Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі салт- дәстүрлердің алатын орны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Халықтың салт-дәстүрлері рухани мұра ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
Атақты ойшыл ағартушылардың бала тәрбиесі туралы
             тұжырымы ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2. Негізгі бөлім
2.1 Салт-дәстүрлердің түрлері, қайта жаңғыруы ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.3 Салт-дәстүрлерді бала тәрбиесінде қолдануда мектеп пен отбасы
       ынтымақтастығының қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
2.4 Салт-дәстүрлерді сабақта тиімді пайдалану жолдары ... ... ... ... ... . 52
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .. 63
Ата-аналарға арналған тест 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 67
Қосымшалар
Суреттер, буклеттер

Тақырыбы: Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі салт-дәстүрлердің
алатын орны

Мақсаты: Бала тәрбиесінде салт-дәстүрлердің алатын рөлі

Міндеттері:
1.Бала тәрбиесінде салт-дәстүрлер туралы тұжырым.
2.Салт-дәстүрлерді бала тәрбиесінде қолдануда мектеп пен отбасы
ынтымақтастығының қажеттілігі.
3. Салт-дәстүрлерді сабақта тиімді пайдалану жолдары.

Зерттеу объектісі: Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер.

Зерттеу пәні: Оқушылардың бойында салт-дәстүрлерді қалыптастыру
әдістері, жолдары.

Ғылыми болжам: Егер де даму ерекшелігіне сай оқу-тәрбие процесінде
салт-дәстүрлердің құндылығын оқушы бойына дарыта білсе, онда жан-жақты
дамыған тұлға өсіп шығады деген тұжырым жасауға болады.

Кіріспе

Өмірдің талай-талай белесі көп,
Ақылмен жүрген адам соған жетеді,
Қартайғанда сыйымды болу үшін,
Артта қалар үлгілі ұрпақ керек, - деп сөзімді бастағым келіп отыр. Бұл
өлең шумақтарымның түйінін айтатын болсам, әр халықтың өз салт-дәстүрі,
ырымдары, кәде, жоралғылары бар. Қай халық болмасын өз дінін, салт-дәстүрін
ұстанады, өмірде жалғастырады. Ұрпақ-ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі.
Сондықтан да әр халық өзінің өмірінің жалғасы ретінде баланы құрметтеп,
асырап-бағып, қағып өсіріп, оған зор үміт артады. Келешек ұрпақты
тәрбиелеуде біз ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы, салт-
дәстүріне жүгінеміз, соларды тәрбие жұмыстарында орынды пайдаланудың
арқасында ғана адамгершілігі мол, ибалы, инабатты адал ұл мен қыз тәрбиелеп
шығарамыз.

Биылғы жылғы 18 мамыр күнгі елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа
жолдауында былай делінген: Біз ұлтына және діни наным – сеніміне
қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді, таңдауға
ерік беретін, еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да тегімізді
атадан, тілімізді анадан алған халықпыз. Қорқыт ата кітабында Атасыз ұл
ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас немесе Қыз ақылды ескермес ана
үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе деп текке
айтылмаған.
Ұлттық салт – дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға
мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. Қыз
тәрбиелей отырып – ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөздің өзі қыз бала
тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те
қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына
оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. Қызым – үйде, қылығы түзде
дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек
құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса Қызды қырық үйден тыюмен
шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі
бір кезеңді пайдалана білуде. Ата – ана қыз баланың бойындағы дара
ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге
үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен
ана сүтімен бойына сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын
кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп артымен шығу, есікті теуіп
ашпау, босағаны керіп тұрмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден
жоғары отырмау т.б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына,
киім-киісіне, қимыл – қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз
жат жұрттық! Қыз – болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда – ақ келін
болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге
болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабарлар болуы тиіс.
Әсіресе қыз атасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс
– тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз
бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған
жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық ықылас
тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай,
оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ
пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін
келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ – түйекке
санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп,
жылуын, қызығын молайтатын, мән –мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең
маңыздысы – келешекте өзінің де ұл – қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі
үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Иә, әйел – отбасының ұйытқысы, бекересі, мейірі, шапағат көзі. Әйелдің
еріне қарымқатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік
есте болуы тиіс. Мұның өзі, бір жағынан үй ішіндегі әдептің бастау алатын
көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы,
қас қабағы арқылы қалыптасады. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар, аяулы
ана. Қыз баланың ең құрметті борышы ана болу, бала тәрбиелеу. Баланың
әдептілікке үйренуі алғаш оның ананы сыйлауынан, ана тілін алуынан
көрінеді. Анасын сыйламаған бала халқын да сыйламайды, ол безбүйрек,
қаныпезер, қайырымсыз болып өседі. Сондықтан, бұл тақырыпта от басында,
балалар бақшасында, мектепте көп әңгіме болады, әсерлі тәрбие жұмыстары
жүргізіледі. Мектепте әдептілік (этика) туралы кеш жоспарлы түрде, арнайы
дайындықпен өтеді.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер – білімді
игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны
жақсы түсінген халқымыз Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы, Тәрбиесін тапса
адам болар, оқуын тапса білім қонар деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке
кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды
ұста – зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан
шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-
аналар балалары мен қолынан жетектеп тігінші, әнші, күйші адамдардың жанына
апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған. Тәрбиенің түп қазығы үлгі
берер ұстазда, Ұстазға қарап шәкірт өсер деп халқымыз ұстазға үлкен жүк
пртқан. Ұстазының өзіне ұқсаған талантты шәкірті болса, ол үлкен абырой,
зор мақтаныш.
Мұның бәрі сергек, сезімтал, ақыл-ой парасаты мол жан – жақты білімді,
өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған. Халық педагогикасында
тұрмыстық ереже болып, халықтық санасына сіңіп, салтына айналған әдет –
ғұрыптардың тәрбиелік мәні арта бермек.
Ер намысы – халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала
тәрбиеленіп,кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай алмаса ол азаматтық
беделін жояды. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді деген мақал
содан қалған. Ер бала әке жолын қуып, әкеден де асып туып, қатарынан
қалмай, алдына қойған мақсатарын абыроймен орындауға борышты: елін қорғау,
еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан
сөзінде тұру,әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды
құрметтей білу, жасық болмау, т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру ер-
азаматтың намысы, абыройлы ары. Әсіріесе, ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты,
иманды, ілтипатты болу ер жігітттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды
борышы. Түрі жылыдан түңілме деген сөз содан қалған. Халықтың үкімді
заңын пір тұтқан ер – азамат малым – жанымның садағасы, жаным – арымның
садағасы деп, арына адал болған.

1. Халықтың салт-дәстүрлер рухани мұра

Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай
үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық (лиро-эпостық) жырымен,
мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын
сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары,
намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындык.
Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын, екінші Аристотель
атанған әмбебап ғұлама, ұлағатты ұстаз әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан
топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр рухани мұра қалдырып кеткенін
бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады.
Түркі тілдес халықтарға ортақ, өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр
ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүгінеки, Иассауи трактаттары, сондай-ақ
Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы
т. б. еқбектерінің де қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше екендігін
де оқырман назарына салғымыз келеді. Асан қайғы, Шалкиіз, Жиенбет,
Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т.б. қазақтың
күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының әр түрлі өмір құбылыстары, адам
мен қоғам, жан мен тән, тыныс-тіршілік туралы терең толғаныстарының, ақыл-
кеңес өсиеттерінің қазіргі жастарымыз үшін, олардың тәрбиесі үшін берері аз
емес.
Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақтарының адал жанды, әдепті, иманды, батыл
да батыр, инабатты, ізетті болып өсуі үшін, өсиет айтуды, өнеге көрсетуді,
бата беруді, тілек айтуды әлеуметтік әдепке, ата-бабалық дәстүрге
айналдырылған. Ата дәстүрін ардақтау- қазақ халқының ұлттық ұжданы. Атадан
бала тусайшы, ата жолын құсайшы деп халқымыз атадан балаға мұра болып келе
жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке
тәрбиеленген. Ат тұяғын тай басар деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын
бұзбауын талап еткен. Осының арқасында әуелі отбасылық, содан кейін
әулеттік, ұлттық тғылымдар ата дәстүріне айналып, ұрпақтардың санасына
сіңіп, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналған.
Данышпан ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа өркениетті өсиет айтып,
өнеге-ңұсқа қалдырған. Ынтымақ болмай, іс оңбас деп, бірлікке шақырған.
Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі
бар деп, кісілікті үйренуді өсиет еткен. Білекті бірді жығады, білімді
мыңды жығады деп, білім алуды уағыздаған. Еңбектің түбі-зейнет, Жасыңда
бейнет көрсең, қартайғанда, зейнет көресің деп, өмір заңдылықтарын өсиет
тұтқан.
Халық: Қария, қарияның ақыл-ойы дария, Қарты бардың ескіден қалған
хаты бар деп, ата-бабның айтқан сөзін ардақтай тыңдап, ерекше құрметпен
есте қалдыруды әдетке, әдепке, дәстүрге айналдырылған. Қарттарды қадірлеп,
оларға сәлем беру, қариялармен ақылдасу, қарт кісіні төрге шығару, қарт
адамдарға сыбаға сақтап, сыйлық әзірлеу, сый-сыяпат көрсетіп, олардың
батасын алу, қарт адамға қамқоршы болу-салтқа айналған дәстүрлер.
Ата-бабаларымыз өмір тәжирибелерінен, халықтық әдет-ғұрып болып
қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі-нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, ұрпақтарына
үйретіп отырған, тілек тілеп, бата беріп, жастарды жақсы жолға бастаған.
Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден
қалыптасқан дәсүр. Кейінен тілек айту, сол тілекке жету құдіретке
байланысты деген сеніммен батаның ңұсқалары қалыптасты. Үйің құтты
болсын, Сапарын оң болсын, Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз деген тілектер -
қысқа да ңұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның ризалық сезімін, өсиетті
ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді: Еліңнің елеулесі, халқының
қалаулысыбол., Шырағың сөнбесін, Отбасыңнан бақыт кетпесін,
Арманыңның асауына жет, Берекелі тірлік, мерекелі бірлік бюерсін, деп,
бата беруші жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке тәрбиелейді. Бата
алу, бата сұрау, бата құлудың өз рәсімдері бар. Алдына көп мақсат қойып,
қариядан бата алу үшін, бата алушы батаберушіге сый-сыяпат көрсетеді. Ас
қайыру кезінде, біткен ас соңында қариялардан бата сұралады. Жауынменен
жер көгерер, батаменен ер көгерер деп, халық батаны киелі сөз деп,
жоғары бағалайды, жастар жаттап, жадында сақтайды. Киелі сөз - батаның
орындалуына үшіін бата алушы арман-мақсаттарының биігіне шырқайды, яғни
арманға жету үшін, тірлік-тіршілік жасауға машықтанады.
Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақылымен де, парасатымен де
үлгі-өнегесін қалдырған ата-бабаларымыздың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан
тұтамыз!
Ата сөзі-бата сөз деп, ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл
сөздерін - өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтаймыз. Елге
бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі қасиетті болуын армандаған
данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін міндет,
парыз, ұрпақтық борыш. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба
дәстүрлері ұлттық мәдениеттің бір негізі болып табылады.

1.2. Атақты ойшыл ағартушылардың бала тәрбиесі туралы
тұжырымы

Ал әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай
еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі ез алдына бір төбе. Осы ғасырдың
басында тәлімдік ой-пікірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім,
Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық
дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық, психологиялық
тұжырымдары қазіргі заман талабымен үндесетін өмір-шеңдігімен жұртты қайран
қалдырады.
Бала тәрбиесі туралы сөз қылғанда бұдан бұрын өмір сүрген
ағартушылардың отбасы тәрбиесі жөніндегі ой-пікірлерін еске түсірейік.
Көптеген атақты ойшыл ағартушылар, Абай Құнанбаев баланы жанұядан
бастап дұрыс тәрбиелеу керектігін айтты. Осы үшін толып жатқан үлгі-өнеге,
тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа, адамшылыққа жеткізетін ақылдар
айтты.
Абай баланы ата-анасы дұрыс тәрбиелеуі тиіс, қылжақбас етпей
тәрбиелеуді, өтіріктен, қулық-сұмдықтан, тағы басқа тұрпайы мінездерден
аулақ ұстауға ақыл берді. Сонымен қатар: Адамға үш адамнан мінез жұғады.
Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан. Әсіресе кімге жақын, кімді жақсы көрсе,
содан көп жұғады - дейді. Мұны-мен бірге Абай өзінің Оныншы сөзінде
қазақтың үй ішіндегі тәлім-тәрбиесін сынға алды. Баланы жасынан ғылымға,
оқуға үйір қылып тәрбиелеуді жөн көрді. Абай ескі феодалдық санада тәрбие-
леніп, жастарды бұзып жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестенің
таза көңілін кірге шалдырмай, таза сақтауды, халықтың бала тәрбиесі
жөніндегі бай тәжірибесінің үлгі-өнегесіне сүйенуді дұрыс деп санады.
Осы орайда ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан
Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген: Әрбір тәрбиешінің
қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Қай ұлттың болмасын балаға тәрбие беру
туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері
сыналып, көп буын қолданылып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір
тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті, - деп ұлттық
тәрбиенің балаға ықпалы зор екенін атап айтты. Ал жанұя тәрбиесі туралы ол
былай деген: Үйдегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың күйіне
қарап тәртіп өзгеріп отырмасын. Тәртіп өзгер-мейтін ізгі құлық заңдарына
негізделген болсын. Болмаса бүгін жараған іс ертең жарамайтын болса, балада
сенім қалмайды- деген ізгі ұсынысын тұжырымдады. Ата-ананың жанұядағы бала
тәрбиесіне көп көңіл бөлуін жөн көрді.
Сондай-ақ халықта: Баланы бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан
он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана - деген
даналық қағидалары баланың әр жастағы тәрбиесі мен іс-әрекеттері туралы
айтылған.
Сонымен қатар қазақтың тұңғыш ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин ата-
ананың тәрбиесінің маңыздылығы жайындағы пікірлеріне көңіл бөліп, жоғары
бағалағанын байқаймыз. Яғни ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін,
мейірімін, баланың ата-ана алдындағы борышы туралы пікірлері осы күнде өте
құнды. Ал А.С.Макаренконың да бала өнегесі, келешек жарқын өмірі жайлы
қозғаған ұсыныстары бар. Балалық жаста ойын – норма және бала барлық
уақытта, тіпті шындап іс істегенде де ойнауға тиіс. Балада ойынға деген
құштарлық бар. Мұнымен бірге орыстың ұлы педагогі В.А.Сухомлинский өз ой-
пікірін айтқан, бала тәрбиесінде әке де үлкен рөл алатынына көз жеткізген.
Жанұя тәрбиесінің жас ұрпаққа ететін ықпалы өте зор, оны өмірде басқа
ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазіргі заманда халықтық салт-
дәстүрді пайдалана отырып, баланы кішкентайынан дербес әрекет жасай білуге,
өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуден бастау керек.
Совет дәуірінде ақыл ойдың локомотив қызметін атқарған А.С.Макаренко,
Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинскийлердің еңбегінде отбасы тәрбиесіне
айтарлықтай еңбек еткені белгілі. Аса көрнекті педагогтардың айтып
кеткені әр кезде елдің есіңде сақталып, ұрпақ тәрбиесіне қызмет етеді
анық. Десекте, қоғам өмірі бір орнында тұрмайтын өмір өзгеруімен адам
санасында өсіп өзгереді. Заманына қарай амалы деп халқымыз тегін айтпаған
деп білеміз. Сондықтан оларды орынды пайдалану ләзім.
А.С. Макаренко кезінде мынадай кеңес берген, ал бұл кеңесті бүгінде
теріс деп айту қиын. Балаңыздың тәрбиесі жөнінде біреу-ден ақыл
сұрауыңыз, өз балаңызды жақсы танымағаныңыз. Алды-мен жақсы танысыңыз,
содан кейін кеңес алыңыз дейді.
Кезінде ұлы Абай былай деп жазып кеткен. Балаға көбінесе үш алуан
адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екінші – ұста-зынан, үшіншісі –
құрбысынан. Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, содан көбірек жұғады.
Адам сүйген адамның ақылын ұғады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып
жатқан ақыл адамға дарымайды. Отбасында әке – асқар тау, ана – бауырындағы
бұлақ, бала – жағасындағы құрақ болып есептеледі. Ата-анаға баладан жақын
ешкім жоқ. Сондықтан да баланың әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын
армандайды.
Халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеген. Қыз ел мен елді, ру мен руды,
жүз бен жү.зді достастырушы, табыстырушы дәнекер, жаңа ұрпақты дүниеге
әкеліп, тәрбиелуші – ана деп, оны гүлге, нұрға, жұлдызға, Ай мен Күнге
теңеп, төрінен орын берген. Нәрес-телік шағынан бастап нәзіктікке,
биязылыққа, сұлулыққа, әсемдік-ке тәрбиелеген. Ал ұл баланы ел қамын
ойлаушы ер азамат, қыздар мен ананың намысын қорғаушы, батыр, батыл, өткір,
еңбекқор етіп баулыған.

1. Негізгі бөлім

2.1 Салт-дәстүрлердің түрлері, қайта жаңғыруы

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең
бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиелеу келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени- ғылыми
өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал
ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді
адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін
игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұзтаздық шеберлікпен
біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-
дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам
заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын
сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі
үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген
күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі
өмірі мен іс-әрекеті басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-
дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын
тәрбие мектебі. Өз ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі
болыпөсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асылқасиеттерін
әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.
Әсіресе, Өнер алды- қызыл тіл, Жер астында жатқанды- қазбай қарап
тіл табар депсаналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді
тәрбиеніңпәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың
айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-
әңгімелерінде, мақал-мәтел,нақыл сөздерінде ел тағдыры,келер ұрпақ қамы,
бас бостандығы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақтысөз болып,
дидактикалық ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату,
келін түсірі, шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты
дәстүрлі жиындарында марапатталып келді. Сол арқылы көпшілік қауымға,
әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделді.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін
тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп
отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы
болып отыр.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттар салт-дәстүр атаулыны аяқ асты ету,
ана тілі мен ұлт мәдениетіне менсінбей қарайтын мәңгүрттердің көбеді, қала
берді кісі өлтіріп, үй тонап, бас еркінен айрылып, еңбек түзеу
колонияларындаотырғандардың көпшілігінің жастар арасынан шығуы ұлттық тәлім-
тәрбиенің мектептер мен арнайы оқу орындарында пәрменді түрде
жүргізілмеуінен туындаған сорақы, жат көріністер еді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері
мен тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен
парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі Л. Н. Толстой айтқандай( Өткенді
жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп
адасумен пара-пар.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына
байланысты. Қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғаш пайда
болуы ХIII-XIV ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса,сол дәуірден бері
қарай қазақтың көптеген әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып, дамыды.
Оның озық үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. В. Г.
Белинский салт-дәстүрдің өміршендігі жөнінде: Әдет-ғұрып замандар бойы
сыннанөтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып
ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Өлар халықтың сыртқы бейнесі
болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді
... - дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы болады.
Олар сол халықтың ерекше белгісі болып сақтала береді.
Ұлттық салт-дәстүрлер – тарихи көне процесс. Көптеген салт-дәстүрлер
ұлттық ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде
бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы, асар- қырғыз,
қазақ,өзбек, тәжік, түрікмен халықтарына ортақ өте ертеде пайда болған
дәстүр.
Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге
деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпактан-ұрпакка ауысып,
өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайша келетіндері
жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы,
қазақтар жаугершілік заманда қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен
анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа
қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды.
Немесе бүгінгі күндерде ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын
өткізудің тәрбиелік мәні жаңарған салт-дәстүрдің қажетті түрі. Оның ұрпақ
тәрбиесі үшін үлкен прогресшіл тәрбиелік мәні бар.
Салт - дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз
байланысты. Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге
шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет
тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық және рухани
байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдени байлығы жағынан
толықтырады -дейді С.Н.Артановский. Әртүрлі ұлт пен халықтарда
кездеспейтін, қайталанбайтын таза ұлттық салт-дәстүр ешбір елде болмақ
емес. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою-өрнек, тағам, спорттық ойын
түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшелігімен
көрініс береді.
Мысалы, қазақтың көкпар тарту ойыны кейбір өзгешелігімен көрші өзбек,
түрікмен, қырғыз, монғол, уаған елдерінде де кездеседі. Киіз үй тігу
көшпелі халықтардың бәріне ортақ. Алайда оның құрылысында, ою-өрнек
әшекейінде, әр ұлтқа тән ерекше белгілері байқалады. Палау, манты, борщ,
шашлык, пельмен көпшілік ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр түрлі ұлттың
өзіндік тағам дайындау технологиясымен ерекшеленеді.
Ұлттық болмыс-бітім адам мінезінен, іс-әрекетінен ерекшелене
көрінетін тұрақты құбылыс.
Ұлттық мінез-құлық сол ұлтқа тән қызуқандылық, жанкүй, рухани сапамен
ерекшеленіп, көзге түседі. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық,
қонақжайлық мінез-құлық болса, өзбектерге тән майда, сыпайы мінезділік,
тілі тәтті , салтқа беріктік, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кең
пейілділік, американдықтарға тән құнттылық, ағылшындарға тән салқын
қандылық, немістерге тән ұқыптылық, француздарға тән жинақылық,
испандықтарға тән қызу қандылық ерекшеліктер байқалады. Әрине, бұл
қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейді деген ұғым тумайды. Алайда ол
қасиеттер әр халықта әр түрлі қырынан көрініс табады. Ұлттық болмасты
анықтауда әр ұлттың өзіне ғана тән этностық таза мінез-құлықтың болуы
мүмкін емес. Мысалы, орыстарға тән дейтін төзімділік мінез-құлық қытайларға
да тән қасиет болып келеді. Немесе грузиндерді қызба, өр халық дейміз. Ал
ол мінез испандықтарға да ортақ. И.С.Кон өзінің Ұлттық характер
ерекшеліктері проблемасы атты еңбегінде: Ұлттық характерді анықтауда әр
ұлтқа тән этностық мінез-құлыкты шартты түрде алып қарау керек деуі
орынды. Дегенмен бір халықта ерекше басымырақ болып көрінетін мінез-құлық
сипаты сол халықтың психикалық ерекшелігі болып саналады. Ұлттық
дәстүрлердің ұлттық психологиядан көрініс тапқанда кейбір психикалық
әлпеттің жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ қасиет екендігін
байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді сыйлау, балажандылық сияқты
мінез-құлық нормалары қазаққа ғана емес, бүкіл адам баласының көпшілігіне
тән ортақ қасиет. Бұл салт-дәстүр әр халықта әр түрлі болғанымен , шын мәні
біреу.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлттардың өзара достық байланысы ұлттық
психиканың құрылымына игі әсерін беріп, бірнеше ұлтқа ортақ ізгі, өнегелі
салт-дәстүрлердің пайда болуына әсерін тигізеді. Мысалы, жастарды армия
қатарына шығарып салу, еңбек кітапшасын табыс табыс ету, неке куәлігін
тапсыру салтанатының түрі ұлттық болғанымен, мазмұны ортақ жағдайда өтеді.
Заман өзгерген сайын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмыс заңы өзгеріп, жаңарып
отыруын құптаған қазақ халқы Заманына қарай заңы, тауына қарай аңы деп
философиялық ой топшылаған.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері : бала тәрбиесіне байланысты салт-
дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері , әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып
үш үлкен топқа бөлінеді.

Салт

Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық
құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған
ғұрыптар тұғырының негізі-салт ретінде қалыптасқан. Ол ұлт үшін өмір, қоғам
заңы болып негізделіп сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел
зердесіне рухани байлық, тағылым, өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар
мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген,
сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Мысалы: той,
наурызкөже, қыз ұзату, қонақасы, шашу, ерулік ата салтымыз болып саналады.
Оны қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақтың өмір салты, өнер салты-
тарихи мәдени мұра. Оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық
қызметі мен рөлі өте зор.

Дәстүр

Дәстүр (ұлттық ғұрып). Біз осы дәстүрді жойып жібермей, сақтап
қалуымыз керек (С.Қирабаев).

Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи
әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық,
тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.
Дәстүр –мәдениеттілік белгісі. Дәстүр байлығы-мәдениет байлығы. Ол-ел
өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Мысалы, ата-ананы, үлкенді
құрметтеу , байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем
беру, ат тергеу т.б. дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай қазақ халқы салт
пен дәстүрге өте бай. Әдет ,ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы
салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ, тамшылары болып саналады.

Шілдехана

Шілдехана (салт). Сәрсенбай зор қуанышта болып, шілдеханаға қанша
қыз-бозбала жиып... баланың есімін Жамал қойып еді (М.Дулатов). Аманжол
атакем аулына шілделікке кеткен(С.Көбеев). Кей жерлерде шілделік деп те
атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда
балаңыздың бауы берік болсын дегендей құтты болсын айтылады, жастар
жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен
де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана-өмірге адам келгенінің және оған
қуанудың бір белгісі.
Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады.
Ұл туғанға күн туады, Қыз туғанға ай туады деп бала туғаннан сүйінші
сұраушылар үл туса-атұстар, қыз туса- көйлек тігер деп хабарлайды. Осы
сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік
қалпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па!
Осы жерде жаңа туған сәбидің жолдасы туралы айтпай кетуге болмайды.
Бұрын әжелер баланың жолдасын алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс
ала алмайтын жерге қастерлеп көмген. Жолдасты жуған адамға кәде беріледі.
Егер жолдасы далаға тасталса, әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар. Сол
сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың жолдасын алып,
босанған әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл
болып туады деген сенім болған. Халықтың мұндай салт, ырымдарының бәрін
жоққа шығара беруге болмайды.

Ат тергеу

Ат тергеу(дәстур)- Тентегім, сен теріс айтып жатырсын (М.Әуезов.).
Халық дәстүрінде адамға құрмет керсетудің жолдары көп. Соның бірі-ат
тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңілісінің
атын атамай, өзіне лайықты ат қойып мырза қайнаға, бай атам, би атам,
жалқы бала, тентегім, еркем, әйел болса шебер шешей, ақ әже,
сырғалым, шашбаулым, күлімкөзім деп атайды. Жеңгелер жағы небір
күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды сұңғақтым, жайбасарды
жүйрік дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пен құрметтің ерекше
белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді
ата, әке, Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да осы ғұрыптың
бір түрі. Ат тергеу-біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік ,
көргендік, кішпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның
атын тура атау анайылық болып табылады.
Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек сарқыраманың
ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені
жанымаға жанып-жанып тез келіңдер! - депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай,
Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының атын
атай алмай тұр екен!
Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден: бұл кімнің ауылы деп жөн
сұрапты. Сонда келіншек өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы
депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен.
Ат тергеу басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды
ит-құс деп, қорасан, шешек, қызылша сияқты ауруларды әулие деп атайды.
Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым.

Бата

Бата (бата беру, бата алу), (дәстүр). Батамен ер көгерер (мақал). Ақ
тілеудің белгісі-бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани
ұғым. Ең жақсысын халық ақ бата деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері
бар.

1. Жас талапкерге бата. Сырым батыр жас кезінде батасын алайын деп Бөкен
биге барыпты. Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар
алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде
Қаркерей Соқыр абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:
Белбеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын:
Қабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.
Мүндай баталар талапты, халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген.
Торғай облысының Аманкелді ауданындағы Қабырға кеңшарында тұратын
Айнагүл мен Сақтапберген Кенжеахметовтердің отбасында жас сәби туып, оған
ырым қылып Сейіт деп менің атымды қойыпты. Сол бала 1994 жылы алғаш
мектепке барғанда ата-аналары мені тойға шақырыпты. Сонда жас Сейітке
берген бата еді. Кәдеге жарар деп ұсынып отырмын.

Айналайын аттасым,
Талантың судай қаптасын,
Дініңе сенсең, Мұхамбет демесін,
Тіліңе сенсең, Жиренше шешен демесін,
Атағың Абайдай болсын,
Абыройың Абылайдай болсын,
Жүректі болсаң, Қабанбай жебесін,
Білекті болсаң, Бөгенбай жебесін.
Наурызбайдай батыр бол,
Бауыржандай батыл бол,
Әділдікте Наушаруан қол берсін,
Хакімдікте Лұхпан өзі дем берсін.
Жалғыз болсаң, алланы есіңе ал,
Жарлы болсаң, пайғамбарды есіңе ал.
Мәрт болсаң, Кене ханға сыйынып,
Жомарт болсаң, Абдрахманға сыйынып,
Қалың елің халқынды ұмытпа.
Аспанда Айса,
Жерде Мәди,
Қырда Қыдыр,
Суда Сүлеймен қолдасын!
Еш жамандық болмасын.
Азамат бол, арлы бол,
Қастарыңның алды бол,
Біліміңмен әлді бол!
Дос-жараның сүйсінсін,
Дұшпаның іштей күйінсін,
Басыңа бақыт құйылсын!
Дуалы ауыздың батасына жолық! Әумин!
Ұсынған Жұматай Сабыржанұлы.
(Ана тілі апталығынан).
2. Дастарқанға бата. Дастарқаның мол болсын,

Абыройың зор болсын

(Ақ бата)

Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі
қонақасы берілмесе шешен, өткір тілді адамдар бата арасында сол үйдің
сараңдығын да қосып айтып жіберетіндер болған.
3. Алғыс батасы. Бақ берсін, бас берсін.
Өміріңе ұзақ жас берсін!
(Ақ бата)
Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен
жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор.
Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер деген сөз адамды ізгілікке,
парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше, бата да сол ұлы қасиеттерге
бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен,
өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны
құрметті, елге сыйлы адамдар береді.
4. Жаңа айдың батасы. Ай көрдім аман көрдім,
Ақиреттік заман көрдім.
Жаңа айда-жарылқа,
Ескі айда-есірке (бата).
Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды. Бұл-
діншілдік немесе соқыр сенім емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа
райына байланысты таным, түсінігі. Айдың тууына және жатысына қарап
жұлдызшылар ауа райын, болашақты болжап отырған.
5. Наурыз батасы. Соның бірі-осы Наурыз бата (Жеті қазына кітабынан).
Ұлыстың ұлы күнінде наурыз көжеге шақырғандарға, Наурызнама тойын
өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен
ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайып бата
береді. Бұл бата жалпы көпшілікке де бағышталады. Талапкер жастар
Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады. Наурыз батасының
орны ерекше.

Белкөтерер

Белкөтерер (салт). Тоқсан көремін деген жасым ба еді,

Быламық ішейін деген асым ба едің-деп, баяғы қариялар айтқандай жасы
жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге
жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап белкөтерер
деген тағам дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, сарымай,
жент, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді . Мұны
балалары, көрші-көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза
болған қарттар батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдарды
сыйлаудың, бағып-қағудың үлкен үлгісін көреміз. Белкөтерер аурудан жаңа
тұрған адамдарға, сол сияқты Наурыз, Айт күндері де үлкендерге әдейі
тартылады.

Бәс

Бәс (салт). Осындай даңк пен атаққа ірі ас пен тойға бәс жеңімпаздары
да ие болған (Жас Алаш) . Ел ішінде ертеден келе жатқан қызықты салт пен
әдеттің бірі-бәс тігу. Бұл ас пен тойда ғана емес әр уақытта бола беретін
қызықты бісеке. Бәстің түрі де көп болады. Мысала, күш сынасу, ауыр тас
көтеру, өгізді , түйені көтеру, судан жүзіп өту, бір қойдың етін бір өзі
жеп кету, күрес, мергендік сайысы, жаяу жарыс т.б. Бәс шарттары бойынша
оған бәйге тігіледі. Бәйгені ұтылған жақ немесе ұйымдастырушылар төлейді.
Оған дәмелілер қатысады. Бұл көпшілік алдында өтеді. Бәс жеңімпаздары
құрметке бөлененді, мақтау алады. Оның есімін де жұрт ұмытпай айтып жүреді.
Мысалы, XIX ғасырдың орта кезінде Шығыс Қазақстанда өмір сүрген Малмақ
деген өте күшті адам бір үлкен аста салмағы 700 келідей тасты көтеріп
әкелген. Малмақ көтерген тас деп аталатын осы ескерткіш бұл күндері Үржар
ауданы жерінде жатыр. Карон палуанмен бәсте Балуан Шолақ (1864-1919) 51 пұт
кір тасын көтерген. Арқаның әйгілі палуаны Таңатқан Дүйсекейұлы (1899-1966)
бәске тігілген атан өгізді көтеріп әкеткен.

XIX ғасырдың орта кезінде саяхатшы-зерттеуші орыстармен бәстесіп Ораз
деген кісі Маңғыстаудағы Шерқала атты биік шың басынан секіріп жерге аман
түскен. Содан бастап бұл жер Ораз ұшқан деп аталады. Осындай бәсте кейде
кісі күлерлік, ерсі жайлар да кездесе береді. XIX ғасырда Тінет руы Шінтән
деген кісі тірі кесірткені жұтып жіберіп жақы киген. 1965 жылдары Жанкелдин
ауданы Станция деген жерінде Жақсылық пен Сейілбек деген екі жігіт осындай
бәсте әр қайсысы 40 сона жеп қойған. Сол сияқты сары масаға таланып 4 сағат
қозғалмай отырғандар, бір қойдың етін бір өзі жеп кеткендер де ел ішінде
жиі кездескен. Бәске өзіне сенген мықтылар мен күштілер, ерік жігері мол
жігіттер қатысқан.

2.2 Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің маңызы

Бала тәрбиесіне әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келгенен бері
жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден ( шілдехана, сүйінші, балаға ат
қою, бесікке салу, қырқынаң шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу,
сүндет тойы, т.б) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы-жанұя
құруға,шаруашылыққа , өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-
жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары,
ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық,
бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай-ақ әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл
адамдарының туыстық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық
музыка аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты салт-дәстүрлер, қонақ күту,
халықтық-ұлттық мерекелерді өткізу, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-
ғұрыптары жатады.
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол
мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы
жетілген сегіз қырлы, бір сырлы абзал азамат өсіру ісі халқымыздың
ғасырлар бойғы ой арманы болып келді. Осы арман дене, ақыл-ой,
адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің түрлері арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа заманалар бойы халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда
марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды.

Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер

Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман
етеді. Себебі бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-
зайыптылардың тіреу-діңгегі. Сондықтан да қазақ халқы Бесіксіз үйде береке
жоқ деп ой топшылаған.

Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермегенмен,
жас келіннің аяқ басқаны, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы тәжірибелі ененің көз
қиығынан қалас қалмайды. Баласынан немере сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған
аналар келіні келе сала бала көтермесе, алаңдай бастайды. Ал келіні көп
кешікпей екіқабат болса, енесі келінін ерекше қамқорлыққа алып аялайды.

Жаңа үленген жас жұбайлардың қас-қабағына қарау, өз білгенін
үйретіп, үнемі ақыл-кеңес беру енелердің борышы болып саналған.

Әсіресе жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз
қамқорлығына алып, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей
бастайды. Абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап, құрсақ тойын өткізеді. Оған
жиналған әйелдің бәрі шашуларын әкеп шашып, келінге бата-тілектерін
білдіріседі. Өз білген ақыл-кеңестерін аямайды. Өмір тәжірибесі мол қарт
аналар жас келінге бойға бала біткен соң біржарым айда жерік басталатынын,
ол кезде жүрек айну, бас айналу, құсу сияқты белгілердің болатынын айтып
түсіндіреді. Сондай-ақ бойға біткеніне бес ай болған баланың қимылдап
қозғала бастайтыны, ол кезде ауыр жүк көтермеу, түрлі тағамдар ішіп, бойды
таза ұстау керектігі айтылады. Тіл-көз тимесін деп молдаларға дұға
жаздырып, бойтұмар тағып береді. Оны мойынға асып алады немесе омыраудың
астыңғы жағына тұмаршаға жеті ұсақ тасты тігіп қояды. Тіл-көзің тасқа
деген қарғыс осыған байланысты туған.

Түнде екі қабат келіншекті далаға, қараңғы қораға жалғыз жібермейді.
Жалғыз үйде қалдырып түнетпейді. Ондай жерлерде жын-шайтан, пері,
албастылар жүреді деп ұққан. Солардың қастандығынан екі қабат әйел
шошынады, ауруға шалдығады деген наным-сенім берік орын алған. Екіқабат
әйелдің басына пышақ, балта жастатып, қасқырдың азуын, бүркіттің тырнағын
іліп қою ырымдары жын-шайтан сескенсін деген ұғымнан туған.
Қазақ арасына кең тараған сенім бойынша екі қабат әйел түйенің етін
жемеу керек. Түйе етін екі қабат кезінде жесе, әйел баланы 12 ай көтереді-
міс деген сенім болған. Түрлі биологиялық себептермен әйелдің босану
мерзімі кешеуілдесе, екі қабат әйелді түйенің бауырынан немесе алдынан
бірнеше рет өткізіп, оның тезірек босануына мүмкіндік береміз деп
ойлаған.
Толғақ жиілесімен ауылдың үлкен әйелдері жинала бастайды. Үйге арқан
керіп, оған толғақ қысқан әйелден қолтығынан асылып тұруды талап етеді.
Толғатқан әйелдің беліндегі белбеуін босатып қиналмай босануына жағдай
жасайды. Толғақ ұзағырақ болған жағдайда әйел әлсіремесін деп май салған
сорпа береді. Үй ішіндегі әбдірелер ашылып теңдер шешіледі, әдейі арнап
түйреген қарынның аузы ашылады. Мұның бәрі-әйелдің тез босануына арналған
ырымдар. Арша тұтатып аластау, күкірт түтату, легенді салдырлату, қызылды-
жасылды, айна сияқты заттардың бетін жауып қою, т.б. ырымдар жын-шайтандар
әйел бойынан аулақ болсын дегеннен шыққан. Мұндай жеңіл-желпі шаралар
әйелдің тез босануына әсер етпеген жағдайда қарулы әйелдердің біріне оның
белін тартқызады. Белін қапсыра құшақтап, ішті қозғап, сылап баланың төмен
түсуіне әрекет жасайды. Ал баланың басы қисық жатса, тәжірибелі кемпірлер
оны түзеп , әйелдің ішін қойдың құйрық майымен сылайды.
Егер де бұл әрекеттер әйелдің босануына әсер етпесе, мартуды (жынды)
қуу үшін қылышты қынабынан суырып, әйелдің басынан ойнатады, үкі әкеледі,
үйдің белдеуіне шағыр көз айғырды байлап кісінетеді. Үйге еркектер кіріп,
етектерін екі қолымен қағып, үлкендері аят оқып, жастар қару-жарағын
салдыратып, мылтық атып, ал әйелдер отқа тұз тастап, үйдің әлем-тапырағын
шығарады, кейде тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Пәндер