Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Пейзаж жанрының қалыптасуы және дамуы . . . 8
1. 1. Қазақстандағы пейзаж жанрының өркендеу жолы . . . 8-17
1. 2. Кескіндеме композициясы және түстер . . . 18-24
1. 3. Майлы бояу және акварельмен жұмыс істеу техникасы . . . 25-33
1. 4. Живопись пәнінің танымдық және эстетикалық мәселесі . . . 34-35
1. 5. Живописьте картинаны безендіру . . . 36-38
1. 6. Тақырып таңдаудағы мақсатым және ізденістерім . . . 39-40
2. Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі . . . 41
2. 1 Бейнелеу өнері сабағында шығармашылыққа үйретудің.
педагогикалық негізі . . . 41-43
2. 2. Табиғатты бейнелеу кезіндегі қашықтыққа байланысты түстердің
өзгеруі . . . 44-45
2. 3. Табиғатты бейнелеуге үйрету сабағының әдісі . . . 46-51
2. 4. «Пейзаж сабағын өткізу», « Акварельмен пейзажды салу».
сабақ жоспарлары . . . 52-58
Қорытынды . . . 59-61
Әдебиеттер тізімі . . . 62-63
Қосымша . . . 64
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді.
Қазіргі кезде білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты ғылыми-теориялық және өмірлік бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, тұтас, интегративтік дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие үрдісін, жоғары тиімділіктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Елімізді парасат-пайымға негізделген әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру белгілі мақсатқа бағыт алумен айқындалады. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден оқу үрдісіндегі жаңа технологияны меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеде батыл енгізуді талап етеді.
Пейзаж - бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негізі оның мәдениеттанулық негіздерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан процестермен айқындалады. Республика президенті Н . Ә . Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамын идеялық бірлігінде» атты еңбегінде : «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді . Өзінің тарихы, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл әрине оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті . . . дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі мұның бірден бір айғағы .
Қазіргі уақытта бейнелеуөнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт - дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - бейнелеу өнері сауаттылығы, соның ішінде пейзаж жанры. Оның үстіне бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихы, терең мәдениеттанулық, философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан - қилы ерекшеліктерімен қымбат, әрі құнды.
Мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасар зиялы қауымның борышы мен парызы . Бейнелеу өнерінің оның сәндік ерекшелігі, түрлері халықтың салт - дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс . Ұлттық құндылықтар деңгейінен жоғары көтеріп, адамзаттық құндылықтар қатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса керек. Бар әдемі құндылақтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса мұраларымыздан іздеу оны жандандыру қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру оны танып білу бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз.
Зерттеу көздеріне анализ .
Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс біздің көзімізді мынаған жеткізді:
а) бейнелеу өнері пәнінің нәтижелі болуы балаларды көркемдеп қабылдауға дұрыс үйретуге тікелей байланысты екендігіне ;
ә) оның педагогикалық негізде меңгерілу жолын құрып, жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың осы бағыттағы дағдысын қалыптастыру керек екендігіне .
Сондықтан, бейнелеу өнері пәні бойынша осы көркемдеп қабылдаудың оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес жоғарғы сыныптағы білім ауқымын, оларды меңгертуге керекті педагогикалық негіз құрайтын жұмыс түрін айқындау қажеттілігі де туады . Әрине бұл болашақ ісі .
Зерттеу мақсаты мен міндеттері . Таңдамалы алынған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен осы дипломдық жұмыстың басты мақсатын айқындау мүмкіндігі туады . Бейнелеу өнері оның ерекшелігі мен дамуы, салт - дәстүр, әдет - ғұрыптары, әшекейлеу әдістері оның түрлері және ұлттық мәдениетте алатын орнын мәдениеттанулық тұрғыдан сарапқа салу, олардың мән - мазмұнын ашып, даму эволюцициясын қарастыру қажет . Осы мақсатты орындау жолында зерттеушінің алдында бірнеше міндеттер туындайдайды :
- Пейзажды бейнелеу өнері сауаттылығына үйретудің негіздерінің мәнін ашу, оны оқушылар арасында олардың санасында, ұлттық көзқарастарына қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау ;
Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері сауаттылығына яғни көркемдеп қабылдауға үйрету арқылы тиімділігін арттыру және оның педагогикалық негізін анықтау . Осы мақсатқа сәйкес орындалатын міндеттер белгіленді . Олар :
- Бастауыш сыныптағы және 5-6 сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабағында оның сауаттылығына үйрету, оны көркемдеп қабылдауға үйретуге қажетті философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан негізді айқындау .
- Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің бүгінге дейінгі өтілу барысында талдау жасау .
- Айқындалған жұмыс жүйелерін байқау, анықтау және оны бейнелеу өнері сабағының жүргізілу тәжірибесіне енгізу .
Әдебиетті талдау. «Юному художнику на заметку» кітабында В. М Соколинскийдің «Жанр пейзаж и его виды» шығармасынан пейзаж жанрының қалыптасуы, қай елдерде дамып өріс жайғандығы туралы және пейзаж жанрының сан алуан түрге бөлінуі жайлы жазылған. Бұл Соколинский шығармасынан мен пейзаж жанры туралы көп қажетті деректерді алдым.
В. Н. Стасевич Пейзаж. «Картина и действительность» «Просвещение» 1978 ж. шығармасынан жалпы кескіндеме жайлы, оның дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет алдым және кескіндеме өнеріндегі майлы бояу және акварель техникасы жайлы мәліметтр алдым.
Зерттеу орны. 5-6 сыныптардың оқу - тәрбие процесі .
Зерттеу пәні .
Бейнелеу өнері сабақтарында 5-6 сынып оқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі .
Болжам .
Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы болуы - ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде меңгергенде ғана мүмкін :
- егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және педагогикалық проблема деп қарап, оның теориялық негізін айқындасақ ;
- осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда эксперименттік байқау жүргізіп, көркемдеп қабылдаудың оқушыда дұрыс қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік сапасының артқанына көз жетсе .
- егер зерттеу барысында, яғни сабақ барысында оқушылардың жұмыстарын қадағалап, қателескен жағдайда дер кезінде түзетіп, түсіндіріп отырса, жұмыс жақсы орындалған жағдайда оқушыны мадақтап отырса, оқушының өзіне деген сенімі артып олау қабілеті дамып, шығармашылық қабілеттерін жоғарлауына жағдай жасайды
Ғылыми жаңалық .
Бейнелеу өнері сабағында оқушыға меңгерткелі отырған білім, білік пен дағдының нәтижелі болуы оның көркемдеп қабылдай алуына байланысты екендігін дәлелдеу ; ол үшін арнайы дидактикалық жұмыс жүргізудің керектігіне көз жеткізу және сол жұмыстардың жүйесін жаса, оның теориялық, педагогикалық негізін айқындап және ұтымды жолдармен тәрбиелік бағытын көрсету .
Практикалық маңызы .
Ұлттық ойлау жүйесінің, дүниетанымдық қалыптасу заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтауда, оларды түсіндіруде көтерілген мәселенің қосар өзіндік үлесі аз болмас.
Жұмыста көрсетілген теориялық және практикалық жағдайлар болашақта өнер тарихы ғылымын зерттеуді жетілдіруге ықпал етеді . Дипломдық жұмыстағы қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен лекцияларда қолдануға болады . Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт - дәстүрді және әдет - ғұрыптарды дұрыс пайдалану оқушылардың сана - сезімін, ой - өрісін, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды .
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық білім үдеуіне байланысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік дағдылары механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интелектуалдық өз бетімен ала алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алтын тұлға қалыптастыру болып саналады» деп көрсетілген.
Көркемдік эстетикалық білім мен тәрбие беру мәселелерінің методологиялық жағына назар салудың бір жағы пәнді оқытып, үйрету әдістерін жасау негізінде алға шығады. Әдіс танымдық үрдістердің тәсілдері мен жолдарының жүйесі ретінде өнерді оқытуда маңызды рөл атқарады.
- Пейзаж жанрының қалыптасуы және дамуы.
1. 1. Қазақстандағы пейзаж жнрының өркендеу жолдары.
Түс кескіндемені безендіреді, бірақ ол тек өнердің тартымдырақ болуына мүмкіндік туғызатындықтан басқа ештеме емес.
Өнердің барлық түріндегідей, сурет күші мазмұнының тереңдігі мен пішінінің кемеліне жетуінде. Тек мағыналы, алдыңғы қатарлы идеялардың және кәсіптік шеберліктің үндесуі ғана өнердің нағыз туындысын береді. Егер суретшінің шығармашылық ойлауы оның рухани күші болса, онда сурет техникасы оған қажетті техникалық құрал болады және оның суреттегі жетістіктерінің нағыз базасын құрайды. Суретші үшін техника-құнды кескіндемені бейнелеуді жүзеге асырудың тәсілдері мен әдістерінің жинағы.
Техникасыз ол шырмалған, ал техникамен қанаттанады. Кескіндеме техникасы мәселесіне, әсіресе, көркемдік мектепке көп көңіл болу қажет. Егер жас суретші шығармашылық қатынаста көптеген дүниені іс жүзінде үйренсе, онда техникалық жағынан мектепте үйренеді. Ары қарай суретші тек үлкен күш салудың арқасында ғана өз техникалық шеберлігінің кемшілігін жояды. Кескіндеме техникасының ерекшелігі оның көрінетін зат немесе құбылыстың түр-түсін, яғни колоритін беру қабылетінде. Колорит және оның заңдылықтары туралы оқу суреттің теориялық негізін, суретші қандай материалмен жұмыс істесе де, оның барлық тәсілдерінің жалпы негізін құрайды.
«Адамның көзі ең жақсы оптикалық жүйе болып саналады, бірақ ол да барлық түсті жеке-жеке емес, ал қоршаған ортамен, заттармен, қоршаған ортадағы түстермен бірге өзара байланыста, яғни суъективті қабылдайды.
Леонардо да Винчи өз кітабында бұл туралы былай жазған: «Ешқандай дене ешқашан өзінің табиғи түсін таба алмайды. Оның екі түрлі себебі бар: біріншіден, бұл зат пен көз арасына енетін аралық ортада болады; екіншіден, аталған денені жарықтандыратын заттардың қандай да бір түс сапасының болуымен болады».
Түс мәселесімен қазіргі таңда бірнеше ғалымдар: физика, физология, психология, биология, математика айналысуда.
«Түсті табиғи ғылыми зерттеу мен оны көркемдік, эстетикалық меңгеру арасында едәуір айырмашылық бар. Суреттегі түс қатарының заңды-лықтары суретшінің шығармашылық санасымен өңделген шындық өмірдің заңдылықтары болып табылады».
«Суретші кейде шындықты немесе бейнелікті құрбан етуі қажет», - деп жазады Э. Делакруа.
Алайда, қайта өрлеу дәуірінен бастап суретшілер картиналардағы түс туралы ғылыми мәліметтерді қолданды.
«Сурет өнерінің дамуына өз картиналарынада шындық өмірден алынған әсерлерді жеткізген импрессионистер үлкен әсер етті. Олар түстің сәл өзгерісін аңғарып отырған. Импрессионистер күнделікті өмірдің жаңа сұлулығы және жаңа түстердің гармониясын, сапасын және бояулар жарқылын ашты.
Имприонистер өздері туралы былай дейді. Э. Мане айтады: «Түс-бұл талғам мен сезім жұмысы. Бірақ айтатын нәрсе болу керек. Әйтпесе, егер суретті барлығынан қатты жақсы көрмесең, суретші болмайсың. Білім-бұл өте жақсы, бірақ біз үшін қиялдың мәні одан да зор».
Түстің негізгі міндеті-мүмкіндігінше дәлдіктен артық қызмет ету. Мен картинадағы түстерді белгілі жоспарсыз орналастырамын. Егер басынан бастап, қандай да бір түс мені қызықтырып немесе тоқтатса, онда жұмыс аяқталғанда, басқа түстерді өзгертіп немесе қайта жасай отырып, дәл сол түсті сақтап қалғанымды көремін», -деп жазды А. Матисс «Ла гранд ревю журналында».
«Біз қар-ақ, шөп-жасыл, аспан-көгілдір түсті деп ойлауға дағдыланғанбыз. Бірақ шын мәнінде заттың бір түсті бояуы оның барлық бөлігінде бірдей емес. Заттың жеке бояуына қоршаған ортада қанша бояу болса, соның бәрі қоса жүреді1.
Леонардо да Винчи түсті қабылдауға ауа көрінісі әсерін бірінші болып ашты.
«Заттың түсін қабылдай отырып, адам өзімен бірге болатын әр түрлі көңіл-күйді: қуаныш, қайғы, қорқыныш, көңілсіздік, жеңілдік алады.
Түс зат туралы маңызды хабарды беріп қана қоймайды, сондай-ақ нақты жағдайларда жарықтандырудың, ауа-кеңістік және қоршаған түрлі-түсті ортаның образы әрекеті арқылы белгілі сезімдер мен ойларды шақыру-ға қабылетті.
Қызыл түстің қоздыратындығы, жасыл-жойылатындығы, қара-қысым көрсететіндігі ертеден белгілі. Белгілі неміс ақыны, табиғат зерттеуші және ойшыл И. В. Гете жарық, түс және сезім бір тізбектің жалғасы болып табылады деп саналған. Әлемдік бейнелеу өнері тарихының жеке кезеңдерінде түс символикасы шығарманың идеалы-көркемдік мазмұнында маңызды орын алған.
Сондықтан да суреттегі түс сезімдік қана емес, психологиялық та, ал кей уақытта мағыналық жағын да алып жүреді және осымен оның шығармадағы орны анықталады.
Живопись атауын қазақ тіліндегі әдебиеттерде кескіндеме деп аударып жүр. Ол негізінен силуэт, сыртқы пошым (бейне), яғни табиғаты жағынан графика түсініктеріне жақын. Ал бұл жерде кескіндеме бейнелеу өнері ретінде қолданалып отыр. «Кәсіби өнер» түсінігіне келетін болсақ («Профессиональное искусство»), әдейі академиялық білім алған суретшілер шұғылданатын өнер. Оның бұл түріне айналысатын адамның академиялық машықтылық пен академиялық позициялық принциптері қоятын талап-тілектері кәсіби деңгейде меңгеру тиіс. Осыған байланысты «Кәсіби кескіндеме өнері» деген тұжырымды анықтап айтатын болсақ академиялық позициялық принциптерінде қалыптасқан бейнелеу өнері. Қазақстанда Ұлы Қазан төкерісінен кейін пайда болған Республикалық мәдени өнеріне түбегейлі әсер еткен академияның позициялық принцип негіздерін анықтайтын «Еуропалық классикалық реализм». Бізге Москва, Ленинград секілді орталық қалаларда орналасқан Кеңес Үкіметінің көркем өнер орнындарынан енген еді. Біз бейнелейтін өнердің оның басқа түрлері секілді адамның көңіл-күй сазы мен сезімі тереңдеудің дамытуда, яғни эмоционалды тәжірибені арттыруда қосатын үлесіне рухани мәдениетімізді меңгеруге этикалық, эстетикалық тәжірибенің тиімді жолын
ашуға табиғи жағдайда жасайтын құрал ретінде қарастырамыз. Дегенмен бейнелеу өнерінің негізгі критерилері.
«Бейнелеу өнері» деген түсінік атауының өзі білдіріп тұрғандай ол затты, тұлғаны, табиғатты «бейнелеу» деген сөзден пайда болады. Яғни, көркем құрал-тәсілдер (бояу түсі, жағыз, штрих, нақыштау, ою, шекімдеу) және материалдар (қағаз, кенеп (холст), саз, тас) арқылы табиғи объектінің образы бейнесі сомдау. Ол шындықтың образды көшірмесі болғандықтан «ұқсас, ұқсас емес» деген критерилермен бағаланады. Бейнелеу өнерінің «реализм» түсінігіне қатысты айқындау сипаты осыған байланысты. Бейнелеу өнерін әр кезеңде, әр жағдайда түрліше айтады. Өнердің осы түріне енетін шығармаларда көзбен қарау арқылы түсініп, бағалап, кеңістікке қабылдаймыз. Осыған байланысты кеңістік немесе кеңістікті бенелеу, яғни визуальді өнер түсініктері бейнелеу өнеріне синоним бола алады. Орысша айтқанда ол «профессиональное» немесе «визуальное искусство».
Сызық пен жазықтық үшін масштабтылығымен пласстикалық икемділікке қатысты оның «пласстикалық өнер» деп қалыптасты.
Бейнелеу өнеріне тағы бір синонимі - әсем өнер. Мұндай шығармалар сазды нақыш пен әсем бедерлік, айшықты бояу түсімен ырғақты сызық әуендері мен таңбалар кереқарлығымен анықталатындықтан және оның басты көркемдік бейнесі - сұлулық, әсемдік болғандықтан да, ол осылай аталады. Дегенмен осы түсініктердің ішінде жиі пайдаланатын термин - бейнелеу өнері. Ол заманның рухани мәнін, саяси философиялық көркем мәдени эстетикалық адамгершілік идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады. Осыған эмоционалды психологиялық сипат береді. Бейнелеу өнерінің түрлеріне живопись, графика, мүсін, көркем фото т. б. жатады. Сонымен бірге сәулет өнері, қол өнері, дизайн үшін кеңістікті, пластиканы, визуальді әсем деген секілді түсініктерде ортақ екені белгілі. Қолөнер туындылары, дизайн бұйымдары, архитектуралық ғимараттар нақтылы ешнәрсені бейнелегенмен, олардың образы, пішіні, құрайтын көркем пластикалық құрылымдары мен ырғақты тізілімше және синтезді сипатына қарай өнердің осы түрлерінде бейнелеу өнерінде жанаманы жатқызамыз. Ал живопись пен қол өнер арасындағы айырмашылық біз бейнелеу өнері деген түсінікті өзінің атауына сәйкес реалистік өнерімен синони ретінде қарастыру тәжірибесіне байланысты анықталады. Жалпы айтқанда бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ бейнелеу өнері жөнінде қалыптасқан өзіміздің білетін классикалық пікір мен қазақтың әстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсері мен жүйелі даму заңдылықтарын да ескеруіміз керек. Ол үшін біз бір жағынан бейнелеу өнердің өрбу аумағын қамтитын заңдылықтарына назар аударуымыз керек. Оның реализм шеңберінде көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтың сипаттағы бет-бейнесін анықтап алуға тиіспіз.
Осы айтылған мәселені екінші бір бейнелеу өнерінің жалпы халықтың сипаты мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны дауыссыз. Ал ұлттық белгілердің қалыптасуы өнердің синтездік болмысы мен анықталатын күрделі құбылыстарымен байланысты. Алдымен бейнелеу өнерінің табиғи сипатына байланысты қалыптасқан реализм түсінігіне тоқталайық, бұл түсінік бұрынғы мектеп және жоғарғы көркем оқу орындарында жетекші орын алып келеді. Өнер тарихында реализмнің басты ұғымы мен табиғатымыз жоғарғы тас дәуірі кезеңінен бері қарай дамытамыз. Бұл кезең өнері қуатты және өміршең болатын. Одан кейінгі ежелгі Қосөзен өмірі, Мысыр, Қытай, Жапон, Үнді секілді елдердің ішкі мәдениетіндегі ұлттық ерекшелік пен реалихзм арақатынасындағы көркемдік римдерге әлемдік мәдениет тарихы үшін көкейкесті мәселелердің бірі.
Живопись - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.
Пейзаж (“Paysade” деген француз сөзінен шыққан) - бұл ландшафтты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-X ғасыларда) Еуропадағыдан ертерек қалыптасты. Еуропаық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың соңына түспе-түс келді (И. Левитан, К. Коровин, Н. Рерих және басқа да көптеген суретшілер) .
Пейаж - қайсібір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда аспан, теңіз толындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі.
XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны, тіршілік әрекетін іздстіретін кеңістік.
Атақты маринист Айвазовскийде теңіз әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті көшелердің өзі де осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай әрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөлінген.
Бір табиғи мотивтың өзі суретшінің қыл қаламына мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл-күйін береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz