Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздеу және тиімділігін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: МОТИВАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ: Мотивация түсінігі
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ: Мотивацияның жас ерекшеліктері
4: 9
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4: 16
: 2. 1
КІРІСПЕ: Спорттағы мотивация
4: 16
: 2. 2
КІРІСПЕ: Дене шынықтыру сабағына қатысты мотивациялық негіздердің даму технологиясы
4: 18
: 2. 3
КІРІСПЕ: Оқушылардың мектептегі дене шынықтыру сабағына деген қарым-қатынасы
4: 24
: 2. 4
КІРІСПЕ: Оқушылардың мектептегі дене шынықтыру сабағына оң мотивациясын тудыру әдісі ретінде ұлттық ойындарды оқу жүйесінде пайдалану
4: 29
:
КІРІСПЕ:
4:
: 3
КІРІСПЕ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН АЙНАЛЫСУҒА МОТИВАЦИЯЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
4: 33
: 3. 1
КІРІСПЕ: Мектеп оқушыларында дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қажеттілігін тудыратын мотивтер
4: 33
: 3. 2
КІРІСПЕ: Мектеп оқушыларында дене шынықтырумен айналысуға мотивациясын қалыптастыруды экспериментті түрде негіздеу.
4: 39
: 3. 3
КІРІСПЕ: Мектепте дене тәрбиесіне баулу үрдісін жетілдірудің негізгі бағыттары
4: 45
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 50
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 52
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
4: 55

КІРІСПЕ

Мектептік білім берудің ең ерте мәселелерінің бірі оқушылардың оқуға деген мотивациясын қалыптастыру мәселесі болып табылады. Бұл мәселені А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович, т. б. сияқты көптеген педагогтар мен психологтар қарастыруда. Баланың оқуға деген қызығушылығын жоғарылату, яғни мотивты қалыптастыру мәселесін көтерген де осы жоғарыда аталған зерттеушілер болатын.

Әрбір ұстаз өз оқушыларының жақсы оқығандығын, сабаққа ынта-жігермен және қызығушылықпен қатысқандарын қалайды. Оқушылардың ата-аналарының да көздегені осы. Бірақ, көп жағдайда мұғалімдер мен ата-аналарға өкінішпен былайша түйіндеуге тура келеді: «оқығысы келмейді», «оқитын қабілеті бар, ал ниеті жоқ». Мұндай жағдайларда біз оқушының оқуға қызығушылығының болмауымен, білімге деген қажеттілігінің қалыптаспауымен бетпе-бет кездесеміз.

Оқуға деген қажеттіліктің мән-мағынасы неде?

Ол қалай туындайды?

Ол қалайша дамиды?

Оқушылардың білім алуға деген мотивациясын қалыптастыру үшін қандай педагогикалық құралдарды қолдану керек?

Бұл сұрақтар көптеген педагогтар мен ата-аналарды мазалайды.

Ұстаздар, егер оқушы оқу мен білімге немқұрайлылықпен, қызығушылықсыз, қажеттілігін ұғынбай қарайтын болса, оқушыны жетістікпен оқыту мүмкін еместігін жақсы біледі. Сондықтан кез-келген мектептің алға қойған мақсаты баланың оқу қызметіне деген оң мотивациясын қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Оқушы жұмысқа шынымен нақтылы кірісуі үшін, оқу қызметінің барысында оқушының алдына қойылған мақсаты оған түсінікті болуы керек және ішкі жан-дүниесімен қабылдануы керек, яғни оқушы үшін бұл мақсат-міндеттер мән-мағыналы болуы керек.

Тақырыптың теориялық және тәжірибелік өзектілігі. Мотивацияны қалыптастыру мәселесінің жеткілікті түрде зерттеліп, жобаланбағандығы дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде «Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру» мәселесін алуға негіз болды. Мотивация мәселесі көкейкесті болып табылады. Бұл мәселе көбінесе отандық және шетелдік психологияда көрініс табуда. Бұл, бір жағынан, тәжірибеге психологиялық зерттеулерді ендіру, адамның нақты мінез-құлқын ашу, оны іске асыру бүгінгі күні адам заңдылықтарын нақты білуді талап етуінен туындайды, әсіресе оны іске асыру жағынан алғанда.

Келесі жағынан алатын болсақ, адамның психикасын әлеуметтік бөлу арқылы оның ішкі мотивациялық беталысының әрекетпен байланысын ашу қажеттілігі туындап отыр.

Отандық психологтардың еңбек нәтижелерін қарайтын болсақ, дәл қазіргі уақытта кейбір бастапқы ұстанымдарды нақтылау үшін, сонымен қатар мотивация мәселелерін ары қарай терең және кең көлемде зерттеу үшін мәліметтер жинақталғандығын көрсетеді. Отандық психологтардың көптеген зерттеулері әрекет мотивтерінің мәселелері бойынша жүргізілген, атап айтқанда оқу қызметінің мотивтері бойынша. Мысалы, Л. И. Божович және оның қызметкерлері мен ізбасарлары ұзақ уақыт бойы мектеп оқушыларының мотивтерін зерттеп келеді [1] . Тұлғаны бағыттылық сараптау барысында (бағыттылық деп салыстырмалы түрде тұрақты және басымырақ мотивтерді ұғыну керек) білімді қабылдаудың кең түрдегі әлеуметтік мотивтері және де осы оқу қызметінің өзінің туындау мотивтері ерекшеленіп көрсетілді.

Л. И. Божовичтың және оның қызметкерлерінің жұмыстары оқу қызметінің мотивациясы мәселесін дамыту жолында үлкен мәнге ие болды [2, 154 бет] . Сонымен қатар, психологияның бұл аумағының ары қарай дамуы үшін мотивтердің тұлғалық бағытталумен, қоршаған ортадағы нақтылықпен және де мотивацияның құрылымдылығымен өзара байланысы жайлы ережелер онтайлы болып табылады.

Шетелдік зерттеулерде мотивтерді зерттеуге айрықша көңіл бөлінеді. Адам мен жануарлардың мінез-құлқын «ояту» мәселелері бойынша көптеген теориялық және эксперименталды жұмыстар жүргізілді. Мотивация мәселелерін зерттеу, жоспарлау психология ғылымының түрлі салаларында түрлі әдістердің көмегімен қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Д. К. Маккелан теориясында былай делінеді: «Адамның барлық қажеттіліктері мен мотивтері оның онтогенетикалық дамуы барысында пайда болады және қалыптасады». Бұл жерде мотив «барынша жалпы мақсаттық жағдайлардың кейбір жетістіктеріне ұмтылу», қанағатану түрлеріне немесе нәтижелелеріне талпыну. Жетістік мотивы адам мінез-құлқының бастапқы себебі ретінде қарастырылады.

А. Маслоу теориясында жеке тұлғаның үздіксіз дамуға ұмтылысы жетекші мотив ретінде көрсетіледі. Мотивтер бірнеше деңгейлі қажеттіліктермен, яғни биологиялық қажеттіліктерден бастап өзін-өзі маңызды етуге дейінгі қажеттіліктермен анықталады. Мінез-құлық қажеттіліктер мен қабілеттіліктерге тәуелді және сыртқы және ішкі мотивтермен анықталады.

Осылайша, шетелдік және отандық психологтар арасында мотив мәнінің, оны ұғынудың, оның тұлғалық құрылымдағы орнын түсінудің бірнеше мағыналары бар.

Зерттеу маңыздылығы . Елімізде және шет елдерде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қалыптасқан жаңа қарым-қатынастар шартына сай жас ұрпақты өмір мен еңбекке даярлау аумағындағы педагогикалық теория мен тәжірибеге жаңа талаптар қойып отыр. Қазіргі заманғы талаптарға сай ең маңызды орынды оқуға деген мотивтің қалыптасуы алып отыр, біздің жағдайымызда дене шынықтырумен айналысуға қатысты.

Зерттеу нысаны мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу пәні - мектеп оқушыларының дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивацияларын қалыптастыру жолдары мен құралдары.

Зертеу мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздеу және тиімділігін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Біздің болжамымыз бойынша, оқушының дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивацияның қалыптасуына бағытталған әдістеме дене шынықтыру сабағына деген қызығушылықты қалыптастыруға және мотивациялық өрісін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеті: Мотивацияның қалыптасуы бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді меңгеру. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тәрбиелеу үрдісі барысындағы мотивация өрісінің жағдайын зерттеу, оқушының дене шынықтыру және спортпен айналысуға бағдарланған мотивациялық өрісінің (сферасының) мағыналық сипатын анықтау.

Зерттеу әдістері:

  • Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді сараптау;
  • Сауалнама жүргізу;
  • Педагогикалық бақылау жүргізу;
  • Қорытынды сынақ;
  • Педагогикалық тәжірибе;
  • Статистика әдістері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалылығы :

  • Мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға қызығушылықтарын тудыратын мотивтер анықталды;
  • Әдеби дерекнамаларды (ақпарат көздерін) сараптаудың негізінде оқушының дене шынықтыру және спортпен айналысу мотивациясы зерттелінді, мотивация өрісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі әдістер мен құралдар анықталды.

Зерттеудің тәжірибелік мәні мынада: берілген зерттеулердің нәтижелері мектепте дене шынықтыру пәнін өткізу барысында оқушының дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру үшін жас мұғалімдерге көмек ретінде қолданылуы мүмкін.

I БӨЛІМ МОТИВАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мотивация түсінгі.

Алғаш рет «мотивация» сөзін А. Шопенгауэр «Жеткілікті себептің төрт принципі» мақаласында қолданды. Кейін бұл термин адам мен жануарлардың мінез-құлқын түсіндіру үшін қолданылатын психологиялық күнделікті термин ретінде қалыптасты.

Қазіргі уақытта мотивация псиологиялық құбылыс ретінде түрліше талқыланады. Бір жағдайда - мінез-құлықты қолдайтын және бағыттайтын факторлар жиынтығы ретінде (К. Мадсен; Ж. Годфруа), кей жағдайда - мотивтер жиынтығы ретінде (К. К. Платонов), үшінші жағдайда - организмнің екпінділігін тудырушы және оның бағытын анықтаушы себеп (түрткі) ретінде талқыланады. Сонымен қатар мотивация нақты қызметтің психикалық реттелу үрдісі ретінде (М. Ш. Магомед-Эминов), мотив қызметінің үрдісі және қызметтің нақты түрлерінің туындауын, бағытын, іске асыру әдістерін анықтайтын механизм ретінде (И. А. Джидарьян), қызмет пен талапқа жауап беретін үрдістер жүйесінің жиынтығы ретінде қарастырылады [3, 92] . Осыдан мотивацияның барлық анықтамаларын екі бағытқа жинақтауға болады. Біріншісі мотивацияны құрылымдық жағынан мотивтер мен факторлар жиынтығы ретінде қарастырады. Мысалы, В. Д. Шадриковтың схемасына сүйенетін болсақ, мотивация тұлғалық мақсаттар мен қажеттіліктерімен, ниеттену дәрежесімен, қызмет шарттарымен (объективті, сыртқы және субъективті, ішкі - білімдерімен, дағдыларымен, қабілеттерімен, мінез-құлқымен) және дүниетанымымен, сенімімен, тұлғалық бағытталуымен, т. б. шартталынады. Осы факторлардың негізінде мақсат қалыптасып, шешім қабылданады. Екінші бағыт мотивацияны тұрақты емес, динамикалық түзіліс, үрдіс, механизм ретінде қарастырады.

Бірақ екі жағдайда да авторлар еңбегі бойынша мотивация білім, құбылыс мотивтеріне қатысты екінші орында көрініс табады. Бұнымен қоса, екінші жағдайда мотивация бұрыннан бар мотивтерді іске асыруға мүмкіндік беретін құрал немесе механизм ретінде, яғни мотив көмегімен қызметті реттеу үрдісі ретінде қарастырылады. Мысалы, В. А. Иванниковтың ойы бойынша, мотивация үрдісі мотивті актуалдандырудан басталады. Мотивацияны бұлайша талқылау мотивтің қажеттілікті қанағаттандыру заты ретінде түсіндірілуіне байланысты шартталынған (А. Н. Леонтьев), яғни мотив адамға дайын түрінде беріледі. Оны қалыптастырудың қажеті жоқ, тек бар болғаны маңыздандыру (актуалдандыру) керек [4, стр. 123] .

Алайда, бұл жағдайда мынадай түсінбеушіліктер туындайды: біріншіден, жағдай немесе мотивтің қайсысы түрткі қызметін атқарады, екіншіден, мотив мотивациядан бұрын пайда болатын болса, ол қалайша туындайды. Авторлардың мотив пен мотивация жайлы пікірлері бұл сұрақтарды түсіндірмейді. Мысалы, Р. А. Пилоян былайша жазады: мотив және мотивация - өзара байланысқан, өзара шартталынған психикалық категориялар және әрекет мотивтері қандай да бір анықталған мотивтер негізінде қалыптасады (яғни екінші ретті мотивтер) . Және де автордың пікірі бойынша жеке мотивтерді тудыру арқылы біз бүтіндей мотивацияға әсер ете аламыз (яғни мотивация алғашқы болып қалыптасатын мотивтерге тәуелді) . Сонымен қатар, автор ешқандай түсініктеме берместен, мотивтер әрекетке, ал мотивация - қызметке жатады деп есептейді [5] .

Мотив пен мотивацияның арақатынасын И. А. Джидарьянның кітабынан да анықтау оңайлыққа соқпайды. Оның жазуы бойынша, мотивтің мотивациядан айырмашылығы мотив мәнінің шағын көлемді болуында. Мұнда психологиялық мазмұны тіркеледі. Мотив нақты адамның әрбір уақыт моментіндегі әрекетін бағыттайды және жандандырады (энергия береді) . Осы орайда мынадай сұрақ туындайды: егер барлығы мотивтің көмегімен іске асырылатын болса, онда мотивацияның қызметі неде? Бұл жағдайда «мотивация» ұғымы артық болып отыр.

В. Г. Леонтьев мотивацияның екі типін айқындап көрсетеді: қажеттілік, әуестік, түйсік негізінде берілетін алғашқы тип және мотив түрінде берілетін екінші ретті тип. Олай болса, берілген жағдайда мотивті мотивациямен теңестіру байқалып отыр. В. Г. Леонтьевтың пайымдауы бойынша, мотив тұлғалық деңгейде ғана мотивация түрі ретінде көрініс табады және де қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін анықталған бағытта әрекет жасауға тұлғалық негізделген шешім қабылдауды қамтамасыз етеді, ал мұнымен келіспеуге болмайды [6] .

Психилогияда көп жағдайда (ал биология мен физиологияда әрдайым) мотивация ұғымымен мінез-құлықтың детерминациясын (бөлінуін) түсіндіреді, сондықтан мотивацияны сыртқы және ішкі мотивацияларға жіктейді.

Осылайша, мотивация табиғатын, оның мінез-құлықты реттеудегі рөлін түсінуде де, мотивация мен мотив ұғымдарының арасындағы байланысты түсінуде де ортақ пікір жоқ. Көптеген авторлардың еңбектерінде бұл екі түсінік синонимдер ретінде қолданылады. Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін мотивацияны мотив қалыптасуының динамикалық үрдісі ретінде қарастыруды жөн көріп отырмын.

Жалпы алғанда, мотивация мынадай бірнеше қызметтер атқарады: мінез-құлықтың пайда болуына түрткі болады, оны ұйымдастырады және бағыттайды, оған тұлғалық мағына мен мән береді. Аталған функциялар бірталай себептердің негізінде іске асырылады. Іс жүзінде, мотивациялық сфера әртүрлі қозғағыштардан тұрады: құндылықты бағытталу идеалдарынан, қажеттіліктерінен, мотивтерінен, мақсаттары мен қызығушылықтарынан, т. б.

Мотив түрлеріне танымдық және әлеуметтік мотивтерді жатқызамыз. Егер оқу барысында оқушыда оқу пәнінің мазмұнына бағытталу басымырақ болса, онда оқушыда танымдық мотивтердың бар екендігін айта аламыз. Егер оқушыда оқу барысында басқа адамға қарай бағытталу басым болса, онда әлеуметтік мотивтер жөнінде айта аламыз. Танымдық және әлеуметтік мотивтердің екеуі де түрлі деңгейлерде бола алады: кең танымдық мотивтер (жаңа білімді, фактілерді, заңдылықтарды меңгеруге бағытталу), оқу-танымдық (өзіндік білім алу әдістеріне, білім алу тәсілдеріне бағытталу), өзіндік білім беру мотивтері (қосымша білім алуға және өзін-өзі жетілдірудің арнайы бағдарламасын құруға бағытталу) .

Әлеуметтік мотивтер келесідей түрде болуы мүмкін: кең әлеуметтік мотивтер (борыш, жауапкершілік, білім алу үрдісінің маңыздылығын ұғыну),

жіңішке (тар) әлеуметтік мотивтер (басқалармен қарым-қатынаста қандай да бір анықталған позицияға ие болуға, олардың құптауына ұмтылу) .

1. 2 Мотивацияның жас ерекшеліктері.

Балалардың жас ерекшеліктері мотивацияға әсер етеді. Балада мотивтендірілген әрекеттердің пайда болу уақыты жайлы сұрақты Е. П. Ильин нәрестенің алғашқы еріксіз қозғалыстарының пайда болу мәселесімен байланыстырады [7] . Бір жасқа дейінгі нәрестенің мінез-құлқы басты қажеттіліктеріне тәуелді. Біржарым жасында «психикалық өріске» жатқызылатын (К. Левин) заттар және ата-анасы сияқты себепкерлермен қоса, ішкі психикалық себептер туындай бастайды. Мұндай ішкі психикалық себептерге баланың сыртқы ынтасын жетілдіруге септігін тигізетін елестету (мақсаттық) бейнелері мен көріністері жатады. Баланың өзіндік сана сезімінің 3 жасқа дейін дамуы орындалатын әрекеттерге ниеттенуімен, өз әрекеттерінің, қимыл-қозғалысының мақсатын қалыптастыруымен байланысты.

Мектепгі дейінгі шақта баланың мотивациялық сферасының дамуына ойын жағдай жасайды. Жаңа қызығушылықтар, олармен қоса мақсаттар пайда бола бастайды. Сонымен бірге, О. К. Тихомировтың құрастырған мақсатты қалыптастыруды онтогенетикалық дамыту заңы іске асырылады. Бұл заң бойынша: алғашқыда бала мен ата-анасының арасында мақсаттты қою және оған жету ажыратылады да, кейін баланың қызметіне біріктіріледі.

Бірақ, өз ой-санасындағы мақсатты кесімді түрде рәсімдеу тіпті 6-7 жастағы балаларға да тән. Бұл өз кезегінде заттық жағдайларға тәуелді және де «құрылыс» материалына байланысты (кубик түстері, пішімдері) . Бірақ бәрібір де балалардың 4 жасынан бастап мотивтың мәнқалыптастырушы функциясы пайда бола бастайды, себебі осы кезде бала өз қызметінің мағынасын жоспарлай бастайды [7] .

Баланың 4 жасынан бастап, тілектер мен қажеттіліктерінің бағыныштылығы байқала бастайды. Олар түрлі мән мен күшке ие болады. Басымдық нұсқаулары, ұстанымдары пайда болады: біреулерінде - беделді (өзімшіл), біреулерінде, керісінше, - альтуристік, үшіншілерінде - табысқа жету. Алайда, кей жағдайларда тіпті 7 жасқа келсе де басымдық нұсқаулары пайда болмауы мүмкін. Балалардың түрлі қызығушылықтары салыстырмалы тұрақтылыққа ие болады. Осы аталғандардың нәтижесінде баланың жеке мотивациялық жүйесі (сферасы) жинақтала бастайды.

Мектепке дейінгі оқушылар құрбы-құрдастарымен ойнау үрдісі кезінде өз мінездерін, өткінші қалауларына қайшы келетін, белгілі бір ережелерге бағындырып үйренеді. Л. С. Выготский атап көрсеткендей, бала ойын барысында танымдық, яғни көрінісі бар жағдайда емес, ойлау арқылы ішкі тенденциялары мен мотивтеріне сүйене отырып, әрекет жасауға үйренеді. Осымен балалардың тиімді әрленген тікелей қалаулары түріндегі мотивтердің өзін-өзі қадағалаумен байланысты ниеттік мотивтерге ауысу (өту) жеңілдетіледі [8] .

Ересек адамның немесе басқа балалардың қасында болуы балалардың тікелей қалауларын тоқтатуға жағдай жасайды. Мектепке дейінгі ересек жаста бала басқалардың бақылауын жорамалдап сезінгеннен-ақ өздерін тәртіпті ұстауға тырысады, оған өзін қиялында айыптап, жазалайды деп елестетін басқа адамның бейнесі өз мінезін, тәртібін реттеуге көмек береді. Бұдан ары баланың өз қылығын жоспарлауда ескеретін этикалық нормаларды меңгеруі басталады. Мектепке дейінгі кішкентай балалар сияқты көп заттың ішінен біреуін алып қана қоймай, заттарды тартымдылығына байланысты таңдап, ішкі қалауларын тию әрекеттері көрініс табады. Бұл ауысу кезеңін Д. Б. Эльконин жақсы сипаттаған. Ол былай жазады: «Мектепке дейінгі кішкентай балаларда қалаулары аффектілі сипатта болады: бала өз қалауын емес, қалауы (ықыласы) баланы басқарады. Ол бұрын тартымды заттардың еркінде болғандағыдай, өз қалауының билігінде (еркінде) болады. Жоғарғы сынып оқушысы көп жағдайда өз қалауын жеңе алады.

Қалаулы мақсаттарына жету үшін жоғарғы сынып оқушылары өздерін қызықтырмайтын жұмыстарды орындай алады: еденді сыпыру, ыдыс жуу (ойнап келуге, кинофильм көруге рұқсат алу үшін) . Бұл қалаулардың негізінде ғана емес, қажеттілікті түсіну негізінде қалыптасатын мотивтердің пайда болуын айқындайды.

Мектепке дейінгі жастың соңына қарай бала меңгерілген мінез-құлықтың ережелері мен нормалары деңгейінде өзін-өзі бағалай бастайды. Баланың өзі жайлы көріністерін байытуы (толықтыруы) сыйластық, қоршаған ортамен өзара түсіністік, жағдайға ортақтасу қабілеттеріне деген қажеттіліктің пайда болуына жетелейді (М. И. Лисина) . Бірақ, мотивті сезіну (түсіну) әлі де шамалы болып қала береді [9] . Мектепалды жасындағы балаларда жаңа мотивтер пайда бола бастайды: табыстарға жету, жарысу, бақталастық (бәсекелестік), сәтсіздіктерден аулақ болу. Төменгі сынып оқушыларының сәттіліктер мен сәтсіздіктерге деген немқұрайлығы табыс және табыссыздықты уайымдауға ауысады. (табыс балалардың мотивтерінің күшеюін, ал табыссыздық - азаюын тудырады)

Жоғарғы сынып оқушыларын табыссыздық та ынталандыруы мүмкін. Ойын мотивациясында үрдістен нәтижеге қарай екпін түсіріледі: егер балалар 3-5 жас аралығында ойын үрдісінен ләззат алса (сондықтан, Айдархан А. Е, Жылқыбай М. А., Батырхан Г. Д. оқушылардың мәліметтері бойынша, көп жағдайда 5 жастағы балалар ойнауға қызықтырып ойнайтын ойыншыны қалайды), ал 5-6 жастағы балалар ойын үрдісінен ғана емес, сонымен бірге ойын нәтижесінен, яғни жеңістен рахаттанады (Н. И. Гуткина) .

Мектепке дейінгі жастағы бала үшін ең күшті ынталандырушы сый, мадақтау болып табылады. Ал әлсіздеу ынталандырушы - жазалау болып табылады (балалармен қарым-қатынаста, бұл ең алдымен ойынан шеттету, шығарып жіберу) . Сонымен қатар баланың өзіндік жеке уәде етуі әлсіз ынталандырушы болып табылады, бұл оның мотивациялық нұсқауларының тұрақтанбауын айқындайды. Сондықтан балалардан уәде алудың пайдасы жоқ, сонымен қатар зияндығы көп. Себебі олар уәделерін орындамайды, ал орындалмаған уәде және серттер міндетсіздік және бейқамдық сияқты жағымсыз тұлғалық қасиеттердің қалыптастыруына мүмкіндік беруі мүмкін [10] .

Төменгі сынып оқушыларының жасында жаңа мотивтер (қажеттіліктері, қызығушылықтары, қалаулары) туындайды, баланың иерархиялық мотивация жүйесінде орын ауыстырулар іске асырылады. Ескі мүдделері, мотивтері өзінің түрткілік (қозғау салатын) күшінен айырылып, олардың орнын жаңалары басады. Оқу қызметіне қатысты заттардың барлығы мәнге ие және бағалы бола бастайды, ал ойынға қатыстының барлығы маңызсыз бола бастайды. Сонымен қатар төменгі сынып оқушыларында баяғыша мотивтердің мотивациялық нұсқаулардан басым болуы байқалады, себебі олар негізінен жақын арадағы келешекке байланысты, яғни қазіргі нақты жағдайларға ғана байланысты алдарына мақсат қояды. Баяғыша жетекші орында «тікелей әсер етуші мотивтер» болып қала береді (Л. И. Божович) . Ал қабылданатын мотивтер тікелей себептер (түрткілер) мен қалауларының «жетегінде» кете барады (Л. C. Славина) . Төменгі сынып оқушыларында жауапкершілік пен борыш (міндет) сезімдерімен, білім алу қажеттілігімен («сауатты болу») байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар, жаңа әлеуметтік мотивтер пайда бола бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Акробатикалық жаттығулардың маңызы
Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz