Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КӨКШЕ АКАДЕМИЯСЫ

Сейтахметова Данагүл Бакытовна

Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

МАМАНДЫҒЫ: 050102 – Бастауыш сыныпта Педагогика және оқыту әдістемесі

КӨКШЕТАУ 2011
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері. 10
1.2 Сауат ашу сабағына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар. 15
1.3 Әліппеге дейінгі кезеңдегі сауат ашу сабағын ұйымдастыру.
21

II. САБАҚ ҮРДІСІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ.
2.1Сауат ашу кезеңіндегі ойын түрлері мен ойынды жүргізу әдіс-тәсілдері.
39
2.2 Сауат ашу кезеңіндегі пәнаралық байланыс 60
2.3 Сауат ашуға арналған кестелермен жұмыс істеу әдістемесі.
64

ҚОРЫТЫНДЫ. 77

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 79

ҚОСЫМША

Кіріспе

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан
оның балаға ана тілін оқытып, үйретуде алатын орыны да ерекше. Сауат ашудың
негізгі міндеті –балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.
Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой өрісін
жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа
тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік елжандылық тәрбие
беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті
іспеттес. Білім негізі бастауышта екеніне баса назар аударсақ, жас
ұрпақтың сауат ашу кезеңінде сапалы білім алуына жағдайлар туғызу
мектептегі басты да негізгі мәселе болып табылады. Білім беру ХХІ ғасырдағы
Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі басылымдылықтардың бірі болып
табылады.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін, қазіргі нарықтық экономика
кезеңінде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық
саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды
құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие
беруде орта білімді дамытуға кеңінен жол ашылды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы 1999 жылғы 11 маусымындағы
заңының 4-ші және 8-ші баптарының негізінде әрбір Қазақстан Республикасының
Конститутциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін
тиісті әлеуметтік- экономикалық жағдайлар жасау арқылы интелектіні
байытуға, халықтық, ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге, қоғамдық-саяси
экономикалық және мәдени өмірге саналы көзқарасын қалыптастыруды бойына
сіңіру болып табылады.
Осы заңның 41-ші және 38-ші баптары: Білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуға
жәрдемдесуге міндетті , Білім беру ұйымы баланың қалауын, жеке басының
бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, таңдауға құқысы бар, -деп,
педагог пен ата-аналарға арналып, мектеп пен ата-ананың алдында зор
жауапкершілік жүктейді.
Қазіргі кездегі білім беру оқушыға, оның өз бетімен дамуына және танып
білуіне деген көзқарасты күшейтуге, оқушының қоршаған ортаға және өзіне
деген назарына, оны өмірдегі өз орнын таба білуге негізделген.
Сондықтан, қоғам адамдардан, неғұрлым жаңа қабілеттіліктер мен
білімдерді, біліктер мне дағдыларды, ойлаудың жаңа стилін, интеллектуалды
белсенділік, инициативтілік, тапқырлық, алғырлық, мәселені жаңа қырынан
көре білу қабілеті, тапсырмаларды шешуде балама шешімдерді таба алу сияқты
тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселесінің өзектілігі тереңдей түседі.
Әрине, белсенді субъектіні қалыптастыру психологиялық-педагогикалық
ғылымдарда негізгі мәселенің бірі болғанымен, қазіргі күні әлі соңына дейін
шешімі табылмаған сұрақтары да жеткілікті.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу халықтың ертеден келе жатқан өзіне тән
салт-дәстүрлері, ұлттық өнері, әдет-ғұрпы негізінде жетілетіні белгілі.
Сондай-ақ, жанұяның, ұжымның, ұлы адамдардың өнеге- өсиет сөздері мен
еңбектерінің алатын орны да ерекше. Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен Әл-
Фараби, Асан Қайғы, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Қазыбек, Әйтеке би және
т.б. ата- бабаларымыздың өмір жолынан ерлік пен батылдықтың, табандылық пен
ұстамдылықтың теңдесі жоқ өнегесін көруге болады. Осы маңызды білімнің
барлығын жас ұрпақ бойына алғашқы Сауат ашу сабағы мен алғашқы кітабы
Әліппеден бастап ана тілі пәнімен ұштасып бойына сіңірудің алғашқы
қадамдарын басталады.Сауат ашу кезеңі арнайы бағдарлама бойынша мемлекеттік
стандартқа сай өткізіледі. Сауат ашудың негізгі мақсаты:
-оқушыларға терең білім мен өнегелі тәрбие беру
-Отанын, ел-жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу
-Оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру
Оқушының бойында жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптасуына жағдай
туғызу.
-Берілген алуан-түрлі сюжетті суреттер арқылы оқушылардың тілін дамыту
Ауызекі байланыстырып сөйлеу, дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу, сөйлем,
сөз, буын, дыбыс туралы алғашқа ұғымдарды нақты мысалдар арқылы практикалық
жолмен түсіндіру көзделеді. Оқушыларда сөздің дыбыстық құрылымы туралы
түсінік қалыптыстыру, әріп таныту, буындап, сөзді тұтас, сөйлемді
түсінікті, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, сауатты көркем жазу негізін
қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
Білім беру ХХІ ғасырдағы Қазақстанның даму стратегиясындағы негізгі
басылымдылықтардың бірі болып табылады.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін, қазіргі нарықтық экономика
кезеңінде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық
саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды
құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие
беруде орта білімді дамытуға кеңінен жол ашылды.
Қазіргі кездегі білім беру оқушыға, оның өз бетімен дамуына және танып
білуіне деген көзқарасты күшейтуге, оқушының қоршаған ортаға және өзіне
деген назарына, оны өмірдегі өз орнын таба білуге негізделген.
Сондықтан, қоғам адамдардан, неғұрлым жаңа қабілеттіліктер мен
білімдерді, біліктер мне дағдыларды, ойлаудың жаңа стилін, интеллектуалды
белсенділік, инициативтілік, тапқырлық, алғырлық, мәселені жаңа қырынан
көре білу қабілеті, тапсырмаларды шешуде балама шешімдерді таба алу сияқты
тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселесінің өзектілігі тереңдей түседі.
Әрине, белсенді субъектіні қалыптастыру психологиялық-педагогикалық
ғылымдарда негізгі мәселенің бірі болғанымен, қазіргі күні әлі соңына дейін
шешімі табылмаған сұрақтары да жеткілікті.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу халықтың ертеден келе жатқан өзіне тән
салт-дәстүрлері, ұлттық өнері, әдет-ғұрпы негізінде жетілетіні белгілі.
Сондай-ақ, жанұяның, ұжымның, ұлы адамдардың өнеге- өсиет сөздері мен
еңбектерінің алатын орны да ерекше. Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен Әл-
Фараби, Асан Қайғы, Қабанбай, Бөгенбай,
Абылай, Қазыбек, Әйтеке би және т.б. ата- бабаларымыздың өмір жолынан
ерлік пен батылдықтың, табандылық пен ұстамдылықтың теңдесі жоқ өнегесін
көруге болады.
Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан рухани мәдениетімізді жинақтап, зерделеп, ой елегінен өткізудің,
оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің
қажеттілігі арта түседі. Сондықтан, болашақ ұрпақты даярлау барысында
ұлттық мектебімізді жаңа жүйемен, білім беруді жетілген жаңаша әдіс-
тәсілдермен жүргізуіміз керек, яғни баланың талантына, дарынына, талап-
тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала
отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталу керек.
Жалпы, қазақтың халық педагогикасының, ұлттық мәдениетін қалауда зор
үлесін қосқан қазақтың халық ағартушы-педагогтары Ы.Алтынсарин,
Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов
және т.б. Олар болашақ ұрпақтың имандылық, адалдық, ақыл-ой өрісі
қасиеттерін тәрбиелеуге талпынған және халық даналығын жоғары бағалаған.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп
бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін енгізу мүмкін
емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың
өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және
өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты
азамат тәрбиелеп шығуға болады.
Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің
жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен іскерлігін одан
әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.
Оқушылардың білімі олардың өздерінің ізденісінің нәтижесі болуы үшін,
осы ізденістерді ұйымдастыру, басқару және танымдық әрекеттерін дамыту
керек. Өзіміз білетініміздей, Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты жан-
жақты жетілген білімді адамды тәрбиелеп шығару және мұғалімнің оқушылардың
қабілеттерін түбегейлі дамытатындай, оны оқуда өзіндік жетістіктерге
итермелейтіндей қолайлы жағдай тудыруы.
Соңғы жылдары дидактика төңірегіндегі оқушылардың танымдық белсенділік
әрекетін және оқыту үрдісіне өзіндік жұмыстарды жан-жақты дың көрсетулері
бойынша өзіндік жұмыс, оқыту үрдісінің жүйесін, құрылымы мен функцияларын
білімді меңгерудің кең мүмкіншілігін дамытады. Білім берудің негізгі бөлігі
- оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Мұның өзі оқу
үрдісінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас
болады.
Мектеп оқушыларымен өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесін зерттей келе
Б.Г.Ананьев, Б.Н.Богоявленский, М.Н.Скаткин және т.б. педагогтар мен
психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі- олардың
ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.Себебі сабақ
қанша сапалы болсын немсесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол
болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсендік, әрекет болмаса жұмыстың
нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы
жылдары сапалы түрнде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел- оқушыны дамытуға
бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған
жаңа оқулықтар. Себебі бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете
мән беріле бастады. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете
көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі- ағартушы
ғалым Ахмет Байтұрсынов.
А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның
Бастауыш мектеп, Қазақша оқу жайынан, Мектеп керетері атты
мақалаларында ашылған. Соның ішінде ерекше қөңіл аударарлық мәселе – бұл
автордың Қазақша оқу жайынан атты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы
керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт- бағдар беріп отыру (
Ақ жол).
Бұдан А.Байтұрсыновтың 20-30-жылдардың өзінде–ақ кейінгі жылдары Ресей
ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған
дербестік танымдық әрекеттің рролін көре біліп, оның бала дамуындағы
маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің
даму тарихы тамырын тереңге жіберіп көне заманнан бастау алады. Сократтың
өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен
іздемпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді. Сонау
қайта құру дәуірінде оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуды ұсынып, іске
асырған. Оқытуды жандандыру құралы ретінде өзіндік жұмыс туралы Ф.Бэкон,
Ф.Рабле, Д.Локк, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Г.Песталоций,
А.Дистерверг және т.б. педагогтар, психологтар мен философтардың
еңбектерінде құнды пікірлер келтірілген.
Революционер-демократтардың педагогикалық теорияларында өз бетінше
тануды тәрбиелеуге үлкен мән берілген. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский
еңбектерінде өз бетінше танудың маңыздылығын көруге болады. Егер біздің
балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе,- деп жазды ол, -өз
бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс ( Чернышевский, 1940).
Оқушылардың өзіндік жұмысына көптеген педагог, ғалымдардың атап
айтсақ, П.И.Пидкасистый, С.Л.Рубенштейін, К.Я.Геленд,Ю.С.Пименов,
Т.И.Шамова, Л.Ф.Жеребятъева, Л.С.Выготский, Р.Кузине, М.М.Мұқанов,
А.Байтұрсынов, М:Жұмабаев т.б. ой-пікірлерін білдірген.
М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз
бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Ол:
бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп
үйренсін. Жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек, көріністердің,
ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып
үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже –заң шығартқызып үйрету сықылды
істермен болады,-деп жазды. 9
Қазақ тілі сабақтарында өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның мазмұнына,
талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны
шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағытталу, сондай-ақ бағаланып
марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.
Оқушы білімінің тиянақтылығының ең басты шарты- материалдың ойланып
меңгерілуі болмақ. Егер, жаңа сабақ мұғалімнің баяндалуы арқылы
түсіндщірілсе, оқушының барлығы естігені арқылы ойлана ала ма? Әрине,
оқушының бір бөлігі естуі бойынша –ақ ойланып, тиісті қорытындылар жасайды,
бірақ бәрі де солай етеді дей қою қиын. Сондықтан, өзіндік жұмысының ең
басты қажеттілігі- оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам
жасатуында болмақ. Оқушылардың өзіндік қадамы, өзіндік ойының қалыптасуы
оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға
қанат бітіреді, қиял береді. Ғылым, білімді меңгерущді мақсаттандырады,
өзінің барар жерін, жеңер қиындығын, шығар биігін айқын етеді. Оқушылардың
білім жүйелерін меңгерудегі сан алуан алғашқы қадамдары бірігіп, біртұтас
дүниеге айналады.
Өзіндік жұмыс- бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ол ардың өзіндік жұмысынсыз дамыту
мүмкін емес.
Орта мектепте қазақ тілі сабақтарында өзіндік жұмысты тиімді
ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы
балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялжау, елестету, шығармашылық
жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді ұйымдастыра білген
мұғалімдерге оның берерлік маңызы зор.
Қазіргі психология және педагогика дәлеледегендей, белсенді тұлғаның
дамуы кез-келген әрекетке бола қоймайды, ол тек ұжымдық сипаттағы әрекетке,
шығармашылық элементтері мол, адамның назарын аударатын және сана- сезімді
оятатын, индивид үшін жеке маңызы бар әрекетте болады.
Педагогикалық үрдісте осы жағдайды іске асыруы, психологиялық
шарттарды есепке алмай, оның жасалмайтынын оқу әрекетін ойдағыдвай табысты
ұйымдастырылуы мүмкін болмайтынын білдіреді.
Оқушылар белсенділігін қалыптастыру мәселесінің өзектігі қазіргі
кездегі мектеп жұмысының ерекшелігімен білінеді:
- қоғамдық әлеуметтік тапсырысымен белсенді, шығармашылық тұлға
қалыптастыру және дамыту қажеттілігімен оқыту міндеттерінің
күрделенуі;
- білім мазмұнының күрделенуі;
- қарқынды техникалық прогресске байланысты ғылыми ақпараттың тез
жинақталуы мен дамуы болады. Бұл оқушыларды оқу-танымдық әрекетке
белсенді түрде өзін-өзі білімдендіруге дайындау қажеттілігін тудырады.
Осы ерекшеліктердің аясында дидактика өз назарын оқыту мен оқуды
белсен,дірну мәселелерінде ұстайды. Бұл жағынан оқу мотивациясы
мекемелеріне арналған зерттеулер құнды болып табылады. Бұл, ең алдымен,
Л.И.Божовичтің, В.Р.Ильиннің және Г.И.Щукинаның еңбектері. Авторлар оқудың
белсенділігін қамтитын танымдық мүдде мен танымдық қажеттілікті жан-жақты
және терең зерделеген.
Соңғы кезде оқушылардың танымды мәселелері белсенді түрде әзірленуде.
Ол М.А.Даниловтың, Г.И.Пидкасистыйдың, Н.А.Половникованың және т.б.
еңбектері.
П.И.Пидкасистыйдың айқындауынша Өздігінен білім алу - өз бетінше
жасайтын іс-қимыл, өз іс-әрекетін ұйымдастыруы. Белгілі бір оқыту
жағдайында өздігінен білім алу, оқушыны тану процесіне жетелейтін және оны
бекітіп, тиянақтаудың ядролық ролін атқаратын генетикалық талшық.
П.И.Пидкасистый: Өзіндік іс-әрекеттің мәнін бейнелейтін негізгі
белгісі- оқушының мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істеуі емес, оның
дидактикалық дәреже ретінде көрінуі, оқушы әрекетінің мақсаты, сонымен
бірге өзінің сол әрекетті басқару қызметін білдіруінде,-деді.15
Оқуды белсендірудің теориясы мен практикасын дамытуға оқыту әдістерін
жетілдлірумен байланысты зерттеулер зор мағынаға ие болды. Ол
А.Н.Алексюктің, Ю.К.Бабанскийдің, М.Н.Скаткиннің зерттеулері. Оқуды
белсендірудің маңызды құралы оқушыларды жалпы оқу біліктілігіне үйрету
болып табылады. Педагогикадағы бұл аспектіні Л.П.Аристова, Г.И.Шамова
әзірлеуде, олар өз зерттеулерінде оқушылар оқуын белсендірудің құралдар
жүйесі мен оны қалыптастырудың жолдарын айқындайды.
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі.
Зерттеу обьектісі: Сапалы білім беру жолында сауатты ұрпақ тәрбиелейтін
орта мектептердегі бастауыш сыныптардағы сауат ашу сабақтарын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптың оқыту процесінде оқушылардың сауаттану
әрекеттерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтай отырып , негізгі
жолдары мен құралдарын көрсету.
Зерттеу мақсаты: Жаңашыл ғалымдардың шығармашылық еңбектерінің озық
үлгілерін бүгінгі оқытуда қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеті: : 1. Сауат ашу кезеңіндегі және сапалы білім
берудегі зерттеу деңгейіне сипаттама беру.
2. Мектеп жасына жеткен баланы оқу әрекетіне психологиялық-
физиологиялық даярлау.
3 . Жаңашыл ғалымдардың ой-пікірлерін жүйелеп, іске асыру жолдарын
белгілеу
Болжам: Сауат ашу сабақтарында сапалы білім беру жолында жаңашыл
технологияларды пайдаланудың сабақ әдістемесіне енгізілуі. Оқу
мекемелеріндегі оқушылардың білім сапасын көтеруге, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді. Білім берудегі әлеуметтік тапсырыс
тұрғысынан сауаттылық мәселесі және сапалық білім беру жолында, оқытуды
сапалы орындау арқылы, бастауыш сыныптырда әдістерді қолдану үлгілерін оқу-
тәрбие процесінде қолдану тиімді екені дәлелденді.
Практикалық маңызы: Оқу кезеңінде ұсынылған әдістеме әртүрлі
қабілеттегі оқушыларға пайдалануға құндылығымен ерекшеленеді.
Теориялық маңызы: Жаңашыл әдістер орынды пайдаланып қолданысқа
енізілуі.
Әдістемелік негізі: Практика жүзінде нәтижесі нақты көрсетіліп
қортындылауға ыңғайлы.
Зерттеу базасы: Орта мектеп.

I. САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері.

Бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа
дейінгі кезеңін қамтиды. Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-
әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына
дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар
үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын
анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады.
Ал жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады.
Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол
біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының
жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін,
оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу
болады.
Оқу бастауыш сынып оқушылары үшін іс-әрекеттің ерекше бір түрі, оның
нәтижесінде білім, іскерлік пен дағды игеріледі. Оқу ісі мазмұнның ерекше
өзгешеліктері болады, оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары
және салаларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін
құрайды.
Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оның құрамдас бөліктері
мыналар: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері); 2) оқу әрекеті; 3)
бақылау; 4)бағалау.
Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден,
мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-
практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Мұғалім алдымен
бастауыш сынып оқушысын сол сыныптағы барлық нақтылы-практикалық
міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдаймен бетпе-бет
қояды.
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Баланың оқу әрекеті
күрделі, жан-жақты процесс, ол баланың барлық психикалық әрекетін, рухани
күшін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол
оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың
ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты
психикалық процестермен байланыста іске асырылып отырады. Оқушының
өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын
қалыптастыру керек.
Ойлау баланың таным әрекетінің ең жоғары формасы. Ойлау арқылы оқушылар
көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік
байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.
Ойлау нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау –
белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге
бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау
әрекетін ойдағыдау дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар
жүргізу қажет. Ойлаудың түрлері: көрнекі-амалдық, көрнекі-образдық, сөздік-
логикалық.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: Ойлауды
өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау
тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен
басқыштап іс істеу керек {41;70}.
Оқыту – таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы
білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқушылардың таным процесі - өзіне тән
ерекшелігі бар күрделі психикалық процесс.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген
ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап
тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып таңдауы, алған
білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе
жасау, жазу сияқты жұмыстар істеуі керек.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым
(еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға
негізделген) және күрделі, творчестволық т.б. белсенділік түрлері болады.
Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілетімен дербестігін керек етеді.
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды, қимыл, сөйлеу, ойлау, таным,
өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың таным
белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-
тәсілдерін қалыптастырады.
Балалардың мектепке баруымен байланысты бастауыш сынып оқушыларының іс-
әрекетінің бір түрі оқу процесінің негізінде осындай оқу әрекеттері
қалыптасып дамиды.
Оқушылардың танымдық әрекетін дамытуда халықтық педагогиканы
пайдаланудың маңызы зор. Мәселен, Әдеп әліппесі атты дәріс бастауыш сынып
оқушыларының санасына ұлттық және жалпы адамзаттық, қарапайым, адамгершілік
қасиеттерді сіңіріп, олардың танымы мен сенімін қалыптастыруды көздейді.
Ақылжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан
тәлім-тәрбиелік әдептері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері өрендердің
жан-жүйесін жаймашуақтай әсер етіп, санасына біртіңдеп сіңсе, олар
иманжүзді, инабатты асыл қасиеттермен ерекшеленетін болады. Мектеп
табалдырығын аттаған бүлдіршін таза қағаз іспеттес, ол өзінің білім жолын ,
алғашқы қадамын сауат ашудан бастайды.
Сауат ашудың негізгі мақсаты –оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін
қалау, оқушыларда сөздің дыбыстық құрылымы туралы түсінік қалыптыстыру,
әріп таныту, буындап, сөзді тұтас, сөйлемдегі түсінікті , мәтінді мәнерлі
оқуға үйрету, сауатты көркем жазу негізін қалыптастыру, сөйлеуге тілін
дамыту.

Осы мақсат мына міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
-Мектеп жасына жеткен баланы оқу әрекетіне психологиялық физиологиялық
даярлау;
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
-сөз буын, сөйлем, мәтіндерді талдай білуге үйрету;
-дыбыстарды дұрыс дыбыстауға, оларды әріптермен таңбалау дағдыларын
қалыптастыру;
-сауатты, саналы мәнерлі оқу дағдыларын қалыптастыру;
- буын, сөз, сөйлем, мәтін құрап, көркем жазуға үйрету;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу;
Сауат ашу әдістемесінің жүйесі:
-оқу мен жазу жұмыстарын кіріктіре отырып, оқушының жас және жеке
ерекшеліктеріне қарай дамыту, қоғам талабына сай тәрбиелеу негіздеріне
құрылған;
-ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыратын тілдің графикалық,
дыбыстық-әріптік жүйесін тұтастай қабылдауға бағытталған. Сауаттылыққа
үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашалақтар мен
күрделі байланысты ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Сауат ашу
кезеңінде оқушылар дыбыстарды айтуға дағдыланумен қатар олардың
таңбалануымен танысады. Сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді. Буындардан
сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден әңгіме құралатынын біледі. Жаңа сөздер
үйрене отырып, сөздік қорлары байиды, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып
беруге дағдылана бастайды.
Бірінші сыныптағы сауат ашу бөлімі үш кезеңнен тұрады:
1-ші кезең: Әліппеге дейінгі кезең.
2-ші кезең : Әліппе кезеңі.
3-ші кезеңі: Әліппеден кейінгі кезең.
Сауат ашу сабағы сергіту жұмыстарынұтымды ұйымдастырылуымен
ерекшеленеді. Сергіту сәті оқушылардың назарын аударып, денесін ширатуға
арналған жұмыс түрлерінің біріне жатады. Ол бастауыш сынып оқушылары үшін
міндетті. Әсіресе мектеп табалдырығын жаңа аттаған баланың қимыл-қозғалысы
ширақ болғанмен, тез шаршайды. Зейіннің тұрақсыздығынан бір жұмыспен
айналысу уақыты 2-3 минуттан аспайды. Сондықтан олармен жүргізілетін жұмыс
түрлері өте көп және тиімді болуы тиіс. Сергіту сәтіне пайдаланатын
материалдардың сабақтың тақырыбына сәйкес болғаны тиімді. Бұл дипломдық
жұмыста сергіту сәтіне арналған жаттығулар үлгісі арнайы беріледі. Олардың
қатарын кеңейтіп, шығармашылығын толықтырып отыру мұғалімнің кәсіби
біліктілігіне тікелей байланысты. Сауат ашу сабақтарының мақсаты ортақ
болғандықтан , ол төмендегінше жіктеледі:
Тәрбиелік мақсаты: балалардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін
дамыту, қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,
дүниетануын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу, сыйластыққа, еңбекке баулу.
Білімділік мақсаты: дыбыстарды ажырату, әріптерді таныту, сауатты
оқуға, сауатты жазуға, дағдыландыру, ауызша жазбаша байланыстырып сөйлеуге
үйрету. Ана тілін дамыту, сөздік қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.
Дамытушылық мақсаты: шығармашалақ қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын
жетілдіру, қиялын шарықтатып, ойын ұшқарлау, логиклық ойлау қабілеттерін
арттыру, өз сөзімен әңгімелеу, ойтұжырымын жасауға дағдыландыру.
Оқу материалының мазмұнын ашатын қосымша құралдар мен көрнектіліктердің
маңыздылығына аса мән беріледі. Мәселен:
-оқушылардың жас және жеке ерекшелігіне сәйкестігі
-тәрбиелік құндылығы
Эстетикалық талғамға сәйкестігі
Сабақ тақырыбына тікелей байланыстылығы;
-оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастырудағы ұғымдылығы;
-қолданысқа тиімділігі.
Олар: жазу дәптерлері, бірінші, екінші, үшіншісі. Балаларға арналған
көркем әдебиеттер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар. Аудео-видео
таспалар, суреттер, кестелер, кеспеәріптір, ойыншықтар, үлестірмелі
карточкалар, картиналар, доминолар, түрлі-түсті қағаздар мен бояулар.
Бастауыш сыныптың мұғалімі оқу техникалық құралдармен жұмыс істеуді жетік
меңгеруге тиісті. Тіпті сынып бөлмесінің безендірілуінің өзіне аса бір
жоғарғы деңгейдегі әдістемелік білімді қажет етеді, себебі айналасындағы
көріп тұрған материалдарды бастауыш сынып оқушалары сабақ барысында
пайдалана, қолана білуге тиісті. Бұл машықтарға да үйрететін мұғалімі
болмақ. Әдістемеде тірек сөздері мен тірек суреттерінің қызметі айқындалып
көрсетіледі.Олардың көмегімен оқушы ойын жинақтап, белгілі нысанға
бағыттайды. Тірек сөздері тілге тиек болып, тілінің дамуына байланыстырып
сөйлеуіне ықпал етеді.Оқулықтағы оқу материалдары мынандай ұстанымдарды
басшылыққа алады: біріншіден оқушының дыбысты еркін айтып үйренуіне
бағыттау. Ол үшін дыбыстарды қосақтап беру, буындарды жекелей беру,
әріптердің орын ауыстыруына қарай сөз мағынасыөзгеруіне баса көңіл
бөлінеді. Екіншіден, оқушының тілін дамыту мақсатында мазмұнды суреттердің
тұрақты берілуі. Ол шағын мәтін құрауға жағдай туғызады. Үшіншіден,
суреттерге сүйене отырып, сызбаға сәйкес сөйлемдерді құрауға үйрету,
сөйлемдерді толықтыру. Тапсырмалар белгілі бір жүйеде тілдік материалды
оқытудың ең тиімді әдісі-талдау-жинақтауға бағытталған. Бұл әдіске үйренген
оқушының тілі дамиды, ой-өрісі кеңейеді, сөзге мән беретін болады, өзіндік
оқу-жазу стилінің қалыптасуына ықпал етеді. Оқулықтағы берілген сөздердегі
буындар доғамен көрсетілген. Мұндағы мақсат оқушыларды сөзді тұтас оқуға
дағдыландыру, сөйтіп сауатты, мәнерлі оқуға үйрету.
Сюжетті суретпен жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі мынанада. Сурет
мазмұнына қарай қойылатын сұрақтар бір сөзбен немесе бір ғана сөйлеммен
жаууап беретіндей болмауы тиісті.Оқушы ойын жинақтап, бірнеше сөйлемдер
құрау арқылы мағыналы пікірін білдіретіндей болғаны дұрыс. Жетелеу
сұрақтары оқушының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ойын
жүйелі жеткізуіне бағытталады. Өзіндік пікірінтұжырымдап, шағын әңгіме
құрауына негіз бо болады. Сондықтан сюжетті суреттерді таңдауда, оның
мазмұны бойынша қойылатын сұрақтартізбесіне аса мән беріледі. Сұрақтар
жүйесі бірінен бірі шығып, жалғаса отырып, әңгіменің желісін құруы тиісті.
Олардың жауаптары әңгімені құрудың жоспары іспеттес жекелеген көріністер
жиынтығынан тұратын болады.
Мәтін сөйлемнен құралады десек, сөйлем белгілі бір ойды білдіреді.
Сөйлемдерден ой жүйесі құралады. Жүйелі ойдан мәтін құралады. Мәтін мазмұны
әңгімені білдіреді.
Сөйлем құрауда, сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыруда оқушылардың
ойын дамыта отарап, ойлау жүйесін қалыптастыруды миақсат етеді. Оқушының
әңгіменің құрылымы, жүйесі жөніндегі білімі, мен білігі мен дағдысы оның
болашақта шығарма жаза білуіне негіз болады. Шығарманың жоспарын құра
білуді игереді.өзіндік жазу стилі қалыптасады.
Сауат ашу кезеңінде әңгіме құрастыру тәсілдер жиынтығы негізгі роль
атқарады. Сонымен сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажетті
белгілі бір қабілет, бейімділікті талап етеді. Осыған орай, алғашқы оқу
барысында мынандай ерекшеліктері ескеріледі:
1. Оқу жылының бірінші жартысы тұтастай сауат ашуға беріледі.
2.Сабақ үстіндіәрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту
минуттары өткізіліп тұрады.
3. Баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқтау
әдіс-тәсілдері арқылы арттырылады.
4.Үйге тапсырма берілмейді; алайда сабақтан тыс уақытта ата-ананың
көмегі сурет салу, графикалық ойындар өткізу, қима әріптерден сөз құрату,
тәріздісызу жұмыстарына жаттықтыру арқылы оқушылардың қолын жазуға
даярлауға арнайы көңіл бөлінеді.
5. Апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады.
Сонымен сауат ашу –аса күрделі жауапты жұмыс. Оны ойдағыдай жүзеге
асыру үшін мұғалімдер төмендегі міндеттерді атқарып шығуға тиісті.
1. Балаларды мектептегі оқу жұмысына –сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу тілінің дыбысытық ерекшеліктерін фонетикалық естілуді,
меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету;
3. оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытуға, ойлауға, байқағыштыққа
тәрбиелеу.
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді
дұрыс құрып, өз ойын айқын да дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөздерді жеке дыбыстардын құрап , ежіетеп оқымай, түсініп, дұрыс
буындап оқуға, одан әрі біртіндеп сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
6. Дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың
каллиграфиялық талаптарын орындауға, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі
олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке
сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және есту бойынша жаза білуді жетілдіру;
7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ережелерін меңгерту;
сөйлемдегі оқығандағы дауыс ырғағы, соңына дауыс үзілісінің жасалуы;
сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып, сөйлем соңында нүкте қойылуы;
сөйлемдегі бас әріппен жазылатын сөздер адамның аты-жөні, жер-су аттары.

2. САУАТ АШУ САБАҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму деңнейі білім берудің мазмұны
мен формаларын өзгертуді талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының Білімі
беру туралы Заңы мен нормативтік құқықтық актілермен осы талаптарға сай
жаңа білімділік-кәсіби бағдарламалар қажеттігін ескертеді.Болашақ кәсіби
мамандардың жоғары оқу жағдайындағы, теориялық білімге қоса тәжірибелік
дағдылары, адамгершілік қөалыптасуы тұлғаның мүмкіндіктері және кәсіби
бағдары жетілген маманды дайындау күрделілігі сөзсіз. Дегенмен, жаңа заман
маманын дайындауда атап өтілгендердің барлығы ескерілгенде ғана 21 ғасырға
сай жоғарғы білімді кәсіби маманды қалыптастырудың мүмкіндігі туды. Болашақ
педагогтың кәсіби қалыптасуы оның педагогикалық қабілеттілігіне тікелей
байланысты. Педагогикалық қабілеттілік дегеніміз – педагогикалық жүйенің
талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда бейнелеу
ерекшеліктерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер
етудің мүмкін болатын әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білу қабілеті.
Педагогикалық қабілеттілік 2 деңгейде көрінеді;
1) рекфлексивтік,
2) проективтік.
Рекфлексивтік деңгей үш түрлі сезінуді қарастырады:
1. Объектіні сезіну – оқушының психологиясына ене отырып нақты
болмыстағы объектінің оған әсерін сезіну.
2. Өлшемді мөлшерді сезіну – педагогикалық әсер етулердің
нәтижесінде балада пайда болған өзгерістер мен оның себептерін
аңғару.
3. Өзінің қатысы бар екенін сезіну - өзінің жетістіктері мен
кемшіліктерін және іс-әрекетін бағалауға қабілеттілігі.
Проективтік деңгей де осы тәрізді бірнеше қабілеттілікті қастиды:
- Гностикалық – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіну. Осы жүйенің
нәтижелі не нәтижесіз жақтарының себептерін байқау;
- Жобалық - оқушыда болатын өзгерістерді алдын ала болжап, сол
өзгерістеге әсер етуші педагогикалық құралдарды қолдана білу;
- Конструктивтік – оқушылардың эмоциялық, интеллектуалдық және
тәжірибелік ынтасын оятатын, оқу тәрбие ақпараттарын құрып, қажеттілерін
таңдай білу;
-Коммуникативтік – оқушылар мен педагогикалық жағынан тиімді
байланыстарды қалыптастыру тәсілдерін меңгеру;
-Ұйымдастырушылық – оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысуына
мүмкіндік жасай отырып, сынып ұжымын әрбір жеке оқушыға ықпал етуші құралға
айналдыру.
Бала адамның, мемлекеттің болашағы екені қандай түсінікті болса, сол
мемлектің болашағын қалыптастырушы, оларға білім мен тәрбие беретін педагог-
маманның алатын орны да соншалықты маңызды. Мұғалім мамандығында қарым-
қатынасты үйренудің маңызы зор. Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық
технологиялыр жаңа заман мұғаліміне ең алдымен оқушымен жан-жақты терең
байланыс орнатуды міндеттейді. Мұғалім оқушының арасындағы педагогикалық
байланыс кеңейген сайын жаңа ақпараттармен қарулануда жоғарлайды.
Мұғалімдік мамандықтың табаптарына сай болашақ маманның педагогикалық
қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің
мықтылығы, төзімділігі сияқты сипаттардан басқа балалармен тіл табыса білу
қабілетімен де ерекшелену тиіс. Сол себепті көпқырлы педагогикалық қарым-
қатынастық қыр-сырына студенттік кезеңіне мән берген жөн. Педагогикалық
қарым-қатынастағы гуманистік бағытты қолдап қорғаушы К. Роджерс мұғалімнің
оқушылармен арадағ,ы бірін-бірі түсіну мәселесін басты міндет етіп қояды.
Р.Бернс осы мақсаттағы технологиялық принциптерге толық қосылатынын атап
көрсетеді.
1. Мұғалім оқу процесінің басынан бастап аяғына дейін оқушыларға деген
сенімін көрсете
Мұғалім оқушылар тобының және жеке оқушының алдында тұған мақсаттр мен
міндеттерді анықтау мен нақтылауға көмектесу керек.білу керек.
2. Ол әр кезде де оқушыларда оқуға деген ішкі мотивациясы бар екендігіне
сүйенуі керек.
3. Мұғалім оқушылар қиындыққа тап болғанда әрқашанда көмек даяр тұратын,
оқушылар үшін түрлі тәжірибенің көзі болып табылатындай болуы керек.
Әр оқушы үшін осындай рөлді орындауы ол үшін өте маңызды.
4. Мұғалім топтың эмоциялық күйін сезіне білу мен оның қабылдай алу
қабілетін дамыту керек.
5. Мұғалім - өзара әрекеттің белсенді мүшесі болуы керек.
6. Мұғалім әр оқушының күйзелістері мен сезімдерін түсіне алатындай
дәрежедегі эмпатиялық жағдайға ұмтылуы керек.
7. Ең соңында ол өзін-өзі жақсы білуі керек.
Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып,
тәжірибелі мұғалімдердің жекетігімен оған дайындық жасауға мүмкіндік алады.
Педагогикалық шеберлікте төмендегі кезеңдерті атап көрсетуге болады:
1. Берілген мәліметтерді талдау;
2. Осы берілгендерді жоспарланған нәтижемен салыстыру;
3. Белгілі бір уақытқа қажетті басты тәрбиеліілік міндеттерді
белгіліп, оның негіздей және оқушыларға қажетті перспективалар
жүйесін нақтылап беру:
4. Осы міндеттерді шешуге байланысты сынып жетекшісі мен белсенді
оқушылардың көзқарасы мен ұстанымын анықтау;
5. оқушыларды қойылған міндеттерді шешуге бағытталған белсенді
әрекетке жұмылдыру:
6. Оларды іске асырудың формаларын, мазмұнын, әдістерін анықтау;
7. Алынған мәліметтерді бағалап, жоспарланған нәтижемен салыстыру.
Қазіргі заманға мектепке педагогикалық жұмыстың жаттанды әдістерінен
өзгеше шығармашылықпен іс атқаратын, педагогикалық іс-әрекеті шындықтағы
өмірмен тікелей байланыста ұйымдастыра алатын оқыту мен тәрбиенің жаңа
заманғы әдіс-тәсілдерін шебер меңгерген мұғалім қажет.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мұғалімдердің қоғамдағы орнына
қарай айқындалады.
Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ ааралығындағы сарапшы.
Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ
үшін қоғам олардан және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең бағалы және
қажетті нәрселерді алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар
санасына сіңіреді. А.В. Луначарскиийдің айтуынша, мұғалім балаларға өткен
ұрпақтан ең таңдаулылысын беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен
кеселді бермеуі тиіс. Мүғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-
материалистік дүниетанымды, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Мұғалім мамандығы біздің елімізде ең көп тараған мамандықтың бірі.
орындарында екі миллионнан Мамандықтың бұқаралығы оның маңыздылығын
көрсетеді, дегенмен әрбір мұғалімнен педагогикалық кәсіптің қоғамдық
мәртебесін көтеру жөнінде айрықша қамқорлықты қажет етеді.
Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды
қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін
арттыруға бағытталған. Л.Н. Толстой былай деп жазды: Болашаққа жарымды
адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет.
Тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты
мүшесі бола алады. Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды
қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің
жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бір өзенді екі рет
келіп өтпейтіндігі сияқты, оқушыға әр уақытта бір өлшеммен қарауға
болмайды. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандық секілді
педагогтың колвида өлшеуіш немесе басқалау құралдары жоқ. Оның ең басты
жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты
басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс
педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі жұмыс.

Мұғалімнің жеке басының үйлесімділігі.
Педагогикада мынандай аксиома бар: интеллект интеллектілігімен
ұшталады, мінез-құлық, мінез-құлықпен тәрбиеленеді, жеке адам жеке адаммен
қалыптасады. Мұғалім өзінің педагогикалық қызметін партияның бағдарламалық
нұсқауларымен, біздің жеке мұраттарымызбен салыстырып отыруы тиіс. Жан-
жақты саяси ой өрісі мен коммунистік сенімділігі мұғалімге оқыту мен
тәрбиелеу барысында бұлтақсыз жүргізу жәрдемдеседі. Егер мұғалімнің өзінде
әлемдегі және біздің еліміздеге оқиғаға деген ықылас айқын көрінсе, уақыт
танысын сезе білсе, онда мұның өзі оқушыға да сондай ықыласын тұғызады.
Мұғалім өзі оқытатын пәнсаласындағы ғылымды жетік білуі – қарапайым да,
қажетті талап. Д.И. Менделеев былай деп жазды: Ғылымды өзі жетік білетін,
оны меңгерген және оны жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттеріне тиісті қызмет
ете алады. Өзің жақсы көрмейтін пәннен гөрі, өзің жақсы көретін пән он есе
жақсы меңгеріледі, - деп есептейді тәрбиелі мұғалім.
Алайда, мұғалімдер үшін арнайы әзерлікпен және жалпы білімдарлықпен
қоса, олаудағы икемділіктің, танымдық және тәжірибелік міндеттерді
шығармашылықпен шеше білудің де маңызы зор. Мұғалім ойын қадағалау
мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырады. Мұғалімнің жеке
басындағы барлық қасиеттерінің кәсіптік мәні бар. Мәселен, Луначарский атап
көрсеткендей педагогика моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез
келген кемістік у болып, ол жеткіншек ұрпаққа жұғады.
Жақсы мұғалім – бұл ең әуелі қайғы-қуанышыңа ортақтасатын, парасатты
әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы
адам.
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты – баланы жақсы
көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа
тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың міне-
құлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп
соғады. Балаларды біреуді жақсы, ал біреуді жек көріп тәрбиелеуге болмайды.
Н.Крупскаяның пікірінше, мұғалімнің балаларды жақсы көре білмеуі, оның
жарамсыз маман екендігін көрсетеді.
Бала жақсы көргенді – жақсы көреді, құрметтегенді құрметтейді.
Екіншіден, шәкіртін жақсы көрген мұғалім, жұмысын да ұнатады.
Әрине баланы жақсы көру, мұғалімнің басқа да толып жақсы қасиеттерін
алмастырмайды. Керісінше, бұл қасиеттер жақсы көрумен ту үйлесіп, оның мән-
мағынасын толықтыра түседі. Л.Н. Толстой былай жазды: Егер мұғалім өз ісін
ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады, егер мұғалім оқушысын, оның әке-
шешесіндей сүйе білсе, ол небір білімді мұғалімнен де таңдаулы ұстаз
болғанымен, ісін де, оқушысын да жақсы көре білсе, ол нағыз ұстаз.
Бұрынғылар айтқан екен: қатал болған жақсы, одан жақсысы - әділдік.
Мұғалім жеке басындағы үйлесімділік көбіне талапкершілігімен,
көнбестігімен, эмоциялылығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен,
сақтығымен, қаталдығымен және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын
ешбір жерден таба алмайды, оның үстінде, өз мінез-құлқын тексеру арқылы
ғана тани алады.
Сонымен қатар олардың нақты педагогикалық қызметтері де оны ойдағыдай
жүзеге асыру үшін белгілігі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Мәселен,
бір ғалымдар мұғалімнің конструктивтік ұйымдастырушылық және
коммуникативтік қызметін баса көрсетсе, басқалары педагогикалық қызмет
жүйесінде ақпараттық, дамытушылық, бағдарлаушылық, ұйымдастырушылық және
зерттеушілік қабілеттерін жатқызады.
Педагогикалық қабілеттілік – бұл адамның дербес психологиялық
ерекшеліктері, оның өзі педагогикалық қызметтің ерекшеліктері, оынң өзі
педагогикалық қызметтің әдістері мен амалдарын тез, әрі терең меңгеруге
мүмкіндік береді.
Педагогикалық қабілеттіліктің негізгі түрлерін көрсетейік:
1. Педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін оқушылармен,
мұғалімдермен,ата-аналар және қоғамдық ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас
орната білу, әсіресе, оқушылардың ұжыммен өзара қатынасын сездірмей,
бірақ әсерлі ықпал етудің, олардың өзара тәрбиесіне басшылық жасаудың
айрықша маңызы бар.
2. Педагогикалық байқағыштық, яғни мектеп оқушылары мен оқушылар ұжымының
жетілу тенденцияларын сырттай байқалмайтын белгілері бойынша көре білу
қабілеті, білімдегі осалдылықты, мінез-құлықтағы өзгерісті, сондай-ақ
балалар бойындағы жағымды өзгерістерді дер кезінде байқай білу,
ұйымдастырушылық қабілеті – оқу-тәрбие процестерін дұрыс құра білу,
сөйлеу мәдениетінің жоғарылылығы, негіз және қосалқы ақпараттарды
ажырата білу.
3. Нақты педагогикалық міндеттерге сәйкес оқушыларды тантандыра білу,
қызықтыра және шабыттандыра білу.
4. Педагогикалық мақсаттағы қиял мұғалімге оқушының жеке басын жобалауға
және өз еңбегінің нақты нәтижесін көрсетуге жәрдемдеседі.
Әрбір студенттің бейімділігі - өз қабілетін үнемі жетелдіре отыру,
жоғары оқу орынында оқыған алғаш күннен бастап педагогикалық шеберлік
сырларын меңгеру.
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық
талаптар мұқият орындалуы тиіс.
Ондай талаптардың негізгілері төмендегідей:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай әрі
түсінікті болуға тиіс. Алайда бұдан оқу материалдарының бәрі де бала
үшін өте жеңіл болу керек деген қорытынды жасауға болмайды. Оқу
мазмұнының қиын болмауы дегеніміз-балаға оның шамасы жетпейтін аса қиын
материалдарды ұсынуға болмайды деген сөз. Ондай материалдар, әрине
білуді, дамуды тежейді.
Сайып келгенде, түсініктілік талабы жеңілден-ауырға, белгіліден-
белгісізге, жақыннан-алысқа, деген дидактикалық принцип арқылы
айқындалады. Сауат ашу кезеңіндег негізгі оқу материалдары: жеке сөздер,
сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Бұл материалдардың бала жасына лайықты
болуын қарастырғанда, алдымен, оқу обьектісі етіп алынатын сөздер мен сөз
тіркестерінің, сөйлемдерінің кейінірек берілетін байланысты тіркестердің
оқушыға етене жақын, таныс болуы, сондай-ақ жеке қолданылған намасе сөз
тіркесі мен сөйлем құрамында келген сөздердің дыбыстық құрамы жағынан шағын
болып келуі ескеріледі. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл
болса, оны оқу да, жазу да қиынға түспейді. Керісінше, сөз балаға таныс
емес, көп әрі күрделі дыбыстардан құрылса, ондай сөздер әлі оқу мен жазуға
төселмеген оқушыларды сауаттандыру жұмысын едәуір қиындатады, оқушылардың
оқуға деген ынтасын төмендетеді. Балаларға таныс сөздер: айнала дүниедегі
күнделікті өздері көріп жүрген заттардың аттары, олардың түсін білдіретін
ұғымдар. Бұл заттар балаға қандай таныс болса, олардың аттары да сондай
таныс. Демек, оқушыларға сауат ашу кезеңінде дерексіз абстракты ұғымды
білдіретін сөздер емес, нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
Жазу жұмыстарын жүргізу тәртібі. Оқушыны жазуға үйрету сауат ашудағы ең
жауапты кезең және негізгі бөлімі болып табылады. Қолына бірінші рет қалам
ұстаған бірінші сынып оқушысын жазуға төселдіру баланың жеке және жас
ерекшелігін, көңіл күйі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Пәндер