Отбасындағы проблемеларды анықтау, оларды шешу жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе. 3-5

  1. Тарау. Отбасы тәрбие басы.

1. 1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері. 6-9

1. 2. Отбасының баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлі. 10-22

1. 3. Отбасы түрлеріне сипаттама, жіктелуі. 23-30

  1. Тарау. Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы.

2. 1. Ата-ананың түрткілерінен туындаған тәрбиедегі қателіктер. 31-40

2. 2. Отбасылық жанжал, оның мәні және құрлысы пайда болу

себептері. 41-45

2. 3. Ата-аналармен жүргізілген зерттеу жұмыстары мен олардың

нәтижелері. 46-49

Қортынды. 50-51

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қоғамдық жаңғыру кезінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті-бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатады. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымды дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі т. б. отбасы тәрбиесіне оның құрлымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратынын белгілі. Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ. Нақтылап айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жабылуы осы жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екеніне айқындала түседі.

Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі-отбасы мүшелерінің арасындағы қарыс-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын-ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т. б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.

1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда «отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана жыне бала денсаулығы» секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болмағанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттары мен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалауының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, З. Матейчик, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запарожец, А. Д. Кошелева, Е. И. Негнивитцкая және т. б. белгілеген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю. П. Азарова, И. В. Гребинников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгілеген.

Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, бастауыш мектеп жасындағы бала тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен ауылды жерлердегі ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлауне болмаса педагогика, психология саласынан элементарлы болса да білім беріп, сауатын ашу мәселесін Отанымызда әлі күнге зерттеуге алынбаған.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті ашық көрсетілген. «Қазақстан 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекімделе түсті.

Қазіргі заман отбасының құрлымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда. Осы заманның тағы бір ерекшелігі-толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т. б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.

Ғылыми зерттеу аппараты.

Мақсаты - Отбасындағы проблемеларды анықтау, оларды шешу жолдары.

Міндеті - 1. Отбасындағы түрлі проблемалардың пайда болу себептерін

анықтау.

2. Балаға тәрбие берудегі ата-ананың ролі.

3. Баланы тәрбиелеу жолдары.

Зерттеу объектісі - Отбасы.

Зерттеу пәні - Отбасы тәрбиесінде туындайтын проблемаларды анықтау.

Зерттеу әдісі - Отбасы туралы ғылыми әдебиеттерді шолу, эксперимент жасау (анкета, тест өткізу) .

Ғылыми болжам - Егер ата-ана балаға жастайынан көп көңіл бөліп, оның бос уақытын өткізуге үлес қосса, онда отбасындағы қиындықтар азаяр еді.

I Тарау. Отбасы - тәрбие басы.

1. 1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері.

Тәрбие туралы сөз болғанда бұдан бұрын өмір сүрген атақты ағартушылардың отбасы тәрбиесі жөніндегі пікірлерін еске түсірсек дұрыс болар еді. Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев отбасынан бастап дұрыс жолға тәрбиелеу керек екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. өз өмірімен де адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды. Балаларды тәрбиелеуде оның айналасы, өмір сүрген отбасы әсер ететінін Абай жақсы түсінді. Абай баланы ата-ана дұрыс тәрбиелеуге тиіс, масаттандырмай, орынсыз ерке, қылжақбас етпей тәрбиелеуді, өтіріктен, құлық сұмдықтан, тағы басқа жағымсыз мінездерден аулақ ұстауға ақыл берді.

«Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деді. сонымен қатар Абай өзінің «Оныншы сөзінде» қазақтың үй ішіндегі тәлім тәрбиесін сынға алды. «Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға салып, жөнсіз, жағымсызмінездерге баулиды. әуелі балаңды алдайсың, әне оны берем, мұны берем» дегендерін сөгеді.

Баланы жасынан ғалымға, оқуға үйір қылып тәрбиелеуді дұрыс дейді. Абай ескі феодалдық санады тәрбиеленіп, жастарды бұзып жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестенің таза сақтауды, халықтың бала тәрбиесі жөніндегі бай тәжірибесінің үлгі-өнегесіне сүйенуді дұрыс деп санады.

«Ата-анаға көз қуаныш…» атты өлеңінде бала тәрбиесі, ата-ананың өз ұрпағына сүйіспеншілігі, оған артар міндеті, күтер үміті туралы сөз етеді.

Абай өлеңенде әрбір ата-ананың баласын мәпелеп, еркелетіп өсіретінін, олардың тәлім-тәрбиесіне айрықша мән беретінін баяндай келіп, егер бала жасынан отбасы, ошақ қасынан аса алмай, үйкүшік, жасық болып өссе, онда әке-шешееңбегінің зая кететінін, үміт арманының орындалмайтынын айтады. Сондықтан ақын жас ұрпақты жаңалық аталауға үйір, талантты, жігерлі болуға, қатарынан қалмауға, масыл болмауға шақырады, елін, жерін сүйер, ата-анасын, туған-туысқанын сыйлар жақсы азамат қылып тәрбиелеуді басты шарт деп санады.

XX ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген: «Әрбір тәрбиешінің қолданантын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті».

Ал отбасы тәрбиесі туралы ол былай деген: «Үйдегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын, тәртіп өзгермейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса бүгін жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада сенім қалмайды. Бұл-бір. Екінші-баланың жаратылыс табиғаты тілейтін жүгіруден, ойыннан тию секілді нәрседен баланы тию дұрыс емес».

Баланың жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала «жасама тәртіпті оп-оңай бұрып кетуі, яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді» деген. Жалпы тәрбие туралы ойлар қай уақытта айтылса да отбасындағы тәрбие дәстүрлерімен үйлесіп жататынын байқауға болады.

Жүсіп Баласағұнның «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» дегені, есі кіріп тілі шыққаннан кейін баланы тым шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады.

Сондай-ақ, халықта «баланы бес жасқа дейін патшадай, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген даналық қағидалары баланың әр жастағы тәрбиесі мен іс әрекеттері туралы айтылған.

Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин ата-ана тәрбиесінің маңыздылығы жайындағы пікірлеріне көңіл аударсақ, ол да қазақ отбасының тәрбиесіне көңіл бөліп, жоғары бағалағанын байқаймыз.

Ғалым адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі тәрбиеге байланысты дегенді айтады.

Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке - отбасын асыраушы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. әкенің мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы.

Егер ата-ана тарапынан тәрбие дұрыс берілсе оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Отбасында ананың рөліне көп мән берілетіні белгілі. Ананың балаға деген шексіз махаббатын мынадай өлеңжолдарынан байқауға болады.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын,

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін,

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін, -

дей отырып, баланың ең жақын ақылшы адамы ана екенін көрсеткен.

Отбасы тәрбиесінң жас ұрпаққа ететін ықпалы өте зор, оны өмірде басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазақ халқының бала тәрбиесі туралы тәжірибесін жинау, оны дұрыс пайдалана білу бүгінгі күннің несібесі. Қазіргі заманда халдықтық салт-дәстүрді пайдалана отырып, балана кішкентайынан дербес әрекет жасай білуге, өзіне өзі қызмет көрсетуге үйретуден бастау керек.

Бала жастайынан үлкенді сыйлап, өзінен кішіге жәрдем етіп, үй жануарларына қамқорлық жасап, оларды күтіп бағуға араласуы, ілтипатты адам болып өсуіне ықпал жасайды. Ата-аналар, ұстаздар балаға үнемі ұлағатты сөздер айтып, өзін ұстап, ізеттілік көрсету керектігін түсіндіріп отырғандары жөн. балаға үнемі үлгі-өнеге көрсету арқылы олардың бойында жақсы дағдылар қалыптастырып сәлемдесу, үлкенге қарсы келгенде жол беру, бірер сөйлемде сөзін бөлмеу тыңдау, қонақты қарсы алу т. б. мәселелерді тек жай сөз арқылы емес іс арқылы орындауын көрсетіп жатса қуанарлық жағдай.

Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы-отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын негізгі орта. Сондықтан бүгінгі күні отбасының мәні, отбасының тәрбиелік рөлі арта түсуде. Әр уақытта «отбасы», «туған үй» адам үшін ең басты ұғымдардың бірі болып келген.

Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. Өйткені отбасы беретін өмір сабағын балаға ең жақын адамдары-ата-анасы, ата-әжесі үлкен ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол, онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институттары тең келе алмайды.

Ресей елінің ғалымы Л. Д. Столяренко отбасы, отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтамалар берген:

«Отбасы-өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы».

Ал педагогикалық энциклопедия сөздігінде былай делінген:

«Отбасы-кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар».

Отбасы тәрбиесі туралы сөз болғанда келесі анықтамаларға назар аударуға болады:

«Отбасы тәрбиесі-туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші» (Қазақша энциклопедия сөздігі) .

«Отбасы тәрбиесі-нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие білім беру жүйесі» (Л. Д. Столяренко) . Қазіргі заман дефектілерін «неблагополучные» дейді М. И. Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матейчик, Х. Фигдор т. б. белгілеген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е. П. Арнаутова, А. И. Захарова, Е. И. Кульчитцкая т. б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А. И. Захарова, психолог Д. Б. Эльконин, А. Я. Варга т. б. зерттеген.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Ж. Баласағұни, С. Сарай шығармаларында, хандық дәуіріндегі ақын жырау мұраларында Ы. Алтысарин еңбектерінде, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанамен, әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З. Әбілова, С. Ғаббасов, І. Р. Хамитова, А. Ш. Икрамова т. б. еңбектері бар.

Отбасының мағынасы ондағы балалардың дамуы үшін, олардың жалпы адамзаттық тәжірибені меңгеру үшін жасалатын жағдайлармен анықталады. Ерте жастан бастап балалар үлкендерден үйренеді. Ол тек жүруді мен сөйлеуді ғана емес, заттарды дұрыс пайдалана білуге, білім алуға, еңбек етуге сезінуге, ойлауға, шыдамды болу, басқа адамдар мен өзімен-өзі қарым-қатынас жасай білуге үйренеді. Дәл осы отбасында балалар қарапайым әрі табиғи түрде өмірге бейімделеді, өйткені «күн сайын ертеден кешке дейін, кейде түн ортасына дейін ата-ана, ағалар мен әпкелер, аталар мен әжелер ретінде отбасы баланың алдына сан алуан мінез-құлық түрлері үлгілерін, үлгілердің «ассортиментін»-сөздер, қимылдар, еңбекке, адамдарға, еліміздегі саяси оқиғаларға деген қатынастарды жайып салады. » (А. А. Аркин, 1952, 12-б. ) Сонымен қатар отбасында бала қалай өмір сүру және нені білу керектігін, өмірдің шындығында қандайлығын, адамдардың өздерін іс жүзінде қалай ұстайтындығын: олардың бір-біріне, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын, олардың бағалаулары мен пайымдауларын, ойланулары мен толғануларын сезінеді, көреді, естиді.

Отбасылық тәрбиенің ерекшелігі-оның эмоционалдық сипатында, бұл «туыстық сезімдерге негізделген, тереңде жатқан балаларға деген қандас махаббатпен және балалардың ата-анасына қайтарған сезімдермен беріледі». (Мектепке дейінгі педагогиканың негіздері, 1980. 230-б. )

Психологтар мен педагогтар бірауыздан нақ осы махаббатқа, сенім білдіруге, өзара қызығушылыққа негізделген жақын үлкендермен қарым-қатынастардың отбасылық тәрбие атмосферасын анықтайтыны растайды. «Жеке тұлға тек тіршілік етіп қана қоймай, алғаш рет өзара қатынастар желісінде байланған «түйін» секілді пайда болады…Сондықтан, нәрестенің денесі бірінші минуттардан-ақ адам қарым-қатынастарының бірлігіне енгізілген, ол қазірдің өзінде жеке тұлға. Өйткені, өзге адамдар оған адамша қарым-қатынас жасайды. Бала өзі осы қызыметті іске асыра бастаған кезде жеке тұлға ретінде қалыптасады. Алғашқы кездерде үлкендердің көмегін қажет етеді, кейін онсыз да іске асырады». (Э. В. Ильенков, 1979, 195-б. ) .

Алайда соңғы жүзжылдықта қоғамдық қайта құрулардың қарқынының өсуі отбасы қатынастары саласын да қамтыды, олардың дәстүрлі формалары өзгерістерге ұшырады: патриархалдық ірі отбасылыр ыдырады, олар нуклеарлық отбасына (ата-аналар мен балалар) орын берді, отбасында балалар саны қысқара бастады, олардың мүшелері арасындағы тығыз байланыстар нәзік әрі берік емес бола бастады. Біздің ғасырымызда осы айтылғандардан басқа, баланың дамитын бірден-бір орта болудан қалды. Соңғы жылдарда баланың толыққанды және жан-жақты дамуы үшін тек ғана отбасы тәрбиесінің жеткілікті екендігіне күдік келтіріле бастады.

1. 2. Отбасының баланың жеке тұлға болып

қалыптасуындағы рөлі.

Отбасы тәрбиесі - баланы жан-жақты жетілдіру үшін көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы мен мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зертеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педагогтер нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелігі отбасыға тәуелді . Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. . Баланың тәрбиелілігі отбасы тәрбиесінің нәтижесі.

Ж. Қоянбаев педагогикалық еңбегінде:” Отбасы-ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар (әке, ана, бала…) тобы) деп анықтама берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес беру туралы
Құрастырмалы конструкцияларды монтаждау
Экологиялық білім беру
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Басқару психологиясы
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Аудитті жоспарлаудың қағидалары
Аудитті жоспарлау мен аудит бағдарламасы
Аудиттық жоспарлаудың сатысы
Теңіз стационарлы платформа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz