ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


ЖОСПАР.
КІРІСПЕ . 1- 3
І ТАРАУ. ПСИХОДИАГНОСТИКА ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
- Ғалымдардың психологиялық зерттемелері 4 - 7
- Психодиагностиканың шығу тарихына қысқаша шолу. . 8-11
- Психодиагностика анықтамалары және теориясы12-14
- Психодиагностика әдістерінің жіктелуі. …. 15-20
ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2. 1. Қазақстанда психологиялық қызметте психодтагностиканың орны21 - 25
2. 2. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психологиялық қызметтер26 - 31
ІІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ (4-СЫНЫП)
3. 1. Баланың жеке тұлғасын зерттеу32 - 37
3. 2. Оқушының ақыл-ой ерекшеліктерін зерттеу . . . 38 - 47
3. 3. Зейін және есте сақтау түрлерін зерттеу және оларды тәрбиелеу жолдары. … . . . 48 - 53
ҚОРЫТЫНДЫ54 - 56
ӘДЕБТЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Ғылыми аппарат.
Мақсаты: Психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді қолдану арқылы оқушының жан дүниесін терең біліп, психологиялық қызметте көмек көрсету.
Міндеттері:
- оқушылардың психологиялық ахуалына, өзара қарым-қатынас жағдайына зерттеу жүргізу;
- баланың психикасының дамуы мен оның ерекшелігін анықтау мақсатында балаларға психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, бұл зерттеулер барысында психодиагностика әдістер мен әдістемелердің көмегімен алынған зерттелуші туралы құнды мәліметтерді интерпретациялау;
- зерттелнуші туралы алынған мәліметтердің қорытындысы бойынша ата-анасы, тәрбиешісі және сынып жетекшісімен бірігіп жұмыс жасау.
Зерттеу пәні: психологиялық қызметтегі психодиагностиканың білім беру саласындағы орны
Зерттеу объектісі: мектептегі психологиялық диагностика, 4 сынып оқушыларының ақыл-ойының даму ерекшеліктерін зерттеу. .
Ғылыми болжам: егер, психодиагностика әдістері мен әдістемелерін ғылыми тұрғыда қолданып, оқушыларды зерттеп, оқушының психологиялық дара ерекушеліктері туралы нақты мәліметтер алатын болсақ, онда психологиялық қызметтің нәтижелі болуына мүмкіндік жасаған болар едік.
КІРІСПЕ
Психологиялық қызмет деген ұғым - осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдістерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болды. Бұл мәселенің гноселогиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.
Психологиялық қызметтің шығуы мен даму жолы әлемдік әдебиетте, бұрынғы кеңестік заманда құлаш жайып, кең ауқымда қамтылмаған мәселелр қатарына жатады. ХХ ғасырдың 80-жылдарында Қазақстандағы психологиялық қызметтің мән-жайын білдіретін пікірлер мен зерттеулер психолог-мамандар М. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Н. Айғабылов, К. Оразбекова, т. б. еңбектерінде республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланды.
Психология дейтін ғылым - адамның жан дүниесінің сырын бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын орнын да анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы ғылым.
Психологиялық қызметті дәл осы атау мағынасында қолданбағанымен, адамтанудағы рөлі көрнекті орын алатынын психолог-мамндар дер кезінде өз пікірлерінде ашып айтты.
Ж. Аймауытұлы: «Адамның жан дүние сырына барлау жасап, олардың даралық өзіндік ерекшеліктерімен санаса отырып жұмыс істеу керек» деген ұлағатты ой түйеді. Адам - дүниедегі ақыл иесі аса күрделі жаратылыс дейді. Дәл осы пікірге сай келетін «адам психикасы өлшеусіз (шексіз) қасиет» деген Дж. Кеттельдің де сөзін келтіруге болады. Психологиялық қызмет негізінен, жантану жайындағы ғылымның басты ұстанымдарына сүйене отырып жүзеге асатыны мәлім.
Адамның ішкі жан дүниесін оның үш қырымен (ақыл, сезім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте сезімнің аса маңызды қызмет атқаратынын көрсете келіп, кісінің рухани дамуы үшін ең алдымен жан дүниесі бай, сезімтал болуы қажет дейді. Ақын адамның адамгершілік, имандылық, моральдық эстетикалық сезімдеріне айрықша мән берген. Осындай сезімдерді бойға дарытуда адам жаман мінездерден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «…Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», - деп ескертеді.
Қазіргі кезде мектептегі психологиялық қызметтің қамтитын салалары: психологиялық қызметтің мазмұны мен түрлері, профилактикалық істер, диагностикалық жорамалдар, түзетулер мен консультациялық жұмыстар, мектептегі ұстаздар мен ата-аналар арасында жүргізілетін психологиялық әр түрлі шаралар, сондай-ақ мектептегі психолог маманның атқаратын қызметі мен түрлі бағытта жүргізілетін зерттеу жұмыстары.
Психологиялық қызмет бағытының бірі - психодиагностика.
Жалпы алғанда, психодиагностика - психологиялық диагнозды қоюдың ғылымы мен практикасы болып табылады. «Диагноз» термині организмнің қалыпты қызмет етуден немесе дамудан кез-келген ауытқу ретінде және тіпті нақты субъектінің (индивид, жанұя, кіші топ, нақты адамның психикалық функциясы немесе процесі) қалпы ретінде түсініле бастады.
Психодиагностикада арнайы психодиагностикалық әдістемелер ендірілген; олар тек кеңес беру мен психотерапияда ғана емес, сонымен қатар нақты индивидтің немесе топтың психикалық ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі жағдайлардың барлығында да қолданылады. Мұндай әдістемелердің бірқатар ерекшеліктері бар:
1) олар психодиагностикалық ақпаратты салыстырмалы қысқа мерзімде жинауға мүмкіндік береді;
2) олар адам туралы жалпы емес, нақты оның қажетті ерекшеліктері (интеллектісі, мазасыздану деңгейі, көзге түсерлік тұлғалық қырлары) туралы ақпаратты береді;
3) ақпарат индивидті басқа адамдармен салыстыруға мүмкіндік беретін сандық және сапалық түрде болуы мүмкін;
4) психодиагностикалық әдістемелер арқылы алынатын ақпарат индивидке жәрдем көрсетудің амалдарын таңдағанда, оның өнімділігін болжауда және де индивидтің дамуын, қарым-қатынасын, берілген іс-әрекеттің өнімділігін болжағанда өте пайдалы болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - психодиагностикалық ақпараттың зерттелушілердің тұлғалық өзгеруіне тигізетін әсерін зерттеу.
І ТАРАУ. ПСИХОДИАГНОСТИКА ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1. 1. Ғалымдардың психологиялық зерттемелері
Неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында 1879 жылы тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психологиялық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлеледеп, мұның дербес эксперименттік (тәжірибелік) ғылым болуына жол ашты.
Тәжірибенің екінші түрі - табиғи эксперимент. Табиғи экспериментті тұңғыш психологияға енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп қолданған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болды.
1884 жылдан бастап практикалық психодиагностикада тест қолданыла бастады. Дж. Кеттель 1885 жылы психология «адамның психикасы өлшеусіз (шексіз) қасиат» екенін тест амалымен өлшеуде көз жеткізеді.
Англияда алғашқы арнайы психометриялық мекемені Гальтонның басшылығымен 1884 жылы антрометриялық лабораториясы ашылды. Оның негізгі міндеті - кісілік (келбнттілік) қабілеттілік туралы статистикалық мәліметтерді алу. Ол психологияда статистиканы қолдану бастамасын жарыққа шығарды.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулермен байланысты социометриялық тесті жарыққа шығарған американ психологы Я. Морено көптеген өлшемелі әдіснамаларды шығарды.
Психологиялық сөздікте психодиагностиканы тұлғаның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтау және әдістердің жасалуын анықтау сияқты психологиялық ғылымның саласы екенін анықтайды. К. М. Гурьевичтің диагностикасының бір түрі - бақылау және психологиялық эксперименттеу. С. А. Рубинштейннің еңбек жолында адамдардың лауазымы немесе топ деңгей бойынша “Бөліктеу”.
А. А. Бодолев, В. В. Столин мен Н. И. Шевардин психодиагноситканы теориялық пәндер түрінде психология ғылымының бөлігі және психологтың практикалық қызмет саласы ретінде анықтады.
Ғалымдардың психологиялық зерттеулеріне жүгінетін болсақ. Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А. Бинэ (1857-1911), В. Штерн (1871-1933), К. Коффка (1886-1941), Ж. Пиажэ (1896-1980) болатын. Бұлар экспериментті әр жастағы балаларға қолданды. Осылардың ішінен баланың қалай есейетінін зерттеуге үлкен үлес қосқан А. Бинэ мен В. Штерн, Ж. Пиажэ еді.
Ж. Пиажэ 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін зерттеуге кірісті. Ж. Пиажэ 1921-1922 жылдары француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деген пікіріне қарсы болған психологтардың бірі - Л. С. Выготский: «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, - оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай жетелейтін болады» - дейді.
Л. С. Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы - бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні - баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыруы талап етеді. Мұндай талап 1-ден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Л. С. Выготскийдің психология ғылымы саласынан жазған еңбектерін Қазақстан оқырмандарына 30-жылдары алғаш таныстырып түсініктер берген Т. Тәжібаев. Ал, Выготскийдің психологиялық идеяларының бірсыпыра жайтттерін зерттеп, қазақ оқырмандарына жеткізген М. М. Мұқанов.
Соңғы жылдары В. В. Давыдов, АҚШ-та М. Коул, Д. Шерп, Ч. Лейв Пиажэнің пікіріне қарсы жуық растайтын пікірлер айтты. В. В. Давыдов Париж қаласында ұйымдастырылған ХІХ ғасырда халық аралық психологтар конгресіндегі баяндамасында Пиажэнің оқыту ақыл-ойдың дамуына әсер етпейді дейтін қағидасын қазір дәстүр болып келген оқыту жүйесіне тікелей қатысы бар: оқытудың бұл түрі баланың ой-өрісін алға қарай дамыта алмайды. Баланың ой-өрісін онан әрі дамыту үшін оқытудың айласын мүлде өзгерту қажет дейді.
М. Коул, Д. Шерп, Ч. Лейвтің пікірлеріне келсек. Бұл ғалымдардың Дкатан деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты адамдардың ой-өрісі қаншалықты дамығанын тексеру үшін зерттеу жұмысын жүргізіп мынандай қортындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді адам бір үйренген тәсілін өзгерген жағдайда қолдана білу десек, сауатты және сауатсыздар арасында ақыл-ой жағынан ешқандай айырмашылық жоқ деген.
Бұл жерде Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул т. б. мұны бала бір үйренген тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады.
Бүгінгі мәселе - ойлау және оның дамуы. Пиажэ бала ойлауының ақылды және ақылсыз болатындығын қостағанымен, оның себебі жүйелілік пен қисындылыққа байланысты, ол өсіп жетілген сайын ойлауының сипаты жүйеленіп, нәрселер жайындағы ұғымдары қалыптасады десе, Бюлер баланың ақыл-ойының дамуының бастапқы кезеңінен-ақ қарапайым ойлау формалары болады деген идея көтергенді. Ол баланың жүйелі ойлауы 3 жасқа дейін қалыптасып жетіледі де, бұдан былайғы даму кезеңінде оның ойлауында жаңа қадамдар жасала қоймайды дейді. Сонымен кейбір мамандар баланың ойлау сипаты ересек адамдардың ойлауымен қатарласып қалады деген пікірді қолдаса, ал басқа біреулері баланың ойы әлі топас, дамымаған, ол бізбен теңдесе алмайды дейді. Пиажэ бұл екі түрлі көзқарасты қатар зерттеп, балалардың ойлауындағы жүйелілік пен қайшылық (логикалық қайшылық) қалайша бірігеді деген жайтты анықтауды міндет етіп қойды.
Бала ойлауының жүйелі болуын әлеуметтік өмірмен ұштастырады, ал жүйесіз ойлауын ол баланың өзіндік (аутистикалық) ойлауы дейді. Пиажэнің бұл пікірінше бала ойлауының әлеуметтік сипаты сырқы жағдайға, ортаға байланысты болса, ал жүйесіз ойы баланың өз басына байланысты дейді. Ол өз зерттеулерінде балалардың ойлауы сөйлеумен қатар дамып отырады деген қорытынды жасайды.
Психологияда ерекше маңызды болған мәселенің бірі - өзіндік зерттеу әдісін анықтап, сол арқылы баланың психологиялық даму қызметі жайындағы қазіргі ілімінің мән-жайын ашып көрсету. Бұл баланың психикалық дамуындағы жеке процестердің атқаратын қызметі мен олардың арақатынас жүйесі қандай сипатта болатындығын анықтауға жол ашу.
Баланың даму кезеңдеріндегі ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның ғылыми негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтіп бала өз өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болады. Баланың дамуы мен оның ойлау әрекетін жетілдіруде көзделетін жеке сипаттағы мәселенің бірі - политехникалық оқу мен тәрбиеге икемдеу міндеттері болса, екіншісі - ғылым негіздерін тиянақты меңгертудің әдіс-тәсілдерін психологиялық тұрғыдан негіздеу.
Бала психикасын зерттеу АҚШ-тағы Колифорний университетінің жанындағы психологиялық лобораторияда кеңінен дамыған. Олардың қолданатын зерттеу әдістерінің бірі - генетикалық (төркін, шығу) тәсіл. Генетикалық тәсілді, сол лабораторияда Лонгитюд әдісі деп атайды. Бұл зерттеулердің программасы көптеген жылдарға созылды. 1928 жылы бұлар 248 бөбекті (21 ай толғанда) зерттеп, сосын оларға 18 жас, кейін 30 және 40 жас толғанда зерттеді.
Бияс Альфред (1857-1911) - француз психологы, жоғары психика қызметін яғни ойлау мен ес қызметтерін тәжірибе жүзінде зерттеудің ірге тасын қалаушылардың бірі. Оның ойлау мен еске қатысты зерттеулері Выготский үшін маңызы айрықша болды (Проблемы культурного развития ребенко. - Педология, 1928, №1) . Әр түрлі тестер құрастырудың маманы. Оның ақыл-ой дамуының деңгейін анықтауға арналған тестерінің мәні ерекше.
Зейгарник Блюма Вульфовна (1901-1988) - совет психологы. К. Левин мен Л. С. Выготскийдің шәкірті. 20 жылдарда К. Левиннің жетекшілігімен зерттеулер жүргізіп, аяқталмаған істің аяқталған іспен салыстырғанда есте тиянақты сақталу ерекшелігін ашқан. Бұл қисын «Зейгарник эффектісі» деген түсінікпен психологияға енді.
Эббингауз Герман (1850-1909) - неміс психологы. Ассоцианизмді жақтаушы. Жоғары психикалық қызметті тәжірибе жүзінде зерттеп, естің «таза мәдениетіне» мағынасыз буындар әдісін қолданды. Ұмыту - уақыттың әсері («Эббингауз қисығы») дейтін жайтке сипаттама берді.
Кеңес Одағы дәуірінде бала психологиясының тарихы осыған орай жүргізілген зерттеулер тек Октябрь революциясынан кейінгі кеездері болды. Мұндай зерттеулерге әсер еткен, біріншіден, И. П. Павлов шәкірттерінің жұмысы - Н. И. Красногорскийдің т. б. Красногорский осы салада 1903 жылдан бастап зерттеу жүргізді. Екіншіден В. М. Бехтеревтің басшылығымен оның шәкірттері (Н. М. Щелованов т. б. ) жүргізілген зерттеулер. Бұл зерттеулер балалардың шартты (немесе Бехтеревтің терминологиясы бойынша «ұштастыру») рефлекстері туралы зерттеу жүргізілді. Сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлес қосқандар: Н. А. Рыбников (1880-1961), К. Н. Корнилов (1879-1959), П. П. Блонский (1884-1941), Л. С. Выготский (1896-1934) және соңғы кезде шұғыл айналысқандар: Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин т. б.
Октябрь революциясына дейінгі қазақ еленің балалары мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі оқыған балалардың ерте кездегіден айырмашылығы, интеллектісінің (бақылампаздығының, ұқыптылығының т. б. ) басым келетіндігінде емес, білімінің молдығында деп түсіну керек.
Психологиялық қызмет деген ұғым - осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдістерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болды. Бұл мәселенің гноселогиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.
Психологиялық қызметтің шығуы мен даму жолы әлемдік әдебиетте, бұрынғы кеңестік заманда құлаш жайып, кең ауқымда қамтылмаған мәселелр қатарына жатады. ХХ ғасырдың 80-жылдарында Қазақстандағы психологиялық қызметтің мән-жайын білдіретін пікірлер мен зерттеулер психолог-мамандар М. Мұқанов, Ә. Алдамұратов, Н. Айғабылов, К. Оразбекова, т. б. еңбектерінде республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланды.
Психологиялық қызметті дәл осы атау мағынасында қолданбағанымен, адамтанудағы рөлі көрнекті орын алатынын психолог-мамндар дер кезінде өз ікірлерінде ашып айтты. Мысалы, Ж. Аймауытұлы өзінің «Психология» деп аталатын оқу құралдарында сонау 20 жылдары бұл пәннің адамтанудағы қызметін жоғары бағалап, жантану пәні әрбір тұлғаның, жеке адамның жан дүниесін айқын білуге үйретеді деп көрсеткен. Ол осы аталған еңбегінде адамға тән даралық психологиялық сипаттар: темперамент пен мінезге айқын анықтама беріп, олардың түрлерін ғылыми тұрғыдан қарапайым түсінікті тілмен баяндады. Оның «Жан және өнер таңдау» деген еңбегінде адамның даралық психологиялық сипаттары болып табылатын темперамент түрлері мен мінез ерекшеліктері өзара тығыз ұштастырылып жеке дара анықталған. Осы бағытта Ж. Аймауытұлы адамның жан дүние сырына барлау жасап, олардың даралық өзіндік ерекшеліктерімен санаса отырып жұмыс істеу керек деген ұлағатты ой түйеді. Адам - дүниедегі ақыл иесі аса күрделі жаратылыс. Мұны ол тек психолог-маманның ғана қолынан ғана келетін іс екендігін жақсы түсінді. Сөйтіп Ж. Аймауытұлы психология ғылымының сырына терең бойлап, оның адамның тіршілігінде тигізетін пайдасы мен қажеттілігін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан айқын ашып көрсетеді.
Психологиялық қызмет, негізінен, жантану жайындағы ғылымның басты ұстанымдарына сүйене отырып жүзеге асатыны мәлім. Осы бағытта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері болған кадемик Т. Тәжібаевтің психология саласындағы зерттеулері өскелең ұрпақ пен жастарға психологиялық білім берудің мақсат-мүдделерімен ұштасып жатыр. Оның 30-50 жылдарда Қазақстандағы педагогикалық ғылыми журнал бетіндегі жарияланған көп сериялы мақалалары және 1993 жылы өзі дүниеден өткен соң жарық көрген «Жалпы психология» деген оқулығы «Қазақстан университеті» баспасынан басылып шықты. Сондай-ақ Қазақстанда 40-70 жылдар арасында түрлі еңбектер жазып, көпшілік оқырмандардың психология саласындағы білімін көтеруге үлес қосқан мамандар Е. Суфиев, Ғ. Айманов, Қ. Рахымбеков, т. б-лардың атқарған істерін атап шығуға болады.
1. 2. Психодиагностиканың шығу тарихына қысқаша шолу
ХIХ-ХХ ғасырда психологиялық диагностика психологиядан бөлiнiп, жеке ғылым болып қалыптаса бастады. Психодиагностиканың алғашқы қайнар көзi эксперименталды психология.
Эксперименталды психология тарихында психодиагностика адамдардың тарихын баяндайды. Психология және әлеуметтiк зерттеулермен айналусышылар өз жұмыстарының негiзгi әдiстерiн экспериментте пайдаланды. Бұл жеткiлiктi дәрежеде нақты әшкерелендi. Адамдар туралы психологиялық мәселелер, сандық бiрдей мөлшерде параметрлерiн өлшеу, сапалы мағлұматтарды психологиялық тарихтан алуға болады. Барлық жағынан бiртұтас нақты көзқараста психодиагностика психологиялық «ғылым». Бiрақ басқаша көзқараста тарихи ғылым болады. Ол белгiлi парадигмада тарихи ойларды алғаш шығарған.
Эксперименталды психология тарихы өте кең тараған. Оның негiзгi елеулi кезеңдерiне тоқталайық. Қазiргi кезеңдегi психология сияқты олар да әлеуметтiк жағдаяттарда экспериметтiк әдiстердi қолданады және психодиагностикалық құралдардың түпнұсқасын жаңартып оны толықтырып отырады. Адамдар тарихы мен тарихи ойлардың үйлесiмдiлiгi психологияылық зерттеулерде бiрыңғай үлгiде дамиды.
Эксперименталды психология мен психодиагностика ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғылыми-практикалық пән болып қалыптасты. Оның түпкi негiзi - психофизика, психофизиология, психометрия болса, басқа жағынан алып қарағанда психотехникамен оның қолданбалы аспекте адамның практикалық қызметтегi проблемаларын қарастырады.
Процесте психодиагностиканың эксперименттеуден өзгешелiгi зерттеушi зертелушiнiң шартты iс-әрекеттерiнiң түрленбейтiндiгiн белгiлеп отырады. Психодиагностика әдiсiнiң негiзi - эксперименттi белгiлеушi психологтың өзгермелi өлшем процесiнде.
Практикада әдiстердi қолдануда психодиагностика адамның сапалық даму қажеттiлiгiн бағалаумен, олардың даралық ерекшелiктерi, кәсiби немесе шығармашылық тапсырмаларды орындау қабiлеттiлiгiнiң даму деңгейiмен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz