Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Ι БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... .4
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Банк және банк жүйесіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Ақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Ұлттық банк және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ...16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
КІРІСПЕ


Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әрқилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
1.Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтау;
2. Шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқару;
3. Эмиссия жүргізу;
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымына, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші болып табылады.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Әлемдік және отандық экономиканың нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді.
Өзінің дамуында банктер ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар мен міндеттемелер құрады. Қоғам мен экономикадағы нарықтық қатынастардың дамуымен банктердің экономикалық ролі күшейді. Қазір банктердің кең таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Шынында да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы қызметін атқарады, яғни олар арқылы мемлекеттің экономикалық-саяси қуаты дамуы мүмкін болады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: банк жүйесінің қалыптасу және даму мәселесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Осы тақырыптың өзектілігіне келсек, біз банкті мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыра аламыз. Осыған орай, тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру – Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсаты болып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы.-Алматы, Атамұра, 2007.-42 б.
2. Мақыш С.Б., Банк ісі.-Алматы, ИздатМаркет, 2007.-16-365 б.
3. Мамыров Н.К., Тілеужанова М.Ә., Макроэкономика. –Алматы, Экономика, 2001.37-222 б.
4. О состоянии финансового рынка и финансовых организаций по состоянию на 1 август 2010 года // Банки Казахстана №8.-2010.
5. Основные направления денежно-кредитной политики НБРК на 2007-2009 годы // Банки Казахстана №4.-2009.
6. Ред. басқ. Ғ.С.Сейітқасымов, Ақша, Несие, Банктер.-Алматы,Экономика, 2001.-462б.
7. Об итогох деятельности за 1 полугодие 2009 года // Банки Казахстана №8.-2009
8. Оценка рейтингового состояния банковского сектора Республики Казахстана // Банки Казахстана №8.-2009.
9. ҚР ның Ұлттық банкі. Жылдық есеп 2004 (86-87 б)
10. Мақыш С.Б., Банк ісі.- Алматы, ИздатМаркет, 2007. 33-43 б
11. Заң газеті 2008. №132(3б)
12. 2010ж 1 қазандағы қаржылық жағдай туралы есеп // Қазақстан-Заман газеті №43.(814) 2010. 6 б
13. http://www.nationalbank.kz/cont/publish831195_6180.xls
14. http://www.nationalbank.kz/?docid=647

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Ι БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... .4
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Банк және банк жүйесіне сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Ақша-несие саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...8

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1

2.1 Ұлттық банк және оның
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..12
2.3 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ...16

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және
орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің
қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат
құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы
әрқилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың
өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген
міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
1.Тәуелсіз, бос қаржыны жинақтау;
2. Шаруашылық субъектілерінің кассирлері қызметін атқару;
3. Эмиссия жүргізу;
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымына, бір жағынан банк
уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша
қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші болып
табылады.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт
сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің
дамуы болып табылады. Әлемдік және отандық экономиканың нарықтық
экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған
экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді.
Өзінің дамуында банктер ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар
мен міндеттемелер құрады. Қоғам мен экономикадағы нарықтық қатынастардың
дамуымен банктердің экономикалық ролі күшейді. Қазір банктердің кең
таралған жүйесінсіз үйлесімді дамыған мемлекетті елестете алмаймыз. Шынында
да, банктер экономикада көптеген жүректер жұмысы қызметін атқарады, яғни
олар арқылы мемлекеттің экономикалық-саяси қуаты дамуы мүмкін болады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: банк жүйесінің қалыптасу және даму
мәселесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық
стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Осы тақырыптың өзектілігіне келсек,
біз банкті мемлекетті және қоғамның бүкіл мүшелерін қаражатпен
қамтамасыздандыратын генератор деп те қарастыра аламыз. Осыған орай,
тұрақты, иілгіш, әрі тиімді банк инфрақұрылымын құрастыру – Қазақстан
Республикасындағы экономикалық реформаның ең маңызды және өте қиын мақсаты
болып отыр.

Ι БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. Банк жүйесінің даму тарихы

Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңмен реттеледі. Осы
заңның 1-бабына сәйкес банк дегеніміз - өзінің жарғысы бар, толық
шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды
тұлға. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк
ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы
рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті
органның лицензиясы болуымен белгіленеді. Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР банк жүйесінің
құрылымын ҚР банктер және банк қызметі туралы Республика Президентінің
1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар жарлығында Қазақстанда екі деңгейлі
банк жүйесі бар. Ұлттық банк- мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің
жоғарғы (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк
жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер делінген жолдардан көруге
болады. 1,42 б
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болмаған,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990
жылдың аяқ шенінде одақтық 2 заң- Мемлекеттік банк туралы және Банктер
және банк қызметі туралы заңдар бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы
маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала
бастады. 1990 жылғы Банктер және банк қызметі туралы Заңға сәйкес
республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк
жүйесінің жаңа даму сатысына көшті. Банк қызметін –банктің клиент мүддесі
үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Казіргі кезде
негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарату мен қарыздар беру
жатады. Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және экономика және халықтың қысқы мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
ҚР-ның экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені
басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету
механизмін құру, банктердің кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде
экономикалық әдістерді қолдану, банк пен клиенттері, сонымен қатар банктің
өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-
қатынастар жүйесін қайта құру, яғни жаңа құбылыстар мен процестерді ескере
отырып, принципті түрде реформалау қажеттігінің мағызы зор. 1990 жылы
желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы
алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін
қамтиды.1, 43 б
1995 жылғы банктік реформа Ұлттық банктің Қазақстандағы банктік
жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған
банктің жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1988-1991 жж.(КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық
мамандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағыларды сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы тиісті бөлімшелерінеберу арқылы
қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО мемлекеттік
банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы
қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола
отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға
біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті санды түрде
қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы
кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни
айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-
несие бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі бюджет және
банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу,
банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
Сонымен бұрынғы салалық мамандырылған банктерді қайта
түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен басталып,
1995 жылға дейін жалғасты.2, 25 б
Банк жүйесінің қалыптасуын төмендегі ретпен қорытындылап шығуға
болады. Біріншіден, 1990 жылдар басындағы өзгерістер. Алғашқы заң
актілерінің қабылдануы Қазақстан Республикасының жеке банк жүйесінің
қалыптасуы. Осы жылдар ішіндегі ең елеулі оқиғалар:Ұлттық валютамыздың
енгізілуі, Орталық банктің Ұлттық банк болып құрылып, өз саясатын
экономикамызды тұрақтандырып, өсуін қамтамасыз етуде іске асыруы.
Екіншіден, 1995-1998 жылдар аралығындағы банктік реформалар. Ең маңыздылары
Банктер және банктік қызмет туралы және Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы Заңдардың қабылдануы. Осы реформалар негізінде
инвестициялық, несиелік, қаржылық банк қызметтерінің дамуы. Ел экономикасын
несиелеу және инвестиция тарту мәселелерінің шешімдерін таба бастауы.
Банктік талаптың өсуі және банктердің реттелуі. 2, 26-27 б

1.2 Банк және банк жүйесіне сипаттама

Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының
негізгі массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер
мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-
бірін толықтыруы қажет, әдеттегінше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа
жүйеге енеді. Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар.
Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері
кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік
инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б. Банк жүйесі құрамдық бөлік
ретінде үлкен жүйе-елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің
экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын
ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен
банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да
жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен
реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Банк жүйесі белгілі бір
өзгешеліктер мен белгілерге ие. Банк жүйесінің белгілері:
1. Банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты
бірлікке бағына отырып әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер
болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі
белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән
тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-
бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ
ақша банкінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай
алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп
тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі
сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы
мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың
тек өздеріне тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі,
нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік , саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады,
экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға
бағынады .
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.

Саны
Ұлттық банк 1
Екінші деңгейлі банктер 39
Оның ішінде, коммерциялық банктер 35
Мемлекеттік банк 2
Шетелдердің еншілес банктері 14
Шетелдік банктердің өкілдігі 23
Қазақстан даму банкісі 1

1-Кесте. 1.08.2010ж жағдай бойынша Қазақстан банк жүйесінің құрылымы 4,
3 б

Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада
реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
- мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға
тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін-банктің клиент
мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез
келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру
қажеттілігі жатады. Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының
қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша
бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа
мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының
экономикалық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа
мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу.
- Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету.
Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды басқару осы заманғы
банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет түрлерін ұсынуға қабілеті
бар көп қызметті несие мекемесіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жағынан
клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы
заманғы банк технологияларын қолдану, өз қызметін әртараптандыру арқылы
сенімділік пен инвестиция үшін қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында
банктер өздерін ірілендіруге әрі капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр.
Мұндай тенденция көптеген мемлекеттерге тән.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз
құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыдан қатар дамып, бір-
бірімен тығыз байланыста болды. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне
қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада
банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық
органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін
ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалануы үшін
берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да
көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат
өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне
тікелей ықпалын тигізді .

1.3 Ақша-несие саясаты

Ақша-несие саясаты (АНС) – бұл айналыстағы ақша массасын, несие
көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын
жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ, ақша-несие саясатының
бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы
анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми
мөлшермелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің
ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді.
Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және
ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орныбасары, төрт
департмент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және
Қаржылық қадағалау агентінен бір өкіл кіреді.3, 212 б .
АНС-ның мақсаты – инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа
бөлінеді.
• Тікелей құралдар(несие бағасы мен сомасына тікелей бақылауға
арналған):
- несиенің бағасын (Р – сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу
немесе шектеу
- коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
• Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен
ұсынысқа ықпал етуге арналған):
- ашық нарықтағы операциялар;
- міндетті резервтік талаптар;
- несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты
операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-
жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу,
қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына
және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді
ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін
қанағаттандыруға құқылы.Ұлттық банк 2008 жылы 1960,2 млрд теңгеге қысқа
мерзімді ноталар шығарды (2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды).
Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд теңге) 2008 жылы І тоқсанда
қалды, қалған тоқсандарда ноталардың эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге
асырылды.3, 213 б
Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің
сақталуы және нақты сектор тарапынан кредиттік ресурстарға деген сұраныстың
шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы
кредиттік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы
ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді ноталары
бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге
асырылатын аумақтағы нарықтың мұдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін
пайдаланады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты-айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық
банктің мұдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың
барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет
етеді. Оның ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік
ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз
мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен
ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді
шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді
несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.3, 215-
216 б
Ұлттық банк таңдаған ақша-кредит саясатының басым бағыттары
нарықтағы алыпсатарлық күтулерді өтеуге мүмкіндік берді, кәсіпорындардың
әлемдік тауар нарықтарының қолайсыз баға конъюнктурасынан болған залалдарын
ішінара өтеді және төлем балансы дисбалансының кеңеюін шектеді. Шикізат
тауарларына әлемдік бағаның одан кейін өсуі экономиканың экспортқа
бағытталған салаларына қосымша қолдау көрсетті.Олар жылдың 2-жартысында
өндірістің қайта қалпына келтіру динамикасын және қаржы көрсеткіштерінің
жақсарғанын көрсетті. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орталық банкі
ретінде ақшаны эмиссиялау құқығы тек қана ҚР Ұлттық банкіне Заңмен бекітіп
берілген. ҚР-да ақшаны эмиссиялау қызметін 1993 жылдың қараша айының 15
жұлдызынан бастап жүзеге асыруды қолға алды. ҚР Ұлттық банкі эмиссиялық
банк болып табылады. Эмиссиялық банктің басты міндеті ақшаның айналысқа
қажетті мөлшерден артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа
қажетті ақша мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 14

ΙΙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

2.1 Ұлттық банк және оның қызметтері

Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы
ретінде мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатының басты бағыттарын
анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің
ақша-несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету.
Қазақстан Ұлттық Банкі- бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке түрлендірілген
банктердің банкі болып табылады. Іс жүзінде Қазақстан Ұлттық Банкінде
барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына
түсуі Қазақстан Ұлттық Банкі мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын
толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айырысуларды ҚҰБ мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда ҚҰБ-
нен несие ала алады. 6, 462 б
Қазақстан Ұлттық банкі - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса
меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа да материалдық құндылықтардан
тұратын мүліктерге ие заңды тұлға. ҚҰБ өзінің атқаратын мәні жағынан
біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі.
Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері- 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары
ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен
бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті
ақшалай қаражаттардан тұрады. ҚҰБ резервтік және басқа да қорларды құрайды.
Оның резервтік қоры жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен
толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен
шығындардың орнын жабуға жұмсалады. ҚҰБ-нің қаржылық жылдағы таза табысы
сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы
айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде
банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде
анықталады. ҚҰБ-нің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды
абсолюттік сомада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі қаржы
жылындағы республикалық бюджетке аударылады. ҚҰБ және оның мекемелері ҚР
салық кодексіне сәйкес барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылған. 2,
34 б
ҚҰБ-нің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қарадат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және ҚҰБ-де шартты негізде орналастырылған
ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Ұлттық банктің Басқармасы 9 адамнан тұрады. Ұлттық банктің басқармасының
құрамына:
-ҚҰБ төрағасы және 5 лауазымды тұлғалары;
-ҚР Президентінен 1 өкіл; -ҚР Үкіметінен 2 өкіл кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің оперативтік басқару органы – Директорлар
кеңесі болып табылады. Директорлар Кеңесі құрамына Ұлттық Банк төрағасы,
оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы Қазақстан Республикасы
Заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне
есеп береді.Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің негізгі қызметтерін жергілікті
жерлердегі облыстық басқармасы және Алматы қалалық бас фелиалы арқылы
атқарады. Бұл фелиал Ұлттық Банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ фелиалдары мен
өкілеттері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен құзіреттері шегінде ғана жүзеге
асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің функционалдық құрылымына департаменттер
мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, фелиалдары,
өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді. 2007 жылы Үкіметтің және Ұлттық
Банктің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық
орталық АҚ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясатының түрлері
Қазақстанның банктік жүйесі
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Ақшаның қызметтерін, түрлерін және айналыс әдістерін талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Пәндер