалық-библиографиялық құралдың басты бөлімдері екенін аңғардық. Қазіргі заман кітапханалары осы айтылған каталогтарды пайдалана отырып, оқырмандар қажетінің 80 проценттейін қанағаттандыруда.

Бірақ кітапханашыларға өлке көлемінде болған белгілі бір оқиға, оның орнын экономикалық және мәдени дамуын дәлелдейтін көрсеткіш цифрлар немесе әкімшілік-территорияға байланысты мәліметтердің анықтамасы қажет болатын жағдайлар да жиі кездеседі. Оқырмандардың мұндай талаптарын орындауда негізгі басты құрал - анықтамалықтар мен библиографиялық көрсеткіштер қоры.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттарды библиографиялық іріктеу
Библиографиятанудың құрылымы және мазмұны
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Библиографиялық қызметтің процестері
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС) программасын құру және оны таратудың мәселелері
Кітапхананың библиографиялық қызметі
Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Библиографиялық ізденіс, түрлі каталогтармен жұмыс істеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz