САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ . . . 5
1. 1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер . . . 5
1. 2 Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері . . . 7
2 ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ . . . 17
2. 1 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру . . . 17
2. 2 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру және лицензиялау . . . 23
2. 3 Уәкілетті мемлекеттік орган және сақтандыру ісін қадағалауды жүзеге асыру . . . 38
3 ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ . . . 42
3. 1 Сақтандыру шарты түсінігі мен нысаны . . . 42
3. 2 Сақтандыру шартының элементтері . . . 45
3. 3 Сақтандыру шартының мазмұны . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы - Қазақстан Республикасының нарықтық экономика қатарында болу себебіне байланысты нарықтың бір саласы ретінді сақтандыру соңғы кездері арнайы заң негізінде қолға алына бастады, және сол үшін атқарылатын сақтандыру қызметіне байланысты қалыптасатын мәселелерді зерттеуге арналған.
Дипломдық жұмыста сақтандыру туралы жалпы ережелер сипаттамасын анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, жел және осылар сияқты т. б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Сақтандыру қызметі ежелден атқарып келе жатқан дәстүрлі қызметімен қатар жаңа заман талаптары мен мүмкіндіктеріне сәйкес пайда болған жаңа сақтандыру қызметін атқаруда.
Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. "Өнім" деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ, "өнім" деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының) мүдделерін ескеруді қамтамасыз ететін заңның міндетті нормаларына қайшы келмейтін және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып келеді.
Заңда сақтандыру нысанының түсінігі де қарастырылған. Ол "сақтандыру түрлері" деген бұрын күшінде болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады. Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери қызметкерлерінің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды және судьялардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленеді. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен, өмірді және денсаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Жиі-жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек-қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті.
Жалпы бұл тақырып төңірегінде айналысып жүрген шетелдік және отандық ғалымдар, заңгерлер, қаржыгерлер аз емес. Атап айтсақ, А. И. Худяков, В. К. Рейхер. Л. И. Рейтман, Е. В. Коломин, В. В. Шахова, Ю. М. Журавлев, Г. П. Салюс және басқалары.
Сақтандыру саласының атқаратын қызметінің мәселесі бір қарағанда, қарапайым, қиындығы жоқ сияқты болып көрінгенімен, екінші жағынан алғанда, елдегі қаржылық-экономикалық жағдайға тікелей әсер ететін факторлардың бірі болғандықтан, ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті мәселеге айналып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - сақтандыру саласындағы атқарылатын қызмет тәртіптерін жетілдірудің жолдарын қарастыру болып табылады. Сақтандыру қызметі - ол жеке тұлғаның және заңды тұлғаның, яғни олардың мүдделерін қорғаудың бірден-бір жолына басты себеп болып табылады деп ойлаймын.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет;
- сақтандырудың жалпы түсінігінің маңыздылығы мен объектісін анықтау;
- сақтандырудың қатысты Қазақстанның азаматтық зандылығын зерттеу;
- сақтандырудың маңыздылығын, олар арасындағы шартты анықтауды қарастыру қолға алынған.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында сақтандыру туралы жалпы ережелер, сақтандыру құқығының негізгі түсініктерін талдау қарастырылған. Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актілерінде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын түсініктер жиынтығы туралы айтылған.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында сақтандыру қызметін ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру және лицензиялау, уәкілетті мемлекеттік орган және сақтандыру ісін қадағалауды жүзеге асыруды талдау қарастырылған. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілеті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілеті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында сақтандыру шарты түсінігі мен нысанын талдау қарастырылған.
Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемін жасау бойынша міндеті орындалуын талап ете алады.
1 ТАРАУ САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ
1. 1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер
Сақтандырудың мәні бір қатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді. [1]
Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын кұру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи-техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтық экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға.
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың "иығында" болып тұр. Осымен бірге бір қатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе-бет келді, техногендік апаттар саны артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қаңдай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орнын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі ж. б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған заң-дардың, өзге нормативті-қүқықтық актілердің қабылдануына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиымсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекеттік жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол берілді. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды, және қазір ол кәсіпкерліктің ең жоғары ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтан-дырумен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырьп, мемлекет сақтандырудың дамуын бақылаусыз өз бетімен жібере алмады. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы қүқықтық салалардың бірінің сақтандыру қүқығының дамуымен бірге болды. А. И. Худяковтың анықтамасына сәйкес: "Сақтандыру құқығы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы". [2]
Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастыру мәнін төмендетпей, сақтандыруға жататын жағдайлар әсерінен зардап шеккен тұлғаларға мүліктік өтем жасау мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей құралы болып жеке жасалған азаматтық-құқықтық шарт келетінін айтып кетелік. А. И. Худяков азаматтық құқық үлесіне шарттық сақтандыру міндеттемесінің жалпы құрылысын анықтауды жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық құқық қөзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз қатысушыларына азаматтық-құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің қөзқарасымыз бойынша, КСРО кезіндегі қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі болды.
Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға арналған заң актілерінде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын түсініктер жиынтығы бар.
Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республиқасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан "Сақтандыру туралы" заң күші бар Жарлығы саналды . 2003 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" жаңа Заңы қабылданды, қазір ол заңгерлер тарапынан жоғарғы бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 803-845-баптарын қамтитын 40-шы "Сақтандыру" деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің де бірқатар саны бар, мысалы 1996 жылдың 31 қазанынан №1319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, және 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 460 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және т. б.
Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызда қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңында мазмұндалған. Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңында да бекітілген.
1. 2 Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері
Сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады. Түсіндіру түсініктер (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды әртүрлі түсіну қаулымен қорғайды. Сонымен бірге түсініктерді анықтау бұл қазіргі құқықта кең қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы көзқарасынан жетіктеу қылуға мүмкіншілік береді (материалды артық қайталамауға мүмкіншілік береді) . Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 3, 4-баптарында, ҚР Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында және т. б. ашылады.
Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға. Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы. Актуарийлік қызмет сақтандыру қызметі туралы заңдар және уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлік қызметті жүзеге асырудың халықаралық принциптері (стандарттары) ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. [3]
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша-бастамашылық актуарийлік есептеулер;
2) Казақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда-міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі.
Актуарийлік есептеулер жүргізу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті актуарийлік есептеулер мен қорытындыларды жасау жене дайындау үшін қажетті, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәліметтердің бәрін беруге міндетті. Актуарий өзінің қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.
Актуарий өзі жасаған актуарийлік есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдігіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауап береді.
Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ре-зервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілерді уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің аудитін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар уәкілетті аудитор жүзеге асырады. Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге міндетті.
Уәкілетті аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді.
Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелері - белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.
Қайта сақтандырушы - өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.
Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәкеуелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы - сақтандырушының сақтандыру шарты мен анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сыйақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін ұсынатын ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді. [4]
Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу орынды болып келеді.
Қүшіндегі сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын жіктелуінің күрделенуімен ерекшеленеді. Қазір Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға, класстарға, түрлерге жіктеледі.
Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүрлі объектілерімен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған, олар:
- өмірді сақтандыру;
- жалпы сақтандыру;
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келеді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын объективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған (пайда алушы) тұлғаға ақылы төленуін қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге с. с. мүмкіншілік береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде класстарды еңгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру. Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық пайдаланылған құқықтары мен қызығушылықтардың орнын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезенде азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрынғыға қарағанда салыстырымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнатуымыз мүмкін. Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегілер жатады:
1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. [5]
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір класстың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір классқа байланысты заңнама заңды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.
Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы бойынша жалпы жағдайлар көбіне императивтік (міндетті) болып анықталатынын айтуға болады. Бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын субъектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.
Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. "Өнім" деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік категорияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ, "өнім" деген түсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сақтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да (пайда алушының) мүдделерін ескеруді қамтамасыз ететін заңның міндетті нормаларына қайшы келмейтін және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт болып келеді.
Заңда сақтандыру нысанының түсінігі де қарастырылған. Ол "сақтандыру түрлері" деген бұрын күшінде болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz