Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
гуманитарлық техникалық институты
“ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ” КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді» «» 2008ж.
Кафедра меңгерушісі: А. Е. Жүсіпов
Алтыншаш Асқарқызы Сыздықова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
“Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары ”
Ғылыми жетекші:
п. ғ. к. Г. К. Камиева
Көкшетау - 2008 жыл
МАЗМҰНЫ
БЕТІ
КІРІСПЕ . . . 3
I . Сабақ түрлеріің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Сабақ түрлерінің зерттелуі . . . 8
1. 2 Сабақтың педагогика-психология негіздері . . . 13
II. Сабақ түрлерінің құрылысы және ұйымдастыру әдістемесі
2. 1Сабақтың түрлері және дидактикалық құрылысы . . . 27
2. 2 Сабақ түрлерінің ұйымдастыру жолдары . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 80
ҚОСЫМША . . . 82
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
« Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық-әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек». (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан) .
Қазақ тілін оқыту сапасын арттыру үшін тақырыбына, мақсатына орай сабақ түрлерін нақты білу керек. Диплом жұмысын «Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары» тақырыбына ала отырып, оны жан-жақты зерттеуді мақста еттім. Интерактивтівтік тақтаны пайдалану толық ашылып болды деп айта алмаймыз, ол - болашақтың еншісі. Біздің жұмысымыздың өзі де осы болашаққа деген мақсаттарды іске асыру жолында аздаған септігін тигізе алса, зерттеудің өзектілігі болып табылмақ.
Зерттеудің нысаны . Зерттеудің нысаны ретінде сабақ түрлері туралы жазылған ғылыми еңбектер, атап айтқанда, М. Махмұтов, Ж. Қоянбаев,
Ж. . Әбиев еңбектері алынды. Сабақтың түрлерін ұйымдастыру туралы әр жылдары жазылған мерзімді басылымдарда жарияланған еңбектер іріктелді.
Зерттеудің мақсаты :
- сабақ туралы еңбектерді жинақтау, бір ізге түсіру;
- жиналған материалдарды сұрыптау, сараптау, тақырыпқа бөлу;
- ғалымдардар еңбектеріндегі пікірін, көзқарастарын таныту;
- диплом жұмысы барысында материалдың өзектілігіне, мезгілдік тұрғыда
жаңалығына мән беру;
- сабақ ұйымдастыру жолдарын мұғалімдерге, студенттерге таныстыру.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері . Зерттеудің әдіснамалық негіздері әдістеме ғылымының әдіснамалық зерттеу әдістеріне сүйенілді. Атап айтқанда, талдау, саралау, өзіндік ой-пікір түйіндеу, педагогикалық-психологиялық тұрғыда автордың айтайын деген ойының мәніне барлау жасау сияқты жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу әдістері . Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту, сараптау т. б. зерттеу әдістері тиісінше қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық маңызы ретінде сабақ түрлеріне байланысты еңбектерді талдап зерттеу жасалынғаны жұмыстың теориялық маңызды болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сабақ түрлері туралы көп айтылғанымен, диплом жұмысының өзегі ретінде әдістеме ғылыми тұрғысында алынған емес. Аталған жұмыс осы салада дипломдық жұмысы болуымен және де сабақ құрылысына, ұйымдастастыруына, уақыт өзгеруіне орай сабақ тақырыбын ең үздік, инновациялық-әдістемелік, тәжірибелік жаңа түрін белгілі ғалымдар ғылыми ойларын осы еңбекте біршама топталуы жас ұрпақты оқыту тәрбиелеуде пайдалануына оңтайлы жағдай тууы ғылыми жаңалық бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындан, қосымшамадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы берілген.
Бірінші тарау»Сабақтың түрлерінің ғылыми-теориялық негіздері» деп аталады. Бұл тарауда академик М. Махмұтовтың сабақтарға жүйелеген, атақты ғалым Ә. Қоныратбаевтың және халық мұғалімі К. Айтқалиевтің ой- пікірлері беріледі.
Екінші тарау «Сабақ түрлері және ұйымдастыру әдістемесі» деп аталады. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрлерінің ұйымдастыру жолдары жасалған.
Диплом жұмысы қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлеленеді.
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі мәселелерінің бірі - оның түрлері.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалім сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерінде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс тәсілдердің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Осы кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар бірыңғай жүйеге келтірілмейді. Соңғы жылдары В. О. Онищуктің, Г. Д. Кирилованың, М. И. Махмұтовтың кітаптарында кейбір құнды пікірлер сұрақтар түрінде айтылған: Сабақтың қандай элементтері өзгермейді? Сабақты құрудың негізі болу керек пе? Әрине, бұл сұрақтарға бір мағыналы жауап беру мүмкін емес. Өйткені бұл мәселелер терең теориялық зерттеуді талап етеді. Ал жоғарыда көрсетілген еңбектерде де сабақтың бірыңғай типологиясы жөнінде нақты пікірлер айтылмаған.
Қазіргі сабақ деген түсінікті біртұтас теориялық жүйелілікте қарастырылады. Сабақта оның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатынан бастап, оның түрі, құрылысы, сабаққа дайындық, оны жүргізу және оған талдау жасау әдістемелерін қамтитын біртұтас кең ұғым деп таниды.
Бүгінгі заманның сабақтың негізі бағыты - сабақ үстінде оқушының өз бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру. Шығарма жазуға үйрететін сабақты келтірсек, оқушы өз ойын тек ауызша емес, жазбаша де жеткізе міндетті. Сабақтың бұл түрі оқушының өз ойын, көзқарасын жазбаша сауатты жеткізе білуге баулиды. Академик М. Махмұтов сабақтардың 5 түрін көрсетеді, ал атақты ғалым Ә. Қоңыратпаев бір пәнді алсақ - қазақ әдебиет сабақтарының 4 түрін атап көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайтыны белгілі. Бір сарынмен өтетін сабақтар оқушыны аса қызықтырмайды. Әр сабақты мүмкіндігіне қарай түрлендіре жүргізу бүгінгі сабақ, бүгінгі оқытудың де басты белгілері болып табылады.
Сабақ типіне қарай дәстүрлі және дәстүрлі емес деген үлкен 2 топқа бөлінеді. Дәстүрлі емес сабақтың 25 түрлерін атап, олардың барлығы міндетті сабақ түрлері деуден аулақпыз. Ең бастысы - ұстаздардың сабақты түрлендіріп өткізуде біршама алға басуы, ізденісін көрсету үшін, бірлесіп отыр. Сабақ түрлерінің әрқайсысының өткізудің жағдайы, талаптары, әдіс -тәсілдері оларға қысқаша сипаттама берілді.
Сабақтың педагогика негіздері оқыту процесінің заңдылықтары принциптеріне бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің бірнеше принциптеріне баяндау жасалынды.
Сабақ арқылы шәкірт біртіндеп білім, дағды, икемділікті тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял), эмоция, ерік - жігер т. б. процестері дами түседі.
Сабақтың психологиялық негізі - шәкірттің оқуға талпыны мен ынтасын қалыптасу жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы материалды ұғыну ерекшелігін т. б. осы іспеттес мәселелерді қарастырылды.
Білім берудің қай түрі болса да, негізінен, сабақ арқылы іске асады, сондықтан, сабақты дұрыс ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына мән берулі. Бұл істе мұғалімдер тобы жаңаша ізденеді, әрқашан жаңалық күтеді. Қазақ тілін оқытудағы сабақ түрлері, оны жүргізу жүйесі мен барысы әлі де назар аударуға қажет етеді. Осы мәселеге дипломдық жұмыста көңіл бөлінген.
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты бүгінгі білім беру жүйесінде оқытудың жаңа әдістеріне көшу қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Оқу процесінде жаңа оқу технологияларын, яғни Интернетті, дөңғелек үстел басындағы жарыс сөздерді, СД-дисклерін, электронды оқулықтарды, проектік сабақтарды т. б. пайдаланудың дәстүрлі сабақтардан гөрі берері мол. Бұндай оқыту түрлері білімгерлерді шығармашылық, ізденіске дағдылануды, ұжымда жұмыс істеуді үйретеді. Білімгерлер дәстүрлі өткізілетін сабақтардан ғөрі, оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған сабақтарға көбірек қызығып, белсене қатысады.
Оқыту әдістерін жаңа түрінің бірі болып саналатын проектік сабақ туралы сөз айтылған.
I. САБАҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 САБАҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Академик М. Махмұтов «Современный урок» атты еңбегінде сабақтарды былайша жүйелеген.
1. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұған лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильмдер көрсету арқылы оқушылардың өз бетімен ізденуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жаткызылады.
2. Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы . Сабақтың бұл түріне ауызша, жазбаша жаттығу, окушылардың өз бетімен ізденуі, лабораториялық жұмыс түрлері жатады.
3. Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар негізінен өтілген материалдарды өзара іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабақ түрінде өткізіледі.
4. Аралас сабақ . Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақ түрлерінің бәрімен тығыз байланыста өткізіледі.
5. Білім іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабақтары . Бұл сабақтар сұрау-жауап тәсілінде негізделеді.
М. Махмұтов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты емес, сабақта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашан да ауыспалы сипатта болатындығын айтады. Қазіргі сабақ деген түсінікті біртұтас теориялык жүйелілікте қарастырады. Сабақта оның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатынан бастап, оның түрі, құрылысы, сабаққа қойылатын талаптар, сабаққа дайындық, оны жүргізу және оған талдау жасау әдістемелерін қамтитын біртұтас кең ұғым деп таниды.
Қазақ тілі сабақтарында тақырыптық есептен басқа практикум сабақтарда өткізіліп жүр. Практикум сабақтардың негізгі мақсаты - оқушының өздігінен жұмыс істеуі, тапсырманы жеке және топ болып орындауы, оқушы білімін, икемділігін мұғалімнін тексеруі, бағалауы окушылардың өзін-өзі, өзара, яғни бірін-бірі тексеруімен ұштастырылып отырылуы.
КСРО халық мұғалімі Қ. Айтқалиев өз тәжірибесінде қазақ тілінен практикум сабағын кеңінен қолданады. Практикум сабақтар теория мен практиканы ұштастыру, орфографиялык, пунктуациялық сауаттылығын, грамматикалық талдауды қалай меңгеретіндігін анықтау, оған үйрету, жетілдіру жұмыстарын қамтитын сабақ түрі болып табылады.
Б. Т. Панов «Орыс тілі сабақтарының типтері мен құрылысы» атты еңбегінде («Типы и структура уроков русского языка» М., «Просвещение», 1986) сабақ типтерін төмендегіше топтастырды. Бірінші топқа оқу материалдарын меңгерту барысыңдағы психологиялық, педагогикалық кезендерге сай өткізілетін сабақ түрлерін, жаңа материалды өту сабағы, білім, іскерлік пен дағдыны бекіту сабағын, қайталау, өтілген материалды жүйелеу сабактарын аралас сабақ түрлерін жатқызады. Келесі топқа оқушылардың жазбаша жұмыстарын талдау, бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады.
Әрі сабактың құрылысы алдымен меңгерілетін, үйретілетін оқу материалдарының ішкі логикалық жүйесіне сүйену арқылы ғана анықталады. Екіншіден, қазіргі сабақтың негізгі бағыты - сабақ үстінде окушының өз бетімен істейтін жұмысынын салмағын арттыру.
САБАҚ ТҮРЛЕРІ
1. Кіріктірілінген сабақтар
2. Дәстүрлі емес сабақтар
3. Аралас сабақ
4. Қайталау сабағы
5. Бекіту сабағы
6. Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
7. Білімді қортындылау
8. Білімді тексеру
9. Тексеру және бағалау
ІО. Жүйеге келтіру сабағы.
Жоғарыда келтірілген сабақ түрлері әдебиет сабағында сөздік қорымызды, тілімізді байытумен тығыз байланысты. Бірақ ол дидактикалық мақсатқа негізделген әдебиет, өнер материалдарына сүйенген арнайы сабақтар да болуы қажет. Осы типке жататын сабақ түрлеріне сипаттама беретін болсақ:
Өмірден, көркем шығармадан, өнерден алған әсерлері бойынша шығармашылық жұмыс сабақтары . Осындай сабақтарды құрылымының негізінде материалды таңдау, шығарманың тілі және композициясы бойынша жұмыстар жатады.
Оқушылар мұндай сабақтарда өздік жұмыс істеуге, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Ортаңғы, әсіресе, жоғары сынып оқушыларына мұндай сабақтардың үстінде оқылған кітаптар немесе көрген фильмдері туралы ой-пікірлерін әңгімелеуге немесе жаздыртуға болады.
Ауызша әңгімелеуге немесе ауызша баяндама жасауға үйрететін сабақтар . Сабақтың осы түрі оқушылардың алға қойылған міндетін ұғыну; қажетті материалды тез арада таңдап алып, оның ішінен ең керекті жерлерін белгілеу; әңгіме, баяндама жоспарын құрып, өз түсінігі бойынша сөйлеу іскерлігін дамытуды көздейді - делінген. Мұндай сабақтар ауызша сауатты, еркін сөйлеуге дағдылануға бағытталған.
Шығарма жазуға үйрететін сабақтар . Оқушы өз ойын еркін тек ауызша емес, жазбаша да жеткізуге міндетті. Сабақтың бұл түрі оқушының өз ойын, көзқарасын жазбаша сауатты жеткізе білуге баулиды.
Мұхтарова Э. осындай сабақтардың маңыздылығы туралы келесідей ойды білдіреді: «Шығарма жазуға үйрету - оқушыны адамгершілікке, ізгілікке баулитын құралы, ол - оқушының анализ-синтез, жүйелік, салыстыру, нақтыландыру мен жинақтауды жүзеге асыру, еркін де сыни көзқарасты қалыптастыру, өзіндік позициясы мен жігері мол тұлғаны жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқаратын күрделі жұмыстың бірі». [16. 12]
Аталып кеткен сабақ түрі оқушылардың тіл мәдениетін дамытады, сөздік қорын молайтады. Өйткені, шығарма - оқушының творчестволық жұмысы. Мұнда оқушы оқыған шығармаға баға береді. Ал сапалы шығарма терең ойлану нәтижесінде жазылады.
Шығарманы талдау сабақтары арқылы ұстаз шәкірттерінің қалайша тақырыпты меңгергендігін, ойын жазбаша жеткізе білетінін байқайды. Осы сабақтарды оқушылар өз кемшіліктерін көріп, келесіде ондап қателіктерді жібермеуге тырысады. Мұғалім мұндай сабақтарда жақсы жазылған шығармаларды оқып, басқаларға үлгі етеді және қандай кемшіліктері болмауы тиіс екендігін ескертіп отырады. Ал, нашар жазылған шығармаларды сыныпта оқу дұрыс болмайды. Бұл іс-әрекет баланы ұялдыртып, ыңғайсыз жағдайға қойып, психикасына әсер етуі мүмкін.
Аталған сабақ түрлері сабақтың мақсатына, мазмұнына сай қолданылатын әдіс-тәсілдеріне сай көптеген варианттары болуы ықтимал. Жалпы, бұл ұсынылған жіктеуді әдебиет сабағындағы негізгі бағыттарының барлығы да көрініс тауып, жүйелі түрде орналасқан деуге болады. Осы жіктеу сөз өнері пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деп жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.
Бірақ бұл жіктеуде тек қана сабақтың мақсаты мен мазмұнын негізге алынып, сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекетінің сипаты, сабақты ұйымдастыру түрі ескерілмейді. Осы топтамадағы кейбір сабақтың түрлері іс жүзінде сабақтағы компонент ( әдебиет теориясы, ауызша жауап беру және ауызша баяндамалар жасауға үйрету, тарихи-әдеби материал бойынша курс) қызметін атқарады. Яғни бір сабақ үстінде бір-бірін толықтыратын элементтер функциясында келеді.
Атақты ғалымдарымыздың бірі - Ә. Қоңыратпаев қазақ әдебиеті сабақтарының мынадай түрлерін атап көрсетеді:
- кіріспе сабақтары;
- көркем мәтін бойынша жұмыс істеу сабақтары;
- талдау сабақтары;
- қайталау, қорыту сабақтары.
Бұл сабақ жіктелуі белгілі бір шығарманы талдау негізінде жүйелі түрде орналасқан. Осындай жүйемен өткізілген сабақтарда оқушылар көркем мәтінді жан-жақты талдап, оқу материалын терең меңгереді.
1. 2 САБАҚТЫҢ ПЕДАГОГИКА - ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негіз талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихыңда зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуга қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру) . Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса, сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойыңдаған дидактикалық принциптер жүйесі:
- ғылымилық,
- саналық пен белсенділік,
- көрнекілік,
- жүйелілік пен бірізділік,
- беріктілік,
- тиімділік,
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ежелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже жалпы приңциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жай: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз. Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Ғылымилық принцип.
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның ролі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму дәрежесіне сәйкестеңдіру, жаңа әдістемелер мен жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзіңде тек иңдукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.
-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міңдеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.
Жүйелілік пен бірізділік принципі.
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; окушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алуға тиісті.
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
- Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.
- Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру, қысқа қорытындылауды сабақтың басыңда, барысында және аяғында өткізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz