Бала асырап алудың нормалары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Патронаждық институтының қалыптасуы, дамуы және
оның міндеттері.

1. Патронаж институтының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.7

2. Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңындағы
бала асырап алу туралы жалпы
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...12

2. Бала асырап алудың нормалары.

2.1 Бала асырап алудың тәртібі және
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.2 Бала асырап алудағы жарамсыздық және күшін
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

2.3 Бала асырап алудың құқықтық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..31

3. Шетел азаматтарының Қазақстандық балаларды асырап алу
мәселелері

3.1 Халықаралық ауқымдағы балаларды асырап алудың
жолдары ... ... ... ... ... .39

3.2 Шетел азаматтарының Қазақстандық балаларды асырап алуының
өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

Кіріспе

Адамзат өзінде бар ең жақсысын балаға
беруге міндетті. (20.09.59 жылғы
Бала құқығының Декларациясы)

Кез келген мемлекетте, кез келген қоғамда ерекше қамқорлықпен және
қорғаншылықпен балалар пайдалануы тиіс. Балалар - өмірдегі ең кымбат
құндылықтың бірі. Бала өмірінің қанша жақсы қалыптастырылды, мемлекетпен
оларға қандай жағдай жасалды, осы мемлекеттің болашағы нақты осыған
байланысты болады. Сондықтан балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын
қорғау мәселелері, балалар үлкен адамдардан кем емес кұкыққа ие, - бұл ең
маңызды мәселе. Бұл әркашанда кез келген мемлекеттің ерекше көңіл аударылуы
керек және осы мәселелерді қасақана ескермеу дәлелдерінің фактілері
жіберілмеуі керек. Дипломдық жұмыстың өзектілігі Дипломдык жұмыста -
Қазақстан Республикасындағы балаларды асырап алу мәселелерінде - біз өте
күрделі және көп қырлы проблема, бала асырап алу проблемасын ашуға
тырыстық. Осы тақырыптың өзектілігі - бала (кыз) асырап алу адам өмірімен
тығыз байланыста болғандығында. Олар мораль, отбасы заңының нормаларының
негізгі принциптерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 16
сәуірдегі № 1512403 Неке және отбасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Заңының жобасы әзірленді.
Қазақстан қоғамының алдында тұрған осы проблемалардың ушығуы мен
өзектілігі кейінгіге қалдырмайтын шешімнің шешілуін талап етеді.
Белгіленген бала асырап алу жөніндегі шешімдерді әзірлеу және қабылдауға
жауапты органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлықпен курес бойынша сауатты,
дұрыс шараларды қабылдауды талап етеді.Өкінішке орай, көп балалар әр түрлі
себептерге байланысты ата-анасыз қалады. Бұл жағдайда олардың мүдделерін
қорғау мемлекетке жүктеледі. Нақты осы өз органдарының атынан әрбір баланың
дұрыс және толық отбасыда өмір сүрумен тәрбиелену құқығын жүзеге асыруға
жәрдем беруі керек. Зерттеу маңыздылығы: міне бүгінде біздер осы жайларға
және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда Отбасылық құқық
саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп
білемін. Бала асырап алу термині заң ғылымында әр түрлі мағынада
пайдаланады. Көптеген ғалымдар бала асырап алуды ата-ананың қамқорлығынсыз
қалған балалардың орналастыру нысаны ретінде карастырады. Басқалар - заң
актісі ретінде қарастырады. Бір жағынан асырап алушы мен оның туыстары,
екінші жағынан асырап алынушының арасында аға-аналары мен балалары, туған
туыстары арасында болатын кұкыктары мен міндеттері пайда болады. Бұл
жағдайда бала асырап алу заң фактісі ретінде түсіндіріледі. Бұл жоғарыда
аталған тұлғалардың арасында жаңа құқықтық байланысты орнатады және сонымен
бірге нақты тегі бойынша баланың ата-аналары мен басқа туыстарының құқықтық
байланыстарын тоқтатады. Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: дипломдық
жұмысымда Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша отбасылық құқықтың
шарттары болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық
тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы отбасында мүліктік және мүліктік
емес құқықтарын қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжірибеде жиі кездесетін
өзекті теориялық және тәжірибелік мәні бар сұрақтарды қарастырады.
Осымен, бала асырап алу - бұл бір уакытта құқықты жасаушы және құқықты
тоқтататын заң актісі болып табылады.Заңда және заң әдебиетінде бала асырап
алу сөзі кейде құқықтық катынасты білдіреді. Ол асырап алушы (оның ата-
анасы) мен асырап алынғанмен (оның ұрпағы) арасында бала асырап алу актісі
негізінде пайда болады. Сонымен бала асырап алу термині отбасы құқығы
институтының бірін белгілеуге пайдаланылады. Ол бала асырап алу бойынша
қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді
және бала асырап алуды белгілеу және тоқтату тәртібін, құқықтық қатынастың
қатысушыларының құқығы мен міндеттерін анықтайды.Осы жұмыста бала асырап
алу - соңғы трактовкада отбасы құқығының институты ретінде қаралады.
Зерттеу әдістері: Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен бала асырап
алу институты ен көне құқықтық институттың бірі болып табылады. Және барлық
қазіргі заманғы құқықтық жүйелерде болады. Бала асырап алу институты
өзінің қолданысына қарай терең парасатты, адамгершілікті
болып келеді. Ол ата-анасы жоқ немесе басқа себептерге байланысты ата-ана
көңілінен тыс қалған балалар үшін дұрыс отбасы өмірін және тәрбиені
қамтамасыз етуге арналған. Біз осы жұмысты бұрын қолданылып жүрген заң
ережелерін ескере отырып және бала асырап алу саласындағы шет елдерінің
тәжірибелеріне сүйене отырып, таңдаған тақырыптың ерекшелігінен шыға отырып
құруға тырыстық. Қазіргі заман кезеңінде бала құқығын қорғау проблемасының
өзектілігі көптеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалык жағдайдың күрт
төмендеуімен де байланысты. Экономикалық тұрақсыздык, өндірістің төмендеуі,
өтпелі кезеңнің қиындығы және, осының салдарынан болатын, жұмыссыздық
санының өсуі, халықтың көп бөлігінің өмір деңгейінің төмендеуі - осының
барлығы тікелей түрде бала өмір сүру деңгейінің жағдайына әсер етеді.
Балалардың жалпы санының 5%-ы жетім балалар. Қалғандардың бәрінің ата-
аналары бар. Олар белгілі бір себептерге байланысты (ата-ана құқығынан
айырылған, созылмалы алкоголиктер, наркомандар, жазасын өтеп жүргендер,
хабарсыз кеткендер, ата-ана міндетін орындаудан қашатындар және т.б.)
олардың тәрбиесімен айналыспайтын, денсаулықтарына байланысты өздерінің ата-
ана міндеттерін орындай алмайды. Соңғы уақытта әлеуметтік жетімдік жаңа
ерекшеліктерге ие болды:
- балалар ата-аналарының кесірінен далада өмір сүріп, үйі-күйі жоқ
қайыршы, ешкімге керегі жоқ қараусыз болады да, оқуларын жіберіп, ақыры
тастайды. Ата-аналар мен билік жағынан көңілділік пен жауапкершіліктің
болмауынан балалардың көбісі қылмыс жолына өз бетімен түседі немесе басқа
тұлғаларды соңынан тартады. Сонымен бірге, заңды аттап басканнан кейін,
әсіресе, жас құқық бұзушыларды тез оңалту бойынша сәйкесті шараларды қолға
алмайтын мемлекетте бірқалыпты, дұрыс өмірге кайта келуі кейде өте қиын
екендігін сезбейді. Тек экономикалық фактор бірқатар теріс сәттерді
тудырады. өмір сүру деңгейінің төмендігі және жұмыссыздық үлкен адамдардың
баланың жеке тұлға ретінде дамуына және қажетті жағдай жасауының
мүмкіндігін шектейді. Қазіргі заманда әлеуметтік-экономикалык сілкіністер
мен дағдарыстардан ең көп соққы тиген кейбір елдердің балалары, әсіресе
кіші жастағылар, ең бастысы - бақытты алаңсыз балалық шақтан айырылған.
Кейбір отбасыларда ата-аналар өздерінің балаларын дұрыс тамақтандыруға және
киіндіруге мүмкіндіктері жоқ және үкімет әркашанда осындай фактілерге көңіл
бөлмейді. Бала қорғау облысында ең бірінші маңызды құжат болып, 1959 жылы
20 қыркүйекте БҰ¥ бас Ассамблеясымен қабылданған бала құқығының
декларациясы болды. Осы Декларация әлемнің барлық балаларын бақытты балалық
шақпен қамтамасыз ету және олардың жеке игілігі мен қоғам игілігіне онымен
жария еткен құқықтары мен бостандықтарын пайдалану мақсатында қабылданған
болатын. Бүгінде Қазақстан ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды асырап
алу мәселелерінде, бірінші кезекте республика азаматтарымен бала (қыз)
асырап алуға оларды тапсыруға көңіл бөлуде. Жергілікті атқарушы органдар
бала (қыз) асырап алғысы келген адамдардың есебін жүргізеді. Республика
азаматтарының үміткерлер есебі арнаулы журналда жүргізіледі. Облыстық білім
беру басқармаларының (департаменттердің) деректері бойынша екі жасқа
дейінгі балалар сұранысқа ие. Қазақстан азаматы санынан баланы тәрбиелеуге
алғысы келетін тілек білдірушілердің саны азаюда.Соңғы жылдары бас тартқан
және тастанды балалардың туғаннан сифилис ауруына шалдыққан немесе жұққан,
дамуында кемістігі бар балалар (оларды қаражаттардың болмауынан Қазақстанда
емдеу мүмкіндігі жок) саны ұлғаюда. Бұкаралық ақпарат кұралдарында
Қазақстан Республикасының бала асырап алу тәртібі заңының қолданысқа
енгізгеннен кейін күрделіленген проблемалар бірнеше рет талқыланды. Бала
асырап - алу ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың ең
тиімді формасы болып табылады. Бұл форма ең жақсы түрде бала құқығын
қамтамасыз етеді. Қанша дегенмен ол толық түрде туған балаларға деген
құқықтық қатынастарға тең келеді. Және бала асырап алушы ата-аналар
тұлғасына және туған отбасыға ие болады. Ғылыми жаңалығы: оларға деген
қосымша материалдар, соған қоса, жалпы заңға сәйкес қарастырылатын отбасы
дауларының сұрақтарына сәйкес оқулық пен монографиялық әдебиет қолданылған.
Отбасы заңнамасы облысындағы көптеген еңбектері бар атақты мамандар
Ахметов А.Д., Ахметова К.А, Гусов К. Н., Куренной А.М., Решетникова И.В.,
Ахметов А.Д., Қағазов Т.С., Айымханова Н.М., С.А. Бухарбаева., И.Д.
Бейсенов., Т.Н. Мухамбетов., В.И. Власов., В. Глазырин., С.Ю. Головина.,
В.Д. Шахов., С. А. Голощапов., С.А. Димитрова., В. Дойблер., Д.Ә.
Жампейісов., Д.Г. Иосифиди., О.С. Смирнов., М. В. Толкунова., және т.б.
зерттеулері қолданылған. Негізгі мақсатқа және міндетке осы тақырыпты және
проблемалық мәселелерді ашу болып табылады. Сонымен катар, бұл жұмыста
Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет мемлекет елдері азаматтырының
Ақмола облысы аумағында соңғы 7 жыл ішінде, яғни 2005-2012 жылдар аралығы
кезеңінде бала асырап алудың талдау жұмысы жасалды.Зерттеу объект ісі.
Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық білім және ғылым департаменті
Зерттеу әдістері.Теориялық әдістемелік негіз болып Бала құқығы туралы
Конвенция, Қазақстан Республикасының Заңы (Неке және отбасы туралы), Бала
құқығы туралы Декларация болып табылады. Зерттеу жүргізу барысында
статистикалық, монографиялык, абстракты - логикалык әдістер
пайдаланылды.Ақпарттық база.Зерттеулерде сәйкесті заң актілері, нормативтік-
аналитикалық әдебиеттер, сонымен бірге статистикалық есеп берулер
пайдаланылады.Іс-тәжірибелік маңыздылығы.Диплом жұмысының теоретикалық
ережесі құқық негізін зерттеп жүрген тұлғалар үшін әдістемелік ұсынымдар
есебінде пайдаланылуы мүмкін. Дипломдық жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс
кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден
тұрады.Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың
зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу
жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы
көрсетіледі. Бірінші бөлімде отбасылық құқықтың жалпы сипаттамасы: ұғымы,
обьектілері, субъектілері және бала асырап алу тәртібін зертеу
қарастырылған. Екінші бөлімде Бұнда бала асырап алудың тарихы, түсінігі,
максаты, бала асырап алуды тоқтатудың негізі, құпиялылығы мазмұны және
отбасылық құқықтарды қорғау тәртібін қорғау саласындағы халықаралық
шарттар мен келісімдерді қарастырдық. Отбасылық құқықтың мәнін ашып, оның
қызмет ету және реттеуінің нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар
оның негізгі индикаторлары мен зерттеу жолдарын қарастырады. Үшінші бөлімде
Осы жұмыстың қорытынды бөлігінде бала (қыз) асырап алудың проблемалық
мәселелері туралы, бала асырап алу тәртібінің жалпы жағдайлары туралы
ұйғарым жасалды. Шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алудың
мәселелерін кеңінен ашылады.Отбасылық құқықты қадағалауды ұйымдастыру және
жүргізу ережесі мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі
құжаттар және бала асырап алукезіндегі құқықтарды жетілдіру жолдары
қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда терең қарастырылған.

1. Патронаждық институтының қалыптасуы, дамуы және оның
міндеттері.
1.1 Патронаж институтының қалыптасуы.

Бала асырап алу мәселесі бұрын қазақ қоғамында күрделі емес болатын.
Жетім қалған бала туысқандары қарамағында болып, ең жақын туысы қамқоршылық
еткен. Тіпті жақын туысқандары болмаса, нағашы жұрты тәрбиелейтін. Жетім
баланы баска ру тәрбиелеп алу мүлдем кездеспеген, ондай жағдай болса сол
руға өшпес күйе жағылған болар еді.
Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы, яғни баурына салуы
ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы
асыраушы анасы шаранасын етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша
асыраушы адам жаңа туған балаға атын койып, оң қолына асық жілік ұстатады.
Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз
әке-шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам оң қолына асық жілік
ұстатып едім ғой деп дауласады. Бүл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді.
Алайда бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің аты айтылып,
жаназасы шығарылады. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін, баурына
салып алады. Бірақ, ол асырап алғанға жатпайды.
Жоғарыда айтып кеткендей, қазақ халқы бала асырап алу барысында
бірқатар дәстүрлі рәсімдерді орындаған. Соңын үш түріне тоқталып, түсінік
берейік. Олар: міндетті түрде той жасау; ер балаға асық жілік, қыз балаға
токпақ жілік ұстату; ер баланы ашамайға мінгізу.
Міндетті түрде той жасау - қазақ халкында негізінде өз кіндігінен ер
баласы жоқ адамдар туыстарының, ағайындарының баласын асырап алатын.
Көбінесе ер балаларды, ол оның реті келмегенде қыз баланы да асырап ала
беретін. Малды адамдар атшаптырып той жасаса, дәулеті шағындар кұрмалдық
жасайды.
Ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстату — баланың қолына
жілік ұстатып, көпшілікті бүған куә ету бала асырап алатын әке мен шешенің
де жұрт алдында оларды тумады деп бөлмеу туралы беретін уәдесі,
анты. Жұрт алдында жілік ұстату салты екі жағынан да бала алу, бала беру
ісіне ризашылығын білдіреді.
Ер баланы ашамайга мінгізу – ер балаларды жілік ұстатуға қосымша
ашамайға мінгізу жорасы да бар. Өйткені, баланы бауырға салу көбінесе оның
5-6 жасар кезінде болады. Бұл кезде баланың атқа мініп үйрететін кезі.
Әрине тым жақын туыстар арасында балалары есейіп қалған кезде де бола
береді. Ал бөтен елден алғанда бала мүмкіндігінше жастау болуы керек.
Тарихымыз орыс халқымен тығыз болғандықтан, көне Русьтен бастап,
бертінге уакытқа дейінгі қалыптасқан бала асырап алудын тарихына тоқталуды
жөн көрдік.
Көне Русьте отбасы құрамына өтірік ұл туу сияқты, бөтенді
қабылдау сиякты бала асырап алу пұтқа табыну уақытында болған. Пұтқа табыну
орнына христиан діні келгенде бала асырап алу шіркеу билігінен болатын
ерекше рәсім арқылы шіркеумен жүзеге асырылған. Ол үл дүниеге әкелу
шіркеу рәсімімен жасалған. Бала асырап алудың күші болуы үшін, ол
епархиалды архейдің белгілі біршіркеу рәсіміне сақтауда бекітілуге
жатқызылған. Бұндай талаптар Византия құқығының нормаларымен бала асырап
алуға қойылған. Сол кезде Русь византияның қол астында болған. Ал орыстың
қарапайым құқығына қатысты келетін болсақ, ол ұзақ уақыт бойы сақталған әр
түрлі рәсімдерімен қарастырды. Соның ішіне: жалған бала туу рәсімі жатады.
Дәлелділік үшін кейбір жерлерде ер де өтірік бала туатын әйелге қанға
былғанған көйлекті кигізген. Бала туу рәсімін ер адам да жасаған. Ер
адамның бала туудың еліктеу рәсімі оның баланы асырап алатындығын
есептеген; ағасының не інісінің жесіріне үйленуін; дәлелді түрде үйге
асырап алынатын баланы қабылдау; асырап алушы мен асырап алынушының
арасындағы ерекше келісім актісін білдірген [1].
Осыдан шыға отырып, бала асырап алу отбасы басында патриархальды әкесі
бар көне отбасыда болғандығы сол уакытта белгілі болды. Оған берген
отбасыға (примак – қабылдаушы) қабылданған балалар да, кұлдарда бірдей
кірген. Бірақ, егер ертеде бала асырап алу адам санын сақтау, қоғамның
беріктілігін сақтау қажеттілігінен болатын болса, уақыт өте келе бала
асырап алудың басқа мақсаты анық көріне бастады баласы жоқ жұбайлардың
жандарын еске алатын мұрагерге ие болу болды. Бұл өзіне тән көнеліктің
қалдығы болды. Христиан уакытында өлгеннің жанына деген қамқорлықты
шіркеуге тапсыруға болатын, ал пұтқа табынушылық уақытында оған құрбандық
шалу тек оның балаларының міндетіне жатқызылатын. Сонымен бірге, тек қана
бала асырап алушының ғана емес, сондай-ақ асырап алушының, әсіресе, өз
отбасынан айырылғанның мүддесі ескерілген.
¥зақ уақыт бойы, бала асырап алу ережелері ерекше өзгерістерге,
ұшыраған жоқ және бұрынғыдай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бірақ, жеке
иеліктер бастауларының бекітілу шамасына қарай үлкен маңыздылықты отбасы
қарым-қатынасында алдын ала қойылған келісімдер өз күшіне ие болды:
өздерінің некеден тыс туған балаларын асырап алуға болмайды. Сонымен бірге,
асырап алынушының жекеменшігіне заңсыз некеден туған балалары жағынан қол
сұғылмаушылығына жол берілмеген.
Петр - І-нің реформасы кезеңінде бала асырап алуға арнайы көңіл
бөлінбеген. Екатерина ІІ-нің патшалық кұрған кезеңінде де осы тән болды. Ол
Ресей мемлекетінің құқықтық негізін нығайтумен, әр түрлі нысандағы қарым -
қатынастарды, соның ішінде отбасы және, әсіресе, бала құқығын қорғаумен
тығыз байланысты құқықты реттеумен көп айналысты. Бірақ, бала асырап алуға
арналған заңдар сол кезде болған жоқ.
Тек ерекше тәртіпте ол екі ағайынды графтар Остермандарға
қарындастарының тұңғыш немересін асырап алуға рұксат берілді. Осыған ұқсас
келісім әрбір нақты жағдайларда императрицаның өзінің келісімімен басқа да
бала асырап алулар ары қарай негіз болды [2]. Бала асырап алуға арналған
Заң негізінен 1803 ж. 11 қазанда 19 ғ. басында дамыды. Баласы жоқ дворяндар
жақын заңды некеден туған туыстарды оларға тірі кезінде тегі мен гербісін
тапсыру арқылы бала асырап алуға рұксат беретін жарлық пайда болды.
Біршама уақыттан кейін арнайы бала асырап алуға
арналған жарлықтардың бір топ сериясы дүниеге келді. Оның бірі
дворяндармен, көпестермен, төменгі әскери шендермен және т.б. бала асырап
алу кезінде тегінің принципін тікелей сақтау қажеттілігіне көңіл бөлінді.
Дворянның шығу тегіне жатқызылатын адамдардың бала асырап алуы, сол уақытта
генеалогиялық маңызға ие болды. Бірақ, ол жойылып бара жатқан текті қолдау
үшін ғана емес, сонымен бірге баланың жаңа отбасыға ие болатын мақсатымен
де жүзеге асырылды [3].XIXғ. ортасынан бастап, бала асырап алуға әсер еткен
ережелер пайда болады. Соның қатарына жетімдерді асырап алуға рұқсат беру
де жатқызылады. Бірақ, егер баланың ата-анасы тірі болса, баланы асырап
алуға келісімі керек болды. Бала асырап алуға арналған заңдағы ерекше асу
1891 жылғы 12 наурыздағы Заңды түрде бала қылып асырап алу мен асырап
алынған балалар туралы Заңы болды. Бұл Заң заңды некеден тумаған балаларды
асырап алуға және заңды түрде бала қылып алуға рұқсат берді. Сонымен бірге,
әрбір балаға олардың тегіне және дініне қарамастан осындай рұқсат берілді.
Бала асырап алушыларға өзінің некеге тұрмау санына жатқызылғандардың
басқалары бола алады. Бірақ, кейбір шектеулер де қойылды. Бала асырап алуға
тек заңды немесе заңды түрде бала қылып алғандарға ғана рұқсат берілді.
Мещандар мен селода тұратындарға рұқсат берілмеді. Сонымен бірге, 30 жастан
жас адамдар бала асырай алмады. Бала асырап алудың нәтижесінде
асырапалынған бала асырап алынушынын жақын туысқандық байланысқа түскен. Ол
Заңды балаларға қатысты барлық құқыққа ие болған, өзіне барлық міндеттерді
қабылдаған. Бұл уакытта бала асырап алу кең мағынада қолданылған - мүліктік
проблемаларды шешудің тәсілі ретінде ғана емес, сондай-ақ, моральдық
мағынасы бар акті ретінде қабылданды.
Кез келген жағдайда ол бала асырап алу мінез-кұлқы себебімен тығыз
байланысты, сондықтан бала асырап алу бірнеше категорияға бөлінді. Бірінші
кезекке уәде беру бойынша бала асырап алу кірді. Ол ең құнды болып
есептелді. Себебі, бала асырап алғысы келетін уәде беруші әдетте асырап
алынатын баланың оның қолында жақсы болу үшін бәрін істейтін. Екінші
категорияға балаға үйір болған асырап алу категориясы келді. Үшіншіге сирек
түрде - сияпат ретінде бала асырап алу болды [4].
Бала асырап алуға тағайындалған жалпы құқықтық алдын ала жазбалардан
басқа балалардың қалған категорияларын асырап алуды қарастыратын арнаулы
ережелер болды. Осылай, Санк-Петербор мен Мәскеудің тәрбие үйлеріндегі
асырандыларды асырап алу туралы ережелері бойынша олардың 7 жасқа дейінгі
балаларын анасының келісімімен басқа тәрбиелеу үйі басшылығының рұқсаты
керек болды. 7 жастан жоғары тәрбиеленушіні асырап алу оның анасының
келісімінсіз жүзеге асырыла берді. Басқа мысал: тәрбиелеу үйіне туғандығы
туралы метрикасы бар баланы оның тек 3 жасқа жеткеннен кейін асырап алуға
болатын. Ал бұндай метрика болмағанда - тәрбие үйіне тапсырылған күннен
бастап 6 апта өткеннен кейін асырап алынды. Дворяндар үшін (ақсүйектер) бүл
рәсім күрделі болды және бірнеше кезеңдерден тұрды: бала асырап алу туралы
актіні нотариустан алу; бала асырап алушының тұрғылықты жері бойынша
округтық соттың осы актіні ұсынуға рұқсат беру; осы актіні сот палатасымен
бекіту [5].
XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында бала асырап алуды біріншіден бала
асырап алушы - мұрагер етушінің мүліктік мүддесін қорғау үшін пайдаланған.
Сонымен бірге, бала асырап алудың арқасында баланы асырап алушы отбасына
орналастыру жолымен бала құқығы қорғалған. Жетім қалған балалар үшін
ерекше маңызды болды. Ауылдық жерлерде бала асырап алу үйдің
ауылшаруашылығында қосымша қара жұмысшыға иеленуге мүмкіндік берді. Мұның
маңыздылығында атап кеткен жөн. Бала асырап алудың көмегімен үй иесінің
ұлы әскери қызметке бару міндетінен құтылуға болатын.
Себебі, асырап алынған бала әскери шақырылым келгенде оның орнын баса
алатын. Осыған орай арнаулы заң болды. Онда әскери мойынұсынуды орындау
үшін бес жас тан жоғары баланы асырап алу маңызы бар екені айтылған. Бала
асырап алушы үшін егде жасында көмекшісі мен асыраушыға ие болу тілегін
ойлауда маңызды болатын аттан өтуге болады. Бірақ, қанша дегенмен бала
асырап алушы материалдық, әскери сипаттағы пікірлерді басшылыққа
ала бермеген. Сонымен бірге бала асырап алу өз балаларының болмауына
байланысты табиғи махаббат және жақсы көрушілік сезімдерін қанағаттандыру
әдісі ретінде қолдану сиректікке жатпаған [6].
Бала асырап алу бойынша қатынастарды құқықтық реттелінбеу
мүмкіндігінің басты проблемасы кішкентай балалардың еңбегін пайдаланудың
кез келген талпынысын жою болды. Соған қоса, асырап алушы - мұра
қалдырушыдан асыранып алынғанға мүлікті тапсыру проблемасы қолданылмады.
Себебі, мұрагерлік институты жойылды. Бірақ, бала асырап алуға деген
мұқтаждық жоғалып кеткен жоқ. Біріншіден, ол экономикалық пікірлермен,
басты түрде шаруалардың өз отбасында тағы бір балаға ие болу қажеттілігімен
түсіндірілсе, екіншіден, барлық өмір саласына және халықтың барлық
жіктеріне, әсіресе, балаларға әсерін тигізген әлеуметтік-экономикалық
сілкіністерден өз отбасынан, ата-анасынан айырылған үйі-күйі жоқ балалар
санының өсуімен түсіндіріледі.
1941-1945 ж.ж. ¥лы Отан соғысы жылдарында балаларды асырап алу ата-
анасынан айырылған баланың тағдырын жеңілдетуге себін тигізді, және ол
шынайы ұлтжандылық пен ізгілікті білдірудің өзінше бір нышанына айналды.
Эвакуациядағы балаларды асырап алу асырап алушымен асыранып алынатынның
ұлтына қарамастан жаппай бұқаралык сипатта болды.Бала асырап алу бойынша
қолданыстағы заңды жетілдіру мақсатында 1943 жылы Бала асырап алу туралы
КССРО Жоғары Кеңесі Президентінің Жарлығымен шықты. Бұл бала асырап алудың
құқықтық алғышартын бекітудің тағы да бір қадамы болды. Бірақ, көп
уакыттан кейін 1969 жылы Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы
Кодексі барынша түгел және мұқият түрде бала асырап алумен байланысты
қатынастарды реттеді. Жалпы түсінікті болу үшін әңгіме екі жыныстағы
балалар жөнінде, яғни Кодекстің мәтінінде бала асырап алу терминінен
басқа қыз асырап алу термині бірге қолданыла бастады. Ата-ананың
келісімінсіз бала асырап алуға асырап алынатын баланың тегін, атын,
әкесінің атын өзгертуге, бала асырап алудың күшін жоюға арналған арнайы
ережелер тек сот тәртібімен орындалды. Бала мүддесіне жауап беретін
осындай бала асырап алу мүмкіндігін жеңілдетті, және сонымен бірге оның
ата-анасының, баска тұлғалардың дәлелденбеген бұзушылыктарын жіберді.
Ресейдегі бала асырап алу туралы Заңның дамуының негізгі кезеңдеріне көз
жүгірткен шолуда қандай да бір уақыт пен өзінділігімен жеке сипатта
болғанымен Қазақстан Мемлекеті тарихында бала асырап алудың ізін қалдырды.
Қанша дегенмен бала асырап алудың барлық уақыттары отбасы қатынастарына
мемлекеттің тигізген әсерінің ерекшеліктері айнадан көрсеткендей болды
[7].Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді
басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Олай
дейтін себебім баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат
тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы
(балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып
табылады. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.Бұл ережеде баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт бар. Баланы
тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру
жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат
тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-
ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс деп
көрсетіледі.
Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге
беріледі.Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге
алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленеді деп көрсетілген.Баланы тәрбиелеуге
беру туралы шарттар бар,ол шарттарда: дәлелді себептері (сырқаттану,
отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің
болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат
тәрбиешілердің бастамасы бойынша деп көрсетілген , баланы асырап-бағу,
тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және
қамқоршы органның бастамасы бойынша; бала ата-анасына қайтарып берілген
немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы
мүмкін.Патронат тәрбиешілеріне келетін болсақ мынадай ерекшеліктер бар
.Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты
қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Оларға осы заңның 108-бабында көзделген талаптар қойылады. Патронат
тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге
асырады.Патронат белгіленетін бала (балалар).Шарт бойынша оны патронат
тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және
қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға
тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді
(қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай
келетін жағдайлар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге
беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала
(балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.Патронат тәрбиешілерге
берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға,
жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын
үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды.
Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-
жай берілуіне құқығы бар.
Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) осы Заңның 52-54, 59
баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.Патронат тәрбиешілерге
берілген баланы (балаларды) асырап-бағу.Әрбір баланы асырап-бағуға
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай
сайын ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат
тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен
тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ
патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу
және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы
деп көрсетілген жерлері бар. Бала ретінде асырап алуға жол берілетін
балалар. Баланы асырап алу тәртібі. Асырап алынуға тиісті балаларды және
бала асырап алуға тілек білдіретін адамдарды есепке алу. Бірнеше бала
асырап алу. Бала асырап алуға құқығы бар адамдар. Бала асырап алушы мен
асырап алынушы баланың арасындағы жас айырмасы. Бала асырап алуға ата-
аналардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімі. Баланы ата-аналарының
келісімінсіз асырап алу. Асырап алуға баланың келісімі. Бала асырап алуға
ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі. Асырап алынған баланың аты, әкесінің
аты және тегі. Асырап алынған баланың туған күні мен туған жерінің
өзгертілуі. Бала асырап алғандарды асырауға алынған баланың ата-анасы
ретінде жазу. Бала асырап алудың құқықтық салдары. Асырап алынған баланың
зейнетақы мен жәрдемақы алу құқығының сақталуы. Бала асырап алудың
құпиялылығы. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану. Бала асырап алуды
жарамсыз деп тану туралы талап етуге құқығы бар адамдар. Бала асырап алуды
жарамсыз деп танудың салдары. Бала асырап алудың күшін жоюға негіздер. Бала
асырап алудың күшін жою. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы
бар адамдар. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары. Асырап алынған бала
кәмелетке толғаннан кейін бала асырап алудың күшін жоюға жол бермеу.
Патронат. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт. Патронат тәрбиешілер.
Патронат белгіленетін бала (балалар). Патронат тәрбиешілерге берілген
баланы (балаларды) асырап-бағу.

1.2. Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңындағы бала
асырап алу туралы жалпы мәселелері.

Біздің елде кез-келген себептерге байланысты ата-ана
қамқорлығынан айырылған балалардың мүдделерін қамтамсыз етуге үлкен көңіл
бөлінеді. Осылай, бала дамуы үшін ең жақсы тәрбие нысанына қоғамдық және
отбасы тәрбиелерінің тұтастығы жатады. Заң осындай балалардың тәрбие
жағдайларын кұру мүмкіндігімен камтамасыз етеді. Бұны олар өз туған
отбасында ие болған еді. Бұл бала (қыз) асырап алу институтының көмегімен
орындалады. Бала (қыз) асырап алудың ішкі мәні мынадан аныкталады. Заң
асырап алынған баланы (қызды) асырап алушының туған балаларына
теңестіріледі. Бала (қыз) асырап алу Кеңестік заңмен бірден енгізген жоқ.
Азаматтардың хал актілері туралы заңдардың Кодексі, некелік, отбасы және
қамқоршы құқығы 1918 ж. РСФСР баланы асырап алу болмаған. Сол уакыттарда
кулактармен және басқа да ірілі - ұсақты жекеменшік иелері бала еңбегін
пайдалану мақсатын көздеген болар еді. Ары қарай өмір осындай институттың
қажеттігін көрсетті. ВЦИК пен БХК 1926 жылғы 1 наурыздағы қаулысы бала
(қыз) асырап алуға рұқсат берілді, және 1926 жылғы РСФСР неке, отбасы және
қамқоршы туралы заңдарының Кодексінде жеке тарау арналды. [8].Бала (қыз)
асырап алу кезінде баланы тәрбиеге алушы адам мен тәрбиеге қабылданғанның
арасында құқықтық қатынастар пайда болады. Асырап алынушы асырап алушының
арасындағы пайда болатын кұкықтық қатынастар ата-аналардың арасында болатын
құқықтық қатынастарға ие болады.Туған отбасыда тәрбиелену мүмкіндігінен
айырылған көптеген балалалар бала (қыз) асырап алудың арқасында бөтен
отбасыда туғаны сияқты тәрбиеленеді. Негізінен бұл жетім балалар немесе ата-
анасы бар болса да олардан не тәрбие, не қамқорлық ала алмайтын және оған
болашакта үміттене алмайтын балалар.Бала (қыз) асырап алу болмағанда осы
балалардың бәрінің бір жолы болар еді - балалар мекемесінің жүйесі арқылы
мемлекеттік бала асырап алу (қыз асырап алу). Бөтен балаларды өзінің
отбасына ала отырып, адамдар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды
тәрбиелеуде мемлекетке шынайы үлкен көмек көрсетеді [9].
Бала (қыз) асырап алу институты біріншіден кәмелет жасына
жетпегендердің мүдделерінен шығады, бірақ ол сонымен бірге адамдарға ана
және әке сезімін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Нақты осы табиғи
сезімді қанағаттандыруға деген ынта балаларды асырап алудың нақтылы
актілердің негізінде жатады. Бірақ, бұл балланы ұлы немесе қызы ретінде
баласы жоқ азаматтармен бірге баласы бар азаматтарда басқа баланы асырап
ала алатындығын білдіреді.Бала (қыз) асырап алу институтын жүргізудің
негізгі мақсаты - белгілі бір себептерден өзінің отбасы жоқ баланы лайықты
қорғаудан, қамқорлық пен тәрбиеленуден тыс қалдырмау.
Осы жұмыста бала асырап алу (қыз асырап алу) құқықтық институт ретінде
қарастырылады. Сонымен бірге, бала (қыз) асырап алумен байланысты құқықтық
мәселелерді шешуде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары бірқатар моральдық-
ұлттык, психологиялық, педагогиқалық және басқа проблемалары да кездеседі.
Бұл түсінікті. Бала (қыз) асырап алу балаға ата-ананың орнын басу мақсаты
қойылады. Сонымен бірге, бұл мақсат баланың мүддесіне, өмірін бала туралы
ата-аналық қамқорлығын толтыруға, өзінің ішкі қажеттілігін баланы (қызды)
асырап алуда қанағат тапқысы келетін бала асырап алушылардың мүдделеріне де
сәйкесті келеді бірақ, осы ізгі ниетті мақсаттар автоматты түрде тез қол
жеткізілмейді.
Сондықтан, маңызды моральдық-құқықтық жағдай туындайды, яғни әрбір
бала (қыз) асырап алушының санасына өзі шешуді мойнына алған міндеттердің
барлық жауапкершілігі мен күрделілігінің сатысын жеткізу керек. Өйткені,
бала асырап алушыдан балаға деген қарапайым жақсы көрушілік сезімі ата-ана
махаббаты сезіміне айнала алатын осындай сананың дәрежесі талап етіледі.
Ата-аналар мен туған балалардың арасындағы қатынастарында табиғи
сезімдердің әсерімен таза стихия түрінде пайда болуы мүмкін, және асырап
алушы мен асырап алынушының арасындағы қарым-қатынастар сан алы мінез-
құлқы, беріктігі, шыдамдылығы уақытша қарқынға емес, жылдарға арналған
қиын, өте күрделі жүмыстарға сенім артады.Бала (қыз) асырап алушының мінез-
құлығынан баланың өмірді дұрыс және толыққанды қабылдау, адамгершілік
түсінігі мен категориялы тәрбиесіне байланысты болады. Осыдан бала (қыз)
асырап алу туралы мәселесін шешуде үлкен сақтылық пен өте жоғары
жауапкершіліктің қажет екендігі анық көруге болады. Кез келген жеңілдікті,
асығысты көрсету күрделі, кейде көптеген адамдардың тағдырына трагедиялык
салдарына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, заңның міндеті - оның іс-
тәжірибеде қолдану қатты моральді-этикалық және құқықтық негізде бала (қыз)
асырап алудың тұрақтылығымен қамтамасыз етуде жатыр.Бала (қыз) асырап алу
институтының жүктелген міндеті терең адамгершілігінде. Ол ата-анасы жоқ
немесе баска да себептерге байланысты ата-ана қорғаншылығынан айырылған
балалар үшін дүрыс отбасы өмірі мен тәрбиені қамтамасыз етуге икемделген.
Ата-анасынан айырылған бала (қыз) асырап алу жолымен басқа бір отбасыға
орналастырылады. Отбасы өмірі мен тәрбие алу мүмкіндігін алады.Ол – бала
(қыз) асырап алушылардың тұлғасында барлық қарым-қатынасты оған ата-
аналардың орнын басатын адамдарға ие болуы болып жатады. Бала (қыз) асырап
алу, сонымен бірге, баласы жоқ адамдарға әкелік пен аналықтың табиғи
қажеттілігін канағаттандырылуына мүмкіндігін береді.[10] Бала асырап алуды
тiркеудің негізі болып моральдық-құқықтық жағдайдың туындалуы Бала асырап
алу соттың заңды күшiне енген бала асырап алу туралы шешiмi негiзiнде бала
асырап алу азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында тiркеледi.Бала асырап
алуды тiркеу орны әрине АХАЖ органдары болып саналадыБала асырап алуды
тiркеу бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылған жерде жүргiзiледi.Бала
асырап алу туралы куәлiк және баланың тууы туралы жаңа куәлiк беру
Азаматтық хал актiлерiн жазу органдары бала асырап алу туралы куәлiк
бередi. Асырап алынған баланың тегiн, атын және әкесiнiң атын өзгерткен
жағдайда (осы Заңның 86-бабы), сондай-ақ туу туралы жазбалар кiтаптарына
бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретiнде жазғанда (осы
Заңның 88-бабы) туу туралы жаңа куәлiк берiледi.Бала асырап алу туралы
жазбаны жою. Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшiн жою туралы
немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот
шешiмi негiзiнде жойылады. Егер бала асырап алудың күшi олардың өтiнiшi
бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтiнiштi баланың ата-анасы,
егер оның талап етуi бойынша бала асырап алудың күшiн жою жасалса, қорғаншы
немесе қамқоршы орган бередi.Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы
патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеу, емдеу
немесе осы тәрiздi басқа да мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға
белгiленедi. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрушi адам (патронат
тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы
(балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негiзi болып
табылады. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт
Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және
бiлiм беру жағдайларын, патронат тәрбиешiнiң құқықтары мен мiндеттерiн,
патронат тәрбиешiге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың мiндеттерiн,
сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негiздерi мен салдарларын көздеуi тиiс.
Бала патронат тәрбиешiге аталған шартпен белгiленген мерзiмге тәрбиелеуге
берiледi. Патронат тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу және тәрбиелеуге
алынған балалар санына қарай берiлетiн жеңiлдiктер Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi. Баланы тәрбиелеуге беру туралы
шарт: дәлелдi себептерi (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың
өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар арасындағы жанжалдар
және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешiлердiң бастамасы бойынша;
баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туған
кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша; бала ата-анасына
қайтарып берiлген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзiмiнен бұрын
бұзылуы мүмкiн. Патронат тәрбиешiлер тәрбиеге алынған балаға (балаларға)
қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен мiндеттерге ие
болады. Оларға осы заңның 108-бабында көзделген талаптар қойылады.
Патронат тәрбиешiлердi iрiктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар
жүзеге асырады.Шарт бойынша оны патронат тәрбиешiлерге беру үшiн баланы
(балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм
бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар
жүзеге асырады.Ағалы-iнiлердi, апалы-сiңлiлердi (қарындастарын) ажыратуға
жол берiлмейдi, бұған олардың мүдделерiне сай келетiн жағдайлар қосылмайды.
Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып
жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келiсiмiмен ғана
берiлуi мүмкiн. Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) өзiне
тиесiлi алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк
төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын
үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын
үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуiне құқығы бар.Патронат
тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) осы Заңның 52-54, 59-баптарында
көзделген құқықтарға да ие болады. Әрбiр баланы асырап-бағуға Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде ай сайын ақшалай
қаражат төленедi. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешiлерге
қажеттi көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмiрi мен тәрбиесiне қалыпты
жағдай туғызуға жәрдемдесуге мiндеттi, сондай-ақ патронат тәрбиешiлерге
жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру
мiндеттерiн орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Осы жұмыста бала
асырап алу (қыз асырап алу) құқықтық институт ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге, бала (қыз) асырап алумен байланысты құқықтық мәселелерді
шешуде қамқоршылық пен қорғаншылық органдары бірқатар моральдық-ұлттык,
психологиялық, педагогиқалық және басқа проблемалары да кездеседі. Бұл
түсінікті. Бала (қыз) асырап алу балаға ата-ананың орнын басу мақсаты
қойылады. Сонымен бірге, бұл мақсат баланың мүддесіне, өмірін бала туралы
ата-аналық қамқорлығын толтыруға, өзінің ішкі қажеттілігін баланы (қызды)
асырап алуда қанағат тапқысы келетін бала асырап алушылардың мүдделеріне де
сәйкесті келеді бірақ, осы ізгі ниетті мақсаттар автоматты түрде тез қол
жеткізілмейді.

2. Бала асырап алудың нормалары.

2.1 Бала асырап алудың тәртібі және шарттары.

Кез келген қоғамда және мемлекетте отбасы мен бала мәселесіне бірінші
кезекте көңіл бөлінуі тиіс. Баланың жайлы өмір сүруі отбасының жайлылығына
байланысты. Тек отбасында ғана бала жақсы тәрбие, үлгі-өнеге ала алады, тек
отбасы ғана баланы ересек өмірге әзірлей алады. Әр бір бала отбасында
тұрып, тәрбие алуға, өз ата-анасын білуге, олармен бірге тұруға құқылы,
әрине оларды мүддесіне қайшы келмеген жағдайларда [11].
Толық отбасы біздің түсінігімізде бұл - ата-ананың екеуі де болуы,
екеуінің де балаларға деген бірдей жауапкершілігі. Бала асырап алу барлық
адамдардың мүддесін қозғайтын болғандықтан Қазақстан Республикасының Неке
және отбасы туралы Заңы балалардың құқықтары бұзылмауы үшін бала асырап
алудың бірқатар шарттарын бақылауды міндеттейді. Бала асырап алу шарты
заңмен қаралған барлық тұлғалардың келісімін алу болып саналады:
а) баланың ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар;
б) 10 жасқа толмаған баланың өзінің келісім;
в) бала асырап алушының жолдасының, егер баланы ерлі -
зайыптылардың бірі асырап алса.
Осы шарттардың мазмұнын ашайық:
а) бала асырап алу нәтижесінде ата-аналық құқықтың және міндеттердің
бала асырап алушыларға ауысуы үшін баланың ата-анасының алдын ала келісімін
алу кажет, бүндай жағдайда ата-ана өздерінің қүқықтарынан айрылады. Бала
асырап алу үшін қажетті шарттардың бірі ата-ананың келісімі, жазбаша және
нотариалды бекітілген және ол міндетті түрде отырыс хаттамасында қол
қойылып бекітілуі тиісті сонымен қатар шешім шығару кезінде оған сілтеме
жасау міндетті. Аталған норма өз негізділігіне күмән туғызбайды және асырап
алынатын баланың ата-анасының заңды құқықтарын қамтамасыз ету кепілі болады
және балалар құқығы туралы Конвенцияның 21 бабына сәйкес келеді. Егер
баланын ата-анасы келісім беру уақытында 16 жасқа толмаған болса олардың
келісімімен қатар олардың ата-аналарның (әжесі мен атасы), қорғаншы мен
қамқоршы адамдардың, олар болмаса қамқоршы мен қорғаншы органының келісімі
қажет. Көрсетілген талаптар кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін
қосымша қорғау үшін, олар кейіннен бар өмірінде өкінбеу үшін жасалып отыр
[12].Ата-ананың біреу баласынын асырап алуына келісімін беруі екі түрлі
болады:
а) нақты адамның баланы асырап алуына келісім беру (мысалы баланың
туыстары: бауырлары, ағалары, апалары, әпкелері және т.б. адамдар);
б) нақты адамды көрсетпей баланы асырап алуға келісім беру.
Кейіннен баланы асырап алу үшін ата-ананың келісімін екінші рет алу
қажет емес. Кез келген жағдайда баланы асырап алу үшін ата-анасы келісімін
бала туған соң ғана береді. Сондықтан бала тумай тұрып оны асырап алуға
келісім беру заңмен жіберілмейді. Егер бала қабылдап алған отбасының
қамкорлығында (қорғаншылығында болса), онда баланың қабылдап алған ата-
анасының, қамқоршысы (қорғаншысы), немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған
баланы тәрбиелеуші мекеме басшысының келісімі қажет. Аталған адамдардың
келісімі жазбаша болуы тиіс. Қамқоршылардың (қорғаншылардың) келісімі
баланың ата-анасының бар жоқтығына қарамастан алынуы тиіс, бұл баланың
заңды құқықтары мен мүдделерін қосымша қамтамасыз ету үшін қажет [13].
Қабылдап алған отбасылардағы баланы асырап алу үшін қабылдап алған ата-
ананың келісімін алу керек, себебі олар баланын тәрбиесі үшін
жауапкершілікте болады. Егер ата-анасының қарауынсыз қалған бала тәрбиелеу
немесе баска балалар мекемесінде болса баланы асырап алуға келісімді
көрсетілген мекемесінң басшысы береді. Ата-анасының, қорғаншысының
(қамкоршы), қабылдап алған ата-анасы, тәрбиелеу мекемесі басшысының
келісімін алу бала асырап алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бала асырап алудың өзекті мәселелері
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Отбасы құқығы пәні
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Халықаралық бала асырап алу
Отбасы құқығы туралы
Пәндер