Қазақстан Халық Банкі АҚ бөлімі мысалында пластикалық карточкалардың мониторингі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-5

1 тарау. Пластикалық карточкалар. Оларды қолданудың ерекшеліктері

1. 1 Пластикалық карточкалардың шығу тарихы . . . 6-10

1. 2 Пластикалық карточкалардың түрлері мен жүйеленуі . . . 11-19

1. 3 Пластикалық карточкалар қызмет түрінде . . . 19-29

2 тарау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімі мысалында пластикалық

карточкалардың мониторингі

2. 1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшесінің сипаттамасы . . . 30-32

2. 2 Банктің қаржылық жағдайының талдауы . . . 32-39

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлімшесіндегі пластикалық

карточкалар операцияларының кіріс талдауы және олардың

банк қызметіне әсері . . . 39-47

2. 4 Пластикалық карточкалар арқылы банктік есептер

жүйесін дамыту мәселелері . . . 48-56

3 тарау. Банктік қызметтегі автоматтандырылған жүйені жетілдіру

бағыттары

3. 1 ҚР пластикалық карточкалар нарығының қазіргі жағдайы . . . 57-67

3. 2 Пластикалық карточкалар арқылы, көрсетілетін жаңа

қызметтерді дамыту мәселелері . . . 67-69

3. 3 Мәліметтердің сақталу мәселелері және автоматизацияны

реттеу туралы заңдылықтың жетілдірілмеуі . . . 69-74

Қорытынды . . . 75-78

Әдебиеттер тізімі . . . 79-81

Қосымшалар

Кіріспе

Банктің дамуы және оның қолайлы болашағы оның клиенттерінің бизне-сінің дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, банк олардың сұраныстарын барынша есепке алуы керек: оларға қызмет ерекшеліктерін есепке алатын, үне-мі жаңа бірегей өнімдерді ұсыну, клиентке өз қаржысын дұрыс пайдалануға кө-мектесу, оның жеке ақылшысы және менеджері болу. Клиенттердің сұраныс-тарын және оларды шешудің барынша тиімділігін пайдаланатын банктің терең білімі мен түсінігі, кең клиенттік базаның құрылуына және банктің кірісінің ұлғаюына көмектеседі.

Қазіргі кезде пластикалық карточкалардың шығуы жаңа банктік өнім болып табылады. Пластикалық карточкаларды қолдану электронды есептеу жүйесін жетілдіру механизмін қолдануға негізделген. Оған банкоматтар көмегі-мен жүзеге асырылатын операциялар, сауда үйымдарында тұрғындармен электронды жүйе арқылы есептесу, клиенттерге өз үйінде және жұмыс орнында банктік қызмет көрсету кіреді.

Қазіргі таңда мұны батыстық қаржылық эксперттер де мойындап отыр, Қазақстан банктік карточкаларды тарату нарығы бойынша алдыңғы қатарда отыр.

Қазақстандық банктердің карточкамен атқаратын қызметтерін шартты түрде бөлуге болады:

- Халықаралық карточкалармен жұмыс;

- Жергілікті пластикалық карточкалар, яғни жеке банктердің клиенттерге өз карточкаларын толық қызметімен ұсынуы.

Карточканы қолданушылар саны өсіп келеді. Несие карточкаларының қарқынды өсуіне қарай банктер сауда банктеріне айналды, және депозиттік ресурстардың жаңа кірістер мен кіріс көздерінің пайда болуы бәсекелестік қарқынының жоғарғы деңгейін құрды. Карточкаларды пайдаланушылардың көбеюіне қарай, сатушылар да сату көлемін ұлғайтуға жаңа мүмкіндік алды.

Банктер карточкалардың иелерінен де, сондай-ақ сатушылардан да пайда көрді.

Банктер банктік карточкалармен үйлесетін, несие бағыты арқылы жаңар-тылатын клиенттерге кеңейтілген несие берудің жаңа тәсілін тапты. Олардың нарықтық географиясы да кеңейді, себебі банктер тек оған жақын маңда тұра-тын тұрғандарға ғана емес, сонымен қатар алыс аудандардағы тұтынушылар үшін де жасайды. Сонымен қатар жаңа клиенттер пайда болғанда, оларға басқа банктік қызметтер көрсету мүмкіндіктері де пайда болды. Карточкалар иелері-нен түскен кіріс - сауда есебінен пайда болған жаңа депозиттік ресурстармен және сатушылардың төлеуімен жүзеге асқан дисконттың кірісінің жаңа көздері-мен үйлесіп жатты.

Пластикалық карточкалар Қазақстаннның нақты ақша нарығын қарқынды басып алуда. Соңғы бірнеше жылдар ішінде жеке немесе ұжымдық пайдалану-шыларға арналған «электронды амияндарды» қарқынды эмитациялаушы банк-тердің саны едәуір өсіп отыр. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықара-лық карточкалар берілген.

Қазақстандағы магнитті крточкалардың төңірегінде, негізінен, класси-калық сызба бойынша жасалатынын айта кеткен жөн:

- халықаралық карточкалардың эмитенттері -банк сандарының қарқынды өсуі;

- жетекші төлем жүйелерінің байланыстың жоғарғы сапалы каналдары үшін күресуі және дүкендер мен басқа потенциалдық клиенттерге қызмет көрсетуші орындарға енуі;

- магниттік карточкаларды банк ішіндегі технологиялық процесте қолдануды кеңейту, мысалы есеп алуға мүмкіндік құралы ретінде.

Қазақстандағы «карточкалық» іс қазіргі таңда нағыз дағбырт үстінде. Еліміздің барлық аймақтарында ойдағыдай қолданылып отыр, сонымен қатар банк-қатысушылар санын өсіріп, STB Cart, Union Cart прогрессивтік компанияларының клиенттерін қатыстыруда. Көптеген банктер магниттік сызықтары бар, жадында микросызбасы бар және смарт-карточкаларды, пластикалық карточкаларды қолданудың жеке төлем жүйесін жасап және оны қолдануда. Кейде аймақтық және жергілікті (мысалы, ірі өндірістік өнеркәсіптер үшін) төлем жүйелерін жасау сәтті өтеді. Қазақстандық банктердің көпшілігі Visa және Europay халықаралық жүйесіне қосылуда.

Өкінішке орай, біздің елімізде қолданыстағы пластикалық карточкалардың барлық жүйесін жай ғана санап шығуға немесе сипаттауға мүмкіндік жоқ. Бұлар әрі төлем жүйелері, әрі магниттік карточкалардағы жинақ кітапшалары, және де смарт-карталар. Диплом жұмысының өзектілігі нарық-тағы банктік қызметтің жаңа түрі - пластикалық карточкаларды шығару және оған қызмет көрсетудің соңғы кезде пайда болуына байланысты.

Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысының мақсаты пластикалық карточкалар нарығының дүниежүзінде, Қазақстан Республикасының қаржы нарығында дамуы және жағдайының кешенді бағалануынан, пластикалық кар-точкалар негізінде нақты емес есептесулер сараптамасынан және сол енгіздегі -пластикалық карточкалар арқылы есептесудің банктік жүйесін дамытуды болжаудан тұрады.

Диплом жұмысының міндеті. Мақсатқа сәйкес, диплом жұмысына мынадай міндеттер қойылады:

- дүниежүзіндегі пластикалық карточкалар нарығының жағдайын сараптау;

- Қазақстан Республикасы қаржы нарығындағы пластикалық карточкаларды қарастыру және пластикалық карточкалар негізінде нақты емес есептесулер технологиясы;

- Қазақстан Республикасындағы электрондық ақшаның дамуын болжау.

Қазақстан Республикасының студенттерге стипендияны пластикалық карточкалар арқылы төлеу туралы заңдылықтары және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы статистика бойынша Агенттігінің статистикалық материалдары диплом жұмысты құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етуге қолданылды.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Халық Банкі мысалында Қазақстан Респуб-ликасындағы пластикалық карточкалар нарығы.

1 тарау. Пластикалық карточкалар. Оларды қолданудың ерекшеліктері

1. 1 Пластикалық карточкалардың шығу тарихы

Мәскеу Көркем театрының құрылу тарихы, мүмкін, көпшіліктің есінде болар, оның идеясы екі жас ресей интеллигенттерінің арасында қызыл балық құймасы мен сібір тұшпарасын дегустациялау арасында мейрамханада айтылған болатын. Бұл оқиға хрестоматиялық сипат алды. Дегенмен театральдық оймен мейрамханалардың өмір күші сарқылмайды. Несие карточкаларының жобасы да мейрамханадан басталған. Шынында, ол Ресейде емес, ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды. [3, б. 20]

1949 жыл. Әкесінің ауруымен байланысты жедел шаруалар Альфред Блумингдеймді -америкалық ірі әмбебап дүкенін құрушы және соның иесінің баласы -Нью-Йоркке асығыс келуге мәжбүр етті. Туыстық міндеттемелерін орындап болғаннан кейін және өзінің көмегінің қажет еместігіне көзі жеткен Альфред, өзін кино продюссері ретінде жұмыс атқарып жүрген (жетістікке қанша жете қоймаған) Колифорнияға жол жүруге дайындалады. Сол кезде үйдегі телефон шыр ете түсті. Телефон шалған Блумингдеймнің бұрынғы жолдасы Фрэнсис Макнамара болатын. Оның да жұмыстар сол кезде жетістіктен алшақ болатын. Макнамара «Hamilton Credit Comp. » қаржылық компаниясын басқаратын. Компания сол кезеңде көптеген қиыншылықтарды бастан кешіп жатқан болатын, себебі компания клиенттерінің фирма алдындағы қарызы 35 мың долларға жетіп, бұл ақшаларды қайтару мүмкіндігі шамалы еді. Әйгілі «Empire State Building» ғимаратында орналасқан Макнамараның офисінде кездескен соң, екі дос және сол компанияның заңгері Ральф Снайдер жақын маңдағы мейрамханада түстенуге шешім қабылдайды. [1, б. 14]

Түстену үстінде Макнамара достарына өзінің клиенттерінің бірі - шағын кәсіпкер иесінің өздігінше өсім алушылықта бизнес жасағаны туралы айтады. Аз ғана пайызға ол көршілеріне өзінің кезектегі банктік шотын пайдалануға берген. Дүкен сатушысы, оған телефон соғу арқылы, сатып алынған заттардың бағасын соның есебіне жазуға рұқсат алып отырған. Тамақтанушылар оның іскерлік қасиеті бойынша баға береді. Делдал арқылы клиенттерді баулу және оларға несие беру қаржылық сызбасы барынша тиімді болып көрінді, бірақ берілген нұсқада оның кәдімгідей кемшіліктері болды: ол несие берушінің сенімін қолданған клиенттердің тек шектелген аясында ғана «жұмыс» істей алады, сондықтан да болашақта өсуіне мүмкіндігі болмады. Дегенмен, достардың Манхэттендегі қаланың іскерлік орталығында отыруы, ондағы жаңа клиенттер үшін төлеуге дайын мейрамханалар мен кафелердің шоғырланып орналасуы, қосымша қызықтыратын жаңа бизенстің идеясын қолға алуға түрткі бола бастады. Идеяның дұрыстығын тексеру мақсатында мейрамхана директорын шақырады да, оған: «әрбір жаңа клиент үшін ақша төлейсің бе және неше төлейсің?» деген сұрақ қойылды, оған директор: «Жеті пайыз» деп жауап береді. Бұл сан несие карточкалары нарығының негізгі құрамы болып көп жылдар сақталып келді. Түстік жаңа кәсіпорын құру туралы шешім қабылданған соң аяқталды. Ресторандағы клиенттерді теңдестіру үшін эмбоссирлеуді қолдану қажеттігі шешілді (әріптік-сандық белгілері бар пластинкалар, олар кейбір дүкендер мен жанармай құю станцияларында қолданылып жүрген) .

Жаңа кәсіпорынның құрылтайшылық төлемі ретінде Макнамара және Снайдер «Hamilton Credit Comp. » енгізді. Оның қайтарылмаған 35 мың доллары қарызынан Блуменгдейл 5 мын доллар нақты төледі де, Колифорнияға жол жүріп кетті. Макнамара мен Снайдер өздерінің алғашқы клиенттерін еш қысылмастан Empire State Building келушілерді тартудан бастады.

Бірінші карточка үшін төлем ақы алынған жоқ, клиенттердің несиелік тарихы тексерілген жоқ, карточка иесі болу үшін дұрыс киінген немесе әділ сөзбен келгендер саны аз болмады. [3, б. 45]

1951 жылдың басында Diners Club компаниясы 300 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарымен келісім шарт жасап, 35 мың карточка иелеріне қызмет көрсететін болды. Карточканы пайдалану құны бір жылда 3 долларды құрады. Жылдың соңында компанияның айналымы 6, 2 млн. долларға жетті, орта есеппен таза кіріс 61 мың долларға жетті.

АҚШ-тағы төлем нарығының дамуына шешуші әсерін тигізген карточка нарығындағы негізгі оқиғалар 1958 жылы жанданды.

Hilton қонақ үйлері тізбесінде қалталы клиенттерге арналған Carte Blanche жүйесі жұмыс істей бастады.

1958 жылдың қазан айында карточкалық нарыққа жол чектерімен қызмет көрсетудің халықаралық инфрақұрылымын құрған, American Express жүйесі шықты. Америкалық қонақ үйлер Ассоциациясынан Universal Travel Card карточкасына құқығын алған American Express алғашқы, шындығында көпшілікке арналған карточка болды. Бір жыл өткеннен кейін AmEx карточкаларын 50 мың адам иеленді. Карточкаларды 30 мыңнан астам сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары қабылдады. [5, б. 16]

1958 жыл банктік несие карточкаларының шығуымен есте қалды. Осы уақытта АҚШ-тағы жүзден астам банктер карточкалық бағдарламаларын бастаған болатын. Олардың ішінде пластикалық карталар нарығының тарихында ерекше роль атқарған екі банк бар: Bank of America және Chase Marchatter Bank.

Chase Marchatter Bank карточкалық бағдарламаларын өздері сатумен айналысудың алғашқы жылында 350 мың карточка шығарып, оларға қызмет көрсету үшін 5 мың сауда кәсіпорындары жұмылдырылды. 1960 жылдың соңында карточкалар бойынша айналым 25 млн. долларға жетті. Сонымен қатар операциялық шығындар мен несиелерді қайтармау жағдайлары қауіпті қарқынмен өсе бастады. Бағдарлама жақын арада өзгермейтін шығынды бола бастады. 1962 жылы банк өзінің карточкалық бизнесін 9 млн. долларға сатып жіберді. Әрі қарай бағдарламаның тағдыры машақатқа толы болды. Біраз уақыт

American Express құрамында болғаннан кейін, оны Chase Marchatter Bank оған 50 млн. доллар төлеп сатып алған. Дегенмен, банктің екінші әрекеті де сәтсіз болды. Келесі екі жыл ішінде карточкалық бағдарламаны қолдануда банк 2 млн. доллар көлемінде шығынға кенелді, ал 1972 жылдың қаңтарында National Bank of American Inc. ассоциациясына барлық құқықтарды бере отырып, (бұл жолы біржолата) одан құтылды. [5, б. 56]

Калифорниялық банктің экспанциясына Банкаралық Карточка Ассоциациясы бірнеше ірі банктерден құрылған - Inter Card Associacion (ІСА) банкі жауап болды. 1969 жылы АҚШ-тың батыс жағалауындағы карточкалар шығаратын банктердің Ассоциациясы Master Charge карточкасын құқықтарын сатып алды. Өз кезегінде, Bank Americard шығаратын банктер бағдарламаларды бір банктің бақылауынан шығаруды талап етті (Bank of American) . 1970 жылдың шілдесінде National Bank of American Inc. (NВІ) төлем ассоциациясының құрылғаны туралы хабарланды.

Осылай, 70-жылдары АҚШ-та бір уақытта банктік карточкалар нарығында күші жағынан тең екі бәсекелес пайда болды: ІСА және NВІ. Алдымен бәрі де берілген тәртіппен жасалып келген: банктер бір немесе басқа ассоциацияны таңдап, оған қосылып жатқан. Бірақ 1971 жылы, нарықтың барлық қатысушыларына күтпеген жерден, Worther Bank & Trust Company of Little Rock екі жүйенің де мүшесі болды. NВІ жағынан Ассоциация мүшелері Master Charge карточкаларын шығаруға тиым салынды. Іс сотқа дейін жетті, 1972 жылы бұл мәселені қарастырған аймақтық сот, NВІ тиым салуы антитрест заңдылықтарын бұзады және ерікті бәсекелестіктің дамуына кедергі жасайды және тұтынушылардың құқықтарын шектейді деген үкім шығарды. NВІ соттың үкіміне наразылығын білдіруге әрекет жасаған, бірақ бұл процесс созылып жатқан кезде (барлық есеппен 5 жыл) прецедент құрылып қойған, көптеген банктер екі карточканы да шығаруды бастады. 1976 жылы NВІ жеңіледі. NВІ мүшелігіндегі бірнеше ірі банктер - соның ішінде Bank of American және Marchatter Bank сол жылы ІСА мүшелігіне кіруге және Master Charge карточкаларын шығаруға сұраныс жасағаннан кейін, бұл мәселе толығымен жабылды. [6, б. 27]

Американдық нарықты дамытумен қатар карточкалық операцияларды жүріп отырды. Еуропаға Diners Club компаниясы алдымен «жол салды». Ол 1951 жылы Ұлыбританияға өзінің атын және несие сызбасын қолдануға алғашқы лицензиясын берді. Шамамен осы кезеңде British Hotels & Restaurants Association (Британдық қонақ үйлер мен мейрамханалар ассоциациясы) ірі компаниясы өзінің несие карточкаларын шығара бастаған (ВНR) . [7, б. 229]

1965 жылы Rikskort швед компаниясымен қосыла отырып, ағылшын жүйесі Швецияда штаб-пәтері бар Eurocard International компаниясын құрылтайшылыққа тағайындады.

70-жылдардағы Америкалық төлем ассоциацияларының бәсекелестігі Еуропа нарығына да келді. 1974 жылы ІСА Eurocard International мүшелігіндегі -Acsess Card Британдық жүйесімен келісімге қол қойды. Осылай ІСА және Eurocard International арасында қызметтестік басталды. 1976 жылы Bank Americard ауыстырып, NBIVISA атты жаңа карточкалары Ассоциация қызметінің глобальдық сипатын түбегейлі бекітті, ал өзі VISA International деп аталатын болды. 1980 жылы өзінің карточкасының атын барынша түсінікті -Master Card атына өзгертіп, ІСА да осындай қадам жасады. [9, б. 55]

1992 жылдың соңында Eurocard International және Eurochegue карточкасымен біріге отырып, Euroрау International деп аталатын жаңа төлем жүйесі құрылды. Оның бәсекелесі сол -VISA International болып қалды.

1. 2 Пластикалық карточкаларының түрлері мен жүйеленуі

Пластикалық карточка - бұл карточканы қолданушы тұлғаға тауар немесе қызметтерге нақты емес төлемдер жасауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ банктер бөлімшелері немесе банктік автоматтардан (банкоматтар) нақты ақша алуға арналған, арнайы бекітілген төлем құралы.

Пластикалық карточкалар механикалық және термикалық әсерлерге төтеп беретін арнайы пластмассадан жасалған, стандарттық көлемдегі пластина (85, 6 мм 53, 9 мм 0, 76 мм) . Алдыңғы бөлімдерде қарастырылған зерттеулерге қарап, оны қолданушы тұлғаға төлем жүйесінің субъектісі ретінде ұқсастыруды қамтамасыз ету пластикалық карточканың қызметінің бірі екенін көруге болады. Сондықтан пластикалық карточкаға карточкаға қызмет көрсетуші банктің және төлем жүйесінің логотиптері, карточка ұстаушының аты-жөні, оның есеп-шот нөмірі, карточканың қызмет мерзімі және т. б. көрсетіледі. Сонымен қатар карточкада оны ұстаушының суреті мен қолы болуы да мүмкін. Алфавиттік-сандық мәліметтер -аты, шот нөмірі және тағы басқалар - эмбоссирленеді, яғни олар рельефтік шрифтпен беріледі. Бұл төлем жасауға арналған карточкаларды қолмен өңдеу кезінде карточканы іске қосатын арнайы импринтер құрылғысының көмегімен мәліметтерді чекке енгізуге мүмкіндік береді.

Карточкаларды жүйелеу - жай теоретикалық мәселе ғана емес. Компания жаңа карточкалар жасауға шешім қабылдаған кезде, жұмыстың ұйымдастырылу тәртібі мен карталар бойынша операциялардың есебін анықтау ғана емес, сонымен қатар бұл не үшін керек, және карталар қандай болады дегенге көңіл аудару керек. Бір жағынан, адам карточка алатын кезде оған карточка не үшін керектігін білуі қажет, сонымен қатар өзіне сай карточка түрін таңдауы қажет. Карталарды жүйелеуге көптеген негіздер бар. [11, б. 67]

1. Олардың жасалған материалдарына қарай:

- қағаздан (картоннан) ;

- пластикалық;

- металдан.

Қазіргі кезде пластикалық карточкалар кең тараған.

2. Картаға ақпараттарды енгізу тәсілдеріне қарай:

- графикалық жазылу;

- эмбоссирлеу;

- штрих-кодтау;

- чип;

- лазерлі жазылу (оптикалық карталар) .

Пластикалық карточкаларға ақпаратты магниттік жазылу арқылы енгізу қазіргі кезде кеңінен тараған әдістердің бірі. Оны, әсіресе, төлем жүйесінде көп қолданады. Бірақ қазіргі таңда магниттік сызық ақпаратты алаяқтар мен жасандылардан сақтаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан мамандар ақпараттарды енгізудің басқа баянда әдісін іздестіре бастады. Ол чип немесе микросызба болды. Чипі бар карточкаларды көбіне смарт-карталар немесе интеллектуалды карталар деп атайды.

3. Жалпы қолданыс бойынша:

- ұқсатырылған;

- ақпараттандырылған;

- қаржылық операциялар үшін (есептесу) .

Негізінде, мұндай бөлелер өзара ерекшеленген болып табылмайды. Мысалы, ірі компания өзінің әрбір қызметкеріне мынадай карталар бере алады:

1) кәсіпорынның арнайы аймақтарына кіруге рұқсат беретін (тиым салатын) рұқсат қағаз болуы мүмкін (ұқсатыру қызметі) ;

2) сол картада кодталған түрде ауру тарихы немесе сол карточканы ұстаушы туралы ақпарат жазылуы мүмкін (ақпараттық қызмет) ;

3) сонымен қатар, мұндай карточкалар сол кәсіпорынның асханасында немесе дүкенінде есеп айырысуға арналып қолданылуы мүмкін (есептесу қызметі) .

4. Эмитенттер бойынша:

- банктік (банктер мен қаржылық компаниялары шығарған әмбебап карточкалар) ;

- коммерциялық компаниялардың сауда және қызмет тізбегінде есептесу үшін берілген компанияның шығарған жеке (private) карталары.

Компаниялар өздерінің карталарының операцияларын түрлендіру және

көлемін ұлғайту мақсатында, еліктеуде басқа компаниялармен, ең қажеттісі -банктермен бірлесе отырып, оларды әмбебаптандыруға талпынуы керек.

5. Есептесуге арналған банктік және басқа карточкалар:

- жеке «электрондық әмиян»;

- элементтен есепті қосарлайтын «электрондық әмиян»;

- «есептесу кілті» -элементте жүргізілетін есептесу иесінің ұқсастыру құралы.

Оғаш болып көрінсе де, банктік карточкалардың көпшілігі «электрондық

әмиян» емес, ұқсастырылған болып келеді. Оған «Visa», «Eurocard / Mastercard», «American Express», ресейдің «Юнион Кард» және «STB Card» жатады.

6. Халықаралық төлем жүйесіне бағытталған эмитенттің клиенттерінің деңгейі бойынша, олар карталардың түрлері немесе өнімдер (products) деп аталады:

- кәдімгі карточка;

- күміс карточка;

- алтын карточка;

- электронды карточка.

Қысқа және нұсқа айтқанда, кәдімгі карточка саптағы клиенттерге арналған. Олар «Classic VISA» және «Mass (Standard) Eurocard/Master Card». Күміс карточкалары бизнес карталары деп аталады (Business Card), және олар жеке тұлғаларға, өз компанияларының ақшасын қажетінше жұмсайтын ұйымдардың қызметкерлеріне арналған. Алтын карточкалар барынша дербес, бай, қалталы клиенттерге арналған.

7. Қазақстанда карталарды корпоративтік және жеке деп бөлу қалыптасқан:

Кейде «жалақылық» карточкалар беріледі, эмитент ұйыммен келісім шарт жасайды, ал оның қызметкерлері жеке тұлға ретінде карточкаларды пайдаланады.

Халықаралық жүйелеуде сол немесе басқа карточкалар қорабында берілетін қызметтердің жиынтығы басшылыққа алынады (қосымша қызметтер, мысалы мыналар: сақтандыру, мед. полис, байланыс қызметтері, дисконттық карталар, «беделді» карталар және т. б. ) .

Қолданылуы мен технологиялық жасалуы жағынан банктік карточкалардың түрлеріне назар аударайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
Немесе клиенттің несиелік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Қолма-қолсыз есеп айырысу жайлы
Банктік операциялар
Қолма қолсыз есеп айырысуда карточкалардың рөлі
Қазіргі экономикадағы банктік қызметтер
Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Банк өнімдерінің қызметтері және мәні мен мағынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz