Павлодар – Ертіс өңірінің географиялық орны және табиғат байлықтары
ПАВЛОДАР - ӨНДІРІС КЕШЕНІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І бөлім. Павлодар – Ертіс өңірінің географиялық орны және табиғат
байлықтары
1.1 Павлодар өңірінің тарихи мағлұматтары
1.2 Павлодардың Ертіс өңіріндегі өндіріс кешендерінің даму барысы
1.3 Өлкенің өнеркәсіптік аймақтары
1.4 Ертіс өңірінің су ресурстары
ІІ бөлім. Өңірдің қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайы
2.1 Тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы
2.2 Индустриялық-инновациялық даму және сыртқы экономикалық саясат
2.3 Шағын кәсіпкерлікті қолдау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Павлодар Ертісінің өңірі – бұл Сарыарқаның кең жазира даласы мен
көрікті Баянауыл, бұл көне Ертістің ерекше көркем аңғары мен Шалдай
қарағайлы орманы... Мұнда бір рет болғанның өзінде, біздің жер туралы сіз
мәңгі ұмытпайтын боласыз әрі мұнда тағы да келгіңіз келетіні сөзсіз.
Біздің өлке дарынды адамдар өмір сүрген көне өркениетті жер, көптеген
тарихи тұлғалардың бесігі, олардың есімі ұрпақ жадында мәңгі ризашылықпен
сақталады.
Павлодар Ертісінің өңірі – қуатты өндіріс аймағы, экономикалық
әлеуеті бойынша елде жетекші орын алады. Павлодарлықтар егемен
Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына өзінің елеулі үлесін қосып отыр.
Географиялық жағдайының қолайлылығы, табиғат байлығының молдығы бүкіл
ел үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік
инвесторларды өңірге тартуға нақты мүмкіндік береді.
Облыста қазір сегіз жүз мыңнан астам халық тұрады, мұның тең
жартысынан астамы Павлодарда, Екібастұзда және Ақсу қалаларында. Әрине,
қандай да ірі, көрікті шаһардың келбеті, өзіне тән реңк-суреті, сән-
салтанаты, тіпті салт-дәстүрі әлдебір қайраткер басшының пәрмен-қаракетімен
орнықпайды, бұл үшін, ондаған жылдар бойы қалыптасқан рухани-мәдени орта
керек, біліктілік, білімділікпен бірге жұрт жаппай діттеген таным қажет.
Адамзат қауымының зиялылық руханиятының басты белгі- шарттары сипатты, бұл
игіліктің алғашқы нышандары Ертіс жағасынан қала салып, оның ат тұяғы жетер
төңірегіне қалың ел қоныстана бастаған кезде-ақ қаланған. Мезгіл межесін
нақтылап айтсақ, ол осы өңірдің екі ғасырға тақау тарихын қамтиды.
Ұлы Ертіске ұрымтал орналасып, ертеден Ақсу атанған (соңғы жылдарға
дейін Беловка болып, ал аудан қанішер қазақ-орыс Ермактың есімімен аталып
келді) елдің аты қазіргі кезде әйгілі Ақсу ферроқорытпа зауытымен және де
Ақсу ГРЭС-імен бүкіл әлемге белгілі.
Әйгілі ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев туған өлкесі - Ертіс алқабындағы
миллиондаған қалың ел мүддесі үшін абырой-беделін салып, ақыл-ойы мен
білімін сарқа жұмсап жүріп, жасап кеткен мәнді де мәңгі істері ұшан-теңіз.
Соның бірі – Екібастұз көмір ошағының қилы тағдырын сәтті шешіп, тежеусіз
даму жолына салып кеткен ұлы ерлігі ...
Екібастұздың отын қоймасы 1867 жылы ашылғанмен, оның отқа жанғыш тас
көмірінің шынайы нарқы, қоры, орасан зор мүмкіндігі 1895-98 жылдар
аралығында белгілі кен инженері А.К.Мейстер жүргізген сарапшы-эксперттері
– француз инженерлері Дюмарэ, Кателен) жан-жақты барлау нәтижесінде белгілі
болған.
Қазақстан Республикасының солтүстік шығысындағы әкімшілік- аумақтық бөлік.
Ертіс өзенінің орта алабында орналасқан.

Қазан революциясына дейін және одан кейінгі 10 жыл бойы Семей
облысының Павлодар уезі болып аталды. 1932 – 1938 ж. Шығыс Қазақстан
облысындағы аудан.
Павлодар облысы Шығыс Қазақстан өңірінен, оның әкімшілік орталығы
Семейден 1938 жылдың 15-қаңтарында бөлінген. Жаңа облыстың иелігіне 10
аудан, бір қала 135,5 мың шаршы метр жерімен енген-ді, онда 222 мың халық
тұратын, ал әкімшілік орталық боп белгіленген һәм облыс атын иемденген
Павлодарда небәрі 25 мың тұрғын бар-ды. Екі жылдан соң аудандардың саны он
екіге жетті, облыс тұрғындарының құрамы 250 мыңнан асып, үш елді мекен
жұмыскер қалашығы деп аталатын болды.
Алтайдың алып таулары мен қалың орманды жыңғылының бес жүз шақырымдай
ұзап, Павлодар өңіріне тақағанда Ертіс ертеде Ақжазық атанған ( жаңа
облыстың шаңырағын көтерерде осынау киелі ақ сөзімен астасқан өзгеше
поэтикалық атаудың ешкімнің ойына түспегені өкінішті-ақ, бәлкім, оған да
әлі кеш емес) иен далаға жайыла ағады. Көктемгі тасқын суы дегдіген кезде
мыңдаған гектар қара топырақты, түгін тартсаң май шыққандай құйқалы жер,
өзеннің арғы-бергі жағындағы шалқар алқап көкмайса шалғынға тұнып тұрады.
Бесқарағай ауданының Долон атты елді мекенінен (бұл аудан 50жылдары
Павлодардан ажырап, Семей облысына қаратылған) басталған осы көрініс сонау
Омбыға дейін өзгермейді. Ұлы өзеннің мың бұралған шалқар айдынымен үш-төрт
тәулік үдере жүзіп келе жатқанда, кеме үстінен шоқтанып ойдым-ойдым өскен
ну қарағай мен белуардан келген көкмайсасы жығылып қалған гүлді өлкені
көресің ...
Бұл өңірдің ежелгі тұрғындары және өткен ғасырдың аяғы мен осы
ғасырдың бас кезінде қоныс аударғандар, негізінен, Ертісті жағалай
қоныстанып, шұрайлы өлкеге егін салып, мыңдаған ақтылы мал ұстап күнелткен-
ді. Шынын айтқанда, аса жаман тұрмаған: ішерге асы мол болған; өрісі төрт
түлік малға толған; қамбаға сыймаған астығын төңіректегі қалың елге,
әлділері су жолымен Сібірге де шығарған; жасыл құрақ шалғынды орып, маялап
үйген шөбін қыс бойы қыр қазақтарына сатып та байыған...
Отызыншы жылдары бұл тірлік түбегейлі өзгеріске ұшырады. Мал мен
жерді меншіктеу түбегейлі жойылды да, өзара қоғамдасқан ұжымдар,
серіктестіктер қожалық ететін болды. Соның бәрі социализмге төтелеп және
тезірек апаратын айқынжол деп жарияланды... Сол ұранмен едел-жедел
ұйымдасқан 465 колхоз, 10 кеңшар және жиырма шақты МТС, алайда Павлодар
өңірінің бұрынғы өндіретін астығы мен мал өнімінің жарымын да бере алған
жоқ. Сойқанды И.Сталиннің Қазақстанда социализм орнатуға жіберген қызыл
жендеті Ф.Голощекиннің пәрменді жүргізген Кіші Қазан саясатыныың ақырында
бұл атырапта бұрын жайылымға шығатын төрт түлік малдың оннан бірі ғана
қалған-ды, астық егу де күрт кеміп кеткен еді. Материалы по обследованию
хозяйства и землепользования киргизь Семипалатинской области деп аталған
есеп-сынақ кітабының Павлодар уезі бойынша 1910 жылы екінші мәрте қайыра
жүргізілген зерттеуінің І томында (294-297- бб.) осы өңірдегі 23 болыс
елдің тірлік-тынысы мынадай дерекпен бейнеленген: бүкіл уезде 2819 ауыл
болыпты, бұлар 24103 қожалық құраған, олардың ішінде 6939 қожалық егін
шаруашылығымен тікелей шұғылданған, қалғаны мал баққан және өзге
кәсіптермен айналысқан; тек қана болыстарда 147431 адам болған – бұлардың
бәрі де қазақтар екенін ескерту қажет; қыр қазақтары сол қарсаңда 24931
киіз үйге, 34131 күрке мен 6015 жалған қыстауға (сірә күзде паналайтын жер
үйлер), 41052 қора-қопсыға және 3359 соқа, 3267 жыртылған жерді тегістеуші
малаға иелік етіпті; үш мыңға тақау ауылда жиын саны 299611 бас
жылқы,378550 мүйізді ірі қара, оның 116448 басы бұзау,демек, соншама сауын
сиыр, 636187 қой-ешкі, 13355 түйе болған, одан санақ жүрген жылы 1097 бота
туған... Осыншама малды қыста аман сақтау үшін қыр қазақтары 1909 жылы 5
793354 шөмеле ( мұның 1 526345-і Ертіс жағасындағы қазына жерлерінен
шабылған) дайындапты, 14788 десятина жерге егін еккен. Осыншама байлықты 23
болыстың әрбір қожалығына орта есеппен бөлгенде 12 жылқы, 16 сиыр, 26 қой-
ешкіден келіп, екі қожалыққа бір түйе тиеді екен, ал әрбір диқан екі
десятинаға тақау жерге егін салған. Біз атаған шаруашылық көрсеткіштерін
қазірде жер иеленіп жатқан дербес қожалықтар меншігіндегі мал санымен
салыстырыып көріңіз, немесе 1938 жылы бұрынғы Павлодар уезінің иелігіндегі
жерде шаңырақ көтерген облыстағы колхоздар мен совхоздар, жекеменшік иелері
өріске шығарған мал мөлшерімен?...
Қалай десек те, жаңа облыстың басшылары мейлінше азып-тозып, әбден
күйзелген шаруашылықты мұраға иеленген-ді, ал бұл өңірдегі өндіріс жөнінде
тіпті де сөз етуге келмейтін. Бұрынғыша тері илейтін, сабын қайнататын, ұн
тартатын, аздап кірпіш күйдіретін шағын кәсіпшіліктер ғана бар-ды. Солардың
ең ірісі – Павлодартұз тресі мен Баянауыл ауданындағы Майқайыналтын
өндірісі өнім беріп, бірсыпыра жұртты асырап отырған-ды. Алғашқы
бесжылдықтарда Павлодарда нан, сыра зауыттары, элеватор, шеберхана,
жолаушылар айлағы тұрғызылыпты. Маралды мен Тобылжан тұз көлдеріне дейін
темір жол тартылған. Алайда күллі облыста бір шақырым да тас жол жоқ-ты. Ең
сенімді тасымал – су жолы еді. Омбыдан тартылған темір жол Павлодарға
Құлынды даласымен Шарбақты ауданы арқылы келетін. 1910- жылдары жобаланып,
Ресей картасына түскен Павлодар-Ақмола темір жолы салынбай қалған еді...
Алайда Павлодардың қолайлы жағрафиялық ортада және қатынасқа ыңғайлы
жерде орналасқаны себеп болып, бұрын тым шалғай саналған терістік –
батыстағы шеткергі аудандарды біріктірген облыстың әкімшілік орталығы
атанып, жұлдызы биіктеп шыға келді.
Тарихшылар бұл облыстың соңғы қырық-елу жылдағы шарықтап өсуін,
экономикалық зор қуатқа ие болуын екі-үш кезеңге бөліп түсіндіреді: оның
алғашқысы – соғыс тауқыметіне байланысты Батыс аудандардан көшірілген жеңіл
өнеркәсіп фабрикалары мен кейбір зауыттардың Павлодарға түпкілікті орнығуы;
екіншісі – Екібастұздың арзан да мол көмірін пайдалану үшін Ақмолаға тура
шығатын темір жол салынып, әмбе соның негізінде Ертіс жағасында қуатты жылу
стансаларының тұрғызылуы, бұл болса облыс орталығында химия, металлургия,
мұнай өңдей және машина жасау өндірістері ірі кешендерінің орнығуына жол
ашқан; үшінші кезең, сірә, егінге жарамды құнарлы жердің мол болуынан
облыстың тың көтеруші аймақ тізіміне енуі. Шынында да, алғашқы жылдарда
Ақжазықтың (кейбір деректерде бұл алқап Ақдала деп те аталатынын ескерту
парыз) Ертіске таяу қара топырақты құйқалы жері сауыны келген мама биедей
иіп беріп, аса бітік шыққан астықты жия алмаған уақыттар да болған ... Нақ
осы жайт кезінде Бірінші тыңгер атанған Н.С.Хрущевтың ынта-пейілін бұл
өңірге ерекше бұрып, қаржы мен күшті үйіп-төгу нәтижесінде облыс пен оның
әкімшілік орталығының Еуразияның кіші-гірім мемлекетіне парапар дерлік
өндірісі, құрылыс индустриясы, энергетикалық қуат көздері аса өркендеген (
бұған осы жердегі қисапсыз байлықты қосыңыз), қуат-күші ғаламат зор аймаққа
айналуына себеп болған. Әмбе осының бәрі – павлодарлықтардың бүгінгі жас
ұрпағының көз алдында, соңғы отыз жылдың ішінде өмірге келген игіліктер!..
Қазақстанның солтүстік – шығысы, Ертіс ағысының орта тұсы ...
Осы жерде Қазақстан мен Сібір кездеседі.
Бұл Павлодар облысы, Павлодардағы Ертіс маңы.
Оңтүстіктен солтүстікке дейін 400-ден астам қашақтыққа дейін созылып
жатыр... 127 мың квадрат қашықтықтан асатын бұл жердің жер көлеміне орташа
еуропалық мемлекет сыйып кеткендей. Солтүстік – шығыстағы көршілері –
Ресейді Омбы, Новосібір облыстары және Алтай өлкесі, оңтүстікте және
оңтүстік - батыста – Қазақстанның Шығыс – Қазақстан, Қарағанды, Ақмола
және Солтүстік – Қазақстан облыстары, солтүстік – шығыста – Сібірдің суық
демі, оңтүстік – батыста – қазақстандық ыстық желдер. Қыста қырық градус
шамасында аяз, жазда – қырық градус ыстық болады.
Бұл өлке – контрасты өлке. Бұл жердің табиғаты биязы да жомарт.
Павлодардағы Ертіс маңы жерінің басым бөлігі – мұнда жеңіл және еркін
демалатын, көзге кеңдік, көңілге қуаныш әкелетін шексіз дала. Солтүстікте –
момын қайың ағаштары өскен орман - дала бұрышы. Оңтүстік – шығыста Шалдай
қарағайлы орманы – ол көп ғасырлық және жұмбаққа толы: оны осы жерлерден
ағып өткен күшті өзенннің бұралаңын қайталайды деп айтады.
Таулы – орманды Баянауыл туралы тіпті өлеңдетіп айтқан дұрыс. Аңыз
бойынша, Жаратушы ием барлық өлкелер мен жерлерге табиғат байлықтарын
таратып бергеннен кейінгі қалған ең жақсыны, неге екенін қайдам, дәл осы
Баянауылға сыйлапты.
Табиғаттың алуан – түрлілігін Павлодардағы Ертіс маңынан басқа жерде
өте сирек кездестіресің. Көлінің өзі мыңнан асады, соның ішінде жүздейі –
тұщы.
Облыстың 800 км. қашықтыққа жуық жерін Ежелгі Ертіс өз арнасын төсей
үйіріп жатыр - бұл облысты Батыс Сібірмен байланыстырушы көгілдір жол.
370 мың гектарды алып жатқан оның жайылымы айрықша және жомарт.
Жайылым – бұл арналы шабындықтар – ежелгі табиғи инкубатор. Мұнда, таяз
жерінде, көктемгі күннің сәулесімен қылдырықтардан қыруар жас балықтар
шығады.
Жайылым – бұл азықтың жойылмайтын көзі, қайталанбас жануарлар мен
өсімдіктер дүниесі бар өте сирек кездесетін табиғат кешені.
Бұл өлке осындай – көзге түспейтін және ашық, қатал және жайлы.
Облыс жерінің көп бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқа – Алтын дала деп
бейнелі түрде атап кеткен далалы жазық алып жатыр. Шындығында, бұл атау осы
жердің жыл бойына алтын-сары түске боялып тұратындығынан шықса керек ... .
Бірақ уақыт өте келе атаудың бастапқы мәнісі ашыла бастады – бір қарағанда
көзге онша түспейтін, құнарлылығы да онша емес бұл жер адам айтқысыз мол
байлыққа ие.
Мамандардың есептеуі бойынша, Павлодардағы Ертіс маңының қатты
пайдалы қазбаларының баланстағы қорының жалпы құны 460 миллиард долларға
бағаланады.
Бұл көмір мен алуан түрлі металл, соның ішінде алтын, құрылыс материалдары
және тағы басқалар. Кен өңделуде, басқаларында қосымша геологиялық зерттеу
жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемі, шығарудың жағдайы
анықталуда.
Павлодар облысында Қазақстанның көмір қорының үш бөлігінен астамы
шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз бен Майкөбе, олар, әрине, 10,5
миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақтайды.
Болашақта басқа үш миллиард тонна көмір қорымен тоғыз кен орнын игеру
көзделіп отыр.
Осы барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің терең жатпауында,
кейбір жерлерде тіпті жер бетіне шығып жатады. Сондықтан ол үнемді ашық
әдіспен алынады. Екібастұз бассейнін игерудің бірінші жарты жылдығында екі
миллион тоннадан аса көмір алынды. Зерттелген көлемі бірнеше жүзжылдыққа
жетеді.
Бозшакөл ірі мыс – порфир кен орны игеруге дайындалып қойылды.
Мұнда рудалар жер бетіне жақын жатыр және өнеркәсіптік қоспасында тек қана
мыс емес, сол сияқты күміс, молибден, басқа да бағалы металл түрлері бар.
Ал барлық кен орындарында мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны
құрайды.
Болжам бойынша алтын, бұл қымбат металдан басқа, сол сияқты күміс,
мыс, мырыш, бариті бар кен орындары 150 тоннаға бағаланады.
Кобальт пен никель кен орындары, болжам бойынша, 14 мың және 251 мың
тоннаға бағаланады, марганец – 70 мың тоннаға бағаланады. Өлкенің руда
қорларының маңызды ерекшелігі – олардың көп компонентті құрамы: негізгі
аталған металдардан басқа, онда молибден, берилий, индий, талий, галий,
селен, теллур бар ...
Облыста малахит пен бирюза кен орындары табылды. Кейбір мамандар
техникалық және зергерлік алмастарды табу үшін нақты алғы шарттары бар деп
есептейді.
Қазірше Павлодардағы Ертіс маңында мұнай мен газ кен орындары жоқ.
Бірақ, бұл – уақыт шешетін нәрсе. Облыс жерінің жарымына жуығын Ертіс
маңының ойпаты алып жатыр, геологтар болашақта көмірсутегі шикізатының мол
қорын алу мүмкін деп есептейді. Мұнай ресурстары, болжам бойынша, 315
миллион тоннаға, ал газ 148 миллиард текше метрге бағаланады.
Сол сияқты облыста 89 жалпы тараған пайдалы қазба кен орындары бар:
бұл түрлі құрылыс материалдары өндірісі үшін шикізат, өнеркәсіп қажеттігі
үшін және басқа мақсатта қолданылатын шикізаттар.
Мысалы, Қарасор қалыпты кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Шамамен 700 миллион
тонна бағалы шикізатты Сухановск каолинді (ақ күйдірілетін) отқа төзімді
саз балшық кен орны сақтайды.
Бұл Сарыарқаның бар байлығы емес. Іскер, әрекетті адамдарды
екіншілікті зор ресурс қорлары қызықтыруы мүмкін: Екібастұздағы және
Майкөбедегі ашылған жыныс опырындылары, Майқайыңдағы алтыны бар рудалардың
құйрықтары, шлак пен күлдің жоталары – қуатты электр стансаларының
қалдықтары.

Қазіргі облыс жерінде адам палеолит заманында (ежелгі тас дәуірінде)
пайда болған деген анық деректер бар. Бұған дәлелдер – тас құралдарының
табылуы, садақтар мен найзалардың шақпақ тастардан жасалған ұштары. Осы
экспонаттар, сол сияқты ежелгі басқа заманның көптеген куәлері облыстың
тарихи-өлке тану мұражайында жинақталған. Осы мұраның бір бөлігі қазіргі
қазақтардың ата-бабаларының бірі – сақ тайпаларына тиісті. Павлодардағы
Ертіс маңы – түрік халықтарының бесігі Түрік қағанаты пайда болған Еуразия
ежелгі өркениетінің жері. Ғалымдар қола және ерте кездегі темір заманының
шекарасында Баянауыл таулы-орманды массивін айнала Өлеңті, Шідерті
өзендерінің аңғарлары және Ертістің сол жақ жағалауына орналасқан тасмола
сәулет мәдениетінің даму орталығы болғанын анықтады.
Ертістің ортаңғы ағысында 9-11 ғасырларда Қимақ қағанатының астанасы
Қимақия қаласы орналасты. Қимақтардың 16 қаласы болды, олардың басым
көпшілігі Ұлы Жібек жолының керуен жолы үстінде орналасты.
11-13 ғасырларда Павлодар облысының жері Қыпшақтың ең күшті мемлекеті
– Дешт-пен-Қыпшақтың бір бөлігі болды. Сол уақытта және кейініректе мұнда
дәстүр бойынша қыпшақтар, наймандар мен керейлер көшіп-қонатын. Қазақ
хандығының құрылуы және дамуы кезінде Павлодардағы Ертіс маңы қазақтың Орта
жүз рулары арғындардың, наймандардың, қыпшақтардың, керейлер мен уақтардың
орныққан жері болды.
Бірнеше жыл бұрын Аққулы ауылы маңында, Ертістің құламалы жағалауы
етегінде, археологтар осыдан бір жарым миллион жылдай уақыт бұрын жойылып
кеткен жануарлардың сүйегімен бірге ежелгі адамның қиыршық тастан жасалған
қаруларын тапты. Бұдан басқа, бұл табылған заттар Орталық Азияда адамзаттың
шығуы туралы болжамды растайды.
Бірінші орыстар Ертіс маңының жеріне 16 ғасырда кірді – олар Ямыш
көліне тұз алуға келетін. 17 ғасырда Ресей патшасы Петр Бірінші қаулысы
бойынша Ертісте Ямышевская, Железинская сияқты қамалдар салынды, ал олардың
ортасында қоныстар-қамалдар. Соның ішінде Коряков қамалы, содан 1720 жылы
Павлодар қаласының тарихы басталады. Қамалдан алыс емес жерде екі тұзды көл
болды, олар туралы сол кездегі кітаптардың бірінде былай деп жазылады:
Көлдегі судың тұнықтығы сондай, түбі көрінеді, ал тұзының тазалығы сондай,
қар мен мұздай мөлдір, өте дәмді және тәтті.
1731 жылы Қазақстан Ресейге қосылды. Көптеген ғалымдардың, іскер
адамдардың бұрын көріп-білмеген жаңа жерлерге қызығушылығы туды. Сауда-
саттық қызу дами бастады, далалықтармен тез де тиімді тауарлармен айырбас
жасау дұрыс жолға қойыла бастады.
Ұзақ уақыт бойы бұл өлкеде негізгі өндірістік сала тұз шығару болып
қалды.Мұнда негізінен жергілікті қазақтар жұмыс істеді, бұл еңбек өте қиын
болды. Содан кейін мал шаруашылығы шикізатын өңдеумен байланысты өндірістер
пайда болды. Жартылай кәсіпшілік цехтар сабын және сыра қайнатты, май
ерітті. Жел диірмендері көп болды.19 ғасырдың аяғында Екібастұзда таскөмір
шығарумен айналысатын Воскресенск тау-кен өнеркәсіптік қоғамы құрылды.
Мұнда қазақтар, орыстар, тұтқындар,қуғын-сүргінде жұмыс істеді.
Далалықтардың өмір ұстанысы, тұрмысы, еңбек жағдайын павлодар фотографы
және өлкетанушы Д.П.Багаев суреттеген.
Қазақ халқы ежелден өз малымен осы жердің кең-байтақ даласында көшіп-
қонған. Ресей мен Украинадан шаруа-көшкіндердің екі толқыны (19 ғасырдың
аяғы мен өткен ғасырдың басы) мұнда жер игеру әдетін алып келді – көшкіндер
жер жыртты, астық, көкөніс өсірді, бақтар отырғызды.
Осылайша мұнда, Қазақстан мен Ресейдің түйіскен жерінде, екі халықтың
қосылуы болды. Олардың қарым-қатынас тарихында әр түрлі жағдайлар болды –
жақсысы да, жаманы да. Басым жағдайда Ресейдің арқасында қазақ халқы жоңғар
басқыншыларымен болған күрес кезінде өзін этнос ретінде сақтап қалды.
Колонизациялау да болды – патша әкімшілігінің қазақтарды ығыстыруы. Бірақ,
сонымен бірге, қарапайым адамдардың бейбіт көршілестігі, тауар айырбастауы,
өзара табысы, мәдениет пен дәстүрлердің өзара әсері де болды.
Кеңес өкіметі кезінде екі халықтың тағдырын зорлықшыл
коллективизацияның ұлы әлеуметтік трагедиясында жергілікті халықты шұғыл
түрде түпкілікті отырғызудың күштеу саясаты тіпті тығыз жақындастырды. Осы
ұлы эксперименттің екеуінің де қайғылы нәтижесі жақсы белгілі.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, еріксіз, біздің өлкенің
халқының санын немістер, шешендер, ингуштар, басқа да репрессияға ұшыраған
халық өкілдері толтырды.
Тыңды игеру Павлодардағы Ертіс маңының өнеркәсібінің қарқынды дамуына
ықпал етті. Сол жылдары Қазақстанмен көптеген Ресейден, Украинадан,
Белоруссиядан, басқа республикадан шыққан адамдар өз тағдырларын
байланыстырды.
Нақты уақытта облыста 760 мыңдай адам бар. Бұл 70-ке тарта ұлт
өкілдері. Шамамен халықтың үштен екі бөлігі қалаларда тұрады, ал үштен бір
бөлігі – ауылдық жерлерде. Көбінесе облыста қазақтар мен орыстар. украина,
неміс, татар, белорусс, азербайжан, шешен, ингуш, поляк, еврей, удмурт,
шуваш диаспоралары да өте басым.ндігін алғаннан кейін бұрынырақта өз
өмірлерін сақтап, отанды тастауға мәжбүр болған қазақ отбасыларының
ұрпақтарына қайта оралуға мүмкіндік туды. Монғол, қытай, ресей қазақтары
бұрын тастап кеткен ошақтарына қайта оралуда. Өкімет олардың көшіп-қонуы
және жаңа жерде орнығуы, жұмыс табуы кезінде көмек көрсетуде. Осылайша
мемлекет өз жерлестері қатысында әр жылдары жіберілген тарихи
әділетсіздікті түзейді.
Түрлі ұлттың адамдары арасында бейбітшілік пен келісім бар. Бұған
егеменді Қазақстанның Ата Заңы, терісінің түсі мен көзінің әр түрлілігіне
қарамай, адамдардың теңдігін жариялайтын заң актілері ықпал етеді.
2. Павлодардың Ертіс өңіріндегі өндіріс кешендерінің даму барысы
Облыстың тиімді географиялық жағдайы, пайдалы қазбалардың көптігі бұл
жерде қуатты өнеркәсіптің құрылуына әсер етті. Павлодар облысы өзінің
экономикалық потенциалына қарай Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде.
Өнеркәсіптің дамуындағы кейбір жайларды ғана еске алайық.
1899 жылы Павлодарда кеме жөндеу шеберханалары құрылды.
1920-1921 жылдары қалаға темір жолы жүргізілді.
1930 жылы Павлодарға бірінші ұшақ ұшып келді.
1938 жылдың қаңтарында Павлодар облысының құрылуы туралы шешім қабылданды.
1949 жылы Ертіс арқылы теміржол көпірі салынды.
1949 жылы бірінші кезекте көмір шығарудың дамуымен байланысты Екібастұздың
жаңа тарихы басталды.
1953 жылы Ақмоладан бірінші пойыз келді. Павлодар – Ақмола теміржолын
пайдалана бастады.
1954 жылы тың жерлерді игеру басталды, темір жолдың Павлодар бөлімі
ашылды.
1955 жылдан бастап облыста өнеркәсіп қарқынды дами бастады.
Павлодар аз уақыт ішінде үлкен құрылыс алаңына айналды.
Павлодар республикада алғашқылар қатарында екі жылға жоспарлаумен
орелдік үздіксіз әдіс бойынша тұрғын үйдің ағымдық құрылысын тәжірибеге
енгізді, мұндай әдіс жыл бойы жұмыс қарқыны мен оның сапасын қамтамасыз
ететін. Жетпісінші жылдардың ортасында облыста жыл сайын 400 шаршы метрге
жуық тұрғын үй пайдалануға берілетін.
Елуінші жылдардың ортасынан бастап, 25 жылдан аз асқандай уақыттың
ішінде, облыста қуатты жерлік- өнеркәсіптік кешен құрылды, ол бұрынғы
Кеңес Одағында қарқынды дамығандардың бірі болып есептеледі.
Осы жылдар ішінде Павлодарда құрылыс-өнеркәсіптік кәсіпорындар
құрылды, алюминий мен трактор зауыттары салынды, жылу энергия орталықтары,
химиялық, мұнай өңдеу зауыттары, жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары,
аэропорт, өзен және теміржол вокзалдары, тағы басқа әлеуметтік мәдениет
тұрмыс объектілері салынды.
Құрылыс материалдарының барлық негізгі түрлерін шығару жөніндегі
қуаттар құрылды; құрылыс материалдарын өндіретін 24 өнеркәсіп кәсіпорны,
олардың жетеуі темір-бетон бұйымдарының комбинаты, бесеуі металл
құрылымдарының зауыты, ағаш өңдейтін комбинат, республикада ең ірі картон-
рубероид зауыты мен минераловат бұйымдары ме керамзит қиыршық тасының
зауыттары, ірі панельді үй құрылысы цехтары болатын. Құрылыс индустриясы
кәсіпорындары өткізетін өнім көлемі жылына 100 миллион сомнан асатын.
Металл құрылымдары, құрама темір-бетон, қабырға блоктары, панельдерғ
кірпіш, газ-бетон, ұялы бетоннан жасалған бұйымдар және т.б, құрылыс
материалдары көп мөлшерде өндірілді.
Ақсу қаласында Қазақстандағы бірінші Ермак жылу электр стансасы
тұрғызылды, ірі металл еріту зауыты салынды.
Екібастұзда дүние жүзіндегі ең ірі жобалық қуаттылығы жылына 50
миллион тонна көмір беретін Алып көмір кен орны, көмірді жоғарыға беретін
бірегей конвейерлі технологиясы бар Шығыс кен орны, басқа да өндірістік
объектілер жұмысқа қосылды. Екібастұзда 80-90 жылдары жылына жүз миллион
тоннаға дейін көмір өндірілді. Оның көп бөлігі темір жол арқылы
Қазақстанның, Сібірдің, Оралдың жылу электр стансаларына жіберіледі.
Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін жылу электр стансаларының жалпы қуаты 20
миллион киловатты құрайтынын есептеп шығарды.
60-шы жылдардың аяғында Екібастұзда жанармай-энергетикалық кешенін
құру шешілді: мұнда өндірілетін көмірдің негізгі бөлігін жылу электр
стансаларының оттықтарында жағып, ал таза энергияны еліміздің басқа
региондарына жібереді. Осылайша Екібастұздан көп ұзамайтын жерде бұрынғы
Одақтағы ең ірі жылу стансаларының бірі сегіз энергия блогының әрқайсысына
500 мегаватт қуаттылық орнатылған МАЭС-1 пайда болды. Екібастұздың МАЭС-2-
не екі энергия блогы енгізілді, еске сала кетсек, екіншісі – басқа ТМД
елдерінен келген партнерлардың қатысуымен егеменді Қазақстан жағдайында.
Электр энергиясын тасымалдау үшін кернеуі 1150 киловольттық ауысымды тоқты
электрлік тасымалдаудың бірегей қосалқы стансасы мен жүйесі салынды.
Павлодар облысы бүгінде республикалық көмір өндірудің жартысынан
астамын, бүкіл жербалшықты, металл ерітінділерінің 60 пайызын, электр
энергиясының айтарлықтай бөлігін береді.
Ал пайдаланудың басынан бастап Екібастұзда барлығы екі милиард
тоннадан көп көмір алынды және осыншасы ашылған жыныс опырындыларына
шығарылған.
Барлық өндірілген көмір тұтынушыларға темір жолмен жеткізіледі.
Екібастұзда Қазақстандағы ең ірі теміржол тармағы жұмыс істейді, ол жылына
жүз миллион тоннаға дейін энергетикалық шикізат жібере алады.
Қазірше жылу электр стансалары толық қуаттарымен пайдаланылмайды, сондықтан
басқа елдерге –Қытайға, Ресейге – электр энергиясын шығарудың жолдары
қарастырылуда. Екібастұз МАЭС -2базасында ірі Қазақстан-Ресей бірлескен
кәсіпорны құрылған. Біздің жақындағы көршілеріміз бен сауда партнерларымыз-
омичтер қазірдің өзінде Павлодар электр энергиясын сатып алуда.
Екібастұзды бекерге көміршілер мен энергетиктердің қаласы деп
атамайды. Осы екі саланың ең ірі кәсіпорындары бүгін де инвестицияларды
тартудың арқасында тиімді әрекет етеді.
Ақсу қаласы Павлодардан отыз шақырымдай қашықтықта, Ертістің сол жақ
жағалауында орналасқан. Оның халқы - елу мыңдай адам.
Ақсу қаласынан сырт орналасқан, өнімінің негізгі бөлігі өзінің жоғары
бақталастыққа иелігімен шетке шығарылатын металл еріту зауыты әлемге
әйгілі.
Қалаға жақын жерде Қазақстан жылу энергетикасының алғашқысы – Ақсу
МАЭС-і орналасқан. Бұл станса жарты ғасырдан аса уақыт әрекет етеді.
Ақсумен қатар Ертіс-Қарағанды каналы басталатын негізгі насос
стансасы тұрғызылған.
Сол сияқты Ақсу-Дегелең жаңа темір жолы осы жерден басталатын
болғандықтан да, Ақсу аты әйгілі. Бұл магистраль қысқа уақыттың ішінде
салынып бітті, ол тек Павлодар мен Семейді ғана байланыстырмайды, сол
сияқты республиканың көптеген аймақтарын байланыстырады. Көп бағыттар
бойынша жүк тасымалдау қашықтығы айтарлықтай қысқарды. Қытайға тура жолды
ашатын жаңа темір жолға ресейліктер көңіл аударуда.
Павлодар алюминий зауыты – тек ТМД-дағы ең ірі түсті металлургия
кәсіпорындарының бірі ғана емес, сол сияқты өнімінің технологиясы мен
сапасы деңгейінде басқаларға үлгі-нұсқа. Осы кәсіпорында жолшыбай рудадан
алынатын галлий тазалықтың жоғары деңгейін көрсетеді, алюминий зауыты
жылына 20 тонна галлий береді, Оны Жапония, АҚШ, Батыс Еуропа елдері сатып
алады, өйткені галлий лазерлік, электрондық, ғарыштық техникада күндік
батареяларды пайдаланумен энергетикада бірден-бір таптырмайды. Павлодар
алюминий зауыты - түсті металлургия кәсіпорны. 1963 жылы қорыту –
механикалық цехы ашылып, өнім бере бастады. 1964 жылы зауыттың алғашқы
кезегі, 1967 жылы екінші және үшінші кезектері, 1968 жылы төртінші кезегі
іске қосылды. 1996 жылы наурыздан Қазақстан алюминий ААҚ-ның құрамында.
Павлодар трактор зауыты - машина жасау кәсіпорны. 1968 жылы
пайдалануға берілген. 1998 жылы кәсіпорынды Алматыдағы Поршень зауыты
сатып алды. 1999 жылының басынан Қазақстан трактор ААҚ болып қайта
құрылды. Акциялар пакетінің 100 пайызы жекешелер мен жеке тұлғаларға
тиесілі.
Павлодар фармацевтика зауыты – фармацевтикалық және медициналық
өнеркәсіп орны. 1999 жылы Ромат фармацевтикалық холдингісінің құрамына
кірген. Бір жолғы шприцтер (жылына 95 млн. дана), бір жолғы қан құю
жүйелерін (жылына 10 млн. дана), таблеткалы дәрі-дәрмек (жылына 1,2 млн.
таблетка) шығарады. Кәсіпорын таблеткалық дәрі-дәрмек өндірісінің
модульдік құрылымынан, дәрі-дәрмекті құтыға , блистерге, стрипке салуға
мүмкіндік беретін үш дербес орау желісінен, бірнеше өндірістік
ғимараттардан тұрады. Зауыт құрылыстарында, сондай-ақ осы заманғы
жабдықпен жарақтандырылған, шығарылатын өнім сапасын бақылаудың арлық
түрлерін қамтитын зертхана жұмыс істейді.
Амстердамдағы халықаралық сауда палатасы Ақсу металл еріту зауыты
шығаратын ферросилицийге дүние жүзіндегі ең жақсы деген бағаны берді.
Павлодар мұнай өңдеушісі бүкіл ТМД бойынша шикізатының ең терең
өңдеуге жеткенімен белгілі.
Бұл тізімді де жалғастыра беруге болады.
Облыста ТМД-дағы ең ірі темір жол бөлімі, жүк ауыр салмақтылары ИЛ-
76 мен кішігірім Боингыларды қабылдап үлгерген жаңа әуежайы бар. Аймақта
автомобиль жолдарының тармақталған жүйесі, ірі жүк және жолаушылар
тұрақтайтын өзен порттары. Қазақстандағы біріншілер қатарында ұялық телефон
байланысын енгізді.
Рыноктық экономика облыстың күнделікті өміріне сенімді аттап кірді.
Кәсіпорындардың көбі меншік түрін ауыстырды – олар акционерлік қоғамдар,
жеке және аралас меншікті кәсіпорындар болды. Кіші және орта бизнес
қарқынды дамуда, бірлескен кәсіпорындар көбеюде.
Қазақстан бүгінде әлемдік қоғамдастыққа, әлемдік экономикаға шапшаң
интеграцияға ұмтылуда. Павлодар облысында осы үшін барлық мүмкіндік бар:
бай табиғат ресурстары, жоғары өнеркәсіптік және кадрлық потенциал, орнықты
қоғамдық-саяси жағдай, ұлттық келісім. Көптеген шетелдік партнерлардың осы
себепті біздің аймаққа көз тастайтыны таң қаларлық емес.
Облыстың кәсіпорындарының сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі АҚШ-
тың бір миллиард доллары шамасынан астамын құрайды. Шетке жеткізуді
жиырмадан астам кәсіпорындар жүзеге асырады. Бұл металл ерітінділері мен
жербалшық, көмір мен мұнай өнімдері, химиялық және басқа өнімдер...
Экспортқа жеткізу географиясы – ТМД елдері, алыстағы шетелдердің ондаған
мемлекеттері.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz