Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау


Мазмұны
Қысқартулар тізімі
Кіріспе . . . 4
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 7
1. 1 Физикалық-географиялық орны . . . 7
1. 2 Геологиялық құрылысы, тектоникасы . . . 7
1. 3 Рельеф жағдайы . . . 9
1. 4 Климаты . . . 10
2 Ақмола облысының су ресурстары . . . 12
2. 1 Өзендер . . . 12
2. 2 Көлдер . . . 14
2. 3 Жер асты сулары және басқа су көздері . . . 19
3 Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау . . . 32
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56
Қосымшалар . . . 60
Түйін
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы- «Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау» деп аталады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеті сөз болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі- зерттелетін облыстың су ресурстарымен қамтамасыз етілуін қарастыра келе, олардың қазіргі таңдағы жағдайы, пайдалану деңгейі мен экологиясына көңіл бөлу басты мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- облыстың физико-географиялық сипаттамасын беру арқылы, су ресурстарының сала бойынша бөлінуін қарастыру. Өзендерге, көлдерге, су қоймаларына жеке сипаттама беріп, оларды тиімді пайдалану және қорғау жақтары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың міндеті- Акмола облысының су ресурстарының антропогендік әсерлерімен өзгеруін, шаруашылықта пайдаланылуын және экологиялық жағдайын зерттеу.
Бірінші тарауда Ақмола облысының физико-географиялық сипаттамасы берілген.
Екінші тарауда су ресурстарына талдау жасалады.
Үшінші тарауда облыстың су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері қамтылады. Осы тарауда 2005 және 2006 жылдың гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша жер үсті суларының жағдайы, 2005 және 2006 жыл бойынша облыс территориясындағы радиоактивті түсулердің тығыздығына кестелер берілген.
Дипломдық жұмыстың деректемелік базасы ретінде энциклопедиялық сөздер, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылады.
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау» деп аталады.
Жұмыстың өзектілігі - зерттелетін облыстың су ресурстарымен қамтамасыз етілуін қарастыра келе, олардың қазіргі таңдағы жағдайы, пайдалану деңгейі және экологиясына көңіл бөлу қазіргі кездегі басты мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: облыс туралы географиялық мәліметтер көптеген авторлардың еңбектерінде жарық көрген. Территорияның әкімшілік шекараларының өзгеруіне байланысты облысқа арналған жаңа энциклопедия құрастырылуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Ақмола облысының табиғи компоненттерін сипаттай отырып, су ресурстарына жеке талдау жасап құрастыру; әр ресурс түрлеріне жеке тоқталып, мысал келтіре отырып, су ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау жақтарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті - су ресурстарының антропогендік әсерлермен өзгеруін, шаруашылықта пайдаланылуын және экологиялық жағдайын зерттеу. Облыстың су ресурстарының потенциалын рекре-ациялық бағытта дамыту үшін пайдалануы ескеріледі. Рекреациялық ресурстар табиғат жағдайларының жиынтығы болып табылады, демалу, емделу және туризм, адамның физикалық, эстетикалық және танымдылық қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Табиғат байлықтарының қымбат түрлерінің бірі - су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ. Планетамыздағы организмдердің тірші-ліктері үшін, оның ішінде адамның өмірі және денсаулығы үшін, судың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. Сол себептен адам қоғамында судың орны ерекше, сондықтан планетамыздағы су, халықтың негізгі байлығы деп түсінуіміз керек.
Қазіргі заманның шаруашылық-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени қызметі табиғи су көздерін күнделікті пайдаланумен тығыз байланысты. Сусыз жерде өмір мен тіршілік тынысы мүлдем жоқ. Сондықтан оны неғұрлым тиімді пайдаланудың, ауыз су сапасын жақсартып отырудың маңызы ерекше. Суды қорғаудың қажеттілігі осыдан туындайды.
Жер бетінің 79, 5 пайызын су алып жатыр. Сөз жоқ, біз үшін тұщы судың маңызы үлкен. Олардың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулар қоры гидросфера ресурсының 1 пайызына да жетпейді. Қазақстан Республикасы да тұщы су қоры тапшы елдер қатарына жатады. Еліміздің су қорлары өзендерден, көлдерден, бөгендерден, жер асты суларынан, мұздардан, мемлекеттік шекараға кіретін теңіздерден және теңіз жағалауындағы территориялық сулардан құралады.
Қазақстан Республикасының су кодексі 1993 жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды. Кодексте қойылған негізгі міндет - су қорларын ластаудан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерді болдырмау, суды пайдалануда заңдылықты күшейту, халықтың экономика салдарының қажетін өтеу үшін суды ұтымды пайдалану.
Елбасымыздың сөздерімен айтқанда отандастарымыздың төрттен үш бөлігі сапасыз ауыз суды пайдалануда. Су ластануының көрсеткіші біздің мемлекетімізде әлі күнге дейін үлкен. Қалалық «Көкшетау Су Арнасының» басшыларының айтуы бойынша бүгінгі пайдаланып жүрген суды тазалау құрылғыларына және құбырларымызға 30 жылдан астам уақыт болған екен, яғни олардың пайдалану мерзімі естен шықты.
Облыстың экологиялық жағдайы күрделі, сондықтан оны қорғауға қамқорлық, қоршаған орта жағдайын жақсарту, ауа, жер, су ресур-старының экологиялық қауіпсіздігін қалпында ұстау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, жүзеге асыру механизмдері: табиғатты қор-ғау шараларына бөлінетін қаржы шығындарын өсіріп отыру; халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру аса қажет.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес осы күнгі экологиялық бағдарламаларды тиімді шешу Қазақстан Үкіметінің ең маңызды басымдықтарының бірі болып отыр.
Аумақтық бағдарламалар қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендеуіне, ауаның бұзылуына, жер үсті суларының нашарлауына өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың тым көбейіп кетуіне, орман алқаптарының, биологиялық алуан түрліліктің азайып бара жатуына байланысты жасалып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін оңтайлы шешуге жергілікті органдар табиғат пайдаланушыларға Үкіметтік емес ұйымдар өзара тығыз бірлікте, белсенділікпен қатысуы аса қажет.
Қазіргі жағдайға талдау жасасақ, аймақтың қазіргі экологиялық жағдайы әлі де өткір күйінде қалып отыр. Сондықтан жер, су, ауаның ластануын азайту үшін міндетті түрде жедел табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру керек.
Қазіргі талдау көрсетіп отырғандай, қоршаған ортаны, табиғатты, ресурстарды қорғау жайлы барлық билік деңгейлерінде бірдей, бірлікпен, шын жанашырлықпен жүргізілгенде ғана жақсара түсетіндігі айқындалады.
Дипломдық жұмыстың деректемелік базасы ретінде энциклопеди-ялық сөздер, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылған.
Қорытындылай келе, дипломдық жұмыста облыстың су ресурстарын жақсарту мақсатында жүргізілетін шараларды жүзеге асыру жолдары айтылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған. Жұмыстың жалпы көлемі 59 баспалы текстті беттен, 6 кестеден, 1 суреттен, 6 қосымшадан тұрады.
1 Ақмола облысының табиғатына жалпы сипаттамасы
1. 1 Физикалық географиялық орны
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Облыс 1939 жылы құрылған. 1961-1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Батысында - Қостанай, солтүстігінде - Солтүстік Қазақстан, шығысында - Павлодар және оңтүстігінде - Қарағанды облыстарымен шектеседі. Ақмола облысы жерінің аумағы 146, 2 мың шаршы километр. Халқы - 810 мың адамнан асады, ақмолалықтардың 54 пайызға жуығы ауылды жерлерде тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 5, 7 адамнан келеді.
Облыс орталығы - Көкшетау қаласы. Халқы 130 мың адамнан тұрады. Көкшетау Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол 1824 жылдың 29 сәуірінде ірге көтерген. Ақмола облысының құрамында Көкшетау қаласынан басқа да тоғыз қала бар. Олар: Степногорск, Щучинск, Степняк, Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск. Облыс сондай-ақ 17 ауданнан тұрады. Олар: Ақкөль, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл, Еңбеекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Щучье.
1. 2 Геологиялық құрылысы, тектоникасы
Ақмола облысы жерінің геологиялық құрылысы каледон және герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында конти-ненттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофирлерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро т. б. ) және эффузиялық жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым
шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Кен байлықтарынан уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, тағы басқалары өндіріледі.
1. 3 Рельеф жағдайы
Облыс территориясының жер бедері бірдей емес: ұсақ шоқы, аласа таулар, жазықты аңғарлар. Рельефтің бұл формаларының қалыптасуы, геологиялық тарихы мен геологиялық құрылысының күрделілігін көрсетеді. Облыстың солтүстік бөлігінде Көкшетау жоталары жайылған. Жоталардың орташа биіктігі 400-500 метр. Оңтүстігінде аласа таулар кішігірім аңғарлармен бөлшектенген. Солардың бірі Жабай өзенінің аңғарлары болып табылады. . Оңтүстікке қарай ауқымды территорияны Атбасар жазығы алып жатыр. Облыстың солтүстік шығыс бөлігінде меридионалды бағытта Сілеті жазығы орналасқан.
Теңіз шұңғымасының жазықтары кеңжайылған дұрыс емес сопақша формасында. Шұңғыманың көп бөлігі Терісаққан өзенінің бассейінінде үлкен аңғарлы аудандар тілімделіп, өзен маңының ұсақ шоқысына айналды. Облыстың орталық бөлігіндегі жазықтардың абсолют биіктігі 300-450 метр.
Орталық Қазақстанның аласа таулары белдеуінің солтүстігіне қарай рельефтің екі ірі деңгейлері бар. Орташа деңгей денудациялық жазықтармен сипатталады. Төмеңгі деңгей де денудациялық жазықтармен сипатталады. Сарыарқаның аласа жоталары Шортанды, Алексеев және Макинск аудандарының территориясында кездеседі.
Облыс территориясында Ерейментау тауларының ауданы ерекше-ленеді. Олар меридионалды бағытта созылған, палеозой жыныстарынан құралған жоталы тізбек сияқты көрінеді. Қоршаған территориядан орташа биіктігі 400-500 метр. Бұл аласа таулы массивті рельефінің ерекшелігі ең біріншіден жыныстардың құрамымен анықталады.
Ақмола облысының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде Сарыарқаның бөлек тізбектері орналасқан. Оларға Мұзбел және Ерейментау деген аласа таулар жатады.
1. 4 Климаты
Облыстың ауа райы тым континенталды, және айрықша құрғақ-шылықты болып келеді. Жазы қысқа ыстық қоңыржай, қысы- ұзақ аязды, желі күшті және боранды болып тұрады. Қаңтардың орташа темпера-турасы - 16-18 градус, шілдеде +19 . . . +21 градус. Ауаның температурасы үлкен амплитуда және жылдық айналымда да тәулікте де ылғалды. Орташа жылдық ауаның температурасы жаз айында +180, max +420 C (шілдеде), ал ең суық айларда -470С (ақпанда) .
Аязсыз күндердің созылу кезеңі 100-150 тәулік, жылу қосылатын кезең - 214 тәулік. Орташа жылдық түсім мөлшері - 253 мм. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20-22 сантиметр. Қар жамылғысының салмағы - 100 кг/м². 557-ден 864 мм жылына үстіңгі су булануының тербелісі. Ауданның тағы бір клима-тындағы ерекшелік ол ылғи да соғушы жел болып тұрады. Жалпы желдің соғысы оңтүстік батыстан бағытталған, осы жел соғыстары қыста боранның соғуына ықпалын тигізеді. Орташа жылдық желдің жылдам-дығы - 4, 5 м/сек, қыс айларында ең үлкен - 9, 5 м/сек. Нормативтік жылдамдық желдің өктемділігі - 70 кг/см².
Желдер негізінен оңтүстік-батыс пен батыс жақтан соғады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 5, 6 м/с. Шілде айындағы желдің орташа жылдамдығы 4, 6 м/с, қаңтар айында - 5, 8 м/с. Облыс территориясына түсетін жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-400 мм. Жауын-шашынның ең көп мөлшері маусым-тамыз айларында (49%), ең аз мөлшері желтоқсан - ақпан айларындатүседі. Ерте көктемгі құрғақшылық, көктемгі қатты желдер, жиі болып тұратын шаңды дауылдар, ерте күзгі суықтардың түсуі климаттың қолайсыз жақтарына жатады. Бұл табиғи жағдайлар табиғи баланстың дұрыс қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Сондықтан да қоршаған ортаның мониторингі Ақмола облысының табиғатында маңызды роль атқарады.
2 Ақмола облысының су ресурстары
2. 1 Өзендер
Ақмола облысы әкімшілігінің 2004 жылғы қыркүйектің 9 жұлды-зында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы кеңейтілген мәжілісі хаттамасының жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы» қаулысы Ақмола облысы жөнінде де актуалды болып саналады.
Басты мақсаттары мен міндеттері: аймақтың ауа бассейнін, су және жер ресурстарын, флора мен фаунасын барынша қорғауды қамтамасыз ету; экологиялық ағарту, насихат, білім мен тәрбие беру, кадрлар даярлау; экологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Облыста 7 ірі өзен, 140 көл бар. Ең ірі өзендері Есіл, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалалы, Қылшақты, Терісаққан. Режимдері бойынша өзендер қармен көректенетін жазықтықты типке жатады. Өзендер сәуірдің орта кезінде таси бастайды. Тасқындағы су лай иіссіз болады. Қыстың аязды күндерінде өзендер түбіне дейін қатып, су ағыны уақытша тоқтатылады. Соңғы жылдары өзен суларының оның ішінде Есіл суының ластануы азайғандай алайда кейбір тұстарында ластану деңгейі нормадағыдан жоғары.
Басты су көзі Есіл өзені болып табылады. Жергілікті халық суды шаруашылық мақсаттарды қолданады. Өзеннің жоғарғы ағысында Вячеслав суқоймасы орналасқан. Вячеслав суқоймасына дейін өзен суының құрамында сульфаттар (1, 15-3, 5 ПДК), хлоридтер (1, 2 ПДК), жалпы темір (6, 7 ПДК), мыс ( 3 ПДК), фенолдар мен мұнай өнімдері (1-2 ПДК) болған. Соңғы жылдары бұл өзеннің ластануы біршама азаяды. Ал көлдердің тайыздалып, ластануы тоқталмай отыр. Өзендер мен көлдердің ластануына кір ағанды сулардың үздіксіз құйылуының, жағалауларына орналасқан нысандардың қоқыс тастауының да әсері мол.
Жалпы Есіл өзені облыстың басты су торабы болып келеді. Халық оның суын ауыз су ретінде, ауыл шаруашылықта да қолданылады. Өзеннің жоғары ағысындағы Вечеслав су қоймасы орналасқан. Су жиналу облыстық аумақта 84300 км 2 . Есілдің жылдық көлемі 90% облыстан тыс жерлерге қамтамасыз етеді. 129967 мың м 3 /жыл нәтижесінде судың сапасы нашарлап, балдырлардың өсуі артты.
Өзен суларын негізгі ластаушылар жергілікті елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындар болып табылады. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің, суды тиімсіз пайдалануының, органикалық заттар, тұрмыстық қоқыстармен ластаудың да әсерінен өзен суларының жағдайы нашарлайды.
Облысты өндірістік - шаруашылықтық және ауыз сумен қамтамасыз ететін бүгінгі таңдағы негізгі ашық су көздері Есіл, Сілеті және Шағалалы сияқты арналы өзендер болып табылады. Есіл өзенінің ағынды суын пайдалануға кепілдік беруді Астанадағы су қоймасы реттеп отырады. Сілеті өзенінің суын Сілеті суқоймасы, Шағалалы өзенінің суын Шағалалы суқоймасы реттейді. Бұл су қоймаларының жалпы сыйымдылығы 669 миллион текше метр. Қойма суларының сапасы да өзен суларына жақын.
Ақмола облысымыздағы су көздерінің соңғы жылдардағы жағдайының жайсыз халде екендігі баршаға мәлім. Ақмола облысының оңтүстігінде орналасқан екінші ірі өзен - Нұра өзені. Суының нитратпен, сульфатпен, темірмен, мыспен, фенолмен, мұнай өнімдерімен және сынаппен ластануы жоғарырақ.
Есіл, Нұра, Шағалалы, өзендерінің жалпы ластаушылары -ол осы жердегі тұратын халықтардың, лас, кір сулары және ағынды сулары минералды-органикалық тыңайтқыштар жаңбыр сумен немесе қар еріген суларымен өзен, көлдерге түседі. Химиялық зерттеулердің нәтижесінде өзендерде құрамында азот бар заттар кездеседі. Аммиак, нитрат - таза суда кездеспейді.
Облыстың солтүстік бөлігінде Шағалалы өзені орналасқан. Өзен Көкшетау қаласының негізгі су көзі болып табылады. Облыс территориясы бойынша ұзындығы 144 километр, ағынның жылдық орташа мөлшері 40770 мың куб метр. Судың жалпы қорын қала тұрғындары пайдалануда. Қалған өзендердің ұзындықтары кішігірім, кейбіреулері жаздың ыстық айларында кеуіп те қалады.
- Көлдер
Ірі көлдер саны 140, өзгесі шағын көлшіктер. Ең ірі көл - Теңіз. Оның су айдынының көлемі 1590 шаршы км. Одан кейінгі аумақтысы Қорғалжын көлі. Су айдынының көлемі - 330 шаршы километр. Көптеген көлдері-міздің тереңдігі орташа есеппен 1-1, 5 метрге ғана жетеді. Көл шұңғыма-лары түбінің рельефі тегіс болғандықтан, жаз уақытында көлдің ауданы кенет кішірейеді.
Көлемі жағынан шағын су алу облысымыздың 7 көлдерінде Астрахань, Атбасар, Есіл, Жақсы және Қорғалжын аудандарының 9 шағын елді мекендерінің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктердің минималды сұранысын қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Бурабайдағы Үлкен Шабақты, Шортан және Зеренді көлдерінің ластану деңгейлері бір-бірімен шамалас, ластану индексі 3 санатты.
Ал Кіші Шабақты мен Көкшетау түбіндегі Қопа көлдерінің табанда-рында қорыс та көп, негізінен бұлар лас көлдер қатарына жатады. Екеуінің ластану индексі 5 санатты. Тұзды Майбалық көлінің ластану да нормадан көп жоғары, 6 санатты ластану индексіне жатады.
Қотыркөл көлдерінің тағдыры да алаңдатпай қоймайды. Қорыс -батпақтың қалыңдығы 1, 5-2 метрге дейін жетіп қалған. Аулиекөл, Айнакөл, Шабақкөл сияқты өзендердің жағдайы жыл сайын нашарлап барады. Сопропель түзілуінің нәтижесінде сулардың температуралық режимі өзгеріп, судың жалпы минерализациясына әкеліп соқты. Су деңгейінің төмендеуі байқалады: Аулиекөл-0, 025 м\жылда, Шабақкөл-0, 13 м\жылда, Айнакөл-0, 22 м/жылда, Шортанкөл-0, 16 м/жылда. XIX ғасырдың басында Сарыбұлақ көлі Аулиекөл көлінен 12 километр қашықтықта орналасқан Қотыркөл көлінен ағатын, қазіргі уақытта өзен Қотыркөлмен байланысын жоғалтып, атмосфералық шықтар мен жер асты суларымен тіршілігін сақтайды.
Көлдердің су балансының бұзылуы суларды шексіз коммуналдық шаруашылыққа пайдалануынан болды. Аталған әрекеттердің нәтижесінде теріс су балансы қалыптасты.
Табиғи комплексті табиғи түрінде сақтау мақсатымен шаралар жүйесі құрылды. Шаралардың арасына сопропель түзілістерімен тазарту және деңгейлік режимін сақтау шаралар кірді. Есептеу бойынша аталған шаралар Шортанкөлмен Айнакөлдің деңгейлерін қалпына келтіреді, бірақ Шортанкөл көлінің жағдайы қайталанбайтын процесске ұшыраған.
Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік батысында орналасқан. Су жинау алабының жалпы ауданы - 3860 шаршы километр. Оңтүстік- батыстан Шағалы өзені, оңтүстік шығыстан Қылшақты өзені ағады. Шағалалы өзені оңтүстік батыстан құйып, солтүстігінен ағып шығады. 1955 жылы көлдегі су көлемі 39, 2 миллион куб метрді құрады, су айдынының ауданы - 13, 6 шаршы километр болды. 1955 жылдан 1990 жылға дейін көлдің көлемі 13 миллион куб метрге дейін азайды. Ал қазіргі уақытта көл суының көлемі 26 миллион куб метрді құрайды. Көлдің экологиялық жағдайы қала тұрғындарын алаңдатқалы қай заман. Қопа көлін ең алғаш зерттеп жазған монография 1959 жылы «Тың аймағындағы жер үсті су қоймалары» деген атпен жариялаған. Қопаның сол кездегі ахуалы мен бүгінгі таңдағы жағдайын салыстырсақ, көп айырмашылық бар екен. Ең бастысы, көл суының аумағы тарылған, тығызданған, судың сапасы кеміген.
Қопа көлінің айдынын толтыратын көздер - атмосфералық жаңбыр, қар сулары. Әр көлдің осындай ағын су жиналатын аумағы болады. Қопа көліне ағын су құятын аумақтың көлемі 1959 жылғы деректер бойынша 3869 км 2 . Ол аумақтың 80 пайызы Қопа көліне келіп құйылатын Шағалалы өзені мен Қылшақты өзеннің су жинайтын бассейіне жатады. Ал міне, осы ағынды су жиналатын аумақтың тарылуына байланысты көлдің деңгейі төмендеген. 1959 жылғы деректер бойынша Қопа көлінің айдыны - 300-470 млн км 3 , орташа тереңдігі 2, 3-3, 4 км. Ал бүгінгі таңдағы көрініс басқаша: 1994 жылы көлдің көлемі 30 млн текше метрден - 19, 4 млн текше метрге түсті. Орташа тереңдігі - 3, 2 метрден 1, 9-2, 0 метрге ауысқан. Бірақ көлдің тайыздануына қарамай оның көлемі 13, 6 м 2 , ұзындығы мен ені сол күйінде қалған.
Қопа көліне жақын орналасқан Қызыл Жар ауылының шаруашы-лықтары да көл экожүйесіне залалын тигізуде. Егіс алқаптарына себілген улы тыңайтқыштар еріген қар және жаңбыр суларымен шайылып көлге құйылуда. Көлдің шығыс жағына құятын Қылшақты өзенінің экологиялық жағдайы өте нашар. Бұл өзеннің бойындағы су террассаларының көлемі күрт азайғаны байқалады. Тұжырымымызға өзен жиектеріндегі террасса қабаттарының шайылу іздері дәлел бола алады. Өзен аңғарында қоқыс тасталмаған бірде-бір сау жер жоқ. Тасталған қоқыстардың көптігі сонша, олар өзен гидросфера қабатының жасанды түрде қатпарлануына тікелей әсер еткен. Қатпарлану үрдісі қамыс - құрақ пен балдырлардың шектен тыс өсіп, көбейіп кетуіне жол берген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz