Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -2-7

І. тарау. Отбасындағы бала тәрбиесі.

І. І. Бүгінгі таңда зерттеу мәселелері - - - - - - - - - 8-19

І. ІІ. Отбасында тәрбиелеу проблемалары - - - - - - - 19-24

І. ІІІ Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жұмыстары - - - - 24-26

ІІ тарау. Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру.

ІІ. І. Отбасының қызметі және отбасында тәрбиелеу - - - - 27-34

ІІ. ІІ. Отбасылық тәрбие ережелері . - - - - - - - - - 34-38

ІІ. ІІІ. Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру . - - - - - 38-41

ІІІ тарау. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері.

ІІІ. І. Педагогтардың ата-аналармен жұмыс бағыттары. - - - 42-45

ІІІ. ІІ. Ата-аналар ұжымымен жұмыс. - - - - - - - - - 45-47

ІІІ. ІІІ. Мектеп пен отбасының тәрбиеге бірлескен ықпалы . - 47-51

Қорытынды. - - - - - - - - - - - - - - - - 52-54

Қолданылған әдебиеттер. - - - - - - - - - - - - 55-56

Қосымша.

Кіріспе

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының бала тәрбиесіндегі атқарар рөлі зор.

Отбасы тәрбиесін табысты жүзеге асыру балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы тәрбиесін тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. Әрі бұл жұмысты отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асыру мақсаты көзделеді.

Отбасының әлеуметтік институт тәрізді, интеллектуалды толыққанды, құлықты және дені сау жас ұрпақты қалыптастырушы орта екені сөзсіз.

Бүгінгі күні жетілген азаматты тәрбиелеу отбасының жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Себебі балаға саналықтың сипаты ол өмірге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді. Кейіннен мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен қалыптасады.

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында» отбасы және бала тәрбиесі жөнінде алға қойған мәселелер: «Отбасын қолдауға, аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат бөлу. Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету.

Бізге жергілікті деңгей де отбасын және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемаларын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ол ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет» - деп көрсеткен.

Сондай-ақ, Республика Президенті Н. Назарбаев өз кезегінде 2007 жылғы ақпандағы Қазақстан халықтарына Жолдауында I бөлімнің II тарауында «Қазақстандықтардың өмір сапасының артуы» отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға байланысты жұмысты жалғастыру, ана мен баланы әлеуметтік қорғау, 2008 жылдың 1 қантарынан бастап баланың тууына байланысты жәрдем ақы мөлшерін 2 есе өсіру. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ай сайын жәрдем ақы төлеу. Бала деңсаулығын сақтау. »

Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының, не балабақшасының немесе мектептің жеке ісіне емес, ол бүкіл зиялы қауымның, бүкіл қоғам щұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастырудағы ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының рөлін басты назарда ұстау.

Жас ұрпақты есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Егеменді еліміздің болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Қазақ отбасында балағы ұлттық тәлім-тәрбие беру жолдарын іске асырып тиімді ұйымдастыру. Ендеше қазағымыздың ұлттық мәдени құндылықтарын қастерлей, имандылық адами қасиеттерін құрмет тұта отырып: «Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлды тәрбиелейміз» - деген қанатты сөздердегіндей өз жеріміздің, ұлтымыздың болашақ иелерін тәрбиелейік. [23. 29-35]

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте балаларға жеткілікті көңіл бөлінбеу салдарынан, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, ешбір қадағалаусыз жүрген балалардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Сол себепті мектептерде психологтар, әлеуметтік педагогтар пайда болды, олар оқытушыларменсол балалардың отбасылармен де жұмыстар ұйымдастырады. Өз жұмысын ұйымдастыруда педегог-ұстаз қиын олардың ата-аналарменжұмыс жүргізуде түрлі қиыншылықтарға тап болады: мәселенің нақты себебін айқындау қиынға соғатын тұстары, оқиға себепкерді анықтау т. с. с.

Отбасындағы бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыра отырып ұрпақ тәрбиесінде биік жетістіктерге жету, сонымен қатар тәрбиелеу және оқыту процестері қатар жүргізілгенде ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аларымыз анық.

Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мәселенің бірі - ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында «1. Неке мен отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп атап көрсетілген.

Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады. Онда «Бала толық және гармониялы дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты, ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейрімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж. » делінген. Конвенцияда әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта, баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту; адам құқығын құрметтеу: баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; баланы еркін қоғамда ынтымақтастық, түсіністік, ұлтаралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау: қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеу жүзеге асырылуы керектігін ұсынады.

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр.

Отбасының маңызды негізі ерлі-зайыптылардың ата-аналық махаббаты мен мейірімі және балалардың өз тарапынан ересектерге деген құрметі, жанашырлық сезімі болып табылады. Осы тұста Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» деген баяндамасында «отбасының беріктігі, жұбайлардың бір-бірінің ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігіне де көп нәрсе байланысты. Ата-аналар балаларына, ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуға тиіс» - деген болатын. Мұның өзі отбасындағы өмірді ұйымдастыру, ең алдымен, ондағы ересектердің, яғни ата-аналар мен ата-әжелердің бір-біріне деген қарым-қатынасы мен өзара сыйластығы негізінде қалыптасатындығын айғақтайды.

Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады. Адамзат қоғамының қай кезеңінде болсын отбасы тәрбиесінің мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері Қазақстандық ғалымдар Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Л. Лысенко, Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Ж. Әбиев т. б. тарапынан зерттеліп келеді. Олар өз зерттеулерінде қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады. Философ Р. Нұрғалиев өзінің сөздігінде «отбасы - ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға негізделген әлеуметтік қауымдастықтың түрі» деп көрсетсе, ғалым Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерінде «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы» деп анықтама береді. [26. 10-12]

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, білімге құштар болып өсуі, сонымен қатар туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғары тілек, биік мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы отбасы.

Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет. Осы тұста Ресей ғалымы А. Пинт «Ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек өзгерістерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтер секілді кез келген ата-анаға да педагогикалық такт өте қажет. Олар балаларын суықтап қалудан немесе әр түрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, өздерінің дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді» дей келіп, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, педагогикалық елестету, педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қабілеттердің болуын ұсынады.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.

1. Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.

2. Әлеуметтік және белгілі мақсатқа бағытталған тәрбиелік шаралар арқылы әсер етеді.

Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың «тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес.

Адамзат қоғамның қай кезеңінде болсын отбасы тәрбиесі мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. Иассауи, М. Қашғари, классик педагогтер Я. Каменский, К. Ушинский, И. Песталоци, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы. Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В. Сухомлинский, А. Макаренко, Н. Крупская, қазақ зиялылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов және т. б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері де зерттеліп келеді. [38. 57]

Отбасының ұрпақ жалғастырушылық функциясы өмірге ұрпақтың келуімен байланыстырылады. Бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік жағдайда отбасыларында қаншадан бала болуы тиіс. Бұл жөнінде де әр түрлі саладағы мамандар көзқарасы сан алуан. Мысалы, әлеуметтанушылар М. Тәжин мен Б. Аяғанов нарықтық қатынас жағдайындағы, отбасының құрылымдық сипатын былай деп түсіндіреді: «Біріншіден, қазіргі қоғамның экономикалық өмірі кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында үлкен отбасылармен салыстырғанда қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуға болады, яғни қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып алады.

Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады» - деген.

Ал демограф М. Тәтімов үлкен отбасылардың болуын мақұлдайды. Оның үстіне педагогикалық жағдай отбасыларында көп баланың болуы тәрбие мәселесін анағұрлым жеңілдететінін көрсетеді. Осы тұста кеңес педагогі В. Сухомлинский «Отбасы қаржы жағынан қаншалықты тапшылық көріп отырса да отбасында бір баламен шектеліп қалуға болмайды. Өйткені, бір баланы тәрбиелеуге кеткен шығын көп баланы тәрбиелеуге қарағанда анағұрлым көп» деп көрсетеді. [35. 56-57]

Адам өмірге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін отбасының ықпалын сезінеді. Бұнымен ешқандай тәрбиелік қоғамдық институттар тең келуі мүмкін емес. Әрбір отбасында өзіне тән белгілі бір адамгершілік-рухани деңгей қалыптасқан. Осы деңгей қаншалықты жоғары болса, отбасындағы адамдардың мәдени қажетін қанағаттандыру, қызығуы мен қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік болады. Онда бала тәрбиесі дұрыс жалғасын тауып, адамгершілік және көңіл күйлік-эстетикалық байлықпен өмір сүреді. «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында ал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

  • Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.
  • Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
  • Әдебиетке, өнерге, мәдениетке тәрбиелеу.
  • Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа тәрбиелеу.

Бұл мақсаттардың барлығы жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектептерде тәлім-тәрбие беріледі.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы ата-ана», «Әкеден ақыл, анадан мейір алады». Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.

«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады» деген дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы, данышпан, ойшыл, ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби «Азаматтық дегеніміз - жеке адам санасының жетілуінің ең жоғары сатысы. Жанының шалқар шабыты, қиялының қия шыңға самғауы. Ал ол өте қарапайым нәрседен туған: шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиінен, отбасынан басталады. Отбасы - біздің қоғамымыздың алтын қазығы» деген екен В. А. Сухомлинский.

К. Д. Ушинский кезінде ересектер назарын мынадай бір нәрсеге аударды: егер жас ағаштың жіп-жіңішке бұтағында торғай отырса бұтақ өзінің өсу бағытын өзгертеді. Бала да сол сияқты: ол да өз жан дүниесінің даму бағытын өзгерте салуы үшін онша көп нәрсе керек емес.

Бала мінез-құлқындағы титімдей ақау адаммен бірге өсе келе кейін қоғам үшін үлкен кеселге айналады, ал бала бойындағы адалдық пен адамгершілік дәні келе-келе игі жемісін береді. Балаға өмірдегі алғаш кездескен жәйттер бәрі ұмытылмас әсер қалдырады. «Сіздер перзенттеріңіз ата-ананың мейірім шапағатынсыз-ақ тамаша адам болып өседі деп ойласаңыздар, онда қоғамға, сөз жоқ опасыздық жасаған боп шығасыздар. Ата-ананың ыстық махаббатына бөленбеген жандар көбіне - көп жарымжан жандар болып қалмақ» (А. С. Макаренко)

Шынында, ата-ана мейірімін көрмей өскен балалар өзін қоршаған әлемді қатал да қатыгез әлем деп сезінеді.

Осы жерде Халық батыры Бауыржан ағамыз: «Үш нәрседен қорқамын:

1. Бесік жырын айтатын аналар табылмай ма - деп,

2. Ертегі айтатын әжелер табылмай ма, - деп.

3. Өз тілі мен салт дәстүрін құрметтейтін азамат табылмай ма - деп, қорқамын» деген екен.

Ал бүгін мұның түбінде қандай ашы да терең шындық бар екені баршамызға аян. [27. 59-60]

Бала отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да тәрбиенің негізгі өзегі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек.

Бала жүрегі айнадай тап-таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет етеді. Л. Пинттің пікірінше, ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Ал О. Кунц «Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады» деп түсіндірген.

Отбасындағы бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру бүгінгі қоғамның проблемасы, отбасындағы бала тәрбиесін зерттеуде ғалымдар еңбектеріне тоқтала отырып тиімді шараларын қарастырдық, сондықтан да дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру» деп алдық.

Ғылыми зерттеу аппараты

Тақырыбы: «Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. »

Мақсаты: Бүгінгі таңда отбасындағы бала тәрбиесіндегі кемшіліктерді

анықтауда тиімді іс-шараларды көрсету.

Міндеті: 1. Отбасы тәрбиесін зерттеген ғалымдар еңбектерін саралап

талдау

2. Бала тәрбиесіндегі тиімді жолдарын іздестіру.

Зерттеу объектісі: Отбасындағы бала тәрбиесін ұйымдастыру

Зерттеу пәні: Отбасындағы бала тәрбиесің іске асыру жолдары.

Ғылыми болжам: Егерде отбасындағы бала тәрбиесіндегі олқылықтар дұрыс

анықталып, тәрбие жұмысы тиімді ұйымдастырылса, онда халқымыздың бай тәжірибесіне сүйене отырып бала тәрбиесіндегі жақсы идеяларды өмір тәжірибесінде қолдана білсек, онда өз Отанның сүйетін рухы бар, тілін, дінін, дәстүрін қадірлейтін азаматты тәрбиелеп шығарамыз.

І тарау. ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

І. І. Бүгінгі таңда зерттеу мәселелері.

Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр, яғни, болашақ тізгінің ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.

Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі, алтын бесік - отбасы болса, екінші алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет етітін мұғалім мен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.

Отбасы тәрбиесін зерттеген ғалымдар Л. Д. Столяренко, Т. А. Куликова, О. Л. Зверева, А. Н. Ганичева, Е. П. Арнаутова, Л. В. Загик, Ю. П. Азаров, В. И. Гребенников, Л. И. Маленкова, Х. Арғынбаев, Байжанов, К. Т. Баймуханова, З. Мейірбанова т. б.

Отбасы тәрбиесін зерттеген ғалымдар еңбегі: Т. А. Куликова «Отбасы педагогикасы және отбасы тәрбиесі», О. Л. Зверева «Отбасы педагогикасы және отбасы тәрбиесі», Х. Арғынбаев «Қазақ отбасы», Ә. Жұмаханов «Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері».

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.

Дана халқымы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұнғыш тәрбиешілері. Бала - ата-ананың адамгершілік айнасы.

Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірім қарым-қатынастың қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.

Кішкентай балалардың үлкендер не айтса соны айтатыны, не істесе соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз. Сондықтан да отбасы - баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы рөлі өте зор. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек. Өмірге ұрпақ әкелген соң өнегелі отбасын құрып, әке мен ана болу - әрбір адамның міндеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мектептің ата-аналармен жұмыс істеудегі рөлі
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Оқушылардың отбасына бару
Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz