Абай жолы роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени,тарихи,тілдік- әлемдік бейнесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Реалия ұғымы және оны аударудың семантикалық және грамматикалық
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.9

1.1Ұлттық реалия сөздердің мағыналық
топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ..16

2. Абай жолы роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени,тарихи,тілдік-әлемдік
бейнесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 23

2.1Абай жолыроман-эпопеясында ағылшын тіліндегі аудармасындағы ұлттық
реалийлердің мағына берілу ерекшеліктері (Наврозовтың аудармасы
негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .26

2.2Роман-эпопеяның ағылшын тіліндегі аудармасындағы ұлттық реалияларды
берудегі олқылықтар мен
сәтсіздіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

3. .Реалия сөздерін аудару жүйесіндегі тәсілдер мен заңдылықтар
... ... ... ..43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

Кіріспе

Көркем аударма өнері өз алдына жеке сала ретінде теория мен тәжірбиеге
ие болып тұрса да, бұл саланың мәселелерін кең түрде зерттеу
компаративистер үшін де күрделі мәселе болып тұр.
Көркем аударманың негізгі функцияларының бірі-халықтар арасындағы мәдениет,
әдебиет жағынан бір-біріне әсері екені бәрімізге де белгілі. Салыстырмалы
әдебиеттану және аудармашылық сияқты екі саланың белсенді қатынасының
нәтижесі әдебиеттердің бір біріне әсер ету процесінде маңызды шекара болып
есептелінеді.
Әлемдік тәжірибеде салыстырмалы әдебиеттанудың аударма жөніндегі
салттарын үйрену баяғыда анықталған болатын. Негізінде көркем аударма өнері
кең салалы, ол филология әлеміне көптеген жолдармен танылған; аударма
өнерінің кейбір жекелеген мәселелері тілдің стилистика, лексикология,
фразеология, лингострановедение, әдеби социология, рецептік эстетика сияқты
т.б. жақтарынан қарастырылуы мүмкін. Дегенмен компаративистикамен тығыз
байланыс теориялық, методологиялық және де аударманың біршама мәселелерін
шешуге ғана бағытталған. Ғылымның даму тарихы мынаны дәлелдеді - аударма
теориясы статусы жөніндегі дау-компаративистік пән болып табыла ма жоқ па
дегені нәтижесіз болып шықты, өйткені тәжірбиенің өзі көрсеткендей аударма
теориясының өзін компаративистикаға кіргізе бастады. Осыған орай, көркем
аударма бойынша мамандар ғана аударма теоретигі мен компаративист екеуінің
бір тұлғаға үйлесуін компаративистиканың екі: нақты және жалпы деңгейі үшін
өте жемісті боларын анықтағаны туралы айту біз үшін жетістік болары
сөзсіз.[3]
Осыған байланысты отандық ғьлымда көркем аударманың теориясы мен әдеби
компаративистика жетістіктерінің органикалық үйлесімділігінің қажеттілігі
туындайды,және осы жаңа ресурс көркем аударманың бірқатар мәселелерін
зерттеуге жоғары масштаб, тереңдік пен нәтижелілікті көрсетуді камтамасыз
етеді.
Көркем аударма тарихымен әдеби компаративистика тарихының анализі
филологиялық ғылымның екі жақты аясында да қарқынды дамуының
кезеңдерінің нақты ұқсастықтары туралы қызықты корытындыға келеді.
Салыстырмалы әдебиеттану мен аударма туралы ойлар 18 ғасырдың
аяғынан паралельді дамып келе жатыр.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін компаративизм
концепциясының дамуының қарқыны космополитизм ағымының пайда болуымен
жапондық ұлттық әдебиеттің шетелдік авторлар мен шығармаларға ашық
екенін түсіндірді . Осы кезең көркем аударма саласындағы кең көлемді
қызметтің бастамасы болды. ЮНЕСКО ("ВавеІ" рейтинг журналы) мәліметі
бойынша Жапония аударма саны бойынша әлемде алдыңғы қатардың біріне
шықты. Осылайша, туған тілінде әлемдік әдебиеттің толық ұксастығын кұру
үшін бай потенциалға иеленді. Аударма тануда өз кезінде ірі
жетістіктер әдеби компоративистикадағы бағыттардың нығаюы үшін негіз
болды. Бұл жағдай әдеби аударма мәселесі бойынша көп жұмыстар кіретін
Германияға да тән болып келеді. Бұл мамандардың айтуы бойынша 1990 жылдары
Германия басқа елдерді басып озып және шығарған аудармалар саны бойынша
бірінші орынға шықты.Көркем аударма теориясының қалыптасуы мен дамуында
әдеби компоративистика секілді бірқатар естелік жылдарды атауға болады,
мысалы, 1950 жылдардың ортасы: жалпы таным бойынша бұл кезең аудармаға
деген қоғамдық және ғылыми назар аудару тарихында маңызды
кезең болды. Аударма тақырыптарына жазылған макалалардың ішінде кең
көлемді теориялық мәселелері бар жұмыстар жиі кездеседі. Кеңес
жазушыларының 2-ші съезіндегі Антакольскийдің, М.Әуезовтың, М.
Рыльскойдың баяндамалары (1954),О.Бликсеннің "Әдеби аударма және оның
мәселелері" (1954), Ж. Муненнің "Сенімсіз арулар" (1955), Э
Карридің "Казіргі кездегі аударма" (1956), Т. Саворидің "Аударма өнері"[4]
I (1957) ; 1955 жылдан бастап "Вавелон" журналы шыға бастады
...аударма пәндерінің кең көлемде окытылуы басталды.50 жылдары әдеби
компаративистік батыс мектептері карқынды дами бастады; 1954 жылы Әдеби
Компаративистикалық Халықаралық Ассоциацияның құрылуы туралы шешім
қабылданды. ӘКХА негізгі мақсаты -салыстырмалы зерттеулер арқылы әлемдік
әдебиеттің дамуы үшін халықаралық күштерді үйлестіру болды.
Екі ғылыми және оқу пәндерінің дамуы үшін семиотика туралы ілімнің
оларға әсері маңызды болды. Бізге белгілі болғандай семиотиканың ғылыми
мектебі 19 ғасырда америка философы Ф. де Соссюрдің еңбектерімен
негізі қаланған. Ал 20 ғасырда Праганың лингвистикалық
үйірмесінің өкілдерінің еңбектерінде жалғасын тапты.Казіргі таңдағы әлемдік
интеграция процесіндегі әдебиет ұлттық сананың көрінісінің анағұрлым
нақты құралы болып табылатыны айдан анық. Аударма үшін шығармаларды тандау
қоғам дамуының өзекті әлеуметтік-мәдени, танымдық кажеттіліктерімен
әдебиеттің дамуының ағымдағы міндеттерімен нақты эстетикалық, идеялық
міндеттердің шешімімен, жаңа амал тәсілдерді меңгерудің қажеттіліктерімен
қамтамасыз етілген. Кең көлемді ұйымдастырылған аударма нақты
халықаралық танымдылықты ынталандырып,тең құқылы екітілдік пен
халыкаралық қауымдастықтың рухани өміріне қатысу үшін жаңа мүмкіндіктерді
ашуға үлес қосар еді. Осыған байланысты компоративистер қазіргі әлемдік
әдебиеттің белгілі бір тенденцияларының дамуыңда анағұрлым өзекті болып
табылатын және қазақ әдебиеті жайлы көрнекті болатын қазақ әдебиетінің
таңдамалы шығармаларының мақсатты және жоспарлы аудармасына
аудармашылардың назарын аударуға шақырады.

Өзектілігі: Абай жолы – қазақ әдебиетіндегі тұнғыш роман-эпопея.
Реализмнің нағыз жетілген кезеңінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ
әдебиетінде пайда болуы республикамыздағы аса елеулі мәдени көркемдік
құбылыс болды. Абай жолында өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
қоғамының шындығы мейілінше кең көрсетіледі, қаһармандардың жеке өмірі
халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты беріледі. Романда
таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ұлы ақын
қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз
қатыстырыла суреттеледі. Көркем аударма жасау үшін аудармашы түпнұсқа
өкілдерінің мәдениетін, тілдік ерекшелігін, оның басқа тілдерден
айырмашылығын, шығарма авторының ой-дүниесін, айтайын деген идеясын танып-
білуі керек.Сондықтан да біздің ойымызша біздің әр-бір шетел тіліне
аударылған шығармамызды өзіміз қатал қадағалап ,оның аударылған жүйесін
талдап ,ұлттық танымын айқындайтын шақтарын жүйелеу біздің міндетіміз.
Сонда ғана біз өзіміз жайлы ақпаратты қадағалап ,шет тіл оқырмандарына
тиісті қалыпта қабылданамыз. Дәл осы жағдайда біздің жұмысымыз шет еліне
өзімізді танытуда ұлттық реалия сөздерінің маңыздылығын ашып, қазақ ұлттық
салт – дәстүрін басқа елдерге жеткізу жүйесін қандай да бір деңгейде
беруге тырысады. Біздің еліміз әлемдік аренаға шығу талпынысында,қазіргі
жаһандану айналымында әлемдік деңгейге көтерілу әрекетінде біз өзіміздің
ұлттық менталитетімізді ,салт-дәстүрімізді,сақтап қалу маңыздылығы өте зор.
Өйткені батысқа қарай жалтақтау,оларға ұқсаушылық,олардың мәдениетін сіңіру
біздің ұлт ретінде қалыптасуымызға кері ықпалын тигізуде. Дәл осы кезде
ұлттық реалия сөздердің маңыздылығы өз-өзінің тек аудармада ғана емес
барлық ғылым салаларында,ұлт өмірінде атқаратынын рөлі қандай екенін көре
аламыз.
Теориялық және практикалық маңыздылығы :
Көркем әдебиеттің озық үлгілерін әлемдік деңгейге шығару, жаһандық
құндылығын көрсете білуде реалия сөздердің теориялық маңызымен бірге
практикалық маңызы да зор. Себебі , көркем әдебиеттің әлі ешбір қаламгер
ашпаған адам игілігіне айналатын тылсым құпиялары көп ,әсіресе әлемге жаңа-
жаңа танымал блып келе жатқан, бойында өзіндік ұлттық бояуы ,ұлттық реңі
тұнып тұрған Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясыны сияқты ұлы
шығарманың сол күйінде әлемнің әдебиет сүйер қауымынына ұсына қоюы оңай
жұмыс екенін осы жұмысымыздың талдау барысында түсүнуге болады. Қазақ
халқының этнографиялық тарихы барлық түркі әлемін танытады. Өзінің
табиғатына тән ерекшеліктері арқылы түркі халықтарының тұрмыс
-тіршілігінің, мәдениеті мен наным-сенімінен хабар бере алады.
Шет ел зерттеушілері көркем аударма теориясы салыстырмалы
әдебиеттанудан бөлініп кеткені туралы тезисті ортаға салып жүргеніне көп
болды. Олар "аударма теориясы дүниеге келді және өзінің бастапқы фразасында
эмперикалық салыстырмалы әдіс сипатында дәстүрлі әдеби компаративистика
кешенінде жетілді" деп көрсетуде.
Көркем аударма саласындағы белгілі маман А. Попович : "Көркем аударма
теориясы сөздің қысқа мағынасында салыстырмалы лингвистика, салыстырмалы
стилистика, әдеби компаративистиканың теориясы, әдебиет теориясы сияқты
төрт түрлі пәндердің қиысуынан құрылған", деп атап өткен.
Сонымен қатар өздерінің зерттеулерінің арқасында халықаралық контексте
олардың кең көлемді танымалдығын үйымдастыруға шақырады.
Көркем аударма мен салыстырмалы әдебиеттанудың үндесуінің
басқа мүмкіндігі итимология категориясында да аударманың
түсіндірмесінде де көрінеді, яғни әдеби компоративистиканың шетелдік елдер
мен мәдениет туралы бөлімі бар.
Зерттеушілердің пікірі бойынша "Компоративист міндеті болып аударма
тек оқырмандардың санын ұлғайтып қана қоймай сондай- ақ жаңалықтар мектебін
ұсынуды-көрсету табылады" дейді. Аудитория үшін жиі жаңалықтар ретінде
басқа елдің ,халықтың бейнесі көрінеді. Батыс компоративистикасында
аударманы шет тілді меңгерудің тәжірибелерінің бірі ретінде қарастыру
туралы пікірдің бар екені кездейсоқ жағдай емес.
Аударма мәтіннің этномәдени орта мен түпнұсқа жарық көрген лингво ел
танымдық контекстерден ажырамас бөлік екеніне дау жоқ. Сондықтан да ол
оқырмандардың басқа халық пен оның мәдениетін пайымдауына көмектеседі.
Лексикалық қатарда да ол шет елдік онамастикамен топонимикамен, шет елдік
салттық атаулармен айқындалады. Егер география тарих, археология,
этнография басқа ғылымдар алыс елдер туралы нақты мағлұматтар берсе, онда
аударма арқылы көркем әдебиетпен танысу осы халықтар мен мәдениеті туралы
біздің түсінігімізді жандандырады.
Көптеген елдерде аударманың екі негізгі түрге бөлінуі кездеседі :
жазбаша жөне ауызша. Осыган орай, екі түрдің белгіленуі үшін әртүрлі
ұғымдар пайдаланылды. Ағылшын тілінде жазбаша аударма translating
сөзімен берілсе, ауызша аударма "intepreter" болады ; француз тіліңде
жазбаша аударма "traduction", ауызша аударма "interpretariat" ; неміс
тіліңде "ubersetzung " және "dolmetchen". Орыс тілінде бұл айырмашылықтар
"устный" және "писменный" деген есімдіктермен беріледі. Бірақ бұрын ауызша
аударма үшін "толмач" сөзі қолданылатын.[10]

Көркем аудармаға әдеби байланыстарды бекіту, әдебиетті жақындастырудың
негізгі функциясы жүктеледі. Ал аудармашының тұлғасы тек тілдік және мәдени
тұлға ретінде ғана емес, сондай-ақ мәтін бойынша жұмыс істеу кезінде
өзіндік түсіндірмесін қоятын өзіндік сыншы ретінде де қарастырылады. Осыған
байланысты аударманың мәселелерін компаративті зерттеуден туындаған
мәселелердің тағы бір тобы рецепция мен әдеби сынның мәселелерімен де
үйлеседі. Шет ел шығармаларын кабылдау мен өндіру процессі өте күрделі жөне
басқа әдебиеттермен өзара әрекеттесу механизмі өте астарлы. "Кез-келген
көркем шығарманың халықаралық тағдырында аударма-бұл алғашқы саты: бұл
шығарманың шет елдік оқырмандармен қабылдануы, оның шет елдік сыншылармен
бағалануы, оның баска елдердегі әдеби процесспен қоғамдық санаға әсер ету
мүмкіндігі"
Бұл жағдайда аударылмалы шығарманың жетістігі аудармашымен бөлінген
автордың жетістігі болады. Шет елдік сыңда шығарманың бағасы қаншалықты
мықты болса, ол көркем аударманың сапасының да соншалықты сапалылығын
көрсетеді.
Полиглот болу қабілетінің дамуы компаративистердің қалыптасуы үшін маңызды
шарт болып табылады. Мысал ретінде компаративистердің көбінің салыстырмалы
әдебиеттанудың теориясы мен әдістемесі бойынша жұмыс жасаумен қатар ұлттық
әдебиет тарихында маманданған және әртүрлі түпнұсқалық қайнар көздерді
пайдалана отырып зерттеулер жүргізді. А.Веселовский итальян, неміс және
басқа Европа тілдерін меңгеріп, кәсіби латыншы және германшы болып
саналады. В.М. Жирмунский-түркітанушы және германшы, М.П. Алексеев-
ағылшыншы, Н.И. Конрад- синолог болған. Әртүрлі тілдерді білудің
маңыздылығын ұғына отырып, М.Әуезов өзі бірнеше тілдерді біле отырып, ҚазМУ-
де арнайы бөлімдерді (Қытайтану, моңғолтану, арабтану, ағылшынтану) ашуға
шақырды.
Әдеби компаративистика негізгі мақсаттарының бірі болып шет елдік
әдебиет пен мәдениетті меңгеруге қол жеткізуді жеңілдету саналды. Осыған
орай жоспарға тіл мәселесі шығып отыр. Осылайша көркемдік аудармаға жүгіну
қажеттігі туындайды. Бұл факт шет тілдерді меңгеру мәселесіне әсіресе
көркем аудармаға зор маңыз береді. Жалпы шет тілін білу белсенді тілдік
тәжірбиеде жүзеге асады.
Соған қарамастан шет тілін меңгеру мәселесі өзекті болуда. Өкінішке
орай біз филологиялық білімнің батыстық жүйесінен әлі алшақпыз.
Қазақстанда көркем аударманың мәселелері кейінгі жылдары ерекше мәнге
ие болуда. Оған қазақ тілінің ролінің күшеюі ықпал етті.
Бұл кезеңнің ерекшелігі әдеби дәстүрдің даму мәселелерімен қатар, көркемдік
аударма мөселелері ҚР конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл статусын оған
казақ тілін қолданудың аясын кеңейту мәселесімен де байланысты. Бұл
жағдайда көркем аударманың негізгі функциялары анық көрінеді. Мемлекеттік
тілдің дамуы мен таралу қарқындығы бойынша теориялық бағдарламаларды жасау
қажеттілігі аударманың теориясы мен тәжірибесінің кейбір аспектілерін қамту
керек. Оның ішінде, аударма бойынша маманға жүгіну тілдің лексикалық
құрамын кеңейту процессімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты басқа
халықтың тәжірибесіне сілтеме жасауға болады. Мұндай мәселелер 19-20
ғасырдағы түрік тілінің дәуірлеуі үшін күрестің арқасында "Осман" түрік
және Стамбул түрік тілдерінің оппазициясымен қамтылған дағдарыстан шығудың
әртүрлі бағдарламалары мен теориялары пайда болған түркия үшін тән сипат
болып келеді. Белгілі "Тілдің қалыптасуының түріктік бағдарламасы"
атауындағы тиімді концепциялардың авторларының бірі Зия Гекальп қазіргі
таңдағы тіл халықаралық жағдайға сай сөздерді қажет етеді деп атап
көрсетті. "ұлт өзінің сөздік тіліне ғылыми ұғымдарды, философиялық
идеяларды әдеби образдарды және өркениетті әлемнің ақындық тәжірибесін
енгізу керек. Енді түріктер батыс өркениетін меңгеруге бел буғанда, олар
барлық батыс идеясы мен түсінігін көрсететін жаңа сөздерді қажет етеді.[11]
Бұл сөздерді біз қалай жасаймыз. Ең тиімді жолы-бұл европалық тілдерде
жазылған барлық әдеби, ғылыми және философиялық еңбектердің түрік тіліне
сапалы аударылуы үшін бірінші дәрежелі мамандардың тобын таңдау керек. Осы
аудармалар арқылы жаңа түрік тіліне ойлау процесінің барлық көрінісін
көрсететін құрал болады". Осылайша тілдердің аудармалық қызметіне аса зор
назар аударылады.
Нысаны:Осы диплом жұмысымыздың негізгі обьектісі Абай жолы роман-
эпопеясындағы ұлттық реалия сөздері болып табылады. Ал мақсатымыз ретінде
ұлттық реалия сөздерінің аударылу түрлерін қарастыруды көздедік.
Абай жолы роман-эпопеясы орыс тілі арқылы әлемдегі отыз тілге
аударылып,әлем оқырмандарының өте жоғары бағасына ие болып отырғаны
баршамызға белгілі.Абай жолы романын аудару барысында Мұхтар Әуезов пен
Л.Соболев бірлесе жұмыс істеген. Мұхтар Әуезов романда кездесетін қазақ
халқына тән этно – мәдени ұлттық, дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты
жерлерді түсіндіріп отырған, өйткені аудармашы қандай да болсын әдеби
шығармаларды аудару барысында сол елдің салт –дәстүрін ,дүние танымын ,тіл
ерекшеліктерін жетік білуі тиіс. Абай жолыроманын Л.Наврозов 1957 жылы
тәржімелеген.
Аудару барысында романдағы реалия сөздердің басты бөлігін
транскрипция ,транслитерация яғни фонетикалық өзгеріске ұшырату арқылы
берген . Сонымен бірге қазақ реалия сөздеріне көптік мағына беріп аударған
кездері де барынша кездеседі. Біз бұл мәселеге тереңірек әлі
тоқталамыз.Абай жолықазақ халқы өмірінің шынайы бейнесін көрсете алған
ұлттық роман,әрі мәдениетті елдердің жақсы деген романдарымен тең келіп
салыстыруға тұратын романдарымыздың бірі. Мұхтар Әуезовтың Абай жолықазақ
тілінің өңделуіне ,оның дамып өсуіне,әр сөздің дәл мағынасын табу жағынан
,сонымен бірге көркем айтылуына көп еңбек сіңірген. Роман-эпопеяның
басынан аяғына дейін бір мүдірмейтін әрі ойлы ,әрі көркем тілі құйылып
отырады.
Елмен елді табыстырып ,халық пен халықты жақындастыруда аударма
өнерінің ролі айрықша екені даусыз. Аударма қай заман ,қай кезең болмасын
қоғам өмірінің ілгері жылжып ,дами түсуіне мінсіз қызмет етіп келеді . Бір
тілден екінші тілге аудару қоғамға басқа елдің мәдениетімен пікір алмасып,
қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Белгілі бір ұлтқа тән мәдени
ерекшеліктерді екінші тіл оқырмандарына өзгеріссіз жеткізу аударма
саласындағы маңызды мәселе.
Кез келген жазушы, ақын өз шығармасын басқа бір тілге аударғанда
түпнұсқаның толық мазмұнының сақталуын талап етеді,ал аударма дегеніміз
үлкен өнер, ал осы өнерді аса шеберлікпен пайдалана білу –тәржімашының ең
басты міндеттерінің бірі болып табылады.[7]

1. Реалия ұғымы және оны аударудың семантикалық және грамматикалық
ерекшеліктері
Реалийлер ұлтты, мәдениетті белгілейтін басқа да атаулар
функционалды қызметі жағынан басым доминант элементтер, олардың
контекстегі функционалдык – коммуникативтік қызметі жоғары болып
табылады. Демек, оларды түсіріп тастау түпнұсқаның мазмұнын сақтау
талабына нұқсан келтіреді. Сондықтан аудармашы текстегі қолданылған
қазақ тіліне мәдени – танымдық сипаты, ұғымдық - мағыналык, көлемі
жағынан сәйкестіктері жоқ атаулардың түпкі мағынасына,
этимологиясына, қандай ұғымда жұмсалғанына, контекстегі стильдік
жүгінің ауқымына назар аударуға тиіс.
Белгілі бір халыққа, ұлттық , тілдік ортаға арналғандықтан,
классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол және олар
тақырыптық, мәдени ерекшеліктері жағынан да сан алуан. Реалий
атауларының құрамынан бірыңғай түрде, шағын бір топты бөліп алып
қарастырмақшымыз: бұлар - қазіргі қоғам дамуына сәйкес актуалданған,
қоғамдық - саяси, әлеуметтік мәні бар, яғни халықтар мәдениетінің
бүгінгі сипатында өте-мөте айқын белгі беріп отырған жоғары
жиілікті қолданыстағы, қазіргі тұрмыстық, әлеуметтік қарым
–қатынастарды білдіруге қатысатын сөз әдебі (речевой этикет)
формулалары, діни атаулар, сондай - ақ, әлеуметтік – тұрмыстық реалий
атаулары. Көркем әдебиетте жиі жұмсалатындардың бір тобы (мыс.,
стряпчий, денщик. рядчик, подрядчик, адъютант) - қазіргі тіл
қолданысында актуалды лексика емес: олар - көнерген сөздер,
архаизмдер. Сонымен қатар көркем әдебиеттегі кейбір реалийлердің
атаулары қазіргі қазақ мәдениетінде активті. Айталық, қоғам,
қауымдастық сөз әдебінде қарату формалары (форма обращения) үшін
товарищ – жолдас параллельдерімен шектеліп келген болса, қазіргі
жағдайда адамдардың әлеуметтік статусын ажырататын нысандардың, бұрын
архаизмдер қатарында болғандардың бірқатары (ханым, мырза, жоғары
мәртебелім) активті қолданысқа түсіп отыр. Жаңа құбылыстың атауы
ретінде қарату формаларын білдіретін тілдік нысандар өзара
қалыптасу үстінде. Вариант қатарларды іріктеу, ұғымға нақты
номинациялық атау беру процессі үшін қазақ көркем аудармалары
пайдалы, көп мәлімет береді, бірнеше атау ұсынады. Аудармашылар
бір ғана сөзбе – сөз баламамен немесе аударудың түсіндіріп беру,
транскрипциялау әдістерімен ғана шектеліп қалмай, семантикалық
құрылымы жағынан жақын түсетін сәйкестіктерді іздестіреді:
функционалды сәйкестіктер жасайды. Әрине, аудармашылар игеретін
функционалды сәйкестіктердің кейбірінің контекстің мазмұнына кереғар
келетіндері де жоқ емес, алайда ұсынылатын варианттардың қайсы
бірінің семантикасы жағынан ұтымды жақтары бар, оларды әдеби
тілдің қазіргі айналымына түсіруге болады.[5]
Көркем аударма ісінде өзге тілдегі реалий атауларын берудің
айтарлыктай қиындықтары жоқ. Ұзақ мерзім бойында графикалық
жүйенің бірдей болуы, сондай-ақ мәдениеттердің етене аралас
-құраластығы, қазақ қоғамындағы көптілділік жағдай, қазақ
қауымдастығының өркениеттілігі, қоғам мүшелерінің интеллектуалдық
деңгейі орыс тіліндегі реалий атауларының түпкі мәдени - ұлттық
белгілерін танып – білуге, ажыратуға жеңілдіктер жасайды. Көркем
аударуда реалийлерді берудің бірнеше амалы бар:
а) түпнұсқадағы қалпын сақтап жазу (транскрипцня);
ә) қазақ тілінің дыбысталу, айтылу заңдылықтарына бейімдеу;
б) текст ішінде суреттеме, түсіндірме түрінде мағынасын ашу;
в) мағынасы жуықтасатын сәйкестіктердің бірін қолдану.
Сондай-ақ көркем аудармада техникалық амалдарды – текстің соңына,
сілтеме арқылы реалийдің анықтамасын беру әдісін де пайдалануға
болады.
Көркем әдебиеттегі реалий атауларының бір тобының контексте
ұлттық – мәдени ұғымды атаумен қатар, айрықша стильдік қызметі
қанықты болады; тексті аудару барысында реалийдің ұғымдық көлемінен
гөрі, стильдік реңкінің басымдылығын, стильдік қызметін даралап
көрсету міндеті туады. Транслитерацияланған, транскрипцияланған сөз
бейтарап стильдік реңкті, ұғымды жалпы атайды: сондықтан стильдік
реңкте бояуды көрсету үшін транскрипциялау, транслитерациялау,
суреттеп, түсіндіруден гөрі мағынасы жуық түсетін, стильдік бояуы
бар сәйкестікті іздестіру қажет. Орыс тіліндегі классикалық
әдебиетте жиі жұмсалатын сөздің бірі - свет, светское общество.
Бұл - ограниченный круг людей, составляющих высший слой
привилегированных классов... (СРЯ. IV, 45) дегенді білдіретін (большой
свет; бывать в свете; положение в свете) сөз; өзге мәдениеттің
алдыңғы дәуірлерге тән бір белгісі. Осы анықтамаға орайласатын
ақссүйектер қауымы - светское общество дегенмен ұғымдық – мазмұндық
көлемі жағынан бір емес. Свет, светское общество - қазіргі
қоғамда актуалданған қоғамдық - әлеуметтік мәні бар, қолдану жиілігі
жоғарыланған лексемалардың бірі.
Қазіргі ресми құжаттарда светское общество - зайырлы қоғам
(Қазақстан Республикасының Конституциясы) деген параллель арқылы
беріледі. Мұнда түп - төркіні араб -парсы элемент (зайыр) қазақ
әдеби тілінің қолданымдық қызметінде сирек жұмсалып, мағынасы
көмескілеу болса да, қоғамдық - саяси ұғымға дәл келіп, актуалды
сипатқа ие болған. Қазіргі қазақ қоғамындағы свет, светское
общество ұғымдары термин көлемінен шығып, жалпы қолданысқа түсіп
келеді; осыған байланысты бірнеше суреттеме баламалар жұмсалады:
таңдаулылар ортасы; зиялы қауым; игі жақсылар қауымы; алты алаштың
игі жақсыларының ортасы.
Мәдениет ерекшелігін танытатын осы сөздің қазақ көркем
аудармасында бірнеше баламалары бар: олар түсіндіру, мағынасын
ашу арқылы жасалған функционалды сәйкестер:
қауым, жоғарғы қауым, зиялы қауым, биік орта, топты жиын,
қауым арасы, өнерлі қауым, сыпайылык:

Қазірге дейінгі көркем аударма материалдары және бүгінгі қазақ
әдеби тіліндегі қолданыстар көрсетіп отырғанындай, свет, светское
общество – ұғымы үшін 10 балама игеріледі және олардың әрқайсысы
өзге тілдегі реалийдің семантикалық құрамына кіретін семаларды
даралап көрсетеді: свет (светское общество) - адамдардың тобы:
мәдениетті, білімді адамдар қауымы; материалдық тұрғыдан
қамтамасыз етілгендердің қауымы; сословиелік дәрежесі жоғары
адамдардың тобы деген ұғымдарды жинақтайды; осыған байланысты
қауым, топты жиын, топ, өнерлі орта, биік орта, таңдаулылар
ортасы, зиялы қауым баламалары қолданылған. Қзақтың ұлттық -
этникалық ерекшеліктеріне бейімдейтін сәйкестіктер де бар: игі
жақсылар ортасы, алты алаштың игі жақсылары.
Кейбір жағдайларда қолданысқа түскен қауым сөзінің қазақ
тіліндегі архисемасы жалпылық мәнге ие (қауым - Адамдардың тобы,
жиыны, - ҚТТС 6. 170); сондықтан аудармашылар негізгі терминді
нақтылай түсу үшін оған айқындауыш – анықтауыш компонент мағынасын
ілестіреді. Сөйтіп, өнерлі, биік, орта, зиялы, топты сөздері
арқылы өзге тілдік ұғымның мағынасын дәл нақты етіп беруге
тырысады. Синонимдік қатардың белгілі бір реңкті нұсқасын
пайдаланып көру жағдаяты да бар (сыпайылық): бұл сөздің
ұсынылуының себебі - светское общество терминінің
мағыналық құрылымындағы дифференциялды семаның бірі -
мәдениеттіліктің барлық белгілерін ұстанатын қауым алынған.
Қоғам мүшелерінің қызмет, лауазым, кәсіп дәрежесіне,
атқаратын жұмысына қарай сараланып, қолданылытын атаулары екі
тілдің екеуінде де бар. Алайда олар нақты бір ұғымды номинация
атауы ретінде беруі, ұғымды қамтуы жағынан бір – біріне тең
түспейді. Бұл, әрине, сол тілдердің иелері – екі халықтың
қоғамдыкқ – саяси, тарихи - мәдени даму жолдарына, тұрмыс-
тірішілігіне байланысты. Мәселен, классикалық көркем әдебиеттегі:
няня, кормилица, горничная, дворецкий, слуга тәрізді атаулар
қазіргі қазақ қоғамдағы әлеуметтік, тұрмыстық қарым – қатынастарда
белгі бере бастаған ұғымдардың атаулары. Қазақтың төл
мәдениетінде әлеуметтік сипаттарға бөлудің осындай түрлік атаулары
қалыптаспағандықтан, олардың кейбірінің лексикографиялық
ресімделуі суреттеу, түсіндірме жолымен берілген, ал кейбірі екі
тілді сөздіктерге енгізілмеген. Көрсетілген реалий атаулары – көркем
мәтіндегі функционалды қызметі басым элементтер, демек, аудармашы
тарапынан олардың қандай да болмасын баламасы жасалу керек болады.
Кейбір аудармашылар оларды кірме сөз (заимствование) түрінде
алады немесе транскрипциялайды. Бұл амал – тәсілдер көркем
әдебиеттің эстетикалық функциясына нұқсан келтіреді, сондықтан тағы
да бір аударма әдебиетте олар үшін мағыналары жуық тілдік
единицалар қозғалысқа түседі.
Қазақ халқының қазіргі мәдени – тұрмыстық өміріне няня,
кормилица ұғымдары еніп отыр, олардың сөздік көрсететін баламалары
(даяшы, бала бағушы әйел. Орысша – қазақша сөздік, 422; кормилица
сүт ана, орысша – қазақша сөздік, 292), сондай – ақ оның
түсіндірмелі баламасы да бар (біреудің баласын асыраушы). Бұл
сөздер классикалық көркем әдебиетте жиі қолданылады. Аудармашылар
реалийдің транскрипциясын немесе транслитерациясын қолданбайды,
өйткені аударудың аталған әдістерінің екеуі де көркем әдебиеттің
эстетикалық функциясын басып, қайталап жеткізе алмайды. Екі тілді
сөздік тіркейтін даяшы сөзі жұмсалған контекстер де кездеседі.
Алайда қазақ тілінде даяшы - өзге кәсіптің нақты, орныққан атауы
(даяшы - официант): ал сүт ана - этнографиялық мазмұнға ие.
Сөздіктегі сәйкестіктердің осындай ерекшеліктері болғандықтан,
аудармада түсіндірмелі баламалар, мағынасы жуық сәйкестіктер
жұмсалады: няня = бала күтуші = бала бағушы = даяшы = әже
кормилица = бала асыраушы = бала күтуші = емшек шешесі
Бұндай ерекшеліктер дворецкий, слуга, паж, шут сияқты
реалийлерді беруде де байқалады:
Дворецкий = үй басқарушы = орда қызметкері = даяшы =
аға малай = үй к қызметкері = сарайбасы паж = күтуші =
қолбала = нөкер шут = мазақшы = мазақпаз = сайқымазақ.
Нақты балама іздеу жолындағы әрекеттер әртүрлі: ішкі
семантикасын көшіру арқылы түсіндіру, сипаттама тәсілі (үй
басқарушысы, бала күтуші, бала асыраушы, емшекшеше) әрі қарай төл
тілдік лексикалық единицалардың мағыналарын игеру амалына
ұласады. Мұнда өзге де тұстардағы сияқты бірнеше бағыт бар:
көнерген сөздің дифференциалды семасын пайдалану (сарайбасы,
нөкер, әже) анықтауыш сөз арқылы нақтылау (аға малай, орда
қызметкері) тәсілдері байқалады. Дворецкий терминінің
дифинициясын Старший лакей, заведующий домашним хозяйством и
прислугой в барских домах деген анықтама сипаттайды, осындағы
басқару семасы үй басқарушысы деген атаудың, бай үйі деген сема
орда қызметкері дегеннің, ал ең үлкені деген сема аға малай
дегеннің жасалуына себепкер болып тұр. Бір сөзбен айтқанда,
бұндай қатарлар үшін варианттылық тән. Өзге тұстарда
түпнұсқадағы әрқайсысы дербес жеке-жеке мағыналарға ие реалий
атаулары үшін ұлғайту, үстемелеу әдісі (генерализация), яғни
түрлік ұғымды жалпы атаумен нақтылау жолы негізге алынады.
Ұлттық – мәдени ерекшеліктерді, реалий ұғымдарды белгілейтін
сөздердің бір тобы – қоғам мүшелерінің әлеуметтік статусы ,
қоғамдағы лауазымы мен орнына қарай жіктеп атайтын
номинациялар. Бұндай номинациялар екі тілде де кездеседі, алайда
сословиелік дәрежені, қарым - қатынасты білдіретін атаулардың
семантикалық құрамында айырмашылықтар бар. Ең бастысы -
тілдердегі әлеуметтік статус атауларының ұлттық колориті – бояуы
қанық. Сондықтан негізгі семалары үйлескенімен, мәселсен, барин -
мырза, байбатша; сударыня - ханым; барышня - бикеш; его
сиятельство - алдияр; его привосходительство - тақсыр тәріздес
қатарлардың семантикалық көлемі теңбе - тең емес. Аударма
әдебиетті ұлттық ұғымға жақындату, қабылдауды етене ету
мақсатында тәржімашылар өзге тілдегі атауларға қазақы сипаты
жоғары сөздерді балама етеді, оны төмендегі мысалдардан көруге
болады:
Бұндай аталымдар үшін қазақ тіліндегі титул – дәреже атаулары
(патша, падиша, патшайым, ханзада), ресми реңкі көнерген сөз
(ақсүйек, бекзада) пайдаланады, сондай – ақ экспрессивті реңкті
лексикалық единицаның семантикасына иек арту әрекеті де байқалады
(кемел мырза, дегдар), түпнұсқадағы сөздің негізгі баламасын
тірек ету бағыты да жоқ емес; мәселен, его превосходительство,
его сиятельство дегендерге қайсы бір реттерде жоғары, мәртебелі,
сәулетті сөздерінің алынуына превосходить, сиять сөздерінің архисемы
негіз етілген. Осы аталғандардың ішінен әсіресе жоғары мәртебелім
вариантын жұмсау жиірек ұшырасады, бұндай қолданыс ақпаратты
әдебиетті, көсемсөзді тәржімалауда да байқалады.
Ұлттық – мәдени ерекшеліктерді білдіретін реалийлердің тағы бір
тобы — діни теологиялық атаулар. Діни атаулар да - тілдің
кумулятивті қызметінің жемісі. Әрбір тілде діни ұғымдарды,
түсініктерді қамтитын термин сөздер, сөз тіркестері, тұрақты
тіркестер бар. Діни наным - сенімнің, діни салттың ұқсастығына
қарай мағыналық көлемінде жуықтық болатын діни атаулар, діни шен,
санат аталымдар кездеседі: мысалы, орыс тіліндегі пост -
предписываемое церковными правилами воздержание от скромной пищи,
а также период такого воздержання (СРЯ III. 321): қазақ
қауымдастығы діни салт – дәстүрдің бірі ораза - отыз күн бойы
күн шыққаннан күн 6атқанға дейін ас – су ішуге болмайтын, діни
бес парыздың бірі ҚТТС 7. 447) дегендерді білдіреді; екі
тілдегі діни терминді ортақтастыратын жағдай дифференциалды
семалардың бірінің (воздержание от скромной пищи - ас – су ішуге
болмайтын) мағыналық жуықтығы. Осыған байланысты екітілді сөздік
пост - ораза қатарларын сөздіктегі нақпа – нақ сәйкестік ретінде
көрсетеді: және көркем әдебиет те осындай фактілер бар.
Салыстырудан көрініп отырғандай, кейінгі мысалда рождество
ұғымы үшін наурыз сөзі функционалдық сәйкестік ретінде
алынған. Бұндай қолданыстың болуының себебі - наурыз атауының
қоғамның әлеуметтік – қоғамдық сипатына қатысы бар актуалды термин
болмағандығында: яғни наурыз сөзінің қолданысы қазақ көркем
әдебиетіндегі танымал каламгердің (Қ.Ысқақовтың) лингвоэтникалык,
құзыреті жеткіліксіз дегенді білдірмейді. И.Бунин шығармасы
аударылған кезеңде (60 - жылдарда) қазақ мәдениетінде наурыз сөзі
анықтайтын ұғым ұлттық қоғамдық -рухани құндылық ретінде
төмендеп, халықтың салтынан ығыстырылды, сөйтіп, дәстүрді атайтын
сөз архаизмдер қатарына көшті. Егер 50 -60 жылдарда наурыз сөзі
қазіргі кезеңдегі сияқты қоғамдық – саяси терминдік мәні жоғары,
актуалды тілдік единица болса, білікті аудармашы өзге тілдегі
мәдени – ұлттық белгісі айқын сөзге (рождество) балама ретінде
ұсынбаған болар еді. Жаңа күн, жыл басы, мейрам деген
семалар екі тілдік еднницаның (рождество: наурыз) да семантикасында
бар болғандықтан, аудармашылар ұлттық – мәдени айырмашылықтарға
қарамастан оларды функционалды тұрғыдан орайлас деп есептейді. Пост
- ораза қатарлары да бұдан ширек ғасыр бұрын екі халықтың
мәдениетінде қоғамдық – саяси мазмұны бәсең жұмсалу жиілігі төмен
лексикалық единицалар болды. Аудармашылар бұларды функционалдық
қызметі қосалкы, контексте эстетикалық функциясы жоқ, ақпарат
беруге қатысты тілдік элемент деп есептейді. Сондай –ақ діни
шен, санат атаулары да екі халықтың мәдениетінде бар (нірәдар,
қазірет, муфти - поп, священник, дьякон): алайда оларлың мағыналық
– ұғымдық көлемінде айырмашылықтар бар, сонымен қатар әр тілдегі
санат, шен атауларының ұлттық - мәдени белгісі өте айқын. Демек,
түпнұсқанын мазмұнын сақтау мүддесі үшін теологиялық терминдердің
ұлттық мәдениетке тән сипаттарын ескермей пайдалану барлық уақытта
да бірдей сәтте бола бермейді:
Әр халықтың діни қағидаларына, діни дәстүр – салттарьна
қатысты ерекшеліктерді нақты танытатын қатар – теологиялық мазмұндағы
фразалық тіркестер. Қазақ халқының діни салттарды ұсталу дағдысьнан
тұрақталған ақ , жауып, арулап қою; бата оқу, шелпек пісіру;
топырақ салу фразалары еуропалық тілдерде кездеспейді; бұлар -
ұлттық мәдениетке негізделген түсінік, ұғымының күрделі тұрақты
атаулары. Өзге мәдениеттегі діни дәстүрді білдіретін күрделі
атауларға балама ету сәтті емес, өйткені әр контекстегі фразалардың
ұлттық бояуы – колориті өте жоғары; олардың мағыналары жақын
болғанымен, бір-біріне функциоиалды балама бола алмайды. Бұны
төмендегі мысалдар дәлелдейді:
Аудармашы түпнұсқа қалпында алуды, сондай – ақ қазақ тілінде
семантикасы жуық функционалды баламасы жоқ деп есептеген жағдайда
діни терминдерді беру үшін түрлік атауды тектік атаумен алмастыру
(образ - сурет), терминнің мағынасын ұлғайтып беру (святить – қасиетті
су бүрку: разговляться - пасха мейрамын өткізу) амалдарын пайдаланады.
Аудармадағы сөз таңдау мәселесіне қатысы бар топтың бірі
–баламасыз лексика (безэквивалентная лексика). Бұл қатарға халықтың
материалдық және рухани мәдениетінен хабардар екенін барлық
мәліметтерді сақтайтын және жинақтайтын кумулятивті қызметі бар,
екінші бір халықтың мәдениетіне тән емес, сондықтан сөздік құрамында
жоқ реалий атаулары жатқызылады. Тілдер арасындағы бұндай
айырмашылықтар әсіресе тұрмыстық қарым - қатынастарды, халық
дәстүрлерін, діни салттарды атайтын сөздер мен тұрақты тіркестер
арқылы танылады.
Аударматану ғылымымен шұғылданатын шетел ғалымдарының көпшілігі
екі тілдің арақатысында баламасыз лексикалық единицалармен қатар
жалған баламалардың (ложные эквиваленты) болатындығына назар
аудартады. Орыс ғалымы А.Федоровтың пікірінше, жалған балама
дегеніміз - слово, полностью или частично совпадающее или близкое
к нему по звуковой или графической форме с иноязычным словом,
при наличии полной этимологической общности между ними, но имеющее
другое значение при известной смысловой близости Атап өтетін
жайт – түпнұсқадағы сөздің сыртқы нысанына, айтылуына және оқылуына
орай, оның негізгі мағынасын немесе этимологиясын ескерместен
жалған балама жасау еуропалық тілдерден орыс тіліне аудару
барысында жиірек -кездеседі. Бұл, шамасы, - осы тілдердің лексикалық
құрамында, грамматикалық жүйесінде біршама ортақтықтар бар екендігіне
байланысты болуы керек. Айталық, А.Федоровтың пікірінше, еуропалық
тілдерден орысшаға аударылған әдебиетте артист, драматург, академик
деген сөздердің қолданылуынан жалған сәйкестіктер жасалады,
дыбысталуы мен таңбалануында айырмашылықтар жоқ болғанымен, неміс
тілінде, мәселен, аталған сөздердің мағыналық көлемі басқа, кең:
артист неміс тілінде тек қана цирк немесе эстрадалық артист
дегенді, ал драматург режисер; театр репертуарын басқарушы деген
бірнеше мағынада жұмсалады; академик жалпы интернационалдық
терминдік мағынасымен бірге жоғары білімді адам; студент деген
ұғымдарды қамтиды (А.Федоров. 12, 140). Контексте жоғары білімі
бар адам мағынасында қолданылған академик сөзін академияның
толық мүшесі мағынасында аудару жалған балама жасайды, сөйтіп,
сөздің мәтін деңгейіндегі мағынасын ескермеу аудармадағы
жаңсақтықтарды тудырады.
Семантикасы, термин ретіндегі ұғымдық көлемі айқын сөздердің
қазақша аударылуында дәл осылар типтес елеулі қатерліктер кездесе
қоймайды. Бұл экстралингвистикалық факторларға - мәдениеттердің тығыз
қарым - қатынасына, тілдік ортаның бірсипатылығына байланысты. Дей
тұрсақ та жалған балама деп тануға болатын сөз қолданыстары кездесіп
отырады, олар: түпнұсқадағы сөздің сыртқы нысанын (план выражения)
жиі қолданыстағы, таныс сөздің графикалық көрінісімен
шатастырудан туады. Айталық, төмендгі сөйлемдерде Россия деген кісі
есімі Россия деген ұғыммен, ал погоня лексемасы погон деган
сөздермен алмастырылған. (Росси деген кісі есімі тосындау)
Жалған баламаны болдырмаудың бір де бірегей жолы – оларға арнап
сөздік жасау. Өкінішке қарай, қазақ тіліне қатысты мұндай сөздік жоқ
словарь ложных друзей переводчика.[6]

1.1Ұлттық реалия сөздердің мағыналық топтастырылуы
Реалия - латын сөзі, зат, нәрсе деген ұғымды білдіреді. Ал
біз салыстырып отырған аяда ол белгілі бір ұлттың, елдің өзіне
ғана тән материалдық, рухани, тарихи – қоғамдық құбылыстары мен тура
мағынасындағы (номинативтік) атаулары деген ұғымда қолданылады.
Әңгіме тура мағына туралы болғандықтан, мұны аудару қиындық
келтірмейтіндей де сияқты. Алайда мұның аударматануда сөз болуына
себеп болар жайттар баршылық. Ол, біріншіден, бір халықтың өмір
салты екінші халықта айна – қатесіз қайталануы мүмкін емес.
Екіншіден, ол сөз контексте тәуелсіз болып тұруы мүмкін; үшіншіден,
ол ерекше бір стильдік бояу болуы міндетті емес. Міне, сондықтан
ұлттық ерекшеліктерді бейнелейтін сөздерді келесі бір тілде жеткізудің
өзіндік шарттары, тәсілдерінің болуы - заңды құбылыс.
Ұлттық реалияны білдіретін сөздерді аударма тілде жеткізудің
кемшілік қолданып жүрген шарттары бар. Түпнұсқада берілген зат
атаулары мен оның образдарын дұрыс жеткізу түпнұска шығармада
бейнеленген дыбыс туралы белгілі бір дәрежеде білумен байланысты
екені даусыз. Ол жанама жолмен, яғни сол болмыс туралы кітаптар
оқу, телехабар көру, тыңдау т.с.с. арқылы немесе тікелей таныстық,
тікелей қарым – қатынас арқылы болуы мүмкін.
Өзге тілде жазылған аударылмақшы материалдағы ұлттық өмір
ғылыми практикалық кұбылыстар, коғамдағы басқа құбылыстардан
хабардар болумен байланысты соңғы кезде салыстырмалы білімі мен
аударматануда, елтанудағы сияқты, фондық білім деген қалыптасты.
Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров бұл хабардарлықты коммуникативтік
актіге қатысушыларға ортақ білім ретінде түсіндіреді.
Аударма теориясы мен жүйесі үшін фондық білімнің басқа
мәдениеттегі, ерекше құбылыстарға қатысты, аударма шығарманың
оқырмандарына түпнұсқа мазмұнын толық игеруге қажет бөлігі маңызды.
Фондық білімнің қажеттілік деңгейі мәңгіге қатып қалған,
өзгермейтін нәрсе емес, оның кейбір тұстарының қажеттілігінің шамалы
болып қалуы да мүмкін. Өйткені халық пен халық, мәдениет пен
мәдениет арасы күн саналық жақындасуда, бірігуде. Осындай жақындасуды,
түйісуді жүзеге асырудың бір жолы аударманың өзі болып табылады.
Әсіресе фондық білімнің таралуы кеңеюі көркем проза, ұлтқа тән
ғылыми әдебиеттерді аудару арқылы жүзеге асады. Бұндай әдебиеттерде
фонды бейнелеу материалдық және қоғамдық, тұрмыстық, адамдардың
қарым – қатынас жасау ерекшеліктерін т.с.с. беретін сөздер мен сөз
тіркестері, синтаксистік тізбектер арқылы болады. Аталмыш тілдік
бірліктердің түпнұсқада нақты мағынада аталуы мүмкін не болмаса
ауыспалы мағынада берілуі мүмкін. Соңғы жайтқа байланысты аудару
мәселесі қиындай түседі.
Түпнұсқадағы бейнеленген болмысты түсінудің кілтін мәтіннің өз
бойынан да табуға болады, ал сол мәтіндегі кейбір атауларды түсіну
үшін негізінен, фондық білім керек.
Аудармашы мәтін мәліметтерімен шектеліп, сөздің алынған
номинативтік мағынасына сүйеніп, оның басқа сөздермен тіркескенде жаңа
мағынаға ие болатынын байқамай қалса, аударма бұрмаланып шығады.
Мәселен, құлақ бау, қосаяқ т.б. сөздерді сөзбе – сөз аударса,
оның мағынасынан тіптен алшақтап кетеді.

Сонымен сөздерді жеткізудің басты шарты аудармашының фондық
білімінің (техникалық әдебиеттерді аударса техникадан жақсы хабардар
болуы, көркем әдебиетті аударса, ұлттық әдебиеттерді аударса, ұлттық
болмыстан жақсы хабардар болуы т.с.с.) қажетті деңгейде болуында
екен.
Басқа халықтарда, елдер мен жерлерде қайталанбайтын, белгілі бір
кезеңнің, елдің, жердің, тұрмыстық, тарихи – мәдени элементтердің
атауларын аудару аударма практикасындағы қиын іс екенін айтып өттік.
Жергілікті ұлттық және тарихи бояуы қалың , кез келген тілдің
реалия атауларының дәл баламасы басқа тілде бола бермейді.
Алайда орыс тілінің немесе басқа тілдердің қазақша аудармаларының
жасалған талдауларға қарағанда, түпнұсқадағы реалия сөздерді
аударудың қалай бере білудің әр түрлі жолдары бар екені байқалады.
Ондай жолдардың қатарына транскрипция - транслитерация, калькалау,
жаңа сөздер енгізу т.б. тәсілдер жатады.
Реалия сөздер белгілі бір тұрғыда терминдермен және көнеленген
сөздермен ұқсас келеді, сондықтан олардың айырмашылық, ұқсастықтарын
белгілеп алған жөн.
Терминдер ғылыми, техникалық, өнер т.б. салалардағы ұғымды
нақты белгілейді, бейнелейді. Әдетте сөздік құрамның бұл қабатында
халықаралық сөздер көп болады. Терминдер синонимдік қатынасқа
икемсіз болады, бір мағыналы сөздер болып келетіндіктен реалия
сездерге ұқсас болып келеді. Оның үстіне осы санаттардың біріне
үзілді – кесілді жатқыза салуға болмайтын сөздер де бар, сондай-ақ
екеуіне де жатқызуға болатын сөздер де болады. Мәселен, халиф,
медресе, хан, шариғат сияқты сөздерді реалиялық та, терминдік те
мән бар.
Жоғарыда айтылғандарға қарап бұл бірліктердің арасындағы елеулі
айырманы ескермеуге болмайды. Ең алдымен, реалия сөздер де,
терминдер де белгілі бір тілде қолданылуы аясы жағынан пассив
қабатқа жақын сияқты. Бірақ бұл сырттай ұқсастық қана. Өйткені
термин сөздердің сөз қорға жататынына дау жоқ. Ал реалия сөздер болса
сол ұлттьң ана және жалпыхалықтық колданыстағы сөз де, яғни сөздің
кұрамының актив барысыңда болуы да мүмкін. Оның пассивтік сипаты
басқа тілде қонақ ретінде тұрады. Аударма зерттеушілері С.Влахов
пен С.Флорин термин мен олардың айырмашылығын дұрыс көрсетеді:
Термин сөздер - ғылыми, негізі; олардынң қимыл жасар саласы арнайы
ғылыми әдебиеттер; бұл салаларда, ең алдымен көркем әдебиетте,
олар белгілі бір эстетикалық мақсатпен пайдаланылады. Ал, реалия
сөздер, көбіне көркем әдебиетте кездеседі, онда белгілі дәрежеде
жергілікті және тарихи колорит міндеттерін құрайды; біз оларды
бірқатар сипаттамалы (описательный) мысалдардан да табамыз, бірақ
мұнда ең бастысы заттың түсіндірме аты ретінде немесе тіпті таза
термин ретінде қолданылады.
Термин бір ұлтқа ғана катысты болмай, ғылым түріне сай
барлығына ортақ бола алады, сондықтан ол әрдайым аударылып отырады. Ал
жалпы сөздер сол тілдің, ұлттың тарихы, мәдениеті т.б. байланысты
болады. Оны басқа тілде сол ұлттың, елдің, тарихтың ерекшелігін
көрсету мақсатымен уақытша сөз ретінде ғана қолданылады. Тіл білімінде
экзотикалық сөздер басқа тілдің лексикалық байлығына қосылатын сөз
ретінде қарастырылмайды. Алайда жиі де ұзақ қолданыстың нәтижесінде
бұндай сөздердің басқа халықтың тіліне кірме сөз ретінде қолданылып
кететіні де болады. Мысалы, ақын, село, атаман т.б.
Келесі бір ескеретін жайт, реалия сөздерді варваризмен, басқа
тіддік сөздермен (вкрапления) шатастырмау керек.
Реалия сөздердің зерттеушілердің ішінде бұл санатты сөздік
құрамды қамтудың құралы ретінде қарайтындар да бар, алайда бұл
ұзақ үдеріс болғандықтан, дәл аударма жөніне бұл кағида жүре
қоймайтын сияқты. Зерттеулердің бәріне ортақ құбылыс - реалия
сөздерді тақырыптық топқа бөліп қарау. Мәселен, Казахское слово в
русском художественном тексте (А.: Ғьшым., 1990) атты еңбектің
авторлары Н.Г.Михайловскаяның (Михайловская Н.Г. Лексика народов СССР
в современных толковых словарях русского языка. Вопросы
язикознания. - 1989. №1. С. 73.) ізімен реалия сөздерді жеті
тақырыптық топка бөледі:

1. Адамзаттық атаулар;
2. Әкімшілік басқаруға байланысты атаулар;
3. Тұрмыстық заттардың атаулары;
4. Әдет - ғұрып, ойын т.б. этнографиялық ұғымдардың атаулары;
5. Киелік ұғымдар атаулары;
6. Жан – жануар және өсімдіктердің атаулары;
7. Табиғат құбылыстары және мал шаруашылығына байланысты
атаулар.

Бұл топтау, әрине, толығырақ ажырата топтау, бірақ авторлар
бұл сөздерді келесі тілге қалай аудару керек деген мәселеден сөз
козғауды мақсат тұтпаған, реалия сөздердің лингвистикалық табиғатына
ден қойған. Олай болатын болса, бұндай сөздердің лингвистикалық
табиғатының өзгешелігін бір аудармашы үшін аса қажет екенін ескеріп
көрсете кетуді жөн көрдік.
Қазақ тіл білімінде аудармаға байланысты реалия сөздерді
тақырыптық топтарға бөліп қараған зерттеуші - Р.Сәрсенбаев. Ол
реалия сөздерді төрт топқа бөліп карайды да, әр топтың аудару
үдерісіндегі ерекшелігіне назар аударып отырады. Біз де осы жолды
жөн көрдік. Сонымен, реалия сөздер шартты түрде төмендегдей
такырыптық топтарға бөлінеді.
1. Кейбір табиғатқа байланысты сөздер мен этнографиялық сөздер;
2. Фольклорлық реалия сөздер;
3. Тұрмыстық реалия сөздер;
4. Коғамдық және тарихи реалияны білдіретін сөздер.

Бұлардың біріншесіне айран, сексеуіл, жұт, тайға, бәйге
т.б.
атаулары, әдет – ғұрьптгық атаулар, тайпа, ру аттары жатады. Бұлар
көбіне аналгы жоқ сөздер болғандықтан басқа тілде ешбір
өзгеріссіз беріліп отырады.
Екінші тақырыптық топқа әзірейіл, қорған, жын, сүре, жырау,
т.с.с. сөздер жатада. Бұған музыка аспаптарының атауларын да
қосаміыз (домбыра, кобыз, сыбызғы). Бұлардың бәрін бірдей демесек
те кейбірін басқа тілдегі мағынасы жуық сөздермен алмастырып
қолдануға да болады. Мысалы: черт - шайтан, дию - дьявол т.б.
Көбінің аударылмауы да мүмкін өйткені бұлардың ұлттық бояуы,
сонылығы сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Үшінші тақырыптық топқа баспана атаулары (сакля, шаңырақ) жиһаз
атаулары (сандық, кровать, т.б,) ыдыс - аяқ атаулары (саба ,
қоржын, торсық, күбі т.б.), киім – кешек атаулары (шапан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Мұхтар Әуезов тағылымы
Әуезов шығармалары
Жазушының драмалық шығармалары
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Әдебиетті ізгілендіру жолдары
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Пәндер