Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе бөлім

Атыраудан Алтайға дейін Қазақ даласын қайыстырып, түсті кілемдей түрлентіп, үйір-үйір жылқы, келі-келі түйе, табан-табан сиыр, отар-отар қой жататын. Бай қазақтардың малы мыңдап, оң мыңдарп саналатын. Былайша айтқанда, онда қазақтар еш алаңсыз, емен-еркін сауық-сайранмен күн көрген. Мал айдап жүріп ән салмайтын жігіт кемде-кем болатын.

Соған сәйкес ол тұстағы қазақ плэзиясы да қазыналы керемет бай.

Диплом жұмысының негізгі бөлімінде қазақ әдебиетінің ұзақ тарихи- даму жолында неше алуан кезендерден, өсу, өрлеу сатылары көрсетіледі, бұл бөлімді жазғанда (Қазақ әдебиетінін қысқаша тарихы. - А., -2001., Жұмалиев Қ. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - А. . -1967., С. Садуақасов. Қазақ әдебиеті. Тарихи талдау//Ақиқат. -2007. -№ . - . т. б. ) қолдандым.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы оның көркем әдебиетте көрініс алады. Оқушыларды көркемдік әлеміндегі тұтастықты, қоршаған ортадағы үйлесім мен жарастықты және адамзат баласына тән барлық ізгі қасиеттерді оқушы бойына ұялатуда ерекше орын алатын «Қазақ әдебиеті» пәні.

Диплом жұмысының екінші тарауында қазақ әдебиетінің оқыту мәселелері жайына тоқтадым. Белгілі ғалымдардың Мырзағалиевтың, Қасымбековтың, Қирабаевтың еңбектерін пайдаландым.

«Мектептегі қазақ әдебиеті пәні - білімділік, тәрбиелік үлкен жүк көтеретін, әр жақты қызметтер атқаратын ең маңызды пәндердің бірі», деп әдеби білім тұжырымдамасында орынды көрсетіледі. Мектепте өтілетін қазақ әдебиеті сабағы мазмұнының негізі отызыншы жылдардың ішінде қалыптаса басталды. Оған арналған оқу программалары мен оқулықтар жасау ісіне С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, О. Тұрманжанов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Е. Ысмаилов, Ш. Кәрібаев, С. Қирабаев сияқты қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері мен әдебиетші-ғалымдары қатысты. Содан бері мектптегі қазақ әдебиеті курсы заман талаптарын ескере отырып, үнемі жанарумен, жетілдіру жолындағы ізденістермен келеді.

Диплом жұмысының «Сал-серілер» шығармашылығын мектепте оқытудың тиімді жолдарын» ашуда көптеген әдебиеттерді қарап, оқыдым. Белгілі ғалымдар, жазушы-журналистер мен қатар мерзімді басылымдарда «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында басылған жас ізденуші аспиранттардың, мұғалімдердің педагогикалық технологияларымен таныстым: «Жас маманға жәрдем», «Оқулыққа қосымша», «Білім жетілдіру мектебі», «Озық тәжірибие, ортақ әдіс» айдарында берілген К. Мусинаның, Б. Өтегенқызының, Ғ. Байғазиеваның т. б. тәжірибелерін диплом жұмысына кіргіздім. К. Елікбаеваның М. Өтемісұлының шығармашылығын оқытуда пайдаланған жаңа технологияны қалай пайдаланғанымен танысып, сал-серілердін шығармашылығына арналған қортынды сабағын құрадым.

Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр -ХХ ғасыр басы екені анық бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін-өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгіннен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. Әдебиет пәнінің негізі көркем шығарма болғандықтан; оқушы одан әр ақын-жазушының толғанысынан туған, өзіндік қайталанбас өнер құдіретімен танысады. Қазақ әдебиетіндегі ерекше, өзгеше, ешбір халық мұрасына ұқсамайтын шетін өнер иелері - сал-серілер.

Көкше өңірі ежелден ауыз әдебиетіне, оның ішінінде сұлу әнге аса бай өлке. Сондықтан да осынау өңірді халық ән-жырдың алтын бесігі деп тегін атамаса керек. Құнарлы топыраққа ғана мәуелі бәйтерек өсіп шығатын болар. Кейінгі ұрпаққа баға жетпес байлық, жат жұрттан нелер қымбат асылға айырбастап ала алмайтын рухани мол мұра қалдырған ұлттық өнер, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің бәйтеректері осы қасиетті өлкеде өсіп өнген. Олар-Орынбай мен Шөже, Арыстанбай мен Шал, Тоғжан мен Біржан сал, Нүркей мен Ақан сері, Балуса Шолақ пен Үкілі Ыбырайлар.

Бодандыққа бет алған ел ішіндегі осы бағыт өкілдері қылықтарымен қарсылықтарын білдіріп тұрғандай. Олар еш заңға бағынбайды. Ешкімнің құлы емес, еркін, өр. Тіпті киімдері де ешкімге ұқсамайды. Жүріс-тұрысы бөлек жандар қазақ өнері алдында ғана бас иеді. Әнді әспеттеп, сөзді сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран, алымды тазыны ертіп, өткен күннің ертек кездің кейіпкеріндей сұлу тағдыр кешеді. Сал-серілердің бойындағы қасиеттер мынадай:

  1. Сал-серілер - әнші де өнерлі адамдар.
  2. Сал-серілер - сазгер әрі ақандар.
  3. Сал-серілер ешкімге бас ұрмайтын ер көңіл, жүректі жандар.
  4. Сал-серілер сәнді киім, жүйрік ат, қыран құс, алғыр иттің иелері.

Яғни XIX ғасырдағы қазақ өнерінің туын шыңға қадаған сал-серілер қазақ әдебиетінің қоржынына бағалы қазына салғаны анық. Олар сонысымен құнды.

Диплом жұмысын жазуда музейге, мұғалімдер жетілдіру институтутына, мектеп мұғалімдермен кездестім. Олардың сал- серілер тақырыбында озық әдіс тәсілдерімен бөлісеме екен деп, Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлерімен жолықтым . Осы бөлімнің кітапханашылары кітапханада жоғарғы сынып оқушыларына, жалпы жас оқырмандарға Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай т. б. сал-серілерге арналған тақырыпты кештер өткізеді екен, көптеген кездесулер сал-серілердін қазырғы кезде жалғастырып жүрген Баянғали Әлімжанов, Иран (Ильяшев) Тасқара, Арман Бердалинмен, кездесу кештер өткізіп отырады екен, Облыстық мектеп - интернатымен тығыз байланыста жұмыс жұргізетіндерін айтты, сол кездесу-кештерді диплом жұмысына кіргіздім. Кітапхананың қорында сал-серілердің күйтабақтары, аудиодисктар, СД дисктер, тақырыпты папкалар бар екен, диплом жұмысын жазғанда пйдаландым.

1. 1 Әдебиет - асыл ойдың бұлағы

Елдің тарихы, ел басынан өткен ұлылы кішілі уақиғалар, тарихи қайраткерлер туралы деректер, ақылды -аталы сөздер мен өнегелі өсиеттер- осылардың барлығы қағазда емес, халық жадында өлең -жыр, аңыз -әңгіме болып сақталған, ел аузында өмір сүрген. Көпті көрген көзі хат, көкірегі шот қариалар, шежіре шешендер, шын мағынасында нағыз тарихшы, әдебиетші, заңшы т. б. ғалымдардың, оқытушы ұстаздардың міндеттерін атқарған «Тіле ұстарып алған шешен билердің жырмен тақпақпен айтпайтын мәнді сөзі болмаған» дейді Сәкен. Көшпелі қазақ шаруалары алты ай жазға жері от, суы мол жайылым қуып кең сахараны кезіп, көшіп жүріп жер-суының қадыр-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп өсімдік қасиетін мол байыптаған, біздің тілімізбен айтканда, ботаник әрі зоотехник болған. Төрт түлік малының ауызына үрлеп, аяғынан шаранасын сыпырып төлдете жүріп «сырын» алған, сынын түйген, шетінен мал маманы болған. Сонымен қатар қазақ шаруасы құмай тазы, қыран құс ұстап, құсбегі, саяткер болған, сондықтан да оның өлең-жырында, ән-күйінде аққудың үні, тоты-кұстың «тілі» бар.

Қазақ шаруасы жазы-қысы мал бағып, аң аулап ат үстінде жүріп жартылай жауынгерлік өмір кешкен: үнемі дала кезіп, далаға түнеп, аспан дүниесін бақылап әрбір жұлдыздың атын білген, қозғалысын бақылаған, күн тәулігі, жыл мезгілін соған қарап болжап, астроном болған. Жерінің табиғатымен, елдің тіршілік-кәсібімен байланысты осы ерекшеліктердің барлығы, сайып келгенде, халық санасына, сезім дүниесіне үлкен әсер еткен, әдеби-эстетикалық талғамының өсуіне, тіл өнерінің жетілуіне жетекші болған.

Қазақ - дүние жимаған, байлық қумаған бекзат, сақы халық. «Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес» деп тапқанын тамағына, киіміне жұмсап, «бөрі азығы мен ер азығы жолда» деп жүре берген қанағатшыл, оптимист халық. Тіпті «ата дәулеті балаға дәулет болмайды», «өлі разы болмай, тірі байымайды» деп атадан қалған мал-мүлікті «өзіне жаратқан-жұртқа таратқан. Сөйтіп, көп жасаған қарттың, қадірлі жастың артын ас беріп бейне бір тойға айналдырған. Ауылдарда, ашық далада жиі өтетін ас- тойлар ақындар мен шешендер де сыннан өтетін, шындалатын бейне бір форум болған.

Халық ауыз әдебиетінде өзіндік ерекшеліктері мейлінше мол, күрделі жанрдың бірі-айтыс. «Айтыс»- қазақтың төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымда қолданып келген. Қазақта айтыс негізінен шешендік қара сөз, өзара күй тартысу, кезектесіп айтылатын суырып салма өлең түрлерінде қалыптасқан. Мұның қай түрін алсақ та аса тапқырлық пен алғырлықты қиыннан қиыстыратын шеберлікті керек етеді. Ерте заманнан-ақ «өнер алды- қызыл тіл» деп сөз өнерін қадір тұтып қастерлеген қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде өрнек-айқышы мол ақындар айтысына айрықша мән берген. Айтысты өзінің рухани мол өмірінің жарқын көрінісі, көнермес асыл мұрасы тұрғысында буыннан жалғастырып, үлгі етіп отырған. Қалың дүйім жұрт алдында үлкен міндет, ауыр жүк арқалаған ақындар жекпе-жек майданға шыққан қас батырларша бірін-бірі сөз найзасымен аямай түйреп, сан қилы әдіс-айламен шарқ ұрып нысаналы жеңіске жетудің жолдарын іздестіреді, ретін тауып ақынның ең бір әлсіз, жанды жеріне тиіп, бұлтартпай, бас игізуді көздейді.

Ақындар айтысы жұрт бас қосқан жиын-тойда екі ақынның кездейсоқ кездесуімен де, яки бір елде аты шыққан екінші біреуінің арнайы іздеп келіп қағысуымен де, тіпті өрен жүйрік әйгілі екі ақынды дүйім жұрттың әдейі табыстыруы арқылы да өтуі мүмкін.

Шаршы топта өнер жарысына түскен екі ақын да бір-біріне оқыстан қойылған сұраққа, не тағылған айып-сынға қолма-қол жауап беруге тиісті. Түйдек-түйдегімен ағытылған сөз нөсері неғұрым нысанаға дөп тиетіндей әсерлі, жүйелі де уәжді болса, ақын солғұрым жүйелі жеңіс сәтіне жақындай түспек. Бұлтаруға ырғақ бермейтің ащы шындық, ұтымды дәлел, аталы сөз ғана қарсыласының жеңілгенін ашық мойындауға мәжбүр етпек. Қазақ ақындарының дәстүрінде қаншалық қиын, өкінішті болсада, өзінің сөзден тосылып женілгенін мойындау ар саналмаған. Қайта сол жеңілген ақын қай ақыннан қалай тоқталғанын тындаушысына бүкпесіз өзі жайып айтып жүретін болған.

Ел өмірінің кесек көріністерін беріп, қоғамдық ірі мәселелерді әрі терең, әрі кеңінен қамтитын шығарма деп «Біржан мен Сара» айтысын айтуға болады.

Халқымыздың рухани өмірінің асыл маржаны саналатын бұл айтыс оның ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талап -талғамы мен поэтикалық ойлау, образдар жүйесінің көркем жиынтығы да.

«Біржан -Сара» айтысы болды ма, жоқ па деген талас -тартыстардың әр кез баспа сөз бетінде жаңғыра қайталанып, әдебиетші қауым назарын өзіне ауық -ауық аударып отырады да бұл шығарманың алдымен әдебиет, сондай-ақ айтыс тарихынан маңызды орын алатынын де аңғартаса керек.

Қашан да «Біржан -Сара» айтысын ауызға алғанда, сол айтыспен аты қатар аталатын ақын - Әріп. Қазақтын аса ірі ақыны, маржан сөздің зергері Мағжан Жұмабаев, Әріп Тәңірбергенұлының ауыз-да-ауыз сұрағанда: «Біржан- Сара» айтысын шығанған мен емес. Екеуін де көрген жоқпын - деп ақтық сөзін айтқан мұны Әріптің көзі тірі -ұрпақтары растайды. «Біржан -Сара» айтысында қазақ әйелдерінің ауыр халі мен олардың бас азаттығы мәселесі өзінің бар мән -маңызымен әлеуметтік деңгейде қөтерліп сөз етіледі.

Айтыс дегенде рушылдық бағыт алып, өз елінің байлығы мен жақсы - жайсаңдарын дәріптеуден басталса да, негізгі тартыс әділдік, адамгершілік тәрізді ізгі қасиеттерді саралуға құрылып, қызықты өнер сайысына айналады. Осы өмірлік мәселелердің бәрі де әлгі айтылғандай «сөз жезін алтындайғып ағытқан» өнер саңлағы ақын Сараның бас бостандығы мәселесі төңірегінде дамытылып түйінді шешімімен тапқан.

Сөз бәсекесінде өзінен асып түспесе кем соқпайтын өрен жүйрек Сараны тоқтатудың бір ғана амалы бар. Ол -өз бойында дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлу, ділмар шешен, майталман ақын Сараның «өзі таңдап тиген» қосағын сөз ету, соның кеміс-мінін көлденең тартып еріксіз тізе бүктіру «Найман ұлға балап сөйлеткен» ақ тұйығында күні ертең «жарбиған жапалақтың иемденгелі отырғанын» сабақтай атып оқыс тоқтату:

Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ,

Көрейін еркегіңді тиген таңдап.

Ашыса рас жаны Тұрысбектің,

Белгілі білінеді келсе сонда-ақ.

Шыбықтай жігіт шығар өңі нұрлы,

Өнері өзің теңдесе сегіз қырлы.

Шеберден мін алатын мініскерсің,

Ер шығар тоты құстай неше түрлі

Жақсыны көрмек үшін деген, Сара,

Өзі түгіл ел қамын жеген, Сара,

Мырзаңды ит Жиенқұл мұнда шақыр

Ұялып бөгелесің неден, Сара.

Сара бір сәт Жиенқұл туралы, «найманда ұлы дария, саяткерілі, балық боп ілінемін қарамағыда» деп сыр бермей сөйлесе де, түптеп келгенде іштегі шешрменді шерін жұрт алдына жайып салып, сөзден тосылып жеңілгенін ашық мойындамайды. Біржан сері жеңгеніне мәз болып қыз тағдырына қалай болса солай қарамайды, енді бәсекелес ақыннан оның жалынды қорғаушысына айналады. Біржанның Сара жайында айтқан сөзі жалғыз Есімбек пен Тұрсынбекке ғана емес, ел ішіндегі әлеуметтік ескі қатынасқа қарсы бағытталған үлкен айыптау сияқты

Обалы Есімбек пен Тұрсынбекке,

Жігітің жаман екен, ей, беишара!

Аты ұрғашы демесең қарындасың,

Адамның артығы екен осы тұста.

Шынымен баптап күнде дауға салса,

Ілеспес ақын түгіл ұшқан құс та.

Фортепьяно күйі деп ойлар еді,

Көрмеген дауысын есітіп тұрса тыста.

Обал тұрған орында сауап та бар.

Жиенқұл тең емес қой бұл байғұсқа.

«Біржан мен Сара» айтысында айтылатын бас бостандығы мәселесімен қатар, өзектесе дамып жарыса баяндайтын оқиғалар жүйесі де мол. Мұнда жалпы ақындық өнер, адам бойындағы жақсы да жаман сан түрлі қасиеттер, қалыпты ел дәстүрі. Қарсылас ақын өз кезегінде сол мақтаған кісілердің ел ішіндегі жағымсыз іс -әрекеттірі мен мінез құлқын жұрт алдында аяусыз мінеп, бұрған үнемі өз елінің игі жақсыларын қарсы қойып отырады. Әуелгі ақын да осы тәсілді шебер қолданып, сын кезегі сол тәртіптен ауысып жалғаса береді. Айталық, Сара мақтаған ел жақсыларын Біржан сал өз сөзінде «ағайын -туысын шенге сатқандар» деп шенесе, Сара да өз кезегімен Біржан дәріптеген Құсбек, Сартай, Қазыбек тәрізді ұлықтарды «ұстаған тобықтыны дүре соғып, аққан қан ат суарған тұнығына» деп аяусыз түйрейді. Осы іспеттес уытты жолдар, айтыстың қоғамдық -әлеуметтік мәнін ұштай түеумен қатар, оның әсерлік-эмоциялық сипатын да арттырып отырған. Көркем де кесек айтыстардың бәрі дерлік өмірдің сан алуан саласын қамтып, соның айқын көрінісі ретінде туып отырған.

Айтыс үстем тап өкілдерінің зорлық -зомбылығын жұрт алдында батыл әйгілеп, әшкерлеудің басты бір тәсіліне айналған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысы тарих сахнасында көшпелі өмір, тарихи-әлеуметтік жағдаяттар синкритті өнердің өкілдері - сал-серілерді тудырды. Оның бастауында -Біржан сал тұрды. Оның ақындық композиторлық, әншілік мектебінен Жаяу Мұса, Құлтума; Қанапия, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Шашубай, Доскей, Естай, Әздембай сал, Ғазиз, Тайжан, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Ағашаяқ тәрізді өнерпаздар тағылым -тәрбие алып, сал-серілік дәстүрді шеберлікпен дамытты. 1861 жылғы реформадан кейін қазақ даласында орыс шаруаларын қоныстандыру жыл сайын үдей түсті. Қазақ жерін патша өкіметі, көшіп келушілерге жерді молынан және ең құнарлысынан беруге тырысты. Патша өкіметі қазақтың жерін алып қойған жоқ, екі ұлттың арасында от жағып, араздастыруын қоздыруга күш салады.

Патша өкіметіне иек сүйеп, қол артқан орыс құлақтары, қазақтардың арына тиіп, намысын қозғайтын талай сойқандық қылықтардан жиіркенген жоқ. Құлақтардың мұндай әрекеттеріне тыйым салудың орнына, олардың олардың қолтығына су бүркуші патша өкіметінің өздері болды. Осындай тарихи шындықтың айғағы болған Ақан сері барды барынша айтып, патша өкметіне наразылығын білдірді.

Патша өкметі қазақтың жерін де, малын да алып, шаш етегінен пайда тауып отырғардығын, бірақ қазақ халқы басқалармен тең еместігін айта келіп, ақын өкмет алдында занды тілектер қойды. «Пара-пар кретьянға тең болмадық» дейтің өлеңінде ақын:

Пара-пар крестьянға тең болмадық,

Тартылып қай жағаға ем болмадық?

Малымыз, жерімізден пайда тиіп,

Қалайша патшамызға дем болмадық.

Орыс, ноғай, сарт- сабан, саудагерге,

Қалайша малмен, жермен тең болмадық?!-

дейді. Осы өлеңнің аяқ жағында Ақан Құрылтай жиылыстарында бұл мәселені өкмет, патшаның өзі неге тексермейді дегенді айтады. Бара-бара патшаның қайырымсыз, мейірімсіз екендігіне әбден көзі жеткеннен кейін, ақын басқа заң, басқа өкімет іздемекші болады.

Бостаншылық берсе егер басымызға,

Патшамыз марқабат қып ырзаласып,

Бетімізбен біз де өлмес күнің көріп,

Тыныштық жай іздер едік арып-ашып, -

дейді

Бұл да қарсылықтың бір түрі. Әрине, әлсіздіктен, лажсыздықтан туған қарсылықтың түрі. Бірақ оған ақын кінәлі емес, бұл осы кездегі жағдаймен байланысты еді.

Ақын қиын һәлден шығудың мұнан басқа да жолын іздейді. «Заманға қарап айтқан сөзін» дейтін өлеңінде:

Болғанда мұндай күнде заманымыз,

Жай жатып сахарада қамаламыз.

Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,

Қайткенде тура жолды таба аламыз?-

дейді. Ел басқаратын болыс, би өздерінің қара басының қамын. Өз құлқының ойлауымен жүр, енді елде кім бар деп, айналасына көз салып еді, ел жуаны байларды көрді. Бірақ олардың да болыс, билерден еш айырмасы жоқ екенін ақын жақсы түсінді. Сөйтіп, олардан да күдер үзді.

Байлар жүр, малша күйсеп, малын бағып,

Ұйқымен өмірі өтіп тектен- текке!-

деп түңілді ақын. Өзі көріп отырған зұлымдыққа қарсы шығуға күш болмады, ол өзінің әлсіздігін сезді; сондықтан наразылық білдірді, дарашылдыққа салынды. Айналасынан қол үзіп, табиғатқа бой ұруының өзі де қарсылықтың бір түрі еді.

Ақан ел бірлігін, ел қамын ойламаушыларды шенесе де, оларға наразы болса да, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, халық ішінде жақсының барына да, кейін тағы да болатындығына да анық сенеді.

Айнымас, кетпес толқып жаннан қорқып,

Бәйгеге басын тігіп, қалар тұрып,

Құзырға қырық кісінің бірі жарар

Біткен жоқ қой жақсы адам елде құрып, -

дейді. Ақынның ел қамын ойлайтын адамдар туатындығына толық сенеді.

Бұл дәуірде поэзия шарықтап өсіп, кең қанат жайды, нағыз өнер

дәрежесіне жетті, жаңа идеялық-көркемдік сатыға көтерілді, жазба әдебиет

туып дамыды, таланты мен өмір, өнер танымы әр алуан ақындар дүниеге

келіп, поэзияның қоғамдық салмағын күш қуатын арттырады.

Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды. Сан ғасыр халық жадында сақталып, жұпталып көптің талғамынан, ой елегінен өткен мақал -мәтел, нақыл, терме шешендік сөздер ақындардың өлең -жырларында, шешендердің даналық толғауларында ашылды, айқындалды, ал ақындар мен шешендер әлденеше ұрпақтың сана -сезімін аралап, көптің көкейіне орныққан ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды; керекті, кезекті жерінде жаңартып, жасартып кәдеге жаратады.

Асылы, авторлы өлең -жырлар мен шешендік сөздер ежелгі ауыз әдебиетінің жалғасы және жаңа көркем әдебиетінің бір бастауы болып табылады. Өйткені, көбінесе, ауыз әдебиетіндегі басқа жанрлардай емес, авторлы өлең - жырлар мен шешендік сөздерде қиял -ғажайып нәрселер болмайды, реалистік уақиғалар, өмірде болған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар әңгімеленеді, әрі көркем келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан серінің махаббат лирикасы
АҚАН СЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Дәстүрдің жаңғыруы, Ежелгі қазақ әдебиетінде бар поэтикалық үлгінің дәуірлер өте келе жаңа қырынан түлеуі
Қазақ әндерінің бала тәрбиесіндегі ролі
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz