ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Сақтандырудың функциялары және мәні 6

1. 2 Азаматтық құқықта әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі 10

1. 3 Шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі 13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ

ОРНЫ МЕН РӨЛІ

2. 1 Сақтандыру нормативті-құқықтық базасы 19

2. 2 Қазақстан Республикасында сақтандыру кәсіпорындардың қызметтің ұйымдастыру 22

2. 3 Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және лицензиялау 25

3 ҚАЗАҚСТАНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ

ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының негізгі

мәселелері 47

3. 2 Болашақта әлеуметтік сақтандыруды дамыту жолдары 51

3. 3 Әлеуметтік сақтандырудың құқтық нормативтік базасы 52

ҚОРЫТЫНДЫ 56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

КІРІСПЕ

Тақырыптын өзектілігі: Дипломдық жұмыста елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделері қорғау үшін шараларын күшейтуді қажет ететін мәселелер қарастырылған.

1995-ші жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-ші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тікелей тыйым салады [1] .

Азаматтық құқықта сақтандыру туралы бірнеше көзқарастар бар. Біреулер сақтандыру капитализмге дейінгі формацияларда пайда болды деп айтады. Басқалары сақтандыру капитализмнен кейін пайда болды дейді.

Тарихи сақтандырудың екі негізгі нысаны болады: сақтандырушылық өзара көмек. Ол оның қатысушылары арасында өзара көмек туралы бір реттік келісімдер сипатында болды. Сонымен қатар, ол натуралды сипатқа ие болып, залалды өтеу сақтандырудың қатысушылары арасында кейінгі жайып салу негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымактастық бастаулар негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.

Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:

  • қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
  • залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған ұшыраған адамға компенсациялау;
  • сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен қалыптасады және осы қордың қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.

Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің қүнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.

Көптеген әдебиеттерде сақтандыру ұзақ уақыт бойы қаржылық санат ретінде қарастырылды. Бүл сақтандыру операцияларын жүргізуге мемлекеттік монополияның болуымен және сақтандыру қор қаражаттарының көбінесе мемлекетгік бюджеттік тапшылықты жабу мақсатында мемлекетпен алынатындығымен шарттасылған еді. Соңғы кезде экономикалық әдебиеттерде сақтандыру жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты сақтандыруды ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, ұлттық сақтандыру нарығының дамуында ерекшеліктер мен үрдістерді аныкгау, сақтандыру сферасындағы қаржылық қатынастарды зерттеу ерекше көкейкесті болады.

Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек. Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын және жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы және ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетш сакгандырушылық қорғау нысандарына қатысты.

«Сақтандыру» бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатгы қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі қолайсыз құбылыстардьщ залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның мәні, сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы, ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипатгамасы, сақтандырудың негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі әдістері қарастырылған.

Зерттеу маңыздылығы: міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда азаматтық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.

Зерттеудің мақсаты: сақтандыру туралы түсінік, оның жекелеген әлеуметтік сақтандырудың мәнін, орның және перспиктивалық даму мәселесін білдіру.

Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қойямыз:

  • сақтандырудың теоретикалық аспектілерін ашу;
  • қазақстан республикасындағы сақтандырудың орны мен рөлін талдау;
  • Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелеріне теориалық тұрғыдан тоқталуда.

Зерттеу әдісі: осы дипломдық жұмыста ең алдымен сақтандырудың теоретикалық аспектілері; сақтандырудың функциялары және мәні, Азаматтық құқықта әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі, шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі, содан келе Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың орны мен рөлі; сақтандыру нормативті-құқықтық базасы, 2004-2007 жылдағы ҚР-дағы сақтандыру нарығының қызметің талдау, сақтандыру қызметін ұйымдастыру және лицензиялау. Сондай ақ Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелері; Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының негізгі мәселелері, болашақта әлеуметтік сақтандырудың дамыту жолдары, міндетті әлеуметтік сақтандыруды зерттеу кезінде теориалық тұрғыдан қарастыру.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік және ережелік құқықтық актілері қарастырып отырған мәселе бойынша жетекші отандық және шет ел ғалымдарының ғылыми еңбектері жинақталып талданады.

Зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері қолданылады.

Зерттеу объектісі Қазақстан Републикасындағы сақтандыру нарығының даму перспиктивасының мәселелесі болып табылады.

Зерттеу пәні Қазақстан Републикасындағы сақтандыру нарығының даму перспиктивасының жүйесі болып табылады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Републикасындағы сақтандыру нарығының даму перспиктивасының өндірісі барысында теориялық үрдістерді түйіндей отырып қолданыстағы тәжірибедегі қолданудың жүйесіне талдау жасайды.

Практикалық маңыздылығы: дипломдық зерттеу нәтежелері Қазақстан Републикасындағы сақтандыру нарығының даму перспиктивасының, азаматтық құқықтық зерттеуде ғылыми мақсатта және оқытушылық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының құрылысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, маңыздылығы, мақсаты, міндеті, зерттеу әдісі, объектісі, пәні, теориялық және әдістемелік негіздері, ғылыми жаналығы, практикалық маңыздылығы мен құрлысы қарастырылады.

Бірінші бөлімде сақтандырудың теоретикалық аспектілері; сақтандырудың функциялары және мәні, азаматтық құқықта әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі, шет елдердегі сақтандыру тәжірибесі қарастырылып кеткен.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың орны мен рөлі; сақтандыру нормативті-құқықтық базасы, 2004-2007 жылдағы ҚР-дағы сақтандыру нарығының қызметің талдау, сақтандыру қызметін ұйымдастыру және лицензиялауды қарастырдық.

Үшінші бөлімде Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары және мәселелері; Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының негізгі мәселелері, болашақта әлеуметтік сақтандырудың дамыту жолдары, міндетті әлеуметтік сақтандыруды қарастырдық. Зерттеу нәтижесі мен ұсыныстар қорытындыда қарастырылған.

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Сақтандырудың функциялары және мәні

Сақтандыру - қоғамның азаматтық құқықтық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

- қатынастардың ықтималдық сипаты;

- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;

  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлықжағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы жәнежинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асьфылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандьфу) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметтің ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақгандыру; аннуитетгік сақтандыру. [2]

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру(көлік құралдарын қоспағанда) ; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтык жауптылықгы сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық - кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .

Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы салдарынан келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардьщ өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауааптылықты сактандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақгандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.

Шартты бұзғандығы үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдьшда азаматтық - құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның паидасына сақтандырылған болып есептеледі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс - қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардьщ кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

2005 жылдың басынан бастап «Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры» өзінің тікелей қызметін бастады. Қор «Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры туралы» заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары сақгандырудың тек міндеті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған зандарға сәйкес) : әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындагы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық - құқұықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенітер мен туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші - тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар) зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауаптылығын, есімдік шаруашылығында сакгандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру.

Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдардың капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.

1. 2 Азаматтық құқықта әлеуметтік сақтандырудың мәні мен рөлі

Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам мүшелерін асырауға құрылған валдық өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен қолдануы арқылы қолданылады.

Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл әлеуметтік сақтандыру болып табылады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі, капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі әлеуметтік сақтандырудың орны мен рөлі мәнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен сапасының көбеюін және олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.

Әлеуметтік-саясаттық аспектіде әлеуметтік сақтандыру қартайған кездегі, ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған жағдайда, жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мен мүгедеттілігіне байланысты болады және әрекет ететін заңдылықпен реттеледі. [3]

Әлеуметтік сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді. Әлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету, сонымен қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы қоғамның талаптары әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Әлеуметтік сақтандыру өзін өзі басқарудың баствмасынан құрылады, басқа қоғамдық ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы професионалдық одағының белсенді рөлін болжайды.

Әлеуметтік сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін қажетті жағдайларды құру болып табылады.

Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі саладағы және халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді, мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне деген жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, кңбекке қабілетті азаматтардың ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар, экономика сферасы бойынша орналастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
Қазақстан Республикасының жалпы сақтандыру жағдайы
Сақтандырудың теориялық негізі
Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Әлеуметтік сақтандыру қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz