Қазіргі кездегі сақтандыру шартының құқықтық жағдайы


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Осы уақытта қыруар жұмыстар істелінді. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Осындай өміршең заңдардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 806-бабына сәйкес (ерекше бөлім) заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілері міндетті және ерікті сақтандыру шарт түрінде жүзеге асырылуын белгілейді. Сақтандыру жүйесі сонау ерте кезден бастап пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3, 5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хамурапи еді. Хамурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шарты мынадай пункттерден тұрады:
- Сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен реквизиттері.
- Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс.
- Сақтандыру объектісін көрсету.
- Сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т. б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті сақтандыру жүйесінің нормативтік актілерін белгілесе, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі осы қабылданған сақтандыру жүйесінің заңды-нормативтік актілерінің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қадағалап, бақылап отырады.
Сақтандыру азаматтардың, ұйымдарының және мемлекеттің мүлкін сақтандыратын жүйе ретінде өркениетті қоғамның барлық қызметтерін, сондай-ақ өмір деңгейін қамтиды. Ол қоғамның барлық қажетті қызметі түрлерінің үздіксіз қызмет етеді және сақтандыру жағдайлары болған кезінде азаматтардың табысына, өмір деңгейіне қолдау көрсетеді. Сақтандыру нысандары мен әдістерінің алуан түрлілігі сақтандыру саласының нақты қызметіне тиесілі білімінің жан-жақты болуының қадағалайды, әсіресе, сақтандыру қызметін басқару мен маркетингін және халықпен кәсіби деңгейде қатынасуын білдіреді, алайда сақатандырушының тек тәжірибелік дағдысы ғана емес, сондай-ақ тимді және табысты қызметке бағытталған сақтандыру бизнісіне терең теориялық білімдарлық та қалыптастырады. Заман талабына сай сақтандыру қарым қатынас қарқынды даму келесі факторларға негізделеді; экономикалық мемелекеттік емес секторының күшеюі, сақтандыру қызметінің сұраныс көзі заңды және жеке тұлғалардың жеке меншіктерінің алауан түрлі болып дамуы және де олардың көлемінің өсуі, қолайсыз жағдайда мемлекеттік кепілдік көлемінің қысқаруы, экономикалық және басқа да мәселесі бойынша (круиздер, спорттық жарыстар, демалыс) шетел мемлекеттерімен қарым-қатынастың дамуы. Осы жағдайдың барлығы сақтандыру қызметінің барынша жетіліп, жаңа кәсіби мамандардың дайындығын талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Сақтандыру шартының қолданылу мәселелерін қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Сақтандырудың теориялық аспектілері
- Сақтандыру шартының қолданылу мәселелері .
- Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілік жағдайы және оны шешудің жолдары
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасының сақтандыру шартының қолданылу мәселелесі болып табылады.
Сақтандыру шартының заңды объектісі болып (қызмет көрсетудің өзге түрлерінен ерекше болып келетін) қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін сақтандырушының жүріс тұрысы есептеледі.
Сақтандырушының қызметі қаржылық мазмұнды болады, сонымен бірге оны көрсетуді реттейтін шарт, банкілік, қаржылық қызметті реттейтін шарттардың таныс конструкцияларына сәйкес келмейді. Айтылғанды сипаттауға сақтандырудың мазмұнына талдау жасау көмектесе алады.
Зерттеу пәні. Азаматтық құқықтағы сақтандыру шартының қолданылу мәселелері болып табылады.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. А. И. Худяковтың анықтамасына сәйкес: ”Сақтандыру құқығы елді сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы”. Г. Д. Шершеновтың жазуы бойынша сақтандыру алғаш теңіз саудасында қолданыла бастаған, жалпы теңіз сақтандыруы XІІІ-ғасырда Жерорта теңізінде пайда болған. Мысалы: егерде кеме апатқа ұшыраған жағдайда және басқада қауіп- қатерлерден келген зиянды кемешілер өзара толтырып отырған.
Зерттеу әдістері. Магистрлік жұмыс тақырыбы бойынша жоғарыдағы міндеттерге зерттеу жүргізу үшін келесі зерттеу әдістері пайдаланылды: зерттеу диалектикалық әдіс, салыстырмалы, сараптау, тарихи және ой-логикалық әдістер, сонымен бірге жүйелілік- құрылымдық, жүйелілік- қызметтік әдістер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы болып Қазақстан Республикасының сақтандыру шартының қолданылу мәселелерінің өндірісі барысында теориялық үрдістерді түйіндей отырып, оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады, және оның қалыптасуымен байланысты туындаған кейбір мәселелерді қарастыру болып табылады. Қазіргі кезде қоғамда қауіпті құбылысқы төтеп беру олардын алдын алу. Осыған байланысты біз осы жұмыста қаржы қызмет саласындағы тұлғаның құқықтарын қалай қорғайтындығын көрсетеміз.
Әлуметтік - Экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан;
«Қазақстан үшін экономикалық нығайтудың, халықтың әл ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Республиканың Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қысқа мерзім ішінде әзірленген Конститутция Қазақстанның демократиялық құқықтық және әлуметтік мемлекеттің ең алтын қазынасы ол, халық сол дамып өркендеуі және де қауіпсіз өмір сүру үшін олардын алдын алу қажет. Н. Ә. Назарбаевтың жолдаған 27. 01. 2012 жылғы жетінші тарауында жолдауында анық тұжырылымдалған. Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. »
Қорғауға шығарылатын сұрақтар:
- Сақтандырдың теориялық аспектілері
- Сақтандыру шартының қолданылу мәселелері
- Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілік жағдайы және оны шешудің жолдары
Зерттеудің практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының сақтандыру шартын құқықтық реттеу тактикасы азаматтық құқықтық зерттеуде шаруашылық, ғылыми, оқытушылық мақсатта қолданылуы мүмкін.
Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми жұмыстар.
1. Жанакулова А. Д. Сақтандыру құқығы // «Сақтандыру шартын құқықтық реттеу». Көкшетау: АМКУ, 2012 жыл. «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бөлімі» б
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Диссертацияда өзектілігінен, мақсатынан, міндеттерінен, әдістерінен, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерінен, зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибелік фактілерінен, зерттеу объектісінен, пәнінен, ғылыми жаңалығынан, практикалық маңыздылығынан, қосымшалардан және жұмыстың құрылымынан тұрады.
Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының сақтандыру шартын құқықтық реттеу жүргіздегі жалпы ережелерін ашу барысында сақтандырудың шартының аспектілері, сақтандырудың жалпы негіздері, сақтандырудың даму тарихы және сақтандыру шартының мазмұны мен нысаны туралы қарастырылған.
Екінші бөлімінде сақтандыру шартымен, оның заңдық табиғаты, сақтандыру шартының объектілері мен субъектілері, сақтандыру шартын орындау, тоқтату және жарамсыздық жағдайлары, сақтандыру шартының жасалу тәртібі мен қолданылу аясы туралы қарастырылған.
Үшінші бөлімінде сақтандыру шартының ерекшеліктері мен жауапкершілік жағдайлары, сақтандыру шарты бойынша төлем жүргізу тәртібі.
Жоғарыда айтылған мәселелерден біздің осы тақырыпты таңдау себептері ретінде және “Қазіргі кездегі сақтандыру шартының құқықтық жағдайы” атты тақырыптың өзектілігін көруге болады.
Қорытындыда қаралған мәліметтерге және көтерілген мәселелерге нәтиже шығарылып, қорытынды жасалады.
1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Сақтандырудың жалпы негіздері
Сақтандыру белгілі бір мүдделерге келген шығынның орнын толықтыруда маңызды орын алады. Сақтандыру бұл сыртқы немесе ішкі факторлар әсерінен адамға немесе мекемеге келетін залалдардан қорғау болып табылады. Сақтандыру экономикалық категория ретінде белгілі бір шаруашылық іс қималдарының нәтижесінде, арнайы мекеменің басқаруындағы, қаржының жинақталуы мен оның жұмсалуын қамтамасыз ету, сол мекеменің құрылуына мүдделі мекемелер мен азаматтардың өзгеше бір жағдайлар туындағанда мүлікті және басқада шығындардың орнын толтырылуын реттеп отыру. Мұндай мекемелерді құру мен оған қаржы аудару адам өмір сүру процессінде табиғатқа және қоршаған ортаға келетін қауіп қатерлерден, яғни су тасқыны, қуаңшылық жер сілкінуі тағы басқалай апаттардан келетін зияндардың орнын толтыру үшін қажет болып отырған. Сақтандыру қандай да бір мүліктік шығындардың орнын толықтай және тез қайтарудың тиімді тәсілі болып табылады. [1. Б. 1] Сақтандыру аясында кенеттен келетін оқиғалардың зардабы мен күресу, одан келген шығындарды толықтай қайтару және оны есептеу заңда белгіленген мөлшерде жүргізіледі.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабының 1-тармағында; Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру-сақтандырылған мүліктік мүдделерге зиян келтірген уақытта, сақтандыру резервтерінің құрылыуы мен сақтандыру төлемдерін (сақтандыруды өтеу) жүзеге асыру, сақтандыру жарналарының (сақтандыру сыйақылары) шоғырлануының қамтамасыз ететін мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылатын және сақтандыру қызметіне қатысушылар (сақтандырушы) арасында тәуекелді қайта бөлумен байланысты эконкмикалық қызметінің ерекше түрі.
Сақтандыру нарықтық қатнастар жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде экономикада ерекше фнкцияларды орындаумен байланысты қаржылық қатынастар жиынтығын көрсетеді. Сақтандыру кәсіпкерліктің түрі ретінде ерекшелігі-сақтандырушының алдын-ала келісілген себептері бойынша күтпеген қолайсыз жағдайларды залалын және мөлшерінің орнын толтыру міндетімен байланысты кәсіпкерлік тәуекелділігі.
Сақтандыру қызметі-Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес мемелекеттік өкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау және орындаумен байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі. Сондықтанда да «сақтандыру» түсінігінің мағынасы келесі бір немесе бірнеше белгілерді қамтиды; 1) қоғамдық қатынастардың жүйесін; мемлекеттік реттеу, заңнама арбитраж, мемлекеттік бюджет салықта, сақтандырушылар қоғамы кәсіби одақтар ассоциациялармен халықаралық қатынастар және т. б. 2) қызмет түрін; сақтандыру ісін ұйымдастыру, лицензиялау, сақтандыру бақылауы, сақтандырушы және сақтандыру мекемесі қайта сақтандырушы объектілер, сақтандырудың салалары және нысандары, өзіндік сақтандыру, сақтандыру тарифтері, жарналар мен төлемдер; сақтандыру резервтерінің қалыптасуы және орналасуы, сақтандыру брокерлері мен агенттері және т. б. 3) субъектінің бизнес түрін; сақтандыру мүддесін менеджмент және маркетинг, бәсекелестік андерайтинг, тәуекелділікті басқару және талдау, тұсаукесерлер, табыс, нарықтар, келісімшарттар сақтандыру өнімдері, аннуиттер, технологиялар, басқарудың автоматтандырылған жүйелер және т. б. 4) субъектінің экономикалық мүддесін қорғау әдісін; қауіпсіздік, сақтандыру қажеттілігі, мүліктік мүдде, зиян (залал), сақтандыру жағдайы, сақтандыру жарналары мен төлемдер, сақтандыру ренталары, сақтандырушының сенімділігі және т. б.
Сақтандыру функциялары - мәні оның функцияларынан көрініс табады олар сақтандырудың қаржы жүйесінің бөлігі ретінде ерекшеліктерін даралауға көмектеседі. Қаржы категориясы өзінің мәнін негізін қайта бөлу функциясы арқылы танылады. Ал бұл, функция сақтандыруға лайық -тәуекелділік, ескерту және жинақтау функциялары арқылы өзінің нақты, ерекше көрінісін табады. Тәуекелділік сақтандыру тәуекелі сақтандырудың негізгі бағытына сәйкес зардап шеккен азаматтарға және шаруашылықтарға ақшалай көмек көрсетумен байланысты залалдың мүмкіндігін аықтау қызметі. [15. Б. 2] Тәуекелділік функциясының шегінде кездейсоқ жағдайлардың салдарына байланысты сақтандыру құнының ақшалай нысанын қайта бөлу жүзеге асырылады.
Жинақтау функциясы отбасының иеліктерін сақтандыру қажеттілігіне байланысты өмірінің соңына дейін ақшалай жинактауын сақтандыру.
Ескерту функциясы сақтандыру қоры қаражатының бір бөлігін тәуекелдің деңгейін және салдарын төмендетуге бағытталған.
Бақылау функциясы сақтандыру қорының мақсатты қалыптасу және пайдалану қасиетін білдіреді; сақтандыру операцияларының дұрыс жүргізілуін қаржылық сақтандыру қадағалау.
Инвестициялық функциясы сақтандыру резервтерін (активтерін) орналастырумен байланысты қызмет.
Принциптер дегеніміз ол орталықтандырылған түсінік барлық жүйенің негізі, ол белгілі бір ереженің барлық жүйеге әсерін таратушы және қорытушы ретінде қолданылады. Осыны ескере отырып, сондай ақ сақтандырудың генезисін, оның ерекшелігін, осы саладағы қаржылық қатнастардың ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, осы категорияның болмысын белгілейтін принциптерді айқындайтық. Қазыргі кезде әлемдік тәжірибеде қолданылатын ағылшын құқығындағы сақтандырудың басты принциптері мүліктік мүддені болуы, екі жақтың бір біріне деген жоғарғы сенімділігінің болуы, залал (зиян) оқиғаның себеп салдарының байланысты болуы, залалдың (зиянның) нақты көлемінде сақтандыру көлемінде сақтандыру төлемдерін жүргізу, суброгация сақтанушының құқығын сақтандыру төлемінің орнын толтырған сақтандырушыға беруі.
Іс жүзінде бұл принцптер клиент пен сақтандырушы арасындағы қарым- қатынастың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді;
- Сақтанушы мүдделі бомаса, қарым-қатынас болмайды;
- Сақтандыру объектісі жайлы клиентке толық мәмілет берілмесе, тиімді келісім шартқа қол жеткізе алмайды.
- Шығының есебін түсіндірмей, орнын толтыра алмайды;
- Орын толтыру төлемақыларыалдын ала келіскен сома көлемінде, бірақ нақты залал сомасында ғана төленеді;
- Сақтандыру төлемін төлегеннен кейін сақтандырушы клиенттің барлық құқықығын алады және кінәлі үшінші тұлғалардан өндіріп алады.
Сақтандырудың өз ерекшеліктері бар сондықтан сақтандыру қызметі төмендегі ережелерге негізделеді;
- Инвеститциямен реттелген, сақтандыру қауіп қатерінің ба, асымен байланысты, табыстар мен шығындар арасындағы терпе - теңдіктің анықталуымен сақтандыру экономикасына негізделген сақтандыру компаниясы оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе алады;
- Сақтандыру және қаржылық математикаға негізделеген, қажетті сақтандыру тарифі және сақтандыру тарифінің есебі, сақтанушылардың зияндарын өтеуге жеткілікті қаражаттың бағасы және де басқа ақпараттарды сақтандырушы мен сақтанушыға жеткізетін сақтанушыға статистикалық мәліметтерді беру;
- Сақтандыру келісімшарты мен нарықтың басқа субъектілерінің арассындағы қарым-қатынасты реттейтін сақтандыру құқығына негізделген құқықытың ерекше саласы ретінде, бүгінгі таңада сақтандыру көбін қызықтырады. Ал басқа жағынан, сақтандыру халқының сан алуан түрі топтпарды да қызықтырады кәсіпкерлерді, тауар өндірушілерді, тұтынушыларды және т. б. Бұл топтардың көздейтін мақсаты қолайсыз коммерциялық жағдайға ұшырағанда өз қызметінің пайдасына (табысын) сақтап қалу.
Сақтандыру нарығы ерекше әлуметтік экономикалық құрылым, сатып алу мен сату объектісісақтандыру қоғанысы болатын және де оған деген ұсыныс пен сұраныс қалыптасатын ерекше ақша қатыныасының саласы. Сөздің кең мағынасында, сақтандыру нарығы сақтандыруға қатысты барлық экокнкомикалық қатынастың жиынтығын білдіреді. Ал тар (жай) мағынасында, сақтандыру нарығы сақтандыру қоғамдарының жиынтығы. Нарықтық қатыныастар сақтандыру оқиғасының нақты мүмкіншілігімиен байланысты опат болу немесе мүлікті бұзуға, табысты жрғалтуға әкеліп соғатын сақтандыру мүдделерінің жаңа спектірінен туындайды. Сақтандыру нарығының қатысушыларыф сатушылары сатып алушылары және делдал тұлғалар, сондай ақ ассоцияциялары болып табылады. Сатушылардың белгісі сақтандырушы және с қайта ақтандырушы компанияларымен анықталады. Ал сатып алушы ретінде сатушымен сақтандыру келісімшартына отыруға бел буған жеке және заңды тұлғаларсақтанушылар анықталды. Сатушы мен сатып алушының арасында делдалдық (ортадағы) қызметті өз күштерімен сақтандыру келісімшарттарын жасайтын агенттер сақтандыру брокерлер атқара алады (1-сурет) .
- Сурет. Сақтандыру компаниясының клиентпен қарым-қатынасының құрылымы.
Сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің арасындағы ең басты айырмашылық брокер өз атынан сақтандыру компаниясына тәуелсіз делдел қызметін атқаруында. Брокер сақтандыру компанияларының қаржылық жағдайы жайлы көп ақпарат жинайды, алған мәліметтерді жүйелеп сараптайды, өз клиенттеріне сақтандыруды қолайлы, оңтайлы жағдайларын ұсынады. Жоғарғы деңгейлі, кәіби мамандандырылған брокердін қызметі дамыған елдерде, әсіресе, Ұлыбритания мен АҚШ-та үлкен сұранысқа ие. Осылайша сақтандырушы нарығы сақтандырушылар сақтандыру қызметтерін ұсынатын, сақтандыру компаниялары, сақтандырушы делдалдар және сақтандыру инфрақұрылымның ұйымдарды, сақтандыру қызметтеріне деген сұранысты қалыптастырып экокномикалық кеңістікті құрайды. Сақтандыру нарығының алғашқы бөлімі сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы болып табылады. Дәл осы жерде сақтандыру қорының қалыптасу және қолдану процесі жүзеге асырады, біреуі қалыптасса, екіншісінде экокномикалық қатынастар пайда бола бастайды, жеке, топтық, ұжымыдық мүдделер байланыста болды. Сақтандыру компаниясы сақтандыру қоры қызыметінің тарихы белгіленген қоғамдық формасы, ал ол сақтандыру келісімшарттарын жүзеге асыратын жкек дара құрылым болып табылады. Сақтандыру компаниясына техникалық ұйымдасқан бірлікпен жеке даралық тән. Оның экокномикалық жкек даралығы ресурстардың өзіндіктігі және де айналымда байқалады. Сақтандыру компаниясы экокномикалық жүйеде жеке шаруашылық субъект ретінде және де өндіріс қатнастары жүйесіне енгізіліп қалыптасқан. Экономикалық бірлік ретінде сақтандыру компаниялары өздерінің қатынастарын басқа да сақтандырушылармен қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық тәжірибемен дәлелденген ықтималдылықтарды күту және сақтандырушылар сақтану полисін жасау арқылы шешімдерді қабылдайды. Сақтандырушы қызығушылығы бар кәсіпкер рөлінде қарастырылады, өйткені оң заңнамалық актілерге сәйкес бекітілген істің жүргізілуіне байланыстардың дамыған жүйесі. Осы құрылымды қарастыра отырып, сақтандыру нарығын төмендегідей бөлу қажет;
- Масштабы немесе деңгейі бойынша (географиялық белгісі) ;
- Фирмалық белгісі (құрылымы) немесе институционалдық белгісіне байланысты;
- Салық белгісіне байланысты.
Ұлттық сақтандыру нарығы бөлек бір мемелекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет саласы. Барлық сақтандыру қызметі ұлттық сақтандыру нарығында сақтандыру заңнамасы шегінде жүзеге асырылады және де оны бақылау мемелекеттік қадағалау органына жүктеледі (Ұлыбританияда сауда және өндіріс департаменті, АҚШ -та штаттарадың сақтандыру комиссиялары) . Институтционалды сақтандыру-нарығы сақтандыру компанияларынан, мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарынан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру ассоцияциялары, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қызмет атқарады. Ұлттық сақтандыру ассоциацялары өкілеттігі халықаралық келіссөздерде, ақпарат құралдарында сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін қорғайды. Ұлыбританияда британдық сақтандырушылар ассоциациясының мүшелері 450сақтандыру компаниясы болып табылады. Сақтандыру бизнесін интернацияландыру халықаралық сақтандыру нарығын қалыптастырудың материалдық негізі болып табылады. Мемелекетаралық интеграциялық процестің өрістеу жағдайына аймақтық сақтандыру нарықтарын қалыптастыру материалдық негізі болады. Аймақтық сақтандыру нарығы бір бірімен интеграциялық байланыста болатын кейбір аймақтардағы ұлттық сақтандыру нарықтарын сақтандыру ұйымдарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарыққа Солтүстік Америка нарығын жатқызуға болады (АҚШ, Канада, Мексика еркін сату аймағы туралы келісім шартқа қол қойған мемлекеттер. ) Халықаралық сақтандыру нарығы аймақтар мен мемелекеттер арасындағы сақтандыру қызметтерін айырбастау (экспорт және импорт) жүйесі. Бұл нарық арқылы ірі тәуекелдерді сақтандыру ұлттық және аймақтық нарықтары арасында қайта сақтандыру немесе брокерлер арқылы бөлінеді. Ақырғы екі он жылдықта сақтандыру компаниялары әлемдік сақтандыру нарығын дамыту да оны кеңейту мақсатында тәуекелдерді диверсификациялау, сақтандыру портфелін қалыптастыр және тұрақтандыруды негізге алды. Әлемдік сақтандыру нарығы құрылымның өзгеруінің негізгі себептері;
- Сақтандыру бизнесін одан әрі шоғырландыру және ірі халықралық сақтандыру компанияларының рөлін арттыру;
- Мемлекеттік әлуметтік саясатының және демографиялық өзегрістерінің нәтижесінде жеке сақтандырудың әр түрлерінің және өмірді сақтандыру үлесінің жалпы сақтандыру қызметін тұтыну құрылымының өсуі;
- Сақтандырудың бұқаралық тұтыну қызметтері бойынша сұраныстың толықтығына байланысты сақтандыру сыйақыларын түсімінде АҚШ және Еуропаның дамыған сақтандыру нарықтарының үлесін азайту;
- Ірі сақтандырушылардың қызметінде тәуекелді басқару құралы ретінде өзін-өзі сақтандырудың рөлін көтеру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz