Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен экономикалық қарым–қатынастар орнатуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

І. Егеменді елдер арасындағы қарым қатынастардың пайда болуы.

1. 1. Экономикалық және саяси қатынастар.

1. 2. Өнер, білім саласындағы байланыстар.

ІІ. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен экономикалық қарым-қатынастар орнатуы.

2. 1. Саяси қатынастардағы жетістіктер.

2. 2. Экономика саласындағы жетістіктер.

2. 3. Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы.

2. 4. Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс елдерімен қарым-қатынасы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Кеңестер Одағының Тарауына байланысты, 1990 жылдың 25 қазанында егемендігін, 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялады. Бүгінгі таңда өзінің ұлттық жалауы, елтаңбасы мен әнұраны бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігің әлемнің 100-ден астам елі танып, мойындап отыр. Екі жүз алпыс жыл бойғы бодандық бұғауын серпіп тастап, әлемдік өркениетке жол ашқан бұл тәуелсіздіктің біздің халқымыз үшін мән-маңызы қаншалықты зор екені туралы аз айтылып, аз жазылған жоқ. Осы тәуелсіздік үшін ата-бабаларымыздың жүздеген жылдар бойы, Ресей патшалығымен күресіп келгені тарихтан да белгілі. Сондықтан ендігі мәселе сол жеңісті шеруді жалғастырып, баянды етуде жатыр. Демек, біздің алдымызда өндірісті өркендетудің, халықтың әл-ауқатын жақсартып, рухани өмірін байыта түсудің қуатты құралы болып табылатын, дүние жүзілік дамуда өзін дәлелдеген жарықтық экономикалық өтпелі кезенінде қазақ жерінде тәуелсіз гүлденген мемлекетті одан әрі дамыту тұр.

Осы орайда мемлекеттік егемендік туралы Декларация мен тәуелсіздік туралы Заң Қазақстан Республикасы үшін нақты мүмкіндіктерге кең өріс ашқанын айтуымыз керек.

1993 жылы қантардың 28-гі он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында Қазақстан Республикасының конституциясы қабылданды1. Бұл тарихи құжатқа орай меңшіктің алуан түрлі формаларын қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік және рухани прогресті жеделдету, өндіріс тиімділігін интенсивтендіру мен арттыру, мақсаттары мен түпкі мүдделерінің ортақтығы біріктірген адамдардың тұрмыс деңгейін ұдайы көтеру жолындағы жарықтық қатынастарға көшуге жағдай жасалды. Сонымен қоса мемлекеттік тіл болып, қазақ тілі қабылданды. Ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып келді.

Қазақстан демократиялық мемлекет болғандықтан, елді парламент арқылы басқару үшін, 1994 жылы бірінші рет парламентте депуттар сайлауы болды. Бірақ бұл парламентке сайлау кезінде кейбір кемшіліктер болғаны үшін көп ұзамай таратылды. Дегенмен, Қазақстан қалыпты жұмыс істейтін өкімет билігінің заң шығарушы тармағынсыз қала алмады.

Конституциямыз бен заңдарымызға сәйкес, 1995 жылдың желтоқсан айында парламентке ерікті сайлау өткізілді. Қазіргі күнде Қазақстанда екі палаталы Парламент-сенат пен Мәжіліс жұмыс істеуде. Бұл жаңа парламент - шын мәніндегі кәсіби парламент.

Сонымен қоса 1993 жылғы Конституция, қазіргі даму кезеңіне сай келмегіндіктен, өткен 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституция бойынша Президент өзі үкіметті жасақтайды. Бұл Конституция бойынша Президент билігі күшейтіледі.

1995 жылы сәуірдің 30-да Президент Н. Назарбаевтың өкілеттілігін 2000-ші жылдың аяғаны дейін созу үшін референдум өткізілді. Бұл референдумда Н. Назарбаев үшін 95, 4% дауыс берілді. Сөйтіп Н. Назарбаев өзі бастаған реформаларын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік алды. 1995 жылы өкімет билігінде осындай өзгерістер болды. Қазіргі таңда Қазақстан БҰҰ-ның және тағы басқа көптеген ықпалды халықаралық ұйымдардың мүшесі болып отыр. Мұның өзі Қазақстанның басқа елдерге кең танылуына және оның тәуелсіздігіне жол ашты.

Оның үстіне демократиялық және зиялы мемлекет ретінде ол барлық мемлекеттер мен тең әрі өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік алды. Бұл жерде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдары сан қырлы Қазақстан дипломатиясына, ұлттық қалыптастыруға аса үлкен көңіл бөліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жемісті еңбегін атап өту керек.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Бутрос Гали: «Н. Назарбаевтың сыртқы саяси қызметі қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың елеулі бөлігін құрайды»2, деді кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасының Таяу және алыс шет елдермен қарым-қатынасын зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Бұл қарым-қатынастар жөнінде соңғы жылдары жазылған әдебиеттер жоқ. Тек Кеңес Одағы кезінде жан-жақты зертеліп жазылған еңбектер баршалқ. Ал егемендік алғаннан кейінгі таяу және алыс шет елдермен қарым-қатынас жөнінде ғалымдарымыз бен баспа беттерінде жарық көріп жүр.

Дипломдық жұмыста қаралатын мәселелер бойынша ғалымдарымыз қандай жұмыстар істеді деген заңды сұраққа жауап беруіміз керек.

М. Раушанбекұлының, Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде деген мақаласында автор Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болғаның, таяу және алыс шет елдермен жүріп жатқан қарым-қатынастарға тоқтала келіп, автор «Біздің саясатымыздың басқалармен тең құқықтылық жағдайда болуы тұрақты сипатқа ие болып келеді», -дейді. 3

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикалары мемлекетаралық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы С. Пірімбетовтың «Центрально-Азиатская интеграция: итоги и опыт первого года сотрудничества» деген мақаласында автор 1990 жылдан бері үш мемлекет ауасындағы экономикалық байланыстарға тоқтала келіп, экономикада қол жеткен жетістіктер мен экономикалық бірлесудің тиімділігі жөніндегі мәселелерге көп көңіл бөлген. Орталық Азия мемлекеттерінің бірігуі, осы мемлекеттердің өзі үшін өте қажет екенін айта келіп, Орта Азияның мемлекеттердің бірлесуі әлемдік экономикаға бірлесуге жол ашады. 4 3

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің атташесі Д. Қадырбекұлының «Казахстан в системе региональной интеграции» деген мақаласында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саясатына, Ресейдің қөзқарасын ашып көрсеткен. Сонымен қоса Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық ұйымымен байланысын, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық ұйым және Ресей, Беларусь, Қазақстан арасында Кеден Одағының құрылғандығын жазып, бұл Одақтың маңыздылығын ашып көрсеткен, Каспий мәселесіне тоқталып, экспортқа мұнай шығару үшін мұнай құбыры жолдарын салу жөніндегі мәселеге жанжақты тоқталған. 5

Соңғы кездерде Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың мақалалары баспасөз беттерінде жиі көрініп жүр. 1995 жылы «Саясат» журналында басылып шыққан «Некоторые аспекты практической реализации внешне политического курса Казахстана» деген мақаласында автор Республикамыздың сыртқы саясатта жасалған келісімдер мен оның әр жақты қырларына, маңыздылығына ой жүгіртіп, талдау жасаған.

Халықаралық ұйымдар, алыс және жақын шетелдермен орнаған қарым-қатынастар жөнінде жазған. Сыртқы істер министрлігінің алдында тұрған мақсаттарына тоқталған. 6

1995 жылы 25 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Сыртқы саясат: ойлану кезеңі, іс-әрекет кезеңі» деген мақаласында Қ. Тоқаев тәуелсіздік алғаннан бері сыртқы саясатта атқарылған жұмыстарды сипаттаған. Қорыта келіп автор «Осы жылы біздің министрлік ТМД елдерімен интеграциялық үрдістердің жалғаса түсіп, біздің дәстүрлі әріптестерімізбен байланыстарымыздың дами және жаңадан қарым-қатынастар орнатуына көп күшжігер жұмайды. Сондай-ақ Қазақстанның жасасқан халықаралық шешімдерін міндетті түрде жүзеге асыруға да күш саламыз», дейді. 7

«Для Казахстана процесс СВМДА становиттся одним из важнейших направлений внешней политики» деген мақаласында Қ. Тоқаев АІСШК -нің Қазақстанның саясаты мен экономикасына тиімді екенін атап көрсеткен және АІСШК-ні құру үшін ПРезидентіміз Н. Назарбаев ұсынған құжаттарда талқылауда кеңеске қатысушы мемлекеттер тарапынан ПРезидентіміздің идеялары қолдау тапқанын атап айтқан. 8

Сонымен қоса Қ. Тоқаевтың «Казахстанская дипломатия: первые шаги, новые задачи» (мысль 1995 №3), «Сындарлы кезендегі сыртқы саясат» (Халық кеңесі 1996 №1) деген мақалалары жарыққа шықты.

Президент Н. Назарбаевтың «Укрепление независимости через устойчивое развитие» - деген мақаласында, демократиялық даму жолдары, тұрақты уақыттағы мемлекеттің дамуына, Республиканың интеграциялық мүмкіншілігіне, Елдің халықаралық ұйымдармен қатынасы және мәдени байланыстар жөнінде жазылған. «Қазақстан мен Ресей өзара тәуелділік» деген мақаласында Қ. Смайлов екі көрші мемлекеттің арасындағы экономикалық байланыстарға баса назар

7 Тоқаев Қ. // Панорама. -1996. -№6.

8 Қ. Тоқаев. Некоторые аспекты практической реализации внешнеполитического курса Казахстана. // Саясат. -1995. -№5

аударып, Қазақстанның сом айналымынан шығу себебін көрсеткен. 9

Біз дипломдық жұмысымызда мына мәселелердің маңайында зерттеу жүргізіп, пікір айтқымыз келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алыс және таяу шет елдермен саяси қарым-қатынастары;

Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдермен саяси экономикалық байланыстары.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарауда - таяу шет елдермен саяси экономикалық және мәдени байланыстар жөніндегі мәселелер қаралады.

ІІ-тарауда алыс шетелдермен саяси экономикалық қарым-қатынастар қаралады.

Біз зерттеп отырған мәселе өте күрделі де тың болғандықтан, бір еңбекте оның барлық мәселелерін қаиту мүмкін емес. Сондықта, қазіргі уақытта баспасөз беттерінен жарық көрген құжаттарды пайдаоалнып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі кейбір мәселелері қамтылды.

9 К. Смайлов. Қазақстан мен Ресей: өзара тәуелділік// Ақиқат. -1994. -№3

І Тарау. Егеменді елдер арасындағы қарым-қатынастардың пайда болуы.

1. 1. Экономикалық және саяст қатынастар

Соңғы бес-алты жыл көлемінде Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұлардың ең басты - республиканың кешегі кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси әлеуметтік құрылымға көшу. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық экономикаға бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз - қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншіктің пайда болуымен тығыз байланысты.

Бұрын біз қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасағанда оны жұмысшы табынан, шаруалардан және зиялы қауым өкілдерінен тұрады. деп түсінгенбіз. Әрине, кеңестік қоғамда бұлардан басқа да (страттар) топтар аз болған жоқ. Мысалы, зейнеткерлер, жұмыссыздар, әскерилер, оқушы жастар, мемлекеттік, партиялар бюрократия деп аталатын жоғары орта дәрежелі шенеуніктер сияқты бірқатар топтарды атауға болар еді.

Кеңестік қоғамды біз еңбекшілер қоғамы деп, оған жұмысшы табы жетекшілік етеді деп түсініп келдік. Соған орай коммунистік партияны, ең алдымен, осы жұмысшы табының партиясы деп ұғындық. Сөз жоқ, бұл кезенде де Кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымында өзгерістер болып жатты.

Олардың ең бастысы - сол кездегі түсінік бойынша, таптардың өзара жақындасуы, яғни интеграциялық процестер еді. Айталық, коммунистік партияның соңғы съездерінде келтірілген тұжырымдарға қарағанда, кемелденген социализмде таптар арасындағы айырмашылықтар жойылып, Кеңестер елі тапсыз қоғамға айналады делінген. Сондай-ақ бұл процестің барысында жұмысшы тобының шешу роль атқаратындығы, коммунистік қоғамда ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы айырмашылықтар жойылып, келешекте ол біртектес қоғамға айналатындығы атап көрсетілген коммунистік ілім бойынша қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы басты түсініктер, міне, осы тектес болатын.

Өмір коммунистік идеологияны, қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы большевиктік көзқарасты теріске шығарды. Яғни, бұл теорияның өзі абстракциялық теория, өмірмен байланысы шамалы, қиялдау теориясы екенін дәлелдеді. Тіпті, кеңестік қоғамның өзінде-ақғ әсіресе, соңғы 20-30 жыл ішінде таптар арасындағы интеграциялық (жақындасу) процесі күшейе түсті. Бірақ бұл жағдайды большевиктердің ескергісі келмеді.

Өмір ілгері жылжиды, заман өзгереді, соған орай қоғам да өзгереді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда бар әлемге Қазақстанның егемендігін паш етті. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақтың Кеңес Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгертіліп, оның тәуелсіз, демократиялық, құқықты мемлекет екендігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін 114 мемлекет мойындап, оның 84-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 10

«Президент Н. ә. Назарбаевтың ойға лағандары және сыртқы саясат саласында еліміздің жеткен табыстары Қазақстанның одан әрі қауіпсіз түрде дамуына кепілдік беретін игі бастамалар бар деп айтуға негіз береді» - дейді Республикамыздың сыртқы істер Министрі Қ. Тоқаев. 11

10 Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде. // Ақиқат. №7. -1995

11 Сыртқы саясат:ойлану, іс-әрекет кезеңі// Егеменді Қазақстан. -1995 жыл, 25қазан

Сырттай қарағанда, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі оны қамтамасыз етуге тиіс сияқты құралдардан арылумен тікелей байланысты болғаны таңқаларлық, әйтсе де саяси жағынан өзін-өзі ақтайтын жағдай болып көрінеді. Бұл жерде әңгіме ядролық қару туралы болып отыр. Саяси және әлеуметтік экономиканы тұрақты атмосферада ғана өткізуге болатынын жақсы түсіне отырып Қазақстан Республикасы қауыпсыздандыру және халықаралық қаіпсіздендіру жүйесін құруға белсенді қатысып отыр. Семей полигонын жабу және ядролық қару-жарақтан бас тарту, СШҚ-1 шартына қосылуы, ядролық қару-жарақты таратпау шартын қолдауы, Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін ұлы державалардың тарапынан кепілдік әперді.

Семей полигоны жабу жұмысында Қазақстандағы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын Олжас Сулейменовтың еңбегін айта кеткен жөн. Дүниежүзілік қауымдастықтың көпшлігі адамзаттың жлйылып кетуіне ядролық қарудың қауіп төндіретінің түсініп үлгерді. Сондай-ақ ядролық қарусыздандыру саласындағы едәуір ілгерушілік байқалды. Бұл СШҚ-1 шартының күшіне енді, ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ұзартылуы еді. Саясаткерлердің осындай бірлескен және келісілген іс-әрекеттері ғана қауіпсіз дүниені құруға әкеле алады. Әскери ресурстарды өсіре түсу арқылы емес, қауіпсіздік жүйесін құру жолымен ғана көптеген адамдардың - этникалық және діни жанжалдардың мүмкін болатын құрбандарының өмірін сақтап қалуға болады. Осы бағытта тиімді жұмыс істеу үшін халықаралық ұйымдардың ролін арттыру қажет. Осы арада бәрінен бұрын БҰҰ айту керек.

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2наурызында БҰҰ-ның 46 сессиясында бір ауыздан осы ұйымның мүшесі болып сайланды. 4 Қазақстан дүниежүзілік ұйымның ішінара өзгертілуін қалайды, алайда бұл өзгерту ғаламдық жағдай үшін ауыр зардаптар мен бірге БҰҰ-ның тіршілік етуіне ешқандай қатер тудырмау керек. КСРО-ның құлауы және БҰҰ-на халықаралық құқықтың субъектілерінің кіруі, БҰҰ-на жаңаша көзқарастардың қажет екендігін дәлелдейтін фактілер. Өйткені былай алып қарағанда да құрылтайшы мемлекеттер мен қауіпсіздік Кеңесінің құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. Осы халықаралық ұйымдардың практикалық пайдалылығына сенгендіктен Қазақстан олардың қызметіне араласып отыр. Мұнымен бірге негізгі 2 міндет: халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға шама шарқынша үлес қосу және өзі үшін барынша саяси және экономикалық үлес пайда алу шешімін табады.

Осы жайында айта отырып Орталық Азия үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның БҰҰ-ның «көгілдір қасқаларына» ұқсас әскери бөлімшелерден құру туралы жасаған ұсынысын айта кеткен жөн. 13 Бұл ұсынысқа БҰҰ-ның Бас хатшысы түсініспен қолдау білдірді.

Ал ЕҚЫҚ-ға келетін болсақ, Қазақстан оның ТМД аумағындағы бітімшілік акцияларына іс жүзінде қатыса отырып, даулы мәселелер мен жанжалдарды реттеудің әмбебап принциптерін қолдауына жәрдемдесу қажет. Осының көрінісі - кезінде ол ЕҚЫК аясында Әзірбайжан мен Армения арасында делдалдық қызмет туралы ұсыныс

жасады. Сондай-ақ Таулы Карабах бойынша Қазақстанда ЕҚЫК-нің МИнскі тобына қосу туралы мәселеге әзірлік жұмысына белсене қатысты.

Кезінде Таулы карабахтығы Қан төгісті тоқтату жөнінде президентіміз Н. Назарбаев Әзірбайжан мен Армения президенттері А. Муталибовпен және П. Тер-Петросян мен және ТМД қарулы

13 М. Раушанбекұлы «Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде». // Ақиқат. -1995. -№7

күштерінің бас қолбасшысы В. Самсоновпен келіссөздер жүргізді 14 .

Тәжікістанға да осындай мақсатпен үш рет барып «ОТТ» нүтелерде болып, жалаушысы жақтарды жарастыруға көмектесті. 1995 жылы маусымда Алматыда Н. Назарбаевтың қатысуымен Тәжікістан өкіметі делегациясы (М. Убайдуллаев) мен оппозиция (А. Туроджонзаде) делегацияларының арасынла келіссөздер өтті. Олар маусым айының аяғына дейін тайм-аут алды, - деп жариялады. Н. Назарбаев А. Туроджонзаде келіссөз нәтижесіне разы болып жуық арада Тәжікістан конституциясында өзгеріс болатының хабарлады. 15 Бұл келіссөз Тәжікістандағы бейбітшілік пен ұлттық келісімге қол жеткізуде маңызды үлес болып табылады. Бұл процесс әзірге күрделі түрде жүріп жатыр, әйтсе де біз бейбіт келіссөздер мен сындарлы пікір алмасулар алға қойылған мақсатқа қол жеткізудің жалғыз ғана нақты жолы екендігіне кәміл сенеміз.

Сонымен қоса Қазақстанның аймақаралық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі белсенділігінің логикалық жалғасы оның Азиядағы өзара бірлескен іс-қимыл мен Сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АІСШҚ) шақыру туралы бастамасы болып табылады.

Осы идеяны ұсына отырып, Қазақстан аймақ мемлекеттерінің экономикалық және мәдени прогресс жолымен біркелкі дамуының,

демократия мен заңды құрметеу принциптеріне негізделген өз мемлекеттілігін нығайтуының аса маңызды шарттары ретінде берік және ұзақ мерзімдік бейбітшілікті, тұрақтылықты қамтамасыз етге тең түрде мүдделі екендігін көрсетеді. Осы жылы Алматыда өткен АІСШК-нің мәжілісіне байланысты Қазақстана Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев

қорытындылай келе былай деді - «Біз мәжілісімізді Президентіміздің

14 Казахстанская правда. -1992. -5 март.

15 Казахстанская правда. -1995. -3 шілде

АІСШК дегі идеясын асыратын маңызды кезең деп қарадық. Әжептеуір алға жылжу болды. Біз сыртқы саяси ведомстволардың бастықтарының орынбасарларын жинап, кезінде арнайы жұмыс тобымен істеп шығарылған құжаттарды талқыыладық. Бұлардың ішіндегі негізгісі ол АІСШК процесіне қатысатын Азия елдерінің қарым-қатынасы жөніндегі Декларация. Осы кеңеске келген 15 ел өкілдері негізінен Н. Назарбаевтың идеясын қолдады» 16 , - деді.

АӘСШК идеяларының жүзеге асырылу барысы қазіргі кезенде жалпы азиялық қауіпсіздік жүйесін құру процесін одан әрі дамыту үшін қолайлы халықаралық жағдайлвр туып отырғандығын көрсетеді. Әйтсе, де практика көрсеткендегі, дипломатияның аймақтық механизмдерін қалыптастыруға ұзақ уақыт керек.

Ресейге қатысты айтқанда, ҚСРО-ның ыдырауымен бұзылған шаруашылық байланыстарды қалпына келтіру жөніндегі прагматикалық қадамдарды Қазақстан тоталитарлық заманнан толық қол үзген соң ғана жарқын егемен және тәуелсіз болашақты құруға басады деген қиялға берілуден артық көрді.

Қазақстанның Ресеймен одақтастық қатынастарға ұмтылуда табандылық көрсеткені кейде Қазақстан егемендігінің жоғалғаны туралы жариялаған «Келісімге кемейтіндер» тарапынан қатты сынға

ұшырап отырды. Сондай-ақ Ресейдің масылына айналатындай көрген кейбір Ресейлік саясаткерлер тарапынан да күдікті көзқарас туғызды. Шындығында Қазақстан жалпы проблемалардыбірлесіп шешуді көздеген қарапайым түсінікті басшылыққа алды.

КСРО тарағаннан кейін 1992 жылы 25 мамырда Үлкен кремль Сарайының Владимир залында Ресей Федерациясы мен Қазақстан

16 Для Казахстана процесс СВНДА становится одним из важнейших направлений в внешней политике // Панорама. -1996. -№6-февраль.

арасында достық қарым-қатынас және өзара көмек жөніндегі шартқа қол қойылды. Шартқа қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Ресей Президенті Б. Ельцин: «Біз қол қойған шарт, біздің мемлекет аралық байланысқа тосын нәрсе емес. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы сенімділікті арттыруға, бізде тұрақты тенденция бар. Ресей - Қазақстан диалогы бұрынғы Одақ Республикаларының ішіндегі негізгісі болып табылады. Оған жай ғана түсінік бар: Ресей мен Қазақстан өз халықтарының ықыласын сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асырып отыр», - деді 17 .

Мәскеуде 1995 жылы 20 қантарда экономика, әскери-саяси салаларда қол қойылған келісімдер біздің елдеріміз арасындағы кедергілерді ғана жойған жоқ, азаматтықты таңдауға байланысты, күрделі мәселелерді шешуге ғана бағытталған жоқ, сонымен бірге көптеген саясаткерлер мойындағандай, ортақ кеңістікті құру жолындағы белгілі бір шамад Евразиялық Одаққа жол ашты, - дейді Қазақстан Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев. 18

Президент Н. Ә. Назарбаев ұсынған Евразиялық одақ идеясы өзінің саяси - интеллектуалдық толықтығымен ТМД-дағы қазіргі әр-түрлі тұжырымдамаларды басып озады. Осы идея негізінде - оның субъектілерінің егемендігіне қайшы келмейтін, қайта бірігуді қажет ететін мемлекеттердің күш-қуатын нығайтатын интеграция жатыр. «Еуразия Одағына енудің негізгі шарты, оған қатысушы мүше елдердің бір-бірімен қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуы; экономикалық тосқауыл қоюға және басқа да жазалау әрекеттеріне жол болмауға тиіс. Қорғаныс Одағының шеңберінде этносаралық және мемлекеттің ішіндегі мүмкін болатын шиеленістер мен қақтығыстар жол

17 Договор между Казахстаном и Россией подписан. // Казахстанская правда. -1992. -27 мамыр №121.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық және саяси қатынастар
Саясат - бүкіләлемдік құбылыс
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының Жапония-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Қазақстан Республикасының халықаралық сауда саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz