Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала психикасына әсері


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих - педагогикалық институты
«ПСИХОЛОГИЯ » кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: « » 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі : Р. Р. Бирюшев
ӨРТЕМБАЕВА ГҮЛСІМ Асанқызы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала
психикасына әсері
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы Болатбекова. Н. Ж.
Көкшетау 2007
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І. Жанұядағы өзара қарым-қатынас сипаттамасы
1. 1. Жанұядағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі және оның бала психикасына әсері . . . 7
1. 2. Ата-аналардың түрткілерінен туындаған тәрбиедегі қателіктер . . . 18
1. 3. Жанұялық конфликт, оның мәні және құрылысы мен пайда болу себептері . . . 32
ІІ. Ата-ана мен бала арасындағы конфликтік жағдайлардың психологиялық факторы.
2. 1. Ата - ана мен бала арасындағы өзара қарым- қатынастың типтік ерекшеліктері . . . 39
2. 2. Жанұямен баланың конфликтілі жағдайлары және оның алдын-алудың негізгі бағыттары . . . 45
2. 3. Конфликтік жағдайдағы баланың мінез- құлық стилін анықтауға мүмкіндік беретін методтар . . . 48
Қортынды . . . 56
Қолданылған әдебиеттер . . . 60
Қосымшалар . . 65
Кіріспе
Ұлттық тәрбие мұрасында күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған маңызды мәселелердің бірі ата-дәстүріміз бойынша ежелден сақталып келе жатқан жанұя тәрбиесі. Сондықтан «тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, бүгінгі жанұядағы басты рөл-баланың өмірдегі адамгершілік қағидаларын қалыптастыру. Жанұя ерекшеліктерді тудырады немесе оны бұзады. Тұлғаның психикасының қалыптасуының нығаюы немесе құлдырауы сол отбасының құзырында. Жанұядағы жағдай қандай да болмасын, алғашқы себептермен үлкендерге қарап, балалардың өсуіне себебін тигізеді. Жанұядағы конфликт оның айналасындағылардың моральдық климатына және денсаулығына әсер етеді. Баланың алғашқы тәрбиешісі-ата-анасы болса, жалпы өмірдің түп тереңі-балалық шақ деуге болады. Мысалы, «Бала тәрбиесі-бесіктен», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей мақалдың да отбасындағы ата-анасын тәлім-тәрбиесіне ықпалы зор. Бала үлкендердің іс-әрекетін, әдет, қылықтарын тез қабылдап, соларға ұқсап өскісі келеді. Мәселесі қиын жанұяда өскен баланы қайта тәрбиелеу өте қиынға соғады. Баланың азаматтық құқығын қалыптастыруда жанұяның ықпалы өте зор. Сол себепті отбасындағы ата-әже. Әке-шешесі, басқа да үлкендері тек қана сылдыр сөз бен ғана шектеліп қоймай, көрсетер тәрбиенің мәні бар үлгі-өнегесін ісімен, тәжірибесі мен дәлелдеуі керек. Ата-аналар балалары мен өздерінің арасындағы басталған түсініспеушіліктердің қисынын кеш ұғады да, кикілжің туындағаннан кейін ғана дабыл қаға бастайды. Ал конфликт бала мен ата-ана арасында сирек, не кездейсоқ басталады. Шешесінің баласына көп көңіл бөлгендіктен, әкесінің жанұядағы рөлі төмендейді, ол уақтылы көңіл бөлмейді және баласының жеке басының мәселесіне назар аудармайды. Осының барлығы баланың көңіл күйіне кедергі келтіреді. Сондықтан біз жанұядағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы жөнінде мәселе қозғамақпыз. Бұл тақырыпты қазіргі заманның көкейтесті мәселесі деп ойлаймыз. Бұл тақырыптың мәні-ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың өркендеуіне және баланың мінез құлқына, амандығына мәнінің ықпалы өте зор. «Ақылды қария-ағып жатқан дария» - дегендей ең бастысы, алдымен ата-ана баладан нені талап ететіндерін өздері мән бере ойлана отырып, оны алдына мақсат етіп қойғандары жөн. Халық ұғымында ақылдылық баға жетпес қазына «Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын» деген ата-ана баласына күнделікті тіршілігінде, істі ақылға салып отырмаса, мақсатқа жету қиын екендігін ұмытпайтындай етіп тәрбиелейді.
Педагогикалық тұрғыда отбасы тәрбиесінде мақал-мәтелдерді қолдану ескертусіз қалды десе де болады, мұның өзі бала тәрбиесінің танымдық іс - әрекетінде «құндылық» сезімдерінің жойылып, халық даналығында «Өзім дегеннің өзегі өртенеді» дегендей, тұлғаның өзін - өзі тануда, «Мен өзім білемін» деген сөз тігісіне ұласып кетіп, ата-ананың тәрбиесінің нәрлігі көрінбей қалады. Жанұядағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін А. И. Захаров, А. С. Спиваковская. А. Я. Варга. Э. Г. Эйдемиллер. Ю. Гиппенрейтер. М. Буяков. З. Матейчек. Г. Хаментаускас. А. Фромм. Р. Скайдер т. Б. зерттеген. Бала мен ата ана арасындағы қарым - қатынасты А. С. Макаренко зерттеп «Книга для родителей» деген кітабын шығарған. «Жанұя - бірінші ұжым оның ішкі қарым - қатынасы барлық тұлғаға қатысты соның ішінде балаға да тән» - деп жазған. Аз да болса қызығарлық жұмысты Э. Арутюнянцта былай деген «Бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынас, сол жанұяның құрылымының талдауына байланысты». Оны ол 3 - нұсқаға бөлген: дәстүрлі, балалар арасындағы, жұбайлық. Ал А. Е. Личко болса, ол жанұяның ішкі қарым - қатынасындағы ерекшеліктердің мәнің -«Баланың шамадан тыс белсендігі, қараусыздығы» «Жанұяның кумирін» туғызатын жағдай және еркелігі мен ерекшелігінен тұратын жағдай деп жазған. Сайып келгенде жұмыстың барысы ата - анамен баланың арасында туындайтын конфликтінің психологиялық аспектісі оның ішінара түзетуін де.
Тақырыбы: Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала психикасына әсері
Мақсаты: баланың психикалық ерекшелігіне назар аудару және оның конфликтік жағдайдағы жанұямен қарым - қатынас ерекшелігін анықтау.
Міндеттері:
1. Жанұядағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі және оның бала психикасына әсерін анықтау.
2. Ата-ана мен бала арасындағы конфликтің психологиялық факторларын қарастыру:
- Бала мен ата-аналар арасындағы өзара қарым- қатынастың типтік ерекшеліктері.
- Жанұямен баланың конфликтері және оның алдын-алудың негізгі бағыттары.
3. Ата-аналар мен баланың өзара қарым-қатынастарын зерттеуге арналған методтарды қолдану ерекшелігін түсіну.
Зерттеу объектісі: Баланың жанұямен қарым - қатынасы.
Зерттеу пәні: Баланы тәрбиелеу ісіндегі конфликті жағдайдағы жанұя мен қарым қатынасы.
Ғылыми болжам: Егер тәрбиенің алғашқы кезеңінде оның психикалық ерекшелігіне баса назар аударса онда жанұямен конфликтілік себептердің алдын алуға болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, оқушылардың даму ерекшеліктерін үнемі бақылап, диагностикалық зерттеу жүргізу.
І. Жанұядағы өзара қарым-қатынас сипаттамасы
1. 1. Жанұядағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі және оның бала психикасына әсері.
Жанұядағы тәрбиені зерттеу мәселелері дейді П. Ф. Лесгафт. Ондағы адамның өткен өмірі мен қазіргі өмірінің тәжірибесін салыстыра отырып, ондағы өзінің әсерінің басқаға ықпалын көру. Ондағы байқалған өзгеріс әсерлерін көріп білу және де оны адам санасына жеткізе білу ол адамның ақылдылығымен даналығы.
Қандай да болмасын бейненің табиғи түрде өсіп жетілуі, еркін адами тұлғаның дені сау болып, оның балалық шағы, жеткіншек кезеңі жақсы ортада өтуіне байланысты. Ол қандай жағдайда?
Біріншіден . Сүйіспеншілік атмосферасы. Адам сүйіспеншілікпен дүниеге келуі керек және балалық шағын сол сүйіспеншілік атмосферада өткізуі, адамдардың бірін - бірі сыйлауында.
Екіншіден . Адамгершілігі бар тәрбиеші, баланы ойлауға, әділ болуға, іспен сөзді ұштастыра білуге үйретеді.
Үшіншісі . Баланың істеген жұмысы қашанда қуантады. Ол үлкендердің істегенін қайталап отырып оны өзінше ойын сияқты көргенмен, өзі сол жұмысты көмекші ретінде атқарғанын ұға бермейді. Өсе келе сол жұмысты еркін орындайтын қалге жетеді.
Төртіншіден . Бала өзінің мақсаттық іс әрекеттеріне қанағаттанбаушылықтан оның не нәрсеге болса да қабілеттігі төмендейді.
Бесінші . Баланың барлық дамып өсуінің үйлесімі оның не нәрсені болсын көріп білуінде.
Алтыншы . Тәрбиеші, баланы қашанда болсын өзінің шамасына қарай айналысқан іс - әрекеттерін бақылап отыруы керек. Өйткені шамадан тыс ауырлықтан ол қызығушылықты жойып, жалқаулыққа ауысады. Оның жасына байланысты жұмысын ауырлату керек.
Жетінші. Білімі мен тәрбиесі баланың еліктеуі байланысты. Түйсігі мен еліктеу методына байланысты. Түйсігі мен еліктеуі баланы айналасындағы адамдарға әрекет жасауға ұмтылдырады. Сол үшін үлкендер балаға жақсылық тілеп, оны жақсы көрсе оның әр қимыл әрекетің қадағалап отыру керек. Қазіргі педагогикалық психологияда белгілі С. В. Королева жанұядағы өз ара қарым - қатынастың күрделігі мен оның балаға ықпалы зор деген. Оның ішінде ұстаздың рөлі өте зор, әсіресе нашар жанұяда деген. Бала мен қарым - қатынаста ұстаз өзін биязы ұстауы керек, жанұядағы қыз бен ұлдың мінездерін ішінара түзетуге әсер етуі керек. Мұндай ішінара түзетулерді оқусыз түзетуге болмайды. Ол үшін өзінің стилі керек.
Қазіргі психологияда жанұяның өзара қарым - қатынасының стилі үшке бөлінеді. 1. Ырымшылдық 2. Өктемшілдік 3. Ашық айтушылық
Біріншісі, қашанда жанұяда өзара қарым - қатынастың болмауынан. Жанұядағы адамдардың бір - бірінен алшақтауынан, жатсынуынан, әсіресе балаға үлкендердің көңіл бөлмеуінен туындайды. Басқада екеуінде, өктемділік пен ашық айтпауда, екеуінде бір қосынды - қатаң өктемшілдік, рәсімсіз қарым - қатынас, олардың қаталдық, агрессиялық, диктаттық, суықтық өзара қарым - қатынасы. Басқасында коллегиялық демократия, бірігіп жұмыс істеу, өз ара көмек, ұзағынан түбегейлі жанұялық үстемдік. Жанұялық қарым - қатынаста тағы бір мінездеме бар - ол бағыттық мағанадағы қарым - қатынас.
Бағыттылық ол үш түрде болады.
Біріншісі: Артықшылдық іс - әрекет.
Екіншісі: Басқа адамдармен өз ара қарым - қатынас.
Үшіншісі: Өзіне және өзін қанағаттандыруға.
Бала мен ата - ана қарым - қатынасында жақсы бір формула бар, ол.
«Қатты қысып, құшақта, жібер, қал».
Үлкендердің балаға деген көзқарасының өзгеруінен. Ата - ананың балаға кім екенін ойлаймыз ба ?
Біріншіден: Олар балаға жылулық пен қамқорлықтың эмоциональды көзі.
Екіншіден: Жоғары дәрежелі әмірші және қай жағынан болмасын оларға тілектес.
Үшіншіден: Олар балаларға үлгі және соларға қарап еліктеп өседі.
Төртіншіден: Ақылшысы.
Міне, осылайша қандай да болсын, қай уақытта болса да, олардың арасындағы қарым - қатынас, олардың жастарына қарамай, ата - анамен балаға тән осы төрт функция сол қалпында қалады.
Сәби кезі мен балалық шақта осы функцияның біріншісі жүрсе, жеткіншек пен жасөспірім кезеңде екіншісі жүреді. Ал мектептегі кезеңде - үшінші жүрсе, төртіншісі - бала қай жаста болса да, ата - ананың ақыл кеңесі керек және ол басым болады.
Міне осы кезеңнен бастап, ата - анамен балаларының өз ара қарым - қатынасының қайта құру міндеттілігі артып, олардың біріге жұмыс істеп, оларға ақылшы болғаны дұрыс.
Енді балалардың ата - анасынан эмоциональды байланысы біртіндеп үзіледі не керсінше нығаяды. Немесе балалары мен ата - анасының арасындағы түсініспеушілік күннен - күнге күрделенеді. Кейде ата - аналар өз балаларының тәртібін реттей алмай қалады. Егер де ата - аналар мөлшері мен бағасын бағдарлап отырса, онда ол балаға жат болып көрінеді.
Осы жатсынудың түбінде не жатар?
БІРІНШІДЕН, Өскен балалармен арадағы қарым - қатынастың өзгеруі.
ЕКІНШІДЕН, Оның қажеттілігі, ата - ананың жеткіншекпен өз ара қарым - қатынасының дұрыс еместігін және оларды түсінбеуінің себебі.
ҮШІНШІДЕН: оларға өз дегендерін істетіп, өктемдік жүргізудің салдарынан.
ТӨРТІНШІДЕН:Бала мен өз ара қарым - қатынастағы тепе теңдікті сақтамауы.
Осының барлығы баланың мінез құлқының моральдық өзгеруіне әкеліп соғады. Жанұядағы бұданда маңызды мәселе, арадағы жеткіншектік кезең. «Ата - анамен бала» жүйесі.
Ұстаз - психологтың көңіл бөлетіні - біріншіден, ата - ананың балаға деген көз қарасының ерекшелігі. Жеткіншекпен ата - ананың ұстанымы бір арнаға тоғысуы мүмкін, - деген В. А. Караковский.
Біріншіден, ата - ана өзін, балаларының үстінен қарау оларға « алланың әмірімен » келген деп, жеткіншекке өз ойын, пікірін, барлығымызға белгілі « Мен сияқты істе » деумен ұқтырады. Бұл ұстанымның ақыры, жеткіншектердің өмірлік стиліне қарсы, олардың қазіргі сән үлгісімен киініп, шаштарын түзетуі, заман талабына сай музыка мен билеулерін, барлығына қатаң талап қою енмесе соның барлығын тоқтатуға ұмтылудан басталады.
Екіншісі, ата - ана өз балаларының тез өсіп, ақыл - ойының жедел жетіліп, олар «Жастардан қалыспау» керек деп, алға ұмтылуларын қолдаса, онда олардан өздеріне деген жылылық пен алғысқа бөленеді.
Міне, осы екі ұстанымда да екі ұрпақтың өз ара қарым - қатынасының бұзылуы, ұрпақ арасындағы үлкендердің бала алдында абыройының жойылуы, қарым - қатынастағы тәрбиенің бұзылуына әкеліп соғады. Осы арада ұстаз неге көңіл аудару керек? Мұндайда ата - ананың балаға деген көз қарасын өзгерту керек екенін түсіндіру және де олардың өз ара қарым - қатынасында үлкендердің балаға деген үстемдігін төмендетіп, абыройын жойып алмай, беделін көтеру. Сенімді болу - беделдің көтерілуіне негіз. Біз әрине жайдан - жай үлкендердің үстемділігіне көңіл бөлген жоқпыз.
Мамандардың ойынша, үстемділік пен беделдік бірімен бірі тығыз ұштастырылған. Психологтар оларды үш негізден тұрады деген. (демократиялық, өктемшілдік, немқұрайлылық) .
Біріншісі - демократиялық ( ашық айту ) мұнда үлкендер балалармен өздерін жолдас реттінде сөйлесіп, олардың тәртібін бақылап, мақтап, ақыл айтып, олардың істеріне мәз болады.
Екіншіде, авторитарлық ( өктемшілдік ) жағдайда қарым - қатынас қысқа бұйрықты түрде, өз дегендерін істеумен аяқталады. Баланың сезімі мен эмоциясы есепке алынбайды. Оларға өздерінің көңіл күйіне қарай ұрысады да мақтайды да.
Үшіншіде - немқұрайлық . Өз ара қарым - қатынаста балаға көңіл бөлінбей «не істесеңде - өзің біл» деген сынай білдіреді.
Егер де осыны шкала арқылы өлшеп көретін болсаң, онда оның бір жағдайдағы « + » (плюс) белгісінде ата - ананың балаға деген өте жақын, жылы, тілектестік көз қарасы жатса, екінші жағында « - » (минус) алыс, суық, жат көзқарасы көрсетілер еді. Көптеген зерттеулерде ата - ананың сүйіспеншілігі балаға өте қажет және де оның өзге адаммен қарым - қатынасының жақсаруына, өзін - өзі сыйлап, өзі туралы басқаның жақсы көзқараста екенін сезінуінде.
Ал егер де ол қарым - қатынас керісінше болса, онда балаңың психикасы қозғалып, жүйкесі жұқарып, өзгеге деген көзқарасы төмендеп, өзін кекшіл және жиіркенушілікпен ұстайды. Қарым - қатынастың стилі тәрбиесіне байланысты. Балаға зейін қойып, оларды мақтау бірінші орында болса, қаталдық пен жазалау - екінші орында болады. Мұндайда ақыл алдында, ашу соңында дейді халқымыз. Мұнда бірінші типті қолдану баланың психикасының гормональді өсуіне, ал екіншісі баланың психикасының гормональды төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай эмоциональді тон жанұядағы тәрбиенің бақылауы мен дербестігінде, ал баланың тәуелдігі, енжарлығы, соқыр тілалғыштығы, осының барлығы не ұқсастықтан, не қарама - қарсылықтан болады. Өзара қарым - қатынастың стилі үлкендердің балалармен оларды қолдау контактісінде ғана емес, олардың өзара қарым - қатынастық тәрбиенің, өзіндік тәрбиелеу әдісінде. Осының барлығы баланың әдісінде. Осының барлығы баланың үлкендерге қарап еліктеуіне, шындап айтқанда соларға ұстап өсуіне әкеліп соғады.
Өз ара қарым - қатынастың стилінің мәнін сызықтың бойында есептеуге де болады. Оның бір плюсінде сөзсіз өктемділік билесі, екінші плюссінде демократия, ал ортасында өзара қарым - қатынастың бірдей мәні көрсетілер еді. Егер де біз осы сияқты ойша жүріп өтсек, өзара қарым - қатынасты жүрудің, үлкендер атқаратын және де баланың бағыну мотивті ( түрткілері ) осы мәселелердің қатысу арқылы мынандай жағдайда көруге болар еді. Шектен тыс өктемділік, қарым - қатынаста зорлықпен (ұрып - соғумен) көндіруге болатыны. Ақырындатып айтқанда, қорқытып істетуге әкеліп соқтырады. Өзінің үлкендігін пайдаланып, өзін сыйлауға иландыру. Қатты айтып ананы істе, мынаны істе деп, оны құлға айналдыру. Бала мұндай әсерден енжар, өзіндік еркі жоқ, тілалғыш құлға айналады.
Ал қарама - қарсылық көрсеткенде шатақ шығып қарама - қатынастың үзілуіне әкеліп соғады. Әрі қарай алғанда жеке қамқорлық, ол дегеніміз аз да болса өзімшілдік, терең өтініп сұрау (бұл мен үшін өте маңызды, мен үшін істеші), деп өтініп сұрау, жауапкершіліктен қашқақтау. Өзіндік идеолизм қажеттілік әрекет - ол оған істеткізуге, оған сенім артуға, түсінуге, соңында шешім қабылдауға, үлкен мен баланың бірігіп істейтін жауапкершілігі.
Бұдан шығаратын қорытындымыз жанұядағы қарым - қатынаста ата -ананың міндеті жеткіншектік кезеңді жай ғана прогресті демокртизация деп түсінулері керек. Ата - ананың міндеті - тәрбиенің жүйесіндегі тілектерінің нәтижесі.
Көптеген жанұяда үлкендер балаларына өздерінің білмегенін, істей алмайтындарын үйретуге тырысады. Баланы тәрбиелеу кезінде ата -аналар көптеген даналықтарға үйренеді «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра ». «Жасында байқары жоқтың - жасы жеткенде айтары жоқ», «Үлкен отырып - кіші сөйлегеннен без», «Еңбек адамның екінші анасы », «Еңбек - емізер», «Сабыр түбі - сары алтын» - деген мақал мәтелдердің айтарлары жас баланы адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгішікке баулиды, ойлануға жетелейді. Менің ойымша ата - анаға керекті қасиет - жаңаша оқуға қызығушылық, әзілдесіп, өзінің істеген істеріне сын көзбен қарап, қашанда ашығын айту. Баланың сана сезімінің өсіп жетілуіне, үлкендер өте қамқорлықпен қарап, оларды балалық, сәбилік кезіндегідей аялап білуінде. Оларға дер кезінде ақыл - кеңестерін айтып, қашанда қолдап отырса, олардың жақсы азамат болып, сана сезімдерінің жақсы азамат болып, сана сезімдерінің өсіп жетілулеріне көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz