Педагогикалық қараусыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Педагогикалық қараусыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу»
Орындаған: Педагогика-Психология мамандығының студенті Баймуканов Бауыржан
Көкшетау 2014ж.
Жоспар
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Қысқартулар . . . 6
Кіріспе . . . 7
І-тарау. Педагогикалық қараусыз балалар - қоғамның көкейкесті проблемасы . . . 10
1. 1. Педагогикалық қараусыз балалар, қаңғыбастық түсінігі . . . 10
1. 2. Педагогикалық қараусыздықтың пайда болу себептері мен факторлары . . . 14
1. 3. Педагогикалық қараусыз балалар мәселесінінің тууы және өрбу тарихы . . . 17
1. 4. Оқу-тәрбие процесінде қиын жасөспірімдерді тәрбиелеу жолдарын
жүйелеу . . . 22
ІІ-тарау. Қараусыз қалған балалар педагогикалық жұмыстың объектісі ретінде . . . 26
2. 1. Педагогикалық қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу . . . 26
- Қиын оқушылардың өзін-өзі тану процесіне және адамгершілікке
тәрбиелеу . . . 37
2. 3. Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар нәтижелері . . . 55
Қорытынды . . . 57 Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Қосмша . . . 63
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1] Назарбаев Н. А. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттің саясаттың басты мақсаты. Қр Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қазақстан халқына жолдауы. - Астана: «Елорда», 2008-64 бет.
Анықтамалар
Отбасы -өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы.
Отбасы тәрбиесі -нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие білім беру жүйесі.
Отбасы -кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар». (педагогикалық энциклопедия сөздігінен)
Отбасы тәрбиесі -туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші» (Қазақша энциклопедия сөздігі) .
Отбасының функциясы - барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты болатын отбасының өмірлік әрекетінің сферасы.
Білім берудегі психологиялық қызмет - психологияның ғылыми, қолданбалы, тәжірибелік, ұйымдастырушылық тәрізді төрт тұрғысынан қамтитын кіріктірмелі құбылыс.
Психологиялық қызмет міндеттері- педагогикалық ұжымды, ата-аналарды әлемдік деңгейдегі педагогика, психология ғылымдарының жаңа жетістіктерімен, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы, нәтижелері туралы, баланың психикалық жағынан өзгерістерді анықтай білу, олардың жас және дара ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыру
Психологиялық ағарту - педагогикалық ұжымның, оқушылардың және ата-аналардың психологиялық біліммен алғашқы танысуы.
Психологиялық алдын-алу - баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алуға бағытталған жұмыстар.
Психологиялық түзету - балалық шақтағы тұлғаның қалыптасу үрдісіне және оның жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға педагог- психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да мамандардың біріккен іс-әрекеті негізінде белсенді әсер ету.
Психологиялық диагностика - оқушыларды, тәрбиеленушілерді терең психологиялық-педагогикалық зерттеу, тұлғаның жеке ерекшеліктері мен икемділіктерін, оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі баланың потенциалдық мүмкіндіктерін, кәсіби өз-өзін анықтауын, сонымен қатар оқуындағы, дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептері мен механизмдерін анықтау болып табылады
Белгілер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖБМС - Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
США - Сайдененые Штаты Америки
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет ретіндегі даму қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет болады. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза саналы болғаны абзал болып табылады. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы осыларға байланысты болып табылады. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата анадан, отбасы ошақ қасынан басталады. Отбасы-адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік болады. Бұл адам әулиетін дамыту, бала әкеліп, өсіру отбасы мүшелерінің тіршілігіне қажетті жағдай жасауға тиіс. Отбасы берекесі, ондағы «ахуал» оның мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді. Сондықтан да ата-бабаларымыз отбасын құруда әдеп сақтап, берекесін кетірмеуге өте ұқыптылықпен қараған. Қоғамда педагог-психолоктармен көптеген мәселелермен қақтығысуға тура келеді, яғни қазіргі қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі болып есептелетін жағдай ол қараусыз балалармен, панасыздармен, үйсіз-күйсіз қалғандармен педагогикалық және әлеуметтік жұмыс.
Халықтық тәрбие-адамгершіліктің негізін қалайтын, оны негізгі қасиет ретінде қалыптастыратын өзіндік орны бар тәрбие бастауы екені баршаға аян. Халқымыз адамгершілік-ізгілік қасиеттерді басқа да адам баласына тән қасиеттермен ұштастыра білген. Оның ішінде әдемілікті сезіну, сұлулыққа сүйсіну сияқты эстетикалық талғам мен тәрбиені іске асыру халықтық педогогиканың негізгі буыны болып саналған деп есептеледі.
Сондықтан қазіргі кезде білім беру ісі еді, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыруда білім берудің ұлттық, педогогикалық, психиологоиялық негізін айқындау-басты мәселе болып табылады. Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономиялық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістер оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыруды талап етеді. Бұл қазіргі күнгі-өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі жаңа технологиялар дамыған заманда өзіміздің ұлттық болмысымызды жоғалтпаймыз десек, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психиологиялық ерекшеліктер ескеріле отырылып, жасалуы керек деп есептеймін.
Зерттеу мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде мектеп пен отбасының тәрбиелік ықпалын үйлестірудің маңызын айқындау. Қазақ халқы өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын іс-әрекеттін, жүргізетін шаруашылығын, кәсібін ұлттық психиологиялық арнада ұйымдастырумен қатар рухани өмірін адамгершілік-эстетикалық тәрбиесімен ұштастыра білген. Бала тәрбиесі-баршаға ортақ. Десек те, ата-ана тәрбиесінен кейінгі жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру-тәрбиеші мен мұғалімнің басты міндеті.
Сондықтанда оқыту мен тәрбиелеуді бір-бірінен бөлінбейтін біртұтас процесс ретінде қарастыруымыз керек. Тәрбиені оқытудан бөліп алып, сынып сағатына ысыра беруге болмайды . . . Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, -деген әл-Фарабидің сөзі сабақты ұйымдастыруда негізгі ұстаным болуы керек. Сонда ғана оқушының жан дүниесін түсініп, сезіміне жол таба аламыз.
Зерттеу міндеттері:
- Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту; ұлттық мінез - құлқына тән негізгі қасиеттерді-елжандылықты, мейрімділікті, кеңпейлділікті, шыншылдықты, әдептілікті, т. б. балалардың, яғни тәрбиесі қиын оқушылардың бойына сіңіру.
- Ата-аналар және жалпы мектептің тәрбие беру қуатын күшейту жұмыстары
- Тәрбие беру мақсатын іске асыру барысында педагогтар арасында ауызбірлік пен ынтымақтастық және әрекет, талап бірлігінің қажеттігі. Қиын баланы тәрбиелегенде ұстаздар арасындағы бірлігі.
Адамгершілік құндылықтарға бай және жоғары сезімтал сыртқы қандай сұлу болса, іші де сондай көркем жеткіншек ертеңгі күні ел қамын жейтін ел ағасы болатынын бала бойына сіңіру сабақ процессі болсын, өзге де педогогикалық іс-шаралар өткізу кезінде болсын, бір сәт те ұмытылмауы керек. Ал енді осы көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек шебер тәлімгердің, ұлағатты ұстаздың ғана қолынан келеді.
Демек, бүгінгі күнгі мұғалімнің басты мақсаты-өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойында дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту қажет.
Келер ұрпақтың бойына дарытып, өн бойынан көргіміз келетін адамзаттық асыл қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан табуы тиіс, оларды шәкіртімен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, мұғалім-ата-ана, қоғам, тіпті болашақ алдындағы жауапты ісін өз дәрежесінде атқара алуы мүмкін емес деп есептеймін. Өйткені мұғалімнің сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын, бойындағы бар қабілетін мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш-осы рухани-адамгершілік құндылықтар мен талғам-таланты.
Оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын, сонымен қатар баланың шығармашылық қабілетін шындауда, соған барар жолда адамгершілік-эстетикалық құндылықтардың маңыздылығын айқындауға апарар жол көп.
Зерттеу пәні - мектеп пен отбасының бірлескен жұмыстары. Солардың негізгісі ретінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял-қабілеттерін, бүкіл адамзаттық ізгі қасиеттерін, эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасын мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеп, сөз өнеріне, айнала-қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ауыз әдебиеті жанрлары орасан зор рөл атқарады. Олай дейтініміз көркем шығарманың қайнар бұлағы-халықта. Балаларды адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор.
Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптардың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды жасауға тырысады. Бастауыш сыныптың қазіргі оқып жатқан ана тілі оқулығы көркем шығармаларымен тығыз байланысты. Ана тілі, дүниетану сабақтарында көркем шығармаларды өтілетін материалдармен сабақтастырып байланыстыруға болады. Сөйлеу, тіл байлығын-дамыту, сөздік қорын молайту, ой- өрісін кеңейту, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру көздеседі.
Сол себептен, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Педагогикалық қараусыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу» деп алдық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2(екі) тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.
І-тарау. Педагогикалық қараусыз балалар - қоғамның көкейкесті проблемасы
1. 1. Педагогикалық қараусыз балалар, қаңғыбастық түсінігі
Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады деп есептеледі. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші - балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолдaнылады.
Қaрaусыздық, қараусыз өткен балалық - кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар - педагогикaлық бақылау мен қaмқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері дeнсаулықтарына зиянды жағдайларда өмiр сүретiн жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата-аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата-аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі-бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық қылмыстық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201-1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір-екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту алынып тасталды, өйткені ол Республиканың Конституциясында көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Жазаны алып тастау, әрине, проблеманы алып тастамайды. ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстанда қараусыздық пен қаңғыбастық өткір, әрі аумақты проблема болып, әлеуметтік қызметтер жағынан аса басты назар аударуды қажет етіп отыр.
Бұл құбылыстың таралуын түсіндіру мүмкін емес, ол туралы статистика да жүргізілмеген: олар жайлы кейбір зерттеулерге, жанама көрсеткіштерге (қылмыс жасаған қараусыз қалғандар мен «бомждардың» саны) қарап қана айта алады. Мысалы, Ресейде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың РАН институтының есептеуінше қараусыз қалғандар саны 4 миллиондай адам. Қазақстандағы бұл құбылыстың аумағы туралы мынадай жанама мәліметтер келтіруге болады: Семей қаласында (республикадағы осы көрсеткіші аса қолайсыз емес қала) жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реабилитациялау Орталығын әр күн сайын 20-дан астам қараусыз қалған балалар - кірлеген, жүдеген, педикулезбен, басқа да тері ауруларымен ауыратын балалар баспана қылады екен. 2000 жылы 6 ай ішінде Алматы қаласының жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реабилитациялау Орталығына 1000 бала әкелініп, тапсырылған, олардың 231 Алматы қаласының тұрғыны, 489 - Қазақстанның алыс және жақын аймақтарынан келген, 257 - ТМД елдерінен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) келсе, олардың 75-і 3-тен 7-жас аралығында, 8-ден 13-ке дейін - 496 бала, 223- 14-тен 16-ға дейін, 205 - 16-дан 18-ге дейінгі балалар болып шыққан.
РАН тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларының институтының жүргізген зерттеулері мынадай «қараусыз қалған адамның типтік» портретін жасаған: бұл жасы 8-ден 15 жас аралығындағы жасөспірім, әдетте қалалық тұрғын (ауылда адамдар бір-біріне жанашырлықпен қарап, көмектесіп тұрады), олардың 83 % ұл балалар, бірақ соңғы уақыттары қыз балалар көбейіп келеді, 57 % - үлгерімі нашар балалар, кейбірі бірнеше жыл бір сыныпта отыр, көпшілік қараусыз қалғандардың отбасы бар, 8 % отбасы толық, 24 - толық емес, 16 % ата-аналарымен, әжелерімен, аталарымен тұрады, қалғандары балалар үйінен қашып кеткен.
Осы зерттеулерден байқағанымыздай, 1996-2000 жылдары пайда болған қараусыз қалғандар үрдісінің шамамен 70 % топтарға біріккен, оларды ересек жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар басқарады. Мұның еш жақсылығы жоқ: топта олар өздерін топта жазаланбайтындай сезінеді, агрессивті және ашуланшақ болып келеді, дегенмен оларға онда өмір сүру оңай, ақша таба алады, өздерін қауіпсіз сезінеді, егер қауіп төне қалса бір-біріне көмектесе алады. Қоғамдағы индивидуализм идеясының кеңінен тарауы жасөспірімдер үшін де өз ізін қалдырды, сол себепті қазір мұндай топтар азайған. Одан басқа да себептер бар: оқығысы келетін оқушылар саны екі есеге азайған, бұл балалар аса еңбектенбей-ақ ақша тауып, өмір сүруге болатыны «түсінген». 1996 жылғы қараусыз қалғандарды сұрағанда, оларда әлі де болса, қоғамның көмектесетініне кішкентай да болса үміттері бар екені анықталған. Қазіргі қараусыз қалғандар қатал, өзгелерге сенімсіздеу, ештеңеге сенбейді: ешқандай көмек керек жоқ деген балалар тобының саны екі есеге өсті, ешкім оларға көмектесе алмайды деген балалар саны 17 % - дан 56 % - ға дейін өсті. 1
Қараусыздық пен қаңғыбастық - баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:
- алғашқы қоғамдық ырғақтан (оқу, еңбек) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды: себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, «бомждардың» көпшілігінің білімі орта және арнаулы-орта;
- қылмыс үшін және қосымша криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85 % қараусыз қалғандар мен 35 % «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары;
- әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитариялық жағдайларда өмір сүруінен олар көбіне әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық-гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
1. 2. Педагогикалық қараусыздықтың пайда болу себептері мен факторлары
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмас бұрын, қараусыздықты болдырмай, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды.
Әлеуметтік-экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынадай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық, эпидемиялар, әскери жанжалдар немесе табиғи катаклизмалар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік-экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік-психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысулардың көбеюімен, ата-анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл-күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, токсикомания, нашақорлық жатады.
Қаралып отырған құбылыстардың, соның ішінде қараусыздықтың психологиялық себебіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез-құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтың 3-4 % осыларға жатады деген де пікір бар. Шындығында осы себептер өзара байланысты, бір-бірін толықтырып, айқындап тұрады.
Қоғамның дамуының өтпелі кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық өмірдің тұрақсыздығы жағдайында, реформаларды жүзеге асыру кезі халықтың негізгі бөлігі үшін ауыр болады, балалардың, жасөспірімдердің өміріне теріс әсер етіп, қараусыздықты тудыратын қосымша факторлар іске қосылады. Ондай факторларға мыналарды жатқызуға болады:
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, отбасындағы балаларды асырау жағдайының нашарлауы;
- нарықтық қатынастар мен мемлекеттің бюджеттік арнайы ақша бөлуінің қысқаруына байланысты балалар мен жасөспірімдердің демалыстары мен бос уақыттарын өткізуді (спорт мектептері, юннаттар станциясы және т. б. ) қамтамасыз ететін инфра құрылымның таратылуы;
- үлкендердің еңбек ақыларын кешіктіруге, жұмыссыздыққа және т. б. жағдайлар әсерінен психоэмоционалды күштің өсуі, өз кезегінде жас ұрпаққа тікелей әсер етпей қоймайды;
- балалармен отбасында және интернаттық мекемелерде олардың тағдырларына жауапкершіліктің төмендеуіне байланысты қатал қарауының кеңінен тарауы, мемлекет пен қоғам тарапынан олардан алшақтықтың тереңдеуі;
- білім беру мен мәдениет салаларының коммерциялануы.
Барлық осы факторлар қандай да бір дәрежеде ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да орын алған. Жоғарыда көрсетілген факторлардың қалай болса да отбасына келіп тірелетінін байқау қиын емес, себебі осы отбасы қараусыздыққа «жіберудің механизмі» рөлін орындайды (ерікті түрде не еріксіз түрде) .
Қараусыз қалғандардың негізгі психофизикалық қасиеттері үйсіз өмірде қалыптасады, мазмұны көшедегі қатал күрес пен үлкендердің тәрбиелік көмегі мен қалыпты балалардың ортасының болмауынан қалыптасты. Қараусыз қалғандарды өзін-өзі сақтау инстинкті өте жоғары дамыған, оны өзімен жасты балалар мен жасөспірімдерден байқай алмайсыз. Эмоционалды қозушылық жақсы байқалады, оны көбіне жасанды қоздырғыштар - алкогол, есірткі, тұрмыстық химия заттарын қолдану арқылы күшейтіп отырады. Жыныстық өмірдің сезімтал элементтері қалыпты жастық физиологиялық нормадан бұрын жетіледі де, ол тәртіпсіз жыныстық қатынастарға бару, жезөкшелікке әкеп соғады. Авантюристікке деген ұмтылыс байқалады, ол тәртіпсіздік пен еңбектегі тұрақсыздықтың қалыптасуына әсер етеді. Тіршілік үшін күрес деструктивтік бағыттылықтың агрессивті қасиеттерін қалыптастырады.
Үйсіз өмірдің салдарынан психикалық және физикалық денсаулық пен дамудың жағдайын бұзады. Көптеген қараусыз қалғандарда асқазан-ішек трактасының жұмысының бұзылуы, бронх - өкпе жүйесінің бұзылуы, аллергиялық аурулар, венериялық аурулар жиі кездеседі.
Үлкен өзгеріске қараусыз қалғандардың жеке басы ұшырайды. Мамандардың айтуынша, қараусыз қалып 3-4 ай өмір сүру - десоциализацияның табалдырығында тұру деген сөз. Жас қараусыз қалғандарда әлеуметтік нормативтілік деңгейі төмен, әлеуметтік қажеттіліктер шеңбері шектеулі, негізгі қызығушылықтары: ішімдік, құмар ойындар, қоғамда қабылданған негізгі нормаларға ашық қарсы келу.
Мұндай орталарда жабайы дене күші, басқалардан үстем болу және басқалары жоғары бағаланады.
Қараусыз қалғандар мен «бомждарға» кез-келген маргинальдық (лат. - жиекте, жол жағасында тұру) тұлғаларға тән психо - әлеуметтік қасиеттер тән: ертеңгі күніне деген сенімсіздік, өмірлік маңызы бар мақсаттарды жауып тастау; агрессивтілік пен бұйығу арасындағы ауытқулар, ақылмен ойлауға емес көңіл-күйге және түрткі болған ойға беріліп әрекет етуге бейімділік; басқару объектісі болуға қабілеттілік, өзгерістерге күдікпен қарау, өз жағдайының нашарлауынан, мәртебесінен айырылып қалудан қорқып, агрессивті қорғануға қабілеттілік.
1. 3. Педагогикалық қараусыз балалар мәселесінінің тууы және өрбу тарихы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz