Жеке тұлғаны қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің атқаратын ролі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І-бөлім. Сөйлеу-ақыл ой-иесі адамның өзара қарым-қатынасындағы құралы.
- Сөйлеу мәдениеті, тіл өнері жайында мәтелдер және қазақ зиялыларының ой пікірлері мен психологиялық көзқарастары. 6-12
- Тіл-қатынас құралы және сөйлеу әрекеті . . . 13-19
- Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты мен физиологиялық механизмі . . . 20-22
- Сөйлеу мен ойлаудың орны . . . 23-26
ІІ-бөлім. Сөйлеу мәдениетін дамыту жолдары.
- Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу дәрежесінің ерекшеліктері . . . 28-35
- Бастауыш сыныпта сөйлеу мәдениетін жетілдірудің жолдары . . . 36-47
- Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасындағы сөйлеу мәдениеті . . . 48-52
- Сөздік қорды дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері . . . 53-57
Қорытынды . . . 58-61
Қолданылған әдебиеттер . . . 62-63
Қосымша
КІРІСПЕ
Тіл адамзаттың қарым-қатынас құралы. Ұлттың ұлы байлығы, руханият нәрі, өмір мәні, ақыл парасатнұры . . . Тіл арқылы балаға ата-бабамыздың асыл мұрағаттары өмір тәжірибелері нақыл сөздері ұғындырылады. Сондықтан да тіл-ата мен баланың арасындағы дәнекер . Тіл -ұлттың қалыптасуы мен, өзіндік жеке ұлт ретінде өмір сүруінің алғы шарты.
Біздің ана тіліміз, қасиетті қазақтілі-өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ана тіліміз өзіне лайық орынға ие бола бастады, мемлекеттік мәртебе алды. 1997 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы қабылданды. Тілдер туралы заңды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама негізгі үш мақсатты айқындайды:
1. мемлекеттік тілдің әлеуметтік-комуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту
2. орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау
3. этникалықтоптардың тілдерін дамыту
Бағдарламаның мақсаты- Қазақстан Республикасында мелекеттік тілмен басқа да тілдердің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
Тіл-бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінің жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тіл байлығының бір өлшемі-сөз байлығы. Бірақ сөз байлығы сөздердің саны мен ғана емес, сапасымен де, мән мағынасымен де өлшенеді., Соған қарағанда, қазақ тілі өркениетті тілдердің бір де біреуінен кем емес, сөз қоры бір милллионға жуық мағыналық бірліктен тұратын бай да бейнелі тіл.
Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, тұрақтандырып, ілгері дамыту үшін қазақ баласына бәрімізге ұлттық сана; азаматтық биік тұғыр қажет.
Ана тіліміздің негізгі қызмкеті-адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы деп санайды. Алайда, оның басқа да сан алуан қызмет атқаратынын қарапайым жұрт біле бермейді. Мәселен, көркем шығарма тілі адамға эстетикалық ләззәт сыйласа, тілдің жинақтаушылық қызметі халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдени байлығын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, танымдық қасиеттерін бойында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мұра етіп жалғастыратын қасиетке ие. Ол ғана емес, тіл -қорған, тіл -қару, өнер алды-қызыл тіл, тіл-ұлттың жаны мен тәні. Сонымен қатар: тіл-елдің елдігінің кепілі, ұлтты ұйыстыратын ұйытқы. Өз тілінен айырылған ел - ел емес, ұлт-ұлт емес. Өйткені, этностық ұлт санатына қосылу үшін қажетті де міндетті шарттарына: ортақ табиғи орта, ортақ табиғи күнкөріс көздері, ортақ тіл, ортақ психология жататыны белгілі.
Тілді тіл және сөйлеу деп алғаш рет жіктеген Ф. Де Соссюр.
Балалардың жасерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген-әйгілі мамандар Л. С. Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже.
Тіл адам санасы мен ақыл ойын дамытушы фактор екендігін К. Маркс бір сөзбен ғана былай деп түйіндейді: «Тіл - сананың жиынтығы».
Мәнерлі, мәдениетті сөйлей біліудің мұғалімдік мамандығы үшін маңызы зор екенін, А. С. Макаренконың мына сөзінен аңғаруға болады: «Балалар сіздің сөзіңізден еркіңіізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек».
Ғылыми аппарат
Тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің атқаратын ролі
Мақсаты: Жеке тұлғаны қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің атқаратын ролін анықтау, дамыту жолдарын көрсету. Тіл-өнерін тереңірек түсіну.
Міндеттері: 1. Сөйлеу мәдениеті, тіл өнері туралы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу әрекетінің ерекшелігін түсіну (жаттығулар, ертегі оқу, сюжетті ойын) .
3. Бастауыш сыныпта сөйлеу мәдениетінің жетілу жолдарымен танысу.
Тәрбие-жұмысында тілді дамыту, сөйлеу мәдениетіне қалыптастыру үшін іс-шаралар өткізу. (ертеңгіліктер, сайыс-сабақ т. б. ) .
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаның қалыптасуында сөйлеу мәдениетінің орны.
Зерттеу пәні: Сөйлеу мәдениетін анықтау, дамыту жолдары.
Ғылыми болжам: Баланың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда; түрлі өмірлік жағдаяттарда және оқыту, тәрбиелеу процесінде әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып тұлғаның сөйлеу мәдениетін дамытуға болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу, жеке-іс тәжірибелік жұмыстар.
- Сөйлеу мәдениеті, тіл өнері жайында қазақ зиялыларының ой-пікірлері мен психологиялық көзқарастары
Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құралы. Жеке тұлға психологиясының да, қоғамдық ой-сананың да дамып жетілуі үшін тілдің атқаратын рөлі ұшан-теңіз. Тілді меңгеру, мәдениетті сөйлеуге жетілу адамға оңайлықпен келмейді. Халқымыз “Өнер алды-қызыл тіл”; “Тіл-алмас семсер”- дейді. Оны өмірге дұрыс пайдалана алмаса, ол адамның өзіне тиіп, ойсыратуы мүмкін. Мәселен, “Сүйреңдеген жаман тіл, сүйгеніңнен айырар”, “Тура тілімді тия алмаймын, туғаныма сия алмаймын”, “Басқа пәле-тілден деген мақал-мәтелерде тілдің ұстарадай қылпып тұрған нәрсе екендігі, оны өте шебер пайдалана білу қажеттілігі еске салынады.
Сөйлеу мәдениетіне жетілу баршамызға ортақ міндет. Ақылға қонымды жақсы сөздің жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге бөлейтіндігі, шынайы сөздермен өрнектелген ой ғана өткір, әрі әсерлі болатыны белгілі. Мәселен, “Жақсы сөз - жанның тынысы”, “Жақсы сөз -жанға азық”, “Күш - жеңбегенді сөз жеңеді”, “Қаһарлы сөз қамал бұзар”- деген мақал - мәтелдерден сөздің адамға тигізетін әртүрлі әсері, айтылған сөз адамның көңілін көтеріп, оны шаттық сезімге бөлейтіні, сөздің шипалық қасиеті жақсы байқалады.
Ақылдылықтың басты белгісі - дұрыстап сөйлей білу. Адамның басында қандай ой туса да, егер ол оны лайықты сөзбен бере алмаса, ол айтушыға да, тыңдаушыға да түсініксіз, күңгірт болады. Сөйлеу мәдениетіне жетілмейінше ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Халқылымыздың ойға олақ, сөзге олақ, сөзге шорқақ адамдарды үнемі әжуалап келуі де осы мәселеге ерекше мән бөлуінен керек. Мәселен, “Сөйлей білмеген сөзді өзіне келтіреді”, “Таппасаң сөздің жүйесін, отына өзің күйесің”, “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі”, “Құрғақ сөз бас ауыртар”, “Қысыр сөзде қырсық көр” секілді мақалдарды сөйлеу өнерінен жұрдай жандар туралы айтылады. Тыңдаушы адамның психологиясын ескергенде ғана сөз өз объектісіне дөр тиеді, қуатты да қаһарлы болады. Бұл жөнінде халқымыз былай дейді: “Жүйелі сөз жүйесін табар”, “Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле”, “Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. Халқымыз осы жайтты бізге қатты ескерткен. Сондықтан да олар: “Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар”, деп түйген.
Сөйлеу мәдениетіне ерекше жетілу шешендік өнермен тығыз байланысып жатады. Қазақ халқы шешендік өнерді ерекше құрметтеп, ондай өнері барларға төрден орын берген. Тілдің сырына адамдар жайында мақалдар: “Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем”, “Шешеннің сөзі-ағып тұрған балдай”-деп шешендік өнер кез-келген адамнан табыла бермейтін қасиет екендігін, шешендік өнерге адам өмір бойы іздену, еңбектену арқылы жететіндігін еске салады . Мәселен, “Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар”. «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген”, “Көп ішінде сөйлеген-көсемділіктің белгісі, көпке сөзі ұнаған-шешендіктің белгісі”, “Шешен сөз бастар, батыр қол бастар” т. б. Мақал-мәтелдерде шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, ойға қуат, мағыналы да көркем, шешендік сөздің өткірілігі оның тек сыртқы сұлулығында ғана емес, оның логикалық мазмұнында, шындықты жайып салып, көркем тілмен айтуында, дегендей салиқалы қорытындылар жасалады.
Болашақ ұрпағын ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы үнімен, асақақта салған әсем әнімен, ғашықтық лиро-эпос жырымен, мақал-мәтелімен, шешендік сөз, айтыс жыраларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі, имандылық - адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқор азамат етіп тәрбиелеп келген тарихи шындық.
Кеңес одағын мекендеген түркі тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік пікірлерінің ілкі бастау, түр төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы- Жүсіп Баласағұнидің (ХІ ғ. ), “Құдатғу білік”-атты шығармасы. Бұл-дидактикалық және этникалық жанрда жазылған шығарма. Қазақша “Құтты-білік”. Автор бұл еңбегінде ақылды адамның сөзі әрі көркем, әрі қисынды балатынын жеткізеді. Осындайлар жұрт алдында құрметке бөленеді. Жүсіп Баласағұн сөйлеу өнерін көзі мәңгі бітелмейтін мөлдір бұлаққа теңейді: Тіл адамды көкке көтереді, сондай-ақ “Бас қа пәле - тілден” дегендей, адам шайпау тілінен жазағада ұшырайды. Адам екі нәрседе қартаймайды: бірі-игі ісі, екіншісі-ізгі сөзі. Олай болса, әр көз жақсы қылықпен қатар, жақсы сөзің болсын, бұл екі қасиеттің бір-бірімен байланысып жатсын. “Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа”. “Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш” “Өлмей өмір сүре бергің келсе, артыңа жақсы іс пен дана сөз қалдыр”. Тіл мәдениеті, шешендік өнер жайлы сөз қозғағанда автор кейде психофизиологиялық мәні бар тұжырымдамалар жасағысы келеді мәселен, ол “Адамның сәні бетінде, бетінің сәні көзінде”-деу арқылы жақсы қылық пен жақсы сөздің адамдардың бет-пішнінен, мәнерлі қозғалыстарынан байқалып отыратындығын айтады. Сөйлеу өнеріне байланысты ойларын қорыта келіп, сөз құдіретіне адам бірден жетілмейді, ол мұны тәжірибе де, оқу-тәрбие процесі үстінде, жатпай-тұрмай үйрену арқылы меңгереді дейді”.
ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы қазақ ғұламарының ішінде өзіндік психологиялық түйіндерімен Дулат Бабатай ұлы да (1802-1871) ерекше көзге түсті. Ақындық өнер, сөз құдыреті туралы да терең толғанған ақын. Абайға дейінгі қазақ-ой пікірінің даму тарихында сөз дүлдүлдері жайында сындарлы пікір айтып, олардың психологиясын дөп басқан басқа ойшылды табу қиын. Оның “сөз жібек жіп, жыр кесте, құр сөзде күш болмас, ауызға салып шайнамай, жыршылардың шәйірі асыл сөзді езбеген, нысананы дәл басын, қалаған жерден көздеген” деген түйіндері творчестволық қызметтің психологиялық астарларына үңілуді меңзейді. Ақыл әр кез жақсы сөз жанға жібектей жайлы тиеді, ақылды адамның сөзі ықшам, тәртіпті, жүйелі келеді, шешендік, тілге жүйрік болу-адамға аса жарасамды сипат дейді. Ойлы сөз мірдің оғындай нысанаға дөп тиеді, сөз қуатты, әсерлі болса, қамал бұзады, мылжың сөздің ешқандай күші болмайды. Сөйлей білу-үлкен өнер, ол кез-келген адамға қонбайды, көпті көрген, өмірден түйгені мол адамдардың сөзі де, ісі де берекелі болады. Сөздің шашыраңқы болуы, ойдың көмескі мазмұнсыз, сәнсіз болуына алып келеді, ал ойсыздықтан асқан бишаралық жоқ. Ақын ойлы сөзді адамның жан-жүйесіне әсер ететін ерекше күш деп қарайды. Мәнді сөз кісінің-көңіл-күйіне мықтап әсер ететіндігін баса көрсетеді. Бұған ақынның:
Шешендіктің сәні жоқ,
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса, -
Дейтін түйіндері жақсы айғақ.
2. Шоқан Уәлиханов (1835-1865) -ол өзін терең тарихты, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, жалынды публицист, жан сырын ұққыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз ғұмырының ішінде білім-ғылымның көптегеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.
Ол кісінің пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін білгілердің бірі-сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. “Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрыпы, -деп жазды ол, -бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздарының молдығы-терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегі жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл”.
Қазақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі әмбебап ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) оқу-ағарту, тәлім-тәрбие саласында артына аса бай мұра қалдырды Ғалымның тіл мен сөйлеу психологиясы жайлы айтқандара аса мәнді “Тілдің міндеті, -деп жазды ол, - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау… Сөз көңілге сипат жағының көркемділігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады… Тіл дәлдігі деп ойлағын ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады… Психологиялық жағынан құнды тұжырым, өйткені қазақтың қазіргі кездегі ұлттық тәрбиесінің мықтап ақсап жатуының себебінің бірі-осы халықтың, әсіресе тәлімгер қауымның (мұғалім, ата-ана, құрбы құрдас т. б. ) өз ана тілін түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын өз дәрежесінде пайдалана алмай жүргендігінде. Егер тәлімгер атаулының сөз саптауы шорқақ, ойы саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады, сөздің тәрбиелік қадір-қасиеті, құны төмендейді. Олай болса, баланың сөз өнеріне жетілуінің, сөйлеу мәдениетінің арта түсуі үшін ерекше көңіл бөлу қажеттілігі ылғи да естен шықпауы тиіс.
Халел Досмұхамедов (1883-1939) -тіл, сөйлеу-адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін ерекше атап өтеді. “Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт-жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл-шатасқан тіл. Ол ел-сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең-ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесу-бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі зор қате”.
Нәзипа Құлжанова (1887-1934) -қазақ баласының психологиялық ерекшеліктерін жазбай танитын ол кісі ересектер мен бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне айрықша мән береді. Бұл жөнінде ол кісі былай дейді: “Балаға сусындай керегінің бірі-сөйлеу.
Түрлі білімнің түбірі-баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін қайтару арқылы оның сол білімге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) -- ерекше мән беріп, көтерген тәлімдік мәселенің бірі-жастарды ана тілді ардақтап, оны қадір тұтып, сүйе білуге тәрбиелеу мәселесі. Әр халықтың ұлттық психологиясының негізгі бір жағы-сол ұлттық тілі. Ұлттық тіл сол халықтың нақты тарихы, оның өмірінің, сана-сезімінің, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпының шежіресі. Кім де болса өз халқының тарихын, оның тілін дұрыс білмейінше, әрі жан-тәнімен сүймейінше өз халқының адал перзенті, сүйікті ұлы бола алмайды. Өз ұлтын, ұлттық тілін жөнді қастерлемейтін адамнан шын мәніндегі интернационалист шығуы да қиын. Ана тілінің адам психологиясынан алатын орнын жақсы көре білген бұл кісі, оны жастарда адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеудің басты құралдарының бірі деп түсінген. Ақын ұғымында ана тілі туған халқының, өзіңе ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген анаңның тілі. Дүниеде анадан жақын не бар? Сондықтан да осы тілді қадірлеп, ерекше құрмет тұтқан абзал. Ана тілі-бұл өмірге жаңа келген нәрестенің ә дегенде еститін бірінші дыбысы, ол жас өспірім жеткішектің айнала әлемде тамашалағанда білдіретін көңіл-күйі, ол бозбала мен бойжеткеннің бір-бірімен табысуындағы жүрек тілі. Олай болса, осы тілді ардақтап, ерекше қадір тұту қажет, қандай жағдайда да адамның бойында оның рухы сақталуы тиіс. Өз ана тілінде “шүлдірлеп, шолжыңдап, жығылып-сүрініп жүруге болмайды. Тіл қайнаған қанның, тебіренген жанның толғанған көңіл мен жүректің сығындысы, тілде әр кез маңыз және дәм болуы қажет. “Қазақ тілінде бастырған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ, дені бытпырық, қазақтығы “сіріге жамаған былғарыдай-деп, ақын өз ана тілін ардақтап, қадір тұтпайтын адамдарды аяусыз мінеп-шенеді, жастардың ана тіліндегі сауаттылығы үшін мұғалімдер мен ата-аналар қатты ойлануы қажет дейді. Өршіл де ойшыл ақынның осынау пікірлері қазіргі тіл туралы заңның іске асуы барысында қаншама маңызды екендігі өзінен-өзі түсінікті.
- Тіл-қатынас құралы және сөйлеу әрекеті
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес, сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласынын сана-сезімнін дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеутің пайда болуы нятижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппаратты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке не болы. Сөйлеу-адам санасының басты белгісі. Ол бізді жандарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуатты. Сөйлеу мен сананың біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы-қоғамдық әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл-адамзат қоғамның тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудін, нәтижесі.
Адамзаттың жануаролар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің бірі және өзіндік қасиеті-оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірібелерін ұрпақтан қалыптастырады, өмір тәжирібелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.
Тіл. Тіл дегеніміз-сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгішындық пен болмысты білдіретін бөлшек.
Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдін белгінің бірінші мәні-оның қоғамдық әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл-белгі, ал сөз-қару. Тілдін белгілердің екінші мәні-олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алыстындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz