Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану - педагогикалық факультеті
География және экология кафедрасы
«Қорғауға өткізуге рұқсат етіледі»
География және экология
кафедрасының меңгерушісі
C. О. Жетпісов
«» 2009ж.
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы:“АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ„
Мамандығы 050116 - География
Оқу формасы: күндізгі
Орындаған: ГрК - 42 тобының студенті А. Т. Нукенов
Ғылыми жетекші: аға оқытушы,
гидрометеорология магистрі Л. С. Бултекова
Көкшетау - 2009ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Ақмола облысының физикалық - географиялық сипаттамасы . . . 6
1. 1 Рельефі . . . 6
1. 2 Топырағы . . . 8
1. 3 Климаты . . . 8
1. 4 Гидрологиясы . . . 12
1. 5 Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі . . . 16
2 Әдебиетке шолу . . . 17
- Ақмола облысының өзендеріне шолу . . . 17
2. 2 Облыс аумағындағы көлдер . . . 19
2. 3 Жер асты сулары және басқа су көздері . . . 21
2. 4 Су тұтынушыларға зиянды есептеу . . . 28
3 Ақмола облысының су ресурстарының экологиялық жағдайы . . . 32
3. 1 Ақмола облысындағы су объектілерінің сипаты . . . 32
3. 2 Облыс бойынша су объектілерінің ластану деңгейі . . . 33
3. 3 Облыста су ресурстарын шаруашылықта пайдалану . . . 39
3. 4 Ластануды болдырмау және қорғану жолдары (іс-шаралары) . . . 50
Қорытынды . . . 52
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 54
Қысқартулар . . . 56
Қосымшалар . . . 57
ТҮЙІН
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы». Дипломдық жұмыс Кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қосымшалардан тұратын 63 бетті құрайды. Жұмыста 7 кесте 6 график көрсетілген. Жұмыста қолданылған әдебиеттер саны 28.
Жұмыстың өзектілігі: Ақмола облысының су ресурстарының экологиялық жағдайы алаңдатушылық тудырып отыр. Неғұрлым өндіріс дамығанмен соғұрлым судың ластануы жоғарылауда. Ауыз су мәселесі әлі де толық шешілмеген. Қазақстан Республикасының су кодексі 1993 жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды. Кодексте қойылған негізгі міндет - су қорларын ластаудан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерді болдырмау, суды пайдалануда заңдылықты күшейту, халықтың экономика салдарының қажетін өтеу үшін суды ұтымды пайдалану.
Елбасымыздың сөздерімен айтқанда отандастарымыздың төрттен үш бөлігі сапасыз ауыз суды пайдалануда. Су ластануының көрсеткіші біздің мемлекетімізде әлі күнге дейін үлкен. Қалалық «Көкшетау Су Арнасының» басшыларының айтуы бойынша бүгінгі пайдаланып жүрген суды тазалау құрылғыларына және құбырларымызға 30 жылдан астам уақыт болған екен, яғни олардың пайдалану мерзімі таусылды деген сөз.
Жұмыстың мақсат міндеттері: Облыс су объектілердің хал ахуалын көрсету. Статистикалық мәліметтерге сүйеніп соңғы он жылдың анализын жасау. Су көздерінің қандай заттардан ластанатынын көрсету және осыған қарап ластануды болдырмау. Облыстың экологиялық жағдайы күрделі, сондықтан оны қорғауға қамқорлық, қоршаған орта жағдайын жақсарту. ауа, жер, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігін қалпында ұстау, жануарлар мен өсімдік дүниесін сақтау, жүзеге асыру механизмдері: табиғатты қорғау шараларына бөлінетін қаржы шығындарын өсіріп отыру; халыққа экологиялық білі мен тәрбие беру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру аса қажет.
Дипломдық жұмысты зерттеу барысында талдау: Қазіргі жағдайға талдау жасасақ облыста ауыз су сапасы өткір проблема болып отыр. Барлық ауру түрлерінің 80% су сапасынан болады. Обылыстағы 70 су тартпасы жөндеуге қажет етеді. Халықтың 68 ғана суды орталықтандырылған жүйеден алады. Ал 7 халық ауыз суды тасып ішеді, не ашық су көзінен пайдаланады. Жер асты және жер үсті ауыз суларын мониторингтік бақылау, байқау қалыс қалған. Су құбырлары ескіріп, тозып кеткен. Жалпы ауыз су жүйелерінде санитарлық жағдай қалыпты емес. Осыдан барып эпидемиялық ауру көп тарайды. Атбасар, Қорғалжын, Целиноград. Шортанды аудандарда, Көкшетау, Степногор. Аймақтың қазіргі экологиялық жағдайы әлі де өткір күйінде қалып отыр. Сондықтан жер, су, ауаның ластануын азайту үшін міндетті түрде жедел табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру керек.
КІРІСПЕ
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі - су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ. Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдей бастайды, 20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді. Планетамыздағы организмдердің тіршіліктері үшін, оның ішінде адамның өмірі және денсаулығы үшін, судың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. Жер бетінің 77, 5 процентін (мұздар, батпақтарды қоса есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты сулары, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Жер бетінде осынша көп су болғанымен, қазақтың суды қастерлейтін «Судың да сұрауы бар» деген мақалынан ақ байқауға болады. Бұны қазақтың судың қадірін білгені деп түсіну керек. Сондықтан коптеген соғыстар, суы бар жерге ие болу үшін жүргізілді. Сол себептен адам қоғамында судың орны ерекше, сондықтан планетамыздағы су, халықтың негізгі байлығы деп түсінуіміз керек. [1] .
Жер бетінің 77, 5 пайызын су алып жатыр. Сөз жоқ, біз үшін тұщы судың маңызы үлкен. Олардың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулар қоры гидросфера ресурсының 1 пайызына да жетпейді. Қазақстан Республикасы да тұщы су қоры тапшы елдер қатарына жатады. Еліміздің су қорлары өзендерден, көлдерден, бөгендерден, жер асты сулардан, мұздардан, мемлекеттік шекараға кіретін теңіздерден және теңіз жағалауындағы территориялық сулардан құралады. Көп жылдық мәліметтерге қарағанда өзендердің жылдық ағын мөлшері 64, 8км 3 шамасында. 1км 2 -ге бөлгенде секунтіне 0, 8 литрден келеді. Бұл Орта Азия елдеріндегі ең төмен көрсеткіш. Су қорлары мемлекет меншігіндегі бүкіл халықтың байлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының су кодексі 1993 жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды. Кодексте қойылған негізгі міндет - су қорларын ластаудан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерді болдырмау, суды пайдалануда заңдылықты күшейту, халықтың экономика салдарының қажетін өтеу үшін суды ұтымды пайдалану. [2] .
Елбасымыздың сөздерімен айтқанда отандастарымыздың төрттен үш бөлігі сапасыз ауыз суды пайдалануда. Су ластануының көрсеткіші біздің мемлекетімізде әлі күнге дейін үлкен. Қалалық «Көкшетау Су Арнасының» басшыларының айтуы бойынша бүгінгі пайдаланып жүрген суды тазалау құрылғыларына және құбырларымызға 30 жылдан астам уақыт болған екен, яғни олардың пайдалану мерзімі естен шыққан.
Облыстың экологиялық жағдайы күрделі, сондықтан оны қорғауға қамқорлық, қоршаған орта жағдайын жақсарту. ауа, жер, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігін қалпында ұстау, жануарлар мен өсімдік дүниесін сақтау, жүзеге асыру механизмдері: табиғатты қорғау шараларына бөлінетін қаржы шығындарын өсіріп отыру; халыққа экологиялық білі мен тәрбие беру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру аса қажет.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес осы күнгі экологиялық бағдарламаларды тиімді шешу Қазақстан Үкіметінің ең маңызды басымдықтарының бірі болып отыр.
Аумақтық бағдарламалар қоршаған ортаныың ластану деңгейінің төмендеуне, ауаның бұзылуына, жер үсті суларының нашарлауына өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың тым көбейіп кетуіне, орман алқаптарының, биологиялық алуан түрліктің азайып бара жатуына байланысты жасалып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін оңтайлы шешуге жергілікті органдар табиғат пайдаланушыларға Үкіметтік емес ұйымдар өзара тығыз бірлікте, белсенділікпен қатысуы аса қажет. [3] .
Қазіргі жағдайға талдау жасасақ .
Аймақтың қазіргі экологиялық жағдайы әлі де өткір күйінде қалып отыр. Сондықтан жер, су, ауаның ластануын азайту үшін міндетті түрде жедел табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру керек.
Қазіргі талдау көрсетіп отырғандай, Қоршаған ортаны, табиғатты, ресурстарды қорғау жайлы барлы билік деңгейлерінде бірдей, бірлікпен, шын жан ашырлық пен жүргізілгенде ғана жақсара түсетіндігін айқындалады.
Ауыз су сапасы да өткір проблема. Барлық ауру түрлерінің 80% су сапасынан болады. Обылыстағы 70 су тартпасы жөндеуге қажет етеді. Халықтың 68 ғана суды орталықтандырылған жүйеден алады. Ал 7 халық ауыз суды тасып ішеді, не ашық су көзінен пайдаланады. Жер асты және жер үсті ауыз суларын мониторингтік бақылау, байқау қалыс қалған. Су құбырлары ескіріп, тозып кеткен. Жалпы ауыз су жүйелерінде санитарлық жағдай қалыпты емес. Осыдан барып эпидемиялық ауру көп тарайды. Атбасар, Қорғалжын, Целиноград. Шортанды аудандарда, Көкшетау, Степногор қалаларында вирустық гепатит көп болды. Жылдың өткен 9 айындағы инфекциялық ауру өткен жылғыдан көбейіп кеткен .
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың санитарлық жағдайы да төмен. Канлизациялық жүйенің жалпы ұзындығы214, 6 км. Канализациялық тазарту қондырғыларының қуаты тәулігіне 32 мың текшке метр су тазартуға жетеді. Алайда тазартылған су мен тазартылмаған ағынды сулардың араласып кететін жағдайлары да болады. Сөйтіп әліде ағынды суларды тазарту мәселелері күні осы уақытқа дейін тиісті шешімін таппай отыр. Сондықтан, ЩБКА жер астыңғы және жер үстіндегі суларды ластайтың көздері болып демалыс үйлердің локальды септиктерді айтуға болады. Зеренді курортына да елеулі қауіп төніп отыр. Аудан орталығы болғандықтан кісілер саны жаздың ыстық айларында мүлдем көбейіп кетеді. Осының әсерінен қоқыстардың көлемі артуда[4]
1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы, Ақмола облысы Қазақстан Республикасының солтүстігінің орталығында, қазақтың ұсақ шоқысы мен Тенгіз жазықтығында орналасқан. Ақмола болысының іргетасы 14. 10. 1939 ж. қаланған. Облыс территориясының ауданы 121, 7 мың км. Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай аудандарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінеді. 8 қала, 12 кент, 183 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталығы - Астана қаласы. Сарыарқаның солтүстік - батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала белдемінде орналасқан.
Геологиясы. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцін қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезазой дәуірінде бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палиозойдын метаморфтанған, кварциттеріне, құмтастарынан, алвитофермелеріне, әктастарынан конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, дерт, гоббра, т. б. ) және эффузиалық жыныстар тез таралған. Байырғы жыныстардың иген мен төрттік дәуірлерден сарғылтым шөгінділерінің қалын қабаттары жауып жатыр. Кең байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары т. б. өндіріледі. [5] .
1. 1 Рельефі
Жер бедері әр түрлі: ұсақ шоқылы, аласа белесті, ұсақ төбелі жазық., өзенді, сулы аңғарлар. Рельефтің контрасты түрге келуі геологиялық құрылымының ерекшелігі мен геологиялық тарихына байланысты.
Облысың геоморфологиялық жағдайына келсек, солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері - Сандықтау, Домбыралы т. б аласа таулар орналасқан. Зеренді, Балкашино мен Макин аудандарының территориясында. Орташа таулардың биіктігі 400 - 500м. оңтүстік бағытында ұсақ таулы аймақтар мен аңғарлар шоғырланған. Солардың бірі Жабай өзенінің аңғары. Балкашино ауданының аумағында ұсақ таулы өлкелердің тау басында кристалды жыныс жиі байқалды. Оңтүстігінде кең көлемді территорияны Атбасар енді жазықтығы алып жатыр. Ал, солтүстік-шығыс бөлігінде Сілеті жазықтығы. Абсолюттік биіктігі Атбасардан (205 - 300 м. ) мен салыстырғанда кіші. Орталық оңтүстігінде Теңіз көтермелі жазықтығы, ортасында Теңіз, Қорғалжын көлдері орналасқан. Теңіз жазықтығының құламасының пішіні сопақтау және ені бойынша созылған. Құламаның көп бөлігі кең акумулятивті жазықта жатқан өзендер. Терісаққан мен Нұраның қойнауында абсолюттік ерекшелігі 250 - 400м. Терісаққан бассейнінде және термелі иілім Ешім өзенінің үлкен аңғар мен ірілі ұсақтығы төбешіктерге айналады. Солтүстік батысында Теңіз құламасы Есіл өзенінің бассейндерімен, ал оңтүстік шығысында нақты емес. Бұл бөлігінде көптеген көлдер тоғандары шоғырланған. Солтүстігінен Орталық Қазақстанға дейін, ұсақ таулы өлке, 2 үлкен жер бедерінің сатысынан тұрады. Орташа саты денудатциялық жазықтық (500-600м. ) саты бұл да денужатциялық жазықтық (250-300м. ) бұлардың орталарында изомирланған бөліктеген үстіріктер де бар. Сарыарқаның биік емес шоғырлары Шортанды, Ақкөл мен Макин аудандарының территориясында кездеседі. Жер бедері ұсақ шоқылы, ірілі ұсақты таулы, мұның бәрі техникалық ерекшеліктері коленозей кезеңімен қалыптасқан.
Төбешіктер суайырықтары мен су жиынтықтарымен ерекшеленеді. Бірінші кезектегі (жазықтық) үстірт немесе төбелер жазықтықтан көтеріледі және палеозойлық жыныстардың түзілген. Көл аралық төбешіктер қазіргі кездегі жер беті денудатциясына жатады. Мысал ретінде, Сілеті конюнін айтуға болады.
Облыс территориясында Ерейментау таулары көзге түседі. өз кезеңінде палеозойлық жыныстармен шоғырланған. Орташа биіктігі 400 - 500 м. аласа таулы өлкелердің жер бедерін алдымен беткей экспозициясын сосын жыныстық құрамына байланысты ажыратасыз. Жер бедерінің жыныстық ерекшеліктері, әсіресе кварц, альбитефирами, гранит т. б. өзгеше ерекшеленеді. Жұмсақ жыныстарға рельефке құмтасты конглометарі қиыршықтасты т. б. жатады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде Сарыарқа тау тізбегі басталады. Оларға жататын орташа таулар - Мұзбел және Ерейментау.
Сарыарқа Қазақтың ұсақ-шоқылы даласы Қазақстанның таулы өлкелерінің бірі. Физикалық, географиялық және табиғаттық-климаттық жағдайынан ең үлкен аймақ. Батысында Торғай үстіртімен, солтүстік батысында Солтүстік үстірті, ал Шығысында Шығыс-Тарбағатай таулары және Оңтүстігінде Бетпақдала және Балқаш көлі, ұзындығы 1200, ені 900 км. Жер бедері - шекті жазықтықтар. Солтүстігінен жіктік аумақтарға Көкшетау облысы, Қарағанды облысы, Жезқазған облыстары, ал оңтүстік батысынан Павлодар бөлігі және Семей бөлігі алып жатыр. Солтүстік бөлігінен Ақмола облысы, жер бедері негізінен, аласа таулы өлке, оларға: Ұлытау (1133м), Ерейментау (899м), Жел адыр (601м), Арғынат (575м), Шығысында Теңіз - Қорғалжын құламасы. Теңіз жазықтығымен Көкшетау үстірттің арасында Есіл және Атбасар жазықтығы алып жатыр. Аумақтың геологиялық жағдайына қарасақ, солтүстігінен Орал - Монгол геосинклин алды белдеулерінде голеозолық метоморты қатты жыныстар. Кварцит, құмтас, әктас т. б. солтүстік Ақмолалық аумақта табиғи байлықтардың мынадай түрлері кездеседі: алтын, боксит, мыс, сурьма, каолин батпағы, квасты құмдар т. б. [3] .
Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцін қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезазой дәуірінде бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палиозойдын метаморфтанған, кварциттеріне, құмтастарынан, алвитофермелеріне, әктастарынан конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, дерт, гоббра, т. б. ) және эффузиалық жыныстар тез таралған. Байырғы жыныстардың иген мен төрттік дәуірлерден сарғылтым шөгінділерінің қалын қабаттары жауып жатыр. Кең байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары т. б. өндіріледі. [5] .
1. 2 Топырағы
Аудан территориясының топырақ жамылғысы 2 түрден құралған қара топырақ, қоңыр және белдеулерге байланысты.
Аумақтың солтүстік бөлігін өлі - қуан дала ағып жатқандықтан жер бедері ірісі - ұсақты таулы және төбелікті кедір-бұдыр болғанымен топырағы қара топырақ. Оның ауданы 487, 6 мың га. Олардың арасындағы ең кең таралғаны қара топырақ. Құрамындағы қара шіріктің көлемі 50-70 см - де 6-8% құрайды. Топырақ құрамы химиялық элементтерге де бай кальцийдің 70-85% сонымен қатар фосфор, кальций, т. б.
Оңтүстік белдемдегі қара топырақтың ауданы 2556, 6 мың гектар. Ерекшеліктері карбонатты қара топырақ, қара шіріктің құрамы 45-60 см - де, 4-5% құрайды. Карбонатты болғаны мен магний, иод, натрий т. б. элементтер менде бай. Сондықтан топырақ эрозиясына ұшырамайды. 51º с. е. оңтүстікке қарай қара топырақты белдем, ауысады. Ауданы 7340, 3 мың га, 70%, өңделген . белдемдердің арасындағы топырақтық ең жақсы болып табылады. Қара шіріктің көлемі 35-40см-де, 3-4% құрайды.
Шығысында ұсақ шоқылы жазықтың болғандықтан топырақ жамылғысы құнарлығы біршама аз кейбір бөліктердегі азот, фосфор т. б. құнарлы элементтер жетпей жатады, сондықтан көктемде арнайы дәрілеу жүргізіледі. Ауданның қалған оңтүстік бөлігінің жер бедері қуаң далалы бөлікке кіретіндіктен, топырақ жамылғысы болып келеді, ауданы 2508, 9 мың га. Қара шіріктің көлемі:30 - 40см-де, 2, 5 - 3, 5% құрайды. Белдемнің ең оңтүстігінің топырағы ауданы 472, 2 мың га. Топырақ жамылғысына климаттың әсері мол. Сондықтан, топырақ құрамы табиғи минералдарға қанықпаған, өнімдердегі нашар болғандықтан, зерттей келе академик А. И. Баева, осы салада көптеген еңбек сіңірген. Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр белдемелері бірін - бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған. [5] .
1. 3 Климаты
Облыстың климаты шұғыл континенталды. Қаңтардың орташа температурасы: -14 - 18 ºС, шілденің орташа температурасы 20-24 ºС, қысы қатал, аязы -40 ºС дейін жетеді, жазы ыстық + 35 ºС орташа температурасы, ал оңтүстік батысында құрғақ және шаңды дауылдар жиі болады. Жылдың жауын-шашын мөлшері 200-300мм. Ірі өзендері - Ішім, Нұра, көлдері - Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықты көл, Қыпшақ. Далалық жазықтықтарда Жазылым көгендері басым, оңтүстігі қара топырақты. Аумақтың көп бөлігі «Қорғалжын» мемлекет қорығы орналасқан. Солтүстігінен Орталық Қазақстанға дейін аласа таулы белдей де 2 үлкен жер бедері сатысы қалыптасқан. Орташа сатыға денудациялық жазықтықтар жатады (500 - 600м), төменгі сатыға да денудациялық жазықтық (250 - 300м) .
Олардың орталарында изомеризатцияланған үстірттерде бой көтерген. Биік емес Сарыарқа, Шортанды, Ақкөл және Бұланды аудандарын территориясында қалыптасқан. Ауданның климаты шұғыл континентальді құрғақ. Негізгі климат түзуші орақтары - күннің түсуі, оның түсу ұзақтығы 220 сағат, жылына, көбі шілде айында болатын құбылыс. Жылдық радиацияның көлемі 112 ккал/см², ал жарықтығы 52 ккал/см² жетеді. Ауданның аумағында ауа массасының 3 түрі бар: арктикалық, полярлы, тропикалық.
Жылдың суық уақытында ауа райын бақылау батыс сілемдерімен, азиялық антициклонмен байланысты. Қыста ауа райы тұнық болады. Көктемге дейін антициклон сақталады, сондықтан ауа райы құбылмалы. Құрғақ жеңіл жел болады. Күндізгі ыстық ауа температура және түнде қырау тартады. Жазғы күндері далалы жазық жерлерде интенсивті жылу жүрудің негізінде аспан ашық, бұлтсыз, ыстық немесе тымық ауа қалыптасады. Қаңтар айының орташа температурасы 16 ºС, оңтүстік-шығыста 18, 5 ºС дейін; абсолюттік минимум -49 - 54 ºС, әр облыстың аудандарында әр түрлі. Шілде айының орташа температурасы 18, 5 - 22, 5 ºС. Ауаның максимум температурасы 44 ºС дейін жетеді, ал жылдық температурасы 3, 4-4, 1 ºС. Жылы кезеңнің ұзақтығы 194-202 күн, оның ішінде суық күндер 163-171, ал аязды кезең 105-130 күндей. Ауаның ылғалды қатыстық биіктігі, қысқы күндері байқалады.
Қараша - наурыз айларының орташа айлық мөлшері 80 - 82% - ның көп бөлігінде қалыптасқан. Жылдың жылы кезеңі мен ауаның ылғалдылығы облыс территориясында солтүстіктен оңтүстікке дейін артады. Ауа ылғалдығының ең төмен уақыты мамыр-шілде айларында 54 -56% болады. Орташа жылдық атмосфералық жауын - шашын солтүстікте 35, 0мм, ал оңтүстікте 220 - 300мм. Жауын-шашынның максимумды 54мм. шілде айында; ақпан айында - 23мм. орташа жылдық жел жылдамдығы 5, 3м/сек. және біршама азырақ сәуір, қараша, желтоқсан айларында 5, 8м/сек. айлық минимум желдің жылдамдығы тамыз айында 4, 4м/сек. қарша мен сәуір айларында желдің орташа айлық мөлшері көбейтеді.
Ақмола облысындағы желдің тұрақты қалыптасқан мөлшері 3, 6м/сек. 20 жылда бір рет белгіленеді. Жылдық суық мерзімінде желдің бағыты батыс солтүстік антициклон қысымында болады., ал жылы мерзімінде бағытын аңықтау қиынға соғады, ол барикалық депрессия мен байланысты.
Облыс территориясында найзағайлы жаңбырлар жиі жаз айларында, көктем және күз айларында сирек. Орташа найзағайлы бұршақты күндер 19-25. жаз айларында найзағайдың күшті ойнайтын бұршақты айы шілдеде 6-9 күн. Орташа ұзақтығы 2, 4 сағат. Бұршақты бақылау негізінен жылы мезгілді уақытты жүреді, оларда салыстыру қиын, кей кездерде жолақтары бірнеше км. Ұзындығын және енінен болуы мүмкін.
Орташа бұршақты күндер 1 - 2, кей жағдайларда жылына 4 - 9 рет. Бұрқасындар жиі болып тұрады. 20-50 күнге созылады. Далалы аудандарда шаңды дауылдар басым болады, жылына 14-40 күн, тұманды күндер 24 - 70. астанада тұманды күндер 61. тұманды кезеңдердің басым болатын мерзімдер наурыз - сәуір және желтоқсан айларында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz