Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Қазақстан Республикасы прокуратурасының даму тарихы
1.1 Прокуратураның пайда болуы немесе негізгі тарихы
кезеңдері ... ... ... ... ..7
1.2 Прокуратураның жоғары дәрежеде қадағалау
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ...10
1.3 Прокуратураның міндеттері мен оның қызметінің негізгі
бағыттары ... ...14

2. Прокуратураның қызметі
2.1 Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және оның қызметінің принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Прокуратура органдарының жүйесі және оларды
ұйымдастыру ... ... ... ...22
2.3. Прокуратура функциясы түсінігі, құрылымы және
жүйесі ... ... ... ... ... ... 26

3. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
3.1 Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың ұғымы
... ... ... ... ... ... .36
3.2 Азаматтық іс жүргізу құқығындағы шағым арыз беру және қадағалау тәртібі
бойынша прокурордың орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.3. Заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық
қадағалаудың мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 62

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген [1]. Осы келелі міндеттерді
жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процесін жетілдіру, қабылданған
заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында
құқық ережелерін қатаң сақтап, тәртіп бұзушылыққа қарсы пәрменді күрес
жүргізу қажет.
Азаматтық іс жүргізу саласында, құқық ғылымы, оның ішінде азматтық іс
жүргізу құқығы ғылымының рөлі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып
жатқан сан – салалы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес
келетін азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларын дер кезде осы өзгерістерге
сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндеті. Өйткені, елімізде орын алған
әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын азаматтық істердің саны, деңгейі,
ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген азаматтық істердің саны
жылдан жыл арта түсуде.
Әр мемлекет өз билік нысанына қарамастан өмірдің әрбір саласына
бірыңғай заңдылықты және бірыңғай тәртіпті еңгізіп қадағалайтын орган
құруға мүдделі. Мемлекеттік және қоғамдық өмір мемлекетте (елде) қатаң,
заңдарды нақты сақтайтын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін сенімді
механизмнің болуын міндеттейді. Сондықтан да әрбір мемлекеттің саяси
жүйесінің ажырамас атрибуты прокуратура болып табылады. Прокуратура немесе
басқа да сәйкес келетін мемлекеттік құқықтық институттардың рөлі мен орны
әр мемлекетте әр түрлі болып келеді. Бір елдерде қылмыстық қудалау
органдарының міндеттерін атқарса, екінші елдерде тек қана сотта мемлекеттік
айыптауды ғана жүзеге асырады, ал үшінші елдерде қадағалау функцияларын
жүзеге асырады. Егер біз прокуратура қызметін анықтайтын болсақ, бұл Заңға
профессионалды қызмет ету оның жоғарылығын бекіту, құқықтық нормаларды
бекітілген тәртіпті қамтамасыз ету ережелері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының 1-
бабында былай делінген:
─ Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында
заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге
нормативтік – құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел –
іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық
істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
─ Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде
шаралар қолданады. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін
заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің
мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен
шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура 3 ғасыр бұрын 12 қаңтарда 1722 жылы Пётр 1 Ресей
императорының Жарлығымен құрылған болатын.
Бұл орган Ресей империясындағы мемлекеттік билік институттарының
мемлекеттік мүдделерді сақтайтын маңызды және керекті органына айналды.
Қазақстан территориясында прокуратура органы 1922 жылы 13 шілдеде құрылған
болатын. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін және Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі
қалыптастырылған болатын. 1991 жылы 6 желтоқсанда мемлекетте Қазақстан
Республикасының генералды прокурорына бағынатын прокуратура органдарының
бірыңғай жүйесі пайда болды. 1992 жылы 17 қаңтарда бірінші рет Қазақстан
Республикасының прокуратура туралы заң қабылданған болатын. Бұл заңда
прокуратура қызметінің құқықтық негіздері қаланған болатын.
Қазір қолданылатын прокуратура туралы заңы біздің ойымызша әлі
дамытып, жетілдіруді қажет етеді. Бұл жұмыста прокуратураның даму
концепциясы айқындалды. Прокуратура пайда болуының тарихы және оның
құқықтық мәртебесі эволюциясы туралы жазылады, нақты салаларды қадағалаудың
қағидаларын, өкілеттілігін функциялары мен міндеттерін және прокурордың
азаматтық іс жүргізудегі орны ашып көрсетіледі. Бізбен прокуратура
органының құқық қорғау функциясын толығырақ және Қазақстан Республикасының
Конституциясымен кепілдендірілген азаматтың құқықтары мен
бостандықтарындағы рөлін анықтауға талпындық.
Заңдылыққа жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыруға арналған
прокуратура сонымен бірге азаматтық іс жүргізудегі орны және өзге де құқық
бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі қызметін де үйлестіріп отырады, заңдарды
жетілдіру мен насихаттауға белсене қатысады. Ол бақылау органдарымен және
жұртшылықпен тығыз байланыс жасай отырып жұмыс істейді. Прокуратура әртүрлі
ұйымдармен, еңбекшілердің қалың бұқарасымен өзара іс- қимылды мейлінше әр
алуан формада жүзеге асырады, олар мыналар: жергілікті мәслихаттардың
сессияларындағы заңдылықтың жай-күйі, құқық бұзушылық орын алған немесе
құқық бұзушы жұмыс істейтін жердегі еңбекшілер жиналыстарында нақты
азаматтық істер немесе басқа да құқық бұзушылық фактілер туралы баяндамалар
жасау; жергілікті мәслихаттардың заңдылықты қорғау жөніндегі
комиссияларында жұмыс істеу, бақылау комиссиялары мен кәмелетке толмағандар
ісі жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу, құқық тақырыптарында
әңгімелер өткізу, лекциялар оқу, радио мен теледидарда сұхбаттасу жолымен
құқықтық насихат жүргізу, көшпелі сот процестерінде мемлекеттік айыптаушы
ретінде сөз сөйлеу; прокурорлар мен тергеушілердің қоғамдық көмекшілерін
іске қосу және т.б. Мұның бәрі прокуратураның заңсыздықтың нақты
көріністеріне және олардың себептеріне қарсы ойдағыдай күрес жүргізуіне
ғана емес, сонымен қатар прокурорлардың аса маңызды мемлекеттік және
моральдық парызы – адамдарға барынша пайдалы тәрбиелік ықпал жасау парызын
орындауына да жәрдемдеседі.
Прокурорлық қадағалау нақты, бірауыздан толық заңды түрде орындау
үшін, әлеуметтік оқиға сияқты заңды да орындау мағынасына нақты – толық
атау керек.

1. Қазақстан Республикасы прокуратурасының даму тарихы
1.1 Прокуратураның пайда болуы немесе негізгі
тарихи кезеңдері

Прокуротура термині латынның “procuro” – қамтамасыз ететін, алуын
аламын деген сөзінен бастау алады. Осы сөз дәуірден дәуірге рим құқығы
арқылы жеткен. Сол кезеңнің өзінде Еуропа халықтарының заң түсінігінде
қазіргі кездегі әділеттің қажетті элементтердің сақталған төмендегі
түсініктердің өз орны болып мойындалған. Олар:
- қоғамның мүддесі атынан қылмысты жария ете отырып қудалау;
- белгілі жағдайларда оны лауазымды, тіпті құзіретті тұлғалардың
жүргізуі;
- мемлекет басшысының, уәкілетті тұлғалардың жекелеген жағдайларда
болса сотқа келіп қатысуы.
Бірақ прокуратураның шыққан жері негізінен Франция болып есептелінеді,
ал оның негізін қалаушы корольдік прокурорлары туралы ережені анықтап
айқындаған, бірінші прокуратура ескерткішін орнатқан 4-ші Филип Красив.
Әлемдік практикадағы осындай бірінші прокурор ретінде Париж Парламентіндегі
алғашқы прокурор Гуиланме де ла Магдаленнені атауға болады.
Қазақстан прокуратурасының дамуының екінші кезеңі 1933 жылдан 1992
жылдың 17 қаңтарына дейігі аралық. 1933 жылдан бастап КСРО-ның
прокуратурасы КСРО жоғарғы сотының қарамағынан бөлініп, дербес мелекеттік
орган болып құрылуы, ал 1992 жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасының
прокуратурасы туралы заң заң қабылданды.[2]
Көрсетілген заң актісіне сәйкес прокуратура Қазақстан Республикасының
Президентіне бағынады. Прокуратура Парламенттің қарауынан шығарылуы. ҚР Бас
прокурорын Парламент Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды. Бас
прокурорды қызметінен босатуға Президент қана құқылы.
Прокурорлық қадағалауға қадағалаудың жаңа түрі, адамның және азаматтың
құқығы мен бостандығын сақталуын, заңды тұлғалармен мен мемлекет
мүдделерінің қорғалуын бақылау қосылды.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы прокурорының статусы оның
компоненттеріне: істі жүргізу саласына, қызмет ету ұстынына функционалдық
маңызына, құзыретіне, өкілеттілігіне, жүзеге асырудың құқықтық құралдарына
сәйкес қайта құрылды. Қазақстан прокурорының міндеті ТМД
мемлекеттеріндегідей мелекет дамуының әрқилы кезеңдеріне байланысты түрлі
өзгерістерге ұшырап отырды,
Ол өзгерістердің мазмұны көбінесе елдегі мемлекет дамуының саяси,
әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайларына байланысты болды. Ал,
негізінен прокуратураның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының
Конституциясында жан-жақты айқындалған.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік жоспарын
жүзеге асыру мақсатында,- деп атап көрсетті. М.Ч. Қоғамов, - 1994 жылдың 12
ақпанында, 1995 жылдың қазаныңда Республика президентінің шешімімен тергеу
бөлімшелері прокуратура органдарына жатпайтындықтан, жаңа құқық қорғау
органың (ҚРМТК) құрамына берілуі.
Сол мезеттен бастап Қазақстанда басқа ТМД мемлекеттердегідей емес,
прокуратура өзінің қызметін қылмыстық процесте жаңа мазмұнда және кең
масштабта атқара бастады. Жаңа жүйе прокурорлық қадағалаудың тергеу
міндетіндегі кезеңдегі өз қызметін дұрыс және тиімді атқаруын қамтамасыз
етті.
Прокуратураның әлеуметтік – экономикалық саладағы заңдылықты
қадағалауға қатысты қызметіне соңғы кезде шек келтірушілер табылып жүр. Заң
тілімен айтқанда прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі –
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың
және мемлекеттің мүдделерінің сақталуына қадағалау деп аталады. Кеңестер
Одағының кезіндегі прокуратура органдарында бұл саланы – жалпы қадағалау
(қазірде де ішінара осылай атап жүрміз) деп атадық. [3]
Еліміздің тарихы Кеңестер Одағымен тығыз байланысты болғандықтан да,
Ресей прокуротурасы органдарының тарихымен тығыз байланысты. Ал Ресейде
алғашқы прокуротура органдары 1722 жылы 12 қаңтарда Петр 1-нің бұйрығымен
құрылған. Сол кездегі құжатта заңға қадағалау жасауды басты назарға қойған.
1860 жылдары Ресейде сот реформасы болған кезде прокуратура заңдарды
қадағалау құқығынан айрылған еді. Бұл негізінен дворяндар мен буржуазияның
қолын байлаған органды құртуға деген құштарлығының нәтижесі болатын.
Ал 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін прокуратура органдары
таратылды. Кейін В.И. Лениннің көрегенділігінің арқасында 1922 жылы қайта
құрылды. Оның негізгі міндеттерінің бірі болып лауазымды адамдардың,
мекемелердің, ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың заңдардың
орындауын қадағалау болып қалды. Бұл принцип 1922 жылы Прокуратура
органдары туралы Ереженің 2 – бабында, 1936 ССРО Конституциясының 113 –
бабында, 1977 жылғы Конституциясының 164 – бабында, ал біздің еліміз үшін
1922 жылғы Прокуратура органдары туралы заңда, 1993 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясында, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы
Президентінің, заң күші бар Жарлығының 83 – бабында паш етілген және
негізделген. Жалпы қадағалауды Кеңес одағы кезінде әкімшілік – басқару
жүйесінде өзінің міндетіне кереғар мәселелерде де пайдаланды. Мысалы, жүк
поездарының тоқтап қалуына, жанар – жағармайды тиімді пайдалануға қатысты
тексерулер жүргізу деген сияқты.
Заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асырудың орнына бақылаушы
ведомстволардың функцияларын атқаруға келді. Прокуротура органдарының
тікелей осылай араласуы бақылаушы органдардың заңды бұзуына жиі әкеліп
соқты. Оның салқыны әлі күнге дейін сезілуде, яғни, бақылаушы органдар
мемлекеттік функциясын адал атқарудың орнына, оны басқаша пайдалануға
құмар, өйткені прокуратура органдарына сеніп кеткен.
Бүгінгі күнге қадағалаудың әдістері мен нысандарын жетілдіру қажет,
соның нәтижесінде қадағалаудың мәнін дәл айқындау қажет. Мемлекеттік
бақылау функциялары бар мемлекеттік органдар өз салаларында бақылауды
орнатуға әлсіз. Сондықтан заңдылықтың орнауы барысында қадағалаудың
пәрменділігін күшейту арқылы, яғни сол бақылау органдарының қызметіндегі
заңдылықтардың қолданылуын қатаң қадағалаған жөн. Қазақстан Республикасының
прокуратурасы 1922 жылдан бері қарай дамудың түрлі сатыларынан өтті.
Азаматтардың құқыларын қорғауда көп жұмыстар атқарды. Мысалы, 1998 жылы
прокуратура органдарымен атқарушылық органдардың 1998 жылы 25,5 мың заңсыз
құқықтық актілерге өзгеріс енгізіліп, күші жойылған; 28,5 мың адам түрлі
жауапкершіліктерге тартылған; жергілікті басқару және өкімет органдарының
заңсыз 3861 актісінің күшін жоюға наразылық келтірілген; мемлекеттік
уәкілеттігі бар бақылаушы органдардың 2,5 актісі күшін жойған. [4]
Бүгінгі күні заңдардың қолданылуын (сақталуын) қадағалаудың қажеттігі
және оны күшейтуі төмендегі ойлармен бекітіледі:
─ өтпелі дәуірде нарық заңы нағыз заңдардың жүзеге асуына кесірін
тигізуде, сөйтіп экономика саласының қылмыстануына әсер етуде, сондықтан да
заң саласындағы қадағалауды тек қана сақтау емес, одан әрі күшейту керек;
─ тексеруге уәкілетті органның лауазымды адамдары заңдарды бұзуды
жалғастырып келеді, сондықтан да прокуратураның қадағалау функциясын
күшейткен жөн;
─ экономикадағы келеңсіздіктерді қадағалау функциясы арқылы жеңуге
болады, сондықтан оның бағыттарын айқындауды жетілдіру қажет. Мысалы, салық
қатынастарындағы, мемлекеттік меншік, табиғи ресурстар, сыртқы сауда, жер
мәселесі, банктік қызмет саласындағы заңдылық және т. б.;
─ құқық қорғау органдары өзіне жүктелген міндеттерді өз құзыреті
шегінде тек қана өздері атқаруы тиіс. Яғни, анықтама мен алдын ала тергеуді
жүргізетін органдар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 192 және 285- бабына қатысты міндеттерін жете түсініп, тергелу
ретінде қатысты қылмыстармен күресте, анықтауда, алдын алуда және жоюда іс-
шараларды өз құзыреті шектерінде ғана жүзеге асырса. Қылмыспен және басқа
құқық бұзушылықтармен күресу тек қана соған арнаулы құзыреттері бар
органдар ғана міндетті. Қылмыспен күрестің пәрменділігі тек қана сол
органдар жауап беруге тиісті. Ал прокуратура органдары құқық қорғау
органдарының заңды әрекеттерін қадағалау арқылы қылмыспен күрес
мәселелеріне өз үлесін қосады. Тергеуді прокуратурадан алудың өзі осы
мақсатты көзделген болатын;
─ мемлекетіміз құқықтық ел болуға бағыт алғанда құқық қорғау
органдарындағы лауазымды адамдардың (тергеуші, анықтама жүргізуші)
әрекеттерін, олардың заңдарды қолдануда бұрмалауға баратындығы нәтижесінде
азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету қажет.
─ азаматтардың өтініштеріне жете мән беріліп келеді. Азаматтардың
арыздарымен барлық мемлекеттік органдар айналысуға тиісті. Бұл мәселеде де
прокуратура органдары тек қана қадағалаумен айналысуы тиіс.
─ заңдарды насихаттаумен негізінен әділет органдары айналысады. Олар
да өз қызметтерінде негізінен нотариаттың, АХАЖ – дың, яғни өз жүйесіне
кіретін мекемелерге қатысты заңдылықтарды насихаттауды жүргізеді. Сондықтан
прокуратураның заңдарды насихаттау саласына ерекше мән беріп, арнайы
штаттар арқылы сол мәселені толыққанды жүзеге асыру қажет;
─ конституциялық заңдылыққа қадағалаудың қажеттілігі;
─ халықаралық шарттардың қолданылуына қадағалау;
─ заңдарды қолданылу барысында оның жүзеге асуының қиындығы;
─ 1991 жылдан бастап еліміз тәуелсіздік алып, құқық жүйесіне жаңа
талаптар қойылды, жаңа заңдар қабылданды;
─ қазіргі қолданылып жүрген Конституциямыз 1995 жылдан бастап күшіне
енді. Онда біздің елімізді ... демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы жарияланды;
─ көптеген лауазымды адамдардың мамандығы заңгер емес, сондықтан олар
өз қызметінде заңсыздықтарға жол беруде (аксиома: білмеген адам заңнан
қорықпайды);
─ адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы бұзылуда;
─ жеке кәсіпкерлікке кең жол ашылды және олар еліміздің заңдарын
қолдануда адам мен азаматтың құқына зиян келтіруге тиісті емес; жеке
кәсіпорындардың көптеп ашылуы олардың әрекетінде заңдардың қолданылуын
қадағалауды қажет етеді;
─ әділет органдарының заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуді (қайта
тіркеуді) жүзеге асыруында Жарғылар заңға қайшылығына қарамастан
тіркеулеріне жол бермеу қажет. [5]

1.2 Прокуратура жоғары дәрежеде қадағалау ұғымы

Бұл өзгеріс ең алдымен прокурорлық қадағалау объектілерін нақтылау
және кеңейту, адамдардың және азаматтардың құқығы мен бостандығын,
мемлекеттік және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау, мемлекет мүдделерін
сотта қорғау, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қамтамасыз ету, сонымен
қатар әкімшілік және атқару ісін жүргізуді қамтамасыз ету талаптарымен
түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында
заңдардың, Қазақстан Республикасы президенті Жарлықтарының және өзге
нормативтік – құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел
іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық
істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасының Президентіне есеп беретін Мемлекеттік орган прокуротура кез
келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады.
Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзгеде
құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді,
сондай- ақ заңдар белгіленген жағдайларда, тәртіппен шекте қылмыстық
қудалауды жүзеге асырады. [6]
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің
тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасының заңдарымен,
халықаралық шарттарымен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының
бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғары
тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына
бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін
құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуротурасы өз қызметін басқа мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. Өздерінің заңда белгіленген
өкілеттігін жүзеге асырған кезде пркуротура органдарының қызметіне
араласуға тыйым салынады.
Заңда белгіленген негізбен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық
қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдармен азаматтар
үшін міндетті. Прокуротура органдары Республиканың азаматтардың
құқықтарымен бостандықтарын қорғау, сондай- ақ мемлекеттік құпияларды
сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтіндей деңгейде жариялап іс-қимыл
жасайды. Конституцимен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және
азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан
Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президент Жарлықтарының және
өзге құқықтық нормативтік актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары
қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атына:
- Конституциясының, заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің
бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
- Жедел іздестіру қызметінің анықтамамен тергеудің әкімшілік және
атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
- Сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
- Республиканың Конституциясымен заңдарына қайшы келетін заңдарға және
басқада құқықтық актілерге наразылық жасайды;
- Заңда белгіленген тәртіппен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
- Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және
жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық
статистиканы қалыптастырады, құқықтық статистика саласындағы заңдардың
қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады. [7]
Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының өзгеде
нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары
қадағалау тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Заңдардың қолданылуына тексерісті прокурор өз өкілеттігі шегінде
тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін:
- Қазақстан Республикасы Президентінің тапсыруына;
- Заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқада
мәліметтерге;
- Заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына;
- Жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты
жүргізеді.
Тексерісті прокурор сондай-ақ өзгеде тиісті құзыретті органға
тапсыруы мүмкін, ол тексерістің нәтижелері туралы прокурорға заңға немесе
прокурор белгілеген мерзімде хабарлауға міндетті.
Заңдардың қолданылуын тексеру бір ай мерзімнің ішінде жүргізіледі
тексерісті тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келісімімен оны
жүргізу мерзімін ұзарта алады.
Прокурорлардың барлық іс-әрекеттері мен прокурорлық қадағалау
актілері, егер олар осы жарлықта және басқа нормативтік-құқықтық актілерде
белгіленген тәртіппен нысандарда жасалған болса, заңға белгіленген
салдарларға әкеліп соғады. [8]
Прокурордың өз өкілеттігін жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған
заңсыз шешім қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау,
сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын
орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
Прокуратураның талап етуі бойынша тиісті органдар мен өкілетті
адамдар:
- қажетті материалдармен мәліметтерді өтеусіз және Қазақстан Республикасы
Заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын
өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды
сақтай отырып беруге:
- тексеріске қатысу және қорытынды беру үшін мамандар бөлугу міндетті.
Прокурордың өз құзыреті шегінде берген тапсырмасы анықтамамен тергеу
органдары үшін міндетті. Талап етілген ақпарат прокуратура органдарына
заңдарда белгіленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгілеген тәртіппен
мерзімде беріледі. Прокуротура қызметткерлерінің өз құзыретінің шегінде
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың үй-жайларына кедергісіз кіруге, олардың
құжаттарымен материалдарын алуға, сот істерімен танысуға және оларға соттан
талап етіп алдыруға құқығы бар.
Прокуротура органдары заңдарда белгіленген тәртіппен заң бұзушылық
туралы арыздарды қарай келіп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалармен
мемлекеттің құқықтармен заңды мүдделерінің бұзылуын жою, бұзылған құқықты
қалпына келтіру шараларын қолданады.
Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзгеде
кемістіктерісалдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса,
прокурор оны қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Прокуратура органдары заңда белгіленген тәртіппен адамның және
азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, заңды тұлғалармен мемлекеттің
мүдделерін қорғау жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындамайтын
лауазымды адамдардың жауапкершілікке тарту шараларын қолданады. Прокуратура
органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерілмейді, бірақ прокурор
азаматтың мүддесі тұрғысында ақпарат көзін жария етпеуге қақылы.
Прокурордың іс-әрекеттермен актілеріне жоғары тқрған прокурорға немесн
сотқа шағын беруге болады.
Жоғары тұрған прокурор төменгі прокурордың іс-әрекеттерімен актілеріне
жасалған шағымдарды заңмен белгіленген мерзімге қарайды және нәтижелері
туралы арыз берушіге және іс-әрекетіне шағым жасалған прокурорға жазбаша
түрде хабарлайды.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесінің Бас
прокуратура, облыстардың прокураталарын, республикалық маңызы бар
қалалармен республика астанасының прокуратураларын, ауданаралық, аудандық,
қалалық және соларға кенестірілген әскери және мамандандырылған
прокуратуралар құрайды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканы Бас
Прокуроры басшылық етеді. Республиканың Бас Прокурорының бірінші орынбасары
және орынбасарлары болады. [9]
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымын, департаменттер,
басқармалармен бөлінген құрайды. Департаменттердің басқармалармен
бөлімдердің бастықтары Республика Бас Прокурорының аға көмекшілері, ал
олардың орынбасарлары көмекшілері болып табылады. Республиканың Бас
Прокурорымен оның бірінші орынбасарының ерекше тапсырмалар жөніндегі
көмекшілері болады. Департаменттерде, басқармалармен бөлімдерде аға
прокурорлармен прокурорлардың лауазымдары белгіленеді.
Департаменттерінің,басқармалармен бөлімдердің бастықтары және олардың
орынбасарларының, сондай-ақ аға көмекшілерді, көмекшілерді, ерекше
тапсырмалармен бөлімдердің аға прокурорларымен прокурорларын Республиканың
Бас Прокуроры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

1.3 Прокуратураның міндеттері мен оның қызметінің
негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының
Прокуратурасы туралы Заң күші бар Жарлығына сәйкес прокурор Республика
аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және
өзге де нормативтік- құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына,
жедел іздестіру қызметінің,анықтама мен тергеудің, әкімшілік және
атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурорлардың барлық іс-әрекеттері мен прокурорлық қадағалау актілері,
егер олар осы Жарлықта және басқа нормативтік-құқықтық актілерде
белгіленген тәртіп пен нысандарда жасалған болса,заңда белгіленген
салдарларға әкеліп соғады. [10]
Сотта қылмыстық іс жүргізілуін прокурорлық қадағалау функциясы
құрамында мыналар бар:
1. жедел-іздестіру қызметін қадағалау;
2. тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;
3. сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау;
Сотта қылмыстық іс жүргізілуінің заңдылығын қадағалаудың әрбір
бағытын жүзеге асыру үшін прокурорға ерекше өкілеттіктер берілген (олардың
мәні туралы қылмыстық процеске қатысушыларға арналған тарауда неғұрлым
егжей-тегжейлі айтылады), олар тәртіп бұзушылықтарға дер кезінде көңіл
бөлуге және бұзылған құқықты қалпына келтіру шараларын қолдануға мүмкіндік
береді. Осы бағыттардың әрқайсысы прокурорлық көңіл бөлу актілерінің
жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Жедел - іздестіру қызметін қадағалау – қолданылып жүрген заңдарда
көзделген,адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін
ерекше шараларды жүзеге асыру кезінде сақтауды қажет ететін шарттарды
қамтамасыз ету.Жедел-іздестіру қызметінде жариялы және жариялы емес
әдістерді қолдану, қолданылатын шаралардың құпиялылығын сақтау заңның және
ведомстволық нормативтік актілердің нұсқауларын бұлжытпай орындауды қажет
етеді.Шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызмет
орындарының барлау қызметін анықтау мен тыю,мемлекеттік құпия мен заңмен
қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету сияқты бағыт ерекше
мұқият және ұқыпты қадағалауды қажет етеді. [11]
Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау ерекшелігі-
прокурордың өзара қарым-қатынас этикасын сақтауының,яғни қадағалау
барысында алынған қызмет мәліметі мен басқа да мәліметтердің
құпиялығын,сақталуын және жасырындығын қамтамасыз ететін шаралар
қолдануының қажеттілігі.Прокурордың жедел-іздестіру қызметі саласына ену
шегі заңмен белгіленген.
Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау - жасалған және әзірленіп
жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезінде қаралуын
қамтамасыз ету, сол арыздар мен хабарларды шешу жөнінде белгіленген
шаралардықолдану,істің тиісті түрде тергелуін қамтамасыз ету,іс жүргізгенде
мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде заң талаптарын сақтау, сотта қылмыстық
іс жүргізуге қамтылған адамдардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
үшін заңда көзделген шарттарды қамтамасыз ету.
Сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау - прокурорға берілген
өкілеттіктердің көмегімен соттың әділдік, жасалған іске әділдік, дұрыстық,
заңда көзделген шешімдерге сәйкестік талаптарына сай келетін шешімдер
қабылдануын қамтамасыз ету. Тәртіп бұзушылық байқалған жағдайда прокурор
жоғары тұрған прокурорға наразылық білдіру туралы ұсыныс жасауға құқылы.
Прокуратура органдарына жүйесін Қазақстан Республикасының Бас
Прокуроры басқарады. Ол- Бас прокуратураның басшылығында тұрған адам.
Жергілікті жерлерде облыстардың , аудандардың, қалалардың прокурорлары
болады. Прокуратура заңдардың, жарлықтардың және басқа нормативтік
актілердің бүкіл мемлекет аумағында дәлме-дәл және біріңғай қолданылуын
бақылайды. Мәселе мынада: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде
заңдар жергілікті өмірдің ерекшеліктерін ескермейді деген оймен ол заңдарды
дұрыс қолданбайды. Немесе сол органдар заңдардың талабын орындамау үшін
оларды бүрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік
органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдармен басқа
да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәлме-дәл орындауын бақылап
отырады. Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент
жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, сол бұрмалауларды жою
үшін шаралар қолданады. Бостандықтарына қатысты болып келеді. Сондықтан
прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынандай бағыттарда
қадағалайды:
1) прокуратура азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының сақталуын
қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлде бір министрлік не болмаса
әкім азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай
шешім қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға немесе сотқа
наразылық енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;
2) прокуратура әкімшіліктегі іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік
жолымен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, мемлекеттік органдарды:
мемлекеттік автомобиль инспекциясын, санитарлық инспекцияны және тағы
басқа әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы органдар азаматтардың
құқығын бұзып отырған жоқпа, - прокуратура соны тексереді;
3) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын
қадағалайды. Тергеу органдары қылымысты істерге тергеу жүргізеді, осы
мақсатпен дәлелдер жинастырады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбір
шеккен адамдардан жауап алады т.т. міне осындай жұмыстардың үстінде
тергеу органдары заңды, азаматтардыңн құқықтары мен бостандықтарын
бұзған жоқ па, тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданған жоқпа т.т.,-
прокуратура соларды бақылайды. [12]
Осы жұмыстарды атқару үшін прокуратура тергеу орындарына тексеру
жүргізеді. Ол мұндай жұмысты заңдардың бұзылуы және т.б. туралы түскен
арызбен шағымдарға байланысты жүргізеді. Демек прокуратура органдары
мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның да мүдделерін қорғайды.
Прокурор жеке-жариялы айыптау ісі бойынша және жәбірленушінің шағымы
болмаған кезде іс қозғауға мына жағдайларда құқылы:
- егер әрекет дәрменсіз немесе не басқада себептер бойынша өзіне тиісілі
құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғайтын
болса;
- егер әрекет басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі
мүдделерін қозғайтын болса басқа адамдар, қоғам немесе мемлекет мүдделері
елеулігінің ара жігін ажырату өлшемдері материалдық-құқықтық сипат алып
отыр және қылмыстық құқық курсында қаралған.
Прокурор өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың,
тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды сондай-ақ қылмыстық
процесстің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсудің өз құзіреті шегінде
жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас Прокурор Бас
әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға тенестірілген
прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік
прокурорлары мен оларға тенестірілген прокурорлар, олардың орынбасарларымен
көмекшілері, прокуратуралардың қадағалау саласын жөніндегі прокурорлары,
аға прокурорлары және прокуратура басқармаларымен бөлімдерінің
прокурорлары. Соттың қылмыстық істің қарауына қатысушы прокурор айыптауды
қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы
болып табылады. [13]
Прокурор айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік
жауаптылықта болатын тұлғаға:
1) өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға тәуелді болуана немесе өзгеде
себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға
қабілеті жоқ жәбірленуші;
2) мемлекеттік мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы.
Прокурордың сотқа дейінгі іс жүргізу және істің соттың қарауы
кезіндегі өкілеттігі. Прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге
асыруы кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады. Прокурор осы
көзделген мән-жайлардың кез келгені болған кезде облыстық іс бойынша іс
жүргізуге қатыса алмайды. Прокурордың алдын ала тергеу немесе анықтау
жүргізуге қатысуы, сонымен бірге оның сотта айыптауды қолдауы оның іске
одан әрі қатысуына кедергі болып табылмайды. Сотқа дейінгі іс жүргізу
кезінде прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені жоғары тұрған прокурор,
ал сотта іс жүргізу кезінде-істі қараушы сот шешеді.
Анықтаушының, анықтау органының және тергеушінің іс әрекетімен
шешіміне шағымдар алдын ала тергеумен анықтауды жүргізу кезінде заңдардың
атқарылуына қадағалау жасайтын прокурорға беріледі. Прокурордың іс
әрекетімен шешіміне шағымдар жоғары прокурорға беріледі. өзінің жеке іс
әрекетімен шешіміне шағым түскен лауазымды адам шағымды өзінің
түсініктемесімен бірге дереу тиісті прокурорға жолдауға міндетті. Егер
лауазымды адам шағымды негізді деп есептесе, онда ол шағым жасалған іс-
әрекетті тоқтатады немесе шағым жасалған шешімді өзгертеді, ол туралы
прокурорға хабарлайды. [14]
Прокурор шағымды ол алынған кезден бастап үш тәуліктің ішінде қарауға
міндетті шағымды тексеру үшін қосымша материалдар талап ету не өзге де
шаралар қолдану қажет болатын ерекше жағдайларда ол туралы шағым берген
адамда хабарлай отырып шағымды 7 тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол
беріледі. Шағымды қараудың нәтижесінде шағым жасалған шешімді тоқтату
немесе өзгерту арқылы шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не
шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Бұл
орайда егер мұның өзі шағым берген адамның немесе шағым өз мүддесіне сай
берілген адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын болса, бұрын швғарылған
шешімді өзгертуге болмайды. Шағым берген адам шағым бойынша қабылданған
шешім және одан әрі шағымданудың тәртібі туралы хабарландырылуы тиіс.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту дәлелденуі тиіс.
Азаматтық іс туралы арызды қабылдаудан бас тартылуына немесе іс
қозғаудан, азаматтармен ұйымдардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғайтын
іс жүргізу әрекеттерін жүргізуден, істі тоқтата тұрудан немесе қысқартудан
бас тартылған кезде оның осындай шағымы тиісті прокурор қанағаттандырмай
тастағаннан кейін ол адам заңның бұзылуына сотқа жүгінуге құқылы. Шағым оны
қанағаттандырудан бас тартылғандығы туралы прокурордың хабарлауын алған
күннен бастап бір айдын ішінде немесе, егер оған жауап алынбаса, шағым
берілгеннен кейін бір ай мерзім өткен күннен бастап тиісті прокуратураның
орналасқан жері бойынша аудандық сотқ берілуі мүмкін. [15]
Шағымды оны беруші мен прокурорға оның қаралатын уақыты туралы
хабарлай отырып ол келіп түскен кезден бастап он тәуліктің ішінде жабық
отырыста судья жеке өзі қарайды. Соттың отырысында шағым берушінің немесе
прокурордың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді, алайда судья
аталған адамдардың келуін міндетті деп тани алады.
Прокурор сотқа шағым бойынша материалдарды табыс етуге міндетті.
Прокурормен шағым беруші түсініктеме беруге құқылы. Судья шағымды негізді
деп тани отырып, қаулы шығарады, онда заңсыз деп танылған іс жүргізу
шешімін тоқтатады не прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтарымен заңды
мүдделерінің жол берілген бұзылуын жоюды міндеттейді. Шағымды
қанағаттандыруға негіз жоқ кезде судья оны қанағаттандырмау туралы қаулы
шығарады. Прокурордың шешіміне жасалған шағымды қарайтын судьяны істі мәні
бойынша шешу кезінде қатысуға құқығы жоқ.
Қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, прокурор:
1) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау
туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға;
2) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс
қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс
қозғауға;
3) анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау
туралы қаулысының күшін жоюға және егер қылмыстық іс бойынша тергеу іс-
әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. [16]
Ізге түсумен азаматтық істерді тергеу кезінде заңдылықты қадағалауды
жүзеге асыра отырып прокурор:
1) оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға,
сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа
да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;
2) қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс
әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
3) өзі қозғаған қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін береді;
4) заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін
лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне санкция береді;
5) жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысады;
6) қылмыстық ізге түсуден имунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа
тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады;
7) алдын ала тергеу органдарына келіп түскен қылмыстық істі сотқа
жібере отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа
тапсырады;
8) қылмыстық ізге түсу органдарына тексеру үшін қылмыстық істерді,
құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел
іздестіру қызметі, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де
мәліметтерді алады;
9) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздармен
хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын
тексереді;
10) анықтаушымен тергеушінің, сондай-ақ анықтау органымен тергеу
бөлімі бастықтарымен заңсыз қаулыларының күшін жояды;
11) тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай-ақ тергеу және анықтау
барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда
қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді не оны толық көлемінде
немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады;
12) қылмыстық істі анықтау органының алып, алдын ала тергеу органына
береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын
қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша
өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен істі, осы белгіленген
тергеу ретіне қарамастан, алдын ала тергеудің бір органынан екінші
органына береді;
13) анықтаушымен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары
басшыларының іс-әрекеттерімен шешімдеріне жасалған шағымдарды
қарайды;
14) алдын ала тергеу, анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған
кезде тергеушіні, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден
шектетеді;
15) алдын ала тергеудің және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған
қамауға алудың мерзімдерін ұзартады;
16) бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдарды
күзетпен ұстаудың заңдарда белгіленген тәтібімен шарттарының
сақталуын тексереді;
17) заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Прокуратураның қызметі
2.1 Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және
оның қызметінің принциптері

Прокурордың тергеушіге, тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органына,
анықтау органының бастығына және анықтаушыға осы тәртіппен берген
нұсқаулары міндетті болып табылады, бірақ жоғары тұрған прокурорға шағым
жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған прокурорға алынған нұсқауларға шағымдану
олардың орындалуын тоқтатпайды.
Іс бойынша барлық тергеу іс-әрекеті орындалды, ал жиналған дәлелдер
айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танылғаннан кейін тергеуші
бұл туралы айыптаушыға хабарлауға, оған істің барлық материалдарымен жеке
өзінің де, қорғаушысының көмегімен де танысу сондай-ақ алдын ала тергеуді
толықтыру немесе іс бойынша басқа шешімдер қабылдау туралы өтініш айту
құқығын түсіндіруге міндетті. Айыпталушыға тергеу іс-әрекетінің аяқталғаны
туралы хабарлағаны және оған құқықтары түсіндірілгені туралы осы талаптарын
сақтай отырып, хаттама жасалады. Айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен
танысудан бас тартқан жағдайда бұл туралы себептері айтыла отырып, қаулыда
көрсетіледі. [17]
Тергеудің аяқталғаны туралы және іс материалдарымен танысу және өтініш
айту құқықтары туралы тергеуші іске қатысқан жағдайда айыпталушының
қорғаушысына, сондай-ақ жәбірленушіге және оның өкіліне, азаматтық
талапкерге азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне хабарлауға
міндетті.
Егер айыпталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің азаматтық
талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі іспен танысу үшін белгіленген
уақытта дәлелді себептермен келе алмаса, тергеуші іспен танысуды бес
тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады. Қорғаушы немесе өкіл осы
мерзім ішінде келмеген жағдайда тергеуші басқа қорғаушының немесе өкілдің
келуі үшін шаралар қолданады.
Тергеуші айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейін іс осы іс бойынша
қадағалау жүргізіп отырған прокурорға дереу жіберіледі айыптаушының жеке
басын куәләндыратын құжаттар қылмыстық іске қоса тіркелуі тиіс.
Прокурор айыптау қорытындысымен келіп түскен істі зерделеуге және
мыналарды:
1) айыпталушыға тән қалып отырған әрекеттің жасалғанын және бұл әрекетте
қылмыс құрамының бар-жоғын;
2) істе оны тоқтатуға әкелетін мән жайлардың бар-жоғын;
3) тағылған айыптың негізді-негізсіз екенін, оның істе бар дәлелдемелермен
расталатынын;
4) айыпталушыға іс бойынша барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық
әрекеттер бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;
5) қылмыс жасағаны туралы іс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның
айыпталушылар ретінде жауапқа тартылғанының тартылмағанының;
6) айыпталушының әрекеті дұрыс сараланғанының-сараланбағанының;
7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және істе оны
өзгертуге не алып тастауға негіздердің бар жоғын;
8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлікті ықтимал тәркілеу
шараларының қабылданған-қабылданбағанын;
9) алдын ала тергеу жүргізуде қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі бұзушылыққа
елеулі жол берілгені-берілмегені тексеруге міндетті.
Айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурор дәлелді
қаулысымен айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының күшін жоюға
немесе өзгертуге не, егер ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болмаса оны
таңдауға құқылы. [18]
Алдын ала тергеу жүгізу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізу
кезінде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы
өкілеттіктерге ие болады, бұдан басқа ол:
1) айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық істі сотқа жіберуге;
2) анықтау жүргізілетін қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізуге жіберуге;
3) анықтау органының бастығы бекіткен айыптау хаттамасының күшін жоюға және
осы негіздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы.
Тексеру немесе жаңадан ашылған мән-жайды тергеу анықталғаннан кейін іс
бойынша іс жүргізуді қайта бастауға негіздер болған кезде прокурор істі осы
жағдайларда өзінің қорытындысымен, үкімнің көшірмесімен және нақ осы
жағдайларда тергеу материалдарымен, бұл ретте басшылыққа ала отырып тиісті
сотқа жолдайды.
Прокурор іс бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздер болмаған кезде
өзінің дәлелді қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзі қозғаған
іс жүргізуді тоқтатады.
Іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы жаңадан ашылған мән-жайларға орай
осы іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту туралы мәселені шешуге құқылы сотқа
шағымдалу құқығын мүдделі адамдарға түсіндіре отырып, олардың назарына
жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының бас прокурорына қатысты істі оның бірінші
орынбасарына қозғалуы мүмкін. Қазақстан Республикасының бас прокурорын
өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезден бастап бас прокурордың бірінші
орынбасарының ұсынылуы бойынша тергеу аяқталғанға дейін өзінің қызметтерін
атқарудан Қазақстан Республикасының Президенті шеттетеді. Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры өзінің өкілеттіктерінің мерзімі ішінде
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімісіз, қылмыс үстінде
қолға түскен ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда,
қамауға алынбайды мәжбірлеп келтірілмейді, қылмыстық жаупқа тартылмайды.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорын жауапқа тартуға қамауға алуға,
мәжбірлеп келтіруге келісім алу үшін Бас прокурордың бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламентінің сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына айып тағудың қамауға алуға
санкция берудің, оны қылмыстық ізге түсу органы мәжбірлеп жеткізудің қажет
екені туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан
Республикасы Парламентінің сенатына шешім алған соң іс бойынша одан әрі іс
жүргізу осы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты істі тексерудің
заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан
Республикасының Бас прокурорына қатысты тергеу қимылын жүргізуге санкцияны
оның бірінші орынбасары береді. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына
қатысты тергеумен қамауға алудың мерзімін ұзартуда Қазақстан
Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары жүргізеді.
Айыптау қорытындысымен бірге аяқталған істі тергеуші осы белгіленген
тәртіппен сотқа жіберу үшін Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші
орынбасарына тапсырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының
прокуратурасы туралы Заң күші бар Жарлығының 21-бабына сәйкес прокурор
жазбаша түрде қылмыс жасады деп сезік келтірілген немесе айып тағылған
адамды қамауға алуға; қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген жағдайларда
тінтуге; айып тағылған адамды қызметтен шеттетуге сезік келтірілген немесе
айып тағылған адамды сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге
орналастыруға Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен
сөйлесу, телеграф хабарларымен, почта жөнелтімдері құпиясына, сондай-ақ
тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел іздестіру шараларымен
тергеу әрекетін жүргізуге; шетел азаматтарын әкімшілік тәртіппен аластау
үшін ұстауға; тікелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция береді.
Санкция тергеуші қаулысына қойылған бұрыштама түрінде ресімделеді.
Конституцияның 16-бабына сот санкциясы қамауға алумен күзетте ұстау
туралы қаулыға көзделген. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу кодексте сот
өкілеттіктерінде мұндай санкция жоқ. Бірқатар бабтарда, прокурор
санкциясымен қатар, әдеттегі ретпен прокурор санкция беретін іс-әрекеттер
беретін соттың өз бетінше шешім қабылдау құқығы атап көрсетілген, мысалы:
кепіл прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана қабылданады;
қамалға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттың
шешімі бойынша ғана қолданады; мүлікке тыйым салу; сараптамалық зерттеу
үшін үлгілерді мәжбірлеп алу.
Санкцияны шешімнен ажырата білу қажет, санкция шешімге беріледі.
Прокурор санкциясын қажет ететін шешімді сот қабылдай алады және ол әлде
біреудің санкциясынсыз орындалуға тиіс. Санкция берілуге тиісті шешімді
процессте қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырушы прокурор қабылдаса
да сондай жағдай орын алады. [19]
Заңдылықтың Конституциялық принципін сақталуы қылмыстық іс жүргізу
мен прокурорлық қызмет үшін бірдей маңызды. Осы принциптің айрықша
маңыздылығы әлеуметтік заңдылықтарды зерделеуде тиянақталатын, заңдылықты
қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің нысандары мен әдістерінің пайда
болуын, дамуын ерекшелендіретін қылмыстық іс жүргізу құқығы тақырыбының
элементтері мен прокурорлық қадағалау теориясының бірлігін айқындап берді.
Осы бөліктегі прокурорлық қадағалау теориясының тақырыбына ғылыми түсінік
беру оның заң жүзіндегі бейнелеумен ұштасады. Сонымен бірге Конституцияның
83 бабына Прокуратура ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
Пәндер