ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

Қысқартулар және арнайы терминдер

КСРО - Кеңес социалистік республикалар одағы

АҚШ - Америка құрама штаттары

БИМҰ - Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы

БСҰ -Бүкіләлемдік сауда ұйымы

БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы

ТМД - Тәуелсіздік мемлекеттік достастығы

ГФР - Глобальный формирующий рынок

РСФСР - Российская советская федеративная социалистическая республика

РК - Республика Казахстан

ҚР - Қазақстан Республикасы

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар және арнайы терминдер

КІРІСПЕ 6

1 МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ТҮСІНІГІ 11

1. 1 Мемлекет аппаратының ұғымы 11

1. 2 Мемлекет аппаратының қағидалары және жүйесі 13

1. 3 Мемлекеттік органдар және бюрократия 17

2 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ 19

2. 1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын

Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 19

2. 2 Президенттік сайлаулар жүйесі 34

2. 3 Қазақстан Республикасы Президенті

өкілеттіктерінің ерекшеліктер 42

3 Мемлекеттік ќызметті жетілдіру механизмі

3. 1 Мемлекеттік ќызметті єкімшілік реформалау принциптері 66

3. 2 Ќазаќстан Республикасындаѓы жергілікті µзін-µзін басќару 73

ҚОРЫТЫНДЫ 80

қолдаНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 86

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінің тиімділігімен тығыз байланысты.

Мемлекеттік аппараттың түсінігі және мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президенттік институтты еңгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дұрыс жолы болды.

Сонымен қатар, басқару нысанынан елдін, тарихи -ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси-мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алуы керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік билікті толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Керісінше, ұлтқа жат идеялар мен саяси институттарды күштеп будандастыру қоғамдық қатынастарды шиеленістіруге, қоғамды түсініксіз мемлекеттік нысанның көлеңкесінде қалдырып, тоқырауға әкеліп тірейді.

Екі ғасырдан астам өмір сүрген Америка континентінде пайда болған президенттік институт бірте-бірте жаңа кеңістікті жаулап алды. Дегенмен, бір континенттен екінші континентке, бір елден екінші елге, бір тарихи кезеңнен келесісіне өтуде ол неше түрлі өзгеріске ұшырады, яғни, демократияның өзіндік ұғымын бейнелейтін, қоғамдағы тұлғалық рөлі мен орнын білдіретін жаңа ерекшеліктер мен сипаттарға ие болды.

Тарихи тұрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті. [1, с 159]

Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.

Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысынан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, оның өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Академик Н. А. Сахаровтың "Жалпы айтқанда, президенттік институтты талдауға байланысты мәселе келешекте кеңінен және әр алуан және жан-жақты анық зерттеуді қажет етеді" деген пікірі көңілге қонатындай. [2, c. l73]

Қазіргі кезде қалыптасқан мемлекеттік аппарат оның органдары президенттік институт мемлекеттік құрылыс аумағындағы әлемдік өркениеттің қол жеткен озық тәжірибесінің жиынтығы екендігін есепке алмауға болмайды. Отандық ғылым үшін әр түрлі елдердегі президенттің өзіндік құбылыстарын тарихи тұрғыда зерттеу олардың өкілеттіктерінің жалпы және арнайы ерекшеліктерін айқындайтын себептерін анықтауда ерекше маңызды.

Тарихи тәжірибенің зердесінде қоғам мүдделеріне жауап бере алмайтын президенттік институттың конституциялық құқықтық реттелуі оқта-текте заңды сыйламау, билікті теріс пайдалану, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапсыздығы және заңға үстірт қана құлықтылық таныту, жемқорлық сияқты әлеуметтік кемшіліктер түрінде көрініс тапқан фактілері тіркелгені хақ.

Мемлекеттік аппараттың және Президенттік институттың қызмет тәжірибесін және оның конституциялық құқықтық реттеуін жетілдіруді мемлекеттік басқарудың қандай да бір түрінің құрылымы мен тиімділігін конструктивті- сыни қабылдаудан тыс және әлемдік тәжірибені қорытпай жүзеге асыруға болмайды.

Мемлекеттік аппараттың және Президенттік институттың пайда болуы мен өкілеттіктерінің дамуының тарихи- құқықтық аспектілерін қарастыру өтпелі экономика және заңнамаларды жетілдіруге қажетті күш жұмсау және мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында біздің қоғамды демократиялық қайта құрудың жолдары мен тәсілдерін, мүмкіндіктерін ой елегінен өткізуге ықпал етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік аппараттың және мемлекеттік басқарудың жаңа нысаны ретінде президенттік республиканың тарихы мен теориясы, өкілеттіктері ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін өз бетінше кешенді зерттеу, -осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен қазақстандық юриспруденция айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және басқа да мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалық кепілдемелер жасау болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Мемлекеттік аппараттың және Президенттік билікті құру мәселесі әртүрлі мемлекеттердің әр қилы тарихи кезеңдерінде конституциялық жобаларды дайындау мен талқылау кезінде өткір туындап, заң арқылы монархтың, көсемнің, диктатордың жеке билігін шектеу идеяларымен айқындалатын. Бұл идеялар XX ғасырдың басында М. М. Сперанский мен Н. И. Муравьевтің Ресейге арналған, М. Дулатов пен А. Бөкейхановтың Алаш Қазақ автономиясына арналған конституциялық жобаларында өскін алып, басқа да "ұлттық шеткері аймақтың" көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлерінің еңбектерінде қарастырылған.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы - дәстүрлі түрде елдің ұжымдық президенті деп саналатын, бұның өзі заңдарды түзеуге және оны КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлықтарымен алмастыру тәжірибесімен ақтауға мүмкіндік беріп келген. Президенттік республиканы мемлекеттік басқару нысаны ретінде қабылдамау буржуазиялық деп танылған және ол социалистік мемлекеттің алқалық- жауапсыз партия органдарымен сыйыспайды деп саналатын сол кездердегі құқықтық мемлекет концепциясына және билікті бөлу теориясына сыни көзқарасқа байланысты пай да болды.

Алайда, 70-ші жылдары шет мемлекеттердегі президенттік институттарға терең талдау жасаған жұмыстар дүниеге келді. Сол кезеңдегі жұмыстардың авторлары арасынан А. А. Мишинді, И. П. Ильинскийді, С. А. Егоровты, М. А. Крутоголовты, Ю. К. Абрамовты атауға болады.

80-ші жылдардың екінші жартысында "социалистік" деген атаумен құқықтық мемлекет идеясы, билікті болу теориясы саяси және мемлекеттік құжаттарда танылып, С. С Алексеев, Г. В. Атаманчук, Г. В. Барабашев, А. П. Бутенко, В. Е. Гулиев, Н. Н. Деев, И. П. Ильинский, Д. А. Керимов, В. Н. Кудрявцева, Б. П. Курашвили, Г. В. Мальцев, B. C. Нерсесянец, Н. В. Черноголовкин, В. А. Четвернин сынды құқық және тарих, мемлекеттік жүргізу және басқару теоретиктерінің еңбектерінде көрініс таба бастады.

Қазақстанда 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында құқықтық ғылыми ой президенттік республика идеясы және билікті болу теориясына қайта оралады. КСРО тарағаннан кейінгі саяси жағдайды таңдауда республикаға қолайлы басқарудың практикалық нысаны іздестіріледі. Парламенттік республикаға, сондай -ақ "қуатты атқарушы тіке билік" құру мақсатында ел басына үкімет басшысының қызметін қоса беру арқылы мемлекеттік басқарудың президенттік түріне баса назар аударылады.

Бұл модель тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында бекітілген. С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, Г. С. Сапарғалиевтың, Н. А. Шайкеновтың, А. К. Котовтың және В. А. Малиновскийдің еңбектерінде өз көрінісін тапқан осы маңызды мәселелер бойынша идеялар сол кездегі қазақстандық құқықтанушылар мен мемлекеттанушылардың жарқын да өткір де маңызды идеялары болып табылды.

Мемлекеттік аппараттың және мемлекетті басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканың түбегейлі өзгеше моделін қалыптастырған 1995 жылғы Конституцияның жасалуы мен қабылдануы Қазақстан Республикасындағы басқару құрылымы мәселелерін зерттеуге өзгеше қарқын берді. Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанда президенттік қызметке тағайындаудың, оның өкілеттіктерінің қалыптасуының теориялык және тарихи алғы шарттары, республикадағы қазіргі заманғы президенттік институттың ауысуының себептері мен кезеңдері және келешегі әлі де болса толық зерттелмеген.

Заң қабылдаушы және атқарушы биліктің жоғарғы органдарының өзара іс-қимыл жүйесінде болып жатқан саяси-тарихи процестердің дамуы, олардың Елбасымен өзара қарым-қатынасы, президенттің осы қарым-қатынасты үйлестіруі, президенттің мемлекет басшысы және мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлға ретіндегі конституциялық ролінің басқа да мәселелері терең талдау жасауды және ой елегінен өлшеуді қажет етеді.

Сонымен, мемлекеттік басқарудың жаңа, неғұрлым алдыңғы қатарлы нысаны ретінде мемлекеттік аппараттың және президенттік республиканың пайда болу және даму тарихын зерттеу маңыздылығы елімізде оның қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу процестерімен өзара қарым-қатынасының теориялық жағынан өңделуінің жеткіліксіздігі осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Автор белгіленген мақсаттан туындайтын мына төмендегідей міндеттер қояды:

  • мемлекеттік дамудың әлемдік тәжірибесі жинақтаған материалдарды қорыту және зерттеу, жаңа өзекті проблемаларды жарыққа шығару және зерттелінетін тақырыптың теориялық өндеу деңгейі мен дәрежесін ашу негізінде олардың ғылыми шешім табуының жолдарын анықтау;
  • "Мемлекеттік аппараттың", "мемлекеттік басқару нысаны", "мемлекеттік басқарудың түрлері мен типтері", "президенттік институт", "президенттің өкілеттігі" ұғымын сипаттайтын анықтамаларды талдау және мазмұнын ашу;
  • Мемлекеттік аппараттың және президенттік басқару нысанының пайда болуы, өкілеттік ерекшеліктерінің қалыптасуы және дамуының тарихи-құқықтық аспектілеріне талдау жасау;
  • Мемлекеттік аппараттың және президенттік институттың мемлекеттік-құқықтық мәртебесінің алуан түрлі үлғісінің қызметтік мазмұның анықтау;
  • Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңін негіздеу;
  • президенттік республиканың қазақстандық үлгісінің конституциялық - құқықтық ерекшелігін көрсету;

Зерттеу объектісі мемлекеттік аппараттың және президенттік республиканың пайда болуының генетикалық негізі ретіндегі мемлекеттік басқару нысаны дамуының тарихи - құқықтық тәжірибесі болып табылады.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аппараттың түсінігі және мемлекеттік басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканың дамуы мен президент өкілеттіктерінің конституциялық - құқықтық ерекшелігін көрсетуге арналған.

Дипломдық жұмыста әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептерге жататын отандық және шетелдік ғалым-мемлекет танушылардың, құқықтану, тарих, философия, мәдениеттану, саясаттану, басқару теориясы, психология және басқа да салалар бойынша ірі мамандардың еңбектері қорытылып, талданады. Соның ішінде, ең алдымен, қазақстандық ғалымдар: С. З. Зимановтың, М. Т. Баймахановтың, С. С. Сартаевтың, Г. С. Сапарғалиевтің, С. Н. Сәбікеновтың, В. А. Кимнің, А. К. Котовтың, В. А. Малиновскийдің, Ж. Жүнісованың, С. Ф. Ударцеваның, А. Майлыбаевтың, М. Б. Қасымбековтің, Р. Т. Окушеваның, А. Х. Бижановтың, Н. А. Шайкеновтың, алыс және жақын шетелдік авторлар: М. Амеллердің, В. Е. Гулиевтің, Н. Ф. Бабанцевтің, В. П. Прокопьевтің, Д. Л. Златопольскийдің, Я. М. Бельсонның, Д. Е. Ливанцевтің, А. В. Зиновьевтің және басқалардың еңбектері бар.

Еңбектің теориялық негізін күрделі демократиялық процестерге және қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуына, қоғамның саяси өміріне, құқыққа, конституциялыққа, басқарудың әртүрлі нысанының дамуына қатысты отандық және шетелдік мерзімді баспасөзде жарияланған көптеген материалдар толықтырған.

Қоғамның саяси-құқықтық болмысын адам мен азаматтың жеке өмірінің құндылығына айырықша назар аударылатын ізгіліктіліктіктің жалпыәлемдік бағытына сай даму талаптарына сәйкес болғандықтан оның кұкығы мен бостандығы қазіргі таңдағы кез-келген конституцияның негзін қалауда. Бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының да негізін құрайды. Осы орайда Қазақстан Конституциясы президенттік институтты жеке адамның құқығы мен бостандығының кепілі ретінде белгілейді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы проблеманың маңыздылығымен де, сондай-ақ, осы мәселені көтерудің тарихи мәнділігімен және өңдеу дәрежесін есепке ала отырып, оны зерттеуді кешенді түрде жүргізумен анықталады. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі президенттік басқару нысанының пайда болуының және Президент өкілеттіктерінің ерекшеленіп қалыптасуы мен дамуының тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеу де әртүрлі пәндердің методологиялық мүмкіндіктерің оның сындарлы элементтерін президенттік институттың қазақстандық үлгісін талдауға еңгізу арқылы интеграциялауға ұмтылысы жүзеге асырылған.

Зерттеудің теориялық маңызы ондағы тұжырымдалған ережелер мен қорытындылар тарихи-құқықтық ғылымның, мемлекет және құқық теориясының, сондай-ақ, мемлекеттік басқару нысаны ретіндегі президенттік республиканы және президенттік институт мәртебесін зерттеуге арналған конституциялық құқықтың тиісті бөлімдерін дамытып, толықтыра түседі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімнен, үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөліп мынадай бөлімшелерден тұрады: Мемлекет аппаратының ұғымы,

мемлекет аппаратының қағидалары және жүйесі, мемлекеттік органдар және бюрократия

Екінші бөлім келесі бөлімшелерден тұрады: Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын, Президенттің негізгі қызметі (функциясы), Президенттік сайлаулар жүйесі, Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктер.

Үшінші бөлім мемлекеттік ќызметті жетілдіру механизмін қарастырады және келесі бөлімшелерден тұрады: Мемлекеттік ќызметті єкімшілік реформалау принциптері, Ќазаќстан Республикасындаѓы жергілікті µзін-µзін басќару.

1 MEMЛEKETTIK АППАРАТТЫҢ ТҮСІНІГІ

1. 1 Мемлекет аппаратының ұғымы

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратыы қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.

Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.

Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.

Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.

1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.

2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.

3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.

4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.

5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.

6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.

7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.

Президентінің «Қазақстан-2030». Жолдауында мемлекеттік аппаратты жақсарту және оның тиімділігін арттырудың жеті принииптері белгіленген:

1. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралык үйлестіру.

4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.

7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Жалпы мемлекет және құқық теориясында қағида деген зерттеу объектіні сипаттайтын негізгі идеялардын жиынтығы. Мемлекеттік органдардың өзіне тән қағидалары бар. Қағидалар арқылы мемлекеттік органдардың қызметінің функцияларының мәні айқындалады, демократиялық нышандардың сипаттары көрініс береді.

Мемлекеттік органдардың мынандай қағидалары бар:

1. Демократизм. Бұқара халықтың билік жүргізуге тартылуы және олардың мемлекеттік органдарды құруға тікелей қатысуы Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді», - деп атап көрсетілген. Мемлекеттік органдар халықтың мүдделеріне сай, міндеттерін атқарулары тиісті. Халық мемлекеттік органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей демократияның тетіктері арқылы бақылай алады.

2. Ұлттардың тең құқылығы. Мемлекеттік органдарды қалып-тастыруды және олардың құрамында барлық халықтардын қызмет істеуіне тең құқыққа ие болуы. Қазақстанда бұл қағида ешқандай шектеусіз, адамның кәсіби қабілетіне қарай жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында тең құқықтық идеясы мынандай мағанада өзінің шешімін тапты: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көз-қарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды». Сонымен қатар ұлттар теңділігіне қол сұғушылар қылмыстық жауапқа тартылатыны мемлекеттің тен құқықтылықты тиімді қамтамасыз ететіндігінін айқын көрінісі. [2, 36]

3. Адам және азамат құқықтарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындай отырып, адам құқын қорғауды ең басты құндылықтар қатарына көтерді және конституцияда мемлекеттеріміздін «ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялануы соның нақтылы айғагы ретінде қабылданады. Кеңес дәуірі кезінде адам құқы аяққа тапталынды. Адам мемлекетке тең құқықтығы партнері емес, керісінше мемлекеттің «бөлшегі», «тетігі», қажет болған жағдайда меншігі ретінде танылды. Заңсыз ұстау, қамау, үкімсіз репрессияларға жол беру, адам және азамат құқықтарын басып-жаншу мемлекеттік органдардың негізгі саясаты болды. Кеңес мелекетінің зорлық-зомбылықпен адам құқын аяққа тап-тап, сотсыз, тергеусіз қырып-жоюға бағытталған саясаты туралы К. Сорокин былай деп жазды: «Мұсылмандардан бәрін тартып алуда және тек қана тартып алып қоймайды, сонымен қатар оларды өлтіріп жатыр. Біздің солдаттарымыз қорғаудың орнына тонау мен өлім әкелуде . . . халық террорланған және қашуда . . . Мүмкін әлдекім мұны істеп отырған партия емес, Қызыл Армияның зорлық жасауы деп қарсылық білдіруі мүмкін. Бірақ, партия басында тұр . . . партиялық жолдастар жағдайдың жақсаруына ешқандай шара қолданбайды. Мұсылмандарды қинауда, өлтіруде . . . Әйелдер мен балалар тандаусыз жапа шегуде . . .

Тек қорлықты көрген олар бізге қандай достыө көзқараспен қараулары тиіс? Біз оларды өзіміз ұлтшыл жасап отырмыз».

Кеңес мемлекеті органдарының озбырлық, зорлық-зомбылық, күш қолдану саясаты коммунистік идеологияны жаппай мойындату үшін жасалынады. Террор мен репрессияның алғашқы көсемдерінің бірі Ф. Э. Дзержинский: «Әрбір зиялыға іс болу керек». - деп жазды. Құқықтық мемлекет құруға бет алған Қазақстан Республикасы адам құқын қорғаудың кепілдігін өз мойына алып отыр.

4. Мемлекеттік билікті болу. Мемлекеттік органдар билік жүргізуде бассыздық пен арсыздықка жол бермеу үшін билік заң шығару. Атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Олар бір бірінің қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік жүйе арқылы бақылап отырады. Органдар оз құзырынан ауытқып кетіп қызмет атқаруға құқықтары болмайды.

5. Кәсіптілік. Мемлекеттік органдар қызметіне тек ғана арнайы дайындықтан өткен, басқару өнерін жетік меңгерген білімді, білікті мамандардың тартылуы. Кәсіптік деңгейді тест, анкета арқылы анықтап барып, мемлекеттік қызметке конкурс арқылы қабылдау.

6. Мемлекет қызметкерлерінің қабылданған шешімдерінің орындалуы немесе орындалмауы үшін катаң жауап беруі. Халық мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға үлкен сеніммен қарайды және олардың қызметтеріне үлкен үміт артады жауапты міндеттер жүктейді. Сондықтан қабылданған шешімдері үшін жауап берулері ең басты талап болып табылады. Жауапсыздық, немқұрайдылық мемлекеттік органдардың жұмысына нұқсан келтіреді, халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Демократиялық режимнің белгілері
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Қазақстандағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Мемлекеттік билік түсінігі, құрылымы, түрлері, белгілері
Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, қызметі
Президенттік басқару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz