Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: «Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері»

ЖОСПАР.

Кіріспе . . . 3-4 бет

I-тарау. Балалық шақ кезеңіндегі балалардың өсуі мен

дамуының теориялық аспектілері

I. 1. Бала дамуын зерттеген ғалымдар. Ақын-ғұламалардың

ой-пікірлері . . . 5-11 бет

I. 2. Жасқа байланысты балалардың психофизиолгиялық ерекшеліктері . . . 12-14 бет. I. 3. Бала жасын кезеңдерге бөлу заңдылықтары . . . 15-19 бет.

I. 4 . Бала психологиясының мәселелері. Әр кезеңдегі

дағдарыс сатылары. Халық салт-дәстүрлерінің

балалық шақта алатын орны . . . 20-39 бет.

II-тарау. 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды

мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім

бағдарламасы мазмұнының базалық минмумы.

II. 1. Стандарттың жалпы сипаттамасы. Бала дамуының

деңгейіне қойылатын талаптар . . . 39-42 бет

II. 2. Бала бақшаларда жүргізілетін бағдарламалар

сипаттамасы. Ойынның бала өмірінде алатын

орны . . . 43-49 бет.

II. 3. Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық

шығу жолдарын зерттеу . . . 50-54 бет.

Қорытынды . . . 55-56 бет.

Әдебиеттер тізімі . . . 57-58 бет

Қосымша.

Зерттеу пәні : Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарысқа ұшырауы.

Зерттеу обьектісі : Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарысқа ұшырау себептері, шығу жолдары.

Зерттеу мақсаты: Балалық шақ кезеңіндегі балаларды психологиялық дағдарыстан шығуға көмектесу, шешілу жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері :

  1. Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктері, дағдарыстың пайда болу себептері, зерттеу пәні.
  2. Психологиялық дағдарыс барысындағы әрбір кезеңдерде балаларды ұзақ уақыт бақылау, анықтау.
  3. Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыстан ойдағыдай шығуына ата-аналар мен тәрбиешілердің тигізер көмегі.

Зерттеу болжамы :

Егер балалық шақ кезеңінде балаларға дағдарыстан шығуға ата-аналар мен тәрбиешілер жағдайлар жасап берсе, онда балаларды дағдарыстан ойдағыдай шығаруға болар еді.

Кіріспе .

Біз қанша жасқа келсек те,

жас нәрестелерше біздің

өміріміздің әр түрлі

жастарына енеміз.

Ларошфуко.

Соңғы он жылда адамзат сәбилік шақтың құпиясын қайта ашқандай!

Осы себептен рете балалық шақ сәбидің адамгершілік, рихани ақылы мен денсаулығы дамуының маңызды кезеңі болып есептеледі. Сондықтан да ерте балалық шақтың өзекті мәселелерін ерекше қарауымыз керек. Сәби өмірі біз - ересктер түсіне бермейтін жаңалықтар мен ғажайыптарға толы. Сәби дүниеден қорқып, қайта оралуға мүмкіндігі жоқ мекенді сағынатындығын ескерген жөн. ол әлі ойлауды білмейді, онда қорқыныштары мен тілектері күресудің тиімді ішкі қабілеттері әлі жоқ. Оның асқазаны бөтелкеден толса, қауіпсіздік сезімін тудырудың және өсуге көмектесудің ең жақсы тәсілі - ананың құшағы.

Баланың психикалық дамуындағы проблемалық мәселені түсіну үшін ең алдымен ересек адаммен қарым-қатынасын қарастыру керек. Балаға мәдениетті жетекшісі - оның ең жақын адамы.

Л. С. Выготский және оның ізбасарлары ересек адамның психикасының дамуындағы әсері мойындағанмен, процестің өзі мәдени-тарихи салада зерттелмеген деген түйінге келді.

Даму ақырын, жай немесе қарқынды түрде өтуі мүмкін. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша, «Даму революциялық, кейде апатты мінез көрсетуі мүмкін. Бірден қозғалу, қарама-қарсылық балалардың қайшылықтардың асқынуы, дамудағы бұрылыстар «өткір дағдарыс түрін» алуы мүмкін» -деген.

Осыған орай, бірқалыпты және өткелді даму кезең процесіндегі кезектесу ұдайы болып қала береді. Сонымен қатар, дағдарыстар баланың өмірлік жағдайына қарай өзгеріп отыратындығын естен шығармауымыз керек.

Психиологиялық дағдарыс - бұл, ең алдымен осы ғылымның әдіснамалық негізінің дағдарысы. Оның түп тамыры оның тарихынан бастау алады. Оның мәні қазір басқа ешқандай ғылымға осындай қарама- қайшылықта кездеспейтін, осы білім аймағында сондай қатты екпінмен соқтығысып қалған материалистік және идеалистік тенденциялардың күресінде жатыр.

Дағдарыс кезеңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді. Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілген сапалар баланың бойында тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жолында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т. б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сипатталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.

Берілген мәселенің төңірегінде біздің зерттуіміздің тақырыбы анықталды: "Балалық шақ кезіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері ". Дағдарыстан шығу кезеңінде балалар үшін күту мен қарым-қатынас шынайылық қағидасына қатысты ең маңызды екі сабақ.

Шынайы қиындықтар бала үшін өзіне ұнайтын нәрсені ата-ананың көмегінсіз өзі үйрене бастауынан басталады.

Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай сен үлкенсің мен көмектесіп жіберсем бәрін де өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында ған

Қазіргі уақытта ғалымдар мейірбандық сезімнің негізі сәбилік кезеңінің дағдарыстан өтуде қалыптасатыны анықталды. Бұл жөнінде мақалалар көп айтылып та, жазылып та жүр. Бала жас шағында көрген мейірбандылығын, сол жайындағы сезімдерін өмір бойы ұмытпай, ерекше әсермен еске алып отырады. Сондықтан да өсіп келе жатқан балауса жанның бойына адамгершілік ұрығын дер кезінде еге білсек, сөз жоқ өсу, даму, қалыптасу кезеңі ойдағыдай мәнді болады.

I-тарау. Балалық шақ кезеңіндегі балалардың өсуі мен дамуының теориялық аспектілері. . Баланы жасқа бөлу ерекшеліктері .

I. 1. Бала дамуын зерттеген ғалымдар. Ақын-ғұламалардың айтқан ой-пікірлері.

Ш. А. Амонашвили балалық шақ туралы : « «Балалық» деген ұғым психологиялық және педагогикалық сөздерден өз анықтамасын таба алмай келеді. Мұның өзі біршама таңқаларлық жай, өйткені оның мазмұны жайында нақтылы түсінік болмай тұрып, балалық, жасөспірімдік және педагогикалық- психологиялық негізгі ерекшеліктерін, сондай- ақ баланың көптеген істері мен тәртібін түсіндіруге болмайды. »

Ж. Ж. Руссо болса, бала туралы былай деген : « Бала деген - бұл

кішкентай ересек адам емес, ал оның ақыл- ойы ересек адамдардың

кішкене ақылы емес», - болатын.

Ойымды В. А. Сухомлинскийдің сөзімен өрбітейін : « Балалық дүниесі дегеніміз - өзгеше дүние. Балалар ізгілік пен зұлымдық, ар - намыс пен намыссыздық, адамгершілік қадір - қасиет туралы өз түсініктерімен өмір сүреді, олардың әсемдік туралы өз өлшемі болады».

Ал психолог- ғалым А. С. Козлова: «…көп қырлы патриоттық тәрбие қоршаған өмір мен тәрбиенің әсері арқылы балалық шақта біртіндеп қалыптасып отырады" », - деп көрсетеді.

Д. Локк : « Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазсаң да жазушының еркінде, сол сықылды балаға тәрбие беру, тәрбиешіден бала қалай тәрбиеленсе соған көне береді».

Неміс психологы К. Гросс кішкентай балалардың ойынын зерттеп, 1899 жылы өзінің осы жөніндегі пікірін жариялады. Оның айтуы бойынша, бала өзінің күшін, ақыл- ойын дамытып дағдылану үшін ойнайды.

Пиаже: «Баланың ойлауы белгілі фаза мен сатылардан қажетті жағдайда өтеді. Ол баланың оқитындығына немесе оқымайтындығына тәуелсіз», ген болатын.

Психикалық дамудың қозғаушы күші түсінігін Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. В. Эльконин құрастырды. Осы арқылы психикалық дамудың өзі жеке тұлғаның сапалық өзгеруінде жастық жаңа құрылымдар әр түрлі қозғалыста құрастырылады.

Л. И. Божевич баланың даму ерекшелігін ішкі 5жас ерекшелік кезеңімен көрсетеді. «Орталық, яғни жеке бір жастың жаңа құрылымы аффекті оқталған түсініктерінің пайда болуы, сыртқы ортаның әсеріне қарамай баланың мінез -құлын ояту болып табылады». Л. И. Божевич мұны «мотивтелінген» деп айтады.

Бала дамуына әсіресе сөйлеу дамуына үлес қосқандар К. Бюлер, В. Штерн, М. И. Лисига, Л. А. Венгер, А. Г. Рузская, Ф. А. Сохин, Т. Н. Ушакова, жасерекшелік дамуында П. П. Блонский, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Б. Г. Ананьев, А. В. Петровский.

Я. Корчак: «Бала қандай болғысы келсе, сондай болуы керек - бұл бала құқығы. » - деген болатын.

А. Н. Леонтьев былай деп жазады: «Баланың даму жолында оның өмірін нақты пысықтап, адами қарым-қатынаста обьективті түрде иеленген орынға ауысады».

А. А. Люблинская өзінің “ Детская психология” еңбегінде “ Балалалық шақты” балада ортаны қабылдауда қалыптаса бастайтын адамгершілік сезімінің ерекшеліктері айрықша орын алады”, - деп, баланың елжандылық сезімінің психологиялық қалыптасуы және даму кезеңдеріне мінездеме береді.

В. Н. Мясищев былай деген болатын: « Баланың іс- әрекеті мен мінез- құлқы қалыптасуында ақыл-ой, ерік сезімі, эмоционалдық процестердің алатын орны ерекше».

Бала санасында туған жаңа құрылымның әсерінен дамудың әлеуметтік жағдайын қайта құру - дағдарыс жастың ең негізгі мәні мен маңызы.

З. Фрейд : «Бала жүйесіндегі қарым- қатынасты - балаға көңіл бөлу», деді.

Республикамызда психология ғылымы саласында тұңғыш рет диссертация қорғаған алғашқы ұлт кадрлары - Е. Суфиев, А. Темірбеков, М. Мұқанов болды.

1951-1953 жылдары ұлттық психология кадрларын даярлау ісіне академик Т. Тәжібаев (1910-1964) , профессор И. Л. Стычинский (1896- 1969) елеулі үлес қосты.

Халқымыздың ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин «Бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт- дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана- сезімінің дамып- жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі», деген ой түйген болатын.

Ж. Аймауыт ұлы: «Бір нәрсенің асыл тегін білу, ол нәрсені жақсы ұғынуға көп. жәрдем етеді … Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен, ақылмен үйреткен адам сорлы . . . » - деген болатын.

М. Жұмабаевтің ой- түйіндерінің негізгі арқауы «… адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының, әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек… Дүниеде теңіз терең емес адамның жаны терең…» .

С. Торайғыров шығармаларында ерекше бір көңіл аударатын мәселе - адамның әр түрлі жас кезеңдеріне байланысты жасаған психологиялық талдаулары. Ол қазақтың ой-пікірі дамуының тарихында осы мәселені ғилыми тұрғыдан күн тәртібіне алғаш рет қоя білген ғұлама. Ақын адам психологияның дамуын басты- басты 4 кезеңге бөледі. Олар: балалық шақ, жігіттік, ересектік, кәрілік. Ол бұлардың бір-бірінен ерекшеліктерін жәй қарапайым түрде шектемей, ғылыми сарапқа салуды ойлаған.

XYIII- ғасырдың II- жартысында Бұқардың ізін басып қоғамдық аренаға шыққан суырып-салма, ақылгөй ақын-жыраулардың бірі Шал ақын өзінің толғауларында нәресте, бөбек, сәби, бозбала психологиясының қалыптасу, даму ерекшеліктері хақында салиқалы ой түйіндері кездеседі. Оның пікірінше, адамдық қасиеттерге кісі бірден жетіліп, іштен тумайды, балалық сана- сезім, тәлім- тәрбиенің, ойынның, ортаның арқасында өсіп, дамып қалыптасады.

Бір жаста, екі жаста бесіктемін,

Бес жаста тәңірі берген несіптемін.

Алты жаста қайыңның тозындаймын,

Жеті жаста ойпаң жердің бозындаймын,

Он жаста сүт емген қозыдаймын,

Он бес жаста жарға ойнаған лақтаймын, -

деген өлең жолдарынан бала сана -сезімінің даму жолы, бой мен ойдың қоса дамуындағы әр жастың өзіне тән ерекшеліктері, әр түрлі ішкі- сыртқы ой мен іс- әрекет баланың жан дүниесін біртіндеп нәрлендіріп, жаңа мазмұнға ие болып отырғандығы байқалады.

Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің жетінші қара сөзінде былай дейді: « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп туса, біреуі білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр- жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай- керней болса даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене», «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі өмірге жаңа келген нәрестенің жан құмары, «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» дегендегісі».

«Ойын - оның шын тіршілігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылыс тартады. Және бір мінезі - сөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз… Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады» … Н. Құлжанова бұл жерде үш пен жеті жастың арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиолгиялық және психологиялы ерекшеліктерді сөз етіп отыр.

Ж. Пиаже : генетикалық көзқарас тұрғысынан, баланың ойын түсіндіру үшін оның іс-әрекетінен шыға отырып, алға жылжу керек деген болатын.

Ашық, түсінікті формада әлеуметтік инстинктер кешірек дамиды. Осыған байланысты бірінші дағдарыс кезеңі 7-8 жасқа теңестіріледі. Ж. Пиаже осы жаңа ойлаудың алғашқы кезеңін эгоцентризмнің себеп-салдарынан құтылу мақсатында баланың алғашқы ұмтылуларын жатқызады және ұштастырады.

Баланың психикалық дамуындағы проблемалық мәселені түсіну үшін ең алдымен ересек адаммен қарым-қатынасын қарастыру керек. Балаға мәдениетті жетекшісі - оның ең жақын адамы.

Л. С. Выготский және оның ізбасарлары ересек адамның психикасының дамуындағы әсері мойындалғанмен, процестің өзі мәдени-тарихи салада зерттелмеген деген түінге келді.

М. И. Лисина Л. С. Выготскийдің концепциясына сүйеніп, ешкімге ұқсамайтын ғылыми мектебінің негізін қалай отырып, отандық психологияға баланың ересек адамдармен қарым-қатынасы атты жаңа пән енгізді. М. И. Лисинаға бағдар беруші А. В. Запорожец еді.

Дәл осы тұста 60-жылдары шетел психологиясында сәби психологиясын зерттеуде қызығушылықтар туындап жатқан. Бұның ішінде ана мен бала қатынасындағы ерекшелікті көрсететін деректер алынған, сондай-ақ бауыр басу теориясы даярланып, белгілі бір бағытта жүзеге асты. Бірақ сол кезеңде біздің елде сәби психологиясында дайын модель болмаған. Сөйтіп, М. И. Лисина отандық сәби психологиясының негізін қалаушысы болған. оның “Сәбидің ерте кезеңіндегі дамуына жақын адамдармен қарым-қатынасының әсері” атты рефератты мақаласы кеңестік психологиясындағы байқаулы, көзге түсерлік оқиға болғаны анық.

60-жылдардың соңы мен 70- жылдардың басында зерттеушінің жетекшілігімен сәбидің ересек адамдармен қарым-қатынасы және оның психикалық дамуындағы әсері тұрғысынан қызықты эксперименттер жүргізілді.

Бұл еңбектерді Л. С. Выготскийдің дәстүрінің жалғасы деп қарауға болады. Бұл зерттеу еңбектерінің басты әдістерінің бірі ретінде жабық түрдегі балалар үйінде және отбасыда тәрбиеленіп жатқан балаларды зерттеп, салыстырмалы талдау болып есептелінеді.

М. И. Лисина сәби мен ересек адам арасында екі серіктес болған тұста белсенді қарым-қатынас жүзеге асады, алайда тек қана олардың арасында алшақтық болған жағдайда деп қарастырады. Л. С Выготский мен М. И. Лисина көзқарастарының тоғыспау тұсы сәби шақтарын кезеңге бөлу мәселесінде байқалады. Л. С. Выготский (оның соңынан Д. Б. Эльконин) сәбидің алғашқы жылын сәби мен ересек адамның эмоцияналды қатынасымен анықталатын біріккен генетикалық этап деп қарастырды. М. И. Лисинаның эксперименттік зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сәби, туылғаннан 12 айына дейін 3 түрлі этаптан өтеді. Алғашқы кезеңінде( туылғаншағы), оған бірінші айы кіреді, сәбидің сыртқы ортаға бейімделуі ( соның ішінде физиологиялық тұрғыдан бейімделуі), сонымен қатар ересек адаммен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінің қалыптасуы жүреді. Бұл жерде айта кететін маңызды мынадай тұс бар: екінші кезең (1-6) сәбидің заттық-манипулятивтік іс-әрекетінің дамуы мен қалыптасу кезеңі, яғни ересек адаммен қарым-қатынасы іскерлік формаға ие болады.

Психолог ретінде М. И. Лисинаға фактілерді сұрыптай отырып, талдау, эксперименттік негізге қызығушылық тән. Осы жағынан келгенде идеяларды бастапқы материалдарды талдауға бейім Л. С. Выготский жұмыстарының стилінен бөлектеу болып шығады.

Мысалы, Л. С. Выготский ересек адаммен қарым-қатынасын сөйлеудің нәтижесінде туындайтынын сондай-ақ, сөйлесудің функциясы- коммуникативтік екенін атап көрсеткен. Осы мәселе М. И. Лисинаның жетекшілігімен жүргізілген эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеудің қорытындысы бойынша, балалардың сөйлеу шарттарының туу шараларын былай көрсетіп өтті: 1) өмірінің алғашқы жылында ересек адаммен эмоционалды қарым-қатынас (А. Г. Рузкая) ; 2) баланың ересек адаммен бірге қызмет жасауы (М. Г. Еланина) ; 3) баланың ересек адаммен “дыбыстық”әсерге және естілетін сөздерді қабылдау(В. В. Ветрова) .

М. И. Лисина дағдарыстық кезеңді зерттей келе тұлғалық өзгерістің әр жас мөлшеріне тән екенін аңғартады. С. Ю. Мещеряковтың пікірінше, алғашқы жылдың тұлғалық өзгерісін бастысы жағдайлық белсенділік болып табылады. Т. В. Ермоловтың жұмыстарының нәтижесінде 3 жастың дағдарысы кезінде бала жалпы заттық іс-әрекеттің субьектісі болады. Онда ”жеке бас жетістіктеріне ” деген мақтаным пайда болады.

XIX-ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пәннің қол астында болып келді. Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп, соның бір отауына айналды. Бұған түрткі болған себеп мыналар:

Ч. Дарвин (1809-1882) негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңдылығы; осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының өріс алуы (Г. Гельмголц), жүйке жүйесі жұмысының рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И. М. Сеченов) . Мұнымен қатар, жас психологиясы туралы мағұламаттар жиналуына, біріншіден, әсер еткен балаға туғандарының күнделіктер жазып, соған талдау беруі;

Екіншіден , балалар психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдері қолдану әсер етті.

Сол кездегі жас психолог Ж. Пиаже бірнеше жыл баласына күнделік жазып, өз зерттеулерінде күнделіктегі фактілерге XX-ғасырдың бас кезінде психологтар арасында бөбектерге күнделік жазу өріс ала бастады. Мысалы, немістің атақты психологы В. Штерн әйелімен бірлесе отырып өз баласына ұзақ жыл күнделік толтырып, сол күнделіктің мазмұнының бірқатары басылып шығып, кейін дүниежүзі тілдерінің көпшілігіне аударылды. . Біздің елде тілші А. Н. Гвоздев 8 жылдай өз ұлына күнделік толтырып, сондағы фактілерге сүйеніп кітап жазды.

Бұдан ертерек кезде психолог Н. А. Менчинская баласына бірнеше жыл күнделік жүргізді. Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары ерлі-зайыпты Келлогтар, Р. С. Немов т. б . зерттеді.

Кейбір мағлұматтарға қарағанда балалар психикасын зерттеу АҚШ-тағы Калифорний университетінің жанындағы психологиялық лабораторияда кеңінен дамыған. Бұлардың қолданатын зерттеу әдістерінің бірі - генетикалық (төркін, шығу деген сөзден) тәсіл. Бұл зерттеудің бағдарламасы көптеген жылдарға сөзылды. 1928 жылы бұлар 248 бөбекті (21 ай толғанда) зерттеп, сосын оларға 18 жас, кейін 30 және 40 жас толғанда зерттеді. АҚШ-тың басқа бір қаласында баланы 18 жыл үздіксіз зерттеп, кейін осындай зерттеулер Англиядағы Оксфорт университетінде де зерттелінген. Нәресте жасына орай жасалынған зерттеулер арқылы табылған кейбір эксперименттердің қорытындысы орыс тілінде аударылған Т. Бэрдің кітабында қамтылған.

Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар : А. Берн (1857-1911), В. Штерн (1871-1993), К. Коффка (1886-1941), Ж. Пиаже (1896-1980) болатын.

Кеңес психологтары П. П. Блонский, Л. С. Выготский, В. С. Мухина, М. М. Мұқанов, А. А. Осипова.

Қазақстан психологтары - Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Н. Құлжанова т. б. үлкен үлес қосты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психология пәні
Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс
Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Балалар психикасының даму сатылары
Жеткіншектердің дамуының әлеуметтік жағдайы
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
Үш жасар баланың мінез-құлқы
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz