Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

Қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-9

1. Жанұядағы тәрбиелеу стилінің кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуацияларының қалыптасуына тигізетін әсері

1.1Жанұя түсінігі тәрбиелеу институты ретінде.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-12

1.2.Толық және толық емес жанұя ерекшеліктері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-15.

1.3 Мінез акцентуациялары туралы ілімдер жиынтығы.
... ... ... ... ... ... ... ... .16 -28

2.Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары

2.1 Отбасындағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуациясының қалыптасуына әсерін тигізетін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29-42

2.2. Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез

акцентуациясын зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.43-57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58-59

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...60-61

Қосымшалар

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған.

[1] Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы конвенция
1989 ж 20 қараша
[2] Қазақстан Республикасының Бала құқықтары декларация 1959 ж
[3] Қазақстан Республикасыны Конституциясы Алматы - 1995ж
[4] Назарбаев Н.Ә Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемелкеттің
саясаттың басты мақсаты ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан
халқына жолдауы –Астана Елорда 2008ж

Анықтамалар

Жанұя – бұл мүшелері бірлескен өмір сүрумен, эмоционалдық байланыспен,
өзаралық моральдық жауапкершілікпен, өзара түсінісушілікпен бірлескен, неке
немесе қан туыстығына негізінде құрылған әлеуметтік-психологиялық топ
Мінез акцентуациясы – бұл мінездің белгілі бір ерекшеліктері күшейген
қалыптың шеткі нұсқалары, нәтижесінде жақсы және жоғары тұрақтылық кезінде
басқаларға деген психогендік әсер етулердің белгілі бір тегіне қатысты
таңдау күмәнділігі айқындалады.
Фактор – процестің, құбылыстың қозғаушы күші, оның негізгі сипатын, белгілі
жақтарын анықтайтын.
Даму факторы – факторлар жүйесі, баланың психикалық және тәртібінің дамуы,
олардың негізіне орта мен тәрбиенің ықпалы алынады.
Протекция деңгейі сияқты фактор – бұл ата-ананың бала тәрбиесіне жұмсайтын
күш, назар және уақыт болып табылады.
Басқа маңызды фактор – бұл баланың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі.
Отбасындағы стильдер деп – ата-ана мен балалар арасындағы қатынастарды
сипаттайтын, оларға сөз, педагогикалық әрекеттесу арқылы ықпал жасауда
қолданылатын құрал, әдіс, тәсілдерді айтамыз.
Тәрбие потенциалы деп әрбір отбасының балаға тәрбиелік ықпал жасау
мүмкіншіліктерін айтамыз.
Тәрбие потенциалы –ол баланың дамуына ықпал жасайтын мүмкіндіктер мен
құралдардың жиынтығы (отбасы тәрбиесіндегі материалдық, ұлттық,
психологиялық, педагогикалық, рухани мүмкіндіктердің жиынтығы)
Экономика – жанұяның қажеттілік аспектілерін, материалды құндылықтар мен
қызметтердің қолдануын зерттейді.
Этнография – жанұя ерекшеліктерінің түрлі этникалық сипаттармен мәдени
мұралармен байланысын қарастырады.
Демография – тұрғындарды өндіру үрдісіндегі жанұя рөлін зерттейді.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы
БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҚД-Бала құқығы декларациясы
ТМД-Тәуелсіз мемлекеттердің достығы

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Жанұя – бұл мүшелері бірлескен өмір
сүрумен, эмоционалдық байланыспен, өзаралық моральдық жауапкершілікпен,
өзара түсінісушілікпен бірлескен, неке немесе қан туыстығына негізінде
құрылған әлеуметтік-психологиялық топ. Жанұя бұл адамдар арасындағы қарым-
қатынас, оның аясында жанұя мүшелерінің күнделікті өмірінің басты бөлігі
өтеді, қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ол бала тәрбиесінің басшысы және
жетекшісі. Бала құқығы туралы конвенцияда бала тұлғасының толық әрі
гармонияда дамуы үшін ол махаббат пен түсінісушілікке толық жанұя
атмосферасында өмір сүруі керек делінген [ 1].
1989ж -2007 жылы 20 қарашада ҚР БҰҰ бас Ассамблеясы бүгінгі таңда
халықаралық акті болып табылатын балалар құқығы туралы Конвенция қабылдады.
Конвенция 54 баптан тұрады, 18 жасқа болмаған балалар мен жасөспірімдердің
мүддесін қорғайды. Онда: баланың өмір сүруге және дамуға құқығы, тыныш
балалық шаққа және зорлықтан қорғанысқа құқығы, өз ойы үшін құрметті болу
құқығы, қызығушылықтарын есепке алу құқығы бекітілген. Конвенция бала
денсаулығының, әлеуметтік қауіпсіздігінің, өмір сүру, ойнау, уақыт өткізу
деңгейінің нормалары, баланың туған тіліне, мәдениетіне құқығы бекітілген .
БҚД бастамасы көптеген үкіметтердің назарын балаларды аштықтан,
суықтықтан, эпидемиялық аурулардан, бала еңбегін пайдаланудан қорғауға
аударып, әлемдегі барлық дамушы қоғамдардан қолдау тапты. [2]
Ата-ана баланың алғашқы қоғамдық ортасы болып табылады. Ата-ана
тұлғасы бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Өміріміздің қиын жағдайында біз
ойша ата-анамызға әсіресе анамызға тіл қататынымыз кездейсоқ жағдай емес.
Сонымен қатар ата-ана мен бала қатынасын әрлендіретін сезім ол – басқа
эмоционалдық байланыстардан өзгеше болады. Ата-ана мен бала арасындағы
сезімдер ерекшелігі - баланың өмір сүруінің өзі ата-ана қамқорлығына
тәуелді, ал ата-ана махаббатына деген зәрулік баланың ең басты қажеттілігі
болып табылады. Әр баланың ата-анаға деген махаббаты шексіз, шартсыз
болады. Егер өмірінің алғашқы жылдарында ата-анаға деген махаббат өз өмірі
мен қауіпсіздігін қамсыздандырса, жас ұлғая келе ол адамның ішкі,
эмоционалды және психологиялық әлемін қолдау мен толықтыру болып табылады.

Ата-ана махаббаты адамның амандылығының көзі мен кепілділігі, дене
және рухани қолдауы.
Міне, сондықтан да ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың
өзін жақсы көретіндігіне сенімін бекіту. Ешқашан ешқандай жағдайда бала ата-
ана махаббатына күманданбауы тиіс. Ата-ана міндетінің ең бастысы, ең
маңыздысы – балаға кез келген шақта махаббат пен жылу сыйлау.
Баланың дамуына ата-ананың әсері өте күшті болады. Махаббат пен
түсінісушілік атмосферасында өмір сүретін бала денсаулығына байланысты,
мектепте оқу, қатарластарымен араласу мәселесінде қиындықтары аз болмақ,
және керісінше, ата-ана-бала қатынасының бұзылуы түрлі психологиялық
қиындықтар мен өзіне деген сенімсіздікке әкеліп соқтырады және де бұл
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Ата-ана өз отбасын нығайта отырып ,
сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын
көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады.Адалдық пен
мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-
пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді Қазақ отбасында әуелі әке, содан
кейін шеше, бұлар –жанұя мектебінің ұстаздары болады.Отбасының беріктігі
қоғамның жағдайымен даму қарқындылығымен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта
өкінішке орай, жағдайсыз отбасылардың саны артуда. Мұндай отбасылардың
пайда болуы себептері: ата-аналардың ішімдікке салынуы, нашақорлық, зорлық-
зомбылықтың артуы т.б .Мұндай отбасылар психолог, мектеп, мемлекет
тарапынан көмек көрсетуді қажет етеді. Шаңырақ ортасына түскен күні жас
баланың психикасына түсетін ауыртпалық жүгі оның бүкіл өміріне кері әсер
етеді. Бала әке-шешесінен ғана емес, ата-әжесінің
тәлім-тәрбиесінен де қол үзеді. Жан-жағына зер салып, ой қорытатын жас енді
өз бетімен шешім қабылдайтын болады. Осындай балалардың іс-әрекеті
бақылаусыз қалғандықтан , қоғамда жасөспірімдер тарапынан жасалатын заң
бұзылушылық көптеп белең алып келеді. Әрине , бұл проблемалардың шешілу
мәселелері мемлекеттің назарынан тыс қалмаған. ҚР Конституциясында
көрсетілгендей Баларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың
табиғи құқығы әрі парызы деп отбасының міндеті ашық көрсетілген. [3]
Қазақстан Республикасының Президенті Н:Ә Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге
қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін
арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен
немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз деп
қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық білім қызметі белсенділігінің
маңызын жоғары бағалаған. [4] Сонымен қатар мемелекетімізде отбасы ,балаға
байланысты 45-тен астам нормативтік құжаттар қабылданған . Олар:1989 ж
қабылданған Балалар құқығы туралы Конвенция, отбасы құқықтары Неке және
отбасын туралы заңдар,1992 ж көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау
көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық,2007 ж Неке және отбасы жайлы
кодексі т.б. Отбасы мәселесін зерттеуге келсек, жанұя мәселесін зерттеген
ТМД елдерінің ғалымдары Ю.А Ковалев, Э.Г: Эйдемилер, Ю.П .Азаров, В. Сатир,
И.В Гребенников, Ю.И. Семенов, А.Е.Личко,
С.Д. Лаптенюк, А.М. Нечаева т.б. Ал Қазақстанда отбасы мәселелері
Х.Арғынбаев, Ж.Б. Қоянбаев, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, К.Бейсенбаева,
М. Тажин, Б.Аяғанова, Л.Лысенко, Ж.Әбиев, Р Төлеубекова секілді
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған[5] .Баланың отбасынан қашықтап ,
оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсері Т.В Лодкина, А.И Захаров,
В.С. Мухина, З. Матейчик, Е. О Смирновалар атап көрсеткен. А.Н Леонтьев,
С.А Козлова балаға отбасы жылығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың
ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің
маңызын А.В Запарожец, А.Д Кошелева, Е.И Негнивицкая және т.б белгілеген.
Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын қаны бір адамдар арасындағы
сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын
Ю.ПАзарова, И.В .Гребиннеков, Т.А Маркова.
А.Г Харчев т.б белгілеген. Баланың тәрбиесінде байқалатын қазіргі заман
деффектілірін М.И Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын
З. Матейчик,Х.Фигдор т.б белгіліген Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына
теріс әсерін Е.П Арнаутова, А.И Захарова, Е.И. Кульчитцкая т.б жалғыз бала
тәрбиесі туралы А.П Усова, егіздер тәрбиесін Р.Скиннер, К.Витек т.б
зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсері психотерапевт А.И
Захарова, психолог Д.Б Эльконин, А.Я Варга т.б зерттеген.Тәрбиенің
бұзылуына биологиялық, әлеуметтік-экономиаклық, әлеуметтік-психологиялық,
психолгиялық-педагогикалық факторлар әсер етеді. .Осы тұрғыда ғалымдардың
пікірлеріне назар аударатын болсақ, онда отбасындағы адамның психикасына
ауыр әсер ететін жағдайлар: жақын адамдардың ауруға шалдығуы, не өлімі,
материалдық қиындықтар, отбасындағы шиеліністер, отбасындағы қарым-
қатынастың нашарлығы, отбасындағы махаббаттың жоқтығы, ерлі зайыптылардың
біреуінің көзге шөп салуы, қызғаншақтық, ажырасу т.б себептер.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы. Жанұя мәселелері және оның бала
тұлғасының дамуына әсері отандық және шетелдік психологтардың еңбектерінен
орын алған. Олар З.Фрейд, А.Адлер, Г.Крайг, Н.В.Клюева, Э.К.Васильева, т.б.
[6]
Зерттеу тақырыбы: Отбасындағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуациясының қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар.
Зерттеу мақсаты: Толық және толық емес отбасындағы тәрбиелеу стилінің кіші
жасөспірімдердің мінезіндегі акцентуациялардың қалыптасуына тигізетін
әсерін анықтау.
Зерттеу міндеттері.
1.“ Толық және толық емес жанұя”, “ Тәрбиелеу стилдері”, “ Акцентуация”
деген түсініктердің мәнін ашу, ғылыми түрде мінез акцентуациялары туралы
түсініктерді беру.
2. Толық және толық емес жанұядағы кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуациясын анықтау.
3. Толық және толық емес жанұялардың ерекшеліктерін ашу.
4. Эксперименталды түрде толық және толық емес жанұядағы кіші
жасөспірімдердің мінез акцентуацияларын зерттеу.
5. Алынған нәтижелерді талдау және қорытынды жасау.
Зерттеу объектісі: Отбасындағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуациясының қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар.
Зерттеу пәні.: Отбасындағы тәрбие, тәрбие стильдері.
Ғылыми болжам: Егер, жанұядағы тәрбиелеу стилінің кіші жасөспірімдердің
мінез акцентуациясына әсерін дер кезінде анықтап, алдын алу жолдарын
жүргізсе, онда оқушылар бойындағы ауытқушылықтарды жойып, азайтуға болар
еді
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:материялистік диалектиакның
теориясы мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар; философия,
педагогика және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері,
жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға, отбасылық қарым-
қатынастың аймағы туралы психологиялық тұжырымдар.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
-Жанұя, толық ,толық емес отбасы, мінез акцентуациясы ұғымдарының мәні мен
мазмұны анықталды, теориялық аспектілері анықталды.
- Жанұядағы тәрбие стилінің мінез акцентуациясына тигізетін әсері және
факторлары айқындалды.
- Отбасындағы тәрбие стилінің әсерін анықтау жолдары көрсетілді.
- Бұл дипломдық жұмыстың нәтижелерін мектеп психологы, сынып жетекшілері өз
жұмыстарын жоспарлағанда, ұйымдастырғанда қолдана алады.
Зерттеу әдістері:
- Аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау әдісі.
-Психодиагностикалық әдіс (Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдісі,
PARI әдісі, ата-ана қарым-қатынасы және баланы тәрбиелеу. Е.С. Шефер,
Р.К.Белл).
-Математикалық статистикалық әдістер.
Диплом жұмысының құрылымы:Кіріспе,2 (екі) тарау, қорытынды және
пайдалынылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.
Зерттеу базасы. : Щучинск қаласы,№ 8 мектеп -гимназиясы, сыналушылар
толық жанұядан (15) және толық емес жанұялардан (15) шыққан 8-шы сынып кіші
жасөспірімдері және олардың ата-аналары.

1 Жанұядағы тәрбиелеу стилінің кіші жасөспірімдердің мінез
акцентуацияларының қалыптасуына тигізетін әсері

1.1 Жанұя - тәрбие институты ретінде
Жанұяның мүшелері неке немесе туыстық қатынастармен, тұрмыстың
ортақтығымен, өзара рухани жауапкершілікпен байланысқан тарихи белгілі
ұйымы бар шағын әлеуметтік топ ретінде қарастыруға болады.
Ең шағын, алғашқы ұя ретінде жанұя қоғамның қарапайым бөлшегі
болады. Ерекше дербес бөлшек бола тұра ол сол кезде де белгілі әлеуметтік
ортамен байланысты, оған тәуелді. Сонымен қатар, жанұя қоғам өміріне әсер
етеді, ол адам тегінің жалғасуына, бала мен кіші жасөспірім тәрбиесіне,
жеке тұлғаның физикалық және рухани дамуына жауапты болады. Ертеде жанұя
туралы еңбек жазғандар Платон,Аристотель шығыс зиялыларының ішінде Қорқыт
ата, Ж Баласағұни т.б атауға болады. 18-19 ғасырда Ресейде А.Н Радищев,Н.И
Новиков, кейін К.Д Ушинский, П.Ф Лесгафт, П.Ф Каптерев,В.Н. Сорока
Росинский т.б Соңғы жылғы ғалымдарға С. Зверева, Т.А. Куликова т.б
жатқызуға болады. Қазақстанда отбасы мәселелерін зерттегендер:
Х.Арғынбаев , Ж.Б Қоянбаев, К .Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т
Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Жанұя өзінің балаға әсерінің күштілігінен қалыпты тәрбиенің міндетті
факторы болып табылады. Жанұядан тыс тәрбиеленетін балалар жанұя ұжымындағы
балаларға қарағанда біржақты немесе кеш дамуға әсерлі болып келеді. [7]

Жанұялық тәрбиенің міндеттілігі төмендегідей себептермен
түсінідіріледі.
– жанұялық тәрбие барынша эмоционалды, себебі оның жетекшісі балаға
деген махаббат, өзара сүйіспеншілік болып табылады;
– бала өзінің ерте жасында басқа әсерлерден гөрі ата-ана әсеріне жақын
болады;
– шағын ұяшық болып жанұя баланың әлеуметтік өмірге, біртіндеп
араласуына көмектеседі.
Жанұя тек баланың ғана емес ересектердің да, қарттардың да
әлеуметтендіру факторы болып табылады.
Адам өмірінің бойындағы физикалық, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы
жанұяға байланысты болады. Физикалық даму жанұяның берекесіне, сипатына
байланысты, эмоционалды дамуға жанұядағы атмосфера, қарым-қатынас әсер
етеді. Әлеуметтік даму кезінде жанұя зор рөл атқарады, себебі қолдау,
қолпаштау немесе немқұрайлық пен сөгу адамның әлеуметтік талаптану
деңгейінде із қалдырады немесе өмірдің қиын жағдайларында шешім табуға,
өзгерген және жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделуге кедергі жасайды
немесе көмектеседі. [8]
Қазіргі жанұяның төмендегідей әлеуметтік мәселелері бар: қоғамның
кенеттен бұзылуы, мемлекеттік жеткіліксіз көмегі, әлеуметтік және
географиялық жылдамдығының қиындығы, тұрғындардың немесе жанұя мүшелерінің
денсаулығының нашарлауы, демографиялық жағдай (аз балалы және баласыз
жанұялар).
Жанұя мүшелері рөлдерінің дәстүрлі өзгерісі, әсіресе әйелдердің; толық
емес жанұялар санының өсуі (ажырасу, жесірлік); асыруашылық коэффициентінің
өсуі (мүгедектер, жұмыссыздар, қашқындар); жанұядағы зорлық, дәстүрлі емес
жанұялардың пайда болуы.
Жанұя функциялары: репродуктивті (тектің жалғасуы); шаруашылық-
экономикалық, тәрбиелік (бала тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттерін
дамыту; жанұяның әр мүшесіне жүйелі түрде тәрбиелі әсер ету; балалардың ата-
анаға әсері, әлеуметтік психотерапиялы, рекреативті (тәрбиелі); реттеуші –
жанұя ішінде, басқа адамдармен, қоғаммен қатынастар реттеледі,
фелицитологиялық жанұяның әр мүшесіне бақыт құру, коммуникативті.
Жанұя типтері түрлі негіздемелер бойынша формалары, үлгілері
- Барынша кең тараған жанұя түрі – нуклеарлы, бір неке жұбы мен
балалармен немесе баласыз тұрады. Нуклеарлы жанұя толық та, толық емес те
болады. Егер жанұяда қарттар мен балалар, немерелер болса, ол кеңейтілген
жанұя болады.
Бұл түрлендіру:
– жанұя құрамы бойынша;
– бала саны бойынша; бірбалалы, аз балалы, көпбалалы;
– жанұядағы басқару типі бойынша: эгалитарлы (тең құқылы),
патриархалды, матриархалды;
– қатынастар сапасы бойынша: бақытты, жақсы, тұрақты, мәселелі,
кикілжіңді, әлеуметтік нашар, дезұжымданған (күшке табыну,
қорқыныш, жанұя мүшелерінің бөлшектенуі), үйлесімді жалған
ынтымақты, деструктивті, т.б.
Сонымен бірге әлеуметтік тәуекелділік (девиантты) типологиясы да бар,
яғни әлеуеметтік функциялану қиындығы бар жанұялар. Бұл қашқын, мәжбүрлі
қоныс аударушы, аз қамсыздандырылған, асырылған асыраушылық жүгі бар,
көпбалалы, мүгедегі бар, толық емес, жедел қызметтегі әскери адамдар,
жұмыссыз, депрессиялық аудандарда өмір сүретін жанұялар. Мұнда сонымен
қатар, ішкіштер, нашақорлар, асоциалдық қылықты жанұялар жатады [9].
Кез келген өзін сақтап қалғысы келетін жанұя, жанұя мүшелерінің
қызығушылықтарымен өмір сүру керек, бірі-біріне көмектесіп, бірі-біріне
жауапты болуы керек.
Жанұяны өздерінің мені, жеке қасиеттері бар екі адам құрайды.
Жанұя менді бізге, менікіні біздікіге алмастырады. Дәл осы алмасу
адамдар үшін жанұя құру, қуаныш, қанағат көзі болуы керек. Бірақ та
жанұяны өмірлік қиындықтар да құрайды.
Жоғары интеграцияланған жанұя мүшелерінің бір-бірінің жеке-
психологиялық ерекшеліктерін білуімен, бір-біріне әсер етуімен,
көмектесуімен, айналадағы ортамен жақсы қатынасуымен ерекшеленеді. Мұндай
жанұя біріккен деп те аталады. Біріккен жанұяның қасиеттері: сенім,
сүйіспеншілік, бір-бірінің тілектерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру
арқылы бір-біріне қамқор бола білу.
Қоғамның үйреншікті ұяшығы ретінде жанұя қоғамдық жүйенің басқа да
элементтерімен тығыз байланысты. Қоғам жанұяға әсер етеді, ал жанұя өз
кезегінде керісінше әсер береді.
Жанұя бір мезетте жеке тұлғаның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру
құралы ретінде және қоғамдық үрдіске әсер ететін әлеуметтік институт
ретінде де бола алады. Жанұяның тұрақты әрі сәтті дамуы оны мүшелерінің
қызығушылықтарын қоғамның қызығушылықтарымен үйлестіреді.
Жанұяның әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешумен байланысты
мәселелері жетерлік. Жалпы түрде жанұя мәселелері екі топқа топтастыруға
болады:
1. Жанұядағы мүшелерінің түрлі жеке қажеттіліктерін тікелей
қанағаттандыру;
2. Жанұяның қоғамдағы болып жатқан үрдістерге әсері етуі.
Сонымен қатар, қоғамның да жанұяға, оның құрылымына, қасиеттеріне,
ішкі ұйымдасуына әсерін атап өткен жөн.

1.2 Толық және толық емес жанұя ерекшеліктері
Толық емес жанұяда баланың тәрбиесі барынша қиын жағдайларда жүзеге
асырылады. Сондықтан баланы жалғыз тәрбиелейтін ата-ана қауіпсіздікті
айналып тәрбиелеудің дұрыс жолын іздеп дұрыс істейді. Қиындықтар көзі
тәрбиеленушінің өзі екендігін түсінуі керек, өзі солардың алдын алып тарату
керек. Мысалы, жалғыз ана өзінің өмірлік жағдайларын түсінеді, балаға
тілек, талап, тәрбие әдісі ретінде береді. Ол бала қабылдап, өмір бойы
сақтап қалатын жанұя атмосферасын құрады.
Анаға тәрбиеге кедергі болып көрінетін көптеген заттар олай болып
табылмайды. Баланың анаға ұнамайтын қылықтарын (мысалы, ұлдағы қыз
қылықтары, қыздарда ұл бала қылықтары, әкеге қызығушылық, оны сағыну,
дербестікті таныту) түзетуге асықпау керек. Ана мен бала қатынасы бірдей
болғаны жақсы. Өзінен-өзі бас тартқан жаман, бұл жағдайда ана өзін құрбан
етеді. Балаға толық берілу баланы бақытты етпейтінін ескерген де жөн.
Керісінше, ананың құрбандығы тәрбиелеу атмосферасын қиындатады, мақсатты
тәрбиелеу әдістері де жетістіктерге жеткізбеуі мүмкін. Кострома
авторларының жанұя контекстіндегі қылықтарды қамтитын зерттеулерінде
қалыпты ресей жанұялары өмірінің әр түрлі кезеңінде өзін-өзі басқару
қылықтарының ерекшеліктерін зерттеу қолданған. Жанұя қиындықтармен баласы
жоқ жас жанұяға қарағанда балалар мен жасөспірімдері бар өмірінің орта
шенінде барынша тиімді иеленетіні байқалған. Дәл осы кезеңде жұбайлар
әлеуметтік, жетілген жаста болады, жанұяның рөлдік құрылымы тұрақты, бірақ
әрі қарай дамиды, кәсіби өзін-өзі жетілдіру болады, ата-ана функциясы
көптеген талаптар мен міндеттерден тұрады[10].
Балалар мен жасөспірімдер бар жанұя – бұл алғашқы орынға ата-ана –обал
қатынасының үшбұрыштығы шығатын кеңейтілген жүйе. Бала жасөспірім болар шақ
– бұл ата-анаға қоғамнан, жанұя ішінен талаптардың көбейетін шағы. Ата-ана
қиындықтар бала тұлғасының өзгеруімен, онымен қатынасты өзгерту
қажеттілігімен, өз қылықтарын қай қарастырумен тығыз байланысты. Бұл кезең
сонымен қатар, ата-ананың бос уақытының жоқтығымен, мансап құрумен
сипатталады.
Баланы әкесіз жалғыз тәрбиелейтін ананың мінез-құлық стилі де
айқындалды. Олар көп жағдайда эмпирикалық нормаларға қарағанда мәселелі-
бағытты стилді қолданады. Осы стильдің ішінде олар келесі стратегияны
ұстанады: мәселе айналасына шоғырланамын, оны шешу жолдарын іздеймін, іс
жағдайына енуге тырысамын, қимыл-әрекет курсын таңдап соған еліктеймін,
эмоциялардың басқа істерімен араласпауын қадағалауға тырысамын. Екінші
орындағы әлеуметтік дерексіздік стилін таңдайды жалғыздықпен, ер адамның
қолдауының жоқтығымен түсіндіруге болады, ол достарымен, туыстарымен
қатынасу арқылы көмек іздеуінен көрінеді. Талдаудың көрсеткіштері бойынша,
жанұядағы белсенді рөл аналарды қиналтады, олар көптеген міндеттер мен
қиындықтардан шаршайды. Бұл мәселелердің көптігі айналасындағылармен қарым-
қатынас кезінде шешіледі. Тек аналардың мектептегі жиналыстарға, ата-аналар
комитетіне қатысатыны, онда басқа аналармен қиындықтарды, мәселелерды араға
салатыны, бір-біріне кеңес беретіні айдан анық. Толық емес жанұяда ана
белсенді стратегия ұстанады, қолданыстағы ақпаратты, эмоционалды қолдауды
өзіне алады, бірақ ұдайы жауапкершіліктен шаршайды. Толық емес жанұяда
жанұялық тәрбиенің белсенділік сияқты түрі басым болады. Өз тәрбиелеу
функциясының тиімділігіне сенімсіз ана әкенің жоқтығын балаға қанағатты,
қаныққан өмір құрумен толықтырады. Көп жағдайда олар қатыгездік танытады,
бұл әкенің жоқтығын білдіртпей, әке мен ана қатар болуға тырысумен
сипатталады. Ананың әкесіз жанұяда балаға қатынасы төмендегідей болады.
Симбиоз көрінісіті ата-ана бағдары, барлық дерлік аналар балаға
симбиотикалық қатынаста болады, яғни өздерін біртұтас етеді, баланы
қиыншылықтар мен сүйкімсіз жағдайлардан қорғағысы келеді. Аналардың басым
көпшілігі балаларының қызығушылықтарын қабылдайды, бұл ананың кіші
жасөспірім көзқарасын сыйлайтындығын, оған көмектесуге әрдайым даярлығын
көрсетеді. Анықталғандай, аналардың үштен бірі балаға тек оның басқалардан
кем болмасын деп көмектеседі. Жоғарғы бағалау баллын авторитарлы
гиперәлеуметтену алады. Бұл ата-ана бала қатынасындағы балаға деген қатал
бақылауды көрсетеді. Толық емес жанұядағы кіші жасөспірімнің өзіндік
мінезінің ерекшеліктерінің талдауы олардың көбінде өнімді, ал үштен бірінде
– өнімсіз стиль болады. Толық емес жанұядағы кіші жасөспірімдер арасында
копинг-стратегия төмендегідей болады: 1) мәселені шешу; 2) қызмет,
жетістіктер; 3) әлеуметтік қолдау [11].
Әлеуметтік қолдау стратегиясы жиі қолданылады, олар көп жағдайда
ғажайыпқа сенеді. Өздеріне ие бола алмай, Құдайға жалбарынады. Жалпы толық
емес жанұяның балалары жетістіктер жетудің тура әдістерін таңдайды. Әкесіз
өскен кіші жасөспірімдердің мектептегі қызбалық ашушаңдық деңгейі қалып
шеңберінде болады. Менің зерттеуімнің негізгі қорытындысы бойынша толық
емес жанұя мүшелерінің қиындықтарда сабырлық сақтауы, оны шешу толық
жанұялардан ерекшеленбейді. Тек маңызды ерекшеліктер аналардың эмоционалды-
болжамдық копингі сияқты сабыр сақтау стилінде болады [12].
Жұбайы мен бірге бала тәрбиелейтін аналар қиындықтармен кездескенде
дерексіздік пен қашу субстилін қолданады. Ал әкесіз, жалғыз бала
тәрбиелейтін аналар эмоционалды-болжамдық копингі стилі мен дерексіздік пен
қашу субстилін сирек қолданады. Байқауымызша, ер адамның қатысу анаға
босаңсуға, күнделікті өмірдің тұрмысынан дем алуға, достарымен қатынасуға
мол мүмкіндік береді. Өздері жалғыз бала тәрбиелейтін аналардың эмоционалды
өзін-өзі бақылау деңгейі жоғары болып келеді.
Кіші жасөспірімдердің өзін-өзі ұстану мінезі толық және толық емес
жанұяларды бірдей деуге болмайды. Бірақ кейбір өзгешеліктер де баршылық.
Толық жанұяның кіші жасөспірімдері достар мен заттар сияқты өзін-өзі ұстау
стратегиясын қолданады, бұл екі ата-ана тәрбиелейтін баланың айқын
әлеуметтік копингін көрсетеді. Әкесіз тәрбиеленген кіші жасөспірімдер
қатарластары арасында анасында әлеуметтік қолдау іздейді [13].
Ер адамның қолдауы жоқ әйелдер оны тек туыстарынан ғана емес, сонымен
қатар балаларынан, әсіресе үлкендерінен іздейді. Сондықтан да аналар
балаларының тезірек өсіп, өзіне тірек пен қамқор болуын қалайды. Аналар
бала өскен кезде де оны қорғайды, оның ішкі дүниесін біледі, уайым-
қайғысына ортақтасады. Сонымен қатар өз баласын мақтаныш ету қажеттілігі
пайда болады, балаға деген сынаулық пен талаптар көбейеді. Жағдайы жақсы,
баланы әкемен, немесе әкесіз тәрбиелейтін жанұяларды қалыпты жанұяларға
жатқызуға болады, себебі олар қиындықтарды шеше біледі, баланың
әлеуметтенуіне себін тигізеді. Жалпы толық жанұяда қиындықтарды шешу өнімді
екені бекітілген факт емес.
Толық және толық емес жанұялардағы кіші жасөспірімдерге ата-ананың
қатынасы үйлескен, жағымсыз бағдарлар болуы мүмкін. Толық емес жанұяларды
симбиоз ата-ана бағдары болып табылады, барлық аналар өз қатынасында
симбиозды байқатады.
Толық емес жанұяларда кейбір копинг-стильдердің құрылымы мен
айқындылығы толық жанұядағы өзін-өзі ұстау мінезінен ерекшеленеді (олар жиі
жағдайда қашу мен эмоционалды-дерексіз стилді қолданады). Жұбайысыз баланы
жалғыз тәрбиелеудің өзіне тән ерекшелігі ананың туыстарында, достарында
және балаларында қолдау мен көмек іздеу болады. Олар екі ата-ана рөлінен
шаршайды, сондықтан жанұялық қиындықтардан қашу, ауытқу оларға тән. Бұл
жерде қарама-қайшылық туындайды: біріншіден, аналар қиындықтарды жеңе
біледі, өз эмоцияларын ұстайды, екінші жағынан, олар шамадан артық жүктен
қашады. Бұл толық емес жанұялар мен әйел-аналарға арналған қолдау
бағдарламаларының қажеттілігін дәлелдейді [14].

1.3 Мінездегі акцентуациялар туралы ілімдер жинағы
Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке тұлғалық мінез-құлықтары
ғана емес, сонымен қатар өмір барысындағы даму өзгешеліктері
ерекшелендіреді. Адамның мінезі оның қандай жанұяда өскеніне, қандай
мектепте білім алғанына, мамандығына, қандай ортада жүретініне байланысты
болып келеді. Жан дүниесі алғашында ұқсас екі адамның жүре келе ортақ
белгілері болмауы мүмкін, немесе керісінше, өмірдің ұқсас жағдайларына
байланысты мүлдем ұқсамайтын адамдардың мінез-құлқында ортақ белгілері
пайда болуы мүмкін.
Адамдар бір-бірінен айырмашылықтың қай жолмен келетінінен тәуелсіз,
ерекешеленеді. Адамдардың келбеті қалай ажыратылатын болса, сондай-ақ әр
адамның психикасы басқа адамдардан дәл солай ажыратылады.
Бірақ, жеке тұлғалық ерекшеліктер сондай көп емес. Адамның жеке
тұлғалығын айқындаушы ерекшеліктер психологияның түрлі сфераларынан жатады:
1) қызығушылықтар мен бейімділіктер бағыттылығының сферасы; 2)
сезімдер мен еріктің, 3) ассоциативті-интеллектуалды сфера.
Адамның мәнін түсіну үшін оның мінез ерекшеліктері аталған
сфералардың қайсысына тән екеніне терең үңілу қажет.
Адамның жеке тұлғалығының түрлілігін анықтайтын ерекшеліктер мен
акцентуациялы жеке тұлға құрайтын ерекшеліктер арасында нақты шек қою
әрқашан жеңіл бола бермейді.
Акцентуациялар туралы ғылымның бастапқы кезінде оларды норманың
шеткі нұсқаларынан шектеу мәселесі туындаған. В.М.Бехтерев психопатия мен
қалыпты жағдай арасындағы өтпелі жағдайлар ... туралы ескерткен болатын.
П.Б.Ганнушкин өз еңбектерінде бұл типтес жағдайларды латентті
психопатия деп, M.Framer мен О.В.Кербиков – психопатия, Г.К.Ушаков –
қалыпты мінездің шеткі нұсқалары деп сипаттайды. Ең белгілі атауға неміс
психиатры және психологы Берлин универститетінің неврологиялық емханасының
профессоры Карл Леонгардтың акцентуациялы тұлға термині ие болды. Бірақ
та, мінез акцентуациялы десек дұрысырақ болар еді. Тұлға мінезге
қарағанда күрделі әрі аясы кең түсінік. Оған интеллект, қабілеттіліктер,
икемділік, дүниеге көзқарас, т.б. жатады. К.Леонгардтың еңбектерінде мінез
түрлері қарастырылған...
К.Леонгардтың еңбектерінде акцентуациялы тұлға да, мінездің
акцентуалды ерекшеліктері де қолданылады. Мінездің акцентуациялығы
Леонгард бойынша, психопатия мен қалыпты жағдай арасындағы бір жағдай. Оның
пікірі бойынша акцентуалды тұлғалар – бұл ауру адамдар емес, олар өзінің
жеке ерекшеліктері бар сау жеке тұлғалар. Акцентуанттарды психопаттардан,
екінші жағынан акцентуациялы емес адамдардан ажырату шегін туралы
К.Леонгард толық түсінік бермеген [15].
Мінез акцентуациясы табиғи-биологиялық қасиеттерден емес, адамның
өмір қалпына із қалдыратын сыртқы орта факторларына тәуелді.
Акцентуация әрқашан белгілікті бір ерекшеліктің күшею деңгейін
анықтайды. Осылай тұлғаның бұл ерекшелігі акцентуалды болады.
Акцентуациялық ерекшеліктер түрлендіруші жеке тұлғалық ерекшеліктер секілді
көп емес. Акцентуация – бұл сол жеке ерекшеліктер, бірақ олар патологиялық
қалыпқа өтпелі тенденциясына ие бола алады. Зор айқындық кезінде олар жеке
тұлғаға із қалдырады, сонымен, жеке тұлға құрылымын бұзып, патологиялық
ерекшелікке ие болады.
Біздің елімізде атақты балалар психиатры профессор А.Е.Личко ұсынған
акцентуацияның басқа классификациясы кеңінен қанат жайған. Оның ойынша,
мінездің акцентуациясы мен психопатияның ортақ белгілері бар. Олардың
психопатиядан басты айырмашылығы - әлеуметтік дезадаптацияның белгілерінің
болмауында. Олар жеке тұлғаның патологиялық құрылуының негізгі себебі емес,
олар шекаралық жағдайлардың дамуындағы фактордың бірі болуы мүмкін.
[16].
А.Е.Личконың пікірінше, Мінез акцентуациясының дамуының
дисгармониялылығы жеке ерекшеліктердің гипертрофиялық айқындығы, жеке
тұлғаның белгілікті әсер ету кезіндегі зор осалдылығын негіздейді және оның
кейбір спецификалық жағдайлар кезінде бейімделуін қиындатады [17].
Сондай-ақ, бір немесе басқа акцентуацияда орын алған, белгілікті бір
іс-әрекет қатысындағы таңдау күмәнділігі басқа іс-әрекеттерге қатысты жақсы
немесе жоғарылаған тұрақтылығымен сәйкес келеді. Дәл солай, кейбір арнайы
жағдайлар кезіндегі жеке тұлғаның бейімделу қиыншылығы (осы акцентуациямен
кездесетін) басқа жағдайлардағы әлеуметтік бейімделу жақсы немесе жоғары
қабілеттеріне сәйкес келеді. Мұндай кезде басқа жағдайлар өздігінен
объективті әрі күрделі болады, бірақ осы акцентуациямен кездеспеуі оған
референтті емес [18 ].
Личко барлық акцентуацияларды адам жасының ұлғаю барысындағы мінез-
құлқының уақытша өзгеруі деп қарастырды. Сондай-ақ олардың көбі психикалық
ауруларға өтеді немесе өмір бойы сақталып қалады.
Акцентуация нормалардың нұсқалары болып табылады. Сондықтан да
мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз бола алмайды [19].
А.Е.Личконың зерттеулері бойынша акцентуация кезіндегі пато-мінездік
реакциялардың 80%-ы уақыт өте келе жұмсарады және қанағаттанарлық
әлеуметтік бейімделуді бақылауға болады. Болжамның жақсы-жаман болатындығы
акцентуацияның түрі мен деңгейіне – оның жасырын әлде анықтығына, сондай-ақ
әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Анық акцентуация – бұл норманың шеткі нұсқаларына жатады. Бірақ та
белгілі бір типтің айқын ерекшеліктері әлеуметтік бейімделуге кедергі
келтірмейді. Лауазымды орын, тәртіпке сәйкес, қабілеттер мен
мүмкіншіліктерге сай болып келеді. Жас ұлғая келе, мінездің ерекшеліктері
айқын болып қала береді, бірақ компенсацияланып бейімделуге кедергі
келтірмейді, бірақ жұмсарып, біртіндеп анық акцентуация жасырын
акцентуацияға көшеді.
Жасырын акцентуация – бұл деңгей шеткілерге емес, әдеттегі нормалар
нұсқаларына жатады. Әдеттегі жағдайларда белгілі бір мінездің кейбір
ерекшеліктері әлсіз көрінеді немесе тіпті көрінбейді. Ұзақ бақылау кезінде
де жан-жақты қатынас жетік танысу кезінде де белгілі бір тип туралы анық
түсінік бермейді. Бірақ та бұл типтің ерекшеліктері кенеттен қандай-да бір
жағадайлар мен психикалық мертіктердің әсерінен айқындалуы мүмкін [20].
Барынша қолайлы болжам гипертимді акцентуация кезінде, барынша нашар
болжам – анық тұрақсыз акцентуация кезінде бақыланады.
Тұрақты өзгерістерге қатысты бірнеше түрге бөлінеді:
- анық акцентуацияның жасырын акцентуацияға көшуі, жас ұлғая келе
акцентуацияланған ерекшеліктер өшіріледі немесе компенсацияланады, яғни
кейбір факторлар әсерінен басқамен алмастырылады, яғни, таса типті
ерекшелік кенеттен толық күшіне ие болады.
- акцентуация негізінде психопатиялық дамулар қалыптасады, қоршаған орта
рөлі де бар, нәтижесінде ауруға дейінгі қалып, кейде ауру бақыланады.
-мінез акцентуация түрлерінің трансформациялануы, жақындардың негізгі
типіне қосылуы.
Кейбір жағдайларда жаңа пайда болған акцентуация ерекшеліктері
негізгісінен басым болады, кейде бір акцентуация басқа акцентуация
ерекшеліктерін шығаруы, жасырынуы мүмкін.
Кеңінен таралған практикалық қателіктердің бірі акцентуацияны
бекітілген патология ретінде қарастыру трактовкасы болып есептеледі. Бірақ
бұл олай емес. Өз еңбектерінде К.Леонгард акцентуациялы адамдар есуас
адамдар емес деп арнайы атап көрсеткен. Керісінше жағдайда орташа жағдайдан
кез келген ауытқушылықты патология ретінде қарастыру болып көрінеді.
Сонымен бірге К.Леонгард акцентуацияға тұспал емес адам қолайсыз жаққа
дамуға бейім болмайтыны күмәнсіз, бірақ дәл солай қолайлы жағы
ерекшеленетіні де екіталай деп есептеген.
Мінез акцентуациясының ерекшелігінің күшеюімен сипатталады және кейбір
деңгейде оны алдын ала болжайды. Белгілі бір жағдайлар жинағында бір типтес
кіші жасөспірімдер әрқашан барынша спецификалық мінез көрсетеді. Мінездері
әртүрлі кіші жасөспірімдердің қарсы шығу формалары да әртүрлі болады.
Барынша қарсыласу нүктесінен тәуелділік жас адамдар өмірін өте қатты
бұзады. Олардың мінез ерекшеліктері мәнді деңгейде ағзаның
психофизиологиялық ерекшеліктерімен де, жанұядағы, қоршаған ортадағы,
қалыптасқан стереотиптер мен мінез-құлықтарын тәрбиелеу стилімен
байланысты. Бірталай зерттеушілердің пікірінше, адамдардың шамамен 40%
акцентуациясы әлсізденеді де, 30-35 жас аралығында жасырылады. Бірақ мінез
бен жеке тұлға арасында компромисс туындаған жағдайда акцентуация қайтып
келуі мүмкін. Әдеттегідей стрестік жағдайда жеке тұлға қайта кіші
жасөспірімдік дилемма алдында тұрады: Мен және менің мінезім, кім кімді?
Психологтар 40 жаста адамды мінезіне қарап тануға болмайтыны туралы
кездейсоқ айтпаған. Бірінші орынға барынша жоғары функцияланған жеке
тұлғалар деңгейі шығады: жеке тұлғаның мінез жолын анықтайтын құндылықтар,
мақсаттар, рухани аспектілер. Мінездің патологиялық ерекшеліктерінің
тоталдылығы кіші жасөспірім кезінде ерекше айқын көрінеді. Қандай да бір
акцентуациясы бар кіші жасөспірім бала өзінің мінез түрін жанұяда,
мектепте, құрдастарымен және ересектермен, оқуда және демалыста, еңбекте
және сауық кештерде, әдеттегі және күнделікті жағдайларда, төтенше
жағдайларда анықтайды. Барлық жерде және әрқашан гипертимді кіші жасөспірім
энергиясы қайнап жатады, шизоидты айналасындағылардан көзге көрінбес
пердемен жабылады, ал истероидты өзіне назар аударуды қалап тұрады. Үйде
тиран, мектепте үлгілі оқушы, қатал билік астында ұялшақ, қиыншылық орнаған
үйден немесе жанұядағы керісушіліктен қашқын, жақсы интернатта тұратын –
барлық кіші жасөспірмдік шақ бұзылған бейімділік кезінде өткеніне
қарамастан бұлардың психопаттарға жатуы тиіс.
Әдетте акцентуация мінездің құрылу кезінде дамиды да, жас ұлғая келе
өшіріледі. Акцентуация кезінде мінез ерекшеліктері ұдайы көріне бермейді,
тек кейбір жағдайларда, белгілі ситуацияларда ғана көрінеді, күнделікті
жағдайда мүлде көрінбейді деуге болады. Әлеуметтік дезадаптация акцентуация
кезінде не тіпті көрінбейді, не болмаса ұзақ болады [21].
Жоғарыда айтылғандардың негізінде төмендігідей қорытынды жасауға
болады.
Мінез акцентуациясы – бұл мінездің белгілі бір ерекшеліктері күшейген
қалыптың шеткі нұсқалары, нәтижесінде жақсы және жоғары тұрақтылық кезінде
басқаларға деген психогендік әсер етулердің белгілі бір тегіне қатысты
таңдау күмәнділігі айқындалады.
Мінез акцентуациясы түрлерінің екі классификациясы бар. Бірінішісін
ұсынған Карл Леонгард, ал екіншісінің авторы А.Е.Личко болып табылады.
Леонгард келесі мінез акцентуацияларын көрсетеді: лабилді, өте
қозғалмалы, эмотивті, демонстративті, жоғары пунктуалды, регидті-
аффективті, бағынбайтын, интровертті, қорқынышты, неврастеникалық,
экстрвертті, жігерсіздік [22].
Личко келесі мінез акцентуацияларын көрсетеді: лабилді, циклоидты,
истероидты, психастеникалық, эплиптоидты, шизоидты, сенситивті, астено-
невритикалық, конформдық, тұрақты емес, гипертимдік.
Конформды тип өкілдері - бұл өз ортасының адамдары. Олардың басты
қасиеті, басты өмірлік қағидасы – барлығы сияқты ойлау, барлығы сияқты
әрекет ету, үстіндегі киімінен бастап үй жиһаздарына дейін, дүниетануы,
көзқарасы барлығыныкі сияқты болуға тырысады. Гипертимді типті
акцентуациялы кіші жасөспірімдерді А.Е.Личко аса қимылдылық, қатынасшыл,
көп сөйлегіш, шектен тыс өзімпаз, ересектерге деген шектеулі сызығы жоқ деп
сипатайды. Өмірінің алғашқы жылдарынан бастап олар барлық жерде көп айқай
шу тудырады, құрдастырының ортасын ұнатады, олардың көшбасшысы болуға
тырысады. Балалар мекемелерінің тәрбиешілері олардың тынышысыздығына жиі
ескертулер жасайды.
Алғашқы қиыншылықтар мектепке барған кезде туындауы мүмкін. Жақсы
қасиеттері, шапшаң ой, барлығын сол сәтте қағып алу қабілеттері бар болған
жағдайда, аса қимылдылық, ауытқушылық, тәртіпсіздік байқалады.
Гипертримдік кіші жасөспірімдердің басты ерекшелігі – олар ұдайы жақсы
тіпті өте жоғары көңілде болады. Кей жағдайларда ғана бұл жақсы көңіл күй
тітіркену, ашу, ыза, агрессиямен көлеңкеленеді.
Гипертримдік кіші жасөспірімдердің жақсы көңіл күйі жақсы хал-
жағдайымен жоғары өмірлік тонуспен, құлпырған келбетпен байланысты болады.
Олардың тәбеттері әрқашан жақсы және ұйқысы қанық...
Эмансипация реакциясы әсіресе анық болады. Осыған байланысты ата-
аналармен, педагогтармен, тәрбиешілермен қақтығыстарға лезде ұшырайды.
Оларға ұсақ бақылаулар, күнделікті бағу, оқытулар мен тәрбие, жанұяда және
жиналыстарда сөгу жетелейді. Мұның барлығы әдетте тек қана өздігінен
болуға күресті, тыңдамаушылықты, тәртіп пен ережелерді бұзуды күшейтеді.
Жанұя бағуынан қашуға тырысып гипертимді кіші жасөспірімдер лагерлерге,
туристік жол жүрулерге шығады, бірақ ол жақта да бекітілген тәртіп пен
ережелерге барып соқтығады. Әдетте, өздігінен қашып кетулер пайда болады.
Үйден шынайы қашу гипертимді кіші жасөспірімдерде жиі болып тұрады...
Айналасындағыларға деген қызығушылық гипертимді кіші жасөспірімдерді
дос таңдау кезінде қателіктерге ұшыратады. Кездейсоқ танысушылық оларға
қандай да бір мәселе тудырмайды. Өмір қайнаған жерге жетелеу кезінде олар
қауіпті ортада, тіпті асоциалды топтарға түсіп кетуі мүмкін. Олар барлық
жерге тез бейімделгіш, әдет, мінез, киім, сәндерді тез ауыстырып алады.
Ұқыптылық олардың сабақ оқу кезінде, міндеттерді орындау кезінде,
ерекше қасиеті болып есептелмейді, қаражат істері көзге ұрынбайды. Олар
кейінгі төлеуді ойламай жайбарақат қарыз ала береді.
Әрқашанғы жақсы көңіл-күй мен жоғарғы өмірлік тонус өз қабілеттері мен
мүмкіншіліктерін бағалауға оң жағдайлар тудырады. Өз күшіне деген шектен
тыс сенімділік өзін көрсетуге, басқалардың алдында жақсы көрінуге,
мақтануға жол береді. Бірақ олар шыншыл мақтаншақ, олар өз күшіне қарай
мақтанады, истероидтер секілді өзін шын мәнісіндегіден басқаша етіп
көрсетпейді. Өтірік олардың ерекшелігі емес, бірақ ол қиын жағдайлардан
шығудың жолы болуы мүмкін [23].
Гипертимді кіші жасөспірімдердің өзіндік бағалауы шыншылдығымен
ерекшеленеді.
Циклоидті типті кіші жасөспірімдер лабилді типтес мінездік
реакцияларға ие, бірақ болар әдетте шектеулі болып келеді. Эмансипионды
бағыттылық пен құрдастарымен топтасу реакциясы ұлғаю кезінде күшейеді.
Күшеюлер тұрақсыздығымен ерекшеленеді – субдепрессивті кезеңде олар
лақтырылады да, ұлғаю кезеңінде оларда жаңадары тауып бұрынғы
лақтырғандарға қайтарып береді. Субдепрессивті фаза кезінде сексуалды
тартылыстың төмендегенін кіші жасөспірімдер арасында байқалмайды, бірақ
жақындарының бақылуынша сексуалды қызығушылықтар жаман күндері
сөніңкірейді. Мінездің айқын бұзылуылары (делинквенттіліктер, үйден қашу,
наркотиктермен танысу) циклоидтілерге тән емес. Алкоголизацияға деген
тартылысыты олар ұлғаю кезінде ғана байқайды. Аффективті түрдегі суициалды
тек субдепрессивті фаза кезінде ғана байқалады.
Циклоидтердің мінездерін бағалау жақсы және жаман кезеңдер
толықтырылған кезде біртіндеп қалыптасады.Кіші жасөспірімдерде мұндай
тәжірибе әлі жоқ, сондықтан өзін-өзі бағалау нақты бола қоймайды.
Личконың еңбектерінде лабилді типтің басты ерекшелігі көңіл-күйдің
шекті өзгеруі болып табылады. Егер де көңіл-күй жиі әрі күрт өзгеретін
болса, лабилді типтің құрылуы туралы сөз қозғауға болады. Біреудің бұрыс
айтпаған сөзі, кездейсоқ әңгімелесуші адамның нашар көзқарасы, аяқ астынан
жауған жауын, киімнің түймесінің үзілуі басқа да маңызды жағдайлардан тыс
қайғы-мұңға түсіруі мүмкін. Сондай-ақ қандай да бір жақсы тіл табыс,
қызғылықты жаңалық, кездейсоқ мақтау сөз, сәтті киілген киім нағыз маңызды
мәселеден ауытқушылық тудыруы мүмкін. Психиатриялық бақылау кезіндегі ашық
және қобалжулы тілдесуі кезінде, өмірдің барлық жақтарын қамтыған кезде,
жарты сағат уақыт шеңберінде көзге жас алуын да, қуаныш сезімін де көруге
болады. Көңіл-күйге тек жиі және қатты өзгерістер ғана емес олардың
тереңдігі де тән болады. Берілген сәттегі көңілден хал-ахуал, тәбет, ұйқы,
жұмыскершілік, жалғыздықта болу немесе жақын адамымен қалу, немесе шулы
ортаға, адамдардың арасына жетелеу байланысты болады. Көңіл-күйге сәйкес
келешек бірде түрлі түсті түстермен боялады, бірде сүр әрі қайғылы болып
көрінеді, өткен өмір де бірде жақсы естеліктер желісі болып, бірде ылғи
сәтсіздіктер, қателіктер және әділетсіздіктер қатарымен еске түседі. Сол
бір адамдар, сол бір қоршаған орта бірде жайлы болып, бірде бір түсті
мұңлы болып сипатталады. Көңілдің ақ мотивтелген ауысуы кейде жеңіл қарау
әсерін береді. Бірақ бұл ереже шындыққа сай келмейді. Лабилді тип өкілдері
терең сезімдерге, зор әрі шыншыл қатынасқа бейім келеді. Бұл бірінші
кезекте туыстары мен жақындарына, онда да тек қана өзін жақсы көретіндерге
махаббат, көмек және жақсы қарым-қатынас арқылы көрінеді. Оларға деген
байланыс жиі және жеңіл ұрыс-керістерге қарамастан көпке дейін сақталады.
Лабилді кіші жасөспірімдерге сонымен қатар шынайы достық тән болып
келеді. Дос оларға психотерапевтті көреді. Олар көбіне қайғылы кезінде
қолдау көрсететін, мұңды ұмыттыратын, қызғылықты әңгіме айтатын, көңілді
көтеретін қайғыны бірге көтеретін адамдармен дос болғанды қалайды. Лабилді
кіші жасөспірімдер әр түрлі назарларға, мақтаулар мен марапаттауларға
сезімтал келеді – оның бәрі оларға шынайы қуаныш әкеледі, бірақ
мақтаншақтық тудырмайды. Түзетулер, сөгулер, оқытулар терең уайымға
апарады. Нағыз қолайсыз жағдайларды, жоғалтулар мен қасіреттерді лабилді
кіші жасөспірімдер өте ауыр сезінеді, олар депрессияларға, ауыр
невротикалық бұзылуларға соқтырады [24].
Өзін-өзі бағалау шынайылықпен ерекшеленеді. Лабилді кіші жасөспірімдер
өз мінездерінің ерекшеліктерін өте жақсы біледі, өздерінің көңіл-күй
адамдары екенін түсінеді. Өзінің әлсіз жақтары туралы өзіне есеп бере
отыра, олар бір нәрсені жасырып немесе жасыруға тырыспайды,
айналасындағыларға өзінің қандай болса солай қабылдауын ұсынғандай. Оларға
айналасындағылардың қатынасында олар жақсы интуицияны байқайды, - алғашқы
байланыс кезінде кімнің жақын кімнің алыс екенін сезінеді де, жауапты
реакция лезде беріледі.
Астено-невротикалық акцентуацияны басты ерекшелігі аса қажығандық,
ашушаңдық, ипохондрияға бейімділік болып табылады. Қажығандық әсіресе ой
еңбегі кезінде айқындалады. Ұдайы дене ауыртпалықтары жақсы меңгеріледі,
бірақ та дене күш салулар, мысалы, спорт сайыстары ауыр болады.
Неврастениктердің ашушаңдығы эпилептоидтердің ызасынан, гипертимдердің
қызбалығынан мәнді түрде ерекшеленеді, ол көбіне лабилді типті кіші
жасөспірімдердің жарылыстарымен ұқсас болып келеді. Ешнәрседен туындаған
ашушаңдық айналасынадағыларға тезірек төгіледі де, сонымен бірге лезде
өкінушілікпен, жылумен алмасады. Ипохондризацияға бейімделуі ерекше типтік
мінезі болып табылады. Мұндай кіші жасөспірімдер өздерінің дене сезімдеріне
құлақ асады, ятрогенияға бейім, емделуге жатады, қараулардан қашпайды.
Ипохондриялық уайымның көзі әсіресе ер балаларда жүрегі болады.
Деликвенттілік, үйден қашу, маскүнемділік, басқа да ауытқушылықтар астено-
невростеникалық типті кіші жасөспірімдерге тән емес. Бірақ бұл олардың
жасөспірімдерге тән спецификалық ерекшеліктердің жоқ екенін білдірмейді.
Сексуалдық белсенділік қысқа және тез қажитын жарықшақтармен шектеледі.
Құрдастарымен бірге болуға тырысады, оларсыз мұңаяды, бірақ олардың
ортасында тез шаршап, жалғыздыққа немесе бір жақсы жолдасымен қалуды
армандайды.
Астено-невротикалық кіші жасөспірімдердің өзіндік бағалауы әдетте
олардың ипохондриялық қондырғыларын сипаттайды. Олар нашар көңіл-күйді
нашар хал-ахуалымен байланыстырады, түндегі ұйқысыздық пен күндізгі
ұйқышылдық, таңертеңгі ұйқы қанбай маза кетушілік. Болашақ туралы ойда
алғашқы кезекте өз денсаулығы тұрады. Сонымен бірге олар қажығандық пен
ашушаңдық жаңаға деген қызығушылықты басатынын, сын мен қарсыласуды ауыр
ететінін, олардың құқықтарын азайтатынын жақсы түсінеді. Бірақ та қатынас
ерекшеліктерінің барлығын дерлік жақсы деуге келмейді...
Личконың сенситивті типті кіші жасөспірімдері бала кезінен шошынған,
қорқақ болып сипатталады. Мұндай балалар жиі қараңғылықтан қорқады, жан-
жануарлардан аулақ жүреді, жалғыз қалудан қорқады. Олар шулы елкезек
құрдастарынан өзін аулақ ұстайды, аса қимылды ойындарды ұнатпайды,
басқалардың алдында ұялады, бөтен адамдар мен тез тіл таба алмайды. Мұның
барлығы кейде тұйықтықты айналасындағылардан аулақ жүретін аутисті бағытты
шизоидтылықты байқатады. Бірақ та бұл балалар өздері үйренген адамдардың
арасында біршама араласқыш болып келеді. Олар құрдастарына қарағанда,
өзінен кіші балалармен араласқанды жөн көреді, олардың арасында өзін
тыныштырақ сезінеді. Сонымен бірге шизоидтарға тән абстракты білімдерге
Балалар энциклопедиялылығы қызығушылығы артпайды. Көбі оқу орынына тыныш
ойындарды, сурет салу, илеуді қалайды. Туыстарына олардың қатал ара
қатынасына қарамастан аса күшті байланыста болады. Тыңдампаздықпен
ерекшеленеді, әдетте үй баласы болады. Мектеп оларды құрдастарының
топталуымен, елгезектілік, үзілістердегі төбелестермен шошытады, бірақ бір
топқа үйренгеннен кейін екінші топқа ауысу қиындыққа соқтырады. Әдетте
тырысып оқиды. Бақылау жұмысы, тексеріс, емтихандардан қорқады. Сынып
алдында жауап беруге ұялады, біліп тұрғанын толық айтуға жүрексінеді.
Пубертатты кезеңнің басы әдетте қиыншылықсыз өтеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Қиын балалар қиғылығының қыры
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Балалары үлгілі отбасылар тобы
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің қарым- қатынас стилінің әсері
Мінез акцентуациясы және конфликтілік жағдай кезіндегі мінез - құлық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Пәндер