Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі әлеуметтік талдау


МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім.
- Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі әлеуметтік талдау………. ………. . … . . . 5
- Оралхан әңгімелерінің идеялық-тақырыптық сипаты . . . 28
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ … . . . 42
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Көркем шығарма - жалпы өмірді, адамды, адамның жанын, оның болмыс мінез-құлқын, психологиясын, характерін, арман тілегін, мұң-мұқтажын және ол жасаған ортаны, кешегінің тарихын, бүгінгінің бейнесін, ертеңнің болашағын, ұлттың мұратын, жеке адамдық және адамзаттық деңгейде көрсетіп беретін көркем сөз зергерінің табан ет маңдай терінен туатын еңбек. Ендеше көркем сөз шеберлерінің бірі Оралхан өзі қандай жазушы? Оның шығармаларының басты тақырыбы қандай? Өзгеден ерекшелігі қандай? Қандай шығармашылық әдістер қолданды? Оның кейіпкерлері кімдер? Әдебиет майданына қандай жаңалықтар әкелді? деген сұрақтар бізді қызықтырары хақ. Әрине шығарманың жазылуынан, идеясынан, тіл қолдану шеберлігі мен көркемдігінен, кейіпкерлер образынан, тілі мен психологиясынан, кейіпкерлеріне берген авторлық жасырын және ашық көз қарастарынан әлеуметтік өмірді жоғары деңгейде бағалай алған-алмағанына қарап, оның қандай жазушы екенін біле аламыз десек артық айтпаспыз.
Оралхан шығармаларына қарап отырсақ әр оқыған сайын тың құпиялары ашылып бітпейтін, әр оқыған сайын жаңа қырынан мойын қылтита беретін шығармалар жазған, ойы қордалы, жазуға дайындығы мықты, айтары мол қазыналы жазушы. Өзге жазушыларға қарағанда жеке адамның сырт көрнісі, қара байыр іс әрекеті, өмірге көз қарасы, ішкі жан дүниесін жалаң түрде ғана суреттеп қоймайды. Оның кейіпкері оқыған сайын күрделіленіп, қат-қабат жай көзге көрінбейтін терең философиялық ойларға жетелеп отырады. Шыншыл жазушы ауыл өмірін, сондағы адамдардың кескін-келбетін, қарапайым еңбек адмадрының жай-күйін қалай берді, оның әңгімелері қандай мәселелерді көтереді? Артқан жүгі қаншалықты ауыр? Міне осы мәселелер бойынша Оралхан шығармашылығына көз жібермекпін.
Оралхан өзі: «Жиырмасыншы ғасырдың гуманистік ойы жазушылардан гуманистік шығарманы талап етіп қана қоймайды, замананың тамыршысы, елшісі болуды да талап етеді. Демек, біздер көркем шығармамыздың, басты қаhарманы адам және сол адамның бейбітшілікті, еңбекті, жалпы адамзатты сүйгіштігін бейнелеуіміз керек. Өмірлік болмысты көркем бейнелеген де, әр қашан есімізге ұстар ақиқат та. Осы жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну, ал әдебиет дегеніміз сол шындықты щырақ алып іздеудің бірден-бір формасы»-деп өзі айтқандай оның туындыларының барлығында да адам үлкен тұлғалы кейіпкер дәрежесіне көтерілді. Адам өмірі бәрінен маңызды. Оралхан өзінің әңгімелерінде жалпы адамзат тіршілік етіп жатқан «өмір» атты мәңгілік майданның өтінде жүрген адам пенденің осынау дүниеауи тіршіліктегі бітпес күресін әйгілейтін ізгілік пен зұлымдықтың, махаббат пен ғадауаттың, адалдық пен арамдықтың арасындағы бітпес айқасты суреттеуді арқау етеді. Қилы-қилы тағдырлардың көркем бейнесін терең, қат-қабат драмалық шиеленісте, асқақ пафоста сомдау арқылы қоғам, адам, уақытқа өз кесімін айтады.
Зертеудің мақсаты :Зерттеудің басты мақсаты О. Бөкей әңгімелерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, жазушының қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеріп айта білуіндегі суреткерлік ізденістеріне жаңаша пайымдаулар жасау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттердің шешімін табу көзделеді.
- жазушы әңгімелерін идеялық-тақырыптық тұрғыдан пайымдау;
- жазушы әңгімелерінің тақырыптық сабақтастығын, мазмұндық байланысын көрсету;
- жасушының көркем бейне жасау шеберлігін, шығармашылық ізденістерінің өзіндік ерекшеліктерін зерделеу;
- жазушының дәуір сипатын, қоғам тынысын реалистік тұрғыдан бейнелеу сипатын саралау;
Зерттеу нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде жазушы Оралхан Бөкейұлының өмірінің әржылдары жазылған «Кербұғы», «Ардақ», «Айпара-ана», «Апамның астауы», «Құмар қол бұлғапты», «Тоқадан қалған тұяқ», «Күлпаштің ұршығы», «Қасқыр ұлыған түнде» атты өзге әңгімелері алынды.
Зерттеу пәні. Оралхан Бөкейұлының әр жылдарда жазған әңгімелеріне сүйене отырып, шығармашылығын дипломдық жұмыстың пәні ретінде қарастыру мақсаты қойылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Көрнекті қаламгер Оралхан Бөкейдің әңгімелерін көркемдік-идеялық тқрғыдан талдап танудың нәтижесінде суреткердің қоғамдық-әлеуметтік мәселелрді басқаға ұқсамас өзіндік ізденістерімен көтере білуіндегі ерекшеліктеріне жаңаша пайымдаулар жасалды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі. Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде әңгіме, жалпы прозалық шығармалар жайлы жазылған қазақ ғалымдарының, қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар С. Қирабаев, З. Қабдоллов, З. Ахметов, М. Базарбаев, Ш. Елеукен, Р. Нұрғали, Б. Майтанов, Ж. Дәдебаев т. б еңбектері алынды.
Диплом жұмысының практикалық мәні . Диплом жұмысының ғылыми нәтижелері мен қорытынды тұжырымдарын арнайы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеудің әдістері. Диплом жұмысын жазу барысында талдау, баяндау, жүйелеу, салыстырмалы, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, іштей жіктелген екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында әдебиеттер тізімі берілген.
2. 1 Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі әлеуметтік талдау.
Оралхан Бөкейұлы тілдік қоры бай, ойы терең, адамның жан-дүниесін көп жазып, табиғат пен адамның үйлесімділігіне, жұмыр басты пенденің тіршіліктегі тірлігіне көп бас қатырып, қалам тербеген жазушы. Оралхан әдебиеттегі бар жанрлардың барлығында бағын сынап, қалам тербеп, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қарымды қаламгер. Жазушының өзгелерде жоқ өзіндік жазу мәнерін, заманы мен айналасындағыларға жеткізу сонылығын біз роман, повесттерінен, әңгімелерінен анық байқаймыз, оларға тоқталмас бұрын жалпы әңгіме дегеніміз не? Әдебиет деген көркем сөз, көркем өнер, әсем мәдениетте әңгіменің алар орны қандай, заман шындығы мен кескін-келбетін оқырманға әңгіме жанры арқылы жеткізуге болады ма? Оның тілі, көлемі, стильі қандай болуы шарт? Осы сынды сұрақтарға жауап бере кетсем .
Сонымен әңгіме дегеніміз не?
Бәріміз білетін бұл сұрақтың жауабы, әңгіме роман мен повестен кішкентай, көп деген де он-он үш беттен аспайтын шағын оқиғаны қамтитын әдебиеттің бір жанры. Анығын айтқанда көбіміздің білетініміз осығана. Жалпы әңгіме деген не деген сұраққа кесіп-пішіп жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп айтуға келмейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен «Әңгіме, - дейді Сомерсет Моэм, - ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқылатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана оқиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтындай етіп жеткізу керек» - деп сөз саптайды. [1, 250-б. ] . Бұл арада Моэем әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылу керектігін, екіншіден, шебер жазылу қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.
Сөз жоқ, әңгіме - бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың үздік үлгісі - жеті-сегіз беттік әңгіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес. Моэем айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.
Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шын шебер жазушының ғана қолынан келетін шаруа. Бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдында қилы-қилы мінездің адамын әкеліп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру - ірі шеберлік. Мұндай шеберлік мектебінің үлгісін, мәселен А. П. Чехов немесе Ғ. Мүсірепов, я болмаса Б. Майлин көрсеткені, ұлы суреткерлердің қолдарынан қандай ғажайып, сұлу, керемет, тамаша миниатюралар шыққаны әмбеге аян. Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге, қорқынышқа, сүйіспеншілікке салады, қалайша сізді баурап алады? Көз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумеолв. Нағима ана, Айжан, Айгүл қойшы, Шұға, Әбдірахман. Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыныны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келсе, енді біреуіне көмек қолын созғыңыз келеді. Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен, іс-әрекетінен түңілесіз, біріне сүйсіне қарап, ғашық боласыз. Енді біреуінің кейбір кеспірсіз қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп. сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл - әңгіменің тәрбиелік күші.
Жалпы әңгіменің қандай жанр екендігі туралы көптеген энциклопедияларда қысқаша анықтама берілген. Енді сол анықтамалардың біреуіне көз жіберсек.
Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композиция, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйтқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, ұзақ баяндауға орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айырықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгіменің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Қ. Жұмаділов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Т. Әбдіков, т. б. жазушылардың әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгімелердің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп ауыз әдебиеті дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылған мұндай әңгімелерді халықтар фольклортануында меморат де те атайды. [2, 68-б. ] .
Расында да қазақ халқы - өзінің табиғатынан әңгімеші, естігені мен есіндегісін баяндауға шебер халық. Кешегі күнгі ауыздан-ауызға жетіп ел есінен өшпей, ескіріп, ұмытылмай бүгінгі таңға жеткен көптеген аңыз-әпсаналар, ғашықтық-дастандар, батырлар жыры, әңгімелер, осының айқын дәлелі. Бір ғана ертегілерін алып қаралықшы. Рас, бұл жанр өзіндік жазуы қалыптасқан ортада негізінен ауызша айтылып біреуден-біреуге жету арқылы таралғандықтан уақыт өтіп, айтушы өзгерген сайын оның мәтінінде де үлкенді-кішілі өзгерістер болуы әбден заңды. Бірақ ол ешқашан да өзінің көркемдік бояуын жоғалтпаған, ғибыратты мәніне, идеялық діңгегіне дақ түсірмеген. Белгілі фольклортанушы ғалым С. Қасқабасов қазақтың халық прозасын аңыздық және ертегілік деп екі топқа бөліп, олардың әрқайсысына тән миф, хикая, аңыз-әфсана, әңгіме жене әрқилы ертегілер тәрізді жанрлық түрлерді жіктеп көрсетеді. [3, 80-б. ] .
Қарап отырсақ көркем прозаның бастауы да ертегі жырлардан, аңыз-әфсаналардан басталыпты. Бұлардың қай-қайсысы болсада прозаның тамаша үлгілері екені анық. Сол себепті бастауын аңыз-әфсана, әңгіме - хикаятардан алатын қазақ прозалық туындыларын бояуы өшкін, айтары жоқ шығармалар деп қабылдай алмасымыз анық. Прозалық туындылар соның ішінде әңгіме жанры қазақтың ежелден келе жатқан әңгімешілдік, ертегішілдік, баяндаушылық дәстүрінен нәр алып қаулай өсіп жауқазын іспеттес бүгінгі көнге жетіп, осы күннің елдік мәселелерін көтеріп жүргендігін аңдаймыз.
Міржақов Дулатовтың, Спандияр Көбеевтің, Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтың қаламынан туған әңгімелер де адамзаттың тіршілігі, қоғамдағы орыны, әлеуметтік мәселелері жайлы берері мол, тың туындылар екендігі анық. Әңгіме жанры арқылы да тіршілік үшін күрестегі қым-қиғаш, қым-қуыт өмір-дарияның кескін-келбетін көз алдымызға әкеліп, оқырман қауымның көкейіне жеткізе білуге болатындығын дәлелдейді. Осынау алтын көпірді жалғастырушылардың бірі әрі бірегейі, заманының саңлақ та жұмбақ суретшісі, қарымды қаламгер, әңгіме тілімен шығармаларынан бал тамыза білген жазушылармыздың бірі Оралхан Бөкейұлы да проза жанрында түйдек-түйдек дүниелер жазып, осы жанр арқылы соның ішінде әңгіме тілінде теңдесі жоқ шығармалар туғызды, сол шығармалары арқылы біздерге өз заманының сұлба суретін жеткізе білген бірден-бір суреткер. Жазушының осы әңгіме жанрында жазылған қай шығармасын алып қарасақ та бәрінің айтпақ ойы, жеткізбек идеясы өз замандастарының өскен ортасы, діни-жұмбақтың сыры екендігі анық. Философиялық - психологиялық тұрғыдан алып қарағанда Оралхан Бөкейдің шығармалары теңдессіз дүниелер, толғауы терең, мазмұнды екендігі даусыз. Оның қай әңгімесін оқысақта онда тек автордың өзі өмір сүрген ортасы, ондағы тіршілік иелерінің мұң-зары, қызық-қуанышы, арман-қиялы көрінеді. Бөкей өз заманының әлеуметтік ортасын әдемі де әсерлі, ащы әрі ашық, жұмбақ та терең тілмен жазып жеткізе білді.
Әңгіме - қиын жанр. Алдымен, ең басты көзге көрінетіні, көлемі шағын. Ол - жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемді өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін атаған сайын аңғартып, көз алдыңа жанды сурет келе бастауы керек. Ол жанды сурет, яғни адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруі тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі; сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам - соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білуімен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жете байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениеттілікті талап етеді. Мұның бәрі - күрделі, қиын жұмыс. Сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауымы әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұғады.
Рас, әңгіме - шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы «мектептен» ұстартып шықты. М. Горький мен А. Серафимович, А. Толстой мен М. Шолохов. - бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.
Қазақ жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетіліп келеді.
Әңгіме - әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, ықшамды, өткір, икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ, ұзын сонар поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актілі драманың қасындағы бір актілі пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, тез тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, дала қосында қарауға, жайлауда жатып оқуға, қалтаға салып жолға алып шығуға болады. Әдебиетті сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сырмінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, қанат бітіріп, жанына жалын қосады. Бұл - әңгіменің эстетикалық күші. [1, 265-б. ] .
Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бір де біреуі оның ережесі бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы, күрделі. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз де әңгіме болады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны бәріміз білеміз; ал егер данышпан қазақтың Хакім Абайы атанған Абай Құнанбайұлының «Әзімнің әңгімесі» я болмаса, Джефри Чосердің «Кентербери әңгімелері» сияқты, өлеңмен жазылса ше? Әңгіме кейіпкерлері - әрине, адам; ал егер ит немесе ат болса ше?. Міне осындай алдыңнан шығар сұрақтар, әңгіме жанрының сан алуандылығын, түр өзгешелігін айғақтап, оны роман, повестер сияқты көтерер жүгінің қаншалықты ауыр екендігін танытады.
Қысқасы, әңгіме - шағын көлемді эпикалық түрдің айырықша асыл үлгісі; әңгіме, негізінен, қысқаша жазылады, ал «ең парасатты проза - дәл және қысқа жазылған проза» (Пушкин)
Әңгіменің ең елеулі ерекшелігі - жинақылығы, ал «нағыз күшті, нағыз құдіретті проза - жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған. Жинақылық - мұқият мықтының ісі» (Паустовский) . [4, 35-б. ] .
Міне жалпы әңгіме жайлы әңгіме өрбіткенде тілге тиек болғаны осылар. Әңгіме жанры арқылы үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды беруге, замана шындығын суреттеуге болатындығын озық жазушы Оралхан Бөкейұлы да өз әңгімелері арқылы дәлелдей білген. .
Ұлы драматург Бернард Шоу «Әрбір талантты жазушы ең әуелі өз замандастары жайлы жазуы тиіс», деген екен. [5, 50-б. ] .
О. Бөкейұлы да қолына қалам ұстағанынан-ақ, өз замандастарының мұңы мен қуанышын, шынайы суреттеуге тер төккен қаламгер. Бұл ретте автордың өзі де «Әйтеуір, не жазсамда өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым» деген болатын. Айтқандай-ақ, оның кейіпкерлері, - «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Көк тайыншадағы», кіші лейтинант В. В. Окинков, «Бес тиындағы» Зәкең - өзіміз күнде көріп жүрген, ете араласатын өзіміз қатарлы замандастарымыз емес пе? [6, 4-б. ] .
Расында да Оралхан өз шығармаларында тек қазақы менталитетті, замана зобалаңын, қазақ баласына төнер қауіпті, өтіп кетер өткінші өмірдің өзекті өкінішіне айналған адамдар мінезінің қарама-қайшылығын, ақ пен қараның бітпес күресін өз заман келбетін, бүгіні мен ертеңін, сол заманның кескін-келбетін әсем де әсерлі, қытымыр да қатыгез, мейрімді де мейірлі кейіпкерлері арқылы суреттеп жеткізе білген. Бұл оның жазушылық қуаттылығы.
Жалпы Оралхан Бөкейұлының әңгімелеріне тоқталмас бұрын жазушының повест, әңгімелеріне аздап тоқтала кетсем. Себебі, бұл туындылар айтары көп, берері мол шоқтығы биік туындылар. Сөз басында тілге тиек еткен «Елең-алаңдағы» Зарлықтың ұшқыр ой-қиялы, «Өліарадағы» Қойшының суретткерлігі, дүние жүзі класиктерін оқуы, қайта өрлеу дәуіріндегі ірі суретшілердің шығармаларын сезініп-түсінуін беру арқылы Оралхан Бөкей біздерге қасымыздағы қарапайым адамдарға да бір сәт басқа көзбен қара деп тұрғандай емес пе? Қазіргі таңның өзінде, және сонау ықлым замана көшімен қалмай лесіп келе жатқан бойымыздан тастай алмай жүрген «өзгені» менсінбеу, төмен тұрғанды мінеп-сынап, қол астымыздағыларды елеп-ескермеу сынды жат қылық, жаман әдет, адами тұрқымызға сай келмейтін іс - әлі күнге әрқайсымыздың бойымыздан табылып қалары, әсіресе жоғарыда отырған билік басындағылар да көп кездесетін осындай көз қарастардың түкке де керегі жоқтығын, қарапайым еңбек адамының өзі де санасуға тұрарлық пенде екендігін есімізге жоғарыдағы шығармалары арқылы түсіргісі келетіндей көрінері сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz