СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I. СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
1. 1. Сөз таптарын оқытудың лингвистикалық негізі . . .
1. 2. Сөз таптарын оқытудың дидактикалық ұстанымдары . . .
II. СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ . . .
2. 1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында сөз таптарын оқытудың әдістемелік тұрғыдан зерттелуі . . .
2. 2. Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыларда сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . .
ҚОСЫМШАЛАР. . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы бағдарламасында Елбасы Н. Ә. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып «мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» [1; 15] - дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға.
«Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек » , - деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау. Бұл дегеніміз-білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану. [2; 7]
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технология қолданыс табуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе - сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер, технологиялар бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз- мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек. Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам жаңа педагогикалық технология қолданып келеді. Қазақ тілі сабақтарында әртүрлі жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу - өте тиімді. Қазақ тілі пәнінің ең ауқымды бөлімдерінің бірі - морфологияны оқытуда да, педагогикалық технологиялардың оқушылардың білім-білік дағдыларын арттырып, ой-өрісін кеңейтуде тигізетін септігі мол. Морфологияның басты нысаны - сөз таптарын оқыту негізінде шәкірттердің сын тұрғысынан ойлау жүйелерін қалыптастыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді айқындап алу - жұмыстың басты өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің, түрлі жаңашыл технологиялардың пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау - маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралай отырып, сөз таптарын оқыту негізінде оқушыларда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
─ әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастырудың негізгі принциптерінің, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан көрсету;
─ қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
─ сөздерді таптастыру принципіне жатпайтын сөздерді анықтап, сол жайлы толық мәлімет беру;
─ сөз таптарын сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері мен стратегияларын саралау, сол арқылы оқытудың негізінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау жүйелерін қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі. Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыларда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдарын көрсету, олардың ерекшелігін және оларды қазақ тілін оқыту кезеңінде қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеу пәні. Сөз таптарының зерттелуі, сөз таптарының зерттелуіне байланыстығалымдардың айтқан пікірлерін қарастыра отырып, сөз таптарын оқытудың жолдарын көрсету, сөз таптарының бағдарламада, оқулықта берілу, оқыту жолдарын қарастыра отырып, нақты мысалдармен дәлелдеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Сөз таптарын оқытудың өзіндік ерекшелігін, әр сөз табының жасалу жолдарын, түрлерін, өзіне тән категорияларын сөйлемдегі қызметін, өзіндік қасиетін әр оқушы толық пайдаланатын әдебиеттер тізімімен меңгерсе, оны өмірінде қажетіне жаратса, әр сөздің мәнін, қызметін ажырата біледі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
─ сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.
─ қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.
─ сөздерді таптастыру принциптеріне сай келмейтін сөздерді анықтап, зерттеп, жан-жақты қарастырылды.
─ сөз таптарын оқыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының көптеген әдіс-тәсілдерінің, стартегияларының тиімді де жақсы септігін тигізетіндігі, және оларды саралап алу қажеттігі туатындығы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі . Сөз таптарының зерттелуін, ол жайында айтылған ғалымдардың пікірлерін тиянақтай отырып, сөз таптарын оқыту жайындағы ғылыми кітаптар, оқулықтар, мақалалар, сөздіктер, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер.
Зерттеу әдістері. Библиографиялық әдіс, зерттеу әдісі, жинақтау, салыстыру, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық тұрғыдан талдау, қорытынды жасау.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, дерек көздерінен және қосымшалардан тұрады.
I. СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Сөз таптарын оқытудың лингвистикалық негізі
Сөз таптары - тіл білімінің негізі. Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Мысалы, бастауыш, орта, жоғары мектептерде тілді оқытудың негізгі түйіндері, сайып келгенде, сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады; сондай-ақ, тілдің грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселелерді алсақ, оларды сөз таптарына байланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Олай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің грамматикалық құрылымының әрі кіндік қазығы, әр негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында, тереңірек үңілсек, сөз табы грамматиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны (грамматиканы) лексикамен байланыстыратын да негізгі баспалдақ сияқты. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын (түбірінің, негізін, қосымшаларын) талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзегі, ең түйінді, ең басты мәселесі.
Сөз табыдеп - жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтады. [3; 17]
Тілдегі барлық сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда, екі түрлі нысана «темір қазық» («шамшырақ») болуға тиіс.
Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Олардың терминдік, лексика-грамматикалық мәні контексте, сөйлем ішінде анықталады, өйткені сөз мағынасы әр қилы. Мектеп грамматикасында сездердің лексика-семантикалық мәні ережелер арқылы беріледі.
Зат есім заттың атын(кітап, ағаш, сүт), сын есім заттың сынын көрсетеді:ақ, қара, жақсы, үлкен, сарыт. б. Сондай-ақ сан есім заттың санын(үшеу, екінші, бес, елу, отыз), етістік істің қимыл процесін білдіреді:айту, алу, көру, жүрут. б. Осындай тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан анықтайды.
Екіншіден, барлық сөздерді белгілі-белгілі грамматикалық сөз таптарына телу, олардың өзді-өздеріне тән түрлену өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу қабілетін, өзге сездермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелері - тікелей грамматикада қаралатын мәселелер. Ендеше, қанша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Ал, сөздердің, сөз таптарының грамматикалық жақтарын ескеру деген сөз - олардың грамматикалық сипаттарын анықтау дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табы және оларға енетін жеке сөздер грамматикалық тұрғыдан да қаралып талдануы қажет.
Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да бірдей ескерілуі керек.
Сөз таптарының морфологиялық белгісі. Сөз таптарының морфологиялық белгісі - әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, ол формалардың грамматикалық ерекшелігіне қатысты. Мәселен, зат есім түрленсе (септелсе, көптелсе, тәуелденсе), өзінің номинативтік мағынасынан айырылмайды, сын есім ондай емес, өзінің мағынасынан айырылып, субстантивтенеді. Сын есімде шырай категориясы болса, басқа сөз таптары олай емес. Етістікте шақ категориясы болса, басқа сөз таптарында ол жоқ. Басқа сөз таптарына жұрнақ қосу арқылы сан есім жасалмайды, тек өз ішінде лексика-грамматикалық топтарға бөлініп жатады.
Сөз таптарының синтаксистік белгісі. Сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесіне бейім тұрады. Мәселен, зат есім атау тұлғасында бастауыш болса, сондай формадағы сан есім мен сын есім көбінесе анықтауыш: етістік - баяндауыш, үстеу - пысықтауыш болады. Сөз таптарының сейлемдегі осындай функциясы - синтаксистік қызметі деп аталады. Бірақ мұнан олар басқа формаларда, тіркестерде тұрып, сөйлемнің басқа мүшесі бола алмайды деген қорытынды шығаруға болмайды.
Сөз таптарының шығуы, зерттелуі. Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз топтарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарын классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
Қазақ тілінде сөз таптастыру проблемасының зерттеліп жарық көруі ХХ ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы - 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген А. Байтұрсынов жазған оқулық.
Бұған қарап, А. Байтұрсынов тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінің берік іргетасын қалаушы деуімізге болады. Автордың сөздерді тапқа бөлуінде А. Байтұрсыновтың терминдерін қолданбаудан туған кейбір өзгешеліктер ғана бар. Ең алдымен, тілдегі сөздерді түбір тап, шылау тап, одағай тап үш топқа бөледі.
Автордың сөздерді тапқа бөлуге критерий етіп алған түрлі белгісінің қазақ тілі үшін мәні бірдей еместігі, ең маңызды белгі сөздің семантикалық жағы екендігі бұл күнде талас туғызбайтын қағида болса керек.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тіліндегі сөз таптарының 9 түрін ажыратқан:1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) етістік, 5) есімдік, 6) үстеу, 7) демеу, 8) жалғаулық, 9) одағай сөздер. Ахмет Байтұрсынұлы сөз таптарының әрқайсысына жеке тоқталып, сипаттама берген.
Зат есімге анықтама беріп, оның жалқы, жалпы, деректі, дерексіз белгілеріне де тоқталған. Зат есімде 2 айырыс бар: 1) жекелік(жекеше түрі), 2) көптік (көпше түрі) .
Жекелік айырыс - нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата, дене, белбеу, ой т. б.
Көптік айырыс - нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар, ойлар, денелер, белбеулер т. б.
Зат есімде 2 қалып бар: 1) жай қалып, 2) тәуелді қалып. Жай қалып - нәрсенің битараф күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата, дене, белбеу. Тәуелді қалып - бір нәрсені екінші нәрсеге меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалып 2 түрлі болады: 1) оңаша тәуелдік, 2) ортақ тәуелдік.
Сын есім. Нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім дейміз. Сын 2 түрлі болады: 1) тек сыны (қатыстық), 2) сыр сыны (сапалық) .
Тек сыны - нәрсенің тегін көрсетеді, мәселен: ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік т. б.
Сыр сыны - нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, тегін, тұлғасын, жайын көрсетеді., мәселен: биік, ласа, жуан, толық т. б.
Сын есімнің 3 шырайы бар:
Жай шырайТалғаулы шырайТаңдаулы шырай Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді, мәселен: тентек бала, жуас ат.
Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді, оны көрсету үшін «рақ», «рек» деген талғау қосымшалары тіркеледі: жақсы - жақсырақ, зерек - зерегірек.
Таңдаулы шырай нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер қосылып айтылады. Мәселен: ең жақсы, тап зерек.
Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер дей келе сан есімнің екі мағыналық түрін көрсеткен: 1) есептік, 2) реттік.
Есімдіктің бес түрін ажыратады: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі (жалпылау есімдігі), 5) танықтық есімдігі (болымсыздық есімдігі) .
Етістік дегеніміз - заттардың еткен-етпегенін көрсететін сөздер.
Етістіктің болымды, болымсыз, көсемше, есімше категорияларын ажырата келе, етістің он түрін ұсынады: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс.
Рай категориясының 14 түрін көрсетеді: 1) тұйық рай, 2) билік рай, 3) ашық рай, 4) шартты рай, 5) ереуіл рай, 6) реніш рай, 7) қалау рай, 8) сенімді рай, 9) сенімсіз рай, 10) мұң рай, 11) көніс рай, 12) қайрау рай, 13) азалы рай, 14) теріс рай.
Көсемшенің үш түрі: 1) үнемді көсемше, 2) үнемсіз көсемше, 3) ниетті көсемше, есімшенің үш түрін: 1) осы шақтық есімше, 2) өткен шақтық есімше, 3) ұйғарынды есімше сияқты түрлерін айқындаған.
Үстеу дегеніміз - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер. Үстеудің 5 түрі бар: 1) нықтаулық, 2) сынаулық, 3) өлешеулік, 4) мезгілдік, 5) мекендік.
Одағай дегеніміз - одағайланып, оңаша айталытн сөздер. Одағайлардың 3 түрі бар: 1) ілездік одағай, 2) еліктеу одағай, 3) шақырыс одағай. [3; 199-261] .
Ал, 1930 жылдардан бастап морфологияның жеке мәселелеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми-педагогикалық журналдар - «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі», оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі-жиі көріне бастайды. Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке сөз таптарына, қосымшаларға арналған отызға тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ. Жұбанов, X. Басымов, Ш. X. Сарыбаев, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, С. Аманжоловтар жазған.
30-жылдарға дейінгі жарық көрген еңбектерді қазақ тілінде пәлен сөз табы бар дегені болмаса, сөздерді түрлі топқа бөлудің принциптері жөнінде ештеме айтылмайтын. Н. Сауранбаевтың «Сөз таптары» атты мақаласында осы мәселе талданады. Автор: тілдердегі сөздерді тапқа бөлуде ғылымда қалыптасқан үш түрлі принцип бар, олар «семантикалық, синтаксистік, морфологиялық белгілер» деп жазады да, осы үш түрлі белгілерді мысалдар арқылы талдай келіп, қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлуде сөздердің мағыналық жақтарына шешуші мән берілу керек деген дұрыс қорытынды жасайды.
Сөздерді әр түрлі кластарға бөлу, олай бөлуге негіз болатын принциптерді айқындау ісімен профессор Қ. Жұбанов та айналысқан.
Жұбанов ойынша, сөздерді тапқа бөлуде олардың тек мағыналық жағына ғана көңіл аудару жеткіліксіз. Сөз табын ашу үшін үш түрлі өлшеуді қатар алып отыру дұрыс. Үшеудің бірдей сынына толса, сонда ғана бұл пәлендей сөз табы деуіміз керек. Ол үшеудің бірі - мағына, екіншісі - морфология, үшіншісі - синтаксис деп бүгінгі күні қазақ тіл білімінде орныққан сөз таптастырудың үш принципінің атын атап, түсін түстеп көрсетеді[4; ] .
Отызыншы жылдардың аяқ кезінде жариялған морфологияға тікелей қатысы бар тағы бір еңбек - орта мектепке арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулық. Бұл - 1938 жылы баспадан шыққан, авторы - С. Аманжолов. Өз кезінде бұл оқулықтың біраз кемшіліктерін сынға алған мақалалар болған. Шынында да, еңбектің жоғарыда талданған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов оқулықтарынан теориялық дәрежесі төмендеу болатын. Алдыңғы еңбектер сияқты мұнда да өздерді тұлғасына, тобына қарай жіктейді.
Морфология тұрғысынан алғанда 30-жылдардың алдыңғы он жылдан өзгешелігі - бұл саланы тек оқулық көлемінде ғана емес, ғылыми мақалалар жазу арқылы тереңірек зерттеуіге талпынудың алғашқы бастамасы көріне бастады. Сол кездегі педагогикалық журналдар мен Ұлт мәдениеті институтының ғылыми жинақтарында X. Басымовтың, С. Аманжоловтың қазақ тілінің қосымшаларын зерттеген мақалалары, сөздерді тапқа бөлуде басшылыққа алынатын принциптерді айқындауға арналған С. Жиенбаевтың т. б. еңбектері жарияланды. Сөйтіп, алдағы уақытта тек практикалық қана емес, теория мәселесіне де көңіл бөлудің алғашқы қадамы жасалды.
Қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты морфологияның да жоспарлы түрде кең көлемде зерттелуі 40-жылдардан басталады. Бұл онжылдықтың атап айтуға тұрарлық бір жаңалығы - қазақ тіл білімінің салаларын даралап арнайы зерттеу, солардың негізінде (кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау болды. Мұндай зерттеулерде ғылымның басқа салаларынан гөрі морфологияға қатысты мәселелер көбірек қамтылды. Тек 40-жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, көсемше, етіс шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
40-жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектердің бір елеулісі - Н. Сауранбаев пен Ғ. Бегалиев жазған «Қазақ тілінің грамматикасы». Осы еңбектің морфология деп аталатын саласы «Сөз» деген тақырыппен басталады. «Морфема» дейтін грамматикалық термин қазақ тілі білімінде алғаш рет осы оқулықта қолданылған, бірақ авторлар оны қосымша формалардың ғана атауы деп түсіндіреді. Қ. Жұбанов еңбегінде өзгертіп қолданған грамматикалық терминдерді соңғы авторлар А. Байтұрсынов қолданған атаулармен атап, дұрыстаған. [5; 45-46 ]
Қ. Жұбанов сияқты соңғы авторлар да сөздерді тұлғасына қарай алты түрге бөледі. Терминдік өзгешеліктері болмаса, әр тұлғадағы сөздерді түсіндірулерінде А. Байтұрсынов Қ. Жұбановтан айтарлықтай бөтендік жоқ.
Қ. Жұбанов сияқты бұл авторлар да сөздерді тапқа бөлгенде олардың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері бірдей дәрежеде ескерілуін талап етеді. Қазақ тіліндіге сөздерді сегіз тапқа бөлу дұрыс емес деп тауып оларды есімдер, етістіктер, есімдіктер, үстеулер, көмекшілер, одағайлар деп алты түрге бөледі.
Сонымен, терминдік, классификациялық ала-құлалықтарына қарамстан 40-шы жылдар ішінде қазақ тілі морфологиялық жүйесі А. Байтұрсынов қалыптастырған негізде ілгері дамыды. Бұған түркологияның 30-40 жылдар ішіндегі түркі тілдері грамматикалық құрылысын зерттеуде қол жеткен табыстарының да игілікті әсерi аз болмаса керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz