Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I тарау. Қазақ тарихындағы парламентаризм бастаулары мен алғышарттары

1. 1. Дала демократиясы және қазақ қоғамы . . . 8

1. 2. ХХғ. басындағы Мемлекеттік Дума және қазақ депутаттарының қоғамдық-саяси қызметі . . . 16

IIтарау. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси-құқықтық институт ретінде қалыптасуы

2. 1. Қазақстандағы саяси жүйенің эволюциясы . . . 24

2. 2. Қазақстандық парламентаризм: мәселелері

мен көкжиектері . . . 33

Қорытынды . . . 42

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 47

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының он сегіз жылдан астам тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы, оның саяси жүйесі мен ондағы дербес мемлекеттік-саяси жэне қоғамдық институттардың қалыптасып, дамуын, қызметінің ерекшеліктерін тарих, саясаттану, құқық ілімдері тұрғысында талдап, белгілі бір теориялық маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Тарихи тамырларға қайтып жүгінсек, ғаламшардың әрбір бөлігіндегі -қандай түрде болғанмен де қоғамның билікке ықпал етуінің, яғни өкілдіктің бірнеше түрі қалыптасты: Ежелгі Грекиядағы Халық жиналыстары, Римдегі Сенат, Новгородтық вече, Далалық халықтар құрылтайы, т. б. Олардың барлығы мемлекеттік билікке ықпал етудің маңызды құралы, «қоғам - мемлекет» механизмін реттеуші түйін ретінде ежелден қалыптасқан институттар болып табылады. Өкілдік биліктің жан-жақты жетілуі, тұрғындар санының өсуі мен кеңістіктегі әділдік факторының жетілу үрдістері, саяси тәжірибе алмасу әсер етті. Тарихи-мемлекеттік, салыстырмалы-құқықтық аспектілер қазіргі таңдағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дәстүрлі даму мәселелерінің ұштасуының табиғи негіздерін танып білу үшін аса қажет. Алайда бұл мәселені зерттеген жағдайда «өзіндік парламентаризм» мәнісін жойып алмау аса маңызды. Оның негізгі қалыптасқан халық сайлаған мемлекеттік орган - парламенттің қалыптасқан заңнамалық қызметті атқаруы болып табылады. Парламентаризм «билікті бөлісу» қағидасы конституциялық тұрғыдан ескерілген уақытта ғана

дамиды. Болмаған жағдайда, бұрынғы Кеңес Одағы қалыптасқан «парламентаризм-сымақ», яғни нормаларды тағайындау, атқарушы және бақылау қызметін бір қолда шоғырландырылған Кеңестерді де парламентаризмге жатқызуға болушы еді.

Парламентаризм институтын орнықтыру тәжірибесін оны қалыптыстыруға саяси негіздемесі жоқ қоғамға бірден орнықтыру, жұмысын жедел қарқынды кәсіби деңгейге жеткізу өте күрделі процесс. Ол үшін ең әуелі сол халықтың қоғамдық сипатын, тарихи тұғырларын, ділін, салт-дәстүр ерекшеліктерін, үлттық психологиялық нышандарын, т. с. с. зерттеу қажет. Сондықтан бүл ғылыми еңбекте қазақ халқының тарихындағы парламентаризмнің дәстүрлік негіздері тақырыбына көп көңіл бөлінген. «Демократия», «парламентаризм» сияқты қоғамдық-саяси институттар қоғаммен бірге өсіп өніп, өзінің белгілі бір эвалюциялық даму мерзімін өткеру керек. Бүған он-жиырма жыл емес ғасырдан артық уақыт қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы еліміздің өтпелі кезеңіндегі қоғамның саяси, элеуметтік-экономикалық, рухани-идеологиялық, демографиялық проблемалары, қоғамның саяси жүйесін, ондағы демократиялық үрдістерді, саяси алуандықты бекітудің алғашқы тәжірибелері, әр қырлы, көп салалы реформалар, сайлау жүйесі, әсіресе, президенттік институттың рөлі мен орны, саяси жүйенің қүрамдас бөлігі ретінде парламент қызметінің кейбір қырлары К. Бүрханов, С. Борбасов, Е. Ертісбаев, С. Дьяченко, Ж. Жүнісова, Л. Иватова, Р. Қадыржанов, М. Қасымбеков, Қ. Көшербаев, Н. Нығматуллин, Б. Майлыбаев, М. Машан, Ж. Молдабеков, Д. Назарбаева, Н. Романова, Қ. Сүлтанов, А. Сэрсенбаев, И. Тасмағамбетов, Ө. Озғанбай, Н. Қалиевтің, М. Тэтімовтердің докторлық, кандидаттық диссертацияларында қамтылды. Жалпы еліміздегі саяси, демократиялық, әлеуметтік-демографиялық проблемалардың, реформалардың табиғатын білу, тану үшін М. Әшімбаев, Л. Байделдінов, М. Баймаханов, Ә. Бақаев, М. Биекенов, Ә. Ғали, Ғ. Есімов, Л. Ешмүхамедов, Н. Жотабаев, С. Зиманов, Ә. Нысанбаев, М. Құл-Мүхамед, Ғ. Ыбыраева, Ғ. Сапарғалиев, С. Сейдуманов, А. Төлеғүловтардың зерттеулерінің маңызы ерекше. Ел Парламентінің қызметін алғашқылардың бірі болып Ж. Жүнісова зерттеп, өз еңбектерінде Қазақстандағы 1990-1993

жылдардағы алғашқы парламенттік процестерді қысқаша қамтып, 1993, 1995 жылдардағы Конституциялардың парламенттік институтқа енгізген өзгерістерінің жалпы сипаттамасын берді [1] . Осы мезетте жарық көрген саяси зерттеулер ішінде Д. Назарбаеваның "Саяси жүйе" атты монографиясы парламентаризмнің қалыптасуының тарихи-әдістсмелік сараптамасы мен ТМД елдерінде кәсіби парламенттердің қалыптасуын салыстырмалы зерттеуімен құнды[2] . Саяси жүйенің қүрамдас бөлімдерінің, сондай-ақ, парламенттің де конституциялық нормалар аясында жаңа жағдайларға икемделу механизмін өз кітабында М. Машан талдады [3] . Осы жоғарыда аталған еңбектермен бір рухта тәуелсіз Қазақстандағы өкілдікті биліктің қалыптасуы төңірегіндегі саяси тартысты тарихи-мемуарлық жанрда тартымды сипаттаған Е. Ертісбаевтың еңбегін де атап өту абзал [4] . Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдық саяси жүйелердегі саяси, демократиялық жаңғырудың жалпы теориялық проблемаларын және оның жаңа жағдайларға бейімделуінің парламент қызметіне әсерін қараған Ә. Нысанбаев бастаған авторлар [5] мен А. Дьяченко зерттеулері [6] . Осы проблема бойынша отандық және әлемдік саясаттану ғылымындағы соңғы жетістіктерге сүйенуімен мәнді. Алайда, оларда парламент қызметі сол зерттеулердің тақырыбы мен мақсатына байланысты жеке, тек кейбір бағыттар бойынша ғана жалпылама қарастырылып, оның қызметі тұтас, кешенді түрғыдан, жүйелі қамтылған жоқ.

Керісінше Нәубет Қалиев өзінің «Қазақстан парламентаризмі» монографиялық еңбегінде бұрын аталмай келген кемшіліктерді саяси-қүқықтық тұрғыдан талдап, тақырып аясын кең көлемді зерттеп ашып берді. Қазақстан парламентаризмінің алғашқы тарихи сабақтары жайында маңызды зерттеу жүргізген Өмірзақ Озғанбай болды. Ол XX ғасырдың басындағы қазақ депутаттарының Ресейдің Мемлекеттік Думасындағы қызметі мен тарихи тағдырлары, сол кездегі қоғамдық саяси жағдайдың көріністері жайында маңызды монографиялық еңбек жазды.

Н. Назарбаев өзінің парламентаризм туралы саяси жэне ғылыми көзқарасын, еліміздің егемен мемлекет ретінде дамуының алғашқы жылдарының қайшылықты да күрделі саяси тәжірибесі "Ғасырлар тоғысында" атты белгілі еңбегінде өте түжырымды да, нақты, қызықты да тартымды қорытындылаған. Ол өз еңбегінде "Депутаттардың көпшілігі жаңа жағдайларда парламент қызметінің атымен жаңарғанын, өтпелі кезең мен мемлекеттілікті қалыптастыру

жағдайында оның өте өрелі сипат алғанын аңғарып үлгермей жатыр. Ол, әлеуметтік жэне ұлттық мүдделерді үйлестіре отырып, жалпыхалықтық, мемлекеттік мүддеге айналдыру, сөйтіп, күллі халықтың еркін білдіру"екендігіне ерекше назар аударды [7] .

Зерттеу жұмысының негізгі проблемалары : Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихын зерттеу, оның қазіргі таңдағы деңгейі мен қоғам өміріндегі рөлін анықтау.

- Еліміздегі Парламент саяси институтының қалыптасу динамикасын, ерекшеліктерін саралау, оның саяси-қүқықтық аспектілерін талдау болып табылады;

- Қазақстан Республикасы Парламентінің салыстырмалы даму перспективаларын анықтау;

- Парламенттің саяси-мемлекеттік жүйедегі орны мен маңызын, Қазақстан Республикасы Парламентінің ішкі үйымдасуы мен оның құрылым бөлімшелерінің дәрежесі мен қызметтерін жан-жақты талдау, баға беру;

- Қазақстанның заң шығару процесіне саяси құқықтық талдау жүргізу;

- Қазақ тарихындағы парламентаризмнің дамуы оның дәстүрлік негіздеріне зерттеу жүргізу, өкілдік демократияның қазақи нышандарын айқындау; қазақ қоғамындағы демократиялық қағидалардың тарихи даму динамикасын сипаттау;

- Қазақстандық парламентаризмнің дамуының қазіргі деңгейіне баға беру шет мемлекеттердегі парламенттік жүйелермен өзара салыстырмалы талдау жүгізу, т. с. с.

Тақырыптың негізгі міндеттері. ХІХ-ХХғ. ғ. Қазақ қоғамындағы демократиялық негіздердің даму ерекшеліктерін зерттеу; Қазақстандық парламентаризмнің даму тарихын саяси қүқықтық аспектілер тарапынан жан-жақты зерттеу. Тарих сабақтарының қазіргі таңдағы үлгілі жақтары мен кемшіліктерін анықтау; Отандық парламентаризмнің қазіргі кездегі даму деңгейін ашып көрсету, оның негізгі функцияларын талдау; Парламент жұмысын жетілдіру жолдарын нүсқап, болашақтағы даму перспективаларын анықтау.

Зерттеудің тақырыптық негізі. Қазақстандық парламентаризмнің тарихи даму негіздемесі, қызметінің саяси-құқықтық аспектілері; Оның мемлекеттегі жоғары өкілеттік орган ретіндегі рөлі мен қоғамдық қызметі, т. б.

Тақырыптың зерттеу объектісі. Қазақстандық заң шығару процесі жэне оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлі, оның өзге де мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы қарым-қатынас орнату функциясының орындалу жағдайлары; тарихи шеңберде отандық өкілдік демократия дәстүрлерінің қоғам дамуына әсер етудегі рөлі, маңызы, даму динамикасы. Саяси сауаттылығы мен саяси мәдениет деңгейін жетілдіру жағынан маңызды. Қазақстан Республикасы Парламенті жайындағы жалпы ақпарат және оның жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқаулар қоғам пайдасына асады деген үміттеміз.

Тақырыптың жаңашылдығы. 2007 жылы 19 ақпанда Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі -еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» жөнінде сөйлеген сөзінде елімізде жүргізілетін маңызды реформалар барысы жария етілді. Мұндай мемлекет тарихындағы басты оқиғаға қос палата депутаттарынан өзге Жоғарғы Сот пен Конституциялық Кеңестің мүшелері, шетел елшіліктерінің өкілдері, Президент әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңесінің жауапты қызметкерлері, саяси партиялардың жетекшілері, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстармен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таныстырды [8] .

Қазақстанның саяси жүйесіндегі өкілдік демократия қағидаларын дұрыс іске асыратын болсақ, болашақта Ата заңымыздың бірінші бабында көрсетілген -зайырлы, демократиялық, азаматтық қоғам құра алатынымыз сөзсіз.

Қазақ тарихындағы парламентаризм бастаулары мен алғышарттары 1. 1. Дала демократиясы және қазақ қоғамы

Парламентаризмді кең мағынада қарастыратын болсақ, қоғам өмірінде барлығына бірдей міндетті халық өкілдігіне негізделген мемлекет идеясы мен тәжірибелік функциясын жүзеге асыру болып табылады. Парламентаризм әлемнің даму тарихында XIII ғасырдан белгілі. Ағылшын парламенті белгілі бір үш бөліктен тұрады: король, лордтар палатасы және қауымдар палатасы алдындағы жауапты кабинет болған. Кезінде бұл жүйені «парламенттегі король» деп атаған. XVII ғасырда париждік парламент -сословиелік-өкілдік және соттық-әкімшілік мекеме болған. Оның құзіреттеріне мирасқорлық ережелерді қадағалау, король эдиктілері мен ордонанстарын бекіту, т. с. с. корольдіктің қалыпты заңдарын талаптарға сай өзгерту қызметін атқарган. Карл Шмидтің пікірінше Ренесанстың гуманистік ағымдары адамзат қоғамының сана сезімін толық өзгертіп, діни нышандар биліктен ығыстырылды. Антропоцентристік қоғам қалыптасты. Құдай бұрынғыша әлем орталығы бола алмады. Конституциялық негіздегі мемлекеттер пайда болды. Азаматтық қоғам қалыптасып, оның негізгі субъектісі құдай емес, халық (ұлт, азаматтар) болып табылды. Мемлекет ұйымына интеграцияланудың бірден-бір құралы - ұлт, ал ортақ идеялары конституцияда түйісті. Конституция міндетті түрде азаматтар еркіндіктері мен бостандықтарының кепіліне айналды. Конституцияның бар болуы аз, онда көрсетілген еркіндік идеялары, құқықтары мен міндет-нышандары өмір сүріп отырған орта мен қоғам талаптарына сай, айқын бейнеленуі еркіндік идеясының игерілгендігін дәлелдейді. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар іске асырылған тұста, халық билігі, яғни демократия үстем ете бастайды. Көпшіліктің азшылыққа ықпалы іске асырылады [9] .

Саяси жүйе теориясының пайда болуы американ саясаттанушысы Давид Истонның есімімен тығыз байланысты (ХХғ. 50ж. ) . Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады [10] . «Кірістің» екі түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екенін білдіреді жэне әртүрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, элеуметтік салаға қаржыны көбейту, т. с. с. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау коғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені

күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсенді қатысу, заңды бұлжытпай орындау, т. б. жатады. Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды. Сондықтан олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әртүрлі айла-тәсілдермен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді.

Шығыс - саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т. б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп «кіріс» пен «шығыс» әрдайым әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұндай кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдаған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор. Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса жэне «кіріс» пен «шығыстың» әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.

Сол сар даланың ұлы ғұламасы, бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби «Әлеуметтік-этникалық көзқарастар» еңбегінде: «Ең жоғарғы даму шегіне жету үшін адамдар бірігіп, қауымдасуы тиіс», - деп жазды. Бабамыз қоғамды үшке бөледі: біріншісі - ұлы бірлестік, яғни барлық халықтардың бірлігі. Екіншісі - орта билік, яғни бір халықтың бірлігі. Үшіншісі ең төменгі бірлік немесе қала мемлекет. Бұл толық қоғам болып саналады.

Адамдар әртүрлі белгілерімен қауымдасады. Айталық өмір сүру қажеттілігі:

табиғаттың тылсым күштерімен арпалыс, оны жеңу, игеру, үйлесу, қоян-қолтық

араласу; табиғаттан бірлескен күшпен қажет нәрсені алу, жаудан қорғану, оны

жеңу; рухани жағынан қанаттану; өнерді, білімді, ғылымды игеру, т. с. с. [11] .

Көшпелілер тарихын зерттеп, пайымдауда келесі бір методологиялық әлсіздік - мемлекет туралы айтылған немесе жазылған пікірлерде қоғамның билік жүргізу жүйесін, оның әр түрлі атрибуттарын (мәселен, қазына, сот, прокуратура, әскер, т. с. с. ) зерттеу жэне реттеу басым да, ал мемлекеттің ұйымдастырушы жүйе екендігі естен шығарылады. Сондықтан далалық өркениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын ХҮ-ХУШғ. ғ. Қазақ хандығынан басқа, яғни отырықшыларға тән атрибуттарды таба алмағаннан кейін «көшпелілерде мемлекет жоқ жэне болуы мүмкін емес дейтін» пайымнан әрі аса алмаған. Ал көшпелілер қоғамының ерекшелігі туралы айтатын болсақ: «

экзистенция государственности кочевников в многовековой

межцивилизационной динамике, обращенной во внутрь. Такое государство, образующее начало не всегда совпадает с публично-политической властью, т. е. традиционной характеристикой аппарата принуждения» [12] . Егер біз мемлекеттілікті «саяси-құқықтық, әлеуметтік және мәдениет пен рухани бастаулардың кешені» ретінде түсінсек, онда оның мағынасы өте бұлдырлау болып көрінеді. Сондықтан бұл құбылысты күрделі жүйе ретінде қоғам деп атап, біртүтас этномэдени жэне күрделі организм ретінде қабылдау керек. Өткенге көз жіберсек, көшпелі дала дүниесінде өзіндік өмір тәжірибесін байытқан, ұлы дәстүрлер мен салт-сананы дамытқан. Соның бірі - еуропалық тілмен айтқанда, демократия. Қазақ табиғатына аударсақ, демократия дегеніміз - әркімнің қауымдағы орнын таба біл, қабілетіне сай сұрыпта, барлық адамды тең көр, өзіңді өзің басқар деп мағыналаймыз.

1) Қазақстан тарихындағы парламентаризм бастаулары ХХғ. басында қалыптасты. Дегенмен, жоғарыда айтылғанай, өкілдік демократияның дәстүрлері ертеден-ақ қалыптасқандығы белгілі. ХҮІІ-ХУШғ. ғ. Қазақ хандығы күрделі иерархиялық, әлеуметтік-саяси басқару жүйесін қалыптастырды. Өз бойына далалық өркениет дәстүрлерін, феодалдық монархия мен аристократиялық республика элементтерін үштастырды. Бұл мәселені тарихшы Л. Н. Гумилев жақсы зерттеген. Ол қазақ хандарын герман императорлары, араб халифтары мен қытайдың «Аспан ұлдарымен» тең келерліктей, егемен билеушілермен тең дәрежелеген. Алтын орда ыдырағаннан кейін қазақтар өзінің бұрынғы ата-бабаларының салт-дәстүрлеріне қайта оралған, оны республикалық құрылым деп анықтаған [13] .

Осылайша, Тәуке хан ордасында неғұрлым құдіретті билерді жақындатып, мемлекет билігіне қосқан, оларға хан өкілдігінің бір бөлігін беріп қойған. Ол, әсіресе, қазақтың үш жүзінің билері Төле бимен, Қазыбек бимен және Әйтеке бимен қатты санасқан. Тәукенің ішкі саясаты бір орталықтан басқаратын хан билігін нығайта түсті.

Абай өзінің «Ғақлия» сөздерінің үшіншісінде былай деп жазған : «Бұл билік деген қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Күлтөбенің басында күнде кеңес болғанда», «Жеті жарғысын» білмек керек. Ол ескі сөздердің қайсысы дүрыс, заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл заманға келіспейтұғын болса, оның орнын татымды, толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз. Яки тіпті жоқ» [14] .

Хандық өкімет тәртібі барған сайын уақыт санына төзбей өлкенің өндіргіш күштеріне зиян келтірген өзара ішкі қырқыстарды тоқтатуға дәрмені жетпеді.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Қазақстаннның саяси құрылымына тән ішкі бытыраңқылық экономикалық алғышарттардың болмауынан сақтап қалды. Қазақ қоғамының экономикалық әлсіреуі мен сол кездегі тарихи процестер саясатта өз көрінісін тапты және байырғы мемлекеттік аппараттың мазмұны мен формасын анықтап берді. Хандық биліктің қызметі жан-жақты жетілдіруге аса мұқтаж еді. Биліктің төменгі, жоғарғы сатыларындағы байланыс «вассалитет» (сатылап бағыну) түрғысында болды [15] . Жергілікті басқарушылықтың өз бетімен әрекет жүргізуінің сақталуы жағдайында орталық басқару аппаратының дамуына жол ашылмады. Бұл кезеңде бірнеше руларды біріктіретін сұлтандық басқарма еркін әрекет етті. Ресей өкіметі хандық билікті әлсіретуге мүдделі болды. Мысалы, Орта жүздегі хандық билікті әлсірету мақсатында Уәли ханмен қатар 1815жылы Барақтың тұқымы Бөкейді тағайындаған. Бұл әрекет негізінен патшалық үкіметтің Орта жүзде өзіне қажетті саясатты жүргізу үшін жасаған қулығы еді. Хандық өкіметтің ішінде осындай бірнеше кішігірім биліктің болуы, патшалық өкіметтің өзіне тікелей тәуелді жергілікті, беделді сүлтандар мен билермен байланыс жасауына мүмкіндік берді. Біреулерге қамқорлық жасап, екіншілерге қымбат заттар сыйлап, патшалық өкімет қазақ қоғамы ішінде өз беделін нығайтып алды. Осындай саясат біртіндеп хандық билікті жойып, сұлтандар мен ірі билер билігін мойындауға мәжбүр етті. Назар аударатын бір жәй қазақ хандарын XVIII ғасырдың өзінде-ақ патша өкіметі тағайындап, олардың жұмысы патша чиновниктерінің тікелей бақылауына алынған болатын. Сол кезеңдегі деректердің бірінде былай деп жазылды: «Жаңа ханды сайлау уақытша тоқтатылсын . . . , қандай жағдайда болмасын, сұлтандар мен старшиндарға рұқсатсыз жэне нұсқаусыз жаңа хан сайлауға жол бермеу керек» [16] .

Орыс өкіметі қазақтардың өздеріне толық тәуелді болуын, өркендемеуін, білім алмауын қалады. 1822 жылы 22 маусымда қабылданған «Сібір қазақтары туралы» Ереже бойынша Орта жүздің территориясы округтарға, болыстарға және ауылдарға бөлінді. 1822 жылы Ереженің жарияланғанының артынша Сібір өкімет орындары округтерді ашу ісіне кірісті. Ереже бойынша барлығы 8 осындай округтер ашылуы тиіс болды. 1824 жылы Қарқаралы жэне Құсмұрын округтері ашылды.

Билер ежелден қазақ халқының интелектуалдық және билеуші элитасы болды. Алайда Шыңғыс хан үрпақтары билігі тұсында билер институты өз мәнісін жоя бастаған. Дегенмен, билер қолында сот билігі сақталып, басқару жүйесінде алдыңғы қатарлы билік күшіне ие болды. Алқа билер ережелерді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі, жеке қарауына жататын мәселелері, мәні, белгілері
Парламентаризмнің даму тарихы
Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы
Мемлекеттің заң шығару қызметіндегі парламент рөлі
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі
Саяси жүйелердің негіздері ұғымы мен мәні
Саяси бәсекелестік
Заң алдындағы жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz