Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері


Жоспары
Кіріспе бөлімі. Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері . . .
Тарау I
1. 1. Сауат ашу әдістемесінің негізгі мәселелері . . .
1. 2. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері . . .
1. 3. Сауат ашу сабақтарына қойылағын талаптар . . .
Тарау II
2. 1. Сауат ашу кезеңдері . . .
2. 2. Сауат ашу кезеңіндегі жұмыстар барысының ерекшелігі . . .
2. 3. Сауат ашу барысында көрнекі құралдарды қолдану . . .
Тәжірибе бөлімі . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Сауат ашу методикасы тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірде ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді. табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын, бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз еш бір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында оның ырғағы, күші созылыңқылығы, әуені ажыратылады.
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 секунд) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ сол ғұрлым күшті болады, ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақта солғындап, әлсірей береді. Адамның қүлағы 1 секунд ішінде 16- 20 мыңға дейінгі нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады. Дауыс қүбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады. Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпін мен қарым - қатынасқа түседі. Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлері мен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады. Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның » сөйлеу аппараты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мүрын қуысы, тіл, таңдай, тіс, ерін т. б. ) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; ал тілдің бірде көтереліп, бірде төмен түсуінен, сондай - ақ оның артқы шеңі мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін.
Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ү, ү, е, э, и, у.
Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, и, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, «у» дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (бау, тау, т. б. ) ; ендеше, «у» бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін тақарады. Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық шақтары мен физиологиялық шақтары баса үйретілуі қажет.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбысталу мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бір қалыпта шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда: 1) кедергілерге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезеңінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады; 3) созып айтуға келмейді;
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де, Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауысты да бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді - деп айқындаған болатын.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрету - сауат ашу кезеңіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады. Балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жайылуы мен, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуық тауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, үе, з, ) шығатыны мен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар - дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды. (мысалы, «р», «с») осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің үшы күрек тістеп, жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін («д», «т»), кейбіреулері астыңғы ерінінің үстіңгі ерінінің немесе тіске тюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з) ал тілдің артқы шеңінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, г, қ, ғ, х) жұтқыншақтың тарылуынан («һ») дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылану мен бірге олардың қалай таңбаланатыны мен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу - әріптерді үйрену - сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Мектепте осы сауат ашу ең бір шешуші кезең болып есептеледі. Өйткені қазақ тілін үйрену жоғары да көрсеткеніміздей, басқа пәндерді де, үйрену барысындағы жетістіктер мен кемшіліктердің негізі болып табылады.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлем мен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.
Мұғалім бөбектерге айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалар мен белгіленетініы айтады.
Бірінен кейін бірі рет - ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.
Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленетін 42 әріп бар. Олар: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, ы, і, ү, ү, о, ө, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгісі) ъ (жуандық белгісі) қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ.
Дыбыс тіркестерінің сөздерінің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия деп аталады.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлері мен қатар сөздің қүрамындағы дыбыстардың аз - көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі -үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ, қазақ тілінде екі - үші дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір - екі сабақтан кейін - ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалы мен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі. (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т. б. )
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін, жеке әріптерді, буындарды, қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай - ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады.
Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін мектепке дейінгі баланың ақыл ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана методикалық жағынан қажетті жұмыстарды шеберлік пен ұштастырып, іске асыра алады.
Tapay I-
1. 1. Сауат ашу әдістемесініц негізгі мәселелері.
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып, үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті - балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Демек, сауат ашу білімі мен тәрбие алудың кілті іспеттес.
Сауат ашудың негізгі мақсаты - болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын ел жүртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу. Себебі, сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға ойын еңбегіне қажет белгілі бір қабілет, бейімділікті талап етеді. Осыған орай, алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
1. Оқу жылының бірінші жартысы, тұтасы мен сауат ашуға беріледі;
2. Сабақ үстінде әр бір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары өткізіліп тұрады;
3. Баланың оқуға деген ынтасын, мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс - тәсілдер арқылы арттырылады;
4. Үйге тапсырма берілмейді; алайда, сабақтан тыс уақытта ата -ананың көмегімен сурет салу, графикалық ойындар өткізу, қима әріпті кубиктерден сөз қүрату тәрізді сызу жұмыстарыыа жаттықтыру арқылы оқушылардың қолын жазуға даярлауға арнайы көңіл бөлінеді;
5. Апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады. Сауат ашу - аса күрделі де жауапты жұмыс. Олардың негізгілерінен мыналарды айтуға болады:
1. Балаларды мектептегі оқу жұмысына - сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу түрінің дыбыстық ерекшеліктерін (фонетикалық естуді) меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой - өрісін дамыту, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу түрін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын да дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктеп оқымай, түсініп, дұрыс буындап оқуға, одан әрі бірітіндеп сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
6. Дыбыстарды әріптер мен дұрыс таңбалауды жеке меңгерту арқылы жазудың колиграфиялық талаптарын орындауға, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және есту бойынша жаза білуді жетілдіру;
7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазулы ережелерін меңгерту: сөйлемдегі оқығандағы дауыс ырғағы, соңына дауыс үзілісінің жасалуы; сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып, сөйлем соңынан нүкте қойылуы; сөйлемдегі бас әріптен жазылатын сөздер, (кісі, жер, су, аттары) .
Сауат ашу сабақтарыиа қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері төмендегідей:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары, баланың жас ерекшелігіне сай әрі түсінікті болуы тиіс.
Оқу мазмұнының қиын болмауы дегеніміз - балаға оның шамасы жетпейтін аса қиын материалдарды ұсынуға болмайды деген сөз. Ондай материалдар, әрине, білуді, дамуды тежейді. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса, оны оқуда, жазуда қиынға түспейді. Демек, оқушыларға сауат ашу кезінде дерексіз абстракты ұғымды білдіретін сөздер емес, нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2. Көрнекілік. Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі - көрнекілік. Шыныыда да, бастауыш сыныптарда көрнекілік құралдарсыз бірде - бір сабақ еткізілмейді деуге болады. Көрнекі құралдар, әрине, өзінен - өзі істің нәтижелі болуын қамтамассыз етпейді, мәселенің тетігі оларды орынды пайдалануда. Соғап байланысты көрнекі құрал түрлерін орынсыз қолданып, сабақты ауырлатпау, оған берілғен уақытты босқа жібермеу жағы мұқият ойластырылуы керек. Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігімен» шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3. Оқу материалдарының білімділік жәғіе тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарына оқушылардың жалпы білімін ой - өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтар мен оларды адамгершілікке, сұлулыққа, еңбекке тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөздермен сөйлемдердің өзі де түсініктілігі жағынан ғана емес, мазмүны жағынан да білім, тәрбие беру талаптарына сай болуы қажет.
3. Жеке - дара жұмыс. әрбір оқушы мен жеке -- дара жүргізілетін жұмыс - әсіресе сауат ашу кезеңінде міндетті түрде қолданылатын басты мәселелердің бірі. Мектепте балалар түрлі түрлі дайындық пен келеді. Олардың бір бөлігі балабақшада тәрбиеленсе, қалғаны, әдетте көпшілігі, әр түрлі отбасы жағдайында тәрбиеленген. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың әлгіндей езіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушы мен жеке жұмыс жүргізеді.
1. 2. Cayат ашудың мақсаты мен міндеттері
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып, үйретуде алатын орныда ерекше.
Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті- балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен, қатар сауат ашу барысында оқушылардың тілімен ой өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық - психологиялық өзгешеліктеріне байлағіысты. Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет, бейімділікті талап етеді. Осыған орай алғашқы оқу барысымда мынадай ерекшеліктері ескеріледі: 1 . Оқу жылының бірінші жартысы тұтасымен сауат ашуға беріледі.
2. Сабақ үстіиде әр бір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттарын өткізу.
3. Баланың оқуға деген ынтасын мадақтау, мақтау, көңілдендіру.
4. Үйге тапсырма берілмейді; алайда ата-анаының көмегімен сурет салу, орындар өткізу, қима әріптерден сөз қүрату сияқты жұмыстарды жүргізу.
5. Апта ортасында бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады. Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белғілі бір жоспармен айта алмайды. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін.
Мұндағы- негізгі міндеттің өзі - балалардың белгілі бір жүйемен сөйлеуін үйретеді.
Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі текстер меы суреттер арқылы жүргізіледі.
Әліппе кезеңіндегі ыегізгі міндет - балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ - жауап түрінде жүргізіледі. Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін дефармациялық текстер алған жақсы.
Дыбысты бұзып айту бір қатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әр бір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді. Егер сөйлеу анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мүндай жағдайда оны маман логеподке жіберу керек.
«Әліппе» оқулығы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына, бастауыш тұжырымдамасына, оқу бағдарламасына сәйкес келуі мен жасалған. «Әліппе» оқу жылының бірінші жарты жылдығында оқытылады.
Негізгі мақсат - баланы қысқа мерзім ішінде сауттандыра отырып, хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету тілін, ой-өрісін жетілдіру. Әліппеде сауат ашу дәстүрлі үш кезеңде қарастырылған.
1 ) Әліппеге дейінгі кезең;
2) Әліппе кезеңі;
2) Әліппеден кейінгі кезең.
Оқу материалдары осы үш кезеңнің ерекшеліктеріне қарай орналасқан. Әліппеге дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстырыла берілген. Негізгі тақырыптар ретінде мектеп мүліктері, оқу құрал - жабдықтары, денсаулық сақтау, спорт алаңы, дұрыс тамақтану, асхана, күн тәртібі, көшеде жүру тәртібі, бағдаршам, көліктер, кітапхана, жан-жануарлар, аңдар, қүстар, жеміс-жидектер, отбасы беріліп, олар тақырыптық, бейнелік, жеке суреттер арқылы баланың тілін, ойъін дамытуға, сөздік қорын байытуға, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Әліппеге дейінгі кезеңге 14 сағат берілген. Ана тілін балалар сөйлеу арқылы біледі. Міне сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын мақсатты ұйымдастырып, үздіксіз жүйелі жүргізу міндеті туады.
Сөйлеу арқылы адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймай, сонымен бірге дүнені таниды. Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді. Оқуды да ойдағыдай меңгереді бастауыш сыныптардан бастап балалар ойын жеткізе білуді үйрене бастайды.
Тіл дамыту үш салаға бөлінеді. Сөздік жұмысы, сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тіл дамыту - ой дамыту. Тіл - ой құралы. Тілді дамытудың негізгі қайнар бұлағы-баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар, өз тәжірибелері. Тіл дамытуда оқулықтың маңызы зор.
Мысалы, әліппеге дейінгі кезеңнің бір сабағын алайық.
Мектеп сынып, оқу - құралдары. Бірінші сыныпқа оқушылар дайындық тобынан келгендіктен олардың көпшілігінің мектеп, сынып туралы түсінігі бар. Сонда да сабақты сынапта бастамай мектептің сыртында топ саяхаттан бастауға болады.
- балалар, сіздер бірінші қыркүйекте қайда келдіңіздер?
- Біздер мектепке келдік.
- Мектеп қай жерде орналасқан?
- Ауылдың ортасында орналасқан.
Сұрақ жауап арқылы мектеп маңындағы заттарды атауға болады. Осыдан кейін мектеп ішіне кіріп, сыныптармен танысуға болады.
- сынып деген не?
- Оқушылырдың сабақ оқитын жері.
Мектеп сынып туралы білетін тақпақтарын сұрап, егер оқушылар қиналған жағдайда, мұғалім өзі айтып беруге болады. Сыныпқа кірген оқушыларға оқулықты аштырып, сурет бойынша сөйлетуге болады. Әліппеге дейінгі кезеңде көрнекілікті дұрыс пайдаланғаны жөн. Бір типтегі суреттерді көрсете бермей, оларды жиі ауыстырып отыруға болады.
Оқулықтағы суретпен мұғалім алдымен өзі таныстырып, кейін оқушылардан сұрайды. Парта, үстел, орындық, тақта бар оқушы ұғымдарын түсіндіріп болғаннан кейін, нашар сөйлейтін немесе орташа сөйлейтін отбасынан келген оқушыларға қайталату. Толық сөйлем айта алмаса, қысқа сөз тіркестерін айттыру.
- бұл не?
- бұл парта.
- парта қайда тұр?
- парта сыныпта тұр.
Алғашқы сабақтан - ақ оқушыны сөз, сөйлем ұйымдарына үйрету. Ол үшін оқулықтағы тапсырмалардың соңында мыпадай тапсырма берілген:
Сергіту сәтінде де сабақ тақырыбына байланысты жұмбақтар жасыруға немесе мақалдар айтуға болады.
Мысалы: Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(Қалам)
Сабақтың қортындысында «біз бүгін не істедік?» деген шағын әңгіме құрастыруға болады. Тіл байлығы жақсы бір оқушығіы сөйлетіп, қалғандары оны толықтырады. Мұғалім сабақ барысында жаңа ұғымдарды еңгізе отырып, оқушылардың сөз тіркесімен сөйлемдерді дұрыс құрауын қадағалайды. Әліпеге дейінғі кезеңнің қалған сабақтарында басқа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізуге болады. «Мектептің спорт алаңым» тақырыбынан бастап оқушылар сөз, сөйлем ұйымдарын үйренеді. Сөз бен сөйлемнің айырмашылығын түсінеді. Оқулықта бұл ұғымдар нақты практикалық жолмен мысалдар арқылы барілген. Дыбыс ұғымын еңгізгенде оқушыларға көк түсті не қызыл түсті дөңгелекшілер жасатқан дұрыс. Оқушы өзі айтқан әр сөзде немесе сөйлемде неше дауысты, неше дауыссыз бар екенін өзі көрсете алады. Бағдарлама бойынша берілген 3 қосымша caғаттың біреуін тіл дамытуға алуға болады. Ол сабақтарды. «Ертегілер әлеміне саяхат», «Біздің ауыл», «Менің жанұям» т. б . Тақырыптарға өткізіп, әңгіме құрауға болады. Бұл сабақтарды дәстүрлі сабақ өткізу тәртібін сақтамай-ақ өткізуге болады. Өйткені кейбір оқушулар жуас, ұяң мінезді болса, сабақта ашылып сөйлемейді. Сондықтан мұғалім ол оқушылармен тіл табудың барлық тәсілдерін қолданғаны дұрыс. Сыныптың бір бұрышын кигіз үй жиһаздарымен безендіріп, доңгелек үстел басында отырып әңгімелесу сияқты формалары бар. «Аңдар» тақырыбына арналған сабақты мектептегі биология кабинетінде өткізуге болады. Сабақтың арасында оқушыларға жаңылтпаштар жаттатудың көмегі бар. Сол кейбір оқушылар дыбыстарды дұрыс айтуына көмектеседі.
Мысалы: Оқуға салақтар.
Тек кітап парақтар,
Сабақта олақтар,
Далада далақтар.
Сонымен әліппеге дейінгі кезеңді аяқтағанда оқушылардың сөздік қорымен тіл байлығы біраз жетіледі.
Әліппе кезеңіндегі тіл дамыту
Сауат ашудың әліппе кезеңі - аса күрделі де жауапты. Бұл кезеңде оқушылар ана тіліндегі барлық дыбыстар мен олардың әріптерімен танысады, жазуға үйренеді. Әліппе кезеңіндегі дыбыстар мен олардың әріптерінің тізбесі мынадай:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz