Тұлғаның рухани-адагершілік дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Тұлғаның рухани-адагершілік дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру»

Дайындаған: Қалманбаева С. Д.

Шаяхметова Қ. Ә.

Жалмұқанова Ж. Ө.

Көкшетау-2010ж.

МАЗМҰНЫ:

1. Кіріспе бөлімі 3-6

2. Негізгі бөлімі

2. 1. Рухани-адамгершілік тәрбие тарихына шолу7-10

2. 2. Мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге рухани-адамгершілік білім беру жұмыстарын сапалы іске асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың мазмұны 11-17

2. 3. Оқушылар бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда жағдай жасау18-34

2. 4. БҚБА ҚДИ тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру жолдары35-42

3. Қорытынды бөлімі43-44

Пайдаланған әдебиеттер45

Кіріспе

Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?

Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек - дейді халық даналығы.

Шынымен таза болу дегеніміз - бұл сыртқы түріңнің немесе киген киіміңнің әсемдегі мен тазалығы емес, нағыз тазалық жүрек тазалығында, ақыл мен ой тазалығында жатыр. Ал осы бір тазалықты сақтау немесе оған қол жеткізу әрбір адамның қолынан келе бермейді. Себебі, кейбір адамдар дүниеге келген сәттегі пәктігін сақтап қалып жатса, енді бір адамдар сыртқы дүниенің әсерімен түрлі мінез өзгерістеріне ұшырап, адамдық қылықтарға мүлдем жатпайтын әрекеттерге барып жатады. Сол себептен де бүгінгі педагогтың алдында тұрған үлкен міндет - саналары ластанбаған бүлдіршіндерді адамгершілік жолына бағыттау болып табылады.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы әр баланың ашылуына, оның өзіне ғана тән қасиеттерінің дамуына жағдай туғызады. Баланың бойында өзіне деген сенім, өзіне деген құрмет, өз жасаған қылықтарына деген жауапкершілік сезімдері пайда болады. Өзіне деген сенімі бар бала өзінің ішкі ойын, өзіндік пікірін ешбір бүркемелеусіз, ашық сыртқа шығара алады. Яғни, оның ішінде, ойында шешімін таппаған және іштей оны күйзелтетін сұрақтар қалмайды. Бала әрбір сұрағына жауап тапқаннан кейін, оның ойымен өзгелердің санасқанын көргеннен кейін өзін жеке тұлға ретінде сезіне бастайды. Ол өз ортасында өзінің орнын, рөлін сезінеді. «Өзін-өзі тану» сабақтары барысында бала кез-келген ортада өзін ұстау ережелеріне үйренеді және ол сол үйренгендерін күнделікті өмірде қолданады. Яғни, бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың, өзінен кішілермен және үлкендермен қарым-қатынастың тиімді жақтарын игере бастайды. Сонымен қатар сабақтарда әр балаға жекеше көңіл бөлінеді. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуында бұл әрине тиімді. Себебі, балаға неғұрлым көбірек көңіл бөлінсе, ол сонша ашылады.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстар барысында ол баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның ойлау қабілетінің дамуына жағдай туғызатынын көріп отырмыз. Сабақтардың басым көпшілігі баладан ойлануды қажет ететін, шешім шығаруды қажет ететін қызықты жағдайлардан тұрады.

Тағы бір айта кететін мәселе, ол «Өзін-өзі тану» сабағы бірнеше сабақтарды біріктіріп отыр десек те болады. Яғни, бұл сабақта бала көркем әдебиет, тіл дамыту, айналадағы қоршаған ортамен танысу, экология, валеология, бейнелеу өнері сияқты сабақтардан алған білімдерін шыңдай түседі. Бұл баланың алған білімінің оның ойында, санасында тереңірек бекуіне, орын алуына өте қолайлы.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында табиғат және оның ғажайыптары жайында балаларға өте көп мағлұматтар беріледі. Сабақтардың көпшілігінде балаларға күннің нұрынан, әсем гүлден, мөлдір судан, таза ауадан және тағы да басқа табиғат көріністерінен ләззәт ала білу үйретіледі. Біз өз тәжірибемізде осындай жағдайлар балаларға жақсы әсер ететінін көріп отырмыз. Осы жұмыстар барысында бала өзінің табиғатпен тұтас екенін сезінеді, табиғатқа келтірген зиян өзіне келтірген зиян екенін түсінеді және осы түсінік оның санасында орын алып, болашақта өзін қоршаған ортаға зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» сабақтарының ұйымдастыру тәсілдерінің, құрылысының өзгеше болуы және сабақтың арнайы жабдықталған кабинетте жүргізілуі балаға жақсы жағынан әсер етеді. Яғни, бала сабақты өзгеше қабылдайды және бұл баланың қиялының, шығармашылығының ерекше дамуына әсер етеді. «Өзін-өзі тану» сабақтары барысында бала санасында «бәрі де қолымнан келеді және бәрі де мүмкін» деген ой қалыптасады. Осы ойдың нәтижесінде баланың өз мүмкіншілігіне деген сенімі артады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында балалар альбоммен жеке жұмыс істеген кезде оның тек қана шығармашылығы, қиялы ғана дамып қоймайды, сонымен қатар өзінің бастаған жұмысын соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол өз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жұмысымен іштей салыстырады. Осындай жұмыс барысында бала өз санасында салыстырмалы көрсеткіштерді көре білуге дағдыланады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі жұмысты «бұдан да жақсы істесем» деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді .

«Өзін-өзі тану» сабақтары барысында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа, түсінушілікке үйретуді көздейді. Яғни бұл сабақтарда ойынның өзі де баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіруді көздеп отыр. Міне, сабақтарда орындалатын барлық әрекеттердің бірінің мазмұнын толықтырып, өзара байланыста өтуі үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының ата -ана үшін де үлкен мәні бар. Себебі, «Өзін-өзі тану» сабақтары баланың бойында үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасты, қайырымдылықты, мейірімділікті тәрбиелейді. Тек қана ересектерге ғана емес, сонымен қатар өзінен кіші бауырларына қамқорлық көзқараспен қарауға үйретеді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында альбомдағы үйге берілген шығармашылық тапсырмаларды баламен бірлесіп орындау барысында ата-ана өз баласының мүмкіншіліктерін, қабілетін іс жүзінде көреді және өз көргенінен шешім шығара алады. Баласының қуанышты жетістіктерінен ата-ананың рухани сезімі көтеріледі. Ата -ана мен бала арасындағы өзара тығыз байланыс олардың өзара туыстық қарым -қатынастарымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өзара түсінушілік, сенім сияқты қасиеттерге толы мәнге ие болады. Яғни, олар тек қана ана мен бала немесе әке мен бала сияқты қарым-қатынаста ғана емес, сонымен қатар достар, сырластар тәрізді өзара қарым-қатынастың тиімді жолын орнатады. Әрине, бұл ата -ана үшін үлкен жетістік.

Бүгінгі күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің тәжірибелік бағдарламасы Қазақстан Республикасының жекеленген оқу орындары мен мектепке дейінгі мекемелерде сынақ алаңдарында жүргізілуде. Осы уақыт аралығында сынақ алаңдарында жұмыс істейтін педагогтар «Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдістемесін игеру мақсатында қайта даярлау курстарынан сан мәрте өтіп, өз білімдерін жоғарлатуда. Сонымен қатар бірнеше мәрте барлық деңгейлер бойынша оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, өңделіп, қайта жарық көрді. Қазіргі уақытта «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республикамыздың барлық облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында жүргізіліп жатыр. Оның құрамында бірнеше балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары бар. Жылдан жылға «Өзін-өзі тану» бағдарламасының аясы кеңіп келеді және сынақ алаңындағы балалар саны да өсуде. Әрбір оқу жылын шығарып сала біздер осы жаңа бағдарлама шеңберіндегі жетістіктеріміз бен сәтті істерімізге қуанышпен көз жүгіртсек, әрбір жаңа оқу жылын қарсы ала алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер қоямыз.

Ақмола облысында «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу 2002 жылы басталды. 2002 жылы Көкшетау қаласындағы №33 Ю. Гагарин атындағы мектеп-бақшада және №13 «Экос» орта мектебінде аталған бағдарлама бойынша тәжірибелік алаңдар ашылған болса, 2003 жылы қыркүйек айында №15 «Әсел» мектеп-бақшасында және №3 М. Ғабдуллин атындағы орта мектепте тәжірибелік алаңдар ашылды. Ал 2008 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласындағы №1 «Арман», №5 «Қуаныш», №36 «Аққу» мектеп-бақшаларында, Ерейментау қаласындағы «Сказка» шағын-гимназиясында, Степногорск қаласындағы №2 «Балдырған» және №3 «Иван-Царевич» бала бақшаларында тәжірибелік алаңдар ашылды. Бұл тәжірибелік алаңдардың барлығы өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып келеді. Бұл жұмыстар бірлеске конференциялардан, семинарлардан, дөңгелек үстелдерден көрініс табуда.

Негізгі бөлім

Рухани-адамгершілік тәрбие тарихына шолу

Рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі сан ғасырлар бойы талай елдердің ғұламалары, философтары, ғалымдары, педагогтары өз еңбектерін арнаған. Осы педагогтардың ішінде біздер еңбектерін өзіміздің іс-тәжірибемізде кеңінен қолданып жүрген және балаларды тәрбиелеу кезінде айтқан сөздерін әрдайым ұстанып отыратын ұлы педагог Ш. Амонашивилидің оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ізгілендіру мәселесіне қосқан үлесі өте зор.

Бүгінгі күні үлкен дағдарыс кезеңі болып отыр. Бұл дағдарыс өмірдің барлық салаларында жүріп жатыр. Бүгінгі қоғамның моральдық құндылықтарды жоғалтуы қоғамдағы дағдарысқа әкеліп, ал қоғамдық дағдарыс нәтижесінде болашақ дағдарысы болып жатыр. Ата-аналар өз балаларын қалай тәпбиелеу керектігін білмей қиналса, ал педагогтар өз жұмыстарында тығырыққа тірелуде. Сондықтан да Ш. Амонашивилидің еңбектерінің бүгінгі таңдағы маңызы өте үлкен. Оның оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге арналған көптеген еңбектері бар. Соның ішінде төмендегідей еңбектерін атап кетуге болады: «Педагогикалық симфония» - 2002 ж. , «Антология гуманной педагогики», «Өмір мектебі» т. с. с. Ұлы педагогтың «Педагогикалық симфония» атты еңбегі - бұл шығармашылық лабороториясының сырын ашатын отыз жыл бойы отандық білім беру жүйесіндегі жасаған еңбегінің жемісі. Аталған еңбекте Ш. Амонашивили бастауыш сыныптағы балаларды тәрбиелеудің терең психологиялық аспектілерін ашады. Бұл еңбегінде Ш. Амонашивили ұлы педагогтар Саломонның, Сухомлинскийдің, Я. А. Каменскийдің, Я. Корчактың тәрбие туралы тәжірибелерінен айтқан ойларын, ақыл-ойларын жинақтап, оған сүйенген. Автор балалармен тікелей, шынайы қарым-қатынаста олардың жүректерін ашып, педагогиканың басты шындығын ашады. Яғни, бала білімді құятын ыдыс емес, ол жандыруды қажет ететін шырақ. Бастауыш мектептегі ең алғашқы үш жауапкершілікті қажет ететін ең қиын кезең болып табылады. Сол себептен де тек шебер ұстаз ғана баланы өмірдегі алдамшы көзбояушылықтардан аман сақтап, өмірдің дұрыс жолына сала алады. Ш. Амонашивили осы еңбегінде балаларды қалай жақсы көру керектігі жайында айта келе былай дейді: «Балаларды бар жүрегіңмен жақсы көру керек, ал оларды осылай жақсы көру үшін, махаббаты қалай көрсету керектігін олардан үйрену керек. Мектептегі әрбір күнді, әрбір сабақты педагог ол балаға сыйлық болатындай ұйымдастыруы тиіс. Баланың өз ұстазымен араласқан әрбір қарым-қатынасы оған қуаныш пен оптимизм сыйлауы керек». Осы еңбегінде ол балаларды жақсы оқуға үйрету жайында айта келе ол: «Егер сенің сыныбында балалардың көпшілігі оқығысы келмесе, онда сен - жаман ұстаз болғаның, ал сыныпта балалардың көпшілігі оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстазсың, ал егер сенің сыныбындағы балалардың барлығы оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстаз ғана емессің, сонымен қатар жақсы тәрбиешісің» - дейді. Сонымен қатар Ш. Амонашивилидің «Өмір мектебі» атты жеке тұлғаны ізгілендіру педагогикасының принциптеріне негізделген білім берудің алғашқы сатысына арналған трактатының да қазіргі таңдағы рухани-адамгершілік тәрбие негіздерін қалаудағы маңызы артып отыр. Бұл трактат автордың 70-80 жылдардағы жазған және бізде, сонымен қатар шетелдерде де жарық көрген еңбектерінің жалғасы болып табылыды. Ш. Амонашивилидің бұл еңбегі балаларға ізгілендіру педогогикасы тұрғысынан қарау жүйесін игеруге көмек ретінде берілген. Тракттатта өзінің философиялық негізімен, түсініктемелік базасымен принциптерімен берілген білім берудің жаңа типінің толық концепциясы көрсетілген. Трактат білім берудің алғашқы сатысына арналғанымен, мұндағы идеяларды білім берудің барлық салаларында қолдануға болады. Сонымен қатар отбасында тәрбиені жүзеге асыру барысында да кеңінен қолдануға болады. Автор бұл еңбегінде «Өмір мектебінде» деген сөзді түсіндіре отырып былай дейді: «Мектеп өзінің рухани негізін, қуаныш сыйлау негізін жоғалтты. Ол балаға білім мен икемді беруге арналған ұйымға айналды». Сондай-ақ ол рухани құндылықтары жоқ адамға жаратылыстың бар құпиясын ашатын білімді беру қорқынышты емес пе деген ойды да айтады. Қорыта айтқанда Ш. Амонашивилидің «Өмір мектебі» атты еңбегін балаларға білім берумен қатар, рухани құндылықтарды, өмір сүру әдебін үйретуді іске асыратын білім беру ұйымы жайында жазылған.

Біздер білеміз үнді елі ғажайып сырға толы. Сондықтан да болар осы жерде талай өз ойларын бағалы маржандай тізген талай ғұламалар мен ойшылдар осы жерде дүниеге келіп, өзінің рухани байлықтары жайында ойларын бізге мирас етіп қалдырып отыр. Солардың бірі - Рабиндранат Тагор (1861-1841) . Ол - үндінің ұлы жазушысы, ақыны, композиторы, суретшісі, философы, қоғам қайраткері және патриоты. 1901 жылы ол Индияның прогрессивті дамуының негізі болады деген оймен өз мектебін ашады. Өз мектебінің алдына Тагор мынандай міндетті қойды: « Бұл мектепке адамдар өз өмірлерін жоғарлатулары үшін жиналулары керек, мұнда өмір тек ойлармен ғана емес, сонымен қатар істермен де толықтырылуы керек, мұндағы ұлдар айналадағы өмір жоғарыдан сыйланған және осы өмірде өмір сүру үшін, оның әрбір таңның атуы мен күннің батуын көзімен көріп тамашалауы үшін оған лайықты болулары керек»

Үндінің тағы бір ғұламасы - Шри Сатья Саи Бабаның рухани-адамгершілік тәрбие мен білім жайындағы жазған еңбетері өте көп. Бұл ғұламаның өз еңбектерінде жазған ақылды ойлары, адамның жамандықтан арылып, жақсылыққа ұмтылуына өзін тек қана сырттан ғана танып қоймай, сонымен қатар іштен де тани білуге үйрететін үйретулері кезкелген бала тәрбиесін алдына қойған адамды толғандырмай қоймасы анық. «Учение Сатья Саи Бабы» деген жинақта Шри Сатья Саи Баба білім адам құндылығы екендігін айта келе: «Бізге үш түсініктің, яғни бұл ұят, сана және саналылықтың мәнін білу керек. Бүгінде адамдар өзінің ішкі рухани дүниесіне, болмысына жақын болудан, ақшаға жақын болып кетті, ал бұл олардың бойында сенімсіздікті тудырады. Өзіне деген сенімсіздік барлық әлсіздіктерді тудырады» - деген. Оның осы ойларын оқи отыра онымен еріксіз келісесін.

Сонымен қатар рухани-адамгершілік тәрбие мәселесіне өзінің үлкен үлесін қосқан танымал поляк жазушысы, педагогы - Януш Корчак (1878-1942) туралы да сөз қозғауға болады. Бұл педагогтың біздерге «Баланы қалай жақсы көру керек» деген еңбегі таныс. Бұл еңбегінде автор балалардың терең қобалжуларының, олардың жасаған қылықтарының мәнін ашады. Сонымен қатар ол ата-аналар мен педагогтарға баланы қалай жақсы көру керектігін, оны қалай қабылдау керектігін, отбасында оған қандай көзқарас болу керектігін әңгімелейді.

Тек қана шетелдердің ақын-жазушылары мен философтары ғана рухани-адамгершілік тәрбие мәселелері жайында ғана сөз қозғап қойған жоқ, сонымен қатар адамгершілік тәрбиені тілдеріне тиек еткен қазақстандық ақындар, ағартушылар, жазушылар қаншама ? Мысал үшін бар қазақтың ұлы ақыны Абайдың қара сөздері тұнып тұрған рухани-адамгершілік тұрғыда емес пе ? Мысал үшін оның адамның айналасындағы қоршаған ортамен байланыста адам болып қалыптасатынын айқындайтынынон тоғызыншы сөзінде ол былай дейді: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп, ескеріп жүрген кісі өзі де есті, болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерін ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады» ал адамның ең жоғары сезімдерінің бірі махаббат жайлы айта келе «Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт сезім. Бұл ғадаләт сезім, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил» - деген екен. 1

Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбие тақырыбына өз еңбектерін арнаған жазушыларының бірі - Ы. Алтынсарин. Мектепке дейінгі білім мен бастауыш білім беру сатыларында жиі кездесетін «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Бағалы шөп» деген әңгімелерінің тәрбиелік мәні өте зор.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге рухани-адамгершілік білім беру жұмыстарын сапалы іске асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың мазмұны

Көкшетау қаласындағы №15 «Әсел» мектеп-бақшасы мемлекеттік мекемесінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы 2003 жылдан бері оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуде. Қазіргі кезде мекемедегі тәжірибелік алаңда 5 топ жұмыс істейді. Бұл топтардың ішінде 3 ересек топ және 2 мектепалды даярлық топ бар. Бұл топтардағы балалардың жалпы саны - 160. Бұл мекемедегі жалпы балалар санының - 62 % құрайды. Жылдан жылға тәжірибелік алаңдағы балалар саны өсіп келеді. Тәжірибе жұмысын бастаған 2003 ж. тәжірибелік алаңдағы жалпы балалар саны 49 болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш 3 есеге өсіп отыр. Тек балалар саны ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік алаңның жұмыс мазмұны да, қойған мақсаты да өзгерістерге ұшырауда. Бастапқы жылдары біздер жаңа бағдарламаның мазмұнын түсінуге, ұғынуға көбірек мән бердік. Себебі, біздер үшін бұл бағдарлама жаңалық болған. Ал, бүгінгі күні біздер жыл сайын аталған бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің жаңа жолдарын игеріп, жаңа бағыттарын ашудамыз. Бұл жұмыстардың барлығы аталған бағдарламаның сынақтан сапалы өтуіне және білім беру мекемелерінде тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына жағымды жағдайды ұйымдастыруды көздейді.

Қазіргі таңда мекемедігі тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар төмендегідей бағыттарды қамтиды:

- «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу, аталған бағдарламаның элементтерін өзге сабақтарға кіріктіру;

- «Өзін-өзі тану» бағдарламасының идеясының негізінде педагогтармен кеңестер, пікірталастар, тренингтер, мониторинг, зерттеу жұмысын, профессиограмма жүргізу;

- рухани-адамгершілік тәрбие беру идеяларын тәрбиелік жұмыстардың мазмұнына кіргізу, арнайы тәрбиелік кештер ұйымдастыру;

- ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұнын ізгілендіру, отбасымен өзара серіктестікті орнату;

- мекемедегі педагог қызметкерлерге жатпайтын өзге қызметкерлермен адамгершілік тақырыптарда түрлі отырыстар ұйымдастыру;

- «Өзін-өзі тану» бағдарламасының идеяларын мекеме ішінде тереңдету және мекемеден тыс жерлерде насихаттау;

- бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік білімділіктерін бағалу;

- білім беру мекемесін заманның жаңа талабына, эстетикалық талғамға, баланың рухани өсіп, жетілуіне сай етіп жабдықтау және безендіру;

Жоғарыда аталып кеткен жұмыстардың барлығының өзіндік үлкен маңызы бар.

Бірінші бағытта біздер үшін «Өзін-өзі тану» сабақтарының өз уақытында, тиісті сапалы дәрежеде өтуі және осы сабақтың элементтерін өзге сабақтарда мүмкіндігінше қолдану негізгі мақсатымыз болып табылады. «Өзін-өзі тану» сабақтары ересек және мектепалды даярлық топтарында жүретін болғандықтан, біздер сәбилер және естиярлар тобында ең жеңіл «Шаттық шеңберінің» және «Жүректен жүрекке» шеңберінің элементтерін жиі қолдансақ, ересек және мектепалды даярлық топтарда сабақтар барысында сергіту сәтінің орнына кей кездері «Тыныштық сәтін» немесе «Өзіммен өзімді» қолданамыз. Жалпы «Таңғы жиында» біздер «Шаттық шеңберінің» элементтерін жиі пайдаланамыз, бұл балаларды қызықтырады және балаларды жаңа жұмыс күніне дайындауға жағымды жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық дағдыларын оқу-тәрбие процесінде тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайында
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
«Жанұяны фаминистік бағыт бойынша зерттеу»
Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерінқалыптастыруда алатын орны
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz