Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау С. Садуақасұлының саяси көзқрасының қалыптасуы мен оның қызметінің басталуы . . . 13
ІІ тарау Алаштың ұлы - Смағұл . . . 18
2. 1 Қазақстандағы білім беру мен мәдениет саласындағы С. Садуақасұлының қызметі . . . 24
2. 2 Қазақстанда әлеуметтік-құрылыстық, теориялық мәселелерді шешуінде С. Садуақасұлының қосқан үлесі . . . 28
2. 3 С. Садуақасұлының көсемсөздік мұрасы . . . 30
ІІІ тарау С. Садуақасұлы тарих толқынында
3. 1 ХХғ. С. Садуақасов қызметіне байланысты сын көзқарастар . . . 37
3. 2 Қызыл идеологияға қарсы тұрған қазақ . . . 40
Қорытынды . . . 49
Сілтемелер . . .
Қосымшалар . . . 52
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 54
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Зиялылар тарихына - адамзат ойы мен мәдениеті, қоғамның рухани өмірі тарихына тоқталмай тарихи дамудың санқырлы, күрделі құбылыстарын ашып көрсету мүмкін емес. Біздің тоталитарлық құрылыс жайлаған елімізде бұл мәселе жетпіс жылдан аса ең басты және саяси күш коммунистік партияның тарихымен, біржақты идеологиямен және үстірт концепциясымен тығыз байланыста болды.
Сондықтан ғасырымыздың 20-30-шы жылдарын зерттегенде партия мен зиялылар қауымының саяси қарым-қатынасы мәселесін естен шығаруға болмайды. Сонда ғана ұлт зиялыларының төңкеріс кезіндегі рөлі мен орнын шынайы анықтауға және қазіргі кезеңдегі оның көптеген күрделі мәселелерінің мәнін толық түсінуге болады.
Қазақ зиялыларының өмір жолы кеңестік дәуірде аракіндік зерттелді. Олардың көпшілігі революциялық қозғалыстарға, кеңестік құрылысқа атсалысқан қайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм идеологиясы аясынан аса алмады. Осы дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих ғылымының ұстанған идеологиясы тосқауыл болды. Тоталитарлық жүйе тұсында - көзінің тірісінде де, қайтыс болған соң да - әділетсіздік пен қиянатқа ұшыраған аса ірі мемлекеттік қызметкер - С. Садуақасұлы болды.
С. Садуақасұлы - XX ғасырдағы Қазақстан тарихында терең із қалдырған саяси тұлға. Кеңес дәуірінде ұлтының бостандығы үшін аянбай алысып өткен қоғам қайраткері. Туған жұртын мәдениет пен өркениет биігіне жетелеген зиялылардың аса көрнекті өкілі. Тұстастары мен кейінгі буындыларға тигізген, әлі де тигізер шапағаты мол ғұмыр иесі. Сондықтан ол ең алдымен нағыз Ер Азамат болды. Ол ұлты үшін жаралған дара тұлға. Халқының жоғын жоқтап өткен, жұртын жанын сала қорғаған, ел мүддесін бәрінен де жоғары қойып, өз басына қауіп төнгеніне қарамастан «жалғанмен жағаласқан» Алаш ұлы. Азамат деген ардақты атты әрдайым жоғары ұстанғанына оның әрбір қадамы айғақ бола алады. Оның азаматтығы ұлтына пайда келтіретін істердің жаршысы әрі ұйымдастырушы болғанымен дәлелдейді. Ал ол өмір сүрген дәуірде азамат болу қиынның қиыны еді.
С. Садуақасұлы ұлтымыздың тарихында мәңгі жас күйінде қалды. Ұлт шежіресінде Смаұғұл есімі тұңғыш қазақ жастарының ұйымдастырушысы, басшы қайраткерлерінің бірегей болғандығы жазылуға тиіс. Әлихан Бөкейханұлының ізбасары, жастар арасында белсенді жұмыс атқарған ол Алаш қозғалысының да көрнекті өкілі болды. Ол жастардың проблемаларымен әрдайым айналысып жүрді.
С. Садуақасұлы - мемлекеттік қайраткер. Зорлықшыл кеңестік жүйеге қарсы әрекет жасаған оппозиция жетекшісі. Коммунистер «садуақасовшылдық» деп атаған, ал шын мәнінде жалған интернационализмнің шабуылынан өз ұлтын қызғыштай қорғаған ағымның басшысы. Голощекиншілдердің айып - жазғанындай жікшіл емес, ұлтының тұтастығы, бостандығы, жарқын келешегі үшін алысқан, таптық емес, бүкілхалықтық мүдделерді көздеген парасат иесі. Мәскеудің империялық қиянатына, отаршылдық саясатына тегеурінді тойтарыс беруші. Болшевиктер партиясының шексіз үстемдігімен арпалысып өткен қайсар күресші. Смағүл - көрнекті мәдениет қайраткері. Оқу халық комиссары. Биік рухты зиялы. Ағартушы. Ұлағатты ұстаз. Ұстаздардың ұстазы. Зерек, сезімтал жазушы. Қарымды журналист. Заман тынысына үн қосқан әдебиет сыншысы. Экономика, тарих, философия, әдебиет саларында өзіндік ізі бар зерттеуші, ойшыл, ғалым С. Садуақасұлының республикада ғылымның дамуында атқараған ұйымдастырушылық қызметінің өзі бір төбе. Кейінгі ұрпаққа мол шығармашылық мұра қалдырған адам.
С. Садуақасұлы Қазақстандағы 20-шы жылдардағы ең бір маңызды тұлғалардың бірі болды, бірақ ұзақ жылдар бойы зерттеу шеңберіне түспеген еді. Ол саясатшы, сыншы, зерттеуші, жазушы және қоғам қайраткері. Ол революцияға дейін орыс тілін, білімін игергендердің біреуі болды. Смағұлдың жастар аясында өз жұмысын бастауы, оның республикадағы коммунимстік партияның беделді қызметкер атана әкелді. Ол партиялық, мемлекеттік билік органдарында көптеген белгілі, беделді орындарда қызмет атқарды. 1920 жылдары С. Садуақасұлы Орынборда комсомолдық, қазақ өлкелік бюросының хатшысы, Қазақ Орталық атқару комитетінің хатшысы. 1923 жылы республика жастарының комитетінің мүшесі, ал 1920-1926 жылдары Қазақ АКСР ағарту, халық комиссары, Қазақ Орталық атқару комитетінің төралқасы болып жұмыс істеді.
Мемлекеттік қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі барлық дерлік газет, журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, тарих, өнер мәселелерін сөз еткен мақалалары бар.
Аса ірі мемлекет қайраткері болғанмен С. Садуақасұлы аяусыз қуғын-сүргінге ұшырады. «Жүзжылдықтың алғышқы жартысындағы зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызмет өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» деген сөздер С. Садуақасұлына қаратып айтылғандай көрінеді.
Тоталитаризмнен кейінгі уақытта тарихтың субъективті факторына ерекше назар аударып, тарихымыздағы жеке тұлғалардың рөлі туралы ізденістер қайта жандануда. Сондықтан кешегі дәуірлердегі республика басшыларының мемлекеттік, қоғамдық саяси қызметін объективті зерттеу - Қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Тарих сахнасына бүгінгі біз басымыздан кешіп отырған кезеңге ұқсас алмағайып өтпелі уақытта шыққан С. Садуақасұлының халқына атқарған пайдалы еңбегін, өнегесі мол мұрасын ұрпақтарының игілігіне жаратудың үлкен тарихи-танымдық мәні бар. Бұл - өзімізді өзіміз тануымыздың, халқымыздың рухани жаңғыруының маңызды алғы шарттарының бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Бүгінгі күнгі С. Садуақасұлының өмірі мен қызметі жөнінде жазылған, қолында бар ғылыми еңбектеріне анализ жасасақ, оның есімі ұзақ уақыт бойы жасырын түрде қалғандығын көреміз, ал егер қандай да бір еңбекте аталып өтілсе де «национал - уклонист» ұғымымен бірге жүргендігін көреміз. Бұл жағдай қозғалған проблеманың толыққанды зерттелмегендігін көрсетеді. 20 жылдардың аяғынан бастап С. Садуақасұлының саяси және мемлекеттік қызметі «национал - уклонизм» сипатта жазылып, бұл ұғым тарихнамада ұзақ жылдар бойы жолбасшылық еткен болатын.
20-30 жылдардағы басылымдар негізінен партияның мерзімді баспасөз материалдармен, партиялық форумдардағы Голощекин мен оның жақтастарының сөз сөйлеулерінен ұсынылған. 30 жылдарынан 80 жылдарының соңына дейін С. Садуақасұлының өміріне жүргізілген идеологизация саясатының нәтижесінде, оның есімі естен шығарылды. Қандай да бір сұрақтарды талқылаған кезде Смағұлдың есімін атап өтпеу мүмкін болмады, оның есімі саяси, мәдени, әлеуметтік салада үнемі ескертілді, бірақ «ұлтшыл» айыбы өзгермелі қалпында қала берді.
60-80 жылдары С. Садуақасұлының қызметін және кейбір саяси көзқарастарын жанама түрде атап, бірқатар еңбектері жарияланған болатын. Бірақ әдеттегі Садуақасов жоспарына жүргізілген саяси, таптық анализ сақталынды. Оның кейбір ғылыми еңбектерін жете анықтап қарастырайық . . .
Бұл жерде Г. Ф. Дахшлейгердің «Қазақстандағы (1921-1929жж) ауыл мен деревнядағы әлеуметтік - экономикалық қайта құрулар» еңбегін ерекше атап көрсету қажет. Бұл ұжымдастыруға дейінгі ауыл тарихына байланысты ең ауқымды және маңызды еңбектерінің бірі. Бұл монография бүгінгі күнге дейін өзінің ғылыми маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бірақ бұл еңбекте С. Садуақасұлының көзқарастары қатты сынға ұшыратылған. Еңбекте жазылғандай: «На поводу у буржуазных националистов шли уклонисты в сторону местного национализма (в частности Смагул Садвокасов), также отрицающие байскую эксплуатацию бедноты, отвергающие необходимость революционных мер по переустройству общественных отношений в ауле . . . ». [18] Садуақасов ешқашан да ауылдағы жаңартулар жүргізуді жоққа шығармаған, бірақ онымен ұсынылған әдістер ресми түрде қабылдағандардан алыс болған. Бұл жағдай жөнінде Г. Ф. Дахшлейгер өз еңбегінің ІІІ бөлімінде жазған болатын. Г. Ф. Дахшлейгерің келесі қарастырған мәселелер, С. Садуақасов қолдап тұрған Швецов, Полочанский мен Сириустың экономикалық концепцияларын сынға ұшыратқан.
Ұлттық театрын ұйымдастырғысы келген Садуақасовтың «национализмін» Н. Львов айқындауға тырысты, оның есептеуінше, сол кезде Білім беру наркомы болған С. Садуақасов қазақ театрын басқа халықтарының әдебиет пен мәдениетінен толық оқшауландыруға ұмтылды деп айтты. Мұндай ойларын, С. Садуақасов атаған да жоқ. Керісінше, әлемдік мәдениетте, әсіресе орыс мәдениетінен тек қана ең үлгісін алуға шақырды.
Қазақ мәдениетіне шолу жасаған кезде, Смағұл Садуақасовтың ұлттық театр ұйымдастыруда, оның әдеби шығармашылығы жөнінде ешқандай ескерту жасалынған жоқ.
Қазақстандағы комсомол қозғалысын қалыптастырып, ұйымдастыруда ғылыми әдебиетінің молдылығына қарамастан, өз еңбектерінде С. Садуақасов есімін атап көрсеткен: И. А. Спиридонова және М. С. Тереник болатын. Бұл еңбектерден С. Садуақасовтың Қазақстандағы комсомол ұйымдастыруда өз үлесін қосқандығына болжау жасауға болады. Бірақ И. А. Спиридонова еңбектерінде көптеген хронологиялық қателіктер жіберілсе, М. С. Тереник С. Садуақасовтың сол кезде комсомол бюросының саяси хатшысы, түрік халықтарының Орталық-шығыс бюро комсомолының Президиум мүшесі қызметін атқарғандығын көрсетпеген.
В. П. Осиповтың ғылыми еңбектерін біржақты бағалау қате болар еді. Алғашқы жұмыста («Қазақстандағы ЦК РКП(б) толыққанды мүшесі . . . »), автор 1922 жылы С. Садуақасовтың Қостанай губерниясында КЦИК өкілі болған кезеңді қарастырды, әдетте бұл кезең ғылыми әдебиеттерде қарастырылмаған.
Смағұлдың Торғай үкімін (Қостанай губерниясында) реорганизациялау ұмтылыстарын атап көрсетіп, В. П. Осипов Садуақасовты «национал - уклонист» ретінде сипаттайды. Бұл монография 20-30 жылдарын қарастырады, бірақ егер бұл монография сол жылдарда-ақ жазылса, онда бұл бағалануын түсінуге болатын еді, бірақ жазылу уақытын ескерсек, В. П. Осиповтың екінші еңбегі 1991 жылы жарияланды, сонда да С. Садуақасов қызметінің бағалануы еш өзгертілмей, «национал - уклонист» сипатта қалды. В. П. Осиповтың еңбегінде Смағұлдың өмірбаянында көптеген қателіктер жіберілген.
Қазақстан тарихындағы Смағұл рөлін жаңа кезеңде жаңадан қарастыру 1980 жылдардың аяғынан басталды. Бұл кезде мерзімді баспасөздің жариялымдарының авторлары, енді Смағұлдың тұлғасына үндеу салды. Ерекше атап өтетін бір жағдай, С. Садуақасовтың өмірін мен қызметін айқындауда тарихшыларды филологтар басып озды. 1988 жылы Б. Қойшыбаевтың мақаласы шықты. Одан кейін тек С. Садуақасовтың тұлғасын оқырмандарға шолып, таныстырып өтетін көптеген мақалалар жариялана бастады және олар тек публицистикалық сипатта болды. Көптеген зерттеушілер тарихи фактілерді айтқанда хронологиялық дәлдігіне мүлдем назар аудармаған болатын.
С. Садуақасовтың қызметінің кейбір аспектілерін қозғап өткен тарихшылар монографиялары, сол дәуірге толық, нақты, жан жақты сипат бере алады.
М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков кітабында («Тарих тағылымы не дейді?) толық бір бөлімі С. Садуақасовқа арналды. Мұнда С. Садуақасовтың өмірі мен қызметінен басқа 20 жылдардағы ауыл проблемалары, оның даму жолы мен ауылдардағы «азаматтық соғыс» пен «азамат бейбітшілігі» арасындағы таңдауда мемлекеттік аппаратының коренизация мақсаттары, «Еңбекші қазақ» газеті және т. б. сұрақтарға тоқталады.
Садуақасовтың саяси көзқарастарының қалыптасуы мен қызметінің әр түрлі проблемалары М. С. Бурабаевтың «1917-1940жж Қазақстандағы қоғамдық ой» және Д. Қамзабекұлының «Смағұл Садуақасұлы» еңбектерінде қарастырылған. Соңғысы автордың мақалаларын жинақтап көрсетеді.
С. Садуақасұлының көзқарастарына қатаң сыни көзқарас, 20-80 жылдары ерекше идеологиядан бас тартуынан басталғандығы көрінді. Мысалы, Ж. Абылхожин өз монографиясында С. Садуақасұлының ойларын сынға тартып, 20 жылдары қазақ ауылында капиталистік кезеңнің ыдырап және нарықтық қатынастардың дамуын жоққа шығарады.
Жалпы қазақтың VI партиялық конференциясында С. Садуақасов келесі сөз айтты: «Біздің қазақ ауылымыз негізінен тауарлы болып келеді, осы негізге сүйене отырып, біз жалпы саяси қимылдарға көшуіміз керек». Осыған байланысты С. Садуақасұлына тағылған «әдістемелік дилетантизм» айыбы әділ екендігін растайды. Сонымен қатар Кеңес билігі пайда болған алғашқы жылдарында қазақ шаруашылығы негізінен натуралды сипатта болып, қазақтар өз қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып отырғандығын дәлелдейді. 1928 жылы кедейлердің тауарлы өнімі тек 9, 1% құраса, орташа шаруаларда 17, 2%, ал 1924-1925жж кедей шаруашылығы барлық мал шаруашылығының ¾ бөлігін ғана құрады.
С. Садуақасовтың әдеби мұрасы Д. Мыңбаевтың кандидаттық диссертациясының тақырыбы болған еді. Бұл диссертацияда С. Садуақасов ғылыми әдебиеттанушы, жазушы, театралдық сыншы ретінде сипатталған. Оның публицистикалық және әдеби мұрасына көп көңіл бөлінген, бірақ оның көптеген еңбектері қарастырылмаған.
Бар әдебиеттің тізіміне көз жүгіртіп қарасақ, келесі қорытынды жасауға болады:
- 80 жылдардың соңына дейін С. Садуақасұлының Қазақстан тарихындағы орнын, оның еңбектерін тарихи дамудың таптық негізде жасағандықтан дұрыс, объективті баға беруге ұмтылыстар жасалмаған.
- 80 жылдардың аяғынан бастап журналистер және әдебиеттанушылар С. Садуақасұлының тұлғасына көңіл аудара бастаған. С. Садуақасұлының жазушылық шығармашылығын және қызметін ашуында, оны әдебиет және театр сыншысы ретінде тануында жазған еңбектері үлкен үлес қосады. Ал Смағұлдың тарих сахнасындағы саяси және экономикалық қайта жаңартуларында, Қазақстанның 20 жылдары филологтарда эмоционалдық бағалаулар нақты деректерден асып, көптеген қателіктер жіберілген, сондықтан журналистер мен әдебиеттанушылардың мақалаларын ғылыми еңбектерге жатқызуға болмайды.
- 80 және 90 жылдары жоғары атап өткен тарихшылардың жұмыстары (М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, М. Бурабаев, И. Қозыбаев) С. Садуақасұлының өмірінің әр түрлі қызмет қырларына тоқталып, бұл жұмыстарының одан әрі терең зерттеу жұмыстарына негіз болатындығына назар аударуымыз керек.
Тарихшылар С. Садуақасұлының абзал бейнесін ашып көрсететін шындықты жазу жағынан бүгінгі қауым алдында қарыздар. Оның қиыншылықтар мен қайшылықтарға толы драмалық сипаттағы өмірінің қыр-сыры, сан-салалы қызметінің жай-жапсары ғылыми - объективтік тұрғыдан ашылып, жазылды деу әлі ерте. С. Садуақасұлының ел тарихында алатын орнын арнайы зерттеу, ізгілікті де игілікті осы тақырыпты жоғары дәрежеде ашып көрсету- тарихшылар қауымының парызы болып табылады.
С. Садуақасұлының тұлғасын зерттеу қажеттілігі осыдан көп уақыт бұрын айқын сезілді. Смағұлдың ғұмыры қандай күрделі болса, оның өмірі мен қызметін тану жолы да сондай қиын болды. 1926 жылдың аяғында БК(б) П Қазақөлкекомның жауапты хатшысы Голощекиннің ұйымдастыруымен С. Садуақасұлы саяси айыпкерге айналды. «Садуақасшылар» дегеннің авторы да Голощекин болды. С. Садуақасұлының мақалаларының бәріне теріс баға берілді. Голощекин С. Садуақасұлын нашар коммунист екендігін дәлелдеп қана қойған жоқ, оны Қазақстандағы большевистік саясатының қас жауы, әсіресе ұлт мәселесінде «түзелмейтін оппортунист» бейнесін жасады. С. Садуақасовтың Голощекин жасаған образы О. Исаев, І. Тоғжанов т. б. коммунистік идеологтардың жарияланымдарында нақтыланды. Тұтастай алғанда кеңестік тарихнама С. Садуақасовтың бейнесі мен өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсете алмады және мұны мақсат тұтпады. Ол заманда ақ пен қараны айырып болмайтын кез болғандығына С. Садуақасұлы туралы дүниелер айқын мысал бола алады.
20 жылдардың екінші жартысында Қазақстанның саяси өміріндегі кейбір аспектілерді қарастырғанда, авторлар С. Садуақасовтың әдеби мұрасының шығармашылығына жан жақты анализ жасауды мақсат етіп қоймаған, С. Садуақасовтың Қазақстандағы бастапқы мемлекеттік қызмет кезеңдері қарастырылмаған.
Жоғары аталғандарының барлығы С. Садуақасұлының өмірі мен қызметіне терең зерттеулер жүргізудің қажеттігін көрсетеді.
Тақырыптың мақсаты:
20-шы жылдардағы аса ірі тұлғалардың бірі - Смағұл Садуақасұлы соңғы он жыл шамасында тарихта өз орнын тауып, бізге белгілі болып отыр. Оның істеген қызметін, жазған еңбектерін зерттеу біздің міндетіміз. Смағұлдың өмір жолының, қызметінің кейбір ашылмаған өзекті мәселелеріне тоқталып кету. Оның көтерген мәселелері бүгінге дейін жоймағанның маңызын ашып қөрсету. Өміріндегі белгісіз жылдар тізбегін қалыптастыру.
Садуақасаұлының ұстанған саясатын және не себепті Кеңес өкіметіне жақпағанын кең зерттеуге алу. Оның ұстанған саясатын біз оның еңбектерінен көре аламыз, сондықтан еңбектеріне жүйелі түрде тоқталып өту жөн.
Отандық тарихнамадағы үздік жазылған қайраткерлер бейнелерінен үлгі ала отырып, С. Садуақасұлы біртуар тұлғасын жүйелі әрі объективті түрде зерттеу арқылы оның тұтас ғылыми өмірбаянының жазылуына әсер ету. Ол мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау қажет:
- С. Садуақасұлының өмірі мен қызметіне байланысты айғақтар, тарихи деректердің барлық түрлерін жинақтап, салыстырып - саралау негізінде оның Қазақстан тарихында алатын орнын мүмкіндігінше нақты көрсету;
- Садуақасовтың қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуын және олардың негізгі мазмұнын ашып көрсету;
- 20 жылдардағы Қазақстан тарихында С. Садуақасовты қоғамдық - саяси және мемлекеттік қызметкер ретінде айқындау;
- Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және мәдени дамуына байланысты С. Садуақасовтың көзқарастарын зерттеу;
- С. Садуақасұлының дүниетанымының қалыптасуын айқындап, оның Қазақстанның мемлекеттік қайраткері болып өсу жолын жан-жақты анықтау;
- шынайы деректер келтіріп, С. Садуақасұлының халқына атқарған қызметін талдап көрсету;
- ұзақ жылдар бойы оның есіміне қасақана танылған жаза-жазғырулардан арылту;
- С. Садуақасұлын оппортунист еткен жәйттерді зерделеу және оның жаңа орынға бастаған тоталитарлық-күштеу тәртібі мен Голощекинмен күресін, осы жолдағы жеңістері мен жеңілістерін атап көрсету;
- «Садуақасовщинаның» мәнін ғылыми тұрғыдан тыңғылықты зерттеу;
- С. Садуақасұлының тарихи мұрасының танымдық, тәрбиелік маңызын ашып көрсету;
- С. Садуақасұлының аса белгілі мақалаларын кең түрде ашып, зерттеу;
- оның кеңестер билігіне талдау жасау;
- С. Садуақасұлының шығармашылық қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсету.
Әдістемелік негізі:
Белгілі тарихи тұлғалардың қызметі мен өмірін, актуальді тарихи пароблемаларын зерттеуге көмек көрсететін ғылыми тәсілдерінің жиынтығы бұл жұмыстың әдістемелік негізі болып табылады. Жалпы бұл жұмыс жүргізу барысында Смағұл Садуақасовтың саяси-экономикалық концепциясын зерттеуге мүмкіндік берген тарихи жан-жақтылығы, сын көзқарас және жүйелі түрде зерттеу әдістемесі, анализ және синтез тәсілдері, хронологиялық, салыстырмалы - тарихи, типологиялық, сонымен қатар герменевтикалық тарихи танымның жалпы негізгі теорисы негізінде студент Смағұл Садуақасовтың өмір сүрген, айналысқан қоғамдық жұмыстарды терең түсініп, сол кездегі С. Садуақасовты қоршаған ортасын сезіп, оған бейімделуге зор көмек көрсетті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
С. Садуақасовтың сыры мол ерен тұлғасын тану, оның бай мұрасын терең игеру, объективті бағасын беру бір күннің немесе бір адамның ісі емес. Оның күрделі тағдырының анық-қанығына жету үшін әлі де болсын уақыт керек. Сонымен бірге ол жөнінде білетініміз де, жазғанымыз да әлі көңіл көншітерлік емес. Алдымен С. Садуақасұлы туралы осы күнге дейін не жазылды, соның ішінен шындықты аршып, ажыратып алу ісі аяқталған жоқ. Қазақ ұлтшылдығының идеологы әрі көсемі саналған С. Садуақасұлының өмірбаяны тарихшыларымыз үшін жабық тақырып болатын. Әйткенмен ол жөнінде аз жазылған жоқ. Бірақ олардың дені әкімшілік - төрешілдік жүйе үстем құрған дәуірде жазылғандықтан шындық бүркеліп немесе бұрмалаудың үстіне бұрмаланып келді. Біркелкі даттау, жөн-жосықсыз айыптаулар түрінде жазылған дүниелерден объективті - ғылыми қорытындылар жасауға жарайтын сенімді деректерді, ой мен пікірлерді іздеп, табу қиын шаруа болғанымен қолға алынады.
Бұл жұмыста С. Садуақасұлының саяси, экономикалық көзқарастарын тарихи контекстте зерттеудің алғышарттары берілген. Кейбір жағдайларда зерттеушілер оның қарсыластар көзқарастарымен салыстырып, С. Садуақасұлының идеяларының актуальдігін айқындауға көмек көрсетеді. Қазақстан тарихында оның орнын және рөлін айғақтайды. Бұл жұмыс С. Садуақасовтың республикадағы жастар қозғалысын ұйымдастыруда С. Садуақасовтың рөлін ашып көрсетеді. Бұл жерде С. Садуақасов Қазақстан жастарының ресми және бейресми лидері болып біржақты түсіндіріледі. Сонымен қатар Республикадағы экономикалық, саяси және мәдени дамуының перспективаларын ашатын С. Садуақасов көзқарастары жөнінде көптеген деректер келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz