Орта ғасырдағы түркі шешендігі – қазақ шешендік өнерінің бастауы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Сундетова А.
Орта ғасырдағы түркі шешендігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050117- мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Көкшетау 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра
меңгерушісі А. Е. Абдрахманова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Орта ғасырдағы түркі шешендігі - қазақ шешендік өнерінің бастауы»
050117- мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған А. Сундетова
Ғылыми жетекшісі
филол. ғ. к. А. Т. Қажыбай
Көкшетау 2011
м А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 4
І ИСЛАМ ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРКІ ШЕШЕНДІГІ . . . … . . . ……6
- әл-Фараби шығармашылығындағы шешендік көріністері . . . 6
- Қарахан, қыпшақ дәурі шығармаларындағы шешендік ойлар . . . 12
ІІ АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНІҢ ШЕШЕНДІК ДӘСТҮРІ … . . . 32
2. 1 Хорезми, Бақырғани, Яссауи шығармаларындағы шешендік сөздер… . . . 32
2. 2 Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген дәуірдегі шешендік дәстүрлер . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақ халқының шешендік өнері өзіндік даму сатыларынан өткен, кемел жанр болып табылады. Онда фольклордың да, жазба әдебиеттің де ықпалы айқын сезіледі. Орта ғасырдағы түркі әдебиетінде шешендік өнері өзіндік өрнегімен дамығандығын білеміз. Осы тұрғыдан алғанда дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде «Орта ғасырдағы түркі шешендігі - қазақ шешендігінің бастауы» деп алынып отыр. Тақырыптың бұлай алынуына қазақ халқының дербес бейнесін тауып, Қазақ хандығы орнағанға дейінгі түркі дәуірінің барлық әдеби құндылықтары бауырлас халықтардың бәріне ортақ болып есептелетіндігі негіз болды. Ислам және түркі дәуірлері деп аталатын кезеңдердегі қазақ әдебиетіне қатысты құндылықтарды қазіргі тәуелсіздік кезеңінде зерттеудің, ұлттық тұрғыдан келудің маңызы зор және өзекті болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
Орта ғасырдағы түркі шешендігі қазақ шешендігінің арғы бастауы екендігін дәлелдеу - жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- орта ғасырлардағы түркі шешендігіне сипаттама беру;
- Ислам дәуіріндегі түркі шешендігіне тоқталу, оның ішінде әл-Фарабидің шешендік жайлы ойларын қарастыру;
- Қарахан және қыпшақ дәуірі шығармаларындағы шешендік толғамдарды қарастыру;
- Алтын Орда кезеңіндегі шешендік үлгілеріне сипаттама жасау, Хорезми шығармаларындағы шешендік үлгілерді айқындау;
- Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билік құрған кезеңдегі (Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі) шешендік дәстүрлерді қарастыру, өзіндік ой қорыту міндеттері қойылды.
Зерттеудің нысаны
Орта ғасырлардағы түркі әдебиетіндегі белгілі шығармалардағы шешендік үлгілері зерттеудің нысаны ретінде алынды.
Зерттеудің пәні
Зерттеудің пәні қазақ әдебиетінің қайнар бастауы - ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетке ортақ болып келетін шешендік сөздер, афоризмдік айтылымдар болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
Диплом жұмысының жаңашылдығы ретінде жұмысты жазу барысында орта ғасырлардағы түркі жазба мәдениеті жайындағы еңбектерді зерттей отырып, өзіндік ой қорытуымыз, аталған тақырыпты ашуға аз да болса тырысуымыз болып табылады. Дегенмен, дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген қажетті әдебиеттерге қолжетімділік мүмкіндігінің аз болуы, уақыттың шектеулігі тақырып бойынша ғылыми үлкен жаңалық ашуға мүмкіндік бермегендігі анық.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Зерттеу барысында материалды жинақтау, оқу, сұрыптау, анализдеу, салыстыру және басқа да әдістер қолданылды.
Зерттеудің құрылымы:
Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың құрылымы мен негіздемесі туралы мағлұмат берілсе, бірінші тарауда ислам дәуіріндегі түркі шешендігі жайында тарқатып айтылады. Мұнда әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Сүйеймен Бақырғани, Қожа Ахмет Яссауи және т. б. ғұламалар еңбегіндегі шешендік үлгілеріне тоқталынған.
Екінші тарауда Алтын Орда хандығы дәуіріндегі әдебиет үлгілерінде кездесетін шешендік үлгілері қарастырылған.
Диплом жұмысы соңында қорытынды жасалған. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Мұнда елуден астам әдебиет қамтылған.
І ИСЛАМ ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРКІ ШЕШЕНДІГІ
Қазақ халқының шешендік өнері дәстүрі тым ертеден келе жатқандығына орта ғасырлардағы әдебиет үлгілерінде қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген шешендік айтылымдар мен афоризмдердің, сюжеттердің болуы куә болады. Ол заманда қазақ, түркімен, өзбек, қарақалпақ және т. б. қазіргі түркі халықтарының бет-бейнесі анықтала қоймағандықтан, шешендік үлгілері де кіріспеде айтылғанындай, ортақ болып келді. Түркі әлемі ежелде Тәңірге табынып келсе, ҮІІ ғасырда Арабия түбегінде тарала бастаған ислам діні бір-екі ғасыр өткенде даламызға келіп жетіп, өз ықпалын сездіре бастады. Осы кезеңнен ислам мәдениеті дамып, ислам мәдениетіне зор үлес қосқан түркі текті ғұламалар туып шықты. Әбунасыр әл-Фараби, ибн-Сина және т. б. ғалымдар мен әдебиетшілерді айта аламыз. Біздің дипломдық жұмысымыздың бірінші тарауы ислам дәуіріндегі шешендік үлгілерін қарастыратын болады.
Орта ғасыр ескерткіштерінің тарихи, теориялық мәні түркологияда бір ғасыр бойы жан-жақты айтылып келеді. Түркі тілдес жазба мұралардың табыла бастаған, ғылыми тұжырымдар айтыла бастаған мерзімді еске алсақ, оның үш жүз жылға барары белгілі. Бұл мұралардың тарихи-әлеуметтік, философиялық, дидактикалық мәні әдебиетшілер, тарихшылар мен философтар, мәдениеттанушылар тарапынан, педагогика-психологиялық тұрғыдан жемісті зерттелді десе де болады. Тілшілер тарапынан тілдік-көркемдік элементтері тұтастай болмаса да жеке-жеке зерттеу еңбектерінде қарастырылды, әдеби тілдің қалыптасуында негізгі арналар болғандығы тілге тиек болды. Осы тарауда ислам діні түркі халықтары әдебиетіне алғаш әсер ете бастаған кезең өкілдерінің шешендік үлгілері қарастырылады.
1. 1 әл-Фараби шығармашылығындағы шешендік көріністері
Қазақ мемлекеттілігінің арғы бастауларының бірі қарахандар дәуірі тарихында «ислам дәуірі» деп аталып кеткен X-XII ғасырлар ғылым үшін ғана емес, сонымен бірге көркем сөз өнерінің дамуында да аса маңызды кезең болған. Бұл кезде түркі елінде халық ауыз әдебиеті түрі мен мазмұны тұрғысынан кемелдене түсті. Бұрыннан жазба әдебиетте қалыптасып қалған дарий (парсы) тілін біртіндеп түркі тілі ығыстырып шығара бастады. Ғылым мен мәдениет ошақтарына айналған ірі кент-қалаларда түркі әдеби тілі қалыптасты. «Сан ғасырлық әдеби дәстүрі бар түркілер елінде ХІ ғасырда Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі тілдері жинағы») және Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» («Құтты білік») атты еңбектері өмірге келді. Кезінде дүниені дүр сілкіндірген осы екі шығарманың өзі-ақ бүкіл түркі жұртының әлемдегі абырой-беделін еселеп арттырып жіберді. Көк түріктер қағанаты құлағаннан кейін араға екі жүз елу жылдай уақыт салып барып, түркілердің таңы қайтадан арайлап атып келе жатты. [1, 128]
Басқа түркі халықтары сияқты қазақ халқының тарихына қатысты орта ғасыр жазба мұралары қазақ шешендік сөздерінің қалыптасуында елеулі роль атқарған. Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар жан-жақты энциклопедист ғалымдар, философтар болумен қатар, тіл өнерінің жетістіктерін меңгерген дарынды шешендер болғандығы мәлім. Батыс пен Шығыс ғалымдары жетістіктерін ұштастырған кемеңгер ғалым Аристотельден кейінгі екінші ұстаз - «Әл мұғаллим ас-сани» атанған әл-Фараби де заманында талантты да білімді, шешен тілді ақын болған.
Қазіргі қазақ даласынан осы кезеңдерде ондаған ғұлама әл-Фарабилер шыққан. Солардың бірі Әбунасыр ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Ол 870 жылы Отырар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысы отбасында дүниеге келген. Ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби - энциклопедист-ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын. [2, 12] .
Кезінде оны ғылыми қауым «екінші ұстаз» («Муаллим ас-соний») деп те атаған. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы саналған. Отырар қаласын кезінде Тұрарбант, Тарбану, Фараб деп түрліше атаған. Ал қыпшақтар оны «Қарашоқы» қаласы дейтін болған. Тарихи деректер бойынша, әл-Фараби орта бойлы, мығым денелі, қайратты да қайсар, батыл кісі екен. Бала кезінен-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоз әрі садақпен құралайды көзге атқан мерген болыпты.
Жастайынан зерек, оқу-білімге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған Отырар қаласының барынша гүлденіп, әлемге мәшһүр болған шағында болашақ ғұлама осындағы медреселердің бірінде оқып жүр еді.
Отырар медресесін бітірген соң әл-Фараби өз білімін арттыра түсу мақсатымен сол кездегі ғылым мен мәдениет ошағы саналған Шам (Дамаск) шаһарына аттанады. Осы сапарында ол Шаш (Ташкент), Самарқан, Исфақан, Хамадан қалаларында болып, Шығыстың көптеген ғұламаларымен, ақындарымен, өнер адамдарымен танысып, сұхбат құрады. Кейінірек ол Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо) шаһарларымен де танысады. Мұндағы бірқатар белгілі ғалымдармен, ақындармен достасып кетеді.
Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Шам қаласында еткізеді. Ғұлама энциклопедист ғалым ретіндеӘл-Фараби ат салыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, т. б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда онын, көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады. Осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.
Әрине, әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор рөл атқарды.
«Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек?», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика», «Риторика», «Софистика», т. б. ) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. » [2, 15] .
әл-Фараби философия ғылымына қоғамдағы адамдардың сана-сезімін оятатын парасат шамшырағы ретінде қарады. Сондай-ақ философия бүкіл халықты әділетті қоғамға қарай жетелейтін бағдарлы күш деп білді.
Философияның ұрпақтар арасындағы рухани мәдени сабақтастықты қамтамасыз ететін құрал екенін дәлелдеді.
әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат мен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш ақыл-парасат деп біледі.
әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді.
Мұндағы «қала» деп отырғаны - мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі т. б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді. Сондықтан ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал жақсы әкім әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.
«әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика, эстетика мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыми негіздерін ашып көрсетеді. Этика жақсылық пен жамандықты ажыратуға, түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екенін дәлелдеп көрсетті. әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты - адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте, тұтастықта өмір сүруі керек деп біледі. » [2, 21] .
әл-Фараби педагогика ғылымы тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі деуге болады. Ғалымның философия, логика, этика, эстетик, т. б. салалар бойынша жазған барлық зерттеулерінде ұрпақ тәрбиесі ең басты орын алады. әл-Фараби баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мынадай үш шартты күні бұрын дәйектеп алу қажет екенін айтады: бірінші -ынта-ықыласы, білімге құштарлығы; екінші -ұстаздың шеберлігі, ар-ождан тазалығы; үшінші - сабақ процесінің алатын орны. Ғалым баланың дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің бір-біріне ықпал-әсері зор екенін дәлелдеп көрсетеді.
әл-Фарабидің әмбебап музыкант болғаны тарихтан жақсы мәлім. Ол өзі сан түрлі музыка аспаптарында ойнап, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы»атты музыка теориясы жайындағы ғылыми еңбегінде ғалым акустика, дыбыстың таралуы, дыбыстың шығу тегі, т. б. туралы құнды пікірлер айтады.
Сонымен, Фараби болашақ қоғамды адамдардың емін-еркін, азат өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бірі құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкіл халықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Утопист ретінде ол феодализм жағдайында қайырымды мемлекет, барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал ұлы гуманист ретінде ол феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқығын қорғауға әрекет жасады.
әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, этика, метафизика, жаратылыстану, математика, медицина, т. б. ғылым салалары бойынша жазылған еңбектерін оқып білудің өзі ұлы ғалымның әдебиет теориясы мәселесіне арналған трактаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
әл-Фараби - әдебиет зерттеуші . Фараби-әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалымы Ибн Әби Усайбаның (1203-1270) айтуы бойынша, Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы», «Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерттеулері болған. Бұл салада Фарабидің бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі - «Өлең өнері» деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи, т. б. сөз болады. Екіншісі - «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деп аталатын зерттеу. Мұнда Фараби грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.
«Соңғы жылдары әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса құнды бір шығармасы Братислава университетінің кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек «Китаб ашшеьер» («Өлең кітабы») деп аталады. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А. Ирисов болды. » [2, 36] .
әл-Фарабидің «Өлең кітабы» - көлем жағынан шағын ғана туынды. Мүмкін мұның өзі алғашында көлемді шығарма күйінде жазылған болуы да ықтимал. Кейінірек белгілі бір себептер әсерімен кітап көлемі әдейі қысқартылып, бізге тек тезис күйінде жеткен болуы дағажап емес. Фарабидің бұл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Ұлы ғалымның он екі бөлімнен тұратын логика саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен бірге түптелген екен.
Ғұлама-ақынның ғылым-білім, тәлім-тәрбие, әдептілік белгілері, әділ әкім, т. б. туралы хикметтері, өсиет-уағыздары күні бүгінге дейін өзінің моральдық-этикалық, эстетикалық мән-мағынасын жойған жоқ.
әл-Фараби ақын болған деп жоғарыда айтқан болатын. Енді ақын өлеңдерінен мысал келтірелік:
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достың атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып. [2, 37] .
әл-Фарабидің өз заманында аты әйгілі ақын болғандығы туралы пікір айтушылар аз емес. Ибн-Аби-Усайбаның 1882 жылы Мысырда жарияланған еңбегінде Фарабиды ұлы ақын деп атайды. Байхаки кітаптарында да Фарабидың поэзиясына тоқталады. Ол мұсылмандар дәуірінің ең мықты ақын-ғұламалары әл-Фараби мен Ибн-Сина екендігін айтады. Тіпті Фараби бірнеше халықтардың тілін өзінің ана тіліндей жетік білгені және сол тілдерде өлең де жазған. Түрколог Е. Э. Бертельс өзінің «Тәжік-парсы поэзиясының тарихы» дейтін кітабында Фарабидің жан-жақты ғалым болғандығын және ақындық талантының биіктігіне баға берген. Ақын Аян Нысаналин 1971 жылы әл-Фарабидің төрт жолды, он шақты өлең шумақтарын қазақ тіліне аударып, «Фараби - поэзия падишасы» деген атпен «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялады. әл-Фарабидің осы жарияланған өлеңдерін оқып отырып, ақынның ұшқыр ойын, шалқар шабытын, жүректі тербер нәзік сезімін, афоризмге толы шешен тілін мойындайсыз. Риторика ғылымы шешен үш түрлі мақсатты көздеп сөйлейді не жазады, - дейді. Олар: сендіру; ләззатқа бөлеу; толқытып тебіренту. әл-Фараби өлеңдері солай екендігіне сендіре отырып, рахатқа бөлейді, жүректі шымырлатып, толқытып, тебірентеді. Сондықтан да болар, халқымыз ақындық пен шешендікті егіз өнер деп қараған. Адамбаевтың сөзімен айтсақ, «қазақтың ақыны - шешен, шешені - ақын». Өйткені кейінгі ұрпақ үлгі аларлық аталы сөздер, өсиет, ақыл-кеңестер көбінесе өлең, жыр түрінде жетіп отырды. Олай болса, әл-Фараби де бабалар дәстүрімен поэзия элементтерін пайдаланды. А. Нысаналин әл-Фараби өлеңдерін 1944 жылы Бейрутта шыққан Аббастың кітабынан алып аударған екен. Өмірге, білімге құмар, өмірді тануға құштар ақын адамның құпия тылсымға толы жан дүниесін, жұмбақ әлем сырларын қызықтап жырға қосады.
Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Жұлдызым түнге құшақ жайған далам,
Жап-жалғыз, ұйқысыз жатырмын мен,
Ай жарығы жанымды аймалаған [[2, 11] . -
деп елжіреп, балдай тәтті тыныштық пен тамылжыған табиғатты сүюге жетелейді.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің түрлі бейнең боп кеудеме енер
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар қып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,
Сезініп мен деміңді гүл атқан ем.
Оның өзі бір-ақ сәт . . . содан кейін
Мұңды әуенді жалғаймын, бірақ та мен [2, 15] .
Осы жолдарда бейнелі теңеулер мен сырлы эпитеттер арқылы ынтызар жанның образы, өлмес, өшпес махаббат жыры туындаған. Өмірін ғылым-білім жолына сарп еткен ақын өмір бойы сапар шегіп, шет жерлерді аралап, туған жерден жырақта жүрген. Қайда жүрсе де туған жерін ұмытпайды, оны өлеңге қосады. Еліне қайтып келіп, өз білген-түйгендерін туған халқына жеткізуді армандайды.
Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырған жарау керім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz