Бұқпа мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу


Мазмұны
2. 4 Қоршаған ортаны қорғау мен экономикасындағы
мемлекеттік мекеменің ролі.
Кіріспе
Өзектілігі . Жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, орман сақтау шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. «Бұқпа» шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. Ауланатын жануарлардың сапалық құрамын анықтауға шаруашылықты жүргізуде бағытты ескерулер тиіс. Кейбір жағдайларда аңшылық олжаларын көп алу көзделген болса, ересек аталықтардың аулану үлесі көбейеді де, өсімінің мөлшері азаяды. Ересек аталықтар мен аналықтардың қатынасы келесідей болғанда, өсімнің нормалды мөлшерін қамтамасыз етеді.
Табиғатта жануарлар мен ормандар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек ормандармен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қиларымен тыңайтады, ормандарді тозаңдандырады (насекомдар, кейбір құстар) және ормандардің бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі.
Орман сақтау мақсаты ең басты мәселе болып табылады.
Ормандың манызы үлкен. Ол жануарлар және кұстарға тұрмыс үй ретінде ғана емес, ол таза ауа көзі болып келеді.
Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар адам баласына тамақ, бағалы аң терілерін және тағы басқа да шикізаттар береді. Бүгінде дүниежүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Оның ішінде хайуанаттардан алынатын белокты заттардың жетіспеуі, 3 млн. тоннаға жетеді. Бұл 15 млн. тонна ет деген сөз. Сондықтан да мал шаруашылығын ғана дамытып қойымай, сонымен қатар балық және аңшылық шаруашылықтарын жедел жолға қоюдың да үлкен маңызы бар, оны Қазақстан мысалынан айқын көруге болады.
Практикалық маңызы . Біздің еліміз табиғат байлықтарының бірі-жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүтқоректілердің 175 түрі өмір сүретіндігі айтсақ та жеткілікті. Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молайуына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң-құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтай өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен балық республикалар ішінен екінші орын алады.
Диплом жұмысының жаңалығы. «Бұқпа» мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды бірінші рет зерттеп қарастырған.
Жұмыстың мақсаты: «Бұқпа» мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу.
Жұмастың міндеттері : 1. Орман қорғаудың теориялық негізін ашып жазу.
2. Қоршаған ортаны қорғау мен экономикасындағы мемлекеттік мекеменің ролін анықтау.
3. «Бұқпа» мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды анықтау.
Тарау I. Орман қорғаудың теориялық негізі
1. 1 Орманға жануарлардың әсері
Жануарлар әлемін пайдалану дегеніміз - бұл жануарлар әлемінің объектілерін оларды тіршілік ортасынан алып немесе алмай пайдалы жақтарын пайдалану. Жануарлар әлемін пайдалану рұқсат алған жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асады.
Жануарлар әлемін пайдалану рұқсаты Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министрлігінің орман және аңшылық Комитеті мен оның территориялық басқармаларында Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңына және Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес беріледі.
Комитет жануарлар әлемін пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсат береді:
аңшылық пен балық аулаушылыққа жатпайтын негізде жануарды шаруашылыққа пайдалану;
аңдарды ғылыми мақсатта пайдалану;
аңдарды мәдени-танымдық, тәрбиелі және эстетикалық мақсатта пайдалану;
аңдардың өмірлеріне пайдалы өнімдерді пайдалануға.
Аңшылық кәсіпке байланысты рұқсат қағаз аңдарды алуға бөлінетін квота көлемінде аңшылықшаруашылық ұйымдарына Комитеттің территориялық басқармасынан беріледі.
Жануарларды пайдаланудағы төлемге сәйкес мөлшерде аңдарды алуға рұқсат етіледі.
Жануарлар әлемін пайдаланудың түрлеріне қарамастан қызығушылық танытқан тұлғалар, аң аулаушылықтан тыс, орман және аңшылық шаруашылығы Комитетіне және оның территориялық басқармаларына өтініш беру арқылы рұқсат ала алады.
Өтініште мыналар көрсетіледі:
өтініш беруші туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін реквизиттер, жеке тұлғалардың паспорт мәліметтері, Қазақстанға келген шетелдік үшін елге келу жән кету мерзімін, келу мақсатын, бағдарлы көлік туралы, уақытша тұратын орны туралы мәлімет керек) ;
жануарлар әлемін пайдалану түрі;
алу мақсаты;
тіршілік ортасынан алу жоспарланып отырған жануарлар әлемінің объектілер саны мен тізімі;
жынысжастық құрамы (керек болған жағдайда) ;
алу мерзімі;
жоспарланып отырған алу учаскесінің ауданы мен шекарасы;
қолдану әдістері (аулау, ату, жинау) .
Өтінішке келесі құжаттар ұсынылады:
мемлекеттік органдармен берілгенге сәйкес заңды тұлғаның білімінсіз жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқын айғақтайтын мекемелік құжаттардың нотариуспен бекітілген көшірмесі, (бірінші рет барған болса) ;
жануарлар әлемін пайдалануға төлеу туралы төлем құжаты;
жануарлар әлемі объектісінен алуға қатысушылар тізімі;
қалқымалы заттарды алу мен аулауға қажетті құрал тізімі;
сирек кездесетін жануарлар түрін алуға Қазақстан Республикасы Үкіметінң шешімі;
рұқсат туралы есеп (егер рұқсат бұрын берілген болса) .
Жануарлар әлемін пайдаланудың түрлеріне байланысты өтінішке басқа мынадай құжаттар ұсынылады:
Аңшылық пен балық аулауға (бірінші рет келсе)
облыстық атқарушы органының балықшаруашылығы суқоймасын бкіту туралы шешімінің көшірмесі;
облыстық атқарушы органның аңшылық қажеттілік туралы бекіткені туралы шешімінің көшірмесі;
балық аулау туралы келісім-шарт;
аңшылық шаруашылықпен айналысу туралы келісім-шарт;
балық шаруашылығын жүргізу туралы келісім-шарт көшірмесі;
егер жануарлар әлемі объектісіні алу шетелдіктің қатысуымен болса, аңшылық ұйымдасуға шетелдіктің қатысуымен аңшылықшаруашылық ұйымдарымен жасасқан келісім-шарт көшірмесі.
Аулау мен балықаулаудан тыс жануарды шаруашылық мақсатта пайдалану (бірінші реті келген болса)
аулау мен балықаулауға жатпайтын, жануарды тек шаруашылық мақсатта пайдалану қызметін атқаруды негіздейтін құжат (нотариуспен заңдалған лицензия, патент, куәлік, сертификат, диплом, аталмыш қызмет түріне құқын білдіретін басқа да құжаттар көшірмесі) ;
жануарлар әлемі объектісінен алу материалдарын негіздейтін материалдар (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық экспертиза қорытындысы) .
Жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану (бірінші рет келген болса)
ғылыми ұйымды профильдеуші оқу кеңесімен бекітілген және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламаларының ғылыми-тематикалық жоспарының көшірмесі;
өкілетті органның территориялық органымен бекітілген ихтиологиялық жұмыс жопарының көшірмесі (бақылау аулауда) ;
жануарлар әлемі объектісін алуды негіздейтін материалдар (биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық экспертиза қорытындысы) ;
мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына жануар алатын болса - өкілетті органмен келісім-шарт көшірмесі.
1. 2 Орман жағдайы ойландырады
Бас прокуратура Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесе отырып орман қорын қорғау және пайдалану, орманды өсіру және отырғызу саласына бақылау жасайтын мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді.
Біз бұл мәселеге назар аударғанымыз кездейсоқ емес. Қылқан жапырақты ормандардың қазіргі жағдайы мәз емес. Соңғы он жылдың ішінде олардың көлемі оңды-солды отау мен орасан орман өрттерінің зардабынан айтарлықтай азайды. Бұл жағдай өз кезегінде орманды алқаптардың қорғаныштық, су көздерін сақтайтын, рекреациондық және басқа қасиеттерінің жоғалуына әкеп соқтырды.
Ормандардың жағдайын мемлекеттік басқару мен бақылаудың қолданыстағы жүйесі орман қорын пайдалану заңдылығын, оның сақталуы мен өсіруді іс жүзінде қамтамасыз ете алмай отыр.
Мұны біздің бақылаушы органдардың соңғы үш жылғы жұмыс кезеңіне жүргізген тексерулеріміздің нәтижелері айқын көрсетіп берді, тексеру барысында орманды қорғау тікелей міндеті болып саналатын органдардың қызметінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды.
Мәселен, Орман кодексіне сәйкес, орманды орналыстыруды жүргізбей орман шаруашылығымен айналысуға тыйым салынған. Бұл міндетті талап. Ұлттық табиғи саяжайлар мен резерваттарда орманды орналастыру жұмыстарының қайталану мерзімдері 10-15 жыл болса, ал мемлекеттік тибиғи қорықтарда ол - 20-25 жыл.
Тексеру орман шарушалағының 18 мемлекеттік мекемесі осы уақытқа дейін орманды орналастырумен қамтылмағанын көрсетті, ал 92 орман иеліктерінде олардың мерзімдері өтіп кеткен.
Сонымен қатар, экологиялық сараптамадан өткізілмеген орманды орналастыру жобаларын іске асыру фактілері де кең етек алып отыр.
Мысалы, прокурорлық тексеру кезінде «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының орманды орналастыру жобасының сараптамалық тиісті қорытындысы болмаған. Осыған қарамастан, жаңа орманды орналастыру жобасына сәйкес орман шаруашылығын жүргізу бойынша барлық жұмыстар толық көлемде қаржыландырылған, осы жылдың тек 6 айында ғана бұл сомма 289 миллионға жуық теңгені құрады.
Тексеру нәтижелері жергілікті атқару органдарының тараптарынан 2005-2007 жылға арналған «Жасыл-Ел» республикалық бағдарламасы үстірт жүргізіліп жатқанын анықтап отыр.
Іс жүзінде барлық өңірлерінде мемлекеттік орман қорлары учаскелерінің шекаралары бойында қорғау аймағын белгілеу қамтамасыз етілмеген.
Орманның санитарлық жағдайын жақсарту талаптары да сақталмайды.
Мысалы, «Көкшетау орманы» табиғи резерватында осы уақытқа дейін 1997 жылы өрттен зақымданған орманды санитарлық отау жүргізілмеген. Ал дәл осы зақымдалған орман алқаптары түрлі аурулар мен зиянкестердің негізгі таралу көзі болып табылады.
Кейбір облыстарда орман өртінің алдын алу және сөндіруге бағытталған қолданыстағы заңдылықтың талаптары сақталмайды.
Атап айтқанда, өртке қарсы қорғаныс жолақтары, жапырақты өсімдіктерді отырғызу, жаз уақытында құрғақ өсімдіктерді жою және басқа міндетті іс-шаралар жүргзілмейді.
Жекелеген мекемелер өртке қарсы қызметпен қамтамасыз етілмеген, ал ондай қызметі бар орындарда тиісті жабдықтау нормалары сақталмаған.
Сондай-ақ орманды заңсыз кесу оқиғалары анықталды.
Мысалы, Сейтенев орманшылығының ( Павлодар облысында) аумағында рұқсатсыз 1300-ден астам гектар орманды отау фактілері анықталды. Сөйтіп 17 миллион 800 мыңнан астам теңгенің залалы келтірілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша заңсыз отау осы жылдың қаңтар айынан бастап жүргізілген, бірақ уәкілетті органдар бұл фактілер бойынша ешқандай шара қолданбаған.
Кейбір облыстарда тендер өткізу және мемлекеттік орман қорының жерлерін ұзақ мерзімге беру кезінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды.
Мысалы, Жамбыл облысында тендерлік құжаттар мүлдем жасалмаған, ал ұсыныстары жақсы деп айтуға келмейтін кейбіреулер жеңімпаз атанған. Шығыс Қазақстан облысында жергілікті Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу департаменті 2006 жылы орман шаруашылығын жүргізуге іс жүзінде мүмкіншілігі жоқ фирмалармен орманды ұзақ мерзімге пайдалануға келісім-шартқа отырған. Оған «Лестопром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мысалға келтіруге болады. Бұл серіктестік Риддер орман шаруашылығынан ұзақ мерзімге орманды пайдалануға 100 мыңнан астам гектар жер алған.
Бұл ретте, фирма жерді дайындап, және орман отырғызудың барлық жұмыстарын қолда бар небары 5-ақ күрекпен атқарып шықпақ болған. .
Сонымен қатар, тендерлік комиссия қабылдаған шешімдерде сыбайластық нышандары да қылаң береді. : 17 заңды тұлғалардың 7 жетеуінің заңды мекен-жайлары да бір, орман шаруашылығының мамандары бір, сондай-ақ құралдар-жабдықтарды да бір тұлғадан, бір мезгілде жалға алған.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұсыныс бойынша Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу департаменті көрсетілген келісім-шарттардың күшін жойып, табиғаттық қорғау заңдылығының бұзушылықтарын жоюға бағытталған шаралар қабылдады.
Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында бюджеттік қаражатты негізсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың жеңімпаздарды заңсыз тану және тағы басқа заң бұзу фактілері анықталды.
Мысалы, Алматы облысының прокуратурасы 8 миллион 6 жүз мыңнан астам теңге тұратын «Алакөл табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының іші мен су құбырларын күрделі жөндеу жөніндегі келісім-шарты бойынша жүргізілген жұмыстарды негізсіз қабылдау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселесі қарастыруда.
Қарағанды облысының «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы бір миллион жүз отыз мыңнан астам теңге тұратын 17 тоннадан астам мөлшерінде жанар-жағар май материалдарын мөлшерден тыс есептен шығаруға жол берілген.
Жамбыл облысының прокуратурасы берілген орман билеттерінен түскен қаражаттың 231 мың теңге сомасын иемденіп кеткен Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің операторы Сәулебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
Тексеру орман шаруашылғы мекемелерінде сыбайлас жемқорлық сыйпатындағы заң бұзушылықтардың жиі кездесетінін көрсетті.
Атап айтқанда, Алматы облысындағы Жаркент орман шаруашылық мекемесінің бастығы Дифу шетелдерге бірнеше рет өз жұмысымен барғанына қарамастан жұмыс күндері толық көлемде төленіп отырған.
Прокуратураның ұсыныс бойынша Дифудың келтірген залалының орны толтырылып, заң бұзушы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер орман шарушылығының мемлекеттік мекемесінің директоры Замятин мәжбүрлеп айыппұл салу туралы соттың қаулысы бола тұра, Әкімшілік заңбұзушылықтар туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, 9 табиғатты қорғау заңдылығын бұзушылардың әкімшілік жазасын алып тастаған.
Прокурорлық тексеру жергілікті атқару органдарының мемлекеттік орман қорығының жерлерін заңсыз пайдалану фактілерін де анықтады.
Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қорығына иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғана тиесілі.
Әр облыста дерлік жергілікті атқару органдарының актілері негізінде аталған талаптарын бұзып, жер берілгені, сөйтіп аталған талаптардың бұзылғаны анықталды.
Облыс әкімдіктерінің иеліктеріндегі барлық 121 орман мекемесінің 30-ында жерді тұрақты пайдалану құқығының мемлекеттік актілері жоқ болып шықты.
Ал Ақтөбе облысының орман мекемелерінде мұндай актілер түгелдей жоқ.
Аталған актілер Шығыс Қазақстан облысындағы 13 мемлекеттік орман мекемесінің 5-уінде болмаған, ал олардың ішінде облыстағы ең ірі Зыряновск, Риддер және Черемшанск орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері бар.
Жерді тұрақты пайдалану құқығының мемлекеттік актісінің болмауы мемлекеттік орман қорықтарының жерлерін заңсыз иемденуге әкеп соқтырды.
Мысалы, «Семей орманы» мекемесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерін уақытша пайдалануға беріп, сондай-ақ ұзақ мерізімге жалға беру туралы бір қатар заңсыз келісім шарттарға да отырған. Бұл фактілер бойынша Семей табиғат қорғау прокуроры осы табиғи резерватының атына ұсыныс енгізіп, заңсыз отырған келісім-шарттардың күшін жою және жерлерді қайтару туралы мәселе қойды.
Жамбыл облысындағы Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің тендерлік комиссиясы осы жылдың наурыз айында Мерке мемлекеттік мекемесінің жалпы көлемі 23507 гектар 11 учаскесін мал бағу үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берген. Ал ол Департаменттің бұл жерлерге билік етуге құқығы жоқ еді.
Тексеріс барысында прокуратура органдары 120 прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Тәртіптік жауапкершілікке 60 лауазымды адам, әкімшілік жауапкершілікке 12 адам тартылды. 3 қылмыстық іс қозғалды.
1. 3 Қазақстан Республикасының орман қоры
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 - 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт. -шығыс шоқылы алқаптарында - тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 1) республиканың қиыр солт-н орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд. 400 мың га; 2) осы белдемнен оңт-ке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аум. 25, 7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солт-тен оңт-ке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңт-н Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солт. бөлiктерiн қамтып (енi 100 - 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аум. 11, 8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы - кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 - 125 км-дей, аум. 13, 9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 - 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.
3) Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт. аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аум. 90, 5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33, 2%-ы. Мұнда солт-тен оңт-ке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 - 4%-дай. Аум. 27, 7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 - 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 - 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аум. 24, 4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 - 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 - 5 млн. га жерге соңғы 10 - 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр топырақты белдем аралығы - өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал ш-на жарамды. Аум. 38, 4 млн. га.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz