СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫ МЕН ҚҰҚЫТЫҚ РЕТТЕЛУІ


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
KIPICПE
Тақырыптың өзектілігі: «Парақорлық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері» тақырыбының өзектілігі жөнінде ойлана келсек, бұл саладағы мәселелер мен сұрақтардың әрдайым маңызды болатынына кәміл сенуге болады.
Дипломдық жұмыста елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделері қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет ететін мәселелер қарастырылған. 1995-ші жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-ші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тікелей тыйым салады [1] .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұңды баяндамасыңда "еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады", -деді [2] .
Көптеген зерттеушілердің пікірі сыбайлас жемқорлық дегеніміз өте-мөте күрделі құбылыс дегенге саяды. Былайша алып қарағанда, бұл проблеманың негізінде қолдағы билікті қара бастың қамы үшін асыра пайдаланудың нақты түрлері жатыр. Ал, жалпылама алып қарайтын болсақ, сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік лауазымды жеке адамдардың немесе олардың тобының тікелей не жанама пайда табу үшін қолдарындағы билікті қасақана арам ниетпен не жанама пайдалануы деп тұжырымдаған дұрыс. Жанама пайда табу жемқор адамның ұждансыз арам тәсілдері қасақана қорғау қомағайлықпен қолдана отырып, өзінің ұйымына (компаниясына, коммерциялық емес ұйымдарына, саяси партияларына) пайда келтіруі арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлықты шартты түрде жоғарғы және төменгі деңгейдегі топтарға бөлуге де болады.
Жоғарғы деңгейдегі топ, негізінен саясаткерлерді жоғары және орта дәрежелі шенеуніктерді қамтиды. Олардың қолдарында «бағалы» тым жоғары шешімдер қабылдау (заңдардың тұжырымдарын жасау, мемлекеттік тапсырыстар беру не қабылдау, меншік түрлерінің нышандарын айқындау сияқты тағы басқа да толып жатқан тетіктер) құқықтары бар.
Төменгі деңгейдегі топ қызмет дәрежесі неғұрлым төмен шенеуніктерді қамтиды. Олар шенеуніктер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста кер-тартпа топтастықпен жеке бастарына пайда табу үшін қолдарында бар мүмкіндіктерді (анықтамалар, куәліктер жазып беру, айып салу, түрлі тіркеуден өткізу сияқты құқықтар) пайдаланып қалуға тырысады.
Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай Жарлықтары мен қаулыларының ішінен атап айтар болсақ: "Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыстылықпен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі" 1992 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құру туралы" 1994 жылғы 11 ақпандағы Президенттің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы" 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия кұру туралы" 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1995 ж. 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша қылмысқа қатысушылық нысандары анықталып және алғашқы рет арнайы жеке бапта көрсетілді [3] . Сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен құқық қорғау органдарының жетекшілері ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу туралы арнайы заң қабылдау туралы ұсыныстар да білдіруде [4] . Бұған заңды негіз туындады. Себебі елдің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты ұйымдасқан қылмыстылықтың әртүрлі көріністері пайда болып, қарқын ала бастады. Н. М. Әбдіров осы мәселе туралы "соңғы кезде ұйымдасқан және маманданған қылмыстылықтың нашақорлық және наркобизнес саласында өзінің бақылау жүргізуге тырысуы күшейгенін байқауға болады" деген болатын [5] .
Зерттеу жұмысының мақсаты: сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаттары мен ұстанымдары белгіленді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар жасалып, жемқорлық қылмыстар үшін жауаптылық түрлері белгіленді, кейінірек сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында мына құжаттар қабылданды: осы аталған заңды қабылдауға байланысты 1998 ж. 11 шілдесіндегі ҚР президентінің Республика азаматтарына арналған жолдауы; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі туралы бағдарламасы бойынша 1998 ж. 7 желтоқсандағы ҚР Президентінің жарлығы; 1999-2000 жылдардағы арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия туралы 1998 ж. 12 қарашасындағы Президент жарлығы.
Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қойямыз:
- сыбайлас жемқорлықтың мәні мен маңызын теориялық негізде ашу;
- сыбайлас жемқорлықтың орын алуы мен құқытық реттелуіне мүмкіндігінше назар аудару;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: жауапкершілігі және құқықтың негізіне практикалық және теориялық негізде қарастыру.
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне зерттеу барысында теориалық деректер мен тәжірбиелік актілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтіздеу және топтпстыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелі талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысында парақорлық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелерінің теориялық және тәжірибелік жақтарына жалпы мінездеме беріп, оларға талдау жасалынады.
Зерттеу объектісі: Парақорлық қылмыстар құқығының объектілері, яғни парақорлық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері болып табылады.
Зерттеу пәні: қылмыстық құқықтағы парақорлық қылмыстар өзі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыста алғаш қылмыстық құқықтағы парақорлық қылмыстың толық жүйесі жан жақты қаттылып, кешенді түрде талдау жасалып теориалық және тәжірібиелік жақтарына мініздеме беріледі.
Зерттеу жұмысының мәні: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Әділет министрлігімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық ретінде санауға болатын бірқатар қылмыс түрлерін айқындап берді. Бұл тізім ең алдымен пара алу мен пара беру парақорлыққа делдалдық ету заңсыз сый-сыйапттар алу, лауазымдық өкілеттігін қара басының қамы үшін қасақана асыра пайдалану, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс біреулерді көріп біле-тұра заңсыз босатып жіберу, құқыққа жат сот үкімін шығару, басқа сот шешімдері мен актілерін қабылдау сияқты қылмыс түрлерін қамтиды. Ондай қылмыс түрлерінің тізімі 21-ге жетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік маңызы бар көкейкесті мәселе екенін басымыз талай рет атап көрсетті. Облыстарда бұл бағытта бір сыпыра шаралар атқарылғанымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның орындалуы әліде көңіл көншітпейді әсіресе бұл мәселеге байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесіп ашуға кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған жұмыстар деңгейі төмен.
Қазіргі сыбайлас жемқорлық әлемдік маңызы бар көкейісті мәселе. Ол Қазақстан Республикасында да етек алып отырған қылмыстардың бірі. Бұл мәселені құқықтық реттеудің жүйесін енгізудің қажеттілігі.
Тақырыпты қарастырып отырған мақсатым сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын көрсету және оның мәні, маңызын ашу.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы деп, еліміздің Президенті айтқандай сыбайлас жемқорлық қылмыстары қоғамға зор зардап әкеледі, сол себептен аталған қылмысқа қарсы тек қана құқық қорғау органдары мен қоса бүкіл қоғам тосқауыл қою қажет.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде сыбайлас жемқорлықтың мәні мен маңызы, сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның мақсаты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қарастырдық.
Екінші бөлімде сыбайлас жемқорлықтың орын алуы мен құқытық реттелуі, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жоюды теориялық тұрғыдан қарастырдық.
Үшінші бөлімде сыбайлас жемқорлыққа байланысты сот практикасы мен халықаралық тәжірибие, соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi қарау практикасы, қазақстан республикасының бiрiккен ұлттар ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына назар аудардық. Зерттеу маңыздылығы қорытындыда қарастырылған.
1 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫЊ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі
Сыбайлас жемқорлық-қоғамның жегі құрты. Сыбайлас жемқорлық, яғни коррупция термині латынның «corruptio» (подкуп - сатып алу) деген сөзінен шыққан.
Сыбайлас жемқорлық - адамгершілік парасатты пендешіліктің алдына жығып беретін індет. Оның белең алуына бір жағынан қоғамның өтпелі кезендегі ахуалдары әсер ететіні де сөзсіз. Тәуелсіз еліміздің төл заңдарының қабылданып, олардың орындалу пәрменінің орта түсуі, мемлекеттік деңгейіндегі тәртіпті нығайтып, сыбайластықты тежей түсері хақ. Алайда адам баласының пендешілік пен қу құлқына қай заманда, қандай қоғамда да болып отырғандығын ескерсек, қылмыстық бұл түрі сергек қарауды қажетсінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарына сәйкес бүгіндегі лауазымды қызметкерлердің қара бастың қамын ойлап құқыққа қарсы келетін әрекеттеріне тосқауыл қойылып, түрлі шаралар қолданып жатыр. Осы мәселеге байланысты сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік, саяси, экономикалық, моральдік ќұқықтық аспектілерін зерттеп, жария етудің зор маңызы бар.
Сыбайлас жемқорлықтың көріністері барлық елдерде орын алып отыр. Мәселе оның қаншалықты терең тамыр жібергенінде, қаншалықты онымен нәтижелі күрес жүргізлуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық-саяси процесстерге сыбайлас жемқорлық қандай дәрежеде әсерін тигізуде болып отыр. Халықаралық сарапшылар Қазақстанды ең сыбайластық елдердің қатарына енгізіп отыр, бұл туралы БАҚ - та жиі айтылады. Халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықты дамыту қажет, олардың қорытындылары сыбайластық жемқорлықпен күрес жолында ескерліуі керек.
Сыбайлас жемқорлыққа соңғы уақытта кең таралуы елдің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты. Экономикалық және сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қылмыстардың ағыны мен деңгейі жалпы алғанда экономика жағдайымен, реформалардың сипатымен, оларды жүзеге асыру әдістерімен тікелей қатысты. [6]
Сыбайлас жемқорлық өкіметтің беделіне нұқсан келтіреді және тәртіпті бұзады, мемлекет органдары қызметтерінің нәтижелігін жоққа шығарады. Ќазаќстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзады.
Қазақстанда статистикалық көрсеткіш бойынша 1998 жылы сыбайлас жемқорлықтың қылмысты әрекеттерінің пара алу кең өріс алуда (ҚК-311-б) - 347 қылмыс, яғни 23%, ал пара беру (ҚК-312-б) - 86 қылмыс, яғни 5, 7% - 1998 жылы Республикада пара алған үшін 75 адам сотталған, ал 1999 жылы -187 адам, яғни 149, 3% өскен. Пара берген үшін 1998 жылы - 22 адам сотталған, ал 1999 жылы - 120 адам, яғни 445, 5% үлкен. [7]
Өркениетті даму жолына түсіп, нарықтық қатынастарға негізделген демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осыдан жеті жыл бұрын «2030 стратегиясына» байланысты, осы стратегиядағы міндетті жеті принциптің ең негізгісі, бұл «Сыбайлас жемқорлықпен күрес шешілуі және аяусыз» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында алғаш рет жария етілген содан бергі мерзімде бұл күрестің заңдық негізі жасалып, нақты шаралар қолға алынды. Арнайы заң қабылданып сыбайластыққа қарсы күресті жүргізетін құрылымдық мекемелер мен бөлімшілер өмірге келді. Бүгін де бұқаралық ақпарат құралдарының мақалаларын оқып, хабарларына көз салатын болсақ, елімізде сыбайлас жемқорлық барынша етек алғандай көрінетіні сөзсіз. Алайда бұны Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланыстырудың еш қажеті жоқ. Әлемнің кез келген елінде адамзат өркениетімен бірге жасасып келе жатқан сыбайлас жемқорлықты табуға болады. [8]
Сыбайлас жемқорлық - интернационалдық құбылыс, сондықтан да халықаралық шараларға мүмкіндікке қарай қатысқан жөн. Сыбайлас жемқорлық қылмысына барғандар дәрежесіне де, лауазымына да, біреумен туыстығына да, шеніне де қарамастан, жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Қоғамның жегі құрты болып тұрған сыбайластықтың әлеуметтік салдары да аса қауіпті. Оған қарсы күреске қаншама күш жұмылдырып, қаншама қаражат жұмсалып отырғандықтан басқа жердегі басқа мәселелер шешілмей, зейнет ақы мен жәрдем ақы төлембей қалуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табынды күрес жүргізілмей, мемлекет пен қоғам өмірін реттейтін негізгі құрал ретіндегі құқыққа нұқсан келіп, азаматтарды түрлі қылмыскерлерден қорғай алмаушылық туралы пікір қалыптасатынын, құқық қорғау органдарындағы сыбайластық ұялы байланысты өршітетінің, түптен келгенде осының бәрі нарықтық қатынастар мен демократияға деген азаматтардың сенімін азайтатынын атап көрсетуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біршама оң нәтижелерге жеткен елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, батыл қуғындау шараларымен қатар оның туындау себептерін жоюдың маңызды екенін атап өткен жөн.
Сыбайлас жемқорлықты тудыратын төрт фактор бар. Бірінші - парақорлық, екінші - ұрлық, яғни бюджет қаржысын дұрыс бөлмеу, үшінші - мемлекеттік лауазымды қызметті сату, төртінші - сайлауға ықпал жасау үшін партияларды қаржыландыру.
Францияның белгілі заңгерлерінің бірі Арно Монтбур бірде «қоршаған ортаны жаппай ластайтын нәрсеге ұқсас сыбайлас жемқорлық болашақ адамдарының жүздерін жабыңқы етеді» деп атап көрсеткен еді.
Шындығында, парақорлық та, коррозия сияқты қысқа мерзім ішінде мемлекеттік ақпарат жұмысын әлсіретіп жіберуге, елдің экономикасын толықтай бүлдіруге ықпалын тигізеді. Яғни парақорлық қоғамның жегі құрты.
Сондықтан Қазақстан Республикасы құрылған алғашқы күндерден бастап-ақ Елбасымыз сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі тиісті шараларды қабылдауға көңіл бөлген болатын. Бұл істегі аса маңыздысы 1998 жылдың 2 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңы болды. Онда негізгі ұғымдар анықталды, сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаттары мен ұстанымдары белгіленді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар жасалып, жемқорлық қылмыстар үшін жауаптылық түрлері белгіленді, кейінірек сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында мына құжаттар қабылданды:
- осы аталған заңды қабылдауға байланысты 1998 ж. 11 шілдесіндегі ҚР Президентінің Республика азаматтарына арналған жолдауы; ҚР-сының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі туралы бағдарламасы бойынша 1998 ж. 7 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығы; 1999 - 2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия туралы» 1998 ж. 12 қарашасындағы Президент Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2000 ж. 20 сәуірдегі ҚР-сы Президентінің Жарлығы. [9]
Қазақстан Республикасының зањдары, жасалған қылмыстың ауырлығына және құқық бұзушылық түріне «бөтеннің мүлігін талан-таражыға ұшырату немесе иемденіп алу» ҚР ҚҚ-нің 176-бап, 2 тармағына байланысты жауапкершілік түрлерін ќарастырды.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның мақсаты
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң республика өмірінде аса жоғары маңызға ие. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң азаматтарды құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық күрестерінен туындайтын қауып қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауыпсіздігін етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардын жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік міндетерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Сондай-ақ демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялық пен бақылауды кенейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемелекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың зиянсыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, және өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игілектер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктері мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беру арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген заңдарда белгіленген тәртіптен, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады.
Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдар мен мемлекеттің, органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс жүргізу мәндері. [10]
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдарымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтың актілердің дәл әрі бір келкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттер.
Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкіметтік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамдарында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық билік етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.
Жауапты мемелекеттік қызмет атқаратын адамдар - мемелекетті міндеттерімен мемелекеттік органдардың өкілеттілігін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге заңдардың белгіленген заңдардың атқаратын адамдар.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңның негізінде барлық лауазымды адамдар, Парламенттің, маслихаттардың депутаттары, судьялар сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар жауапты болады.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге адамдарға:
- ҚР-ның мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер.
- Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдары жатады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы. Заңды қолданған кезде мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдарға:
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
- заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, ҚР Парламенті мен маслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар;
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы төлеу ҚР мемлекеттік бюджетінің, мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары құратын бюджеттен тыс қорлардың қаражатынан төленетін қызметшілер;
- Мемлекеттік ұйымдардың немесе жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі кемінде 35 процент құрайтын ұйымдардың лауазымды адамдары теңестіріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz