Солтүстік Қазақстанның далалы (деградациялық) жайылымды жерлерін жақсарту тәсілдерін зерттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 636. 086. 25. 633. 2 (574. 2) Қолжазба құқығында

Рүстемова Сания Нұрланқызы

Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстанның далалы (деградациялық) жайылымды жерлерін жақсарту тәсілдерін зерттеу»

6N 0808 - Топырақтану және агрохимия

Топырақтану және агрохимия магистрінің академиялық дәрежесін ізденуге арналған диссертация

Ғылыми жетекші: а. ш. ғ. докторы, профессор

Көшен Б. М.

Қорғауға рұқсат етілді «Өсімдік шаруашылығы,

топырақтану және агрохимия» кафедрасының

меңгерушісі, а. ш. ғ. к., доцент Сыздыкова Г. Т.

«__»2011 ж.

Көкшетау, 2011жыл

Мазмұны

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .
3
:
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 8
: 1
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
3: 10
: 2
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ НЫСАНЫ, ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ . . .
3: 12
: 3
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОПЫРАҚ-КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ . . .
3: 22
: 3. 1
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Агроклиматтық жағдайы . . .
3: 22
: 3. 2
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Топырақ және өсімдік жағдайлары . . .
3: 28
: 3. 3
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Табиғи мал азықтық жіктелуі . . .
3: 36
: 3. 4
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Өсімдіктерге антропогенді әсерлері . . .
3: 47
: 4
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ДАЛАЛЫ (ДЕГРАДАЦИЯЛЫҚ) ЖАЙЫЛЫМДЫ ЖЕРЛЕРДІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖӘНЕ ЖЕР ҮСТІЛІК ЖАҚСАРТУ АМАЛДАРЫ . . .
3: 51
: 4. 1
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Бастапқы жерді құнарландыру . . .
3: 51
: 4. 2
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Шалғынды кебірлі сортаң (деградациялы) жайылым жерін түбегейлі жақсарту . . .
3: 61
: 4. 3
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: Солтүстік Қазақстанның далалы (деградациялық) жайылымды жерлерін жақсарту тәсілдерінің ұсынысы . . .
3: 79
: 5
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ . . .
3: 81
:
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 85
:
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫС . . .
3: 86
:
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . .
3: 87
:
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . .: ҚОСЫМША . . .
3: 97

Анықтамалар

Автортофты - автотрофты организімдер (грек сөзі өзімен-өзі, қоректену) - организмдер алғашқы автотрофты жолдармен қоректенеді.

Агрофитоценоздар - ауыл шаруашылық өнім алу үшін және үнемі адам қамқорлығында болатын биологиялық бірлестік жасау үшін өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық жағынан қолайлы болмаса да жоғары түсім беретін немесе бірнеше іріктелген түрлерін жасап шығару.

Агроценоздар немесе агроэколар - жаздық және күздік дақылдар егілетін жер алқаптары. Олар өсірілетін жерлер өңделіп, қопсытылып, тыңайтқыш себіліп, үнемі күтімде болады. Жабық жерлерде өсірілетін дақылдар. Жылыжайда өсірілетін өсімдіктер. Оларға қажетті топырақ, ылғал, ауа кестесі қолдан реттеліп отырады.

Биогеоценоз - (грек. сөзі bios - тіршілік, geo- жер жер және koinos kassas - ценоз) . Жер бетіндегі біркелкі табиғи құбылыспен (атмосфералық, өсімдіктердің, жануарлардың, микрооганизімдердің, топырақтың және гидроэкологиялық жағдайдың ерекше түрдегі олардың компоненттерінің қарым-қатынасы бірімен-бірінің зат алмасу және энергия алмасуын, сонымен бірге табиғаттың басқа құбылыстарының арасындағы алмасуын айтады.

Биосфера - (грек. сөзі bios - тіршілік, sphaira-шар) экосфера, биогеосфера айналаны қоршаған ортадағы тірі организмдердің тіршілік ететін табиғи ортасы.

Геохимия - жердің химиялық құрамын, элементтердің миграция жасауын, таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасуымен миграция жасау тәсілдерін зерттейтін жаратылыстану ғылымының көрнекті саласының бірі.

Гумус немесе қарашірік - өсімдіктер мен жан-жануарлардың жердегі қалдықтары шіріп, ыдыраған кезде микробиологиялық процестердің нәтижесінде пайда болған топырақтың органикалык заттары. Мұның жердің құнарлылығын қалпына келтіріп, оны тыңайтуда үлкен маңызы бар.

Деградация - (фран. тілінен аударғанда - біртіндеп нашарлау, құлдырау) - топырақ деградациясы табиғи құбылыстар немес адамның іс-әрекеті нәтижесінде топырақ құрылымының өзгеруіне байланысты оның құнарлығының біртендеп нашарлануы.

Жайылым -мал жаю үшін жүйелі түрде пайдаланылатын ауылшаруашылық жерлері және шабындыққа пайданылмайтын, тыңайған жерге жатпайтын, мал жаюға қолайлы әрі жарамды жер телімдері.

Карбонаттық қабат -топырақ жасалу процесі кезінде карбонаттар (көбінесе кальцийдің) жиналатын топырақ қабаты. Ылғал жетімсіз болган жағдайда пайда болатын топырақтарда (қара, қарақоңыр) жиналады. Қалыңдығы ондаған см-ге жетеді. Ол тығыз болады да, өсімдіктердің өсуіне қолайсыз болады.

Кебір - геоморфологиялық ілім бойынша өз алдына рельеф типін құрайтын өсімдіксіз тақыр немесе сораңдардан тұратын өсімдіктері өте сирек тұзды шөлдердегі ойпаңдар. Нөсер жаңбырлар кезінде түбіне су жиналып көлшік пайда болады. Бірақ ыстық температура жағдайында тез құрғап қалады да, көп бұрышты жарықтар пайда болады. Сордың барлық горизонттарында оңай еритін тұздар көп кездеседі, онымен бірге жер асты сулары жер бетіне жақын орналасады.

Климат - (грек сөзі klimatos - көлбей, күн сәулесінің жерге жиналған немсе қалыптасқан құбылысы. Климаттың ғасырлар бойы қалыптасқан ырғағы болады. Оның ерекшелігі географиялық ендікке байланысты.

Ксерофиттер - (грек сөзі xeros - құрғақ және phiton- өсімдік) құрғақшылық уақыттары мол болатын шөл және шөлейт аймақтарда өсіп-өнетін шөптер.

Қара топырақ - екі жарты шардың дала және орманды дала зоналарында тараған топырақ түрі; физикалық құрылымы жақсы, қара шіріндіге бай болуының нәтижесінде ол өте құнарлы келеді. Қара топырақ көп ғасырлар бойы жылы да құрғақ климат жағдайында саздақ, құмдақ және лёсс топырақтарда өсімдіктердің өлуінен түзілген, қара шіріндінің қорлануынан пайда болады. Далалық аймақта қара топырақ жер қыртысын түгелдей дерлік алып жатады да, орманды дала аймағында күлгінделген топырақтармен алма сып келеді.

Қоңыр топырақтар - Қазақстанның құрғақ далалар зонасын алып жататын, қара топырақты жерлердің оңтүстігінде орналасқан, түрі піскен талшын (каштан) сияқты, саздақ және құмдақ қоңыр топырақтар. Онда өсетін өсімдіктердің құнарсыздығына байланысты шірінді заттар аз болады (3%) және тереңдеген сайын кеми береді, азот пен фосфор да аз болады, астыңғы қабаттарында ерігіш тұздар болады. Көбінесе құрамында көмір қышқыл ізбесі болғандықтан қышқыл тисе көпіріп қайнайды. Қоңыр топырақтар құрамындағы құнарлы заттардың мөлшерімен де, құрылымымен де ауыл шаруашылық дақылдарға өте қолайлы жене олардың гумусы көбейген сайын сапалылығы арта түседі.

Құрылымсыз топырақ - өте ұсақталып, майдаланып кеткен топырақ. Мұндай топырақтың капиллярлығы артып кеткендіктен, өзінің бойындағы суды тез буландырып жібереді де, ондағы өсімдік тез шөлдейді, судан тарығады, пайдалы өнім бермейді.

Мезофиттер - (грек сөзі mesos -орташа, phileo - сүйемін) топырақтың ылғалдылығы орташа болған жерлерінде өсіп-өнетін өсімдіктердің түрлері.

Мелиорация - (латын сөзі melioratio - жақсарту) - топырақтың құнарлығын арттыруға қолданылатын шара; Өсімдік әлемі жердің сапасын жақсартатын факторлардың бірі.

Ноосфера - (грек сөзі noos ақыл, ой және сфера - шар деген мағына білдіреді) . Қазіргі кездегі адамның ақыл-ойларымен биосфераның дамуы.

Өнімділік - биоценоздардың белгілі бір жерде тірі организімдерден алынатын биологиялық өнім (суда өсімдіктердің және агроценоздардағы өсімдіктердің өнімі ц/га есебімен) алынады.

Өнім қоры - бірлестіктегі жиналған биомассалардың қоры. Әдетте жоғары сатыдағы өсімдіктердің жинаған органикалық заттарын айтады. Өнім қоры - жалпы қор, пайдалы қор (ағаштар, жайылымдар мен шабындықтардағы шөп қоры), мортмассалардың қоры деп бірнешеге бөлінеді.

Өсімдік қауымдастығы - көршілерінен ерекше, ішкі біркелкі өсімдіктер жамылғысының сапалы ерекше бөлігі; Өсімдіктер организмдері қураған, олардың бір немесе бірнеше ұрпақтарынан тұратын және ішкі ортаны құрайтын (фитомелиорант, зат алмасу т. б) тұрақты бірлестігі.

Пупуляция - ( франц. populion - халық) белгілі бір аумақты мекендейтін даралардың бір түрлерінің жиынтығы.

Сортаңдар - шөлейтте, шөл және дала зоналарында тараған, құрамында әр түрлі тұздар кездесетін топырақтың түрлері. Сорлармен салыстырғанда олардың үстіңгі горизонттарында тұздар өте аз кездеседі де, ең терең горизонттарда мол болады. Сортаңның екі қара шірінді горизонты (үстіңгісі - элювиалды және астыңғысы - иллиювиальды) бар. Иллювиалды горизонтқа бүкіл үстіңгі шайылған қара шіріндіге қосыла тотықтар мен тұнбалар жиналып, горизонттың кепкеннен кейінгі тығыздалуына және призмалық жақпарларға жарылуына әсер етеді. Иллювиалды горизонттан әрі қарай тұзға қанықңан горизонт жатады. Сортаң топырақты шаруашылыққа пайдалану үшін мелиорациялық шаралар жүргізу қажет.

Топырақ - өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизімдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты.

Фауна - (fauna - көне заманның мифологиясындағы орман құдайы, жануарлардың сақтаушысы деген ұғым) . Биоценоздардағы, экожүйелердегі, аудандардағы, облыстардағы тіршілік ететін жануарлар түрлерінің жиынтығы.

Фитомелиорация - қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі шаралар кешені. Экожүйелерді сақтау және жақсарту мақсатында (табиғат қорғаушы) және қалалық ортаның жағдайларын сауықтыру үшін табиғи өсімдіктекті қауымдастықтарды қолдау және өсіру арқылы жүргізіледі.

Фитоценоз -(грек сөзі phiton- өсімдік және koinos- жалпы) ассосациациялардың индивидиумы, ассоциация учаскесі автотрофты өсімдіктердің фитомассасын синтездейтін ценоэкожүйе.

Фитоценология - (фитоценоздардан алынады, грекше logos ілім) фитоценоздар туралы ғылым саласы.

Флора - ( flora - көне заманның мифологиясындағы гүлді өсімдіктердің құдайы деген түсінік береді) . Биоттардың бір бөлімі. Биоценоздарда, ценоэкожүйелерде, ассоциацияларда, формацияларда, өсімдік типтерінде, аудандарда, зоналарда, облыстарды қазіргі кездегі экожүйелерде өсетін өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлері.

Эдификатор - (латын сөзі aedificator - құрылысшылар) - фитоценоздардағы өсімдіктердің доминантты, субдоминантты түрлерін эдификатор деп атайды. Олар ценоэкожүйелердің негізін құрайды. Биоценотикалық ортаның ең басты рөлін атқарады. Эдификаторлардың фитомассалары өте жоғары болады.

Эрозия - тау жыныстары мен топырақ аққан сулардың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жынысының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатқан бағытына, су ағынының жылдамдығына және эрозиялануына байланыстыпайда болады.

қысқартылған сөздер

N - азот

К- калий

Р 2 О 5 - фосфор

СО 2 - көмір қышқыл газы

ГТК - гидротермиялық коэффициент

М. а. ж. - мал азық жерлер

ӨЫҚ - өнімді ылғал қоры

ТМД - Тәуелсіз елдер достастығы

СД - саты дегрессиясы

ФАР- фотосинтетикалық активті радиация

ЫС - ылғал сиымдылығы

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ауылшараушылығында қара мал басының өсуі және оның өнімділігін жоғарлату, табиғи жайылым қорлардың азық өндіру жағдайына байланысты.

Солтүстік Қазақстанда мал азықтық дақылдардың шаруашылық қорына: өнім беретін жайылымдар мен шабындықтар, далалы мал азық жерлер, құрама жем және астық дақылдарының қалдықтарын шығаратын шаруашылықтар кіреді.

Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық жерлердің жартысынан көбін, табиғи құрғақ дала аймағы алып жатыр. Ал табиғи жерлер 21 млн. га жуық жерді алады.

Бірақ табиғи жерлердің күй-жайы мал шаруашылық өнімділігінің талабына сәйкес жауап бермейді. Табиғи жайылым жерлердің өнімділігі тек 1, 2-3, 1ц/га құрайды. Осындай жағдай, шаруашылықта жем өндірісінің өсу проблемасы, ең басты далалы жерлердің мал азығын өндіру арқылы шешілгендігін ескертеді, ал табиғи жерлерге керекті назар аударылмады. 1га жерге тыс көп күш түскеніне байланысты ауыл жанындағы өрістер құнарлығын жоғалтқан және құлдыраған.

Сондықтан, қазіргі кезде табиғи мал азықтық жерлердің өнімділігінің өсу мәселелері өзекті болып табылады.

«Республика аймақтары бойынша табиғи және себілген жайылым жерлердің технологиясын қолдану зерттемесі» РНТП «Корма» 02. 02. 04. Мемлекеттік тіркеу номері ҚР 0012300.

Зерттеудің мақсаты: Қоршаған ортаны есепке ала отырып, түбегейлі және беткейлі жақсартудың ғылыми негіздері мен агротехникалық әзірлеудің және дала жайылымдарына қолдану.

Зерттеудің міндеттері: Зерттелетін аймақтың агроэкологиялық жағдайы, зерттеудің ғылыми-негіздері, табиғи жайылымдарды құнарландыру әдістерін әзірлеу және жаңа агрофитоценозды жасау:

-Далалы (деградациялық) жайылым жерлердің құнарлағын арттыру амалдарының зерттемесі.

-Табиғи (деградациялық) жайылымды жерлерін кебірлі сортаң шалғынды жерлерін түбегейлі жақсарту тәсілдерін зерттеу.

-Солтүстік Қазақстанның далалы аймақтарына фитомелиоративтік жұмыстарының даму келешегін және экономикалық тиімділігін көрсету.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет Солтүстік Қазақстанның далалы аймағына арналған құлдыраған жайылымдарды түбегейлі және беткейлі жақсартудың ғылыми негіздері мен тәжірибелерінің әдістері жасалынады. Ксерофитті шөптерді себу арқылы, ауыл жанындағы құлдыраған дала жайылымдағы өсімдіктерді қалпына келтіруде ұсынылған әдістердің өзіндік қолайлығы.

Теориялық құндылығы. Флоралық және фитоценоздық толық емес мүшелігімен сипатталған, құлдыраған далалы жайылымдарын жақсартудың агротехникалық негіздері жасалған. Ксерофиттерді өңдеуге арналған ылғал қоры мен табиғи ресурстарын толық пайдалану жолдары анықталды. Агрономиялық негізінде әзірленген, түбегейлі және беткейлі жақсартудың әдістері, ауылшаруашылық ғылыми мен тәжірибесін байытады және толықтырады.

Практикалық құндылығы. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы Солтүстік Қазақстанда далалы (деградациялық) жайылымдарын түбегейлі және беткейлі жақсартудың агротехникалық әдістерді әзірлеу болып болып саналады. Табиғи және дақылды шөптерді егуде табиғи ресурстарды толық пайдалану жолдары табылды және ылғал қоры анықталды. (Орташа жайылым өнімділігі төрт жыл ішінде 14-23ц/га құрғақ затқа өсті) .

Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:

  • Аймақтың экологиялық жағдайын зерттеп, жайылымды жерлерді жақсартудың алғашқы өңдеу тәсілінің әдістемесін жасау.
  • Далалы жайылым жерлердің жер үстілік және беткейлік өңдеу амалдарын жасау.
  • Зерттелетін тәсілдердің экономикалық тиімділігін және әдістемелерін зерттеп, жайылымды жерде қолданып жақсарту.

Зерттеу жұмысының апробациясы: Негізгі ғылыми нәтижелер Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің агроинженерлік факультетінің ғылыми-техникалық талқысында (2008-2010 ж. ж. ) , Солтүстік Қазақстан АШҒЗИ (2009-2010ж. ж. ), ҚазҒЗИ мал шаруашылығы және мал азығының өндірісі (Алматы қаласы, 2011ж. ), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Шоқан тағылымы - 15» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Көкшетау қаласы, 2011ж. 21-24 сәуір) «С. Сейфуллин оқулары» (Астана қаласы, 2011ж. ) баяндалып мақұлданды.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар. Диссертацияның ғылыми нәтижелері бойынша 6 еңбек жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы.

Диссертациялық жұмыс Microsoft Word 7. 0 Windows жүйесінде компьютермен теріліп, 97 бет көлемінде ұсынылған. Диссертациялық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, ғылыми-практикалық ұсыныстар, қорытынды, пайданылған әдебиеттер тізімі және 1 қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыста 29 кесте және 1 қосымша берілген. Пайданылған әдебиеттердің жалпы саны - 167, соның ішінде шетелдік авторлар саны - 14.

1 Зерттеу сұрағының тарихы және зерттеу әдістемесі

Қазіргі уақытта табиғи мал азықтық жерлерді жақсартудың және оларды ұтымды пайдалану белсенді зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде және бүкіл дүние жүзінде мал азық жерлерді түбегейлі және беткейлі жақсартудың ғылыми негіздері мен практикалық тәжірибелері азды-көпті жинақталған [1-2] . Тапсырманың дұрыс қойылғанын және де мал азықтық жерлердің жақсарту мен ұтымды пайдаланудың зерттеу бағдарламасын жалғастыру үшін, әрине істелінетін жұмыстың қорытынды сараптамаларын жасау керек.

Әртүрлі типті шабындық және жайылым жерлерін жақсартудың, іргелі тәжірибелік қорытынды жұмыстары, Солтүстік Қазақстанның үлкен территориялы аймағында жүргізу жеткіліксіз. Табиғи және жасанды фитоценоздар, биологиялық жүйе сияқты шығу тегі бойынша үлкен айырмашылық бар. Бірінші жағдайда, табиғи шығу тегі - ол өсімдік қауымдастығының байырғы пайда болуы, яғни адам қатысуынсыз пайда болады және олардың дамуына табиғат апаты мен адам іс-әрекеті зиян келтірмесе, соған сәйкес табиғат заңдылықтары бойынша дамиды[3] .

Өсімдік жамылғысының өзгеруіне адам іс-әрекеті арқылы В. Н. Вернадскийдің [4] айтуы бойынша «қауымдастықтың өзгеруі, топырақ қыртысының айналымына: соқамен жырту, ол үлкен апат келтіреді. Сонымен бірге, жасанды өсімдік қауымдастығының практикалық тәжірибелерін биологиялық ұғынып жасау, Н. Г. Андреев айтуы бойынша [5-6], фитоценоз теориясының қалыптасуына, ерекше агрофитоценоз жаңа өсімдік қауымдастығының тәжірибеде құрылуы маңызды рөль атқарады.

Қазіргі уақытта жиі табиғи жерлермен қатар, антропогенді өсімдік қауымдастығының дәрежесі, шаруашылықта адам іс-әрекетінің антропогенді өсімдік қауымдастығы жүргізілуде.

Бұрынғы табиғи қауымдастық пен өсімдік түрлері жойылып, жасанды өсімдік қауымдастығы табиғи аймақ кешенінде жаңадан жасалып, адам еңбегін қажет етуде. Жасанды фитоценоз құрылу негізінде, нақты өсімдік түрлері жоғары сапасы мен мөлшері қарастырылуы керек. Өсімдік ассортименті, мың жыл тіршілік етуінде жақсартылып және кеңейтіліп келеді. Жабайы өсімдіктер түрлерінен, мәдени өсімдіктерге жаңа түрлерді енгізу, жаңа сорттар мен мәдени өсімдік формалары енгізілуде.

Өсімдіктерді өсіру тәсілдерін жетілдіріп, сонымен қатар егіншілікте игерілген аумақтардың ауданы кеңейтілді. Егіншілікте мәдени өсімдіктердің қарқынды өсуі мен егістік ауданның масштабты кеңеюіне ие болуы, жасанды өсімдік қауымдастығының сапалы түрленуін және оның өнімділігін жоғарлатудың бағыты.

Батпақты жерлерді құрғату, шалғынды жайылым жерлерін жақсарту, тың және егеншілік аумақтарда ірі орманды орналастыру шара бойынша, кең көлемді жұмыстар жүргізілуде.

Биосфера, адам қызметі арқылы өзгереді де, сапалы жаңа жүйеге "ноосфераға" ауысады [7-9] .

Биологиялық факторлар арасында, биосфераның түрленіп қатысуына, В. Н. Вернадский [10] фитомелиорантты ерекше көңіл бөлді.

Фитомелиорант - автотрофты өсімдік қауымдастығының түрлерінің - жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар және мүктер жатады. Фитомелиорантты - функциональды қасиетін ауыстыруға болмайтын және экономикалық тиімділігі қатынас бойынша ең көп қолданылады.

Фитомелиорант түсінігі, В. Н. Вернадский [10] айтуы бойынша, "өсімдік қызметінің жасанды түрлендірудің ноосфера оптимизациясында қолдану". Ноосфераның әртүрлі облыстарын анықтауы бойынша фитомелиорант екі түрге бөлінеді; экстерьерлік (ноосфераның ашық облысы) ; интерьерлік (әртүрлі қызмет атқару) . Фитомелирант қолдануы бойынша: өнімді, шаруашылықта қолдану және арнайы болып бөлінеді.

Айта келе, фитомелирант биосфера және биогидросфераның бүкіл оптималдауға қатысады [10-12] . Фитомелирацияның негізі жалпы теориясы, В. Н. Вернадский [10], В. А. Андреев [13] анықтаулары бойынша, биогеоценологиялық табиғи өсімдік қызметінің түрленудің маңызды қызметі, заңдылық тұжырым бойынша өсімдіктердің өзгеруі, биогеоценоз және геохимиялық айналымдардың өзгеруі, сонымен қатар осы өзгертулермен қайта құрылған биогеоценоз компоненттері.

Табиғи фитоценоздар биогеоценозға сәйкес өнімсіз кешен фитомелиорация қаланды, сондықтан болашақта жасанды биогеоценоздың, табиғи қауымдастық ұқсастық жасау, жасанды фитоценоздар табиғи фитоценоздардан жақсы жасалуы керек, бірақ өсуінің өнімділігі бойынша мүлтіксіз жоғарырақ [14-16] .

Сондықтан, фитомелиорацияны биогеоценозды жақсартудың бір тәсілі ретінде өзгерту және жақсарту бағыты [17] . "Халық шаруашылығының қызығушылығында биогеоценоздың өзгеруін басқару, қажетті жан-жақты айналымына талдау жасау және оның себебін көрсету, әрқайсының мәнін бағалау керек [18] .

Мал шаруашылығына табиғи мал азықтық база негізі ретінде, фитомелиорация жасанды жайылым жасалуда, табиғи жайылымдарға салыстырып қарағанда өте жоғары және тұрақты өнімділігімен ерекшелінеді және малдарды әртүрлі мал азықтық жем-шөптермен жыл бойы қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша бұл жағдайда ғылымда кең қолданылатын «агрофитоценоз» термині дұрыс келетін сияқты.

Солтүстік Қазақстанның дала аймағының жайылымдарында жоғары өнімді фитоценоздарды жасау мүмкіншілігін көрсетіп, дала аймағының табиғи-өзгермеген және өзгерген, мәдени, мәдени-ұқсамайтын және ұқсайтын табиғи фитомелиорант талдауын М. У. Сағалбеков [19], Б. М. Көшен [20], Аубакиров К. [21] еңбектерінде кездеседі.

Дала жайылымдарының өнімділігін арттырудың ең негізгі амалы табиғи ерекшеленетін шөпоттығын жасау және айдап тастау арқылы түбегейлі жақсарту болып табылады. Түбегейлі жақсарту барысында мәдени дақылға енгізілген және енгізілетін жергілікті жабайы өсімдіктерді қолданады. Қазақстан мен Орта Азияның ғылыми мекемелерінің көптеген деректері бойынша аридтік аймақтардың жайылымдарын жақсарту үшін сексеуіл, еркек шөп, теріскен, кейреуік, қараматау сияқты шөптері болашағы мол деп саналады т. б. [22] .

Жеткілікті дымқылдану аймақтарында мал азықтық жерлерін жақсартуы әртүрлі астық-бұршақтық қоспаларды егіс арқылы жүргізілді, дала аридтік аймақтарында мал азықтық жерлерін жақсарту сұрақтары, құрамын іріктеу бойынша сұрақтар, олардың ара қатынасы, агротехника және аудандардың басқа да әлі мүлде толық зерттелмеген сұрақтары әлі тың іс болып табылады[23] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ жамылғысының физикалық қасиетін трансекта бойынша зерттеу
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту негіздері
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы
Мал азығын өндіру
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
Орманды дала зонасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz