Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
1. 1 Интеллектуалдық меншіктегі патент құқығының орны мен маңыздылығы . . . 5
1. 2 Патент құқығының субъектілері . . . 19
1. 3 Патент құқығын қорғау және Қазақстанның Патент жүйесі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы интеллектуалдық
меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвециялар . . . 23
2 Патент құқығының объектілері
2. 1 Өнертабыстар . . . 47
2. 2 Пайдалы модель . . . 50
3 Патент құқығының тіркеу тәртібі
3. 1 Патент беру тәртібінің сараптамасын өткізу . . . 53
3. 2 Қазақстан Республикасының Патент қатынастарын реттейтін
ұлттық заңнама . . . 59
Қорытынды . . . 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары делінген. [1, 1бап] Дипломдық жұмыстың өзектілігі Еліміз жаңа өрлеу деңгейіне аяқ басқан қазіргі таңда патенттік құқықты дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып отыр. Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде патенттеу құқығын дамыту ел алдына қойылған үлкен міндет десек артық емес. Олай болса, патенттеуді тәртіпті келтіру туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.
Сондықтан қазіргі Қазақстандық патенттік құқықты зерттеу, оның негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген заңгерлер үшін аса маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Заңдарына сәйкес патенттік құқық шарттарының құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы патенттік құқыққа қарастыру тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді. Сонымен бірге меніңше осы қарастырылатын мәселелердің өзектілігін сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерлеп дамуы патенттік құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппаған қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.
Зерттеу маңыздылығы : міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда Патенттік құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.
Зерттеудің мақсаты мен мәселелері : дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша патенттік құқықтың шарттары болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжірибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжірибелік мәні бар сұрақтарды қарастырады.
Зерттеу әдістері: Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен патенттік қүқықтың шарттарын қарастырмас бұрын жалпы патенттік объектісінің түсінігі мен түрлерін қарастыра келіп патенттік құқық және авторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкіндігінше тереңірек қарастыруды өзіме мақсат етіп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттік құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткім келеді әрі сонымен бірге Қазақстан Республикасынның ішіндегі Халықаралық шарттар мен келісімдер арқылы Қазақстан Республиканың азаматтармен бірге шетелдердегі патенттік құқықтарды қорғау мәселелеріне де біраз талдау жасап кетуді жөн деп шештім.
Ғылыми жаңалығы : мүліктік құқықтарды қалай да болсын басқаға беру патенттік және мүліктік құқықтар берілетін адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен рәсімделуге тиіс. Ғалым-заңгерлердің әділ соттылық әдістерін қолданудағы ең тиімді әдістерін. мамандар Гусов К. Н., Куренной А. М., Решетникова И. В., Қожахметов Ғ. З. Ахметов А. Д., Қағазов Т. С., Айымханова Н. М. және т. б. өз зерттеулерінде қолданылған[1. 12-бет] . . Айрықша кұқықтарды беру туралы патенттік құқықтар берілген адамға ғана туындыны белгілі бір әдіспен және шартта белгіленген шекте пайдалануға рұқсат етеді және мұндай адамға басқа адамдардың туындыны осылайша пайдалануына тыйым салу құқығын береді. Егер айрықша құқықтар берілген адам бұл құқықты қорғауды жүзеге асырмаса, басқа адамдарға туындыны пайдалануға тыйым салу құқығын туындының авторы жүзеге асыра алады. Айрықша емес құқықтарды беру туралы патент алған пайдаланушыға осындай қүқықты берген айрықша құқық иесімен және (немесе) осы туындыны соңдай әдіспен пайдалануға рұқсат алған басқа адамдармен туындыны тең жағдайда пайдалануға рұқсат етеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы : Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде патенттік құқықтың жалпы сипаттамасы: ұғымы, обьектілері, субъектілері және автор сый ақыны есептеу тәртібін зертеу қарастырылған.
Екінші бөлімде патенттік құқықтың ұғымы, мазмұны және авторлық құқықтарды қорғау тәртібі мен патенттік құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді қарастырдық. Патенттік құқықтың мәнін ашып, оның қызмет ету және реттеуінің нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар оның негізгі индикаторлары мен зерттеу жолдарын қарастырады.
Үшінші бөлімде патенттік құқықты қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі мен патенттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттар және патенттік құқықтарды жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.
1 Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
1. 1 Интеллектуалдық меншіктегі патент құқығының орны мен маңыздылығы.
1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықпен мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патентік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекеттің 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастары реттеудің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін бекітті. Азаматтың заңнамадағы «интеллектуалдық меншікті» құқықтың жеке объектісі ретінде қалыптастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне «ерекше құқық» бекітілді. Қазақстан Республикасының үкіметі арыз беруіне ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай рәсімдеу төлемі арзан сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы патенттік құқықты қорғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сай келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда. Патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар. [1, 62-бет] Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданалмаған. Ендеше санаткерлік меншік дегеніміз не? Бұл сауалға халықаралық, сонымен қатар, еліміздің заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын. Бүкіл дүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвенциясының 2 бабында «Инттелектуалдық меншіктің» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметінде, дыбыс жазу. Радио және теледидар хабарларына, адами қызметтің барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткіштерге, қара ниетті бәсекелестікке қарсы қорғану сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 961 бабында жүйелендірілген тізімі берілген.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсам, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізі ерекшелігі- өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствасында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын. Енді құқық иеленушінің иеленсімісіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу арқылы өнертабысын өз иелігіне жаратып жататын. Енді құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушенің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасау жолымен ғана пайдалану жалға қойылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады және ол Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 125, 964 баптармен бекітілген. Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау принциптері түбірімен өзгерген демек жана қатынастар бүтіндей ереше құқықтық базаны қалыптастыруды талап еткені. [2, 32-бет] 1992 жылы Ұлттық патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырады және оның құқықтық реттелуін Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьянің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады. [3, 12-бет] Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің келімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формальды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігіне көрінеді. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 22- бабы формалды сараптама кезінде патенті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық қорғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді. Патент мәні бойынша сараптама жүргізілінгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімінің патентке қабілеттілігі талаптарына сәйкестігі анықталады. [4, 20-бап] Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді. Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты-заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптаманы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады. Бұл екі қорғау құжатының аумақтық және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведомствасына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуға мүмкін бірақ жылдан аспауы тиіс. [5, 21-бет] Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведомствасына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент он жыл бойы күшін сақтайды. Патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек. Патент-Patent- мына мән- жайларды:
- Аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
- Авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
- Аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленділігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекет аумағында әрекет етеді. Шетел, құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде иесіне сый ақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде көзделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі болып табылады. Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «Өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолдануға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың пайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдануын бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады. [14, 6-бет] Патенттеу мақсаты сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Патенттің негізгі қызметі жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны талаптанысу екеу болып табылады. [11, 7-бап] Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:
- қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
- патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіне пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
- айрықша құқық әрекетінің мерзімдік және аумақтық сипаты;
- айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкіндігі.
Аталған объектілердің барлығы біздің мемлекетімізде қолданылады. Патентке негізделген құқықтар мемлекетінің берген құқықтары болып есептеледі. Бұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкін болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патентті шарт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады. Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік өз құқықтарымен сиппатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.
Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері.
. Өнертабыс түсінігі мен объектілері: Белгілі бір өнертабыс негізгі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының патент заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:
- жаңалығы;
- өнертапшылық деңгейдің болуы;
- өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімінің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы патент заңының 6- бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысшы мәселесін шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термины техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету туралы ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер, спорт көмекші құралдарын жасау арқылы медицина және т. б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгілеген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде. Белгілі бір кезектілікпен және тағы басқа қолдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника. Ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс. Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сиппаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады. Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткалыраның тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісте, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектері бола алады. [12, 9-бап] Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылған бақылау мүмкіндігі үшін құқықтың маңызы зор.
Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғылар- «Магнит өрісі датчигі», «механизмдер»-«шарниро-рычажный механизм» немесе қандай болмасын құрал, мысалы «тормозное устройство для железнодорожного вагона», «гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект құрылғы категориясына жатқызылуы мүмкін. Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады- мысалы «әмбебап оқу картасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады. Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де; түйіндері бөлшектері тағы басқа және құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:
- конструктивтік элементтердің болуы;
- элементтер арасында байланыстық болуы;
- элементтердің өзара орталасуы;
- құрылығының немесе оның элементтерінің нысанда жасалуы;
- элементтер арасындағы байланысының орындалу нысаны;
- элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
- құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;
- құрылғының кез келген элементінің қызметін орындайтын алса;
- техникалық шешімінің басқа түрлерімен салысатырғанда құрылғы-өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына бақылануды қамтамасыз етеді. Бұл олардың кең таралуын анықтайды. [5, 10-бап]
Тәсіл - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдың объектілер көмегімен материалдың объектілерге әрекет ету процестері жатады. [4, 11-бап] Тәсіл- белгілі бір тәртіппен немесе белгілі тәртіппен немесе белгілі бір ережелерді сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы. Материалдың объектілерге әрекет ету процестері ретінде тәсілдері болай бөлуге болады:
- өнім бұйымдар, заттар өндіруге, бағытталған әрістер, мысалы, «құрылыс материалын жасау тәсілі», «ацетилен алу әдісі»;
- белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер, тасымалдаулар, реттеулер, өңдеулер, мысалы, «жер өңдеу тәсілі», «электромагниттік клапанды басқару әдісі»;
- нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдістер. Мысалы: «Аса таза кварцтың шыққан жері іздеу әдісін өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады.
Патенттер аурудың алдын алу, диагностика және емдеу әдістеріне де беріледі, мысалы: «Тістер көрінісін алдын алу тәсілі», «Артериялар гипеортония диагностика әдісі»: Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:
- белгілі бір әрекетінің немесе әрекеттер жиынтығының болуы.
- Осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі;
- әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары;
- заттар немесе материалдарды пайдалану;
- құрылғыларды пайдалану.
Зат өнертабыс объектісі ретінде Өнертабыс объектісі ретінде заттарға:
- жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар оларға жоғары-молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері. Мысалы: «Гидрохлорид-1 (2-этаксиэтил) -4-ацетил-4-ацетинсиниперидина»;
- композициялар, құрамдар, қоспалар, мысалы: «тормозды емдеу майы», «фурфоролды гидрирлеу катализаторы»;
- ядролық айналу өнімдері жатады.
Жеке химиялық қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
-сапалық және сандық құралы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz