Отбасы және кәмелетке толмағандаға қарсы қылмыстардың орын алуы


АҢДАТПА
Диплом жұмысында отбасы және кәмелетке толмағандаға қарсы қылмыстардың орын алуы қарастырылып зерттелген.
Бірінші бөлімде қылмыстың ұғымы мен мәні, оның түсінігі, белгілері және қылмыстың құрамы мен қылмысты дәрежелеу мәселелері талқыланады.
Екінші бөлімде отбасы және кәмелекте толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі және оларды жеке құрамдарға бөлу мәселесі қарастырылған.
Үшінші бөлімде отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың орын алу себептері және олардың алдын алу жолдары мен статистикалық мәліметтер көрсетілген.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа посвещена исследованию преступлений против семьи и несовершеннолетних.
В первой главе рассматриваются понятие, значение преступления, его признаки и состав.
Во второй главе дается общая характеристика преступлений против семьи и несовершеннолетних, участие прокуратуры в суде при рассмотрении уголовных дел, совершенных несовершеннолетними.
В третьей главе рассматриваются причины совершении претуплений против семьи и несовершеннолетних, способы их предотвращения, а также даны статистические данные.
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР МЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ 7
1 ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ 10
1. 1 Қылмыстың түсінігі және белгілері 10
1. 2 Қылмысты санаттаудың мәні мен маңызы 16
1. 3 Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу мәселесі 18
2 ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ 20
2. 1 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы 20
2. 2 Прокуратураның кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық
iстері бойынша сотқа қатысуы 31
2. 3 Кәмелетке толмағандардың жеке басының психологиялық және физиологиялық дамуына қарсы қылмыстар олардың құрамы 35
2. 4 Отбасына қарсы қылмыстардың саралануы 42
3 ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ОРЫН АЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ 46
3. 1 Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар 46
3. 2 Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
Қылмыстық кодексте көзделген жазалау шараларының мәні 50
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМША 62
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР МЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚРК - Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
РФ - Ресей Федерациясы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ІІБ - Ішкі Істер Бөлімі
ҚР АIЖК- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
т. с. с. - тағы да сол сияқты
т. б. - тағы да басқалары
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Осы келелі міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процессін жетілдіру, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында құқық ережелерін қатаң сақтап, тәртіп бұзушылықпен қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу қажет.
Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының рөлі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан-салалы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезінде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндетті. Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады.
Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылма жыл арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев 2004 жылы мамыр айында облыс әкімдерінің республикалық жиынында ерекше мән беріп, ұлғайып келе жатқан ұймдасқан жемқорлық қылмыстарына, экономика саласындағы қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу міндеттерін алға қойды. Осы мєселеге байланысты елімізде 1992 жылы 7 наурызда Республика Президентінің «Жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыстың нысандарына күресті күшейту шаралары туралы», 1998 жылы 2 маусымда «Жемқорлықпен қарсы күрес туралы», 1999 жылы 23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылдады. Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізгі бағыты қылмыстың сан алуан түрлерімен түбегейлі күрес жүргізу, олардың қарқынын тежеу, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Көпшілікке аян болып отырғандай көптеген қылмыстар ресми құжаттарды пайдалану, оны қолдан жасау, оған тиісінше өзгерістер енгізу арқылы алдау жолымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды лауазымды адамдарды да, жеке тұлғаларда істейтіні белгілі.
Ғасыр қасіретіне айналып бара жатқан бұл мәселелердің түйінін шешу әлі де біраз уақытты керек етері сөзсіз.
ΧVΙΙΙ ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқында жалпыға бірдей заң ретінде қолданылған «Қазақтардың кәдімгі құқында» қылмысты кінәлі әрекет деп қарап, қылмысты тек қана соған бейім адам ғана жасайды деген тұжырым жасалған, сонымен қатар ақыл - есі кем адам қылмыстын субъектісі бола алмайтыны атап көрсетілген. Бұл заң негізіне сүйенсек, жас балалар (заң бойынша 15 жасқа дейінгілер жас балалар болып есептеледі) өз әрекетінің зардабын түсіне алмайтындықтан, билер соты алдында жауапқа тартылмаған.
Ересектер қылмысы мен кәмелетке жасы толмаған балалар арасындағы қылмыстар бір - бірімен тығыз байланысты. Жасы толмағандар арасындағы қылмыстың түн - тамырына түпкілікті балта шабу мүмкүн емес. Алайда, алдын алу, тежеу болашақтағы ересектер қылмысының азаюына қол жеткізер еді.
Балалар арасындағы құқық бұзушылық жыл сайын көбеймесе, азаймай отыр. Қоғамға жат бұл әрекеттердің алдын алу, тіптен, жеделдетуді керек етеді.
Жас балалардың (9-13 жастағы) құқық бұзушылығына - бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспаушылық, ата - ана тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқықтық білімнің аздығы сан - саналы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын аулалық клубтардың жабылуы басты себептер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланын қандай іске болса да еліктеушілік танытуына әкеліп соғуда.
Көптеген сот істері тәжірибесі көрсеткендей, жас балалардың құқық бұзуына әсер ететін жағдай - ересектердің олардың қылмыстық әрекетке тартуы болып табылады. Жас балалар құқық бұзушылығын жан - жақты ашуға ниет еткен Н. Трофимовтың пікірінше, құқық бұзушылықтан бастап, қылмыстық жолға түскен балалардың 70 проценті ересектердің ықпалымен соңғы жолды таңдаған.
Шынында жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі - мектеп пен ата - ананың кінәсі. Егер әрбір адам ата - ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенің, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата - ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың бәрін сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазақстанда кәмелетке жасы толмаған балалар қылмысы жөнінде жазылған белгілі ғалымдардың (Ө. С. Жекебаев, К. А. Бегалиев, М. С. Нарықбаев, С. А. Шапинова) еңбектері баршылық. Дегенмен, 9-13 жас аралығындағы жас балалардың құқық бұзушылығын, әсіресе ересектер ықпалына еріп, құқық бұзушылықтың жоғары сатысына жетуіне әсер еткен жағдайларды, олардың әлеуметтік - экономикалық, әлеуметтік - материалдық негіздерін, болмаса басқа да астарын ашып көрсету болашақтын ісі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: негізгі мәселелердің бірі отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың ұғымын анықтау, оған қылмыстық құқықтық баға беру. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу- қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндетерді алға қоямыз:
- біріншіден, аталмыш қылмыстың белгілерін қарастыру және ашып көрсету.
- екіншіден, Қазақстан Реаспубликасының жаңа Қылмыстық кодексіндегі отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдарының көрнісін анықтап, саралауды жүзеге асыру;
- үшіншіден, аталған қылмыстардың жазалану шаралары және осы қылмыстардың орын алуына итермелейтін себеп салдарды ашып көрсету болып табылады.
Осыған сәйкес отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар обьектісінің маңыздылығына қарай кодекстің екінші бөлімінде орналастырылған. Бұл қылмыстардың маңыздылығы сол кәмелетке толмағандардың дамып жетілуіне, жеке психологиялық және физиологиялық қалыптасуына қарсы әсерін тигізетіндігімен және отбасындағы қарым-қатынастарды бұзатындыағымен ерекшеленеді.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы отабасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың саласындағы орын алу қоғамдық қатынастар табылады.
Зерттеу пәні: отабасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың орын алу жүйесі болып табылады.
Зерттеудің теорияық және әдістемелік негіздерін Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік және ережелік құқықтық актілері, қарастырып отырған мәселе бойынша жетекші отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері жинақталып талқыланады.
Дипломдық жұмыс құрылысы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ
1. 1 Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
Қылмыстың түсінігі Казақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9-бабында берілген. Осы бапқа сәйкес қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. Осы анықтамадан қылмыстың бірқатар міндетті белгілермен сипатталатындығы көрініп тұр. Бұлар әрекеттің: Қоғамға қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, кінәлігі, жазаланушылығы. Тек осы белгілердің жиынтығы болғанда ғана әрекет қылмыс болып табылуы мүмкін.
Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік- қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік) . Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң шығарушы қылмытың тек осы - қоғамға қауіптілік белгісін ғана анықтаумен әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын, жатпайтындығын дәлелдеп көрсетеді. [1]
Қоғамға қауіптілік әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіріліуі немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталады. Заң шығарушы қандай да болмасын бір әрекетке қылмыстық заңда тыйым салуды қажет деп тапқан кездің өзінде нақты әрекет немесе әрекетсіздік әрқашан да қылмыс деп таныла бермейді. Қылмыстық кодекстің 9-бабының екінші бөлігінде «Осы кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды» деп айтылған. Қоғамға қауіптілікті тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық та жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірілуі мүмкін. Алайда олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен. Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсету үшін, қол сұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардын белгілерін сипаттайтын белгілерді Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды әрекеттік өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде, не тыйым салынған аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылуы, Қылмыстық кодексінде 296-бабы, бірінші бөлігі бойынша механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамды жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзуы, абайсызда адамның денсаулығының ауыр немесе орташа ауырлықтары зиян келтіруі. Осы бап бойынша, егер адамның денсаулығына зиян орташа ауырлықтан төмен болған жағдайда жауыптылық әкімшілік ретпен қарастырылады. [2]
Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі болып құқыққа қайшылық - яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Қылмыстың формальді және материалды белгілері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Адамның қылмыстық құқылық норма бойынша тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін құқыққаа қайшы деп табуға болады. Құқыққа қайшылық- қылмыстың формальді белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген, қылмыстық құқықтық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады.
Қылмыстың болуы туралы сөз тек қана, егер қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет бұзылса ғана болуы керек. Мысалы: Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен мәміле жасауға, валютаны қадағалау заңымен тыйым салынған, бірақ мұндай әрекет Қылмыстық кодексте қарастырылмаған. Сондықтан бұл қылмыс болып табылмайды. Заң шығарушы қылмыстың формальді белгісінің өсуіне байланысты қазіргі кезеңде Қылмыстық кодексінде 9- бабы бірінші бөлігіне конституция нормасын енгізген (Конституцияның 77- бабы, 3- бөлігі 10- тармағы) қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі. Басқаша айтқанда конституциялық деңгейде белгіленген қағида заңда белгіленіп көрсетілмесе қылмыс жоқ. Құқыққа қайшылықпен қатар онымен байланысты қылмыстың екі белгісі кінәлілік және жазалылық болып табылады. [11]
Қылмыстық кодексінде 19 - бабы екінші бөлігіне сәйкес, объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауыптылыққа жол берілмейді. Осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес, қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстың қаншалықты зардабы болғанына қарамастан, егер оны істген адамның әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауыптылыққа, жазаға тартылмайды.
Кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық.
ҚР Қылмыстық кодексінің 19- бабының 3- бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекетпен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл- олардың ұқсастығы.
Ал, айырмашылығы - қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық жєне еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында. Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақанылық та, абайсыздық та) заң қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. [26]
Ол - алдын ала тергеу жұмысын жүргізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Қылмыстық заң, қылмыстық жауыптылықты тұлғаның өзі жасаған іс-әрекетті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрінен емес тек ғана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана байланыстыру бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастын, қоғам қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінә - тұлғанын қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінін жасаған қылмысты әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы. [27]
Қылмыстың тағы бір міндетті белгісі - қылмыстық жазаланушылық болып табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі болады. Адам нақты бір қоғамға қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Кейбір жағдайларда жазалау қатерімен тыйым салынған қылмыстық жазалау іске аспай қалуы да мүмкін. (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, рақымшылық ету т. б. ) бірақ бұл жағдайлардан жасалған єрекет қылмыс екендігін жоғалтпайды.
Отандық ғылымда қылмыс ұғымы проблемасын теориялық зерттеу ісінде осы мәселеге арнайы монография жарияланған Н. Д. Дурмановтың рөлі айтарлықтай. Қылмыстың формалды нышаны «заңда ол туралы көрсетілмесе қылмыс та жоқ» деген қағиданың заң шығарушылық сипатын білдіреді. Бұл ресейлік қылмыстық құқық бойынша қылмыстық заңды ұқсастыққа орай қолдануға жол берілмейді деген сөз. Құқық қолданушы органдар қандай да бір себеппен заң шығарушының назарынан тыс қалған сондықтан қылмыстық жазалауға жатпайды деп танылған қоғамдық қауіпті әрекеттерді табуы мүмкін. Оның үстіне әрекеттің қоғамдық қауіптілігі бар уақыттарда бірдей шегеленіп қалған жағдай емес.
Бұгін қоғамға қауіпті болып түрған жағдай ертен бұндай болмауы күдік және керісінше қылмыстық заңмен жаңа әрекеттерге тыйым салу қажеттілігі туындауы мүмкін. Бірақ, мұндай кем-кетік жерлерді толықтыру заң шығарушының өз құзырына беріледі. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы қылмыстық зерттеу ауқымынан сырқары жатқан әрекеттерге қылмыстық құқықтық баға беруге құқылы емес. Қоғамды қауіпті әрекеттердің жаңа түрі табылған жағдайдағы құқық қолданатын органның міндеті - оларға заңдылық тұрғысынан тыйым салу жөнінде, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық тағайындау тұрғысында мәселе қою. [32]
Қылмыстық бұл нышаны қылмыстық заңда қарастырылған әрекетпен қылмыстық заң құрайтын объектілерге едәуір зиян келтірерліктей мүмкіндігімен айқындалады. Қоғамдық қауіптілік алдында атап көрсетілгендей, қылмыстық әрекеттің әлеуметтік болмысын айғақтайтын материалдық нышан болып табылады. Бұл - қылмыстың за шығағрушының еркіне бағынбайтын объективті қасиеті. Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық заңдарында, әдетте, қылмыстың материалдық нышаны деген ескерілмейді.
Мысалы, айталық, Германия Федеративтік Республикасының ҚК-нде қылмысқа «бас босандығынан бір жылға және одан да көп уақытқа айыру мен жазаланатын құқыққа қарсы әрекет» деген анықтама берген. Осыған орай біздің отандық қылмыстық-құқықтық ғылымда да қылмыстың материалдық анықтамасынан бас тартып, оның формалдық анықтамасына қайтып оралу туралы ұсыныстар қойылып жүр. [35]
Мәселе тек қана батыстық қылмыстық-құқықтық ғылымның қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілік нысанына тойтарыс беруінде ғана емес, сондай-ақ бұл жерде заң шығарудың дәстүрлі түрлері де басымдылық көрсетеді. Қылмысқа заң шығарушылық тұрғыдан анықтама беру Германияның қылмыстық кодексінде өткен ғасырдың өзінде пайда болған, ал бұл кез қылмыстық құқықтық теория әрекеттің қоғамдық қауіптілік нышанын жасай қоймаған, әрі қылмыстық құқықтағы классикалық бағыттың өктемдік жүргізіліп тұрған тұсысы болатын.
Әрекеттің қоғамдық қауіптілігі жайлы ілім кеңестік қылмыстық құқық аясында туындап, дамыған жоқ, тек қылмыстық құқықтық әлеуметтік мектебі дейтін ағым өкілдерінің теориялық туындыларында бой көрсетті. Бұл бағыттың біздің заң шығарушылық үрдісімізде шындығында орын тепкендігі - өзге жағдай. [16]
Қылмыстың қоғамдық қауіптілігін батыстағы елдер қылмыстың анықтамасына және баға берілуде моральдік аспектінің енгізілуіне қатты қарсы болды. Мәселен, Н. С. Таганцев былайша түйіндеген болатын: «Қылмысты үрдіс өнегесіздікпен теңдестірілуге жатпайды және олай етілуі мүмкін де емес:мұндай теңгеру тарихтың ащы сабақтары куә болғандай, сот төрелігін жалған жолға салып жібереді - мұның өзі мемлекеттің жазалаушылық қызметіне идеяны, сенімдерді, кемістіктер мен құмарлықтарды қуындауды кіргізді: жердегі сот төрелігіне аспандағы сот төрелігінің бөлінбес қасиеттерін иеленуге мәжбүрледі». [53]
Кеңестік әділет ғылымында қылмыстық - құқықтық және моральдіқ шамалардың ара қатынасына түбірлі түрлі көзқарас біржақты жария етілді: қылмыс - бір сәтке қылмыстық заңды моральды (имандылықты) бұзу деген сөз. Айталық, Н. Ф. Кузнецова былай деп есептейді: «Қылмыс атаулылары бастан - аяққ имансыздықпен айғақталады дуге болады» дейді де, «олардың имансыздық ауқымымен жанасуы әрқилы », - деген уәж айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz