С. Негимов фольклортанушы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР.

1. Кіріспе . Өмірі, шығармашылығы, кітаптары.

2. С. Негимов фольклортанушы.

3. С Негимов-әдебиет теориясын зерттеуші.

4. С. Негимов Мәліктанушы.

5. Мақалалары.

Негимов Серік Нығметоллаұлы 1948 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Шапай кеңшары-әдебиет зерттеуші, ғалым. Филология ғылымының докторы (1982), профессор (1993) . Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1971) .

1966-1968ж. ж. Шапай орта мектебі жанындағы интернатта тәрбиеші, құрылыс участкесінде жұмысшы болып істеген. 1972-1992ж. ж. ҚР. ҰҒА М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жамбылтану және қазіргі халық шығармашылығы бөлімінде аға лаборант, аға ғылыми қызметкер, 1989 жылдан бері бөлім меңгерушісі. 1997 жылдан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. Негимов 500-дей ғылыми, әдеби-сын ғылыми мақалалардың авторы. Негізгі ғылыми еңбектері ұлттық поэтика, өлең құрылысы, риторика саласына арналған. Сондай-ақ «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы», (1975), Шашубайдың (1984), Доскейдің (1986), Мәлік Ғабдуллиннің (1985) шығармаларын және «Ардақ»(1989), «Ақ бата» (1992) жинақтарын құрастырды.

Оның шығармалары:

Өлең өрімі: А. 1980 жыл.

Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелігі: А. 1991 жыл.

Ұлыстың ұлы күні: А. 1991жыл.

Өнерпаздық өрнектері: А. 1996 жыл.

Шешендік өнер: А. 1997 жыл.

Қазақтың сал-серілері: А. 2005 жыл.

БІЛІММЕН БІТЕ ҚАЙНАСЫП.

Көненің көздері-ай! . . . «Ауылында шежіре қарттар болса, жазып қойған хатпен тең !» демей ме, дана халқымыз. Бала Серіктің ауылында сондай ақсақалдар көп еді. Солардың бірі - Қабыл ақсақал. Көріпкелдігі болатын. Зағипа деген әйелдің Ұлы Отан соғысына кеткен ағасы майданда қайтыс болған. Сол кісіге Қабекең:

-Сенің соғысқа кеткен ағаң жақында келеді, - деді.

-Ой не айтып отырсың?! Қазір болса 1960 жыл . . . Соғыстың аяқталғаны қашан?! Әрі қара қағаз алғанбыз, - деп, Зағипа сенбеді.

- Жоқ, келеді, - деді Қабыл қария.

Бір аптадан сол әлгі кісі келді. Ел - жұрт аң - таң . . .

Сөйтсе, Зағипаның ағасы соғыста сегіз мың метр биіктіктен ұшақтан құлап, аман қалыпты . . .

Сол Қабыл ақсақал ел аралап жүріп, аяғын қыста үсітіп алған.

Аяғым - ай, аяғым - ай,

Келер ме екен дәурен баяғыдай?!, - деп басталатын өлең айтып жүретін.

Қабекең бірде Серікке:

- Сендей Абаймен он сегізінші атадан қосыласыңдар, - дейді.

- Қалайша?!

«Расында қалай?! - деп таң қалды Серік. Семейдің Шыңғыстауы қайда, Көкшетаудың құмкөлі қайда?!». Бұл әңгіменің анық-қанығына кейіннен Алматыға барғанда көзі жетті.

Ал Әбутәліп деген ата ауылдың көсбасшы, ақылман ақсақалы еді. Ол кісі, кімнің үйінде шөп таусылып қалды, кімнің үйінің қорасы жиналмай жатыр, былайша айтқанда, ауылдың бүкіл тәртібін реттеп отыратын. Қыста өзенге ерте барып, суат ойып қою, суат маңайын таза ұстау сол кісінің мойнында еді.

Өзі Серіктерге ағайын болып келетін.

Ескі ауыл мен жаңа ауылдың арасы төрт шақырым. Серіктер ескі ауылда тұрды. Қысқы боранды күндері Әбутәліп ата кішкентай Серікті мектептен үйге алып қайтатын.

Әбутәліп атаның балалары көп. Үйір - шүйір. Оларға да, Серікке де кеспе көжені өз қолымен құйып беріп отыратын. Енді бір сәтте бәріне ет асатын.

Серіктің әкесі Неғым жылда соғым сойғанда, Әбутәліп атаның үйіне дәу табақ сыбаға апарады. «Неге бұлай?» - деп ойлайтын бала Серік. Сөйтсе, сыбаға беру де жақсы қасиет екен - ау!

КӨРКЕМСӨЗ ҚҰДІРЕТІ . Серіктің қолына алғаш рет ақын Шәкен Әбеновтың «Кейпін батыр» дастаны іліг еді.

. . . Сол кезде жиырма үшке келген жасы,

Қас батыр, домалаған өрге тасы.

Стамбұл түрігінен қашып сіңген

Бар еді Кейпін деген әскер басы . . . - деген өлең жолдары жатталып қалыпты.

Кітап оқуға құштарлығын оятқан осы - «Кейпін батыр» екен.

Одан кейінгі оқыған кітабы - Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі. Одан кейін кітап оқуға әбден құнығып алып, Мұхаңның «Абай жолын», Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» бас алмай оқып шығады.

9- сыныпты бітіріп, жазғы каникул басталғанда, бір топ бала үлкендерге жәрдемдесіп, жер өлшеуге шықты. Күніне жаяу жүріп, 15-20 шақырым жер өлшейді. Тамылжыған жаз. Дархан дала. Тау - тас. . Сонда Серік бастаған бірнеше бала Қаныш Сәтпаев сияқты геолог болуды армандады.

Жастайынан өлеңге де үйір Серік Омар Хайям мен Рудакиге еліктеп, рубаилар жазды.

Пай - пай, шіркін, арғымақтар табаны,

Дүбірлетіп бара жатыр даланы.

Тұяқтарын қара жерге жанып ап,

Ақ сағымға жүйтки сүңгіп барады, - деп басталатын «Тұлпар» атты ұзақ өлеңі аудандық «Қызыл ту» газетінде жарияланды.

С. Негимов Астандағы Л . Н . Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі әдебиет зерттеушісі, сыншы, шешендіктанушы, өлеңтанушысы.

ШЫНАЙЫ ШЕШЕН - ЖАРҚЫН ТҰЛҒА.

Ғалымның сүбелі еңбектерінің бірі - «Шешендік өнердің тарихы мен теориясы». Осыған қарап Серік ағаларыңды тек теоритик десек, кем айтқанымыз. Ол осы өнердің нағыз практигі де. Небір інжу - маржан батаны, нақыл сөздерді өлеңдетіп, нөсерлетіп айта жөнелгенде, қайраң қаласың.

  • Шешендік өнерді қалай меңгеруге болады?- дедік Сәкеңе сауал тастап.
  • Асқақ шешеннің асыл қасиеттері тумысынан болады, - деді айтулы ғалым.

Баланың бүлдіршін шағынан ән, күй, жыр, ертегі - аңыз естіп өсуі, ең мәнді, қисынды, табиғи құбылыс болып саналады. Шешендік өнерге баулудың бұлжымас шарты - осы.

Қысқасы ауызша шебер сөйлей білу - тынымсыз, толассыз жаттығудан жалықпай еңбектенуден, ізгілік пен кісіліктен, сыршылдық пен ойшылдықтан туады.

Шешендік - синкретті өнер. Халқымызға тән қасиет. Оны әрмен қарай зерттей беру керек . Әр сөздің қасиетін білген ләзім.

Мәселен: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» - дейміз.

Ешқашан арыстандай қайратты деп айтпаймыз. Өйткені арыстанда қырық кісінің жүрегі, бір кісінің күші бар. Ал жолбарыста қырық кісінің күші бар, бір кісінің жүрегі бар. Сонда қазақ, осыны ауыстырмайды. Не болмаса: «Адам сөзі тас жарады, тас жармаса, бас жарады» дейді. Бұл Мәшһүр Жүсіпте былай айтылған:

Бір жігіт биенің бауырына отыра бергенде, көз ұшында төрт салт атты көрінеді. Аналар да көріп қалады. Екі жақ та қырағы. Жақындап қалғанда жігіт: «Япыр - ай, биемнің желініне көз тимесе екен» деп, шелекке жалпақ қара тас салады.

  • Әй, жігітім біз көз ұшында көріп едік, әлі сауып отырсың ғой? - дейді жолаушылар амандықтан соң.
  • Жаңа ғана иіді, - дейді жігіт.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздер
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
Базар Жырау Оңдасұлының шығармашылығы
Бата сөздерінің ғұрыпқа байланысты жіктелуі
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
АКАДЕМИК С. ҚАСҚАБАСОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГТІК МЕКТЕБІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz