Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе . . . 3

I тарау. Парламенттің саяси жүйедегі орны

  1. Парламентаризмді зерттеудің теориялық негіздері . . . 8
  2. Парламент: мәні мен белгілері . . . 15

II тарау. Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуыб.

2. 1. Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушы билік. …… . . . 28

2. 2. Қазақстан Республикасындағы кәсіби парламентінің құқықтық қалыптасу тарихы қалыптасуы . . . 44

Қорытынды . . . . . . 66

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . … . . . 69

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Қазақстан Республикасының жиырма жылдан астам тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы оның саяси жүйесі мен ондағы дербес мемлекеттік-саяси және қоғамдық институттардың қалыптасуын, дамуын, қызметінің ерекшеліктерін саясаттану ілімі тұрғысынан талдап, белгілі бір теориялық маңызды қорытындылар жасауға алғышарттар жасады.

Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше роль атқаратыны белгілі. Демократия жолына бұрын түскен елдердің онды тәжірибесі көрсетіп отырғандай парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етеді, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі мен негізін қалайды. Осы себептен бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттілігі айрықша. Оған қоғамның әлеуметтік-экономикалық күрделі организмінің құқық пен заңдылық арнасында қалыптасып қызмет жасауы мен дамуының бүкіл қозғалысын заңдар арқылы бағыттау, реттеудің тарихи миссиясы жүктелген.

Мұндай миссияны орындау жауапты да қиын. Ол, ең алдымен, объективті және субъективті реттегі әртүрлі жағдайлар мен факторларға байланысты.

Бұл жердегі ең бастысы және қиыны - парламенттің өзінің қызметінде, алға қойған мақсаттары мен міндеттерінде қоғам дамуының негізгі талаптары мен үрдістерін, ең алдымен, ондағы әлеуметтік таптар мен топтардың мүдделерін объективті, толық, дәл анықтап, қамтып, бейнелеуінде жатыр. Бұл әлемдік парламенттік тәжірибенің түбегейлі талаптары.

Бұл талаптарды орындау еліміз басынан кешіп отырған тарихи кезеңде қалыптасу, кемелдену үрдісіндегі Қазақстан парламенті үшін оңайға түспейтіні анық.

Демек, Қазақстан қоғамының бүгінгі басынан кешіп отырған өтпелі саяси-тарихи кезеңіндегі жоғарғы заң шығарушы өкілетті органының еліміздегі қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесіне әсер, ықпалына талдау жасаудың қажеттігі проблеманың ғылыми маңыздылығын арттыра түседі.

Жалпы парламентаризм деп аталатын фундаменталды құбылыстың қоғамымыздың саяси, демократиялық жүйесіндегі орнын, қалыптасу ерекшеліктерін, институтизациялану заңдылықтарын, қызмет жасау принциптерін түбегейлі, жан-жақты талдау - теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, әрі ғылыми тұрғыдан кең ауқымды және перспективалы.

Парламент қызметіне ғылыми талдау жасаудың қажеттілігі - қазақстандық парламентаризмнің қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас (унитарлық) мемлекеттегі қос палаталы парламент қызметінің ерекшеліктері мен қайшылықтарына, басқа елдерден өзгешеліктеріне талдау жасау - толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Кәсіби парламенттің сегіз жылға жуық қызметі мен тарихы бұған әр қырынан, жан-жақты талдау жасауға мол және нақтылы материал беріп отыр.

Мәселенің осындай ғылыми-саяси өзектілігі, жалпы қоғамдық пікірдегі еліміздегі парламентаризм табиғаты, оның орны мен рөлі туралы әртүрлі ұстанымдар мен тұжырымдардың, көзқарастардың болуы бізге осы аса маңызды проблеманы таңдап, оны саясаттану ғылымы заңдары мен категориялары талаптары тұрғысынан зерттеуге негіз болды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жалпы еліміздегі транзиттік қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-идеологиялық, демографиялық проблемалары қоғамның саяси жүйесі, ондағы демократиялық үрдістерді, саяси алуан түрлілікті бекітудің алғашқы тәжірибелеріне, әр қырлы, көп салалы реформаларға, сайлау жүйесі, әсіресе, президенттік институттың рөлі мен орны, саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде парламент қызметінің кейбір қырлары Л. Адилова, Ә. Бәкір, Б. Аяған, А. Бижанов, К. Бұрханов, С. Борбасов, Б. Ертісбаев, С. А. Дьяченко, Д. Жамбылов, Ж. Жүнісова, 3. Зайниева, Г. Ибраева, С. Қанаев, М. Қасымбеков, Қ. Көшербаев, Ш. Құрманбаева, Д. Назарбаева, А. Нұрмағамбетов, Н. Нығматуллин, М. Лаумулин, Б. Майлыбаев, М. Машан, М. Мұхамедов, Н. Романова, Қ. Сұлтанов, А. Сәрсенбаев, И. Тасмағамбетов, А. Шалтыковтың ғылыми еңбектерінде [1], Т. Исмағамбетов, Ж. Жансүгірова, Е. Қарин, А. Лаврентьев, А. Сапиева, Р. Сартаев, Д. Сәтбаев, А. Үмбеталиев, Г. Шериязданова, Чжан Вон Чан, А. Исабеков, Қ. Сәтбаева, Р. Досымбекова, Ж. Шалабаевтың ғылыми жұмыстарында [2] қамтылды.

Жалпы еліміздегі саяси, демократиялық, әлеуметтік-демографиялық проблемалардың, реформалардың табиғатын біліп, тану үшін А. Айталы, Ж. Әбділдин, Р. Әбсаттаров, М. Әшімбаев, Л. Байделдинов, А. Балғымбаев, М. Баймаханов, Ә. Бақаев, М. Биекенов, Қ. Ғабдуллина, Ә. Ғали, Ғ. Есім, А. Ешмұхамедов, Н. Жотабаев, С. Зиманов, Л. Иватова, А. Котов, Ж. Наурызбай, Ә. Нысанбаев, А. Нұрмағамбетов, Р. Қадыржанов, М. Құл-Мұхамед, Ж. Қуанышев, В. Малинин, Қ. Марданов, Т. Мұстафин, Ж. Молдабеков, Ғ. Сапарғалиев, С. Сартаев, С. Сейдуманов, И. Шамшатов, М. Тәтімов, А. Төлеғүлов, Б. Хасановтың [3] зерттеулерінің маңызы ерекше.

Еліміз Парламентінің қызметін алғашқылардың бірі болып Ж. Жүнісова зерттеп, өз еңбектерінде Қазақстандағы 1990 және 1993 жылдардағы алғашқы парламенттік процестерді қысқаша қамтып, 1993, 1995 жылдардағы Конституциялардың парламенттік институтқа енгізген өзгерістерінің жалпы сипаттамасын берді [4] . Осы мезетте жарық көрген саяси зерттеулер ішінде Д. Назарбаеваның «Саяси жүйе» атты монографиясы парламентаризм қалыптасуының тарихи-әдістемелік, ТМД елдерінде кәсіби парламенттер қалыптасуын салыстырмалы зерттеуімен құнды. [5] . Өтпелі кезеңдегі Қазақстан қоғамы саяси жүйесінің жаңа қоғамдық қатынастарға икемделуі, еліміздің әлеуметтік-саяси жүйесіндегі институционалдық және құрылымдық өзгерістердің ерекшелігін сол кезеңдегі қоғамдық қатынастардың қажеттіктері мен табиғаты деңгейлерінде осы күрделі де тың проблемаларды еліміздің саяси ғылымында алғашқылардың бірі болып өз зерттеулерінде түбегейлі жүзеге асырған И. Тасмағамбетовтың [6], А. Бижановтың [7], Б. Аяғанның// еңбектері маңызды. Бүл еңбектер, әсіресе, қоғам дамуындағы әлеуметтік-экономикалық, рухани мәселелерді ең алдымен сол кезеңдегі қоғам дамуындағы өткір саяси процестермен тығыз байланыста және жас мемлекетіміз қалыптасуының қажеттеріне және уақыт талабына байланысты жан-жақты әрі жедел зерттеулерімен назар аударады.

Ерекше назар аудартын мәселе - Н. Назарбаевтың еліміздің саяси жүйесіндегі парламент пен парламентаризмнің орнына көзқарасы белгілі бір эволюциядан өтіп, ол өз еңбектері мен сөздерінде парламентті Қазақстандағы мемлекеттік биліктің маңызды бір тармағы, өзінің бүкіл саясатының басты тіректерінің бірі, ал парламентаризмді демократиялық жүйенің аса маңызды институты және ажырамас бөлігі ретінде теориялық, саяси-практикалық жағынан жан-жақты негіздеуі. Елімізде Парламент пен парламентаризмнің қалыптасуындағы Н. Назарбаевтың орны мен рөлі жұмыстың екінші бөлімінде арнайы қарастырылады.

Дипломдық жұмыста көзделген ғылыми мақсатқа жету үшін Қазақстан және алыс-жақын шет ел зерттеушілерінің конституциялық теория мен мемлекет институттары, билік тармақтары қызметінің ерекшеліктері мен функциялары [8], саяси жүйе [9] мен оның құрамдас бөлімдері [10], демократия, мемлекеттік билік пен басқарудағы парламенттің орны [11] және парламентаризм табиғаты, оның институционалдық қалыптасуы туралы [12] еңбектерге кеңінен сүйеніп, бүл жұмыстардың теориялық қорытындылары мен практикалық ұсыныстарын ғылыми талғаммен қарап, зерделеп, қазақстандық парламентаризмді талдауға, оның тарихи-саяси, конституциялық, заңнамалық негіздері мен өзіндік қалыптасу ерекшеліктерін еске ала отырып, олардың теориялық-методологиялық қорытындыларына сүйенудің, орнымен, үйлесімді пайдаланудың маңызы зор болды. Олардың ішінде, әсіресе, ресейлік зерттеушілер М. В. Баглай, И. В. Гранкин, А. Д. Керимов, А. А. Мишин, М. А. Могунова, Н. А. Сахаров, Г. Н. Селезнев, И. П. Рыбкин, Р. М. Романов, В. Е. Чиркиндердің зерттеулері конституциялық теория, биліктердің ажыратылуы негізінде мемлекеттік билік жүйесіндегі парламенттің орны, әсіресе, ХХ-ХХІ ғасырлар түйіндісінде - қазіргі заманғы парламенттер мен парламентаризмнің қалыптасуы ерекшеліктері мен үрдістерін әлемдік саяси және мемлекеттану ілімдеріндегі жаңа парадигмалар тұрғысынан зерттеулерімен құнды. Бұрынғы КСРО-ның құрамында болған Ресейде де, Қазақстанда да парламентаризм принциптері мен идеялары қабылданбады. Оларды теориялық тұрғыдан теріске шығару ісіне елдің беделді ғылыми күштері жұмылдырылып, ондаған еңбектер жарық көрді [13] . Осылайша ғылыми әдебиетте парламентаризм идеялары теориялық тұрғыдан негізсіз деп дәлелденіп, саяси тұрғыдан танылмай, социалистік демократия идеяларына жат, қайшылықты, зиянды құбылыс деп есептеп, насихаттық-идеологиялық жаппай қыспаққа алынды. Осындай теориялық-идеологиялық ахуал ол кездегі бір мемлекеттің, бір саяси жүйенің құрамындағы Қазақстан мен Ресейге ортақ еді. Демек, бір саяси, мемлекеттік және идеологиялық жүйеден демократия мен парламентаризм жолына Қазақстанмен бір тарихи уақытта, ортақ әлеуметтік-саяси проблемалармен енген Ресей ғалымдарының осы елдегі кеңестен кейінгі даму кезеңіндегі парламент қызметі мен парламентаризм процестері туралы бүгінде қалыптасып үлгерген сындарлы идеялар осының айғағы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті:

  • Парламент және парламентаризм туралы қазіргі заманғы теориялық көзқарастар эволюциясына және олардың еліміздің төл саяси жүйесінде қызмет жасау табиғатына талдау жасау;
  • Қазақстан парламентаризмінің, демократиялық институт ретіндегі құқықтық-саяси мәртебесін анықтау, оның құрылымы мен қызметіндегі қазіргі даму сатысындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың талаптары мен даму заңдылықтарының бейнеленуі мен қамтылыуының деңгейін көрсету;

- Парламентаризмның негізгі функциясын, олардың қызмет жасау ерекшеліктерін зерделеу;

- Парламентаризмнің заң шығару қызметінің елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалардың заңнамалық, ұйымдық-құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі сан-салалы қызметіне саясаттану теориялары тұрғысынан талдау жасап, бұл процестердегі палаталар аппаратының рөлін көрсетуге ұмтылу.

Дипломдық жұмыстың міндеті болып төмендегілер табылады:

- Парламентаризмнің заң шығару процесі арқылы саяси жүйенің басқа институттары қызметіне ықпалын, олардың өзара байланыстарының нысандарын, мазмұны мен ерекшеліктерін жан-жақты ашу;

- Парламенттің заң шығарушылық қызметінің мемлекет дамуының перспективалық проблемалары: демократиялық процестерді тереңдетіп, дамытудағы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнатудағы, ақпараттық кеңістікті нығайтудағы еліміздің саяси элитасын қалыптастырудағы орны мен рөлін көрсету;

- Парламент қызметіндегі қайшылықтарды ашу, оның даму перспективаларын болжамдап және оның бүкіл жұмысын жетілдіру жөнінен нақты ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін еліміздегі және алыс-жақын шет елдердегі саясаттану теориясы саласындағы кейінгі жылдардағы соны зерттеулер құрады. Дипломдық жұмыста еліміздегі және шетелдегі саясаттану теориясындағы жүйелілік-құрылымдық теорияның қағидалары, институционалдық талдау принциптері және тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Зерттеу барысында жалпы әлемдік ғылыми әдебиеттегі (саясаттану, мемлекеттік билік теорияларындағы) парламентаризм, конституционализм теориялары, билік тармақтарының ажыратылуы, құқықтық мемлекеттегі парламенттік нақты билік, әлеуметтік мемлекет туралы зерттеулерге кеңінен арқа сүйедік. Сонымен бірге, зерттеуге мемлекеттік билік, өкілді билік, билік тармақтарының ажыратылуы, парламент және парламентаризм туралы саяси-ақыл ойда кең танымал Д. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо, Г. Гегель, К. Маркс, Б. Н. Чичериннің және басқа да оқымыстылардың құнды теориялық ой қорытындылары методикалық арқау болды.

Н. Назарбаевтың еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа тұрпатты қос палаталы кәсіби Парламенттің орны, құзіреті, өкілдіктері мен міндеттерінің конституциялық-теориялық негіздері, оның қызметіне әр жыл сайынғы терең талдаулары және тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік, демократиялық және құқықтық дамуы туралы еңбектерінің әдістемелік, саяси-практикалық және бағдарлық маңызы ерекше орында.

Зерттеудің негізгі объектісі. Қазақстан парламентаризмнің еліміздің саяси жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшеліктерін, даму эволюциясын саяси талдау.

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Парламенттің саяси жүйедегі орны.

1. 1 Парламентаризмді зерттеудің теориялық негіздері.

Парламент сөзі француздың ″parler″ сөзінен шығып, ″сөйлеу″ деген мағынаны береді. Саяси лексиконда парламент және парламентаризм сөздері бірге қолданылады. Біз осы екі сөзді бір-бірінен ең алдымен ажыратып алсақ.

Парламенттің классикалық анықтамасы бойынша Парламент тұрғындардың белсенді сайланбалы топтарының саяси және әлеуметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын жоғарғы заң туғызушы орган. Қазіргі саяси ғылым Парламентті жалпы мемлекеттік заң қабылдаушы, бюджетті бекітуші, үкімет бақылаушы орган деп қабылдайды.

Ал, Парламентаризм түсінігі бойынша екі пікір бар. Біріншіден, бұл мемлекеттік құрылым жүйесі, бұл тұрғыда парламент тек заң шығарушы орган емес, атқарушы билікке бақылау жасаушы ретінде қарастырылады. Бұндай көзқарасты парламент демократиялық үрдістің бір бөлшегі болып қалады.

Екінші жағынан Парламентаризмді мемлекеттік шешімге қатысушы халық билігінің өкілдігі ретінде қарастыруға болады. Ғылыми ортада парламенттік түрдегі демократиялық тәртіп деп те айтылады. ()

Бұл екі анықтамаға қарап біз, парламент пен парламентаризм ұғымдарының арақашықтығын біле алмаймыз. Себеп, екуінде де, халық билігін жүзге асыратын жоғарғы өкілетті орган болып қана айтылады. Бірақ, бір нәрсенің басы ашық.

Демократиялық өркениет тәрибесіне сүйенсек, парламентаризм үшін мынандай айқын да міндетті шарттар бар.

Біріншіден, өзін "парламент" деп атаған кез-келген мекемені ол деп қабылдауға болмайды. "Парламент" деп, ең алдымен, міндетті түрде демократиялық құқықтар мен нормаларды, рәсімдерді сақтай отырып, бүкіл халық тікелей сайлаған өкілдер енетін, демек, бүкіл халықтың мүддесін білдіруші және қорғаушы коллегиялық органды айтады. Мұнымен бірге депутаттар жоғарғы өкілетті органды парламенттік қызметтің әлемдік демократиялық дәстүрлері мен стилінде қалыптасқан әдістері мен нысандарына сәйкес міндетті түрде тұрақты негізінде жұмыс істеуі керек. Немесе парламентілер ақы төленетін, заңдармен реттелмеген басқа да бір функцияларды орындаудан толық босатылып, бүкіл қызметін парламентте шоғырландырып, заңдармен егжей-тегжейлі анықталған, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі бар өкілдіктерге ие болу керек. Біздің пікірімізше, тек осы көрсетілген белгілер мен қасиеттерге ие жоғары өкілетті орган ғана "Парламентаризм" деп аталған нағыз демократиялық үрдістегі саяси құндылықтардың толыққанды іс-әрекетін қамтамасыз ете алады.

Екіншіден, парламентаризм деп, парламенттің елдің саяси жүйесіндегі басқа мемлекеттік органдармен өзара сан-салалы жүйелі байланысында өзінің негізгі конститутциялық функциялары мен қызметін жүзеге асыруға қажетті орынға ие болған институтты айту керек. Әрине, бұл жерде, ең алдымен парламенттің мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруға пәрменді қатысу, заң шығару функциясының толыққандылығы, атқарушы билікке бақылау, басқа да мемлекеттік органдарды құру бір деңгейлер мен шектерде қатысу туралы болып отыр.

Үшіншіден, парламентаризм, оның қызметіндегі белгілі бір кемшіліктері мен олқылықтарына қарамастан ел азаматтарының көпшілігі интелектуалдық және мәдени деңгейінің кемелденіп толысу негізінде өздерінің саяси санасында оны адамзаттың өркениет жолындағы басты жетістіктерінің бірі, өкілетті демократияның принциптері мен құндылықтарының жиынтығы ретінде қабылдаған жағдайда толыққанды бекітуі мүмкін. Тек осындай ақуалды ғана ол ұлттық топыраққа ену, сіңісуі, жат жұрттық құбылыс ретінде емес, халықтың өзінің саяси еркін білдіру нәтижесінде төл топырақта дүние келген құндылық ретінде пәрменді мемлекеттік- халықтық орган болады. Осы және алыс-жақын шет елдердегі ғылыми пікірге сүйене келе біз парламентаризмге мынандай анықтама жасамақпыз.

Парламентаризм - парламенттің басқа органдармен өзара қатынасының қалыптасқан, пәрменді жүйесі, мемлекеттік билік механизмінде оның орны мен рөлін, тиісті мәртебесін қамтамасыз етуші өкілетті дипломатияның қызмет жасауы мен ұйымдастырушының негізгі әдісі. ()

Парламентаризм мемлекеттік биліктің формасы емес, оны жүзеге асырудың әдісі.

Өкілді демократияның түр-түрі бұл адамдардың саясатқа араласуы халық өкілдігі - парламент арқылы жүзеге асуы. Парламентке жоғары заң шығарушылық өкілдігі тән және Парламент мемлекеттің жоғарғы өкілетті билік органы болып табылады. Парламент өкіметтен маусымдық есептерді алуға өкіметке сенімсіздік білдіруге құқығы бар. Парламенттің классикалық моделіне толық және ешкімге тәуелді емес заң шығарушылық қызметі жатады. ()

Сонымен, біз парламент пен парламентаризм түсініктерін анықтап алған секілдіміз. Қысқаша айтсақ, парламентаризм парламенттің жұмыс істеу аясы. Екінші сөзбен айтсақ парламент жоқ жерде парламентаризм өмір сүрмейді.

Енді біз парламенттің қалыптасу тарихына көз жүгіртсек. XI - XII ғасырда Еуропа елдерінде алғашқы парламенттер өмірге келе бастады. 1076 жылы Францияның солтүстігіндегі Камбре қаласы коммуна шақырды. Францияның оңтүстігінде сайлау консультанттары өмірге келді. Италияда да коммуналар шақырылады, 1183 жылы Фридрих Барборасса Констанцкий әлемнің жаулап алынған италияндық қалаларының коммуналарына еркіндік беруге мәжбүр болады. Осындай коммуналарды басқару және өкілдік институттар құрылып қазіргі парламент үлгілерін алып келді.

1066-68 жылдары Испанияда "Барселоналық дәстүрлер" атты жиында каталондық кортестердің билігін заң шығарушу, атқарушы, сот билігі деп бөлуі іске асқан. Хронология XI ғасырда Скандинавия, Исландия елдеріндегі альтиктер мен тинктер туралы деректер береді. Бұларда өз кезегінде өкілетті демократияның бір көріністері ретінде бағаланады.

Ал, "парламент" деген сөз ең алғаш Англияда XIII-XIV ғасырларда пайдаланған. Мағынасының толық нұсқасы орта ғасырда бере алмаған. Зерттеушілердің айтуы бойынша parlamentum сөзі алғашында барлық Еуропа елдерінде латынның "жиналыс", "келіссөз", "дидарласу" сөзінің мағынасымен коллоквиум сөзімен теңестірілген. XII ғасырдың ортасында Англияда мемлекеттік істер бойынша салтанатты жиын деген мағынада қолданылып келеді.

Парламенттердің "әкесі" деп аталатын ағылшын парламентіне толығырақ тоқталсақ. XII ғасырдың соңында пайда бола бастаған ағылшын Парламенті әлі күнге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді. Ағылшын парламентінің қалыптасуы мемлекеттік орталықтандыруының өсуімен және шаруалар толқуының өршуімен, ірі феодалдармен (барондар) ұсақ және орта феодалдар (рыцарлар) арасындағы тартыс күшеюімен байланысты өмірге келген. Қалалар өсіп, қалалық сословие өкілдері еркін хартиясында бекітілген өз құқықтарын қорғауда, шетел көпестерінің бәсекелестігінен, корольдік шенеуніктердің асыра сілтеушілігінен сақтауды корольдік биліктен талап етеді. Осының барлығы феодалдық мемлекеттің саясатын сословие өкілеттігінің элементтерін енгізуге тура келеді.

1215 жылы король мен шіркеу, рыцарлықтар, барондар арасындағы конститутция үшін болған шиеленіс саяси күрестің алғашқы кезеңі болып, осының нәтижесінде еркіндіктің Ұлы хартиясы өмірге келді. Хартия үшін қозғалысқа қатысқан әртүрлі әлеуметтік жіктер оппозицияның бұқаралық саси әрекетінің үлгісін көрсетті. Қорытындысын рыцарлықтар мен қаланың орталық жіктеріне қарағанда, қоғамның жоғары жігіне жататын рухани және діни барондық топтар пайдаланады. Хартияның 61 бабы мемлекеттік олигархиялық басқаруды 25 Англия баронына берді. Билікке келген ГенрихIII барондар билігінен қорғану үшін хартияның барлық баптарын пайдаланып қалуға тырысты. ГенрихIII саясатының нәтижесі күшті әрі жалғанбалы 1258-1267 жылғы шиеленіске алып келді. Барондар барлық халықтың жіктерін өздеріне қосып алып, ол азаматтық соғысқа жеткізді. Соғыс барысында рыцарлықты күшейтіп, барондарды әлсірету саясаты король Эдуард I-дің рыцарлық және қала одағының пайдасына шешілді. Осындай компромисс арқасында 1264-1265 жылдары алғаш өкілді парламент құрылды.

Ағылшын парламентінің әлеуметтік құралы жоғары сословие өкілдерінен тұрып, қарапайым халық шет қалды. Оның құрамына жоғарғы зиялы қауым, барондар, рыцарлар, қалалық және жергілікті өзін-өзі басқару басшылары енді.

Белгілі ғалым Е. В. Гутнова мынадай ой айтады: ″Бірліксіз және бөлінбейтін ″ұлт″ XIII ғасырдың соңында қалыптасқан әртүрлі жік өкілдері ағылшын парламентінің дәлірек айтсақ, өкілетті- сословие жиналысының құрамына енді″(6) .

Орта ғасыр парламенттерінің құрамдық және құрылымдары бірдей емес. Егер Англияда XIII ғасырдан бастап лордтар тек қауымдар өкілдерінің өз палатасы болса, Швецияда дворяндар, діни және қалалық сословиеден шаруалар өкілдері де парламент құрамына енді. Кастилия, Арагон, Каталонияда сословие санына байланысты кортестерде палаталар анықталады: бұлар-рухани, дворян, ұжым палаталары. Барлық парламентте сословиелер жеке-жеке дауыс береді. М. М. Ковалевский ″сословиялық монархия өкілдіктерінің бастауын азаматтар өкілдерінің дворяндар мен рухани өкілдерге қосылуынан″ алады деп санайды. ()

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тәуелсіз Қазақстан парламенті
Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы
Парламентаризмнің даму тарихы
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі, жеке қарауына жататын мәселелері, мәні, белгілері
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
Қазақстан Республикасы парламентінің имиджі
Мемлекеттің заң шығару қызметіндегі парламент рөлі
Парламент құзыреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz