Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары


сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
І. СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Сөз таптарын оқытудың лингвистикалық жолдары . . . 5
1. 2. Сөз таптарын оқытудың дидактикалық ұстаным зерттеулері . . . 22
ІІ. СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1. Қазақ тілінде оқыту әдістемесі ғылымында сөз таптарын оқытудың әдістемелік тұрғыдан зерттелуі . . . 31
2. 2. Сөз таптарын оқытуда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі : Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және информация көлемінің әр үш-бес жылда екі еседей өсіп отыруы, әсіресе, ой еңбегін, оқыту үрдісін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр. Сондақтан қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат - оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыра білу. Осы мақсатқа жетудегі бірден-бір тиімді жолы - оқытудың инновациялық технологияларын сабақта тиімді қолдану. Оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолдану - оқушының сыныптағы іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру тәсілінің бір формасы, яғни, оқытудың жаңаша жүйесі. Педагогикалық технологияны ұтымды қолдану оқушылпарға жан-жақты білім берумен шектелмей, сонымен бірге білімнің қалыптасу жолын түсіндіреді. Мемлекеттік тілге қатты көңіл бөліп тұрған кезеңде қазақ тілін жаңа педагогикалық технология негізінде оқыту - бүгінгі күннің талабы. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылы 7 ақпандағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлім маңызды шарттарының бірі қоғамдығы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанда жүйесінің қызмет етуін ұйымдастырумен қамтамасыз ету болып табылады. Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек», - деген. Сондай-ақ, Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білімде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» деген тұжырымдамалары да қазақ тілін оқыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлудді талап етіп отыр.
Қазақ тілін жаңа технология негізінде оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаны дамытуда мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темперамент, мінезі-құлық, көзқарас, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік достары және т. б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалауы; 3) Әр-бір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақ-сатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыру, ал егер мұны уақ-тылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшіл-дігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
Ғылымның қай саласы болмасын қоғамдағы өзгерістерге қарамастан үнемі даму, өзгеру үстінде болатыны белгілі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымы да лингвистика, педагогика, психология ғылымдарындағы жаңа зерттеулер негізінде үнемі дамып, өзгеріп отырады. Алайда қоғамдағы өзгерістер мен әр түрлі қатынастар ғылым дамуына белгілі бір дәрежеде әсер де етіп отырады. Қазақ тілін оқытудағы осындай тиімді оқыту технологияларының бірі - сөз таптарын оқыту негізінде оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту мәселесі шетел ғалымдары Дженни Стилл, Курт Мередит, Чарльз Темпл, Скот Уолтертердің «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» атты әдістемелік құралында қарастырылған, бұл еңбекте ғалым-педагогтар аталған технологияның мақсат-міндеттерін анықтап, тиімділігін көрсетті. Ал аталмыш технологияның философиясы мен теориясын ресейлік ғалым Л. С. Выготский мен американдық ғалым Джон Дьюи жасалған [35] . Осы еңбекке сүйене отырып, қазақстандық білім қызметкерлері өз тәжірибелеріне енгізген сын тұрғысынан ойлау технологиясының оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға көп септігін тигізгенін айтады. Мұндай пікірлер бұқаралық ақпарт құралдарында мақала түрінде ғана жарияланғанымен, сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері ашылып, қазақ тілінің белгілі бір салаларын оқытуда осы технология бойынша жүйеленген практикалық жұмыс түрлері жоқ екендігін айтып өткен жөн.
Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, психологиялық еңбектерді зерттей келе, оқытудың инновациялық технологияларының ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы әлі де болса зерттей түсуді қажет ететіндігін ескере отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары» деп таңдау қажеттілігі туындады.
Осы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын жан-жақты зерттеп, өз тәжірибемізге енгізе отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымызды жүргізіп, біраз жұмыстар істелінді.
Педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы педагогикалық оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына асуыстыру, оларды ізбе-із сыныпта қолдану көзделінді. Мұғалім үшін жызылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат нәтижелерінің нақтылығымен, білім мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу түрлерінің біртұтастылығымен анықталады. Мақсат қою мен тұрақтылықты сақтау басты қағидалары ретінде анықталады [1, 37] .
Осы сияқты мәселелер, жемісті жұмыстар тақырыптың өзектілігін арттыра түседі
Зерттеудің мақсаты: сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастырудың жолдарын теориялық тұрғыда зерттеп, білім сапасын көтеруде алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып шығармашылық қабілетін арттырудың жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні: сөз таптарының зерттелуі, сөз таптарының зерттелуіне байланысты ғалымдардың айтқан пікірлерін қарастыра отырып, сөз таптарын оқыту жолдарын көрсету; Сөз таптарының бағдарламада, оқулықта берілу, оқыту жолдарын қарастыра отырып нақты мысалдармен дәлелдеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу нысаны: Сөз таптарын оқыту негізінде оқушының сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жолдарын көрсету, олардың ерекшеліктерін және оларды қазақ тілін оқыту кезіндегі қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында салыстыру, талдау, жинақтау, схема жасау, статистикалық, библиографиялық әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: сөз таптарын оқытудың өзіндік ерекшелігін, әр сөз табының жасалу жолдарын, түрлерін, өзіне тән категорияларын, сөз таптарының сөйлемдегі қызметін, өзіндік қасиетін әр жасжеткіншек толық меңгерсе, оны өмірде қажетіне жаратса, әр сөздің мәнін, қызметін ажырата біледі.
Зерттеудің міндеттері:
- Сөз таптарын оқыту негізінде оқушының сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жолдарына сипаттама беріп, қызметін айқындау.
- Сөз таптарын оқыту негізінде оқушының сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жолдарын ғылыми негізде жүйелеу.
- Сөз таптарын оқытудың лингвистикалық жолдары көрсету.
- Сөз таптарын оқытудың дидактикалық ұстанымын анықтау.
- Қазақ тілінде оқыту әдістемесі ғылымында сөз таптарын оқытудың әдістемелік тұрғыдан зерттелуін көрсету.
- Сөз таптарын оқытуда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: сөз таптарының зерттелудерін, ол жайында айтылған ғалымдардың пікірлерін жинақтай отырып, сөз таптарын оқыту жайындағы ғылыми кітаптар, оқулықтар, мақалалар, сөздіктер, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, әр тарау бірнеше тақырыптардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Әр бөлімге қысқаша тоқталатын болсақ, кіріспе бөлімде зерттеудің аппараты: көкейкестілігі, мақсаты, зерттеу пәні, нысаны, міндеттері, ғылыми болжамы айқындалып, жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы, зерттеу кезеңдері, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін енгізу жолдары сипатталды.
« Сөз таптарын оқытудың лингвистикалық негізі» атты тармақта сөздерді таптастырудың үш принципі, осы аталған үш принципке сәкес келетін сөз таптары жайлы қысқаша сөз болып, сөздерді таптастырудың үш принципіне сәйкес келмейтін шылау сөздер, одағай сөздер мен модель сөздер жайлы толық ақпарат берілді.
« Сөз таптарын оқытудың дидактикалық ұстанымдары» атты тармақта дидактика, дидактикалық принциптердің түрлері, қазақ тілі оқулығы, қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасының дидактиканың ғылыми принципін басшылыққа алып жасалатындығы жайлы сөз болды.
«Қазақ тілінде оқыту әдістемесі ғылымында сөз таптарын оқытудың
әдістемелік тұрғыдан зерттелуі» атты тармақта сөз таптарын оқыту, сөз таптарын оқытудың дидактикалық-әдістемелік негізі, сөз таптарын оқытуда қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру, сөз таптарынан оқытуда берілетін білім көлемі жайлы ақпараттар берілді.
«Сөз таптарын оқытуда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары» атты тармақта сөз таптарын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі айқындалып, оқушылардың ізденісі мен ойлауын қалыптастыру, дамыту жолдары анықталды.
Қорытынды бөлімде болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
І. СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Сөз таптарын оқытудың лингвистикалық негізі
Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе.
Тіл білімінде сөздерді таптастыру белгілі ғылыми негізге сүйеніп, жүзеге асырылады. Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз болатын үш ұстаным қалыптасқан, олар: 1) сөз табының ортақ семантикалық мағынасы; 2) сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері; 3) сөздердің синтаксистік қызметі. Осы ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық.
1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын сөздердің бәрі заттық ұғымды, заттың атын білдіреді. Мұндай мағынасы жоқ сөздер зат есім сөз табына жатпайды. Заттық мағына, заттық ұғым - зат есім сөздердің бәріне ортақ жалпы мағына. Зат есім сөз табының ортақ жалпы мағынасы - бүкіл осы бір сөз табына жататын сөздердің бәрінен абстракцияланып алынған жалпы грамматикалық мағына. Ол мағына - зат есім сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасынан мүлдем басқа мағына. Мысалы, кітап, дәптер, ағаш, жидек, шөп, су, теңіз деген сөздердің әрқайсысы өмірдегі белгілі заттардың аты, ол - олардың лексикалық мағынасы. Ал, осы сөздердің бәрі заттың атын, заттық ұғымды білдіреді, бұл мағына осы сөздердің бәрінде бар, бәріне қатысты және басқа да зат есім сөздің бәріне тән, оларға ортақ мағына. Сондықтан да лексикалық мағына мен сөз табының ортақ жалпы грамматикалық мағынасы - екі түрлі мағына, екі түрлі тілдік құбылыс.
Семантикалық ұстаным барлық сөз табына қатысты. Мәселен, сын есім сөздердің семантикалық ұстанымы - сындық белгіні білдіруі, сондықтан сын есімге тек сындық белгіні білдіретін сөздер ғана жатады. Сан есім сөздердің семантикалық ұстанымы - сандық ұғым, етістік сөз табының семантикалық ұстанымы - қимыл ұғымы, үстеудің семантикалық ұстанымы - қимылдың белгісін білдіру, есімдіктің семантикалық ұстанымы - олардың басқа сөздердің орнына қолданылу қабілеті, жалпылық мағынасы т. б.
Сөздерді сөз таптарына таптастыруда семантикалық ұстаным негізгі қызмет атқарады.
2. Сөздерді таптастыруда семантикалық ұстаныммен қатар, сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі, яғни, екінші ұстаным болып саналады. Морфология - тілдегі сөздердің түрлену жүйесін зерттейтін ғылымының саласы. Ал сөздер сөйлемде тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша түрленеді. Мысалы:
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім (М. Ж. )
Осы өлең жолдарындағы түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта аларсың және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады. Бірінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар, етістік сөз табына ғана тән жұрнақтар: -п, -кен, -а, -ар, -сың. Екінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар, зат есімге тән жалғаулар: -лар, -ың, -ды, -ың, -ың, -мен, -ім.
Сөйлемдегі бірінші топтағы сөздердегі қосымшалар екінші топтағы сөздерге жалғанбайды, өйткені олар етістікке ғана тән қосымшалар. Керісінше, екінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар бірінші топтағы сөздерге жалғанбайды, себебі олар зат есімге тән қосымшалар. Демек, сөзді түрлендіру заңдылығы бойынша тілдегі сөздердің түрленуі сөздердің белгілі топтарына қатысты. Жоғарыда келтірілген 1-топтағы сөздер - етістік, оларды түрлендіретін өз қосымшалары бар, 2-топтағы сөздер - зат есімдер, оларды түрлендіретін өз қосымшалары бары мысалдардан көрінді. Олай болса, тілде қалыптасқан заңдылық бойынша тілдегі әр сөз өзінше түрлене бермейді, сөздердің түрленуі белгілі бір сөз таптарына қатысты және әр топтың өзінің түрлену жолы бар. Мәселен, зат есімнің түрленуі мен етістіктің түрленуі бір емес, сондай-ақ етістіктің түрленуі мен сын есімнің түрленуі басқа-басқа. Айталық, заттық ұғымды білдіретін сөздер көптеледі, септеледі, тәуелденеді, сындық белгіні білдіретін сөздер шырайдың грамматикалық формаларыарқылы түрленеді, етістіктер шаққа, райға, жаққа түрленеді де, сөйлемде түрлі тұлғада қолданылады. Сөйлемде сөздердің түрлі тұлғада қолданылуы жеке сөздерге қатысты емес, сөздердің белгілі тобына қатысты. Сондықтан сөздерді таптастыруда сөздердің тобының түрленуіне көңіл бөлінеді. Сөздердің тобының түрленуі оларда қандай грамматикалық категорияларының барына байланысты. Осымен байланысты, сөз таптарының грамматикалық категорияларын орыс тіл білімінде морфологиялық категориялар деп атау да бар. Демек, сөздерді таптастыруда әр топтағы сөздердің өзіне тән грамматикалық ерекшелігі, грамматикалық құбылысы, грамматикалық сипаты есепке алынады. Есте боларлық жай тілдегі сөздердің топтарының бәрінің грамматикалық категориясы болуы шарт емес, өйткені кейбір сөз таптарының грамматикалық категориялары жоғы да бар. Мысалы, еліктеуіш сөздер, үстеу, одағай т. б. Мұндай жағдайда осы сөздердің түрленбеуінің өзі оның грамматикалық белгісі, сипаты болып есептеледі. Сонда сөздерді топтастыруда сөз таптарының грамматикалық сипаты сөздерді таптастыруда негізгі қызмет атқаратын ұстанымдардың бірі саналады.
3. Сөздерді сөз таптарына таптастыруда негізгі ұстанымдардың бірі болып сөздердің синтаксистік қызметі саналады. Морфологияның сөздерді түрлендіру жүйесінің қызметі, мақсаты - сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен дұрыс байланысқанда ғана, сөйлем байланысты ойды білдіреді, яғни, адамдардың тіл арқылы пікірлесіп, бір-біріне ойын білдіруі сөйлемдегі сөздердің байланысына тікелей қатысты. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі қалыптасқан. Әр сөзтұлғаның сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ал, сөздердің түрленуі сөз таптарына қатысты болғандықтан, сөз таптарын таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі сөздерді таптастыру ұстанымдарының 3-белгісі, 3-түрі саналады.
Демек, сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік қызметі ескеріледі. Мәселен, зат есім сөздердің бастауыш, толықтауыш қызметін атқаруы, сын есім, сан есім сөздердің анықтауыш, үстеудің пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда есепке алынады.
Осы сөз таптары сөйлемнің басқа да мүшелерінің қызметін атқара береді. Зат есім сөйлемнің анықтауышы да, пысықтауышы да, баяндауышы да бола береді. Бірақ, бұл қызметтерді зат есімнің белгілі топтары ғана атқарады, яғни, бүкіл зат есім сөздер атқармайды, олардың белгілі топтары, белгілі жағдайда ғана атқарады. Мәселен, анықтауыш қызметті зат есім сөз екінші заттың неден жасалғанын білдіру үшін, екінші заттың алдынан тірескенде атқарады. Мысалы, алтын сағат, кірпіш үі, темір кереует т. б. Зат есім ішінде мекен, мезгіл мәнді зат есімдер мекен мәндісептіктерде қолданылғанда ғана, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, қалада тұрады, күзде келеді т. б. Зат есім ішінде адам аттары, мамандық мәнді зат есімдер сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданыла алады. Мысалы: Сен инженерсің! Оның ағасы - Асқар.
Ал, зат есімнің бастауыш, толықтауыш қызметін барлық зат есім сөздер атқарады, бастауыш, толықтауыш қызметін атқара алмайтын лексикалық мағыналы зат есім жоқ. Сондықтан, бастауыш пен толықтауыш - зат есімнің басты синтаксистік қызметі.
Алайда, тілде әр түрлі синтаксистік қызмет атқаратын да сөз табы бар, ол - есімдік. Есімдік - табиғатында әр түрлі сөз табының, әр түрлі сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Осымен байланысты есімдік қай сөз табының сөзінің орнына қолданылса, сол сөздің синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы: Асан ауылы - бұл ауыл, жақсы адам - осы адам, қандай адам? 1000 адам - барлық адам, көрген қойылым - осы қойылым т. б. Сондықтан да ғылымда есімдікті орынбасар сөз деп атау да кездеседі. Сөздерді топтастырғанда, есімдіктің жалпы семантикасы, орнына қолданылған сөз табының қосымшасымен түрленуі, синтаксистік қызметін қызметін атқаруы негізге алынады. Сондай-ақ, сөйлем мүшесі қызметін атқармайтын сөз таптары да бар, олар - шылаулар мен одағайлар. Олардың синтаксистік қызмет атқармауы синтаксистік белгісі саналады.
Ахмет Байтұрсынов сөздерді мағынасына қарай тоғыз тапқа бөледі:
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім есімдеуіш атау сөздер
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу (үстеуіш)
7. Демеу (демеуіш) шылау сөздер
8. Жалғау (жалғауыш)
9. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)
Ахмет Байтұрсынов шылау сөздерді үшке бөледі: 1) үстеу, 2) демеу,
3) жалғаулық.
І. Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толтыру үшін үстеу болады. Мәселен, «әрең келдім» дегенде, «әрең» демесем де, келгенім көрініп тұр, бірақ «әрең»-ді қосқанда келгендік үстіне қалай келгендік көрініп тұр. «Әбден бітірді» дегенде «әбден» демей де, бітіргендік көрініп тұр; бірақ қалай бітіргендік көрінбейді; «Бітірді»-нің үстіне «әбден» деген сөз жамалса, қалай бітіргендігі де көрінеді, «дөп тиді» дегенде тигендігі «дөп» деп айтпасақ та, көрінеді, бірақ қалай тигендігі көрінбейді; «дөп» деген сөзді қосып айтсақ, қалай тигендігі де көрінеді. «Ол әрі кетті», «мен бері келдім» дегенде «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ та оның кеткендігі, менің келгендігім көрініп тұр. Бірақ оның қалай кеткендігі, менің келгендігім «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ көрінбейді. Сондай-ақ «бұрын адам аз, жер кең болған; енді адам көп, жер тар болды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам аз болғаны, жер тар болғаны көрініп тұр, бірақ адам қашан аз болғаны, жер қашан кең болғаны көрінбейді. «Бұрын» деген сөзді қосып айтсақ, қашан аз болғаны көрініп, сөздің мағынасы түгелденеді. «Енді» деген сөзді айтпай «адам көп, жер тар болды» десек те, адам аз жер тар болғандығы көрінеді. Бірақ қашан солай болғандығы көрінбейді. «Енді» деген сөзді қосып айтсақ, адам қашан аз болғандығы, жер қашан тар болғандығы анық көрініп сөздің мағынасы түгелденеді.
Осындай сөз үстіне қосылып сөздің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз.
ІІ. Демеу дегеніміз - екі сөздің яки сөйлемнің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мәселен: «Мен де, сен де сонда болдық», «ол оқиды да, жазады да».
«Да», «де» деген сөздер екі арасындағы жүйесін келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Не ол тұрар, не мен тұрармын». «Бұл жұмыс не бітер, не бітпес немесе осы күйінде қалар».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz