Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы


қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Абенов Максат Туктибаевич
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050108 - Дене шынықтыру және спорт
Көкшетау, 2011
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберіледі»
Дене мәдениеті және спорт
теориясы мен практикасы
кафедрасының меңгерушісі
Шумеков С. Ш.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
050108 - Дене шынықтыру және спорт мамандығы
Орындаған: Абенов Максат Туктибаевич
Жетекші: Мажитов Сабыр Шадатович
Көкшетау, 2011
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 11
- Спорттық сауықтыру лагерьлеріндегі жұмыстар . . . 11
- Жазға демалыс лагерьлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары . . . 22
- Дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы . . . 25
- Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері . . . 33
2. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Егемендік алып дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру саласына тән өзгерістер енгізіліп, жаңа талап, міндеттер қойылып отыр. Егеменді еліміздің ертеңгі иелері, бүгінгі мектеп қабырғасындағы жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау, нығайту, оларды салауатты өмір сүруге дағдыландыру мақсатын көздейтін дене шынықтыру пәндері салауатты өмір салтын қалыптастыруға мол мүмкіндік береді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына Жолдауында “Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет” -деп көрсетілген. Салауатты өмір салты әрбір адам өмірінің ең негізгі, өзекті мақсатына айналуы тиіс. Өйткені дүниеде адам денсаулығынан артық байлық жоқ. Осыған орай біздің де университетімізде игі істердің қадамдары жүргізіліп жатыр. Ондағы мақсатымыз: Университет студенттерінің өздерінің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, жаман әдеттерден (ішімдік, темекі, есірткіні пайдалану) жирендіруге, үйлесімді мінез-құлыққа тәрбиелеп, олардың санитарлық-гигиеналық сауаттылығын көтеру және салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Осы мақсатты шешу үшін алдымызға міндеттер қойдық:
1 Студент бойында салауатты өмір салтының жүйесін қалыптастыру.
2. Студенттің өз денсаулығына деген жоғары жауапкершілігін тәрбиелеу.
3. Салауаттану саласындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу.
4. Нормативтік-құқықтық құжаттарды білу.
Студенттердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмысы бірнеше бағыттан тұрады.
Студенттердің денсаулығына есеп жүргізу
1. Дене шынықтыру пәндерінен практикалық сабақтар өткізу
2. Оқушылардың сабаққа қатысуы.
3. Санитарлық гигиенаның сақталуы.
4. Курстағы жұмыстың жоспарлануы.
5. Дәріс кестесі.
Студенттердің психологиялық және қозғалыс жүктемесі.
1. Спорт секцияларын, үйірмелерді, клубтарды ұйымдастыру.
2. Оқу бағдарламасына ырғақ сабағын енгізу.
3. Жалпы таңертеңгілік жаттығулар жасату.
4. Денсаулық күні және денсаулық айлығын өткізу
5. Университеттік сауықтыру лагерін ұйымдастыру
сабақ және сабақтан тыс кезіндегі жұмыс.
1. ашық сабақ өткізу
2. Кафедрааралық және факультетаралық бойынша спорттық іс-шаралар өткізу.
3. Спорт секцияларын және үйірмелерді ұйымдастыру
4. “Салауатты өмір салты”клубын ашу
8. Жалпы университет бойынша баскетбол, волейбол, минифутбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өткізу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың және тәрбиелеудің мынандай түрлері мен әдістерін қолданамыз:
1. Қозғалыс белсенділігін арттыру- гиподинамиямен күресудің негізгі құралы, осы мақсатпен міндетті түрде таңертеңгілік кешенді гимнастика ұйымдастырылады.
2. Ағзаның қорғаныс күшін арттыру, дәрумендер жетіспеушілігін толықтыру және тыныс мүшелерінің өткір ауруларының алдын алу мақсатымен студенттердің арнайы жиналған жеміс-жидектерден, жапырақтардан “фито шай” дайындалып, таратылады.
3. Студенттердің еңбек қабілеттілігінің артуына, қажығандықты болдырмауға жасына және денсаулығына сәйкес құрылған күн тәртібі үлкен әсер етеді.
4. Биология курсында жұқпалы аурулардың негізгі себебі және таралу жолдары қарастырылып, студенттердің денсаулығын сақтау жолдары үйретіледі. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби қабілеттер мен дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шығармашылық тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында « . . . мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру» мәселесін атап көрсеткен болатын. Оқушылардың денсаулығының нашарлауы және олардың дене дайындығы деңгейінің төмендеуі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби даярлығына жаңаша тұрғыдан келудің қажеттілігін шарттайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007 ж. ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тән күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген.
Бұл міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы мұғалімді, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби-педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, рухани дамыған педагог - маманды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.
Салауатты өмір салтына үйретудің үлгілері (медициналық, білімдік, саяси және т. б. ) жеке тұлғаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің факторы және адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен бақытты болуының шарты ретінде қарастырылып, сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін шешуші шарттардың бірі мұғалімнің мықты рухының және денінің саулығына негізделетін жалпы еңбекке қабілеттілігі болып табылады.
Педагогтың біртұтас дене мәдениетін тәрбиелеу мәселесі елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайға, сонымен қатар негізгі белгілері оқыту процесінің жоғары психикалық және дене күшін, маманның жоғары жауапкершілігін, білім беру жүйесіндегі педагогтың жоғары деңгейдегі денсаулықты қалыптастырушы кәсібилігін қажет ететін білім беру кеңістігінің педагогикалық - психологиялық факторларына да байланысты екендігі туралы мәселені өзектендіре түседі.
Жоғары педагогикалық оқу орындары оқушылардың денсаулығына байланысты мәселелерге белгілі бір назар аударады.
Дегенмен мұғалімдерде өскелең ұрпақтың дене мәдениетін тәрбиелеуге, олардың денсаулығындағы кеңінен таралған ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік беретін практикалық қабілеттер мен дағдылардың қалыптастырылуы жүзеге асырылмауда. Педагогтарды даярлау стандарты мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру бойынша қандай да бір сауықтыру іс-шараларын өткізу бойынша іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мәселелерін қарастырмайды.
Теория мен тәжірибе педагогикалық іс-әрекеттің мәндік ерекшеліктерін анықтау оның әкімшілік билікке ғана емес, сонымен қатар рухани беделге құрылатындығына басты назар аударылатындығын көрсетті. Сондықтан рухани мәдениет өзінің барлық ерекшеліктерімен бірге басым сипатқа ие болады. Болашақ мұғалімдердің денсаулықты қалыптастырушы тұлғалық - кәсіби дамуының мақсатын, мазмұны мен тәсілдерін анықтайтын рухани мәдениетті қалыптастырудың қажетті шарты ретінде дене тәрбиесі процесінде жүзеге асырылатын қозғалыс әрекетін қарастыруға болады. Сонымен қатар мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіндегі дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесіне ізгілендіру үрдісі әсерінің күшеюі анық байқалады. Бұл, өз кезегінде, рухани және дене тәрбиесінің интеграциясын, оның дене мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің зерттелуін шарттайды.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша халық денсаулығының 49-52 пайызы өмір сүру салтына, яғни әр адамның өз денсаулығын күте білуіне, 17-20 пайызы тұқым қуалау арқылы берілетін жағдайларға, 8-10 пайызы ғана денсаулық сақтау саласындағы жүргізілген шараларға байланысты екен. Олай болса, қазіргі мектептердегі жаратытыстану пәндерінің жас ұрпақтарымыздың денін сау, еңбекке қабілетті, мәдениетті азамат болып қалыптасуына тигізетін ықпалы мол. Көреген халқымыз “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дегендей, салауаттану бағытында жүргізілген іс-шаралар мен берілген білім студенттердің денсаулығын жастайынан күтуін және ауруға шалдығудың алдын алуын қамтамассыз етеді.
Зерттеу мақсаты: спорттық сауықтыру лагерьлері мен студенттердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы қарастырылады. Тұлғалық-кәсіби даму процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесінің мәнін, ерекшеліктері мен деңгейлерін ашып көрсету. Педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мәні мен алғышарттарын анықтау. Кәсіби -педагогикалық даярлау процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың педагогикалық моделін дайындау. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың кезеңдік технологиясын дайындау және эксперименттік сынақтан өткізу. Педагогикалық оқу орындарындағы студенттерді тұлғалық - кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың ғылыми - теориялық және ғылыми -әдістемелік негіздерін дайындау денсаулықты, салауатты өмір салтын білім берудің негізгі құндылығы ретінде қарастырып, оны мақсатты түрде жүзеге асыра алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыруды шарттайды. жеке тұлғаның рухани және дене тәрбиесі мен дамуы мәселесі, кәсіби педагогикалық әдеп, білім беру философиясы, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері; тұлғаның мәдениетін педагогикалық-психологиялық құбылыс ретіндегі, дамудың тұлғаның өзін-өзі дамытуын ынталандырушы педагогикалық процесс ретіндегі, мәдениеттің әлеуметтік феномен ретіндегі көп аспектілі табиғатын ашып көрсететін философиялық, әлеуметтанушылық, педагогикалық және психологиялық тұжырымдамалар және т. б. бақылау, сауалнама әдістеріне, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің оқу, рухани, дене және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің нәтижелерін, құжаттарды зерделеуге негізделген әдістер; эмпирикалық әдістердің жекелеген әдістері осы деңгейдегі жалпы әдістермен - педагогикалық оқу орындары оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу және жалпылау, эксперттік бағалау, педагогикалық эксперимент, диагностикалық тапсырмаларды талдау әдістерімен толықтырылды. Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, «Дене тәрбиесі» тұжырымдамасы және т. б. ), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімді баспа материалдары, бағдарламалар, озат педагогикалық тәжірибе, автордың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің ұғымдық аппараты қалыптастырылды; рухани және дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесі, спорттық сауықтыру лагерьлер мәселесі бойынша отандық және шетел әдебиеттеріне талдау жасалды; эксперименттік материалдар дайындалды; анықтаушы эксперимент жүзеге асырылды. Мұның аясында педагогикалық эксперимент өткізіліп, эксперименттік мәліметтерді жинақтау жүзеге асырылды. Жинақталған материал жүйеленіп, жалпыланды және оның теориялық негіздемесін дайындау (статистикалық өңдеу, салыстырмалы талдау, алынған мәліметтерге түсініктеме беру) жүзеге асырылды.
Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, зерттеу әдістері, кезеңдері беріліп, дипломның практикалық мәні ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілген.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі - халықаралық білім жүйесіне ену.
Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды, біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т. б. ), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т. б. ) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді студенттердің дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Болашақ мұғалімдерді спорттық сауықтыру лагерьлер мен студенттердің дене тәрбиесі әдісі мен ұйымдастырылуы жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себепші болды
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Спорттық-сауықтыру лагерлеріндегі жұмыстары.
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз,
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.
Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Оқушылар лагерьге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз - тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагерьдегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz