Ұлттық есеп жүйесiндегi негiзгi ұғымдар мен категориялар


ҰЕЖ-де қолданылатын ұғымдар, категориялар, классификациялар, бағалар, олардың мазмұны мен құрылымы
Жоспар:
- Кiрiспе
- Ұлттық есеп жүйесiндегi негiзгi ұғымдар мен категориялар
- Ұлттық есеп жүйесiндегi таптастырулар мен классификациялар
- Ұлттық есеп жүйесiндегi қолданылатын бағалар
Жалпы өнiмнiң ұдайы өндiрiсiн, табыстың қалыптасуы, оны бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерiн, негiзгi капиталдың өсуiн жан-жақты сипаттау үшiн сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшiн ҰЕЖ -де экономикалық операциялардың нәтижелерi шот түрiнде берiледi. Әр шот (ұлттық шоттар тек тұтас экономика үшiн ғана құрылмай, сонымен қатар экономиканың секторлары, салалары үшiн де құрылатындықтан шоттар тобы деуге болады) экономикалық әрекеттiң бiр аспектiсiне қатысты болады.
Екi жақты жазу принципiне сәйкес әр операция шоттарда екi рет жазылады: бiр рет - ресурстарда, екiншi рет - ресурстарды пайдалануда. Шоттар баланстық кесте түрiнде берiледi. Ресурстар бөлiгiнiң жиыны пайдалану бөлiгiнiң жиынына тең болуы керек.
ҰЕЖ - нiң кез келген шотының пайдалану бөлiгi баланстық статьямен аяқталады. Баланстық статья шоттың пайдалану және ресурстар бөлiгiнiң арасында арифметикалық тепе-теңдiк сақталу үшiн және шоттарды жабу үшiн қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесi шоттың ресурстар бөлiгiне көшiрiледi. ҰЕЖ -дегi шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады.
- Өндiрiстiк шоттар тобы. Өндiрiстiк шоттар аралық және ақырғы өнiмдi шығаруды, оларға жұмсалған шығындарды есепке алады. Бұл шоттар эконмиканың салалары және секторлары үшiн құрылады. Салалар үшiн құрылған шоттардың жиынтығы “шығындар - өнiм шығару” атты кестелердi құрайды. Бұл кестелерден тауар мен қызмет ағымдарын бақылауға болады.
- Табыс шоттарының тобы. Бұл шоттар табыстың пайда болуын және институциялық бiрлiктер арасында оның қалай бөлiнетiнiн көрсетедi. Сол сияқты олар салық, басқа да трансферттер арқылы табыстың қайта бөлуiн де көрсетедi.
- Капитал және қаржы шоттары. Бұл шоттар негiзгi қаржылардың қорлануын және активтерi сатып алуды қаржыландырудың әдiстерiн айқындайды. Сол сияқты шоттар экономиканың секторларының сатып алатын және бөлетiн қаржы активтерiнiң мөлшерiн көрсетедi.
- Ашық және жабық түрдегi баланстық ведомосттар. Мұндай ведомосттар жылдың басындағы және соңындағы активтер мен пассивтердiң сомасын көрсетедi. Осы мезгiлдегi жеке секторлардың немесе институциялық бiрлiктердiң активтерiнiң айырмасы меншiктi капитал мөлшерiн анықтайды. Бұл шоттарда активтер мен пассивтер құнының өзгеруiнiң үш түрi қарастырылады:интитуциялық бiрлiктер арасындағы операциялардың нәтижесiнде активтер мен пассивтердi сатып алу; активтер мен пассивтердiң бiр жақты өзгеруi; жеке активтердiң бағасының өзгеруiне немесе жалпы бағаның өзгеруiне байланысты активтердiң, пассивтердiң құнының өзгеруi.
- “Қалған әлем” шоттары төлем балансы. Төлем балансы макроэкономикалық сараптау және болжаудың негiзгi құралы болып саналады. Бұл шотта резидент және резидент емес бiрлiктер арасындағы барлық операциялар көрсетiледi. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және импорты, басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған табыстар, қаржы операциялары, инвестиция туралы мәлiметтердi, экономиканың барлық секторларын төлеу қабiлетi туралы мәлiметтердi қамтиды.
- Салааралық баланс(“шығындар - өнiм шығару” кестесi) үйлесiмдi салааралық арақатынастарды, байланыстарды көрсетедi. Бұл кесте төрт квадранттан тұрады және халықаралық стандартты салалық классификаторында көрсетiлген салалардың басым көпшiлiгi үшiн құрылады. Кесте жеке кәсiпорындар мен экономиканың салалары арасындағы байланыстарды талдауға мүмкiндiк бередi. Өзiнiң мазмұны жағынан салааралық баланс өндiрiс шотына ұқсас.
- Қаржы операцияларының жиынтық кестесiшаруашылық бiрлiктерiнiң қаржы ресурстарының құрылымының өзгерiстерiн, экономикалық айналымның қандай қаржы құралдары арқылы iске асқанын көрестедi.
- Ұлттық баланстық кестемазмұны жағынан кәсiпорынның бухгалтерлiк есебiне ұқсас. Бұл кесте тұтас экономика үшiн құралды және елдiң ұлттық байлығының балансы болып саналады.
Экономикалық айналымның жекешеленген сатылары мынандай шоттарды көрсетiледi:
5-кесте
Ұлттық шоттардың мзмұны мен құрылымы (iшкi экономиканың шоттар)
Еңбекақы, им-портқа, өндi-рiске салынған таза салықтар
Жалпы пайда (жалпы аралас пайда)
Жалпы қосылған
құн-еңбекақы-
өндiрiске, импортқа салынған таза салықтар=жалпы пайда (жалпы аралас табыс)
Берiлген меншiктен түскен табыс
Алғашқы табыстар сальдосы
Жалпы пайда (жалпы аралас табыс) +
меншiктен түскен
табыс сальдосы+өндiрiске салынған таза салық+еңбекақы=
алғашқы табыстар сальдосы.
Берiлген ағымдағы трансферттер:
-табыс салығы
-әлеуметтiк сақтандыру
-әлеуметтiк жәрдемақы
-басқа ағымдағы трансферттер
Иелiктегi жалпы табыс
Алғашқы табыстар сальдосы Қабылданған ағымдағы трансферттер: -табыс салығы
-әлеуметтiк сақтандыру
-әлеуметтiк жәрдемақы
-басқа ағымдағы трансферттер
Ақырғы тұтыну
Жалпы жинақ
2. Ұлттық есеп жүйесiндегi негiзгi ұғымдар мен категориялар
Ұлттық шоттардың мазмұнын, оларды құру әдiстемесiн оқып-үйренбес бұрын ҰЕЖ-де қолданылатын ұғымдар, терминдер, категориялар, топтастырулар, классификациялармен таныс болу қажет.
ҰЕЖ-де мынадай ұғымдар қолданылады: тауар, қызмет, өнiм, нарықтық емес қызметтер, трансферттер, экономикалық аймақ, резидент, экономикалық мүдде орталығы, аймақтық анклавтар, еркiн аймақтар, институциялық бiрлiк, iшкi және ұлттық экономика, сырқы сауданың жалпы өнiмi, импортқа салынатын салық, экономикалық бiрлiк, сала, сектор, “қалған әлем”.
Тауар деп материалдық - заттық түрдегi еңбек нәтижесiн айтады.
Қызмет - жеке адамның, қоғамның белгiлi бiр қажетiн қанағаттарндыру үшiн iстелген әрекеттiң нәтижесi.
Өнiм - деп сатуға арналған тауар мен қызметтi айтады. Әдетте өнiм оны өндiруге жұмсалған шығынды жабатындай бағамен сатылады. Келiсiм бойынша қаржы делдалдарының шартты түрде есептелген өнiмi және өз үйiнде тұрудың шартты құны да өнiм деп есептелiнедi.
Нарықтық емес қызметтер деп мемлекеттiк мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ағымдағы тұтынуы болып саналатын қызметтердi айтады.
Трансферттер - ақша не зат түрiндегi табыстың қайта бөлiнген бiр жақты ағымдары. Трансферттердiң орнына табыс, өнiм ағымдары талап етiлмейдi. Трансферттер ағымдағы және күрделi болып 2-ге бөлiнедi. (“Табысты бөлу”, “Капиталға толық мағлұмат берiледi) .
Экононмикалық өндiрiс - экономикалық ғылымдағы негiзгi концепция, ол құн және ұлттық табыс пайда болатын салаларды анықтайды. Экономикалық өндiрiстiң қазiргi теориясы бойынша тауар өндiру, қызмет көрсетуге байланысты iстелген барлық әрекет экономикалық өндiрiс сферасын құрайды. Экономикалық өндiрiстiң бұл концепциясы ҰЕЖ әдiстемесiнiң негiзi болып есептелiнедi. ҰЕЖ-де үй шаруашылығының тамақ дайындауы, бала тәрбиелеу, үйдi таза ұстауы сияқты әрекеттерi экономикалық өндiрiс болып саналмайды. Өйткенi, бiрiншiден, мұндай әрекеттер туралы мәлiмет жинау қиын, екiншiден, аталған әркеттердi бағалау әдiстерi де анық емес. 1993 жылғы БҰҰ-ның ҰЕЖ-де экономикалық өндiрiс экономиканың “көлеңке жағын”, яғни салық төлемес үшiн тауар мен қызметтi жасырын түрде шығаруды да, заң бойынша тыйым салынған тауар мен қызмет өндiрудi де қамтиды.
Сонымен, экономикалық өндiрiс сферасы мынадай әрекеттерден тұрады:
- сатуға, тұтынуға, қор жинауға арналған тауарларды өндiру;
- қаржылық емес қызметтер көрсетру;
- қаржы мекемелерiнiң (банктердiң, сақтандыру компанияларының) әрекеттерi;
- қоғамға, үй шаруашылығына нарықтық емес қызмет көрсететiн мемлекеттiк басқару ұйымдарының әркеттерi;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететiн коммерциялық емес ұйымдардың (саяси партиялар, кәсiподақтар, қоғамдық ұйымдар) әрекеттерi;
- үй қызметшiсiнiң әрекетi;
- үй иелерiнiң өздерi тұтыну үшiн iстеген қызметтерi.
Үй иелерiнiң өздерiне көрсеткен үй қызметтерi шартты түрде осындай үйлердегi пәтерақыға тең деп саналады. Үй шаруашылығының өндiрiстiк әркетiне өздерi тұтыну үшiн өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерi, табиғат сыйы болып саналатын жемiс-жидектi жинау, балық аулау, аң аулау, ауыл шауашылығы өнiмдерiн өңдеу сияқты әрекеттер жатады.
Экономикалық аймақ ұғымы әкiмшiлiк-саяси аймақ ұғымымен бiрдей емес.
Экономикалық аймақ деп елдiң үкiметiмен басқарылатын, сол аймақ iшiнде адамдар, тауар, ақша еркiн қозғалыста болатын аймақты айтады. Елдiң экономикалық аймағына сол елдiң әуе кеңiстiгi, аймақ сулары, халықаралық судағы континенттiк шельфтерi, сол сияқты шетелдегi аймақтық анклавтары да жатады.
Аймақтық анклавтар деп дипломатиялық, әскери, ғылыми, т. б. мақсаттар үшiн басқа елдердiң аймағын пайдалануды айтады. Басқа елдердiң, халықаралық ұйымдардың анклавтары өздерi орналасқан елдiң экономикалық аймағы болып саналмайды. Қарастырылып отырған елдiң шекарасынан тыс жердегi оның кәсiпорындары (“еркiн аймағы” кәсiпорындар) өздерi орналасқан елдiң экономикалық аймағы болып есептелiнедi.
Осы елде орналасқан шетелдiк аймақтық анклавтар, халықаралық ұйымдар елдiң экономикалық аймағына жатпайды.
Экономикалық мүдделерiнiң орталығы экономикалық аймақпен байланысты болатын институциялық бiрлiктердi (үй шаруашылығын, кәсiпорындарды, ұйымдарды) сол елдiң резиденттерi дейдi. Елдiң экономикалық аймағында 1 жылдан артық тұратын адамдар сол елдiң резидентi болып сананалады. Бiр жылдан аз уақытқа келген туристер, артистер, ғалымдар, мерзiмдiк жұмысшылар, сол сияқты шетел елшiлiктерiнiң мүшелерi өкiлдiктерi, т. б. дипломатиялық мекемелер, осы елде орналасқан елдердiң әскери бөлiмшелерiнiң құрамы резидент болмайды.
Өз елдерiмен экономикалық байланыстарын жоғалтпаған шетелдiк студенттер қай елден келсе, сол елдiң резидентi болады. Қарастырылып отырған елде орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi осы елде 1 жылдан артық жұмыс iстесе сол елдiң резидентi болып саналады.
Резиденттiң (институциялық бiрлiктiң, нақты адамның) экономикалық мүдде орталығы деп олардың экономикалық аймағын айтады.
Iшкi экономика экономикалық аймақтағы және шетелдегi резиденттердiң әрекетiн қамтиды.
Ұлттық экономика экономикалық аймақтағы және шетелдегi резиденттердiң әрекетiн қамтиды.
Сыртқы сауданың жалпы өнiмi iшкi және әлемдiк бағаның айырмасын мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн сауда мекемелерiнде қалатын пайдаға айналыс шығындарын қосқанға тең.
Iшкi және әлемдiк бағаның айырмасы түрiндегi табысты импортқа салатын салық деп атайды.
Бiртектi өнiм шығаратын кәсiпорындарды, олардың бөлiмшелерiн экономикалық бiрлiк дейдi.
Iс жүзiнде көптеген өндiрушi бiрлiктер әр түрлi әрекетпен айналысады. Мұндай жағдайда жекеленген кәсiпорын бiрнеше экономикалық бiрлiктерге бөлiнедi және бiрлiктердiң бiреуi негiзгi әрекетпен, екiншi бiреуi қосалқы әрекетпен айналысады.
Бiртектi өнiм шығаратын бiрлiктер тобын сала дейдi.
Экономикалық шығындарға қаржы бөлуiне және процесте атқаратын қызметтерiне байланысты бiртектi болып саналатын институциялық бiрлiктердiң тобы сектор болады.
3. Ұлттық есеп жүйесiндегi топтастырулар мен классификациялар
ҰЕЖ-де мынадай топтастырулар қолданылады:
- шаруашылық бiрлiктерiн салаларға, секторларға топтастыру;
- экономикалық операцияларды топтастыру;
- өнiм түрлерiнiң классификациясы;
- мемлекеттiк басқару ұйымдарының шығындарын топтастыру;
- активтер мен пассивтердiң классификациясы;
- салық пен субсидия классификациясы.
- Шаруашылық бiрлiктерiн салаларға топтастыру.
Шығаратын өнiмi, өндiрiстiк технологиясы және шығындардың құрамына қарай бiртектi болып саналатын шаруашылық бiрлiктерi салаларға топтастырылады.
ҰЕЖ-де стандартты халықаралық салалық классификация қолданылады. Бұл классификация бойынша ең алдымен натуралдық ресурстарды пайдаланылатын салалар топтастырылады, содан кейiн өндiрушi өнеркәсiп, өңдеушi өнеркәсiп, т. б. салалар топтастырылады.
ҰЕЖ-дегi стандартты халықаралық салалық классификация:
- ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы;
- балық шаруашылығы;
- өндiрушi өнеркәсiп;
- өңдеушi өнеркәсiп;
- электр энергиясы, газ, сумен қамтамасыз ету;
- көтерме және бөлшек сауда, автомобиль, мотоцикл, тұрмыстық тауарларды жөндеу;
- қонақ үйлер, мейрамханалар;
- қаржы делдалдығы;
- көлiк және байланыс;
- қозғалмайтын мүлiк операциялары, жалға беру, т. б. коммерциялық әрекеттер;
- мемлекеттiк басқару, қорғаныс, әлеуметтiк қамсыздандыру;
- бiлiм беру;
- денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызметтер;
- басқа коммуналдық, тұрмыстық қызметтер;
- жалданушы жұмысшылары бар үй шаруашылығы;
- экстерриториялық ұйымдар.
ҰЕЖ-де экономика салалары үшiн өндiрiс және табыстың пайда болуы шоттары құрылады.
- ҰЕЖ-дегi секторлық топтастыру.
Секторлық топтастырудың бiрлiгi болып институциялық бiрлiк немесе шаруашылық субъектiсi саналады. Секторлық топтастыру қаржы активтерiн, табыс пен шығысты зерттеу үшiн қолданылады. Институциялық бiрлiктер мынандай алты секторға топтастырылады:
- қаржылық емес кәсiпорындар;
- қаржы мекемелер;
- мемлекеттiк мекемелер;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететiн қоғамдық ұйымдар;
- үй шаруашылығы;
- сыртқы экономикалық байланыстар;
- “қалған әлем”
Қаржылық емес кәсiпорындар секторына тауар өндiру және қаржы қызметiнен басқа қызметтердi көрсетумен айналысатын институциялық бiрлiктер топтастырылады. Олар өз өнiмдерiн өндiрiс шығындарының орнын толтыратындай бағамен сатады. Кейбiр жағдайда бұл сектордың бiрлiктерiнiң өндiрiстiк шығындарының бiр бөлiгi дотация, субсидия түрiнде мемлекеттiк бюджеттен төленедi.
Қаржылық емес кәсiпорынар секторының ресурсы өнiмдi сатудан түскен түсiмнен құралады. Бұл секторға мемлекеттiк бюджеттен қаржыланатын, бiрақ өнiм шығарумен айналысатын кәсiпорындар шартты түрде топтастырылады (мысалы, орман және су шаруашылығының кәсiпорындары) .
Мемлекеттiк, акционерлi, мердiгерлiк, кооперативтiк т. б. кәсiпорындар меншiк түрiне қарамастан осы сектордың бiрлiктерi болады. Сонымен қатар, өндiрушiлердiң әр түрлi топтары құрған қоғамдық ұйымдарда осында топтастырылады. Мұндай ұйымдардың шығындары кәсiпорындар төлейтiн мүшелiк жарнадан қаржыландырылады (мысалы, кәсiпкерлер ассойиайиясы) .
Қаржы мекемелер секторына коммерция негiзiнде қаржы және сақтандыру операциялармен айналысатын институциялық бiрлiктерге: коммерциялық банктер, несие қоғамдары, ассоциациялар жатады. Олардың негiзгi мiндеттерi қаржы құралдарын шығару, сатып алу, сақтап алу, сақтау және бөлу; бағалы қағаздарды шығару; кәсiпорындарға, үй шаруашылығына несие беру.
Банктер қаржы мекемелерiнiң және мемлекеттiк мекемелердiң бiрлiгi болуы мүмкiн. Мысалы, орталық банк ақша саясатын iске асырады. Оның негiзгi мiндеттерi:
- ақша шығару;
- шетелдiк валюта резервiн меңгеру және сақтау;
- басқа банктерге қарыз (ссуда) беру;
- бағалы қағазды сату және сатып алу.
Елдiң экономикасы неғұрлым дамыған болса, орталық банктың ролi соғұрлым жоғары болады. Мұндай жағдайда ақша саясатын орталық банк өзi iске асыра алады және үкiметпен байланысты сақтай отырып, оған зор ықпал жасайды.
Коммерция негiзiнде қаржы операцияларымен айналысатын институциялық бiрлiктердiң ресурстары депозиттерден, сертификаттардан, облигациялардан, яғни мiндеттi қарыздардан және қабыладаған проценттерден тұрады.
Сақтандыру мекемелер адамдардың өмiрiн, олардың мүлкiн, кәсiпорындардың мүлiктерiн сақтандырады. Олардың ресурстары сақтандыру шарты бойынша қабылданған төлемдерден құралады. Мемлекеттiк мекемелер секторындағы институциялық бiрлiктер нарықтық емес қызметтер көрсетедi, ұлттық табысты бөлуге қатысады. Олар негiзiнен мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылады.
Бұл секторға жалпы басқару, қаржы, экономиканы реттеу және жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, ғылыми зерттеу, қорғаныс, тәртiп сақтау сферасындағы мекемелер мен ұйымдар, сол сияқты халыққа бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, спорт, әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру салаларында нарықтақ емес қызмет көрсететiн ұйымдар мен мекемелердi топтастырады. Сонымен қатар, мемлекеттiк мекемелер секторы мемлекеттiк орталық банктердi, жергiлiктi банктердi де қамтиды. Бұл банктердiң негiзгi мiндеттерi - мемлекеттiк ұйымдарға қаржы қызметтерiн көрсету, ақша шығару, құнды қағаздарды шығару, алтын қорын сақтау (орталық банк) .
Мемлекеттiк мекемелер секторының ресурсы, негiзiнен, басқа секторлардың мiндеттi төлемдерiн құралады.
Үй шаруашылығына қызмет көрсететiн коммерциялық емес (қоғамдық) ұйымдар секторына үй шаруашылығының ерекше топтарына нарықтық емес қызмет көрсететiн институциялық бiрлiктер топтастырылады. Бұл бiрлiктер жеке үй шаруашылықтарына бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер т. б. сферада қызмет көрсетедi, сол сияқты олардың ұжымдық қажеттерiн де қанағаттандырады. Саяси партиялар, кәсiподақтар, дiни қоғамдар осы сектордың бiрлiктерi болады. Үй шаруашылығына қызмет көрсететiн қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттiк мекемелер тексермейдi, оларға мемлекеттен қаржы бөлiнбейдi.
Қоғамдық ұйымдар секторының ресурстары үй шаруашылығының төлеген жарнасына, олардың берген жәрдемiмен, меншiктен түскен табыстан құралады.
Үй шаруашылығы секторы жеке адамдарды, адамдардың топтарын, олардың кәсiпкерлiк әрекетiн қамтиды. Бұл секторға шауашылық формасы, көлемi жағынан әр түрлi резидент - үй шаруашылықтары (жұмысшылардың, қызметкерлердiң, қосалқы шаруашылығы, жеке шаруа қожалығы, қолөнершiлердiң шаруашылығы, заңды түрде тәуелсiз деген статусы жоқ жеке кәсiпорындар) топтастырылады.
Сыртқы экономикалық байланыстар “қалған әлем” секторында шетелдiк экономикалық бiрлiктердiң елдiң резиденттерiмен қандай экономикалық операцияларға қатысқаны көрсетiледi.
- Экономикалық операцияларды топтастыру.
ҰЕЖ-де экономикалық операциялар үш топқа бөлiнедi:
- тауар және қызмет операциялары;
- бөлу операциялары;
- қаржы операциялары.
Тауар және қызмет операциялары экономиканың салалары мен
Секторларындағы өнiм өндiру, оны айырбастау, пайдалану сияқты процесстердi қамтиды. Бұл операциялар тек есептi мерзiмде шығарылған өнiмдi ғана қамтып қоймайды, олар сонымен қатар, өткен мерзiмдегi өнiмдерге және импортқа байланысты операцияларды да көрсетедi.
Бөлу операциялары өндiрушiлердiң жасаған қосымша құнын бөлу, жинақты қайта бөлу сияқты операциялардан тұрады.
Қаржы операциялары экономиканың әр түрлi секторларының активтерi мен пассивтерiнiң өзгерiстерiн көрсетедi.
- Өнiм түрлерiнiң классификациясы.
Өнiм әр түрлi белгiлер бойынша топтастырылады.
Пайдалану мақсатына байланысты өнiмдi мынадай түрлерге бөлiнедi:
- айырбас орнына берiлген өнiм;
- сыйға берiлген өнiм;
- өзi тұтыну үшiн шығарылған өнiм;
- үй шаруашылығының тұтынуы үшiн шығарылған өнiм.
Өндiрушiге немесе өнiм нсие байланысты былай бөледi:
- дағдылы нарықтық өндiрушiлер өнiмi;
- өндiрiстiк iрi тауарларды шығарушылардың өнiмi;
- көтерме және бөлшек саудадағы сатушылар өнiмi;
- өндiрiстiк лизинг саласындағы өнiм.
Дағдылы нарықтық өндiрушiлер өнiмiнiң элементтерi төмендегiдей:
- нақты өткiзiлген немесе өткiзуге жоспарланған өнiм (бұл өнiм нақты сатылған өнiм мен тауарлар қалдығының өзгерiсi арқылы анықталады) ;
- өз бөлiмшелерiне берiлген өнiм;
- өз жұмысшыларына сыйға берiлген өнiм;
- айырбас ретiнде қолданылған өнiм;
- өзiнiң негiзгi капиталының жалпы қорлануы үшiн өндiрiстiк тауарларды бөлу;
- ақырғы тұтыну үшiн өз өнiмiн пайдалану.
Аталған элементтердiң бiрiншiсiнен басқасы нарықта (рынокта) сатылмайды. Нарықтық бойынша сатылған өнiм өндiрушi бағасымен бағаланады.
Өндiрiстiк iрi тауарларды шығарушылардың өнiмi деп ұшақтар, кемелер қуаты 5000 квт және одан да жоғары турбиналар, эстакадалар, шахта құдықтары, т. б. осындай өнiмдердi айтады. Егер өндiрiстiк циклының ұзақтығы 2 айдан артық болса, онда әр түрi мерзiмдегi өнiм мөлшерi анықталып, оларды қайта бағалау қажет.
Көтерме және бөлшек саудадағы сатушылар өнiмi деп өткiзiлген өнiмнiң үстеме бағасын айтады. Өткiзiлетiн өнiм сатушылардың өндiрiстiк әрекеттiң нәтижесiн көрсетпейтiндiктен, оның құны сатушы өнiмi болып саналмайды. Сауданың үстеме бағасына тауарларды нольдiк бағамен есептейдi. Егер тауар сатып алу бағасынан төмен бағамен, сатылса үстеме баға терiс таңбамен алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz