Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ерекшеліктері


Мазмұны:
Кіріспе 31 Отбасы және кәмелетке толмағандар түсінігі және құқықтық
жағдайы.
- Отбасы иститутының қалыптасу тарихы7
- Кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы16
2 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардын түрлері.
- Отбасына қарсы қылмыстар . . . 21
- Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар . . . 32
3 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың
ерекшеліктері
3. 1 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
жауапқа тарту мәселелері . . . 47
3. 2 Кәмелетке толмаған адамды қылмысқа және қоғамға қарсы
басқа әрекеттерге тарту қылмыстарын саралау тәртібі 52
Қорытынды 60
Сілтемелер тізімі . . . 64
Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . . 66
Кіріспе
Неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қоғам мүшелерінің, оның ішінде, жас мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғаудың нысандары мен тәсілдері әр алуан және бүл игіліктерді қамтамасыз етуде жалпы құқықтың, оның ішінде, қылмыстық құқық саласынын орны ерекше. Сондықтан да мемлекет қылмыстық- құқықтық шараларды пайдаланып кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына, сонымен бірге отбасылық қатынастарға қол сұғатын қоғамға кауіпті әрекет-әрекетсіздіктермен күрес жүргізіледі.
Қылмыстық-құқықтық шаралардың күшімен аталған қоғамдық қатынастарды қорғаудың мәні кәмелетке толмаған адамның мүддесін қорғау, оның жеке тұлғасынын дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік жағынан қалыптасуы үшін жеткілікті жағдайлар туғызумен байланысты өз кезегінде бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастардың сәттілігімён ұштасады. Сондықтан да кәмелетке толмағандарды қорғау - жалпы отбасылық қатынастарды қорғаумен біртұтас мәселе.
Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы заңнамаларына сәйкес отбасы мен кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайы, отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлерін, олар үшін жауаптылық мәселелерін ашуға тырыстық.
Осы тақырыптың өзектілігі - отбасы мен кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу, отбасы мен, әсіресе, кәмелетке толмағандарды заң нормаларына сәйкес қорғау.
Қазіргі өткінші тарихи кезеңде жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтын өмір сүру деңгейін күрт төмендетіп, кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен - күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін күрделі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі. Ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде етек алып келе жатқан әлеуметтік жетімдік, яғни ата-аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе мемлекеттің тәрбиелену мекемелерінде, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар санынын өсуіне әкеледі. [1]
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған және еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті - делінген. Бұл көрсетілген қағидалар халыкаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халыкаралық актіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған "Бала құқықтары жөніндегі" конвенция да да балалардың азаматтық және саяси - әлеуметтік құқықтарының қорғауына ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пай да болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқық жолмен қорғауға ерекше мән береді.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында орын алуы 1989 жылғы дүниежүзілік "Балалардың құқықтары туралы" Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен, сондай-ақ ересек адамдарға қарағанда кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылыққа төтеп беру мүмкіндіктерінің белгілі шамада шектелгендігімен және олардың жас, психологиялық және әлеуметтік жағынан әлі де болса толық дамып қалыптаспағандығымен түсіндіріледі. [2]
Бұрынғы 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енген қазір қолданып жүрген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған баптардың саны едәуір өскен. Мысалы, 1959 жылғы Заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар жасы он алтыға толмаған қызбен жыныс қатынасын жасау (102 - бап), жас балаларды аздыру (103 - бап), неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру (105 - бап), балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару (112 - бап), опекундыкқ құқықтарын пайдаланып, қиянат жасау (113 - бап), біреудің баласын ұрлау (116 - бап) .
Қазіргі заман кезеңінде бала құқығын қорғау проблемасының өзектілігі көптеген мемлекеттін әлеуметтік - экономикалық жағдайдың күрт төмендеуімен де байланысты. Экономикалык тұраксыздық, өндірістің төмендеуі, өтпелі кезеңнің қиындығы және осының салдарынан болатын жұмыссыздық санының өсуі, халықтың көп бөлігінің өмір деңгейінің төмендеуі - осының барлығы тікелей түрде бала өмір сүру деңгейінің жағдайына әсер етеді. Балалардың жалпы санының 5% - ы жетім балалар. Қалғандарының бәрінің ата аналары бар. Олар белгілі бір себептерге байланысты (ата ана құқығынан айырылғын, созылмалы маскүнемдер, нашақорлар, жазасын өтеп жүргендер, хабарсыз кеткендер, ата - ана міндетін орындаудан қашатындар және т. б. ) олардың тәрбиесімен айналыспайгын, денсаулықтарына байланысты өздерінің ата - ана міндеттерін орындай алмайды. Соңғы уакытта балалар ата - аналарының кесірінен дал ада өмір сүріп, үйі - күйі жоқ қайыршы, ешкімге керегі жоқ қараусыз болады да, оқуларын жіберіп, ақыры тастайды. Ата - аналар мен билік жағынан қамкөңілділік пен жауапкершіліктің болмауынан балалардың көбісі қылмыс жолына өз бетімен түседі немесе баска түлғаларды соңынан тартады.
Диплом жұмысының мақсаты: осы тақырын бойынша өзекті мәселелерді ашу болып табылады. Сонымен қатар, отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрін қарастыру, олардың ара - жігін айыру, қылмыстардың субъективтік, объективтік жақтарын қарастыру мақсаты қойылды.
Диплом жұмысы 3 бөлімнен тұрады.
- Кіріспе. Бұнда қаралатын тақырыптын өзектілігі анықталған.
- Негізгі бөлім. Бұнда отбасы және кәмелетке толмағандар түсінігі, олардың құқықтық жағдайы, отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері, ерекшеліктері туралы мәселелері кеңінен ашылған.
- Осы жұмыстың қорытынды бөлігінде отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың өзекті мәселелері туралы ұйғарым жасалды.
1 тарау Отбасы және кәмелетке толмағандар түсінігі және құқықтық жағдайы.
1. 1 Отбасы институтының қалыптасу тарихы.
Отбасы - некеге немесе қандас туыскандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, отбасы қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы - алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі. Мал өсіру және егіншілікпен айналысу өндірісті тұтас қауымнан көрі жеке отбасылық қауымда дамытуға қолайлырақ болды. Отбасы жақын қандас туыстар ұрпақтарынан 3- 5 отбасынан немесе одан көбірек болып құрылды. Отбасына жер, өндіріс кұрал жабдықтары, үй малы, шаруашылық мүліктері т. о. ортақ еді. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық - тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын - құқыктық, адамгершілік және психолгиялық қатынастар құрайды. Отбасы - тарихи категория. Оның өмірі мен формасы, үстемдік етуші қоғамдық - экономикалық жағдайдың, бүкіл қоғамдық қатынастар сипатының және мәдени даму дәрежесінің ерекшеліктерімен айқындалады. Отбасы қауымдық құрылыстың жыныстық еңбек бөлінісі мен отырықшылық өмір салтының туына байланысты әр түрлі жыныс өкілдерінің арасындағы табиғи байланысқа экономикалық байланыстар мен мүдде бірлігі қосылған кезде пайда болады. Отбасы некенің сипатына қарай моногамиялық және полигамиялық; құрамына қарай дербес немесе бір некелі топ және құрама некелі топ (бір немесе бірнеше некелі топ) ; «отбасындағы үстемдіктің» сипатына қарай - патриархат және матриархатты, сол сияқты ерлі зайыптылардың теңдігіне негізделген «демократиялық» болып бөлінеді. Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму кезеңдері туралы ғылым тарихында әр түрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар болды. 19 -ғасырдың ортасына дейінгі ойшылдар отбасын өзінің табиғаты жағынан қоғамның алғашқы бір некелік (моногамия) негізі деп түсіндіріп, әлеуметтік қатынастарды отбасылық қатынастардан жоғары қойды (Ж. Руссо, X. Гердер, Г. Гегель) . Бұл көзқарасты тұңғыш рет жоққа шығарған швейцариялық құқық тарихшысы И. Я Баховен болды. Ол неке мен отбасының тарихи жағынан үнемі өзгеріп отыратындығын дәлелдеп, бір некелі отбасынан бұрын жыныс өкілдері арасында көп некелі қатынастардың болғанын, патриархаттан бұрын рудың өмірінде әйелдің экономикалық және рухани билігінің басым болғанын көрсетті. Бұдан былайғы жерде отбасы туралы ілім тарихында патриархалдық және матриархалдық ағымдар үстемдік етті. Марксизмге дейінгі отбасы тарихын барынша дұрыс бағытта талдайтын еңбек ағылшын этнографы Л. Морганның «Көне қоғамы» (1877) еді. Кейіннен бұл кітап отбасы жөнінде тұңғыш материалистік ілімді қалыптастырған Ф. Энгельстің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» (1884) атты еңбегіне арқау болды. Марксизм отбасын дара және топтық қатынастардан тұратын тарихи әлеуметтік құбылыс деп қарайды. Неке мен отбасының әлеуметтік мәнін, сайып келгенде, үстемдік етуші экономикалық қатынастар белгілейді. Сондай -ақ оған қоғамдық қондырманың да құрамдас бліктері - құқық, саясат, адамгершілік белгілі дәрежеде ықпал етіп отырады. Қоғам некелескен ерлі -зайыптылардың белгілі бір моральдық нормаларға бағынуын талап ете отырып, олардың болашағын қорғауды, отбасы бағытының баянды болуын өз қамқорлығына алады. Отбасының негізі заң жүзінде бекітілетін еркек пен әйел арасындағы қарым - қатынастардын тарихи шарттас формасы неке болып табылады. . Егерде неке отбасының негізі болмаса, - деп жазды К. Маркс, - онда мысалы, достық сияқты ол да заң жүзінде белгіленген нәрсе болмаған болар еді. [3]
Некелік - отбасылық қатынастарды реттеуге қоғамнын мүдделі болатын себебі не? Өйткені қоғам өмірінде жүріп жаткан аса күрделі процестердің бір тобы - халықтың көбеюі мен табиғи тығыздылығының артуы, өмірге келіп жатқан жаңа ұрпақтардың рухани бейнесі мен материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, балалардың үнемі туған ата - анасының тәрбиесі мен қамқорлығында болуы негізінен осы қатынастардың қалыпты жағдайы мен сипатына, мазмұндылығы мен беріктігіне байланысты. Сол сияқты отбасындағы қарт адамдарға қамқорлық жасау өндіріс пен меншікті ұйымдастыру, үй шаруашылығын жүргізу де оның қоғамдық табиғатынан туындап жатады да, қоғамның араласуын талап етеді. Отбасы мүшелері - еркек пен әйел, ата - ана мен бала, қарттар мен жас ұрпақтар арасындағы қарым -қатынастардың жаңа тұрпатты шынайы адамгершілік, достық пен махаббат негізінде қүрылуын көздейді.
Отбасы - шағын бір мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет - қызмет бөлінісі, кіріс - шығыс бюджеті, касиеттеп, қастерлеп үстанатын рәміздері, т. б. болатыны сиякты, эр отбасы болмыс - тіршілігінің де соған үксас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылык пен қосшылыкты қажет етеді. Және оның өзі адамзат коғамының сан ғасырлык дамуы барысында өткелектен өткізіяіп, жетілдіріліп, берік қалыптасқан. [4]
Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және әлеуметтік сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасынын көп жанды - бла - шағалы болуын тілесе, кейін санының көптігі әрбір халықтың, елдің артықшылығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша қоғамның әлеуметтік жағдайы, адамдардың онда өмір сүруі отбасының құрамына байланысты болған. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір - біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» дегеннің мәнісі де осында.
Тегінде, ала - бөтен себебі болмаса, жасы жеткен ұл - қыздың үй болып, шаңырақ көтермеуі қалыпты жағдайға саналмайды. Сондықтан үй болып, оның ішкі талаптарын, әдеп - инабат нормаларын мүлтіксіз сақтауға зор мән беріледі.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік - туыстық қарым - катынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды, ал үй ішінің шылбыр - тізгінін қолында ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін, тіліек - ұсыныстарын елеп - ескеріп отырса, бұл, бір жағынан, ортақ мүддеге қызмет етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып табылады.
Отбасының бейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының (басқарушының) әділ, ұстамды болуы - орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор.
Ата - ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату - тәттілік, береке - бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне - көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп, «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер» деп, «анасына қарап, қызын ал» деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу. Ол - адамдық
кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы беркелі болмайды. Өйткені ежелгі рим философы Гораций айтқандай, «өмір еңбексіз ештеңе бермейді». Жалпы, арғы - бергі заманда ғұмыр кешкен ұлы адамдардың адамды барлық жағынан кемелдендірудегі еңбектің ерекше рөлі туралы айтпағаны кемде - кем шығар. Адам жанының асқан білгірі, әлемге әйгілі жазушы Л. Н Толстой: «Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді», - дейді. Сондықтан отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуға тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелері арасындағы карым - катынаста әдеп - инабат, адалдық пен акпейілділік үстем бола алады.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату - сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі - өміршең салтын, діни жол -жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды, ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек ұрпақ мұны ұғып, біліп өскені абзал. [5]
Ата - ананың бір - бірінің қадір - қасиетін ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе - наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы - шынайы инабаттылық, әдептілік. Сонда ғана олар үйдің «Қос алтын босағасы» дейтін халықтық марапатқа лайық биіктен көрінбек.
Шариғатта (ислам қағидаларында) да алтын ұя - оотбасының жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар - ата - аналар қолына берілген аялы аманат» делінген. Бұл ғажайып қүдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшасына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір -айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін - әке мен шеше дер едік. Әйтсе де отбасының өмір отын лаулатып отырған ошақ иесі -әйелдің орны да, еңбегі де алабөтен. Баяғының білімпазы Ризаудин ибн Фахруддин: «Әйелдері тәрбиелі болған халық - тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық - тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса -халық бай; ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса - халық пақыр, кедей болады», - деп бекер айтпаса керек.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп - инабат нормаларының терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы аса зор. Әрбір ұяның қос тіреуі - ерлі -зайыптылар өздеріне қатысты әдеп- адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек.
Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез - келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамкоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардын арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардын құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. [6]
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz